Курстық жұмыс: Педагогика | Қазіргі кездегі білім берудің деңгейлері және балабақшадағы тәрбие
Мазмұны
Кіріспе..........................................................................................…....................................3І Тарау Қазіргі кездегі білім берудің деңгейлері және балабақшадағы тәрбие үрдісі
1.1 Мектепке дейінгі мекемелердің балалардың дамуындағы орны.......................................................…….......5
1.2 Мектепке дейінгі оқу тәрбие жұмысын бақылау және басшылық жасау.............................…..............9
1.3 Тәрбиеші мен балалардың арасындағы қарым – қатынас................………..11
ІІ Тарау Мектеп жасына дейінгі баланың қателіктеріне тәрбие тұрғысынан қарау
2.1 Мектепке дейінгі топтарда жазу сабағында балалардың жазу тілі дағдысын қалыптастыру………….......……………....…….14
2.2 Фонетиканы оқыту барысында балалардың логикалық ойлауын дамыту..........................................18
2.3 Балалардың білім және тәрбиелік тұрғыдан кеткен қателерін дұрыстау жолдары..............................……24
Қорытынды.................................................................................................................….28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....…………..........................................................30 Қосымша......................................................................................................................….32
Кіріспе
Зертеудің көкейкестілігі: Оқу мен тәрбие егіз. Тәрбиенің негізі ұлттық тәлім-тәрбие. Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесінен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына ендіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын және соған сай мінез құлқын қалыптастыру, баланың қателіктер жасауға бой алдырмауға және де оған тәрбиелік тұрғыдан қарауды осы жұмыстың басты мақсаты деп білемін.
Ғасырдан астам тарихы бар және әлемдік қоғамдастықта балаларға мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің негізгі нысаны ретінде сыннан өткен балабақша бүгін де үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағының үлгісі болып қалып отыр. Балабақшалардың жүйесін сақтау мен дамыту мектепке дейінгі тәрбие микро саясатының басты басымдылығы. Мектепке дейінгі және жалпы орта білім берудің бағдарламаларының сабақтастығы мынандай:
1. Болашақ оқушының танымдық белсенділігінің негізі ретінде мектепке дейінгі баланың білуге деген құмарлығын дамыту.
2. Шығармашылық және басқа міндеттерді өз бетінше шешудің әдістері, қызметті нәр түрінде, оның ішінде оқу қызметінде табысты болуға мүмкіндік беретін құралдар ретінде бала қабілеттерін дамыту.
3. Баланың санаткерлік және жеке бастың даму бағыттары ретіндегі шығармашылық қиялын қалыптастыру.
4. Оқу қызметінің табыстылығының шарттарының бірі болып табылатын коммуникативтілікті дамыту.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылы 28 ақпанда шыққан Жолдауының І бөлімінде «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек. Үздік оқытушылардың жұмысын бағалау мен оларға сиақы төлеу жүйесін өте мұқият зерделеген жөн » деп атап көрсетті.
Зерттеудің мақсаты:
Метепке дейінгі баланың қателіктерін тірбиелік тұрғыдан түзетуде әдістемелік әдебиеттерді талдау, және де ғылыми негізін белгілеу, мектепке дейінгі баланың қателіктерін тірбиелік тұрғыдан түзетуде әдістеме жасау;
Зерттеудің міндеті:
Метепке дейінгі баланың қателіктерін тірбиелік тұрғыдан түзетудің ғылыми теориялық негіздерін анықтау;
Метепке дейінгі баланың қателіктерін тірбиелік тұрғыдан түзету жұмысының мазмұнын, көлемін белгілеу.
Зерттеудің әдістері: Мектеп жасына дейінгі баланың қателіктеріне тәрбие тұрғысынан қарау барысында педагогикалық – психологиялық әдістердің бірі тест әдісі, бақылау әдісі, әңгіме әдістерін қолдану.
Теориялық қолданымы: Мектеп жасына дейінгі баланың қателіктеріне тәрбие тұрғысынан қарау, білім беру саласының жәй күйін талдау бір жастан бес жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың ұйымдастырылған бағдарламалары мен нашар қамтылған деп атап көрсеткендей-ақ. Қазіргі жалпы білім беретін мектептегі оқытудың мазмұны фактология қалып отыр, пәндік тәсілге негізделген мемлекеттік стандарттар моральдік тұрғыдан ескіргең, - деп жақындаған көпшілік талқысына ұсынған білім министрлігінің Қазақстан республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы жобасында анықтан-анық көрсеткендей біздер балабақша әдіскерлері қарап огырмауымыз керек. Бұл орайда тұжырымдама жобасы біздердің алдымызға мақсат міндетгер қойып отыр: - білім беруді басқаруды одан әрі демократияландыру негізде Қазақстандық білім беру моделінің жұмыс істеуінің заңнамалық нормативтік құқықтық базасын жетілдіруді жүктейді.
Практикалық қолданымы: Мектеп жасына дейінгі баланың қателіктеріне тәрбие тұрғысынан қарау, білім беру мекемелерін басқару мен бақылау басшылық ету әдістері мен стилі ғылым үшін де, практикалық жұмыскерлер үшінде әрдайым өзекті болып отыр. Білім беру мекемесі қоғам жағдайының айнасы тәрізді: өзгерістер, жаңарулар, қиын уақыт аралықтары және жаңа модельдердін құрылуы.
І Тарау Қазіргі кездегі білім берудің деңгейлері және балабақшадағы тәрбие үрдісі
1.1 Мектепке дейінгі мекемелердің балалардың дамуындағы орны
Білім берудің деңгейлері әрине, тағы да балабақшадан басталмақ. Мақсаты – мектепке дейінгі білім беру, сауықтыру және түзету бағдарламаларымен қамтуды дәйекгі түрде ұлғайту жолымен балалар-дың білім алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету.
Тәрбие мен оқыту мазмұны бірінші деңгейде қызыметтің өзіндік түрлерін және баланың даму бағытын, оның кейінгі мектеп жағдайына бейімделуін қамтамасыз етуге тиіспіз.
Міне, осылайша қымбатты әріптестер мойнымыздағы жүк күннен -күнге ауырлай түседі. Оны жеңілдету, келешек ұрпақтың қамын ойлау өз қолымызда. Біздердің ата - бабамыз алмаған қамал жоқ, ендеше сіздер мен біздер бұл тұғырда да жетер биігіміз, тауымыз алда. Бүгін мен сіздермен балабақшаның бақылау мен басшылық барысындағы
қол жеткізген шамалы жетістіктермен бөліспек ойым бар. Әрине, жаңадан әдіскерлік жұмысын бастаған әріптестерім үшін көмек, кеңес болар деген ойдамын.
Бақылау функциясы - латынның жасау орындау деген мағынасын білдіреді. Басқарушы жүйеден басқарылатын процестердің мақсатты бағытталуын және ұйымдастырылуын талап ететін белгілі бір іс әрекет атқаратын басқарушы жүйе мен бақылау объектілері арасындағы қатынас. Бақылау функциясы периодты немесе қажеттілігіне байланысты жүзеге асады (күн сайын, апта, ай, тоқсан, жыл сайын). Мысалы, сабақтың кестесі жыл сайын жасалса, тәрбиешінің жұмысын бақылау белгіленген мерзімде қажеттілігіне қарай жүргізіледі.
Менеджмент бойынша жұмыста әр түрлі басқару мен бақылаудың түрлері бар - жоспарлау болжау, талдау, ұйымдастыру, басқару, үйлестіру, коммуникация, шешім қабылдау, бақылау, бағалау, қолдау, ақпараттандырулар. Бұларды жәй басқару функциялары деп атайды.
Бұл басқару функциясы тек әрекетті ғана емес ол жүргізілетін объектіні атағанда ғана толық анықталады, бақыланады. Мысалы, «Оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау» мен «Әдістемелік бірлестік жұмысын жоспарлау» - екі түрлі функциялар.
Білім беру мекемелерін басқару мен бақылау басшылық ету әдістері мен стилі ғылым үшін де, практикалық жұмыскерлер үшінде әрдайым өзекті болып отыр. Білім беру мекемесі қоғам жағдайының айнасы тәрізді: өзгерістер, жаңарулар, қиын уақыт аралықтары және жаңа модельдердін құрылуы.
Мектепке дейінгі балалар мекемесінің проблемасы бүгінгі күні мектепке дейінгі білім берудін қазіргі үрдісі ер балаға және педагогка ынталануға бағытталған жаңа басқару философиясына көшу болып отыр. Қазіргі жағдайларда мектепке дейінгі ұйымның әдіскері инновациялық процестің педменеджмент негіздерін меңгерудің ұйытқысы болып, командалық әкімшілік жүйеден кәсіби ынтымақ-тастық жүйесіне кешудің жетекшісі болуымыз керек. Басқарушылардың жұмысының негізі білім беру ұйымдарында жобалауға, ұйымдастыруға және нақты материалдар мен жағдайлар көмегімен бақылау жасауға мүмкіндік беретін аналитико-диагностика-лық функция болып табылады. Бұл маркетингтік зерттеулерде анық көрінеді.
Мысалы: Бағалау белгілері: қызыл — өте жақсы меңгерген, көк — жақсы меңгерген, сары — орташа меңгерген, қара — көмек қажет. Осыдан кейін барлык тәрбиешілер картасының қорытындысы бойынша шешім қабылдаймын. Егер қызылы, көгі көп болса, ол тәрбиешілерді семинар кеңестерде өз тәжірибесімен бөлісуге шақырамын. Ал сары көбейіп кетсе барлық тәрбиешілермен семинар-практикум немесе іскерлік ойын өткіземін. Қара белгі кездессе ол тәрбиешіге жеке кеңес беруге ұмтыламын. Мұндай диагностикалық картанын пайдасы, әдіс-темелік жұмыс қажеттілігін қанағаттандыруға көп көмек көрсететініне әбден көзім жетті.
Маркетинг өткізу, қызмет көрсету рыногін, тұтынушылар сұранысына сауалнама жүргізу, тестілеу, сұрау, әнгімелесу әдістерімен зерделеу негізінде жүргізуге болады. Мысалы, педагогикалық ұжымның іс-әрекетінің стратетиясы мен тактикасын анықтау үшін жүргізілген жас мамандармен өткізілген сауалнамаға қарайык:
1 Өз жұмысынызға қаншалықты қанағаттанасыз?
2. Тәрбиеші мамандығында нені бағалайсыз'?
3.Жұмысыныздың бірінші жылында қандай қиындықтарға кездес-тіңіз? (сабақ жүргізгенде, режимдік сәтте, ойын, іс-әрекетін ұйым-дастырғанда, ата-анамен жұмыста, т.б.)
4. Қандай көмек кажет?
5. Алдыныздағы мақсат міндетініз?
6. Өзіңіздін педагогикалық ұжыммен қарым-қатынасыңызды қалай бағалайсыз?
7.Өзіңізге белгіленген тәжірибелі тәрбиеші тарапынан қандай көмек болды, т.б.? Осындай сауалнамаға жауап ала отырып бақылау мен басшылықтың жан-жақты ізденісі туады. Бақылау дегенді талапты қанағаттандыру шығармашылыққа жетелеу деп түсіну қажет. Бұрынғы авторитарлық педагогикадағыдай жаңа әдістемелерді қолдануға мәжбүр етуге болмайды Қазір тәрбиешінің таңдауына жол бар, әр түрлі жұмыстар істеп, жоғары нәтижеге жетуте болады. Тәрбиешінің педагогикалық еркіндігі болу керек, жағдайға байланысты іс-әрекет түрін өзі тандап алады.
Басқару - бақылау іс-әрекетінің тиімді нысанының бірі педагогикалық мониторинг болып табылады. Мониторинг – балабақшаның іс-әрекеті туралы ақпараттарды жинақтау, өндеу және сақтау, қарату туралы ұйымдастырудың бір түрі. Тағы да мысал ретіне іс-төжірибемен 2001-2002 оқу жылынан бастап балабақша бойынша мынандай бөлімнен тұратын мониторинт тақтасын шығарып келемін.
Бұл мониторинг қорытындысы әр тоқсан сайын және жылдың аяғында толығымен өндірістік басқаруда немесе педагогикалық кеңесте қарауға болады. Қорытынды бойынша әр тәрбиешіге жетістіктер мен кемшіліктер бойынша бағалау іс-әрекет жүзеге асады. Осыдан кейін әр шығармашылықпен жұмыс істейтін тәрбиешіде ауық – ауық идеялар туындап жұмыс стилі арта түседі. Ал, керісінше төменгі, көрсеткіштегі тәрбиеші көкірегінен намыс оянып, алға ұмтылуға, серпілуіне тура келеді. Сын түзелмей мін түзелмес дегендей байқатпай мінезімізді де тез арада мүмкіндік болады. Мониторинг жүйесінде белгілі бір дәрежеде білім беру саласындағы жаңа құбылыстар мен процестер өз көрінісін тапты. Тағы да бір айта кететін жайт жан-жақты бақылауды оқу жылының басында белгілеп алғаннан кейін мен әдіскер ретінде өзіме жұмыс циклограммасын жасадым.
1.2 Мектепке дейінгі оқу тәрбие жұмысын бақылау және басшылық жасау
Халқымыз бала тәрбиесіне қашанда ерекше мән берген, өйткені бала біздін болашағымыз, өміріміздің жалғасы. Сондықтан бүгінгі таңда да балаларлы қорғау - әлеуметтік мәні зор. халықтық іс болып табылады.
Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, оларды тәуелсіз. мемлекетіміздін білімді, білікгі, мадениетті азаматы етіп тәрбиелеу барысында жасалып жатқан тың жұмыстар, өмірімізге еніп жатқан жаңалықтар осыны дәлелдейді.
"Бала тәрбиесі — бесіктен басталады"— деген ұлы қағидаға сүйенсек, 1,5 - 6жас аралығындағы сәбилерге білім және тәрбие беретін мекемелердің орны да маңызды да ерекше.
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу Мемлекеттік коммуналдық қазыналык кәсіпорынға қарасты алты балабақшаның алдына қойған мақсаты "Білім туралы" занның балабақшаларға арналған жоспарының орындалуын қадағалау.
Егеменді еліміздің болашақ азаматтарын тәрбиелеуге елеулі үлес қосып, сәбилерге ұлттық тәлім-тәрбие бере отырып 5 - 6 жастағыларды мектепке дайын.іау ісі отбасылар мен балабақшаларда берілетін білім мазмұнын жаңарту, оның біртұтас жүйелігінің қамтамасыз етуді мақсат етеді. Сондықтанда 5-6 жасар балаларды мектепке даярлау мәселелері ата-аналар мен ұстазлар қауымын ерекше толғандырады. Бағдарлама мазмұнын іске асыруда білім беру мәселесіне көп көңіл бөлінеді. Неге десеңіз мектеп қабырғасын аттаған балаларды байқағанда балабақшамен қамтылған балалар мен балабақшаға бармаған балалар арасындағылардың айырмлшылығы бірден көзге түседі. Балабақшамен қамтылған балалар тәрбнешінің айтуы, нұсқау бойынша жұмыс жасап, іс-әрскетте белсенділік көрсетіп, өз құрдастарының арасында өзін - өзі еркін ұстап, әрі бақылай алатындығы байқалады. Ал үйден келген әр бір баланың психологиялық дамуына жаңа ұжымға, күн режиміне үйренуінде мектепке леген қызығушылығында икемдік орын алады. Оларды мектеп жағдайына қалыптастыруға педагогтың шеберлігі үлкен роль атқарады.
Балабақшада тәрбиелеу негізінен оқу ойын және еңбекке негізделіп жүргізіледі. Олай болса бала тәрбиесінде ақыл – ой, адамгершілік, эстетикалық еңбек және дене тәрбиесі бірін-бірі толықтырып жалғасып жатуы тиіс. Балабақшалар жыл бойы осы бағытты негізге ала отырып, өздерінің алдына мақсат қойып, сол міндеттерді шешу үшін еңбектенеді, яғни балабақша бағдарламаны негізге алып тәрбиенің әр саласында тынымсыз жұмыс істейді. Оқу жылының басынан бастап мектепалды топтарында балаларға білім беруде, суретті әліппе, математика, сауат ашу кітаптары бойынша сабақтар жүргізіледі. Ал білімдерін пысықтау барысында оқу бағдарламасына қосалқы ретінде танграмм, ребус, кроссворд, мақал – мәтел, сөзжұмбақтар кеңінен пайданылады. Жылдан жылға материалдық – техникалық базамыз әдіскерлік құрал жабдықтарымыз молая түсуде......
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Педагогика | Мектеп жасына дейінгі баланың қателіктеріне тәрбие тұрғысынан қарау
» Мектепалды дайындық сабақ жоспары: ГОСО мектепалды даярлық сыныбына
» Презентация (слайд): Мектеп жасына дейінгі балалардың мнемотехнологиялар арқылы, байланыстырып сөйлеу ,тілдерін дамыту
» Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын іске асыруда өтпелі тақырыптар бойынша ересектер тобына перспективалық жоспары
» Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы
» Курстық жұмыс: Педагогика | Мектеп жасына дейінгі баланың қателіктеріне тәрбие тұрғысынан қарау
» Мектепалды дайындық сабақ жоспары: ГОСО мектепалды даярлық сыныбына
» Презентация (слайд): Мектеп жасына дейінгі балалардың мнемотехнологиялар арқылы, байланыстырып сөйлеу ,тілдерін дамыту
» Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын іске асыруда өтпелі тақырыптар бойынша ересектер тобына перспективалық жоспары
» Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы
Іздеп көріңіз: