Курстық жұмыс: Қылмыстық кодекс | ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПКЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

Курстық жұмыс: Қылмыстық кодекс | ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПКЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

Мазмұны
КІРІСПЕ 2
1. ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПКЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ 3
2. ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ЖАТАТЫН ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ НАҚТЫ ТҮРЛЕРІ 4
Терроризм (233-бап) 4
2.1. Қазақстандағы терроризмге қатысты көзқарастар 6
Адамды кепілге алу (234-бап) 11
Ұйымдасқан қылмыстық топты немесе қылмыстық қауымдастықты (қылмыстық ұйымды) құру және оны басқару, қылмыстық қоғамдастыққа қатысу (235-бап) 13
Заңсыз әскерилендірілген құраманы ұйымдастыру (236-бап) 15
Бандитизм (237-бап) 16
Үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын басып алу (238-бап) 19
3. ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПКЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР 20
Жаппай тәртіпсіздіктер (241-бап) 20
Бұзақылық (257-бап) 22
Тағылық (258-бап) 26
Қорытынды 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 29

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының бірінші бабына сәйкес – Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары – делінген.
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың құқықтық мемлекет орнатуға келтіретін залалы мол. Осылардың ішінде әсіресе ең қауіптісі террорлық іс-әрекет екені мәлім. Бұл әсіресе 2001 жылдың 11 қыркүйегінде АҚШ-та болған террорлық әрекеттен соң айқындала бастады.
Сөйтіп терроризм – ең қауіпті және қоғамның ең басты проблемасы ретінде адамзаттың 21 ғасырына енді. Яғни, соңғы кезде терроризм дами келе қоғамға қауіптілігі күшейіп, осының салдарынан көптеген елдерде және оның азаматтарына орасан түрде зиян келтіреді. Сонымен қоса саяси, экономикалық, имандылық немесе өнеге (мораль) саласында орасан зор шығындарға әкеліп соғады және көптеген адамдарға психикалық түрде әсер етеді. Ең бастысы ешқандай кінәсі жоқ жандардың құрбан болуы.
Қазіргі этапта терроризмнің жан-жақтылығы дамып, ол өте кең өріс алып отыр. Яғни, соңғы кездері терроризмнің салдары ұлтаралық, мемлекет аралық конфликтіге әкеліп соғуда. Соңғы жылдары террористік қылмыстың географиялық жағдайы өсіп, яғни оның жасалу айқыны ұлғайып және сипаттамасы күннен-күнге күрделеніп барады. Терроризмнің саны күрт өсуде және оның жасалу формасының әркелкілігі, объектісі мен мақсаттарының әркелкілігі онымен күресуге қиындық соқтырып отыр.
Ең басты өзекті мәселе ретінде терроризм қаупінен ешқандай мемлекеттің сақтандырылмауында болып отыр. Яғни, бұл дегеніміз мемлекет-мейлі дүние жүзінде ең мықты держава болсын немесе артта қалған дамушы мемлекет болсын бәрібір, олар үшін терроризм қаупі бірдей болып отыр. Бұған негіз ретінде 2001 жылғы 11 қыркүйектегі Америка Құрама Штаттарындағы болған қанды оқиға мен 2002 жылдың 23 қазандағы Мәскеудегі болған әрекеттерді айтуға болады.
Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстарға арналған осы курстық жұмыста біз аса назар аударғанымыз осы террорлық әрекет болып отыр.
1. ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПКЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Қылмыстық кодекстің бұл тарауында екі түрлі топқа жататын қылмыстардың түрі көрсетілген. Оның біріншісі қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар. Қоғамдық қауіпсіздік деп — адамдардың қауіпсіз өмір сүруін, бірқалыпты қызметін, радиоактивті материалдарды залалсыз пайдалану, қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш қондырғыларды тиісінше және қауіпсіз пайдалану, сондай-ақ тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын қауіпсіз жүргізуді реттейтін қоғамдық қатынастарының жиынтығы болып табылады. Бұл қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың топтық объектісі болып табылады. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың тікелей объектісі қоғамдық қауіпсіздіктің жекелеген салалары (адам өмірінің және онын қызметінің қауіпсіздік шарттары; ерекше қауіп көзі болып табылатын заттарды пайдалану, өліммен аяқталатын зардап туғызуы мүмкін жұмыстарды жүргізу және т.б.) болып табылады.
Осы топқа жататын кейбір қылмыстардың қосымша тікелей объектісі адамның өмірі, денсаулығы болуы мүмкін.
Объективтік жағынан алғанда қоғамдык қауіпсіздікке жататын қылмыстардың көпшілігі әрекет арқылы (ҚК-тің 233 және басқа баптары); ал қайсыбіреулері әрекет немесе әрекетсіздік күйде (мысалы ҚК-тің 245, 246-баптары) жүзеге асырылады. Кейбір қылмыс құрамының нормалары бланкеттік диспозицияға негізделген (ҚК-тің 245, 246, 251-баптары).
Көптеген қылмыстар құрам жағынан формальдық (ҚК-тің 233, 234, 237-баптары т.б.), ал қайсыбіреулері материалдық құрамға (ҚК-тің 245, 244-баптары) жатады.
2. ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ЖАТАТЫН ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ НАҚТЫ ТҮРЛЕРІ
Терроризм (233-бап)
Терроризм — қазіргі дәуірдегі ең қауіпті қылмыс түрі болып табылады. Мұндай қылмыстар көп жағдайларда ұлттық шектен шығып халықаралық сипат алуда. Террорлық әрекеттер әртүрлі болуы мүмкін, бірақ оның бәрін біріктіретін екі түрлі элемент бар. Оның біріншісі—терроризм — мемлекеттік өкімет билігін күйретуге бағытталған; екіншісі — терроризмді жүзеге асыру арқылы, яғни террористердің ұйымдасқан, қатыгездік әрекеттері арқылы тұрғындарға үрей, қорқыныш, қорғансыздық сезімін туғызу болып табылады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 233-бабы бойынша: "Терроризм, яғни адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті басқа зардаптардың болу қаупін төндіретін жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іc-әрекеттер жасау, егер осы іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты қорқыту не мемлекеттік органдардың шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалса, сондай-ақ аталған іс-әрекеттерді дәл сол мақсатта жасаймын деп қорқыту", — болып табылады.
Қылмыстың тікелей объектісі — қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, реттейтін қоғамдық қатынастар. Азаматтардың өмірі, денсаулығы, меншігі, мүліктік немесе сезім мүдделері осы қылмыстың қосымша тікелей объектісі болады.
Қылмыстық кодекстің 233-бабында көрсетілген қылмыс объективтік жағынан: 1) адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті басқа зардаптардың болу қаупін төндіретін жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іс-әрекеттер жасау; 2) аталған іс-әрекеттерді жасаймын деп қорқыту арқылы сипатталады. Жарылыс жасау, өрт қоюдан басқа өзге де іс-әрекеттерге көліктердің апатқа ұшырауын, күйреуін, ғимараттардың, мәдени және діни құрылыстардың қиратылуын, сондай-ақ радиоактивті, химиялық, бактериологиялық немесе басқадай жолмен уландыруды тарату, қоймаларға, тұрғын-жайларға, құрылыстарға, алаңдарға су жіберіп, толтыру сияқтылар жатады.
Терроризмнің объективтік жағының ерекшелік белгісі — осы баптың диспозициясында көрсетілген (қылмыс зардаптарының нақты орын алуы емес) зардаптардың болу қаупінің тудырылуы жеткілікті болып табылады. Яғни өрт қою, жары¬лыс жасау немесе өзгеде әрекеттерді жүзеге асыру арқылы іс-әрекет істелгенімен, заңда көрсетілген зардап орын алмаса да қылмыс аяқталған деп табылады, өйткені мұндай әрекет адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғам үшін қауіпті басқа зардаптардың болу қаупін тікелей төндіріп тұр. Осыған байланысты қылмыс құрамы формальдық болып та¬былады. Субъективтік жағынан терроризм тек қана тікелей қасақаналықпен жасалады. Кінәлі адам заңда көрсетілген әрекеттерді істеу арқылы зардаптардың болу қаупін туғызғанын немесе соны жасаймын деп қорқытудың қоғамға қауіптілігін сезеді және соны жүзеге асыруды тілейді.
Қылмыстың субъективтік жағының қажетті белгісіне заң — қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты қорқыту не мемлекеттік органдардың шешім қабылдауына ықпал ету арнаулы мақсатын қосып көрсеткен.
Қылмыстың субъектісі — 14-ке толған, есі дұрыс кез келген адам.
Қылмыстық кодекстің 233-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрлері: адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша, бірнеше рет; атыс қаруын қолдана отырып жасаған терроризм үшін жауаптылық көзделген. Алдыңғы екі ауырлататын түрлердің түсінігі Қылмыстық кодекстің 31-бабының 2-тармағында және 11-бабында берілген.
Атыс қару-жарағының түсінігі Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Заңында берілген. Қылмыстық кодекстің 233-бабының 3-тармағында терроризмнің аса ауырлататын түрі үшін жауаптылық көрсетілген. Олар: ұйымдасқан топ жасаған; жаппай қырып-жоятын қаруды, радиоактивтік материалдарды қолдануға немесе қолданамын деп қорқытуға және адамдарды жаппай қырып-жоюға әкеп соғуы ықтимал өзге де әрекеттерді жасауға немесе жасаймын деп қорқытуға ұштасқан; абайсызда адам өліміне немесе басқа ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер. Ұйымдасқан топ жасаған қылмыс түсінігі ҚК-тің 31-бабының 3-тармағында көрсетілген, жаппай қырып-жоятын қарудың, радиоактивті материалдардың түсінігі Қылмыстық кодекстің 243, 247-баптарында берілген.
Басқа ауыр зардаптарға (абайсызда адам өлімінен басқа) екі немесе одан да көп адамның денсаулығына ауыр дене жарақатын келтіру, көп адамның денсаулығына орта дәрежелі жарақат салу, көлік құралдарының жұмысын ұзақ уақытқа тоқтату, жарылыс жасау немесе өрт қою арқылы құрылыстарды жою т.б. әрекеттер жатады. Абайсызда адам өліміне немесе басқа ауыр зардаптарға әкеп соққан терроризмнің субъективтік жағы кінәнің екі нысанымен сипатталады. Бұл ретте кінәлінің істеген әрекеті — қасақаналық, ал одан болатын зардапқа қатынасы абайсыздық болады. Егер кінәлінің әрекеті және одан туатын зардап — адам өліміне деген қатынасы қасақаналықтан құрылатын болса, онда оның әрекеті қылмыстардың жиынтығы (ҚК-тің 96-бабы 2-тармағының тиісті тармағы және 233-бап) бойынша сараланады.
Қылмыстық кодекстің 233-бабының ескертуінде: "Терроризм актісін дайындауға қатысқан адам, егер ол мемлекеттік органдарды дер кезінде ескертумен немесе басқа жолмен тер¬роризм актісінің жүзеге асырылуын болдырмауға жәрдемдессе және егер ол адамның іс-әрекетінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады",— делінген.
Жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іс-әрекеттерді істегенге дейін тиісті органдарға хабарлап, көрсетілген зардаптардың қаупін болғызбауды тиятын, сөйтіп мемлекеттік өкімет органдарына терроризм актісі бойынша төнген қауіпті тойтаруға нақты мүмкіндік алуға мүмкіндік беретін әрекеттерді істегендерді мемлекеттік органдарға дер кезінде ескерту жасаған адам деп білеміз. Басқа жолмен терроризм актісінің жүзеге асырылуын болдырмауға жәрдемдесуге адамның өзінің жарылысты, өртті, қылмыскерлердің қару-жарақты, не мүлікті өз бетімен басып алуын тойтаратын әрекеттері жатады.
Осыларды істеген адамның іс-әрекетінде. өзге қылмыс құрамы (мысалы, қаруды, жарылғыш заттарды, жарылғыш құрылымдарды заңсыз сақтау, өткізу, алу, оларды ұрлау т.б.) болмаса, ол терроризм үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
2.1. Қазақстандағы терроризмге қатысты көзқарастар
Соңғы 2001-жылғы 11-қыркүйектегі жағдай мен 2002 жылдың 23-қазанында болған Мәскеудегі жағдайдан кейін террористер үшін ешқандай державаның күші болмайтын болды. Себебі, осы аталған екі, яғни Ресей Федерациясы мен Америка Құрама Штаттары дүние жүзіндегі ең мықты державалар саналады. Ал, террористер үшін Ресей мен Америка Құрама Штаттары сияқты держава ма жоқ әлде Шри-Ланка мен Филиппин сияқты дамушы елдер ме бәрі бірдей сияқты. Өйткені, олар қандай мемлекет болмасын бәрібір өз мақсаттарына жететінін дәлелдеп отыр. Сондақтан, дүние жүзінің қай елі болмасын, мейлі ол дамушы ел ме, жоқ әлде дамыған капиталистік ел ме, жоқ әлде дүние жүзіндегі ең ірі держава ма бәрібір терроризм қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайды. Ол дегеніміз барлық дүние жүзінің 230-дан астам елі үшін кез-келген уақытта терроризм қаупі төніп тұр деп айтуға болады.
Өзіміз Қазақстан Республикасының азаматы болғандықтан Қазақстандағы терроризм қаупі төніп тұр ма деген көкейтесті сұрақ барлық Қазақстан Республикасының азаматын толғандырса керек. Сондықтан, осы қазіргі таңда басты сұрақты өз ойымызша жауап беріп көрейік. Осы жұмыста бірнеше Қазақстанның көрнекті саясаткерлері мен ғалымдарының осы көкейтесті сұраққа берген ой-пікірлерін қысқаша беріп өтейік.
Тарих ғылымының докторы, подполковник, Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің АЮИ кафедрасының бастығы Азимбай Ғали мырзаның айтуы бойынша-терроризм қаупі дүние жүзінің кез-келген елінде бар екенін және оның негізгі себептері ретінде-діни, этикалық, әлеуметтік және психологиялық радикализм қалыптасуында деп тұжырымдайды. Ал, Қазақстанға келетін болса Азимбай Ғали мырзаның айтуы бойынша 1991-1995 жылдары Қазақстанда әлеуметтік және этикалық радикализмді терроризм қаупі болған деседі. Бірақ оның болмауына басты себеп сол жылдары 1,5 млн орыс тілді халықтың эмиграциялануы. Яғни Қазақстанда этикалық қайшылықтардың пайда болуына жол берілмеді. Бірақ, соңғы кездері Орта Азияда қалыптасып келе жатқан талибо-ваххобизмнің яғни мұсылман фундаментализімінің өріс алуы Қазақстандықтарды қатты толғандырып отыр. Тіпті кейбір Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде орналасқан мұсылман ұйымдарының басшыларының өзін Бұқаралық Ақпарат Құралдары тарапынан да, құқық қорғау органдарының тарапынан да, әкімшілік қысымға алды. Бірақ, соның өзінде Азимбай Ғали мырзаның айтуы бойынша талибо-ваххобистік қозғалыстың Қазақстанның саяси құрылымы мен қауіпсіздігіне ешқандай қауіп төндіріп тұрған жоқ дейді. Сонымен қатар, қазіргі таңда Қазақстан территориясында терроризмнің пайда болуына негіз болатын радикальді әлеуметтік, саяси яғни оппозициялық, конфессиалды этникалық қозғалыстың жоқтығын тиек етеді.
Саяси зерттеу орталығының директоры, Қазақстан даму институтының вице-президенті Абен Ерлан Мүбәрәкұлының айтуы бойынша-Қазақстанда терроризм проблемасы актуальді мәселе емес және оны мынадай негіздермен дәлелдеп отыр:
- саяси режимнің либеральділігі;
- көрші мемлекеттермен салыстарғанда, мысалы Өзбекстан мен күнделікті өмір салтының, саяси мәдениеттің демократиялық дәрежесінің жоғарылығы;
- саяси шешімнің қабылдануының өте жоғары деңгейде болуы ;
- саяси элитаның бірлігі, ынтымақтастығы:
- позиция-оппозициясының тең дәрежелігі;
- Қазақстан қоғамының діни толеранттығы;
Абен Ерлан мырзаның айтуы бойынша-қазіргі кездегі терроризмнің сепаратистік, діни көзқараста болғанымен, жаңа тәуелсіз мемлекеттер үшін терроризмнің жоғарыда аталған түрлерінен көбіне орын алатындығы.
Қорытындылай келгенде, Абен Ерлан мырзаның пікірінше-жаңа тәуелсіз мемлекеттер үшін құқықтық мемлекеттің саясатын одан әрі жалғастыра беру керек дейді. Сонда ғана терроризмнің пайда болу қаупін жоюға болады және сол кезде барып біз терроризмнің болған салдарымен күресіп жатпаймыз.
Философия ғылымының докторы, профессор, Аль-Фараби атындағы ҚАЗҰУ политология кафедрасының меңгерушісі Байдильдинов Лаик Амирович мырзының айтуынша-терроризм қоғамдық өмірдегі ең қауіпті элемент болып отыр. Экономиканың дамуы, күнделікті өмірдегі демократияның өркендеуі, адамдардың адамгершілік тұрғыдағы көзқарасының өзгеруі көптеген пайда болған қайшылықтарды келісімді жолмен шешуге мүмкіндік болғанымен, әлі уақытқа дейін терроризм адамдардың күнделікті өмірінен кетпей отыр. Терроризм-кінәсіз жадардың қырылуына әкеліп соғатын өте қауіпті масштабта болып отыр.
Лаик Амировичтің тұжырымдауынша-терроризмге көбінесе белгілі бір мәселені тыныш, келісімді жолмен шеше алмайтындар барады деп ойлайды. Оларды адамгершілік қасиеттен шыққандар және ...........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык жумыс ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПКЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар қылмыстық кодекс жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]