Курстық жұмыс: Банк ісі | Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау

Курстық жұмыс: Банк ісі | Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау

Мазмұны

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Қарыз үшін пайыздың экономикалық мәні.
1.1 Қарыз проценті.
2. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау.
2.1 Қарыз алушының капиталы
2.2 Пайыз тәуекелін басқару – банк пайдасын ұлғайту құралы.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Несиелік қатынастар пайыз дербес экономикалық катего¬рия ретінде тіркелетін тікелей негіз болып табылады. Қарыз пайызының мәнін оны қарыз капиталын қайтарымдылық принципімен пайдалану негізінде пайда болатын экономикалық қатынастар ретінде түсіну керек. Бұл эко-номикалық қатынастардың субъектілері - қарыз пайызын тиісінше алушы және төлеуші ретінде болатын кредитор және қарыз алушы. Қарыз пайызына қатысты экономикалық қатынастар ерекше, оларды несиелік қатынастармен араластыруға болмайды.
Олардың айырмашылықтары арқылы қарыз пайызының экономикалық мәні ашылады, айырмашылықтары төмендегілер болып келеді:
• қарызға берілген құнның және несиені пайдаланғаны үшін төленетін пайыздық сома қозғалысының сипаты;
• несие мен қарыз пайызы арасындағы экономикалық-құқықтық айырмашылық;
• қарызға берілген кұн мен пайыз төлеу сомасы қозғалысының әр түрлі бастамасы;
• несие және қарыз пайызының ұдайы өндіріс процесінің әр түрлі сатыларында пайда болуы.
Бұл айырмашылықтарды толығырақ қарастырамыз.
1. Егер несие - бұл қайтарымдылық негізінде құнның қозғалысы болса, онда пайыздық соманың төленуі құнның белгілі бір бөлігінің эквивалент алмай берілуін сипаттайды. Несиені пайдаланғаны үшін төленген пайыз қайтарылмайды, оның сомасы толығымен субъектіге көшеді, яғни пайыздық соманы алушыға. Пайыздық соманы төлеуге байланысты қа-тынастарда оның меншік иесі өзгереді: алынған құнға иелік ету құқығы қарыз алушыдан кредиторға өтеді, ал несиелік қатынастар кезінде меншіктік құкық өзгермейді, құн қарыз алушыға тек уақытша пайдалануға беріледі және белгілі бір мерзім өткеннен кейін өзінің занды бастапқы орнына қайтып келеді.
2. Несие мен қарыз пайызы арасындағы экономикалық-құқықтық айырмашылық шарт бойынша қарыз алушы мен кредитор арасындағы екі міндеттемеде көрсетілген: несиені қайтару міндеттемесі және оны пайдаланғаны үшін пайыз төлеу міндеттемесі. Кредитор үшін қаражаттарды авансылау тән болса, ал карыз алушы үшін пайыз сомасын төлеу құнның шеңбер айналымының аяқталғанын, қаражаттардың белгілі бір сомасының қарыз алушыдан кредиторға өткенін білдіреді.
3. Несиеге және пайызға байланысты қатынастарда қозғалыстың басталуы әр түрлі сияқты. Қарызға берілген кұнның қозғалысы кредитордан қарыз алушыға қарай басталса, пайызды төлеу кері бағытта - қарыз алушыдан кредиторға ка¬рай жүреді. Несиелік және пайызға қатысты қатынастарды салыстырғанда қозғалыстағы құнның сапасы жағынан басқа шамадағы айырмашылықтарын көру маңызды. Несиенің аяқталу сатысы - бұл құнның қайтарылуы болса, ал пайыз - бұл қарызға өсімнің қозғалысы болады. Кейде несие сомасының қайтарылуы және қарыз пайызын төлеу уақыт бойынша сәйкес келмейді. Қарыз алушы алдымен несиені қайтаруы мүмкін, сонан соң оны пайдаланғаны үшін карыз пайызын төлейді. Былай болуы да мүмкін, қарыз алушы несиені қайтаруға жағдайы келмей, қарыз бойынша ұзартылған төлем орын алады. Бұл жағдайда алдымен қарыз пайызы төленеді, сонан сон жеткілікті көзі табылғанда қарыз өтеледі.
4. Несие және пайыз бір бірінен олардың ұдайы өндіріс процесінің әр түрлі сатыларында пайда болатындығымен де ажыратылады. Егер несие айырбас сферасыңда пайда болса, ал пайыз бөлу фазасында пайда болады. Егер несие қайта бөлу категориясы ретінде болса, ал пайыз бөлу категориясы ретінде болады. Қарыз пайыз төлеудің көзі, пайда бөлігі болып табылатын қосымша өнім. Демек, пайда және пайыз - бірегей бүтіннің бөлігі. Осыдан басқа жәйт келіп шығады: қарыз пайызы банк қызметінің нәтижесі емес, ол өзінің пай¬да болуы өндіріс сферасындағы жұмыскерлердің еңбегіне байланысты.
1. Қарыз үшін пайыздың экономикалық мәні.
Қарыз пайызы пайданың бөлігі түрінде бола отырып, одан оның мөлшерін анықтайтын факторлармен ерекшеленеді. Мысалы, егер пайданың қалыптасуы жұмыскердің санына және еңбек өнімділігіне байланысты болса, ал төленетін қа¬рыз пайызының шамасы - пайыздық мөлшерлеме деңгейіне және қарыз алушы алған несиенің сомасына байланысты. Қарыз пайызы өзіне тән ерекше белгілі бір белгілерді білдіре отырып, пайдадан ғана өзгешеленбейді, сонымен қатар баска да экономикалық категориялардан, мысалы, бағадан да өзгешеленеді.
Бағалар тауар айналысымен, айырбаспен тығыз байланыста екені белгілі, оның бөлу фазасында пайда болатын қарыз пайызынан өзгешелігі, ол - қайта бөлу категориясы болып табылады. Екінші өзгешелігі мынада, тауар бағасы тауар айналымы негізінде, ал пайыз - мүлдем басқа, несие¬нің қозғалысы негізінде пайда болады. Алайда, несиемен сауда жасау мүмкін. Несиелік мәміледе саудалық себеп банк ісіндегі сауда-саттықпен (коммерциализация) байланысты.
Осылайша, қарыз пайызының мәніне талдау жүргізу - несиені пайдаланғаны үшін пайыздық соманы төлеуге қатысты пайда болатын экономикалық қатынастар ретінде келесі сипаттауға мүмкіндік береді. Қарыз пайызы экономикалық категория ретінде екі функциямен орындайды: үлестіру және банктің неснелік потенциалын өсіру.
Бірінші - қарыз пайызының үлестіру функциясы - барлық құнның үлестіруімен емес, оның жаңадан құрылған құнды білдіретін бөлігімен байланысты. Пайыз арқылы үлестіру салалық емес, жалпы шаруашылық сипатта.
Халық шаруашылығы деңгейінде қарыз пайызын төлеу ұлттық табысты бөлумен байланысты. Пайданың бөлінуі пайызында қарыз пайызын алушы және төлеушінің орындары ауысуы мүмкін. Экономикалық қатынастардың сол және сол тәрізді субъекті бір мезгілде кредитор да, қарыз алушы да болуы мүмкін, яғни пайыздық сомалардың алушысы және төлеушісі ретінде жүре алады. Қарыз пайызы арқылы пайда¬ның үлестірілуі меншік иесінің ауысуымен қатар жүреді. Жоғарыда айтылып өткендей, пайданың бір бөлігі өзінің иесінен кетіп, кредиторға өтеді.
Екінші функция банктің кредитор ретіндегі несиелік потенциалының ұлғаюымен және сақталуымен байланысты. Банктің несиелік потенциалының ұлғаюы - алынатын пайыз бен төленетін пайыз арасындағы айырмашылық есебіне болады.
Кредитор мен қарыз алушы арасындағы өзара қатынаста қарыз пайызы пайыздық мөлшерлеме түрінде болады. Қазіргі уақытта қарыз сипатына және ұзақтығына, несиелеу объектісіне, қарыз алушының несиелік қабілетіне, несиелік ресурстарға сұраныс пен ұсынысқа байланысты пайыздық мөлшерлемелердің көптеген түрлері бар.
Пайыздық мөлшерлеме тұрақты және өзгермелі, номиналды және нақтылы, дисконтты болуы мүмкін.
Тұрақты пайыздық мөлшерлеме қарызды пайдаланудың барлық мерзімі бойынша өзгеріссіз қалады.
Өзгермелі пайыздық мөлшерлеме несиелік ресурстарға деген сұраныс пен ұсыныс арқылы қалыптасатын ақша нарығының жағдайына байланысты, сонымен қатар экономикалық және қарыз алушыны қаржыландыру жағдайында несиелік немесе делозиттік шарттың барлық әрекет ету мерзімі бойында банк арқылы өзгертілуі мүмкін. Мөлшерлеменің өзгертілу шарттары тараптардың өзара келісімімен анықталады. Олар үнемі қайта қарастырылады және әдетте қарыз капи-талы нарығындағы қандай да бір қаржылық актив бойынша пайыздық мөлшерлеменің өзгеруіне байланысты ауысып отырады.
Номиналды пайыздық мөлшерлеме екі факторға байла¬нысты қалыптасады, несиелік ресурстарға деген сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына және инфляция қарқынына қарай.
Нақты пайыздық мөлшерлеме есептеу жолымен табылады - номиналды мөлшерлемеден инфляция қарқыны алынып тасталынады. Кредитордың көзқарасы тұрғысынан нақтылы пайыздық мөлшерлеме табысының көзі - несиелеу және инвестициямен байланысты шығындардың орнын толтырудың негізі болып табылады. Нақтылы пайыздық мөлшерлеме мынандай құрамдас бөліктерден тұрады: ағымдык шығындар (тартылған қаражаттар құны, әкімшілік және заңды шығындар, төлем қабілетсіз қарыз алушылардан келетін шығындар), салық, тәуекел үшін төлем, пайда.
Банктік тәжірибеде барлық пайыздық мөлшерлемелер но¬миналды шамада белгіленеді.
Математикалық пайыздық мөлшерлеме қарызға берілген құннан келетін табыстың осы құнның шамасына катынасы ретінде анықталады. Мысалы, 1995 жылы 18 мамырда Ұлттық банк бекіткен пайыздарды есептеу тәртібі және олардың Қазақстан Республикасы банктерінде бухгалтерлік есеп шоттарындағы орналастыру тәртібі туралы Ережеге сәйкес пай¬ыздарды есептеудің келесі техникалары пайдаланылады:
Жай пайыздарды есептеудің техникасы. Жай пайыздар - бұл қарыздық берешек (депозит) сомасына, есептелген пайыздар.
Күрделі пайыздарды есептеу техникасы. Күрделі пай¬ыздар - бұл қарыздық берешек (депозит) сомасына ғана емес есептелген пайыздан келетін табыс сомасына да есептелген пайыздар.
Пайыздарды есептеген кезде айдағы күндер саны шартты түрде 30 күн, ал жылдағы күндер саны - 360 күн деп қабылданады. 31 күндік айларда 31 күн есепке алынбайды, ал, ақпанда соңғы санға дейінгі қалдық 30 күнге қанша жетпесе, сонша қайталанады.
Күрделі пайыздарды есептеу қажеттілігі түрлі себептерден болуы мүмкін, Ұлттық банк үшін әр түрлі мерзімдерге бір пайыздық мөлшерлеме бойынша берілетін аукциондық несиелерді қайта қаржыландыру кезінде екінші деңгейдегі банктердің әр түрлі тиімді табыс алуын болғызбаудың маңызы зор. Бұл үшін Ұлттық банк тәжірибеге күрделі пайыз әдісі бойынша пайыздар есептеуді енгізгенге дейін 1, 3 және 9 айлық несиелер бойынша бірнеше әр түрлі ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемелерін белгілеуге мәжбүр болды. Күрделі пайызға өтумен байланысты қайта қар-жыландырудың бірегей мөлшерлеме белгіленетін болды.
Нарықтық қатынастарды құрудың қазіргі уақыттағы сатысының өзгешелігі банктердің типіне және көлеміне, орналасқан жеріне, клиентурасына және шын мәніндегі өзіндік табиғаты бар басқа да міндеттемелеріне байланысты.
Екінші жағынан, банктік мекемелер жүргізетін пайыздық саясаттық ерекшеліктері сол және басқа да банктен тәуелсіз сипаты бар бірқатар жалпы факторлардың индивидуальдық көрінісінің салдары болып табылады. Жалпы жағдайда несие үшін пайыздық мөлшерлеменің қалыптасуының бастапқы негізі тартылған ресурстар үшін төлемнің орташа деңгейі болады. Нарық жағдайында орташа ресурстар үшін төлем мөлшерлемесінің екі шектік мәні бар: ең төменгі және ең жоғарғы. Бұл мәніне төмен және жоғары кезде ресурстарды сатып алу-сату мәмілесі жасалмауы мүмкін, өйткені оның шарттары тараптардың біреуін қанағаттандырмайды. Факторлар өз шекарасын қоса алғандағы, көрсетілген шектеулі мәндердің шеңберлерінде әрекет етеді.
Қарыз пайыздық мөлшерлемесі мазмұнының жалпы сызбасы келесі түрде көрсетілуі мүмкін. Жалпы жағдайда банк берген несие үшін пайыздық мөлшерлеме тартылған ресурстар үшін төлем мөлшерлемесі мен пайыздық маржаның қосындысынан тұрады. Соңғысы, өз кезегінде, бірнеше бөліктерден тұруы мүмкін: қалыпты маржадан, яғни банктің қызмет етуімен байланысты шығындарды жабуы және банк¬тің қалыпты пайда алуын қамтамасыз ететін маржадан. Қа¬лыпты маржа сенімділІгі жоғары дәрежелі несиелерге; неғұрлым жоғары болған сайын банктік қарыздың қайтарылатынына сенімділігі төмен болатын тәуекел үшін үстемелерге; нарықтың жағдайларына (сұраныс-ұсыныс), үстемелер (кемітулер) мен ондағы сатушының жағдайына қарай (монополия-бәсекелестік) бағдар ұстайды.
Үстемелер (кеміту) шамасына әсер ететін негізгі факторларға мыналар жатуы мүмкін: клиенттің төлем қабілеттілігі, жобаның тәуелділік дәрежесі, клиенттің сипаттамасы, салық салу мөлшерлемесінің мөлшері, несиеге сұраныс жағдайы, қарызды ұсыну мерзімі, қосымша несиелік ресурстарға деген қол жетушілік, инфляция деңгейі.
Пайыздық мөлшерлеменің қолдану сферасына және оның деңгейін реттеу тәсіліне байланысты ресми пайыздық (есептік) мөлшерлеме; банкаралық және базалық болып ажыратылады.
Ресми пайыздық мөлшерлемені басқа да банктерге, бірінші кезекте коммерциялык банктерге берілетін несиелер бойынша орталық банктер белгілейді. Бұл операциялар ұзақ уақыт бойы коммерциялық вексельдерді қайта есептеу түрінде жүзеге асырылды, айтылған мөлшерлеменің екінші атауы осымен түсіндіріледі. Оның деңгейін өзгерте отырып, Орталық банк коммерциялық банктердің: тиімділігіне, олардың несиелік мүмкіндіктерін жоғарылата немесе төмендете отырып әсер етеді. Есептік саясат нарықтық қатынастары дамыған елдерде экономиканы ақша-несиелік жағынан реттеудің дәстүрлі әдістерінің қатарына жатқызады. Оның келесі міндеті несиені кымбаттату жолымен елде инфляцияның күшеюіне кедергі жасау болып табылады. Мұндағы есеп айырысу қарапайым: коммерциялық банктер ресми мөлшерлеменің өсуі жағдайында клиенттер үшін пайыздық мөлшерлемені жоғарылатады, осылайша, ақшаға деген сұраныс төмендейді.
Қазіргі уақытта банкаралық мәліметтердің дамуына байла¬нысты коммерциялык банктер қажет болған жағдайда несиені эммиссиялық институттан емес, банк-корреспонденттен ала алады, қарыз алушы үшін мұндай мәміле арзан да болады. Бұл ресми пайыздық мөлшерлеме денгейінің банкаралық пай¬ыздық мөлшерлеме деңгейінен жоғары болуына әкеліп соғады.
Банкаралық пайыздық мөлшерлеменің, мысал ретінде ЛИБОР - лондондық банкаралық мөлшерлемені айтуға бола¬ды, ол евровалюталық нарықта депозиттік, несиелік операцияларда және еврооблигациялық займдарда, сонымен қатар ПИБОР - париждік банкаралық мөлшерлеме кең түрде қолданылады. ПИБОР сегіз ірі париждік банктердің мөлшерлемелері....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар банк ісі жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]