Курстық жұмыс: Экономика | ҚР-дағы кәсіпорындар инвестициясының тиімділігі

Курстық жұмыс: Экономика | ҚР-дағы кәсіпорындар инвестициясының тиімділігі

Мазмұны
Кіріспе
1. Кәсіпорынның инвестицияны тартудың тиімділгінің теориялық негізі
1.1 Кәсіпорындағы инвестицияның мәні мен маңызы
1.2 Инвестициялардың қайнар көзі және түрлері
2. ҚР-дағы кәсіпорындар инвестициясының тиімділігі
2.1 ҚР-дағы кәсіпорындарының инвестициялық қызметі
2.2 ҚР-дағы кәсіпорындардың инвестициялық тиімділігі мен табыстылығы
3. Кәсіпорындарға инвестицияны тартудың мәселелері мен жетілдіру жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Кез келген елге шетелдік инвестициялардың ағыны және олардың эффективтілігі жағымды инвестициялық климаттың бар болуымен анықталады.
Инвестицияның климатты үлгілеу (модельдеу) – мемлекет саясатының шетел инвестицияларын пайдалану және тартудағы маңызды звеносы. Себебі ол, біріншіден шет ел инвесторына әсер ететін факторлардың жүйелік көрінісін береді, екіншіден, елдегі жағдайды терең бағалауға, үшіншіден, шет ел іс-әрекет ынтасын сезінуге мүмкіндік береді. Елдегі жағымды инвестициялық климатты қалыптастыру – бұл көрсеткіштердің толық жүйесін құратын, сол кезеңдегі Қазақстандағы инвестициялық климаттың салыстырмалы анализді бағалау негізі болып табылатын әртүрлі шаралар кешені:
1. елдегі нарық потенциалының сипаттамасы;
2. табиғи және еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілгендік;
3. экономикалық реформалардың жағдайы мен қозғалысы;
4. инвестициялық іскерлік үшін заңдық база;
5. мемлекеттік органдарда басқару шешімдерін қабылдауды реттеу;
6. нарықтық инфрақұрылым мен валюталық нарықтың дамуы;
7. банк жүйесінің тұрақтылығы.
Шет ел инвесторлары жоғарыда көрсетілген құрамалардың әр бірінен танысып, бағалайды және инвестициялау шешімі инвестициялық тәуекелге алып келеді.
Инвестициялық климат және инвестициялық тәуекел өзара тығыз байланысты. Инвестициялық климат жайлы болған сайын инвестициялық тәуекел де төмен болады және керісінше, инвестициялық климат нашар болса, инвестициялық тәуекел жоғары болады.
Елдің нарық потенциалы – халық саны, ЖҰӨ және ЖІӨ-нің жан басына шаққандағы көлемі сияқты көрсеткіштерді сиаттайды. КСРО кезінде бүтін нарық потенциалы ұзақ уақыт бойы үлкен нарық деп қарастырылған және инвесторларға негізгі түрткі болған. Бірақ, Кеңес Одағының құлауы, мемлекеттердің дезинтеграция нәтижесінде бұл біртұтас және ерекше нарықтық өкілеттігі жойылды. Мұндай жағдайларда потенциалды инвесторы бұрынғы Одақ республикаларының - жеке мемлекеттердің нарығына бағдар алуға мәжбүр болады. Олардың ішінде тұтынушылар саны көбі – Ресей, Украина, Қазақстан, Өзбекстан. ЖІӨ жанбасына шаққандағы деңгейі бойынша – Ресей, Белоруссия, Қазақстан және Түркменстан. Бұл 2 белгі бойынша да Қазақстан нарығы потенциалды инвесторлар үшін тартымды.
Көптеген инвесторлар Қазақстанның маңызды артықшылығы – ең үлкен Азиаттық шығын нарығына жақындығы, ол өзінің жеке нарығының потенциалын арттырады.
Қазақстан Евро Одақпен бірігіп жұмыс істеу келісіміне қол қойған. Онда 2 жақтың да бір-біріне тауар және капитал қозғалысына жақсы жағдай жасау режимі, алдағы екіжақты салық салуды жою міндеттелген. Сол себепті шет ел инвесторлары жоғары салықтық ынта беретін Қазақстанға өздерінің инвестицияларын салу арқылы жоғары сезілетін мүмкіндік береді.
Қазақстан өзінің табиғи байлықтарымен – шикізат және энергиямен жақсы қамтамасыз етілген. Оның территориясы (2,7 млн.км2) Европалық Экономикалық Одақтың барлық елдерінің территориясынан (2,3 млн.км2) үлкен. Сонда да территорияны пайдалану интенсивтілігі салыстырмалы түрде жоғары емес.
Қазақстан мұнай мен газдың үлкен өндірушілерінің бірі болып табылады. Бірақ, үлкен игерілмеген территориялар да бар, олар қажетті инвестиция бөлінсе пайдалану мүмкін. Біздің республика дүние жүзінде қоңыр көмір өндіруден 2-ші, тас көмір өндіруден 3-ші орында. Қазақстанда сонымен қатар минералды ресурстар – темір рудасы (негізгі өндірушілер Қазақстан, Украина және Ресей), мыс, аллюминий, күміс, никель және фосфат шикізаттары бар. Республика дүние жүзінде алтын қалайы өндіруден 3-ші орынды алып жатыр.
Жақын 15-20 жылда өндірілетін бағалы түсті және қара металлдар көзінің потенциалды құндылығы 245,7 млрд доллар немесе жылына 2,4 млрд доллар деп бағалаған. Сонымен қатар эксплуатациялық шығындар 160-180млрд доллар , ал егер тау-кен саасында қажетті инвестиция көлемі тартылғанда, потенциалды жалпы пайда 50-67 млрд доллармен бағаланылады.
Жылу-энергетика кешені көзінің потенциалды құндылығы көмір бойынша – 685,6 млрд, мұнай бойынша 222,5 млрд долларды құрайды.
Қазақстан бұрынғы Кеңес Одағы мемлекеттерінің арасында еңбек ресурсы бойынша (7 млн адамға жуық) 4-ші орында. Ол шет ел инвесторларын тартуға әсер етеді. Қазақстандағы орташа жалақы деңгейі шамамен 100 доллар, орташа есеппен алғанда АҚШ-пен салыстырғанда 11 есе аз. Осыған байланысты шет ел инвесторлары үшін жалақы төлеу шығындары айтарлықтай маңызды емес.
ҚР-ның экономикалық жүйесі орталықтандырылған-командалық жүйеден нарықтық жүйеге өтудегі қиын кезеңнен өтуде. Макроэкономикалық тұрақтылық, өндірістің құлдырау жылдамдығының айтарлықтай төмендеуі, ұлттық валютаның берктелуі және бюджет тапшылығының төмендеуі - өндірістің өсуін қамтамасыз ете алмайды. Ең алдымен бұзылған өндірістік процесті қалпына келтіру, нарық институттарын құру, экономикалық нақты жұмыс істейтін жеке секторды және бәсекелестік ортаны қамтамасыз ету керек.
1996 жылдың басында “Үкіметтің 1996-1998 жылдардағы реформаларын тереңдету ісі бағдарламасы” қабылданған. Бұл бағдарламаның маңызды міндеті – 1994-1997 жылдардағы қол жеткізілген макроэкономикалық тұрақтылық пен құрылымды-институтционалдық қалыптасуларды берік орнату. Алдағы уақыттағы экономикалық реформалардың дамуы Президенттің “Қазақстан-2030” жолдауында қарастырылған, сонымен қатар “1998-2000 жылдарға Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық даму жоспарында” нақтыланған. Олардың мақсаты – экономикалық өсу мен халықтың тұрмыс деңгейін көтеруді қамтамасыз ететін өндірістің құлдырауын тоқтату.
I-бөлім. Кәсіпорынның инвестицияны тартудың тиімділігінің тоериялық негізі.
1.1. Кәсіпорындағы инвестицияның мәні мен маңызы
Экономикалық әдебиеттерде инвестиция түсінігіне анықтама беру жөнінде көп талас жоқ. Қалыптасқан пікір бойынша оның құрамына пайда, табыс және әлеуметтік эффект алу мақсатында экономика салаларының барлық нысандарына, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жұмсалатын меншік және интеллектуалдық құндылықтардың барлық түрі енеді. Инвестиция құралы ақша қаражаттарынан, мақсатты банк несиелерінен, үлестік жарналардан, акциялар мен басқа да бағалы қағаздардан, қозғалатын және қозғалмайтын мүліктерден (ғимараттар, қондырғылар, материалдар, т.б.) жерді пайдалану құқығынан, табиғи қорлардан және т.б. тұрады. Инвестициялық қызметтің негізгі нысаны инвестициялық жобаларды жүзеге асыру болып табылады. Бұл жерде инвестициялау үрдісін қаржыландыру үрдісінен ажыратып алған жөн. Егер инвестициялау қорларды көрсетілген жобалар бойынша орналастырса, онда қаржыландыру осы қорлардың көздерін қамтамасыз етеді.
Кейбір әдебиеттерде инвестицияны күрделі қаржы ретінде қарастырады. Мұндай қателіктің себебі, инвестициялық қорларды нақты пайдалану нысанының анықталмауында. Егер күрделі қаржы негізгі қорларды қарапайым және ұдайы өндіруге бағытталатын болса, онда инвестициялар құрылыс-монтаждау жұмыстарының, керекті қондырғылардың және басқа шығындардың құнын қамтиды. Яғни, инвестиция түсінігі күрделі қаржы түсінігінен әлдеқайда кең. Сонымен, инвестициялық қызмет дегеніміз «Заңды тұлғалардың, азаматтардың және мемлееттің инвестицияларды жүзеге асыру жөніндегі практикалық іс-әрекеттерінің жиынтығы» болып табылады. Олар төмендегідей инвестициялық сфераларды жүзеге асырады:
а) күрделі құрылыс;
ә) инновациялық сфера;
б) қаржы капиталын пайдалану сферасы;
в) қозғалатын және қозғалмайтын мүлік нарығында мүліктік құқықтарды жүзеге асыру сферасында (кепілдік құқық пен ипотекалық несиені қоса есептегенде).
Инвестициялардың күрделі қаржыдан тағы бір айырмашылығы, олар материалдық емес активтерді (жер бөліктерін пайдалану құқығы мен табиғатты пайдалану нысандары, патенттер, авторлық құқықтар, тауарлық белгілер, сауда маркалары, лицензиялар және т.б.) ұлғайту үшін де жұмсалады. Материалдық емес активтерді құру және ұлғайтуды қаржыландыру үшін қолданылатын негізгі көздерге амортизациялық төлемдер, таза пайда, комерциялық және басқа да банктердің ссудалары, қор нарығынан түсімдер және т.б. жатады.
Инвестициялар әртурлі меншік түрлеріндегі кәсіпорындардың айналым активтеріне де жұмсалады. Кәсіпорындардың айналым активтері өндіріс сферасындағы (өндірістік запастар, аяқталмаған өндіріс, келешек кезеңдер шығындары т.б.), айналым сферасындағы (дайын өнім, ақша қаражаттары т.б.) айналым қорларынан тұрады.
Негізінен “инвестиция” термині нарықтық экономикаға өту барысында пайда болда.
Алғашқы кездерде “инвестиция” ғылымда “капитал салымы” деген ұғымды білдірді. Алайда, “инвестиция” – бұл кең ұғымды термин, ал “капитал салымы” инвестицияның бір бөлігі деп айтуға болады.
Инвестиция – бұл материалды-заттық құндылықтардың барлық түрі және оларға деге құқық, сонымен қатар, пайда табу негізінде басқару қызметі объектісіне салған салымшы инвестордың интеллектуалды меншіктік құқығы. Яғни, басқаша айтатын болсақ, инвестиция – бұл басқару және басқа да қызмет объектілеріне пайда табу негізінде салынатын құндылықтар.
Еліміздің инвестициялық саясаты ірі салымдарды қаржыландыру үшін жағдайлар жасауға, тауар өндіру және қызмет етуді жоғары тиімділікпен нарық қатынастары субъектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс.
Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және дамытудың маңызды жолдарының бірі – инвестициялық қызметті ұлғайту, ең алдымен еліміздің ішкі резервтерін жұмылдыру және көбірек тиімді пайдалану болып табылады.
Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап экономикалық жағдайды тұрақтандыру, ішкі экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және инвестициялар тарту жөніндегі саясатты белсенді жүргізе бастады. Қазіргі уақытта жүргізілген нарықтық экономиканың оң нәтижелерін айқын көруге болады. Мәселен, Халықаралық валюталық қорының мәліметтері бойынша 1999 жылы Қазақстан жан басына инвестиция тарту көрсеткіші бойынша ТМД елдері ішінде алғашқы орындардың бірін иеленеді.
1993-1999 жылдары ҚР шет елдердің тікелей инвестицияларының салалары бойынша келіп түсуі. (ҚР Ұлттық Банк деректері бойнша)
1993-1999 жж 1999ж
Игерілген % %
Барлығы 7229,2 100 1799,3 100
Оның ішінде:
Мұнай-газ кешені 3764,5 47,5 1529,5 84,7
Түсті металлургия 1907,5 24,1 51,2 2,8
Қазақстан экспорты мен импортындағы жекелеген елдердің үлес салмағы
Экспорт Импорт
1995 1996 1997 1998 1999 1995 1996 1997 1998 1999
Барығы 100 100 100 100 100 100 100 100 100 100
Оның ішінде:
Германия 3,3 3,1 5,4 5,2 5,9 5,2 4,7 8,5 8,4 7,8
Италия 2,7 3,3 5,5 9,1 7,5 0,8 1,0 2,0 2,1 2,9
Ресей 45,1 42,0 35,2 29,6 19,8 49,9 54,8 45,8 39,4 36,7
Ұлыбритания 2,1 3,9 8,4 8,9 3,4 2,2 1,8 3,3 5,0 6,3
Қытай 5,7 7,8 6,8 7,0 8,5 0,9 0,8 1,1 1,2 2,2
Швейцария 3,6 3,6 4,4 6,2 5,3 1,5 1,1 1,2 1,5 1,2
Өзбекстан 2,9 3,4 2,7 2,2 1,2 7,1 2,1 1,5 2,2 2,4
Украина 2,3 3,6 4,7 4,8 2,1 2,3 2,2 2,2 2,1 1,6
Еліміздің инвестициялық саясаты ірі салымдарын қаржыландыру үшін жағдайлар жасауға отандық және шет елдік қаражаттарды келтіруге, тауар өндіру және қызмет көрсетуді үлкен тиімділікпен нарық қатынастары субъектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс.
Жеке инвесторлар мемлекеттік инвесторларға қарағанда коммерциялық табысты көбейтуге өте құштар. Олар тауарларды және қызмет көрсетуді сұраныстармен ұштастыра отырып арттыруға, өндірістің түрлі жобаларымен нағыз тиімділерін пайдалануға тырысады. Міне, сондықтан да, жеке инвесторлардың өндірісті дамыту белсенділігін қолдай отырып, мемлекет тарапынан оларға қолайлы жағдайлар жасауға, атап айтқанда, салық салу, несие беру, кедендік баждар жағынан едәуір жеңілдіктер беруге тиіс.
Қазақстан үкіметі 1996ж 1996-1998 жылдарға арналған мемлекеттік инвестициялық бағдарлама қабылдады. Бұл бағдарламаға қаржылық секторды, құқықтық реформаны, мұнай және газ өнеркәсібін, су ........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін басқару
» Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорындарда инвестициялрды тарту
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасында шетелдік инвестицияларды тарту
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясат,шетелдік инвестицияларды тартудағы негізгі проблемалар
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясат,шетелдік инвестицияларды тартудағы негізгі проблемалар

Іздеп көріңіз:
курстык жумыс ҚР-дағы кәсіпорындар инвестициясының тиімділігі курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар экономика жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]