Курстық жұмыс: Педагогика | Қазіргі жағдайда Қазақстан мектептеріндегі білім беру мазмұнының проблемалары

Курстық жұмыс: Педагогика | Қазіргі жағдайда Қазақстан мектептеріндегі білім беру мазмұнының проблемалары

Мазмұны
І. Кіріспе........................................................................................................3-4
І ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ
1.1.Қазіргі жағдайда Қазақстан мектептеріндегі білім беру ісінің мәні, міндеттері және принциптері..................5-7
1.2. Қазіргі жағдайда Қазақстан мектептеріндегі білім және тәрбие беру жүйесі..............................8-12
1.1. Қазіргі жағдайда Қазақстан мектептеріндегі білім берудегі мұғалім еңбегінің шығармашылық сипаты......13-17
ІІ ТАРАУ. ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕКТЕПТЕРІНДЕ БІЛІМ БЕРУІНІҢ ЖАҒДАЙЫ.
2.1. Қазіргі жағдайда Қазақстан мектептеріндегі білім берудің педагогикалық озат тәжірибені зерттеу..............................18-21
2.2. Қазіргі жағдайда Қазақстан мектептеріндегі білім берудің педагогикалық озат тәжірибені жинақтау және тарату...............22-24
ІІІ. Қорытынды..............................................................................................25-26
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................27-28

І. Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі:
Білім беруді дамыту тұжырымдамасы бұдан әрі –Тұжырымдама/ мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл дамуының негізін құрайтын Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын ғылыми –теориялық, әдіснамалық құжат болып табылады.
Тұжырымдама Қазақстан Республикасының Конститутциясына, “Білім туралы” Қазақстан Республикасының Заңына, “Ғылыми туралы” Қазақстан Республикасының Заңына, “Қазақстан-2030” стратегиясына, “Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриалдық-инновациялық даму стратегиясына”, “Білім” мемлекеттік бағдарламасына, баланың құқықтары туралы конвенцияға, Техникалық және кәсіптік білім беру жөніндегі конвенцияға, Еуропа аймағындағы жоғарғы білімге қатысты біліктілікті тану туралы Лиссабон конвенциясына, Жоғары білім жөніндегі бүкіл дүниежүзілік конвенцияның декларациясына , Болоньядағы Еуропа елдері білім министрлері кеңесінің, Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттер білім министрлігінің және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің білім беру саласындағы ынтымақтастығы жөніндегі кеңесінің, Еуразия Экономикалық Қоғамдастығының Интеграциялық комитетінің жанындағы білім, ғылыми дәрежелер мен атақтар туралы құжаттарды өзара тану және олардың баламалығы жөніндегі кеңестік конференцияларының ұсынымдарына сәйкес әзірленді.
Тұжырымдама білім беруді жалпы ұлттық басымдық ретінде белгілейді және мемлекеттің Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімге арналған білім беру саясатын дамытудың негізін қалайды әрі заңнамаға, қаржыландыру жүйесіне, білім берудің мазмұнына, білім беру жүйесінің құрылымына, білім беруді басқару жүйесіне, кадрлық және әлеуметтік саясатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін негіз болып табылады.
Осы Тұжырымдамаға сәйкес оны іске асыру жөніндегі бағдарлама әзірленетін болады.
Тұжырымдаманың құрылымы мыналарды қамтиды:
ағымдағы жағдай және білім беруді дамытуды тежейтін факторлар;
Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері;
білім берудің деңгейлері мен мазмұны;
Тұжырмдаманы іске асырудан күтілетін нәтижелер;
Тұжырымдаманы іске асырудың кезеңдері.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазіргі кездегі білім беруді оқушыларды оқыту, тәрбиелеу үрдісі үстінде психикалық процестері мен танымдық қасиеттерін, адамгершілік нормаларын халық дидактикалық тұрғыдан меңгертіп дамыту.
Зерттеу объектісі:
Оқушыларын қазіргі кездегі білім беруді оқыту негізінде өңделген сабақтармен, ұлттық ойындар арқылы оқыту, тәрбиелеу және дамыту.
І ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ
1.1. Қазіргі жағдайда Қазақстан мектептеріндегі білім беру ісінің мәні, міндеттері және принциптері.
Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздың ұлттық дәстүр – салтына, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады.
Міне, осыған орай, Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттерін еске түсірген жөн. Олар:
- жеке адамның рухани және күш қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік, негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;
- азаматтықты, үйелменнің, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның хұқылары мен міндеттерін ұғынуды, сондай – ақ Республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу;
- Республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер жасау;
- Жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбие беруді дамыту;
- қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр – салтын оқып – үйрену үшін жағдайлар жасау.
Халыққа білім беру жүйесінің міндеттерін іске асыруда кейбір факторлардың ықпалын ескерген жөн. Олардың бірі – қоғамдық өндірістің дамуы және оның ғылыми – техникалық негіздерін жетілдіру. Қоғамдық өндірістің үдемелі ғылыми – техникалық деңгейін көтеру жеке адамның және техникалық білім алу сапасына барынша ықпал жасайды, білім беру жүйесін жоғары сатыға көтереді және үнемі дамытуды талап етеді.
Осыған орай, егеменді Қазақстан жағдайында жалпы білім және тәрбие беретін мекемелер желісінің ұлғая түсерікәсіптік – техникалық, арнайы орта және жоғары оқу орындарының жаппай мамандар дайындау жөніндегі ролі одан әрі арта беруі тиіс.
Халыққа білім беру ісін дамытуда педагогикалық фактордың да әсері бар. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесін ерте бастан қолға алып, оларға тиісті дайындықпен мектепке оқуға дайындау қажет. Ол үшін балалар бақшасында және үйелменде тәрбие жұмысының процесіне нақты педагогикалық басшылық жасап, оның барынша сапасына және нәтижесін арттыру тәрбиешілерден, ата – аналардан, мектепке дейінгі мекемелер меңгерушілерінен үлкен педагогикалық шеберлікті талап етеді.
Халыққа білім беру жүйесінің міндеттерін жүзеге асыру білім берудің мемлекеттік саясат принциптеріне тәуелді. Қазақстан Республикасының Заңы бойынша мына мемлекеттік принциптер басшылыққа алынады:
1. Қазақстан Республикасы барлық азаматтарының білім алу құқықтарының теңдігі.
Бұл принципке сай Қазақстан Республикасының әрбір азаматы әлеуметтік және мүлік жағдайына, ұлтына, жынысына, тіліне, ұстайтын дініне қарамастан білім алуға құқы бар.
2. Білім берудің мемлекеттік стандарттары шегінде білім беру қызметттерінің теңдігі.
Әр түрлі үлгідегі білім беру мекемелерінің бітірушілеріне қойылатын талаптардың қажетті ең аз деңгейін анықтайтын мемлекеттік стандарттарды республика үкіметі жасап бекітеді.
3. Меншік түрлері, қызмет ету бағыттары, тәрбие беру мен оқыту түрлері бойынша білім беру мекемелерінің әр түрлі болуы (мемлекеттік, жеке меншіктік және аралас болуы мүмкін).
4. Білім беру процесінің осы саладағы сатылардың сабақтастығын қамтамасыз ететін үздіксіздігі.
Бұл барлық білім беру саласындағы мекемелерде, әсіресе бастауыш, орталау және орта мектептерде білім берудің сабақтастығын соған байланысты қисындылық бірізділігі мен жүйелілігін қамтамасыз етеді.
5. Білім берудің ғылыми сипаты, құқылық және экономикалық бағыты.
Ғылымның, техниканың, мәдениеттің жаңа табыстарының негізінде білім беруді ғылыми бағытта үнемі жетілдіру. Білім беру мекемесі заңды ұйым, оның өзіндік мүлік болады, өз атынан мүліктік емес, құқыққа ие болады. Білім беру мекемесі айналадағы табиғи ортаны қорғайды, оның үнемі жақсарып отыруына белсенді көмектеседі.
6. Білім берудің озыңқы дамуы.
Халық шаруашылығының барлық салаларының жетілуі білім берудің озыңқы дамуына байланысты. Білім беру ісі неғұрлым ғылым негізінде тиімді ұйымдастырылса, өндіргіш күштердің халықтың материалдық жағдайының дамылсыз өсуіне игі әсер етеді.
7. Білім беру жүйесіндегі басқару демократизмі.
Халыққа білім беру ісінің шешуші шарттарының бірі демократиялық жолмен басқару. Демократияландыру – бұл білім беру мекемелердің ведомствалардан, жергілікті мұқтаждықтардан құтылып, қоғамның және жеке адамның мүддесіне бет бұруы, қоғамдық күштерді білім беру ісін басқаруға қатысуы. Білім беру мекемелері мемлекеттің, қоғамның және жеке адамның білім алу жөніндегі тілектерін орындайды.
8. Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім берудің зиялылық сипаты.
Барлық оқу орындарында және халық арасында оқыту мен тәрбиенің зиялылығын сипаттау, табиғат құбылыстарын, қоғамдық өмірді ғылыми – материалистік көзқарас негізінде түсіндіру, халық мәдениетіне зиян келтіретін ымырашылықпен, жоққа нанушылықпен күресу.
9. Ақиқат білім алуға кедергі болатын саяси және идеологиялық ықпалдан білім берудің тәуелсіздігі.
Білім беру ісін басқару мемлекеттік – қоғамдық сипатта болады. Республикалық Білім министрлігі, оның төменгі атқарушы органдары Қазақстан үкіметінің білім беру саласындағы мемлекеттік саясаты жүзеге асырады. Барлық білім беру мекемелері ешқандай партияның бірігушілер одағының саяси және идеологиялық ықпалын басшылыққа алмайды.
1.2. Қазіргі жағдайда Қазақстан мектептеріндегі білім және тәрбие беру жүйесі.
Бұл мәселе жөнінде Қазақстан Республикасының Заңында толық түсініктеме берілген. Бірақ халыққа білім және тәрбие беру мекемелерінің желісін және мазмұнын қысқаша баяндау қажет сиқты.
Білім беру жүйесі мынандай құрылымнан тұрады:
Үйелмендік тәрбие. Үйелмен жеке адамның жан – жақты және үйлесімді дамуына жауапты. Балалардың үйелменде тәрбиеленуі білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмыстарымен ұштасады.
1. Жергілікті білім беру органдары мен мекемелер, ғылыми – зерттеу инситуттары, қоғамдық бірлестіктер, еңбек ұжымдары біріге отырып, оқыту мен тәрбие жұмысын жақсартуда ата – аналарға, одан алмастыратын адамдарға үйелмен тәрбиесі жайында көмек көрсетеді, жағдайлар жасайды.
2. Мектеп жасына дейінгі тәрбие. Мектеп жасына дейінгі тәрбие балалар мекемелерінде жүзеге асырылады. Мұнда балалар 3 жастан 6 жасқа дейін тәрбиеленеді.
Мектеп жасына дейінгі балаларды үйелменде тәрбиелеуге үкімет көмектеседі. Ол үшін ата – аналарға өтем төлемдері беріледі.
3. Жалпы орта білім. Жалпы білім беретін орта мектептің мақсаты - әржақты дамыған, адамгершілік мол, жеке өзінің және қоғамдық мүдделерді ұштастыра білетін, халық мәдениетінің жетілдіру ісінде өз ұлты мен жалпы адамзат қазынасын тиімді пайдалана алатын, зиялылыққа тән қасиеттерді бойына сіңіре алатын адамды тәрбиелейді.
Жалпы білім беретін орта мектептің құрылымы баланың ер жетуіндегі жас ерекшелігінің үш кезеңіне (балалық шақ, жеткіншек шақ, жасөспірімдік шақ) сәйкес орта мектеп үш сатыдан тұрады:
1. Бірінші саты – бастауыш мектеп (І – ІVсыныптар).
2. Екінші саты - негізгі мектеп (І – ІХсыныптар).
3. Үшінші саты – жалпы білім беретін орта мектеп (І – ІХсыныптар).
4. Мектептен тыс тәрбие мен оқыту. Балалардың қабілеттілігі мен бейімділігін дамыту, қоғамдық белсенділігін арттыру, еңбекке, кәсіби бағдар беруге, ғылым мен техникаға, өнерге, әдебиетке, спортқа, ұлттық дәстүрлерге құштарлығын тәрбиелеу, олардың мәдени демалысын, бос уақытын дұрыс ұйымдастыру мақсатында осы жұмыстардың бәрін .......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Қазіргі жағдайда Қазақстан мектептеріндегі білім беру мазмұнының проблемалары курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар педагогика жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]