Курстық жұмыс: Экономика | ҚР-дағы мемлекеттің әлеуметтік саясаты

Курстық жұмыс: Экономика | ҚР-дағы мемлекеттің әлеуметтік саясаты

Мазмұны
Кiрiспе..........................................................5
I Мемлекеттің әлеуметтік саясатының ғылыми-теориялық негіздері
1.1. Экономикалық және әлеуметтiк процесстерге экономикалық сипаттама және олардың бiр-бiрiмен байланысы.....................6
1.2. Аймақ әлеуметтiк басқарудың обьектiсi мен субьектiсi ретiнде және аймақтағы әлеуметтiк қажеттiлiктердiң кешендiлiгi...................................................................................12.
II ҚР-дағы мемлекеттің әлеуметтік саясаты(Оңтүстiк Қазақстан облысы материалдары бойынша)
2.1. Үкiметтiң әлеуметтiк саясаты және аймақтық әлеуметтiк процесстер...................15
2.2. Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтiк-экономикалық мiнездемесi...............21
2.3 ҚР-да әлеуметтік –кәсіпкерлік корпорациялардың дамуы.....25
Қорытынды........................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................33

Кіріспе
Халықты әлеуметтік қорғау реформалары кедейлік мәселесін шешу және адамның өмір сүру деңгейін жоғарлату мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының басты бағыты болып табылады.
Еліміздің дамуының әр кезеңінде әлеуметтік қорғау деңгейі оның экономикалық және қаржылық мүмкіндіктерімен анықталады.
. Сайып келгенде, мемлекеттік басқарудың басты мақсаты халықтың әл-ауқатын қамтамасыз ету,халықтың өмір сүру деңгейін көтеру, қоғамдық қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан әлеуметтік бағытталған мемлекет болып табылады. Ал бұл дегеніміз, ол мемлекеттік басқару органдары белсенді әлеуметтік саясат жүргізуі қажет және әлеуметтік мәселелерді шешуге экономиканы бағыттау.
Соңғы жылдары әлеуметтiк процесстерге көп көңiл бөлiнуiн қазiргi кезеңдегi бiздiң қоғамымыздың дамуының мазмұны мен оны басқару формасының күрделенуiмен түсiндiруге болады. Сондықтанда осы процесстердiң өту ерекшелiктерiн, олардың қоғам өмiрiнiң әр түрлi сферасындағы, әр түрлi масштабта, оны басқарудың әр түрлi деңгейiндегi байланысын терең түсiну қажет. Барлық ТМД елдеріндегідей 90-шы жылдардың басында Қазақстанда басталған әлеуметтік-экономикалық реформалар қоғам өмірінің барлық салаларына ықпал жасап Республика тұрғындарының барлық қабаттары мен топтарына кері әсерін тигізді. Нарықтық қатынастарға көшу қоғамның жіктелуіне және нарықтық қатынастарға бейімделе алмаған тұрғындардың елеулі бөлігінің іріктелуіне, кедейліктің өзекті мәселеге айналуына әкеліп соқтырды.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан тұрады.
I бөлімде мемлекеттің әлеуметтік саясатының ғылыми-теориялық негіздері қарастырылған
II бөлімде ҚР-дағы мемлекеттің әлеуметтік саясаты(Оңтүстiк Қазақстан облысы материалдары бойынша)жасалынған
Қорытындыда мен өз ұсыныстарымды келтірдім
I Мемлекеттің әлеуметтік саясатының ғылыми-теориялық негіздері
1.1 Экономикалық және әлеуметтiк процесстерге экономикалық сипаттама және олардың бiр-бiрiмен байланысы.
Соңғы жылдары әлеуметтiк процесстерге көп көңiл бөлiнуiн қазiргi кезеңдегi бiздiң қоғамымыздың дамуының мазмұны мен оны басқару формасының күрделенуiмен түсiндiруге болады. Сондықтанда осы процесстердiң өту ерекшелiктерiн, олардың қоғам өмiрiнiң әр түрлi сферасындағы, әр түрлi масштабта, оны басқарудың әр түрлi деңгейiндегi байланысын терең түсiну қажет.
Бiзге белгiлi, «әлеуметтiк» ұғымы кең ұғымда «қоғамдық» деген мағынада қарастырылады. Сайып келгенде, әлеуметтiк қатынастар - бұл қоғамдық қатынас. Осындай кең мағынада әлеуметтiк қатынастарға экономикалық, саяси, жанұя және әлеуметтiк қатынастардың өзiн де жатқызады, соңғысына әдетте адам өмiрi деңгейiн, бiлiм беру деңгейiн, жалпы мәдени деңгейлер және т. б. қатынасын жатқызады.
ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫНАСТАР
САЯСИ ЖАНҰЯ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК
Экономикалық және әлеуметтiк процесстердi басқарудың тиiмдiлiгi – ең алдымен экономикалық және әлеуметтiк процесстердiң мазмұнын, мәнiн және олардың байланыс формасын дұрыс түсiнуге байланысты.
Экономикалық процесстер экономикалық қатынастармен, яғни өндiрiс, бөлу, алмастыру және материалдық игiлiктердi тұтынуды ұйымдастыруда қалыптасатын адамдар арасындағы қатынастармен тығыз байланысты.
Бұрынғы командалық- әкімшілік жүйеде Қазақстанда материалдық игiлiктердi бөлу, алмастыру және тұтыну қатынастарына аз көңiл бөлiндi және мұнда экономикалық еркiндiк болмады. Социалистiк экономикада осы қатынастарды реттеуде жоспарлау органдарында толық ақпарат болмады және жоспарлаудың тиiмдiлiгi жеке қатынас пен байланыстарға байланысты болды. Оның зардаптары өнеркәсiпте өте күрделi болды, ал ауыл шаруашылығында тiптi катастрофалық десе де болады.
Еліміздің дамуының әр кезеңінде әлеуметтік қорғау деңгейі оның экономикалық және қаржылық мүмкіндіктерімен анықталады.Барлық ТМД елдеріндегідей 90-шы жылдардың басында Қазақстанда басталған әлеуметтік-экономикалық реформалар қоғам өмірінің барлық салаларына ықпал жасап
Республика тұрғындарының барлық қабаттары мен топтарына кері әсерін тигізді. Нарықтық қатынастарға көшу қоғамның жіктелуіне және нарықтық қатынастарға бейімделе алмаған тұрғындардың елеулі бөлігінің іріктелуіне, кедейліктің өзекті мәселеге айналуына әкеліп соқтырды.
Қазақстанда тоқсаныншы жылдардың жартысынан басталған экономикалық жандану белсенді әлеуметтік саясат жүргізуге мүмкіндік бере бастады. Жаңа жағдайда әлеуметтік қорғау жүйесін реформалау еңбек қатынастарын реттеу бойынша заңнамаларды құруға және жүзеге асыруға, жұмыспен қамтуды белсенді қолдауға, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне өтуге және мемлекеттік адресті көмек көрсетуге бағытталды.
Бірақ кедейліктің болуы, жұмыссыздық, халықтың қартаюы, нарықтың глобализациясы, сонымен қатар ресми емес сектордың өсуі әлеуметтік реформалардың одан әрі тереңдетілуін қажет етеді
Экономикалық даму, бiз бiлетiндей, ол нақты бiр әлеуметтiк нәтижелерге жетудiң негiзi болып табылады. Д.И.Правдиннiң айтуы бойынша:
« әлеуметтiк процесс кең ұғымда - бұл адам өмiрi мен олардың қатынасын көрсететiн қоғамдық процесс. Осы мағынада экономикалық қатынастарды, қоғамдағы адамдардың барлық басқа қатынастарының негiзiн қалайтын, әлеуметтiк қатынастар деп те айтуға болады. Әлеуметтiк қатынастар қысқаша айтқанда, адамның жеке тұлғалық факторы, оның қоғамдағы орны, әлеуметтiк тегi, адам санасының қалыптасуымен тығыз байланысты».
Әлеуметтiк басқару - бұл қоғамды тәртiпке келтiру, жетiлдiру мен дамыту, сапалық ерекшелiктерiн сақтау, қоғамдық еңбек сипатынан туындайтын адам өмiрi мен еңбек процесiнде адамдардың қатынасының қажеттiлiгi, материалдық және рухани қызметтiң өнiмiмен алмасу мақсатымен қоғамға әсер ету болып табылады. Демек, қоғамдық процесстердi ұғыну адам қоғамының күрделi болуына байланысты сан қилы мәселе мен қиындық туғызады. Адамда, оның тағдырында қоғамның барлық әр қилы қатынастары бiрiгедi және жүзеге асырылады, ол әр түрлi қоғам тану ғылымы мен практикасының интеграциясын қажет етедi. Осыған байланысты, күрделi әлеуметтiк жүйе мәселесiмен шұғылданатын америкалық зерттеушi Дж. Форрестер былай деген:
«Егер бiз күрделi жүйелердi түсiнгiмiз келсе, әр түрлi пәндер мен бiлiм саласындағы шекараларды жоюымыз қажет. Бiр жүйенiң iшiнде бiз психологиялық, экономикалық, техникалық, мәдени және саяси қатынастардың болуын қамтамасыз етуiмiз қажет».
Қоғамның жүйелi және оның заңды түрде дамуы туралы көзқарас кенеттен пайда бола алмайды. Оның қалыптасуын қоғамдық болмыстың әрбiр жағын жан-жақты талдау жасау қажет. Зерттеудiң пәнiнен шығатын болсақ, авторды қызықтыратыны, ең алдымен, қоғамдық өмiрдiң экономикалық және әлеуметтiк аспектiлерi және олардың бiр-бiрiмен байланысы.
Осы сұрақ бойынша зерттеудiң логикасы әр түрлi болуы мүмкiн. Дәстүрлi көзқарасты әлi де болса «классикалық» деп атауға болады, себебi ол белгiлi аспектiге негiзделедi. Бiр жағынан, бiзге белгiлi , «... барша адамзат тарихының алғашқы нышаны -бұл, әрине, тiрi адамдар индивидiнiң өмiр сүруi... Адамдар өмiр сүру мүмкiндiгiне ие болу керек», және бұдан шығатыны «... алғашқы тарихи акт, бұл-осы қажеттiлiктердi қанағаттандыруға керектi материалды өмiрге қажеттi заттай өндiрiс». Осы өндiрiс процесiнде адамдар өзiнiң өмiр
сүруiне қажеттi жағдайлар жасау үшiн бiр-бiрiмен экономикалық қатынастарға түседi.
Басқа жағынан, бiзге белгiлi, адамдар арасындағы қарым-қатынастар әлеуметтiк қатынастар да болып табылады. Осындай кең ұғымдағы әлеуметтiк қатынастар туралы пiкiрталаста Р. Малахинованың келесi тұжырымы өте орынды: «өндiрiстiк күштер мен өндiрiстiк қатынастар өзi үшiн және өз iшiнде өмiр сүрмейдi. Олардың диалектикалық бiрлiгi өзiнiң категориялық түр-сипатын қоғамның барлық материалдық дүниесiмен байланысын жүзеге асыратын әр түрлi экономикалық формада табады. Экономикалық формалар, осылайша, қоғамдық материалды өндiрiсті қозғалмалы әлеуметтiк формада көрсетедi». Осы ойды Т.И.Заславская жалғастырады: «Шаруашылық механизмiн жетiлдiру проблемасы әлеуметтiк құрылыммен байланысын ескермей зерттеледi, осы құрылымның диалектикасы экономиканы басқару механизмiнiң өзгерiсiне байланыссыз талданады.
Алайда мұнда бiр құбылыстың екi жағы туралы сөз болып тұр, шаруашылық механизм өндiрiстiк қатынастардың экономикалық жағын жүзеге асырудың нақты формасы ретiнде көрiнсе, ал қоғамның әлеуметтiк құрылымы оның әлеуметтiк жағынан көрiнедi.» Осылайша келтiрiп отырған пiкiр бiздi мынадай тұжырымға келудi қажет етедi:экономикалық және әлеуметтiк қатынастар тек бiр-бiрiмен байланысып қана қоймай, олар бiр-бiрiн толықтырып отырады.
Бiздiң ақиқатымызға қайтып келетiн болсақ, саясаткерлерiмiздiң адам өмiр сүру деңгейi мен сапасын көтеру және олардың құқығын кеңейту мен нығайтудағы ниеттi ұмтылысында қарама-қайшылықты саяси бағдарламаларды жүзеге асыру нәтижесiнде көруге болады.
Сондықтан бiршама дәрежеде әлеуметтiк мақсаттарды жүзеге асыру дәрежесiн айқын бағалау механизмiн жасауда, пайда болған диспропорцияларды және оларды жою жолдарын анықтау үшін қоғамдағы әлеуметтік және экономикалық мағыналарының
байланысын анықтау қажет. Бұл жағдайда, көріп отырғанымыздай, адам өміріне қажетті барлық жағдайлардың жиынтығы ұғымы кіреді. Олар үйлесімді өндірістік қызмет, белгілі – бір экономикалық қатынастарды көру көмегімен қамтамасыз етіледі. Осында қоғамдық өмірдің тағы бір басқа маңызды аспектісі ерекшеленеді, ол – экономикалық аспект. Бiршама қысқарта айтатын болсақ, ескерте кететiнiмiз, ол қайсы бiр қоғамға болмасын «әлеуметтiк» және «экономикалық» ұғымы - мақсаттар үйлесiмi мен оларға жетудiң құралы ретiнде көрiнедi.
Осылайша, саяси экономияның түрлi бағытындағы жалпы классикалық тұжырымдармен келiсу мүмкiндiгi туады (У.Петти, А.Смит, К.Маркс, А.Маршалл), олардың ұйғарымы бойынша өндiрiс адамға қызмет етедi немесе қызмет етуi қажет. Осындағы әлеуметтiк және экономикалық ұғымы обьективтi түрде жеке адамда, әлеуметтiк топта қосылады.
Басқару мәселесін қарастырған уақытымызда, біз экономикалық және әлеуметтік аспектілерді жақындату қажеттілігі туралы сөз етеміз. В. Улановскаяның айтуы бойынша, қазіргі кезде “қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамуын басқару бағдарламаларының қосылуы қажет. Әлеуметтік саясаттағы экономикалық шешімдерді қабылдау кезінде болатын және болмай қоймайтын нәтижелерге экономикалық бағдарламаларда жан-жақты бақылау қажет”
Бұл бiзге практикадағы қоғамдық өмiрдiң құбылыстары әлеуметтiк-экономикалық сипатта болатындығына тағы да көзiмiздi жеткiзедi, және де «әлеуметтiк» және «экономикалық» ұғымын бөлiп қарастыру тек абстрактiлi талдау деңгейiнде ғана мүмкiн болады.
Осы жұмыстағы «әлеуметтiк» және «экономикалық» ұғымын бөлiп қарастыру экономикалық шараларды жүргiзу кезiнде болатын әлеуметтiк зардаптарды талдау үшiн және экономикалық эффект әлеуметтiк эффектiге қаншама барабар екендiгiн анықтау үшiн жүргiзiлдi. Бөлiп қарастырудың тағы да бiр қажеттiлiгi мына мағыналар үшiн қажет:
1) экономикалық көрсеткiштердi жетiлдiру, оларда шаруашылық қызметтiң әлеуметтiк нәтижелерiнiң көрiнуi;
2) экономикалық әдiстермен әлеуметтiк процесстерге әсер ету мүмкiндiктерiн айқындау.
Әрине әлеуметтiк тиiмдiлiк экономикалық тиiмдiлiкпен шектеле бермейдi және олар бiр-бiрiне қарама-қайшы болуы да мүмкiн, сондай-ақ әлеуметтiк эффектiнi өлшеу қиынға түседi. Сұрақтың осындай арнасында әлеуметтiк даму көрсеткiштерiн жалпылау қажеттiлiгi туады. Негiзгi қиындық та осында жатыр, себебi әлеуметтiк процесстер тек кешендi сипатта көрсетiлуi мүмкiн және оларды жалпы бiр көрсеткiшке келтiру мүмкiн емес.
Осы мәселенің шешімін табу үшін Г.Губернаяның сөзiн ескеруiмiз қажет: «әлеуметтiк эффектiнi экономикалық эффектiден бөлек қараудағы нәтижесiздiк мынамен түсiндiрiледi: зерттеу шаруашылық бөлiмшелердiң қызмет жасауының сипатындағы себепте емес, көрсеткiште-салдарында жүргiзiледi». Кез-келген қоғамдық құрылымның жұмыс жасауын , сайып келгенде, бiр-бiрiмен байланысты, үнемi жаңарып отыратын өндiрiс пен тұтыну процесiнiң жиынтығы ретiнде көрсетуге болады. Сондықтан да экономикалық және әлеуметтiк эффектiнi аналитикалық бөлудiң методологиялық негiзi ретiнде ғылыммен дәлелденген экономикалық тиiмдiлiк құрамындағы екi құрамдас бөлiктi аламыз: өндiрiс тиiмдiлiгi мен тұтыну тиiмдiлiгi.
Сонымен бірге еске салатыны, тек сала, кәсiпорын және ұйым деңгейiнде, жабдықтаушылар мен тұтынушылар сияқты бiр-бiрiмен салғастырылатын болса, және тек теориялық тұрғыда әлеуметтiк эффектi (тұтыну эффектiсi) экономикалық эффектiден ( өндiрiс эффектiсi) бөлектенуi мүмкiн.
Осы жұмыстың мақсатын көп жағдайда мына анықтама жауап бередi: әлеуметтiк эффект - бұл қоғам мүдделерiнiң барлық топтарының бiрдей келiсiмге жеткен жағдайы, ал әлеуметтiк эффектiнiң шарасы қоғамдық мүдделердiң бiрдей келiсiмде болу жағдайын көрсететiн өндiрiстiк шығындарды бағалау тұтынушының өнiмге немесе қызмет көрсетуге бағасы болып табылады.
Әлеуметтiк қатынастар қызметiнiң аумағы өте кең. Олар қоғамдық өмiрдiң барлық жағын және сферасын қамтиды. Адамдардың осындай байланысының обьективтi негiзi адам мен оның қызметi, адамдардың бiр-бiрiмен қатынасы, сонымен қатар осы қатынастардағы өзгерiстер болып табылады. Адам материалды және рухани игiлiктердi өндiрушi де тұтынушы да болып табылады. Осыған байланысты әлеуметтiк және экономикалық процесстер арасында тiкелей және керi байланысты көрсетуге болады.
Әлеуметтiк және экономикалық процесстер арасындағы тiкелей және керi байланыстың жүзеге асырылуы территориалдық басқару процесiнде де жүредi. Бiрақ мұнда өзiндiк ерекшелiктерi де бар. Бiрiншiден, аймақтың әлеуметтiк дамуы территорияның аумағындағы тек экономикалық прогресстiң нәтижесi болып қана қоймай, сонымен қатар жекелей әлеуметтiк проблемаларды шешуде қоғамның тiкелей әсерiмен де көрiнедi. Халықтың тұрмыс деңгейiн көтеру, олардың жан-жақты дамуын қамтамасыз ету және т. б. Қоғам өндiрiсiн дамытуда олардың еңбек үлесiн ұлғайту болса да, әр түрлi әлеуметтiк бағдарламаларды (жалақыны көтеру, әлеуметтiк қамсыздандыруды жақсарту, әлеуметтiк инфрақұрылым салаларын дамыту және т. б.) тiкелей қаржыландыру маңыздылығы барған сайын күшейiп жатыр. Осыдан шығатыны, жеке алғанда, халықтың тұрмыс деңгейiн көтеру факторларын ажырату қажеттiлiгi туралы практикалық тұжырым, бiр жағынан территориалды даму мен жалпы өнеркәсiптермен байланысты болса, ал екiншi жағынан, әлеуметтiк даму облысындағы жалпы мемлекеттiк шаралармен де байланысты.
Екiншiден, тек берiлген территория аумағында ғана емес, сонымен қатар оның сыртында да, жалпы елiмiздегi өтiп жатқан әлеуметтiк процесстер өндiрiстiң дамуына керi әсерiн тигiзуі мүмкін.
Әлеуметтiк және экономикалық процесстердi бөлiп қарастыру жалпы алғанда дұрыс, бiрақ онда осы процесстердiң көрiнуiнiң нақты формасы айқындалмаған және ең бастысы - олардың байланысы, обьективтi және белгiлi дәрежедегi қайшы бiрлесуi туралы сөз аз қозғалды. Осы сұрақтың мағынасын дұрыс түсiну экономикалық және әлеуметтiк процесстердiң дұрыс бөлiнбеуi, ерекшеленуi немесе ұқсас болуы нәтижелерiндегi қателiктердi болдырмау үшiн қажет.
Бiздiң алға қойған мiндетiмiз жекеленген процесстердi тек бiр жақты ұғыну және сәйкесiнше жекеленген шараларды жүргiзумен шектелмеу. Қоғам өмiрiнде, өндiрiс тәжiрибесiнде барлық осы процесстер бiр уақытта жүредi және шартты түрде әлеуметтiк-экономикалық процесстер деп атауға болатын бiрыңғай процесстердiң органикалық түрде бiр-бiрiмен .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык жумыс ҚР-дағы мемлекеттің әлеуметтік саясаты курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар экономика жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]