Курстық жұмыс: Экономика | ҚР – ның сауда саясаты

Курстық жұмыс: Экономика | ҚР – ның сауда саясаты

Мазмұны
Кіріспе
І Сауда саясатының теориялық негіздері
1.1. Сауда саясатының мәні, негізгі түрлері және оны жүзеге асыру құралдары..............7-11
1.2 Сыртқы және халықаралық сауда саясаты.........................11-16
1.3 Халықаралық сауда теориялары.........................................16-21
ІІ. ҚР – ның сыртқы экономикалық заңдары мен нысандары
2.1. ҚР – ның сыртқы экономикалық қызметін белгілейтін факторлар................................22- 31
2.2. Сыртқы сауда операцияларының ұйымдық нысандары 31-36
ІІІ. ҚР – ның сауда саясатындағы даму перспективасы және ерекшеліктері.
3.1. Қазақстан республикасының сыртқы сауда айналымы...37-41
3.2. Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына кіру проблемалары мен перспективалары. .... 41-43
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.

КІРІСПЕ
Қоғамда өзекті мәселелердің бірі ретінде сауда саясаты ерекше маңызға ие. Себебі жүйелі де тиімді сауда саясаты құқықтық мемлекет пен демократиялық қоғамның ажырамас элементі болып табылады.Сондықтанда сауда саясаты Қазақстан үшін зор маңызды экономикалық сала.
Бүгінгі әлем шапшаң қарқынмен дамуда, ғаламдану мен ақпараттық технологиялар дәуір күн өткен сайын күш алып барады. Қазақстан өзінің экономикалық әлеуметін нығайтып, халықаралық нарықта орнын нақтылауда және Бүкіләлемдік сауда ұйымына (БСҰ) кіруді жоспарлауда президентіміз Н.Ә. Назарбаев айтқандай, «Бізге ауқымды міндет- бәсекеге қабілетті жағынан әлем елдері ішіндегі көшбастаушы елу елдің санатына ену міндетін шешу қажет.Бұл мақсатқа жете алуымыз көбіне қаржыгерлерімізге байланысты».
2006жылы 1 наурыздағы Қ.Р. президентінің халыққа жолдауында Қазақстанның алдағы уақыттарда әлемдегі 50 бәсекелес елдің қатарына кіру туралы міндеті жөнінде «экономикалық жоғары табыстарға қол жеткізген кез келген ел жедел экономикалық өрлеудің алдындағы кезеңде жоғары экспортты азйтып, импортты жоғарлату жөнінде барлық шараларды міндетті түрде қолдаған және кейін макроэкономикалық көрсеткіштерді белгіленген шекте ұстап тұруды қатаң қадағалауды» тапсырды..
Жаратылыстану ғылымдарындағы сияқты, экономикада және өзге де қоғамдық ғаламдарда белгіленген ақиқаттар мүлдем жоқ, ла теориалар жасауға божам жасауға әрекеттер ғана бар, оларды дәлелдеуге болмайды, алйда олар қайсыбір мезетте эксперимент арқылы жоққа жоққа шығарылуы мүмкін.
Қоғамдық ғаламдарда да жаратылыстану ғаламдарында да дүниетанымға білім саны («нормативтік сараптық») ықпал жасайды , бірақ соңғысының қалыптасуы негізін дүниетаным , яғни «позитивті» білім қалайды.
Казіргі халыкаралык байланыстардьң саяси, экономика¬лык, әлеуметпк, технологиялык астарларынын бірыңғайлануы және жалпы жаһандану үрдісінің күшеюі әрбір мемлекеттің сырткы экономикалык қызметін ұдайы бақылап, тиімді баскарып отыруды талап етеді. Бұл талаптьң барған сайын қа¬тая беретіндігін жанагыдай баскару объектісінің алдағы уакытта да кеңейе және күрделене беретіндігімен тусіндіріледі.
Бұл курстық жұмыста сауда саясатының сырткы экономикалык кызмет саласына байланысты кажстті неізі санаттар, түсініктер мен жіктеулер кслтірілген. Әсіресе, сырткы экономикалык кызметтің баскарушылык астарына ерекше назар аударылады. Бұл кызметтің неігзі сырткы сауда байланыстары мен операциялары және олардың қарқыны мен құрылымыньң сипаттамасы бо-лып табылатындықтан, оларға барынша көбірек көңіл бөлінеді. Сондықтан, экономика мамандықтары бойынша жоғары бім аламын деген адам мемлекеттің сыртқы экономиқалық саясатының қалыптасу заңдылықтарын, оны жүзеге асырудың әкімшілікк механизмдерін жақсы меңгеруге тиісті. Сондай-ақ, курстық жұмыста халықаралық байланыстардьң сатып алу-сату, жалдық және мердігерлік жұмыстарды ұйымдастыру мен басқару, сауда делдал-дарыньң кызмет үйлестіру, мемлекетаральқ есеп айырысуды қадағалау және т.б. қарастырылды.
Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің халыққа жолдауында:Біз 2030 жылы Азия Барысы.на айналуымыз керек.Бірнеше жылдан кейін Қазақстан Дүниежүзлік Сауда Ұйымына ДСҰ мүшелікке өтпек. Сөзсіз бұдан біздің ұтарымыз аз емес . Шекара ашылған соң кәсіпкерлеріміз өз тауарларын ешбір шектеусіз шетелге шығаруға мүмкіндік алады.
Сондықтан қазіргі уақытта кәсіпкерлеріміздің алдында тұрған ең негізгі міндеттердің бірі – сапалы өнім шығаруға қол жеткізу, өйткені шетелдік өнімдерге бәсекелес бола алмаса, отандық бизнес өкілдері бонкротқа ұшырайды.
І. Сауда саясатының теориялық негіздері
1.1. Сауда саясатының мәні, негізгі түрлері және оны жүзеге асыру құралдары
Тұрақты даму проблемасы ғаламдық масштабта шешілді. Бұл мағынадағы экономикалық саясат ұлттық деңгейдегі экономикалық мүдделері мен құндылықтары бар объективті заңдылықтардың тоғысуымен анықталады. Соңғы он жылдықтарда бұл кеңістікке экономикалық блоктардың ұжымдық мүдделері көптеп шығуда. Дамыған мемлекеттер блогы немесе жекелеген мемлекет тарапынан белгілі бір қарама-қайшы іс-әрекеттер орын алуы мүмкін.
Өйткені кез келген ұлттық саясат олардың нақты экономикалық мүдделерін қорғауы немесе оларға қысым көрсетуі мүмкін. Мұндай жағдайда мемлекеттердің мүдделері арасындағы балансқа, мәмілеге немесе өзара жеңілдік жасауға қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Ол сыртқы экономикалық саясаттың баламалы варианттар жиынтығымен, ең алдымен қысым көрсету немесе қарама-қарсы шығу әрекеттерімен толығуы қажеттілігін алдын-ала анықтайды.
"Солтүстік-Оңтүстік" жүйесінің сауда саясаты халықаралық еңбек бөлінісінің тік моделін көрсетеді, мұнда дамушы елдер ресурстардың елеулі түрлерін шетке шығарады да, техника, азық-түлік және ұзақ мерзімдік пайдаланулардағы тауарларды шеттен әкеледі.
Өзара қарым-қатынастардың мұндай моделін "Солтүстпік--оңтүстік" жүйесіндегі экономикалардың өзара қатнастарының мазмұндылығымен салыстырғанда, алдыңғы модельде кономикалардың өзара толықтырылуы жоқ екендігі анықталған, кез келген жағдайда Солтүстіктің немесе Оңтүстіктің саудасы жөнінде сөз еткенде жүзеге асырылатын саясаттың екі түрі жөнінде айтуға болады:
- сыртқы сауда саясаты жөнінде;
- халықаралық сауда саясаты жөнінде.
Сыртқы сауда саясаты дегеніміз - мемлекеттің басқа елдермен жасайтын сауда қатынастарына мақсатты түрде әсер етуі.
Халықаралық сауда саясаты — ұжымдық жекелеген елдер тобының, монополияларының, қаржылық-сауда және басқа да топтардың мүдделерінің көрінісі.
Сауда саясатын жүзеге асырудың әлемдік тәжірибе; 2 принципке негізделген: еркін сауда және протекционизм.
Зерттеулер көрсеткендей, осы шараларды іске қосуды уақытша параметрлері бойынша, барлық мемлекеттер бір - бірінен өзгешеленеді. Мысалы, бірқатар мемлекеттер өз реформаларын импорттық саясатты басқарудың қатаң курсынан; енді кейбіреулері оны толық ырықтандырудан бастайды.
Мысалы, Оңтүстік Корея, Бразилия және басқа елден алғашқы кездері тек қана экспортгық өндіріске арналған импорттық тауарларды шеттен әқелуге жағдайлар (бірқатар жеңілдіктер) жасады, ал экспорттық өндіріске қатысы жоқ тауарлардың импорты шектелді немесе оларға тыйым салынды.
Осыған ұқсас әдістемені Тайвань қолданды. Ол жерде импортты алмастыру саясаты жүргізілді. Тым аса дифференнцияланған әдіс-айлалар Малайзия тәжірибесінде көрініс тапты, ондағы шектеулер белгілі бір өнімнің экспортына, өндірісі фирманың немесе жалпы саланың сандық параметрлеріне байланысты белгіленді.
Сонымен бірге, сауда саясатының тиімділігі үшін импортты алмастыруды жүзеге асыру жолын таңдау өте маңызды.
Осылайша, көптеген елдер экспортты өңдеу дәрежесін ауыстыру ісін менсінбеді де, дамудың экстенсивті жолдарды таңдады (Аргентина), бұған қарағанда Бразилия өз тауарларі терең өңдеуді арттыру жолы бойынша жүргізіп отырды.
Әлемдік нарықтың динамикалық, өзгермелі конъюнктура жағдайында аргентиналық нұсқа экономика дамуының тежегіші болды, ал Бразилияда даму локомативті болып саналады, өйткені ол алғашында халық шаруашылығының өндірістік шенінің интенсивті емес, экстенсивті әдіспен дамуын көздеген еді.
Осы айтылғандардан мынадай қорытынды шығады: яғни сауда саясаты бірінші немесе екінші әдісті жүзеге асыру жағдайында да, әр алуан экономикалық салдарды қамтамасыз етеді. Бірақ мынаны атап өту керек, реформалардың басталған мерзіміне байланысты, экономиканың дамуы үшін бөгеттердің ашылуы, халықаралық экономикалық ұйымдарға кіруі, аймақтық принциптерді күшейту жағдайларында елдер үшін экономикалық реттеу құралдарын таңдау әр алуан, кейде шектеулі болады.
Мысалы, қазіргі кезде барлық постсоциалистік мемлекеттер сыртқы сауда ұйымына кіру жолында кедендік және басқа келісімдер шеңберінде қабылданған міндеттемелердің қиындығымен кездеседі.
Әр түрлі елдердің сыртқы экономикалық саясатын зерттеу нәтижесінде мыналар анықталған, яғни дамушы әлем, әлемдік шаруашылық байланыстардың біртұтас кешенінің күрделі әлеміне - ұлттық экономикалардың тиімді түрде кіруі сияқты оңтайлы нұсқаны пайдалану жолымен жүруі тиіс.
Осыған байланысты елдің экспорттық саясатында осы үшін қабылданатын шаралар келесі іс-әрекеттерден тұрады:
- экспорттық салалардың дамуы үшін жағдайлар жасау немесе экспорттық өндіріс салаларына бағыттау;
- кейбір салалардың дамуын бағалау және импорттық өндіріспен бәсекелесу үшін мүмкіндігі жоқ салаларды жабу бағдарламасын қабылдау;
- егер белгілі бір саланың келешекте әлемдік нарықта белгілі бір орынды қамтамасыз ету мүмкіндігі болса, бірақ та қазіргі таңда осы мүмкіндіктерді жүзеге асыру жағдайы болмағанда:
1) кедендік қорғау;
2) қаржылық және фискальдық ынталандыру;
3) қолайлы жағдайлар мен жеңілдіктердің басқа түрлерін құру.
Ал жүргізілетін өнеркәсіптік саясат ұғымдылығы бар сыртқы сауда саясатының адекваттығын қажет етеді (интенсивті модернизацияны бастан кешіріп отырған салаларды қорғау белгілі елде өндірілмейтін тауарлар өндірісін дамыту; өндірістің басым салалары қызмет ете алмайтын тауарлар импортын ынталандыру).
Экспорттық-импорттық саясаты жүзеге асыру кезіндегі әдістемелік жолдар төмендегілерге қатысты мұқият таңдалуы тиіс: нақты тауарға; оны өндірудегі қалыптасқан жағдайға; ішкі ұлттық нарық, елдің экспорттық жеткізулері құрылымындағы оның орнына; халықаралық еңбек бөлінісіндегі (ХЕБ) болашағына.
Осы жағдайда белгілі бір тандалған құрал протекционисті режимге, не ырықтандыру режиміне қызмет көрсетеді.
Аталғандардың бірінші режимі өз тіршілігінде уақытша параметрлермен шектелген және қол жеткен мақсат бойынша әлсірейді, не толығымен тыйым салынуы мүмкін. Бір мезетте экспорттық позициялардың даму локомотиві болып табылаты салалар инвестициялық саясаттың басым объектісі болып табылады.
Осы кезде дамыған елдердің халықаралық экономикалық ұйымдары тарапынан болатын протекционистік режимдер өзіне қатысты қарама-қайшы күштерді сезінуі мүмкін. Өйткені, кез келген дамушы мемлекет маңызды тұтқалардың (рычагтарды қысымын басынан өткереді, ал оған жауапты шаралар ретін оларды-маневрлеу үшін жеткілікті варианттарды қолданады.
Әлемдік шаруашылық байланыстар интеграциясының тұжырымдамасын алға қою өзара қарым-қатынастар векторының ақырындап өзгеруін қамтамасыз етеді.
Импорттық саясатты жүзеге асыру кезінде төмендегі де әдістеме қолданылады: тауарлар өндірісіндегі ұлттық мүмкіндікті талдау; оның ұлттық экономика құрылымындағы экспорттық позициядағы орнын анықтау; әлемдік нарық тенденцияларын талдау.
Төлем балансының тең болмауы, экспорт тиімділігінің төмендеуі жағдайларында протекционистік режимді қамтамасыз ететін құралдардың кең арсеналы қолданылады.
Белгілі бір нақты мақсат пен қорғау дәрежесіне қол жеткізген кезде протекционистік режимнің бұл құралдары басқа шаралармен және реттегіштермен ауыстырылады.
Мұндай мысал Латын Америкасында, Шығыс Азияда кең танымал. Экономикалық дамуды көтеру қажеттілігін сезіну экономиканың болашақ секторларын дамытудың ұзақ мерзімдік бағдарламасын қабылдауға мемлекетті бағыттады.
Құрылымдық қайта құрудың қажеттілігі бірқатар салалардаң өзгеруін қамтамасыз етті, бұл салаларда мемлекет тарапынан протекционистік қорғау жүргізілді.
Бірақ мұндай реттегіштерді қолдану саналы шектеулерде құруы тиіс. Көптеген мемлекеттер барлық тауарлар импортының ырықтандырылуын қамтамасыз еткен жоқ, ол тек қана басым салалардың дұрыс дамуы үшін стратегиялық маңызды тауарлар импортының ырықтандырылуын қамтамасыз етті.
Сонымен қатар, мынаны атап өту керек, яғни сауда саясатында қолданылатын шаралар мен реттегіштер синхронды түрде инвестщиялық, кедендік, валюталық және басқа да саясаттардың реттегіштерін іске қосуы тиіс.
Атап айтқанда, кедендік саясаттың болашағы зор, бірақ өз дамуында белгілі бір күшті жинақталмаған салаларға ғана бағыттауы мүмкін. Өйткені, елдің экспорттық табысының құрамдас бөлігі болып табылатын салалар, еркін сауда режимі салдарынан жедел түрде күйреуге бейім болып келеді. Инвестициялық саясаттың құралдары "даму локомотиві" болып қызмет ете алатын салалардың дамуына бағытталуы мүмкін.
Сонымен бірге, сыртқы сауданы реттеу шараларына, арсненалына төмендегі құралдар кіретіндігін атап өту керек (1- кестені қараңыз). Оларды 8 топқа топтауға болады.
1-кесте
Реттеу шаралары
Тарифтік: Қаржылық шаралар:
- импорттық кедендік тарифтер - валюталық операцияларды жүргізу ережелері
Паратарифтік: Автоматтық лицензиялау:
- баж салықтары;
- импорттық тауарларды енгізу кезінде алынатын төлемдер;
- кедендік жиындар;
- ішкі салықтар;
- мақсатты жиындар. - тауарларды шеттен әкелу мен шетке шығаруға арналған құжаттар;
Бағаларды бақылау шаралары: Мемлекеттік монополиялар
- демпингке қарсы;
- компенсациялар;
- импорттық жиындар. - экспорт пен импортқа монополиялар
Сомдық реттеу: Техникалық шаралар:
- квоталар - стандарттар;
- сапа нормасы;
- қауіпсіздік нормасы
Саудадағы негізгі ережелер сыртқы сауда ұйымының ережелерімен реттеледі. Осы ұйымның ережелеріне сәйкес сыртқы сауданы реттеу үшін негізгі құрал ретінде кедендік тариф қолданылады. Сыртқы сауда ұйымының мүшесі болып табылмайтын мемлекеттер мүшеліктің қамтасыз ететін артықшылықтарын қолдана алмайды.
Бұл жағдайларда сауданы реттеудің негізі болып екі жай сауда келіссөздері мен келісімдері табылады. Оған өте қолайлы жағдайдар жасау режимі (ҚЖР) кіреді.
Ұлттық жүйедегі саудада қолданылатын ережелерде бірізділіктің болмауы протекционистік шаралармен анықталған көптеген кедергілерді туындатады. Сыртқы сауданы реттеуді Кедендік ынтымақтастық Кеңесі маңызды рөл атқарады. Бұл Кеңес бірыңғай ережелерді белгілейтін тұжырымдамаларды жарайды.
Дамыған елдердің халықаралық саудасы негізінен сыртқы сауда ұйымының мүшелері болып табылады. Олар реттеудің төмендегідей тәсілін қолданады.
Елдераралық өзгешеліктеріне қарамастан, кедендік тариф құрылымына мыналар кіреді:
- автономдық мөлшерлемелер; бұл мөлшерлемелер елге өте қолайлы жағдайлар режимі (ҚЖР) ұсынылмаған кездерде ғана қолданылады;
- ҚЖР мөлшерлемері;
- дамушы елдердің тауарларына қатысты қолданылатын артықшылығы бар мөлшерлемелер.
Сыртқы сауда ұйымына мүше елдер, сыртқы сауданы реттеу тәжірибесінде шектеуші шаралар блогын қолданады, олар төмендегі ретпен жіктеледі:
- экономикалық мазмұндағы әкімшілік шаралар (тауар тапшылығы, төлем балансының теңсіздігі, өнеркәсіптік саясатқа зияны), сонымен бірге экономикалық емес сипаттағы шаралар;
- субъектілердің өзара келісімдері бойынша экспорт-импортты өз еркімен шектеу;
- әділетсіз бәсекеге қарсы шектеулер немесе шаралар;
- қоршаған ортаны қорғау, ұлттық қауіпсіздікті сақтау мақсатында енгізілетін шектеулер.
1.2. Сыртқы және халықаралық сауда саясаты
Сыртқы сауда саясаты деп мемлекеттің басқа елдермен сауда қатынастарына мақсатты бағытталган әсері түсіндіріледі. Сыртқы сауда саясатының негізгі мақсаттары:
- осы мемлекетті халықаралық еңбек бөлінісіне енгізу дәрежесі мен тәсілінің өзгеруі;
- экпорт пен импорт құрылымының өзгеруі;
- елді керекті ресурстармен қамтамасыз ету;
- экспорт пен импорт бағаларының қатынасының өзгерісі;
Қайсыбір мақсаттар ұзақ мерзімді сипатта болады, мысалы, осы елді халықаралық еңбек бөлінісіне енгізу дәрежесі мен тәсілін өзгерту, ал басқа мақсаттар қысқа мерзімде жүзеге асуы мүмкін, мысалы, экспорт немесе мүмкін импорт көлемін өзгерту.
Сыртқы сауда саясатының негізгі екі бағыты бар:
- еркін сауда саясаты;
- протекционизм.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Экономика | Әлемдік сауда жалпы тенденциялар және Қазақстанның қатысуы
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының экспорты мен импорты
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының сауда саттықты реттеу
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының халықаралық қаржылық несиелік ұйымдар арқылы жасалатын экспорты мен импорты
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстанның ДСҰ-на кіруі

Іздеп көріңіз:
курстык жумыс ҚР – ның сауда саясаты курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар экономика жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]