Курстық жұмыс: Саясаттану | ҚХР мен Қазақстан арасындағы энергетика саласындағы экономикалық және геосаяси ынтымақтастық үрдісі

Курстық жұмыс: Саясаттану | ҚХР мен Қазақстан арасындағы энергетика саласындағы экономикалық және геосаяси ынтымақтастық үрдісі

Мазмұны
КІРІСПЕ. .......................................................
1. XX-XXI ғғ. басындағы Қытайдағы энергетикалық саясатының сипаты
1.1 Қытайдың сыртқы энергетикалық саясатының дамуының алғышарттары және жалпы сипаты.....................................................................................................
1.2 Қытайдың Орталық Азия елдерімен сыртқы экономикалық саясатындағы ұстанған бағыт-бағдары............................................................................................
2. Энергетикалық өзара қатынастар аясындағы Қытай мен Қазақстан байланыстары.
2.1 Қытайдың энергетикалық сұраныстары Қазақстандағы сыртқы саяси және сыртқы экономикалық басымдықтарды қалыптастыру факторы ретінде.... .....
2.2 Қытай мен Қазақстан арасындағы энергетика саласындағы ынтымақтастықтың бірлескен жобалары................................................................
2.3 Қазақстан – Қытай : энергетика саласындағы екіжақты қатынастардың басымдықтары мен проблемалары..........................................................................
Қорытынды.............................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ......................................................
Сілтемелер ..............................................................................................

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. КСРО-ның ыдырауы және жаңа тәуелсіз мемлекеттердің ыдырауы нәтижесінде әлі жалғасып жатқан әлемнің геосаяси бейнесіндегі өзгерістер, құрамында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан бар Орталық Азиядағы геосаяси ахуал түбірімен жаңаруына алып келді. Қазіргі таңда Орталық Азияның перифириялық аймақтан (бұрын геосаяси тенденциялар мүлдем байқалмаған) ірі державалар мүдделері мен халықаралық өмірдің басқа секторларының мүдделері қақтығысатын аймаққа трансформациялану үрдісінің жанданған кезеңі.
Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Ғасырлар тоғысында» кітабында атап кеткендей: «Қазақстан алдында үлкен міндеттер тұрды. Бұл мемлекеттілікті қалыптастыру, ... демократияландыру үрдісін дамыту, ... сыртқы саяси курсты жандандыру ...»
Құрлықтың «жүрегінде» орналасқан Орталық Азия Еуразиядағы стратегиялық маңызды аймақтармен қатар өзгеше бір «қақпа» болып табылады. Шығысында Қытай мен Азиялық Тынық мұхиттық аймақ елдері және бірқатар ислам мемлекеттері; батысы мен солтүстігінде – Кавказ, Түркия, Еуропа, Ресей жатыр.
Орталық Азия мемлекеттеріндегі жағдайдың қай бағытта дамүы планетаның ұлан-ғайыр кеңістігінде күштер ара салмағына тәуелді. Орталық Азияның елдерінде өтіп жатқан оқиғалар тек аймақтық деңгейде ғана көрініс алып қоймай, әлемдік дамудың нүктесі деп танылған бүкіл еуразиялық құрлықтың геосаяси күштер ара салмағында өзгерістер туғызуы мүмкін.
Аталмыш үрдістің әрі қарайғы жандануы Қазақстан аумағының энергетикалық ресурстар нарығында белсене түсуімен байланысты, оның элементтері бүгін де орталық Азия аймағында көрінуде, жаңа қайшылықтар тууда, бірақ олар енді идеологиялық емес, геосаяси және экономикалық негізде.
Бұдан өзге, көптеген бағалар бойынша, Қазақстанның ірі мұнай мен газ тасымалдаушы болуға мүмкіндігі бар деп санауға толық негіз бар. Осыған байланысты, таяудағы көршілермен, әсіресе белсенді байланыстары, энерго ресурстарға сұраныстары зерттеу үшін өзекті салалардың бірі болып табылады.
Бұл сондай-ақ «мұнай дүбірі» айналасындағы көптеген өзгерістерге қарамастан (мұнай бағасының өсуі мен төмендеуі), мұнай мен газ маңызды шикізаттық тауар және энергия көзі болып табылады, ал энергетикалық фактор әлі де Қазақстан мен Қытай сияқты елдердің экономикалық дамудың бүкіл барысын анықтайды. Сондықтан, қазақстандық энергоресурстар мәселесінде де әлемдік саясаттың энергетикалық мәселелер кешені жатыр және негізінен геосаяси, экономикалық, халықаралық-құқықтық құрамдас бөліктерден тұрады.
Мұнай мен газ өндіру – Каспий шельфін игеру бағдарламасының бір бөлігі ғана. Оның келесі басқа бір бөлігі – Каспийдің минералды ресурстарын әлемдік нарыққа шығару, ал ол айқын саяси рең алып, ТМД-ның шекаралас елдерін басқа әлемдік геосаясат жетекшілерін аймақтан ығыстырып шығаруына бағытталған. Каспий мұнайын тасымалдауға бақылау орнату үшін күрес әлі белсенді түрде жалғасуда, бірақ субьективті құрамында өзгерістер байқалады. Өзінің энергетикалық стратегиясын Каспий аймағы мен байланыстырушы төменгі елдерді атауға болады: АҚШ, Ресей, ЕО, Орталық Азияның Каспий жағалауы елдері, Қытай және Жапония.
Осылайша, каспий аймағына қатысты проблемалар иерархиясы қалыптасады, олар екіжақты, көпжақты, аймақтық, ғаламдық аспектілерге ие және олардың жедел шешілуін талап етеді. Жоғарыда аталған проблемалардың маңыздылығытақырыптың өзектілігін сипаттайды.
Энергетикалық ынтымақтастықтың шығыс маршруттары Қытайдың Батыс Қазақстаннан ҚХРдің Шыңжаң Ұйғыр автономиялы ауданына (СУАР), ол жерден Орталық Қытайға мұнай құбырларын тартудағы мүмкіндіктеріне байланысты. Сондай-ақ Қазақстаннан мұнай тасымалдаудың Атасу жобасы да осал емес.
Осылайша жоғарыда аталғандардың барлығы зерттеу тақырыбының өзектілігін арттырып, өзіне аса назар аударуды қажет етеді.
Диплом жұмысының мақсаты ҚХР мен Қазақстан арасындағы энергетика саласындағы экономикалық және геосаяси ынтымақтастық үрдісінің механизмін, ерекшеліктері мен заңдылықтарын оқып үйрену.
Осы қойылған мақсат келесі міндеттерді шешу арқылы іске асырылады.
1. ҚХР мен Қазақстан қатынастарына энергетикалық ынтымақтастықтың геосаяси ықпалы доктринасының экономикалық және саяси тамырларын көрсету.
2. ҚХР сыртқы саяси энергетикалық доктринасындағы Қазақстанның энергетикалық потенциалының орны мен рөлін зерттеу.
3. ҚХР мен ҚР энергетикалық ынтымақтастығы факторының осы мемлекеттерінің қарым-қатынастарының модернизациясына ықпал ету перспективаларына талдау жасау.
Зерттеудің методологиялық негізі. Жұмыстың методологиялық негізін жалпы методологиялық принциптер құрайды. Тарихи зерттеулердегі мұндай принциптер – тарихилық және обьективтілік . Тарихилық принципі зерттеудің мақсаты мен бағытын анықтайды, құбылысты оның пайда болуы мен дамуындағы нақты жағдайлар мен зерттеуге бағыттайды, оларды жалпы және жекелеген сипаттарымен айқындайды. Тарихилық принципі обьективтілік принципімен толығып, ол зерттеу пәні, оны басқа обьектілер арасынағы орнын, сондай-ақ нысан реконструкциясын зерттеуді біртұтас құбылыс ретінде яғни өткен мен қазіргісінің қосындысы ретінде қарауға көмектеседі. Жұмыста талдау, синтез, салыстыру, жалпылау сияқты жалпы ғылыми әдістер қолданылады. Осы әдістер арасында жұмыстың концептуалдық аппаратын құру құралы болған жүйелілік тұрғы ерекше орын алады. Тақырыптың зерттелу деңгейі. Диплом жұмысын жазу барысында ҚХР мен Қазақстан арасындағы түрлі саладағы ынтымақтастық саласындағы отандық және шетелдік зерттеулердің едәуір бөлігі қолданылған. Қазақстан Республикасының дербес сыртқы саяси курсының қалыптасу және даму үрдісі, оның стратегиялық мақсаттары мен негізгі міндеттерін талдау, принциптері мен басым бағыттарын талдауда Қазақ Республикасы Президенті Н.Назарбаевтің қосқан үлесі мол .
ҚР сыртқы саяси қызметіне арналған қазақстандық ғалымдар мен дипломаттар еңбектері ішінде тақырыпты дайындауда елеулі көмек болған бұрынғы ҚР Сыртқы істер министрі Қ.К.Тоқаев жұмыстары . Қазіргі таңда орталық Азиядағы геосаясат мәселесі аймақ елдері тәуелсіздіктерін иеленгелі жан-жақты қарастырыла бастады.
Геосаяси мәселердің аталмыш кешенінің негізгі қатысушылырына арналған еңбектер бар. Ғылымда Қазақстан мен Қытай ұстанымдарын жалпы орталық азиялық проблемалар шеңберінде зерттеу дәстүрі бар (Султанов К. , Сатпаев Д. , Тассовский Ю , Ашимбаев М ).
Орыс тарихнамасына келсек , мұнда Қытайдын Орталық Азиядағы саясатын Ресейлік қатысу призмасы арқылы қарастыратын азғантай еңбектер бар.(Сысоев Г, Иванов А ). Орыс авторлары ішінен жұмыста Алексеев А., Нагорный А., Парканский А., Вардомский Л., Олимова С., Песков Ю.С., Руа О., Толипов Ф.Ф., Тисовский Ю., Шафраник Ю.К., Козырев А.Г., Самусев А.Л. еңбектері пайдаланылды.
Қазақстанның энергетикалық потенциалы мен Қытайдың энергетикалық саясатына қазақстандық авторлар еңбегінде біршама терең талдау жасалған (Бушин Б., Жандарбеков А., Сарбасов А., Заславская М.Б., Алибекова Т.Б., Идрисов Е., Кулахметова А.Р., Кушкумбаев С.С., Сарсенбаев А., Сатпаев Д., Сыроежкин К.).
Қазақстандық зертеушілер жекелеген еңбектерде ҚР мен ҚХР қарым-қатынастарының кейбір ерекшеліктеріне терең көңіл аударады. ҚРның ҚХРмен қарым-қатынастарындағы геосаяси мәселелер проблемалары мен тенденциялары ғылыми орталықтардың жекелеген мақалалары мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті халықаралық қатынастар факультетінің Халықаралық қатынастар және ҚР сыртқы саясаты кафедрасы оқытушыларының ұжымдық басылымдарында көрініс тапқан .
Орталық Азия елдері мен ҚХР ынтымақтастығы мәселесі бойынша Р. Дүйсенбаев монографиясын ерекше атауға болады . Дипломатиялық және сауда-экономикалық қарым-қатынастар дамуы мәселесі Логвинов А.В., Лысенко М. еңбектерінің зерттеу пәні болып табылады .
С. Олимов зерттеулерінде Орталық Азиядағы геосаяси құрылымның әлеуметтік аспектілеріне назар аударылады .
Жалпы зерттеудегі қойылған мәселенің зерттелу деңггейі осы мәселеге қатысты түрлі шығыстанушылық мектептер мен бағыттардың қазіргі кездегі Орталық Азия интеграциясына, аймақтық қауіпсіздік мәселелеріне өте кең тұрғыда келгенін, бұл энергетикалық ынтымақтастық саласындағы ғылыми ізденіске әр қарайғы стимул екендігін көрсетеді.
Диплом жұмысының ғылыми проблемасы Қазақстан мен Қытайдың энергетикалық ынтымақтастығының геосаяси модернизациясына деген зерттеудің ғаламдық тенденцияларын көрсетеді. Осылайша, әдебиеттерге шолу жасай отырып талдау және салыстыру диплом жұмысында қойылған зерттеу міндеттеріне жауап табуға мүмкіндік береді.
Зерттеу пәні. Диплом жұмысында Қазақстан мен Қытайдың энергетикалық мәселелерге қатысты ынтымақтастығын зерттеуге талпыныс бар.
Зерттеу нысаны. Қазақстан мен Қытай аррасындағы мемлекеттік және саяси даму саласындағы саяси және әлеуметтік даму негіздері болып табылады.
Диплом жұмысының деректік қоры бірнешше құжаттар тобынан тұрады. Біріннші топқа ҚР заңдық актілері, халықаралық құқықтың негізгі принциптері мазмұндалған құжаттар жатады. Бұл жерде ҚР-ның барлық сыртқы саяси әрекеттерде халықаралық құқық субъектісі ретінде ҚР егеменділігін бекіткен және ҚР әлемдік қауымдастыққа ену үрдісінің күрделілігін түсіну үшін маңызы аз емес заң актілерін айтуға болады .
Деректердің екінші тобына ресми құжаттар жатады. ҚР мен ҚХР энергетикалық байланыстарын реттеу мен қатынастарын айқындауда осы елдердің үкіметтік құжаттарын пайдалану (келісім-шарттар, меморандумдар, коммюнике, конвенциялар) ерекше көмек болды . Деректердің аталмыш тобы мемлекеттік-саяси институттардың ресми көз қарастарын білдіретіндіктен үлкен ғылыми құндылықтарға ие.
Аталмыш топта Сыртқы істер министірліктерінің ішкі ведомостволық құжаттары, Орталық Азия елдері Сыртқы істер министірліктері мұрағат құжаттарын ерекше атап өтуге болады .
Деректердің үшіші тобына мерзімдік басылымда жатқызамыз. Сөйлеген сөздер жиынтықтары мен тарихи еңбектер ерекше құнды болып табылады. Деректердің төртінші тобы статистикалық жинақтар, альманахтар, «Kazakhstan today» агенттігінің мәліметтерінен тұрады.
Осылайша жұмыста деректерді қарастыру пәнді жан-жақты зерттеуге, қойылған мақсат пен міндеттерді ашуға, қорытындының объективтілігі мен ғылыми шынайы болуына мүмкіндік берді.
Ғылыми жаңалығы, Қазақстан тарихнамасында бұл мәселенің тарихы терең және алғаш рет осы жұмыста ҚР мен Қытайдың қарым-қатынастары екі елдің экономикалық және саяси бастамаларын бір мезгілде қатар ғылыми тұрғыда қарастырылады.
Жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, негігі бөлімнің екі тарауы, әр тарау 2-3 тармақтан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 тарау. ХХ ғасыр соңы-ХХІ ғасыр басындағы Қытайдың энергетикалық саясатының сипатты белгілері
1.1 Қытайдың сыртқы энергетикалық саясатының даму алғы шарттары мен жалпы сипаты
Қытайда энергетикалық ресурстарға сұраныстың ерекше жоғары болып қалыптасу алғышарттары бұл елдің әлемде «қытай кереметі» деп аталатын аса зор экономикалық дамуына байланысты.
Қытайда соңғы жиырма жылдағы ішкі жан басы өнімінің жоғарғы өсу қарқыны бәрінен бұрын экономикалық қызметі біртіндеп либерализациялау нәтижесінде тиімді жұмсалуымен түсіндіріледі. Ол ішкі инвестицияларды (ең алдымен шетелдік капитал есебінен), сондай-ақ тауар мен қызмет көрсету экспортын едәуір ұлғайтуға негізделді. Жиырма жыл бойғы реформаларда Қытай үшін жинақталудың үлкен мөлшері тән болды, егер 80-жылдардың басында ол ішкі жан басы өнімінің 30% құраса, ал 90-жылдардың соңында ол тұрақты түрде 40 пайызды ұстап тұрды, кейбір жылдары 42%-ке жетті(1994ж.). Осы кезде үй шаруашылығындағы жинақтау бүкіл ішкі жинақтаудың жартысына жуығын құраған.
Негізгі қордағы мемлекеттік инвестициялар 1981ж. 26млрд. юаньнан 2007ж. бұл көрсеткіш 69млрд.қа жетті, ал шетелдік инвестициялар ағыны сәйкесінше 16млрд-тан-268млрд. юаньға жетті. Егер 1978-1989жж. таза тауар және қызмет көрсету экспортытөмен мөлшерде болса, 2007ж. бұл көрсеткіш 40млрд. АҚШ долларын құраған .
Қытай ахуалындағы тағы бір маңызды фактор мемлекетте әлеуметтік қолдау бағдарламасы түріндегі едәуір жүктеменің болмауы еді. Мемлекеттік зейнетақылық қамтамсыз ету , сондай-ақ әлеуметтік, оның ішінде медициналық сақтандырудың болмағаны де-факто. Бұл шығындарды мемлекеттік сектордың нақты кәсіпорындары өз мойнына алған, міне олардың пайдасыздықтарының басты факторы да осында.
Экономикалық дамудың жоғарғы қарқыны мемлекеттік шығындардың салыстырмалы мөлшерінің төмендеуіне алып келді. Тіпті, маңызды әлеуметтік жүктеме жоқ болуы жағдайында мемлекет бюджет өз мойнына экономиканың мемлекеттік секторын қолдау шығындарын алған, ал реформалар жүргізілген бүкіл уақыт аралығында экономиканы мемлекеттік қаржыландыру ұлғайып отырған .
Қытай арзан тауар өндірісінің әлемдік орталығына айналып, оған білікті жұмыс күші мен еңбекақы деңгейлерін қамтамасыз еткен артылықшылықтарды пайдаланды, бұл Тайваньда, Кореяда, Малайзиядағыдан өте аз үлесті құрайтын. Осының нәтижесінде Қытайдың дамуының қандай да бір бөлігі және сауда балансындағы ұлан ғайыр сальдо, осы жылы 30млрд. долларға жетіп, дамудың бәсеңдеуінемесе экономикалық құлдырауынан зардап шеккен Корея, Тайвань, Сингапур, Жапония есебінен мүмкін болды. Қытайдың 80-жылдары 10%, 90-жылдары 9% құраған өсу қарқыны бәсеңдеуде. Бірақ егер ол өзінің қаржы мәселелерін реттей алса (мемлекеттік банктердің шығынға ұшырауы), өсу қарқыны 6-7% деңгейде ұстай алады. Және ол жылдам реформалануын жалғастыруда. Жақында Қытай Дүниежүзілік сауда ұйымына өтті, ол халықаралық құқықтық тәртіп шеңберіндегі ғаламдық экономикаға қосылу үшін идеологиялық рубиконды аттап өтті.
Осылайша, Қытайда қазіргі таңда тауар өндірісінде жетекшілік етеді, бірақ қызмет көрсету биліктілігі жоқ жұмысшылар арасында маңызды деңгейде қарқын алуда, сәйкесінше экспорттық тауарлар және ішкі тұтынуға арналғандары 2006ж. 383,61 млн.АҚШ долларына , 2007ж. 297 млн. доллар өндірсе, ал қызмет көрсету 2006ж. 156,9 млн. доллар, ал 2007ж. 159,7 долларды құраған.
Қытайда ауыл шаруашылығын реформалау 2005 жылға дейінгі бірінші кезеңде өнеркәсіптің және ауыл шаруашылығының жан басы өнімімен ел халқын азық-түлікпен және киіммен қамтамасыз етудің екі еселенуіне мүмкіндік берді. Ауылды жерлерден қалаларға көшуге тұрғындарға рұхсат етілмеді.
Бұл Қытайда өткен екі жылда ауылшаруашылығы қызмет көрсету өндірісінің ұлғаюына мүмкіндік беріп, шамамен сальдо 66,3-78,4млн. долларды құрап, ол 12,1-ге тең болды.
Сурет 1 – Уақыт бойынша шынайы ІЖӨ мен инфляция индексі өзгерістері
ҚХР экономикасының жоғарғы өсу қарқыны мен Орталық, Шығыс Еуропа, ТМД елдері арасында соңғы жиырма жылда орын алған контраст зерттеушілер қызығушылығын туғызды.
Осылайша, елдің дамуындағы көзге көрініп тұрған ілгерілеушілік энергетикалық ресурстарға сұраныстың үлкендігін дәлелдейді.
Ең алдымен, қоғамда энергетикалық ресурстардың шектеулілігі мен қоршаған ортаны аялау қажеттілігі туралы түсінікті орнықтыру керек. Энергоресурстарға және экологияға қатысты жаңаша көзқарас Батысты өткен ғасырдың 70-жылдарынан қалыптасқан, бұл ғаламдық бірнші энергетикалық дағдарысқа жауап ретінде қалыптасқан. Энергияны сақтаудың қажеттілігін кейінге қалдырмауды түсіну тиімділікті арттыру технологиясының пайда болуы мен таралуына және энергияны жұмсаудың қысқаруына, қоршаған ортаның ластануының азаюына алып келді. Қытайда мұндай тұрғы енді ғана қалыптаса бастады.
АҚШ пен Жапония тәжірибесі көрсеткендей энергияны үнемдеу саясатын жүзеге асыру үшін қазір Қытайда жетісе бермейтін едәуір бюджеті және мамандар штаты бар мамандандырылған үкіметтік агенттіктер қажет.
Халықшаруашылығының түрлі салаоарындағы тиімді энергия үнемдеу заң актілері мен ережелерінің детальді жүйесін жасауды қажет етеді.
Энергия үнемдеуді жетілдіру және табиғи ортаның ластануын азайту үшін тыйым салу шараларымен бірге, фискальді тәртіп түріндегі қолдау шаралары көбірек қыжет. 1994ж. кейінгі реформалар барысында салық жүйесі нашарлады немесе энергия үнемдеуші өндірістерге дем беруші салықтық және несиелік жеңілдіктер алынып тасталған еді. Осы шараларға енді оралу қажет.
Қазіргі таңда орындалып жатқан әлеуметтік-экономикалық дамудың бес жылдық жоспары қытай ғалымдары, технологтары, инженерлері алдына энергия үнемдеуші технология мен құрал жабдықтар ойлап шығару міндетін қойып отырған жоқ. Мүмкін, бұл тапсырма келесі бесжылдықта қозғалатын шығар, бірақ оған алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибені пайдаланғанның өзінде аз уақыт кетпейді.
Энергия үнемдеу саясатын жүзеге асыру үшін бірінші ретте экономикалық стимулдену жүйесі рөл атқарады , бұл жерде оның құрылуына жауапкершілікті мемлекет өз міндетіне алады. Мұндай тұрғы әлемдік тәжірибеге сай келеді. Дүниежүзілік банк мәліметтері бойынша энергия үнемдеу потенциалын ашудағы нарықтық факторлар үлесі 20% аспайды. Бұл, ең алдымен төмендегі жағдайларға қатысты нарықтың шектеулі мүмкіндіктерімен анықталады:
Ағымдағы нарықтық конъюнктура ұзақ мерзімді мүддені көрсетпейді.
- Инвесторлар ең алдымен энергетикалық ресурстарды игеруге бағдар алады.
- Өндірісте және энергия пайдаланудағы табиғи ортаны қорғау және қалпына келтіруге кеткен шығын оның құнына кірмейді.
- Энергияны тұтынушыларда оны үнемдеу туралы ақпарат пен дағдылар жеткіліксіз.
Энергия үнемдеуге мемлекеттің рационалды емес қаржы және салық саясаты ықпал етпейді.
Осыған байланыст, негізгі бағыт энергоресурстарды шетелден, әсіресе Қазақстаннан сатып алу болады....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Экономика | Қытай мен Қазақстан арасындағы экономикалық ынтымақтастық
» Курстық жұмыс: Экономика | Туркия және Орталық Азия елдері арасындағы қарым-қатнастың экономикалық аспектілері (XX ғ.аяғы - XXI ғ. басы)
» Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақстан- Қытай ынтымақтастығы
» Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты (1991-2004Ж.Ж.)
» Курстық жұмыс: География | Азия қауіпсіздігі Шанхай ынтымақтастық ұйымы

Іздеп көріңіз:
курстык жумыс ҚХР мен Қазақстан арасындағы энергетика саласындағы экономикалық және геосаяси ынтымақтастық үрдісі курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар саясаттану жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]