Курстық жұмыс: Психология | Қалыпты және көру бұзылысы бар балалардың зейінінің психофизиологиялық негіздері

Курстық жұмыс: Психология | Қалыпты және көру бұзылысы бар балалардың зейінінің психофизиологиялық негіздері

Мазмұны
Кіріспе.......................................................................................................3
I Тарау Қалыпты және көру бұзылысы бар балалардың зейінінің психофизиологиялық негіздері .
1.1 Қалыпты балалар зейіннің ерекшелігі.............................................7
1.2 Көруі бұзылған балалардың зейін ерекшелігі................................14
II Тарау Кіші мектеп жасындағы балалардың көру бұзылысын зерттеу
2.1 Көруі бұзылған балалардың зейінінің қалыптасуы мен дамуы...21
2.2 Зерттеу әдістері.................................................................................25
Қорытынды ............................................................................................38
Әдебиеттер тізімі....................................................................................40

КІРІСПЕ
Қалыпты және көруі өте нашар балалардың зейінінің дамуымен қалыптасуының жалпы заңдылығына ортақ.
Бірақ көру қызметінің бұзылуы күрделі немесе тіптен соқыр болса онда заттың бейнесін және қоршаған ортаның шынайылыгын қабылдауы к немесе тіптен мүмкін емес.
Зейін соқыр адамдардың психикалық қызметтің бір жағы сияқты жай нашар көретін балалар және ересектер жайлы аз зерттеген. Барлық тифлопсихологтар және тифлопедагоггар көру кемістігінің салдарынан түзетуде зейіннің маңыздылығы жоғары екендігін атап өткен.
Соқыр балаларды бақылағанда олардың зейіні төменгі деңгейде екендігін және бұл қоршаған ортаға деген енжарлықты байқатады.
Сонымен қатар көруі бұзылғанда сыртқы қоздырғыштардың аздығымен зейіннің тұрақтылығы төмендейді. Соқыр адамдардың өмірі тітіркендіргіштері арқылы ұзақ уақыт тыңдау жалығуға әкеп соға, сонымен қатар зейіннің шашырауын туғызады.
Мәселенің өзектілігі: К. Бюрклен, П. Виллей, А.А. Крогиус атты тифлопсихолгтардың айтуынша соқыр адамдарда танымдық сезімдік аймақтардың қысымы зейінге кері әсер береді, сонымен бірге, ол көрініс қалыпты адамдарда да болуы мүмкін деген.
Тифлопедагогикада А.Г. Литвактың айтуынша соқыр адамдарда ым ишараға зейін қойып отырған адамның қимыл-қозғалысын үйретуге көптеген күш жұмсалған бірақ барлығы осы уақытқа дейін олардың бәрі сәтсіздікпен аяқталады.
Н.Н. Ланге, табиғи зейінді түсіну аркылы ең танымал деген ойларды талдай келе зейін тұжырымдамасымен теориясын қосып бірнеше топтарға бөлді.
Т. Рибоның теориясынан басқа өзгеде атағы жағынан келе түспейті теориялары бар. Мысалы Д.Н. Узнадзенің ойынша зейін мақсат қойғыштықпен тығыз байланысты деп есептеген оның ойынша ішкі орнатулар зейіннің жағдайы деп ойлаған.
Зейін жайлы өте қызықты тұжырымдаманы П.Я. Галперин де ұсынған.
Зерттеу мақсаты: Кіші мектеп жасындағы көруі бұзылған балалардың зейін процесін арнайы психикалық әдістері арқылы дамыту.
Зерттеу міндеттері:
1. Күрделі көру кемшіліктері бар және қалыпты деңгейде дамудағы балаларға тән психикалық дамудың жалпы және спецификалық заңдылықтарын нашар көретін және соқырлардың орнын өтеу механизімдерін зерттеу.
2. Кіші мектеп жасындағы көру кемшілігі бар балалардың әлеуметтік психикалық негіздерін дамыту.
3. Жинақталған әдіс-тәсілдерді іс-жүзінде пайдалану.
Зерттеу нысанасы: Кіші мектеп жасындағы көруі бұзылған балалар. Зерттеу ПӘНІ: Кіші мектеп жасындағы көруі бұзылған балалардың зейін процесінің ерекшелігі.
Болжамы: Егер кіші мектеп жасындағы көруі бұзылған балалардың зейін процесін арнайы әдістер арқылы зерттесек, онда көруі бұзылған балалардың зейін психикалық процесінің ерекшеліктерінің мазмұнын тереңірек ашып дамыту, түзету жұмыстарын нәтижелі деңгейге жеткізе аламыз.
Зерттеу әдістері: 1 әдіс Сипап сезу арқылы зейінділікті бағалау
2 әдіс Ол қандай
3 әдіс Жұмбақтар
Зерттеу орны: Білім беру мекемсеі Соқыр және нашар көретін «Болашақ» мектеп-интернатының 1 «а» сыныбы Тифлопсихологияда есте сақтау процесі жалпы және педагогикалық психологиядағыдай толық емес зерттелмеген.
Күрделі көру бұзылысы бар балалар қалыпты балалар қажет етпейтін көп нәрсені сақтауға тура келеді. Сонымен қатар ғылыми - техникалык пргресс, оқытудың, өмірдің іс әрекеттің күрделенуі соқырлар мен нашар көретіндерден есте сақтаудың қалыптасуын қажет етеді: есте сақтаудың жылдамдығының артуы, есте ұстаудың тұрақтылығы, ұзақ уақытқа көп көлемді ақпаратты бекіту.
XX ғасырдың басында пайда болған көру кемістігі кезіндегі есте сақтауды зерттеудің алғашқы жұмыстарында соқырлар басты нысана болып табылады. Оларды бақылау мен зерттеу біркелкі болмады.
Бірқатар авторлар (К. Бюрклен, К.Э Кречмер, К. Штумпф, А. Крогиус және т.б) нашар көретіндердің есте сақтауы қалыпты көретін балалардың есте сақтауынан асып түсетінін дәлелдейді.
Л.С. Выготский соқырлардың есте сақтау процесін зерттеумен қорытындыға келе оларда «Есте сақтаудың жоғарғы тенденциясына» өтуге мүмкіндік бар деп түсіндірді.
1950-1960 жылдары нашар көретін балаларға арнайы мектептің ашылуына және оқыту тәрбиелеу процесімен, әлсіз көруді дамытуды ұйымдастыруға байланысты нашар көретіндердің есте сақтауын зерттеуге көп көңіл бөлінді. Нашар көретін балалардың есте сақтауын алғаш рет экспериментті түрде зерттеген Т. Н. Головина ол тану процесіне арналған.
Екінші көп жоспарлы және көп жақты салыстырмалы зерттеу В.А.Лонинамен жүргізілді. Кейіннен есте сақтау процесін зерттеумен айналысқан М. И. Зотова, Л. В. Егорова, М.И. Земцова, Е.С. Нарышкина және Л.И.Солнцева. Осының барлығы ауызша материалды есте сақтауды зерттеген.
Өзектілігі: кіші мектеп жасындағы нашар көретін балалардың есте сақтау процесінің даму мәселесін жан- жақты зерттеу- кемшіліктері бар балалардың тұлға ретінде дамуында алатын орны маңызды. Тұлға ретінде баланың дамуы олардың кемістіктерінің даму ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу қажет жағдай екенін анықтайды.
Мақсаты: Кіші мектеп жасындағы нашар көретін балалардың есте сақтау процесінің ерекшелігін зерттеу.
Нысанасы: Кіші мектеп жасындағы нашар көретін балалар.
Пәні: Кіші мектеп жасындағы нашар көретін балалардың есте сақтау процесінің ерекшелігі.
Міндеттері: Кіші мектеп жасындағы нашар көретін балалардың процесі тақырыбына психологиялық-педагогикалық - методологиялық әдебиеттерді зерттеу. Кіші мектеп жасындағы нашар көретін балалардың есте сақтау процесі тақырыбына байланысты жүргізілген жұмыстарды талдау, психологиялық әдістерді сараптаудан өткізіп жинақтау.
Тәжірибеде арнайы әдіс-тәсілдер арқылы кіші мектеп жасындағы нашар көретін балалардың ЕС процесін диагностикалау.
Болжамы: егер кіші мектеп жасындағы нашар көретін балалардың есте сақтау процесін арнайыц зерттеп қарастырсақ, онда нашар көретін балалардың есте сақтау процесінің ерекшеліктерінің мазмұнын тереңірек жан-жақты ашып, дамыту - түзету жұмыстарын нәтижелі деңгейге жеткізе аламыз.
I Тарау Қалыпты және көру бұзылысы бар балалардың зейінінің психофизиологиялық негіздері
1.1 Қалыпты балалар зейінінің ерекшелігі.
Зейін - арнайы бір уақытта, қандай да бір обьектке баланың іс-әрекетінің шоғырлану процесі.
Егерде зейін сыртқы ортадағы обьектке шоғырланса онда оны сыртқы зейін деп атайды, ал егерде субьективті әлемдегі обьекттерге бейнелеп, талқылап шоғырланса онда оны ішкі зейін деп атайды.
Зейінде өзіндік мазмұн болмағанымен таным процестерімен тығыз байланысты (қабылдау, есте сақтау, ойлау). Бірақ ол психикалық процестерге емес оның серпінді құрылымына қатысты. Жеке тұлға зейін қойған уақытта оның сана сезімі таңдаулы түрде обьектке бағытталаған және мақсатты түрде шоғырланады. Зейін нейрофизиологиялық механизімдерден таралған күрделі психофизиологиялық процесс.
Когнитивті процестерді зертеуде негізгі теориялық мәселе ретінде зейіннің механизімі мен заңдылығын зерттеу болып табылады.
Тәжірибе жүзінде зерттеулердің анықтауы бойынша зейіннің дамуы таным процестерінің, ерік жігердің және эмоционалды психикалық аймақтардың қалыптасуымен тығыз байланысты. Кіші мектеп жасындағы балалардың зейінінің қалыптасу деңгейі танымдық іс-әрекеттінің дамуына және білім алудың тиімділігінің дамуынак әсерін тигізеді және балалардың тек қарапайым әдіс арқылы оқытуды ғана емес сонымен қатар жаңа ақпараттық технологияларды жақсы қабылдай алады.
Ерте онтогенез дамуында тума немесе жүре пайда болған көрудің естудің төмен дәрежеде болуы зейіннің жетіспеушілігіне алып келеді.
Қазіргі таңдағы ғылымда зейіннің бұзылуы мен түзету мәселелерінің бірнеше аспектілері бар. Олар психолгия, психофизиология, нейрофармакалогия, нейрофизиолгия.
Зейін және оның түрлері. Зейіннің түрлері- зейін алды, ырықсыз, ырықты және зейінді ырықты түрде шоғырландыру.
Зейін алды - талдауыш жүйесіндегі сенсорлы ақпаратты нейродетекторлар арқылы өңдеуде санадан тыс автоматты түрдегі процесс. Ол ырықсыз зейіннің алдын алып көру арқылы бейнелердің қалыптасуларына негіз болады.
Ырықсыз зейін-генетикалық негіз, басқаша айтқанда жеке тұлғаға сыртқы обьекттермен жағдайларды әдейі ұғындыру сияқты, саналы түрдегі мақсатқа немесе субьектінің ынта-ықыласана қатысы жоқ, ол физиологиялық деңгейдегі бағытты рефлекс сияқты байқалады. Ырықсыз зейіннің көрінуіне төмендегі жағдайлар себеп болады.
- Сыртқы тітіркендіргіштер (көзді аштырмайтын жарық, қанық бояулар, түстер және т.б.) және сыртқы әсерлердің кеңістіктегі параметірлері.
- Жеке тұлға үшін өзекті қажетсінулерден пайда болған маңызды белгілердің бояуы.
- Тұлғаның бағытына қарай танымдық іс-әрекеті, қызығушылығы, эмоциясы.
Ырықсыз зейін сыртқы ортаның өзгеруіне байланысты жылдам бағыт -бағдар алуына жеке тұлға өмірі үшін өте қажетті.
Ырықты зейін-адамның әрекетті саналы түрде мақсатқа бағытталған белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалуы, ырықты зейін арқылы дамиды қойылған мақсатқа саналы түрде шоғырландыру, ырықты зейін арқылы өткен мен болашаққа бүрып реттеуге болатын психикалық процесс. Ол ұзақ уақыт есте сақтаған бейнелерді қайта жандандыруға қабілетті.
Ырықты зейін-балаға әр түрлі танымдық іс-әрекетте білім беруде өте маңызды роль атқарады. Ырықсыз зейін-бала алдында арнайы бір мақсат қойғанда ол вербальды емес түрдегі болсын мейлі сөйлеу көмегін қажет ететін тапсырмалар қойғанда болсын пайда болатын процесс. Тапсырма міндетті түрде түсінікті әр балаға ұнамды болуы шарт. Міне осындай жағдайда таңдаулы, тұрақты, қандайда бір обьекттерге, жағдайларға зейіні белсенді, баладан кейбір ерік жігерді қажет ететін ырықты зейін қалыптасады.
Кейінгі ырықты зейін- таңдаулы белсенділігі, тұлғаның қызығушылығына, маңыздылығына, іс-әрекеттің мақсаттылығына байланысты ырықты түрде зейінін шоғырландыру арқылы іс-әрекетінде қолдану.
Кейінгі ырықты зейін - ерік жігерді қажет ететін тек жалығу мен шаршаумен ғана шектеледі. Модальды ерекше түйсіну, көру, есту арқылы зейіннің түрі. Көру жүйесіндегі процестерде зейіннің таңдамалылығы 60 мс дан кейін қосылады ол есту мен самотосенсорлы жүйеде 20-30 мс дан кейін. Зейіннің жоғарғы түрі ырықты және постпройзвольды түрі іс-әрекетке қалыптасады. Балаларды белсенді әрекетке араластыруда ырықсыз зейін мен оның негізінде құрылған ырықты және постпройзвольды зейіннің дамуын жетілдіреді. Зейіннің түрлілігі оның әр түрлі қызмет атқаруында оларды әр түрлі онтогенезде қалыптасқан нейрофизиологиялық механизімдерді жетілдіреді.
Зейіннің мінездемесі - таңдамалылык, көлем, таралу, шоғырландыру, тұрақтылық, ауыстыру.
Таңдамалылық- сыртқы ортадағы жағдайларға және арнайы бір обьекттерге сана-сезімін тұрақтандыру, бұл дегеніміз сенсорлы, маторлы интеллектуалды белсенділік деңгейінің жоғарлауын білдіреді. Зейіннің таңдамалылығының ауқымы тар немесе кең болуы мүмкін.
Зейіннің көлемі - бір уақытта қабылдап отырған обьектілірдің саны (бейнеленген зат, геометриялық фигуралар, гүлдер, әріптер, сөздер, т.б.) обьектке байланысты және мәліметтердің ұйымдасқанына байланысты; қабылдау көлемі мен қысқа мерзімді есте сақтауға жақын. Кіші мектеп жасындағы балалардың зейінінің көлемі шектеулі олар есейе келе обьектілерді топтастыруға үйренгенде зейіннің көлеміде ұлғая бастайды.
Зейіннің таралуы - бір уақытта жылдам зейінді ауыстыруды талап етпейтін бірнеше тапсырмаларды орындай алу қабілеті. Мұндай зейіннің сапасы арнайы жаттығулар арқылы дамиды.
Зейіннің шоғырлануы - бір уақыт сыртқы әсерден тәуелсіз өз зейініңді қандай да бір обьектке немесе жағдайға шоғырландыру.
Обьектке немесе жағдайға өз зейініңді шоғырландыру деңгейі жоғары немесе төмен болуы мүмкін.
Зейіннің тұрақтылығы- бір обьектке немесе жағдайға өз зейініңді үзбей ұзақ шоғырландыру. Зейінді бір жерге тұрақтатып жинақтай алу арқасында адам істеп отырған ісін тереңінен түсініп, оның әр түрлі байланыстарын анықтайды. Зейінді түрақтата алу үшін саналы әрекетке өзіңе күш жұмсай алудың басты бір белгісі болып табылады. Зейіннің тұрақтылығы арнайы бір обьектке қызығушылығына байланысты.
- Бір операциядан екіншісіне ауысуына уақыттың қажеттілігі.
- Бір операцияның орындалу жемісі; оның орындалу уақыты немесе көлемі.
- Арнайы бір операцияның орындалуындағы дәлдік.
Арнайы бір жаттығулар арқылы балабойындағы зейінін жылдам ауысу қабілетін дамытуға болады.
Жоғарыда айтылған мінездемелердің бәрі бір зейіннің қызметі. Зейінге берілген мінездемелердің жоғарғы қалыптасқан деңгейі оқыту-тәрбиелік процессте өте маңызды орын алады. Әсіресе бала бойында көру арқылы зейін, таңдамалылық зейіні, шоғырландыру, таралуы мен көлемі қажетті деңгейде дамыса баланың компьютерге оқыту өте жемісті болар еді. Көруі бұзылған балалар үшін кеңістікті бағдарлай алуын дамыту үшін ауысуы мен таралуына арналған зейін түрі өте маңызды.
Когнитивті процестер жүйесіндегі зейін. Зейін қабылдап отырған обьекттерге, қозғалыстарға, ойға шоғырлануы мүмкін. Осыған қарап отырып әр түрлі зейіннің түрлері-сенсорлы перцептивті, маторлы, ақыл-ой болып бөлінеді.
Зейін және қабылдау зейіннің психикалық қызметінің бағыты мен шоғырлануы сыртқы ортаны қабылдау тиімділігі. Көру арқылы зейін қабылдау аперцепциясымен байланысты. Кіші мектеп жасындағы балаларда зейіннің мазмұнын дамыту өте маңызды. Кіші мектеп жасындағы баланың бағдарлы зерттеу әрекетінің орындалуы үшін және осы кезеңдегі қабылдаудағы перцептивті қызметтің дамуы үшін үлкен роль атқарады. Көру арқылы зейіннің қалыптасуы баланың қабылдаудың белсенді түрлері мен қоршаған ортадағы өзіне маңызды қасиеттерді таңдамалылық қабілетін дамытады. Зейіннің қалыптасу деңгейіне, көру арқылы қабылдаудың дәлдігімен толықтығы тығыз байланысты. Зейін әлсіреген жағдайда сенсорлы перцептивті процесстің бұзылуы байқалады бұдан біз көру бейнелерінің қалыптасуында біршама өзгерістер байқалады.
Зейін және есте сақтау. Зерттеу тэжірибелерінде зейінді шоғырландырған жағдайда есте сақтау қабілеттің жоғарлағаны байқалады. Зейіннің жағдайы нәтижелі есте сақтауға өте маңызды әсері бар. Зейін арқылы есте сақтаудың нәтижелілігін зерттеді. Зерттелушіге сөздер мен әр түрлі түстермен салынған суреттер ұсынды. Ереже бойынша барлығын есте сақтау қажет болды. Есте сақтауға арналған ереже бойынша зерттелуші тек зейін қойған суреттерді есіне түсіре алады. Есте сақтау үшін суреттердің түсі, түрі немесе сөз ешқандай әсер берген жоқ.
Зейін және ойлау. Ішкі талдау үшін ойлау қызметі ұзақ мерзімді есте сақтаумен байланысты. Ойлау ментальды зейін процесімен тығыз байланысты, ақыл-ой әрекетінің бағдарламасын орындауын ішкі бақылау қызметі арқылы қадағалап отырады.
Зейіннің психологиялық теориясы. Когнитивті психологияда зейіннің әр түрлі теориясы бар. Зейіннің құрылымдық функциялар теориясына назар аударатын болсақ, зейін ақпаратты өңдейтін тазартқыш тәріздес ол сенсорлы жүйеге ақпараттар ағымы шектеу арқылы қорғайды. Теорияға сәйкес семантикалық ақпараттарды өңдеу ырықты зейін арқылы жүреді.
Кеш өңдеу теориясында маңызды семантикалық ақпаратты өңдеу автоматты түрде орындалады. Мотивацияның төмен болуынан зейіннің аз көлемімен ғана жұмыс істелінеді. Әртүрлі қызмет саласы әр түрлі зейін көлемін қажетсінеді.
Қазіргі кезеңдегі теорияда сенсорлы нышандарды интеграциялауда және белгілуде зейіннің таңдамалылығы жайлы теория ең жағымды. Бұл теория нейрофизиологиялық моделге сүйенеді. Осы нышандарға сүйене отырып бейнелі көру құрылымы қалыптасады.
Н.Н. Ланге, табиғи зейінді түсіну арқылы ең танымал деген ойларды талдай келе зейін тұжырымдамасымен теориясын қосып бірнеше топтарға бөлді.
1. Зейін қозғалушы бейімделудің нәтижесі ретінде. Мұнда адамдар ырықты түрде өз зейінін бір заттан екіншісіне ауыстыра алса онда зейін бұлшықеттердің қозғалысынсыз іске асыру мүмкін емес.
2. Зейін сана сезімнің көлемінің шектеулі болуының нәтижесі ретінде. Сана сезімнің көлемі деген мағынаны тарқатпас бұрын И. Герберт және У. Гамильтанның ойынша қарқындысы аз болжамды ығыстырып тастай алады.
3. Зейін эмоция нәтижесі ретінде. Бұл теория англиядағы психологтар ассоциация мүшелері арасында көптеген жақтастарын тапты. Мұнда жағдайдың эмоционалділігі зейінге әсер етеді дегеннанымға негізделген болатын. Мысалы Дж. Миляның мына ойы көпшілікке мэлім ол «Жағымды әсердің болуы ол оған деген аса зейін қою идеясымен тура» деген.
4. Зейін аперцепцияның нәтижесі. Индивидтің өмірлік тәжірибесінің нәтижесі.
5. Зейін жанның ерекше белсенді қабілеті тәріздес.
6. Зейін жүйке тітіркенулерінің қозғышы ретінде осы болжамға сүйенсек зейін орталық жүйке жүйесін қоздырулардың ұлғаюымен байланысты.
7. Жүйкенің әлсірсу теориясы. Зейіннің негізгі фактілерін түсіндіру арқылы физиологияның жүйке процесі келесі физиологиялық процесті ....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Психология | Кіші мектеп жасындағы нашар көретін балалардың есте сақтау процесі
» Курстық жұмыс: Психология | Кіші мектеп жасындағы көруі бұзылған балалардың зейін процесін арнайы психикалық әдістері
» Курстық жұмыс: Психология | Мектеп жасындағы көру қабілеті бұзылған балалар
» Курстық жұмыс: Педагогика | Арнайы педагогика
» Курстық жұмыс: Педагогика | Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы мүмкіндігі шектеулі балаға арнайы білім беру жүйесі

Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Қалыпты және көру бұзылысы бар балалардың зейінінің психофизиологиялық негіздері курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар психология жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]