Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақстанның Ресейге қосылуы және оның салдары
Мазмұны
Кіріспе---------------------------------------------------------3 Негізгі бөлім
I-тарау. Ресейге қосылар алдындағы Қазақстан.
1.1. Қазақстанның саяси –экономикалық, әлеуметтік және сыртқы жағдайы-------------------------7
1.2. Қазақ әдет-ғұрып заңдарының негізгі тармақтары және оның институттары-----------------------------------13
II- тарау. Қазақстанның Ресейге қосылуы және оның салдары.
2.1. Ресейдің Қазақстанды отарлап алуы және оның салдары---------------------------------23
2.2. Құқықтық және саяси -әкімшілік реформалар--------------------------------30
2.3. Озбырлыққа қарсы ұлт-азаттық көтерілістер --------------------------------35
Қорытынды -----------------------------------------------------------------------------46
Қолданылған құжаттар тізімі-------------------------------------------------------48
Кіріспе
Тақырыптың көкейкестілігі. Тәуелсіз мемлекетіміздің нығайып, жан -жақты дамуы , адамдардың әлеуметтік тұрмысының жақсаруы, ұлтаралық татулықтың орнауы, рухани мәдениетінің өркен жаюы қашан да имандылық пен ата-бабаларымыз ұрпақтарына қалдырған қағида-ережелеріне байланысты болмағы даусыз. Ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойына моральдық нормаларға бағынып , арақатынастарын солар арқылы реттеп отырған. Оны еліміздің өткен ата-бабалар өмір салтынан көруге болады.
Кешегі патшгалық саясат пен тоталитарлық басқару әдісі халықты шенеуніктер не айтса, соған көнуге үйретіп , мәңгүрттендіре отырып, ата-бабаларымыздыің өткен өмірін сұрғылт, қаптаған сор , әділдіктен мақұрым ретінде санамызға ұялатып , өзіміз шошитын құбыжық етіп көрсеткісі келді. Сөйтіп , бірнеше ғасырлар бойына созылған бұл дәстүр ұрпағымыздың азуына , ұлттық сананың өспеуіне әсер етті. Нәтижеде «бөлшекте де , билей бер» деген қағида ұран күшіне еніп, оны жүзеге асыру шаралары қарастырылды. Қазақ халқының рулардан тұратының сәтті пайдалана білген басқыншылар бір руды екіншісіне айдап салды, араға сөз жүгіртіп , ел арасын арандатты.Қазақ қоғамына әр түрлі дау-дамайларды қасақана қопсытып, өзара қырқыстыру нәтижесінде атамекенінен бірте-бірте айырды. Мұндай жымысқы саясаттан кеңес өкіметі де адал бола алмады, қайта тапқа, топқа, жерге бөлу өршітіле түсті. Сол ауыру әбден меңдегені сонша, одан әлі күнге айырыла алмай келеміз.
Ата-бабаларымыз қалыптастырып еншімізге қалдырған заңдар әрқашанда имандылықпен, әділдікпен қабысып, оны озық адамзат қоғамы өз жан-дүниесімен шығарған болатын.Сол себепті де ол деуірде имандылық пен заң бәрінен де жоғары қойылып, оған ханнан бастап қараға дейін бас иген, талаптарын мүлтіксіз сақтаған. Қазір мұндай байланыс мүлдем үзілген. Оны патшалық Ресейден бастап, кешегі тоталитарлық басқару жүйесі быт-шыт қылған. Қираған ұлттық сипаттарымызды зерттеп, зерделеп, тәуелсіз мемлекетіміздің басты идеологиясына айналдыру іспетті маңызды мәселе тарих ғылымы мен құқықтық тарихымызда негізгі мәселе болуы тиіс. Құр сүлбесі қалған ата-бабаларымыздың құқықтық мәдениетін қаз-қалпына келтіру аса қиындық келтірмейді. Өйткені ол рухани мұралар, қанымызға, дінімізге әбден сіңген. Оны жоқ ететін күш әсте болмайды.
Мәселенің өңделуі.Сөз жоқ, бұрыннан келе жатқан екі жүзді моральмен өмір сүру мүмкін емес. Ел боламыз десек, қазақ халқының көсегесін көтереміз десек,Конституциямыздағы құқықтық, демократиялық мемлекет орнықтырамыз, адам және адамзат өмірі, құқықтары мен бостандықтары – оның ең қымбат қазынасы деп жазған ережелерді жүзеге асыру жағына көңіл қойғанымыз абзал. Рас, ата-бабаларымыздың рухани мәдениеінің басты саласы болып табылатын әдет-ғұрып заң нормалары әр дәуірде өзіне лайықты қырынан сөз етілген-ді. Қазақ әдет-ғұрып құқығын зерттеуге Қазақстанның Ресейдің қол астына енуі кезеңінде патшалық саясат мәжбүр болып, еріксіз қолға алынған-ды. Ондағы басты мақсат:қазақ әдет-ғұрып заң нормаларын жинап, оларды патша заңдарымен салыстыра қарап зерттеуге, өзіне ыңғайлыларын өкімет саясатына және шығаратын жарлықтарына қарсы келмейтіндей етіп қолдану, ал сәйкес келмегендеріншектеп, тосқауылдар қою, тіпті жойып жіберу еді. Бұл арада айта кетер бір мәселе сол, қандай пиғылмен болса да, сол кездегі жиналған әдет-ғұрып жайлы деректер нормативті өмір шындығының жазба жәдігерліктері болуында. Кеңес өкіметі орнағаннан кейінгі тұстарда қазақ әдет-ғұрпы қоғам ішінде әлі өз орнын жоғалта қоймағанына қарамастан, оларды тез арада тұншықтырып, тамырына балта шабу жақтары қарастырылды. Әдет-ғұрып, салт-дәстүрмен қатар рухани мәдениетіміздің басқа салаларына да шабуыл жасалды. Сақталған жазба мәдениеттеріміз өртенді, жасырып жерге көміліп, шіріді. Оны ұстанушылар қудаланды.
Бұл жайлы шындықтың беті ашылып, ғайбаттың көбесі сөгіліп, соңғы кезде, әсіресе еліміз тәуелсіздігін жариялағалы бері әділдіктің беті бері қарай бастады. «Өткенін білмейтін халықтың - өзіне сенім болмайды»,2-деп Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1998 ж. 18 наурызында Алматыдағы зиялылармен кездесуінде сөйлеген сөзінде ашығын айтты. Қазақ тарихының шындығын айтушылар көшбасында белгілі тарихшыларымыз:М.Қозыбаев, Ү.Нысанбаев, Ж.Қасымбаев, Б.Көмеков, А. Қадырбаев, Ғ.Есімов, Д.Кішібеков, Қ.Нұрпейсов, Т.Омарбеков, М.Қойгелдиов т.б. ғалымдарымыз елеулі еңбек сіңіруде.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Патшалық Ресей империясының қол астына қазақ халқының еріксіз кіруінің себептері мен салдарын, маңызын, қазіргі қоғамда алатын орнын сипаттау.
Зерттеудің міндеттері:
−Қазақстан Республикасының тарихи аренадағы жаңа орнын баянды етудің негізгі жолдарын анықтау;
−Өткен тарихымызға шынайы баға беру;
−Ғылыми құндылықтарды республика халқының мақсат-мүддесіне, игілігіне қызмет ету екендігін баяндау.
Зерттеу нысанасы − көрнекті тарихшы ғалымдардың творчестволық мұрасы болып табылады.
Жұмыс деректемелері ретінде болғандар:
−өкіметтің басшылық және бағдарламалық құжаттары;
− жетекші тарихшылар, зерттеушілер, этнографтардың тарих ғылымына арналған материалдары;
−Мерзімді басылымдар, еңбектер, құжаттар жинағы, Қазақстан тарихы, мәдени құрылыс, халыққа білім берудің анықтама материалдары;
−Қазақстан Республикасының энциклопедиялық басылымдарының мәліметтері;
−А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап кітапханасының, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының анықтама-библиографиялық әдебиеттері мен картотекалары қолданылды.
Зерттеу әдістері. Зерттеудің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес өзара байланысты ғылыми әдістердің жиынтығы қолданылды.Оған тарихи, салыстырмалы, статистикалық талдау әдістемесі қамтылды.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы. Оның барлық негізгі нәтижелерін тарихшы мамандарға, мұғалімдер мен оқытушылардың жұмыс тәжірибесіне, студенттерге оқу сабағына дайындалуға, ғылыми курс жұмыстарын жазуға көмек ретінде қолдануға болады. Бұл материалдар «Қазақстан тарихы», «Тарихи деректану» т.б. пәндерде оқу құралы ретінде қолдануға болады.
Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, 2 тарау, қорытынды, қолданылған құжаттар тізімінен тұрады.
Кіріспеде тақырыптың көкейкестілігі негізделген, зерттеудің мақсаттары мен міндеттері анықталған, оның теориялық және тәжірибелік маңызы көрсетілген. Өткен тарихтың жалпы сипаттамасы, тарихнама талдауы жарияланған материалдарға шолу берілген.
Негізгі бөлімде патшалық Ресей қоластына еріксіз кірген қазақ халқының қиын тағдыры сөз болуымен қатар озбыр күш ықпалының ежелден қалыптасқан елдің мемлекеттік басқару жүйесін өзгеріске ұшыратып, тұрмыс-тіршілігінің қалыпты жағдайын, азаматтық, қылмыстық құқықтарын бұзғандығы деректі материалдар негізінде әңгіме болады.
Сондай-ақ, қазақ халқының өткен тарихы, әдет-ғұрыптары, хандарының жүргізген саясаты мен билерінің төтенше съезі Ережелері сияқты көптеген маңызды мәселелер де қамтылған.
Қорытындыда атқарылған жұмыстың нәтижесі келтіріліп, негізгі тұжырымдамалар жасалған.
Қолданылған құжаттар тізімінде диплом бітіру жұмысына пайдаланылған басылымдар жүйелі түрде көрсетілген.
1-Тарау. Ресейге қосылар алдындағы Қазақстан.
1.1. Қазақстанның саяси- экономикалық, әлеуметтік және сыртқы жағдайы.
17 ғасырдың аяғы 18 ғасырдың басына қарай Қазхақстанның саяси жағдайы онша мәз емес енді. Уақ хандықтарға бөлінген қазақ феодалдары өзара алауыздық пен кикілжіңге белшесінен батып, ал сұлтандар болса, осы алауыздықты өз бас пайдаларына жаратып, қазақтардың ұлы ханы болуға тырысып жатты. Шыңғыс тұқымдарының «Тақ таласы» талай жазықсыз жандардың қызыл ханы текке төгіліп, қазақ елінің күйзеліске ұшырауына жақындата түсті. 1640 жылы «Дала құрылтайында» әскери тәртібін нығайтатын заңдар қабылдаған соң іргелі елге айналған Қалмақ мемлекеті пайда болуы нәтижесінде бұл қауіп күшейе түсті. 1640 жылы « Дала ережелерін» қабылдаған жоңғарлықтар «Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып», қазақтарға аса қауіпті, күшті мемлекетке айналды. Мемлекет басында Хұн-Тайша отырды. Нояндар мен зайсандары ұлыс-аймақтарды басқарды. Ел ішінде темірдей тәртіп орнады. Тумысынан көшіп-қонып мал баққан жоңғарлықтар мал жайылымдарына зәру болды. Олжерлер қазақтардың сахарасы еді.
Жоңғарлардың бастапқы Қазақстанға басып кіруі, 1643 жылға тура келеді. Батур Хұн-Тайша басқарған жоңғарлықтар Жетісуға баса көктеп кірді. Қиын жағдайда қалған Жәңгір хан аз ғана жасағымен Бұхарадан Жалаңтөс батыр көмегі жеткенше қалмақтарды тау шатқалында ұстап, ерлік көрсеткенін біз тарихтан жақсы білеміз 2. Алайда Батур өз мемлекеті аумағына Жетісудың шығыс бөлігін, Ертіс пен Балқаш көлі жағаларын қосып алып, кеңейте түсті.
Қалдан-Церен тұсында да жоңғарлықтар шабуылы өрши түсті. Ол 1678 жылы Шығыс Түркістанды өзіне қосып алды. Ендігі жерде Жоңғария мемлекеті Ресеймен, Қытаймен, Орта Азиямен сауда-саттық, алыс-берісін күшейтті. Әсіресе, байлығы мол Шығыс Түркістан шикізатын Ресейге қару-жараққа алмастырып ала бастады. Сол замандағы өте ірі қару − пушка қалмақтарда болғанын П.Рычков жазған-ды 3.
Осындай қиын кезде таққа отырған Тәуке ханның алдында Қазақ халқының тәуелсіздігін сақтап қалу саясаты басты мәселе болды. 1681 жылы Қалдан-Церен Шудан өтіп Сайрамға тарпа бас салды. Бірақ, қазақтардың ерен ержүректілігі арқасында Сайрам аман қалды. 1684 жылы қалмақтар қайта оралып, Сайрам атырабын қиратып кетті.
Цеван-Рабтан (1697-1727) тұсында қазақтарға үстін-үстін жоңғарлықтар (1711-1712, 1714, 1717, 1723, 1725) шабуыл жасады. Әрине, жоңғарлықтарға қару беріп, құтыртып отырған Ресей еді. Оның мақсаты тым әріде, қазақтарды әлсіретіп, өзіне бодан етіп қосып алу ниетінде еді.
Осындай қиын-қыстау заманда ру-ру, ұлыс-жүз болып бөлініп, алауыздықпен өзара дау-жанжал, қақтығыстар мен бірін-бірі барымталаған қазақтардың басын қосып, ішкі дау-жанжалдарды сәл де болса тежеп, уақ хандарды бір орталыққа біріктірген, елдің ынтымақтастығын күшейткен Тәуке хан еді. Сондықтан да халық сол дәуірді «бозторғай қой үстіне жұмыртқалаған» кезең еді деп текке айтпаған.
Осы дәуірде қабылданған ірі реформалардың бірі − «Жеті Жарғы» деп аталатын қазақ әдет-ғұрып заңдарының жинағы. Бұл жинақтың қазақ қоғамы өмірінде алған орны мен маңызы өте зор болғаны мәлім.
Қазақтардың ежелден-ақ күн көрісінің негізі мал шаруашылығы болды. Былайша айтқанда, мал қазақтарға ішсе – тамақ, кисе – киім, мінсе – көлік қызметін атқарады. Бұл дәуірде сыртқы саяси жағдайдың күрт қиындауы жоңғарлықтардың қазақтың көп жерлерін басып алуы себебінен қоныстың тарылуынан болғанынан деп санау қажет. «Жеті Жарғының» үлкен бір бөлігін ел қонысы, жер дауын шешу деп тұжырымдауға болады. Онда қазақ қоғамындағы әрбір рудың көшіп- қонатын жайылымдық жері мен қыстауларын анықтап, белгілеп беру реттері айтылған.
Тәуке хан кезінен «БИЛЕР КЕҢЕСІ» тұрақты кеңесу органына айналды. Кеңес мүшелігіне атақты билер, батырлар енді. Бұлар заң шығару функциясына ие болды. Бұл кеңесу органы шешімінсіз хан бірде-бір шешім шығара алмады. Хан қазақ қоғамындағы көкейкесті мәселелерді шешу үшін билер кеңесін шақыруға құқықты еді. 1693 жылы орыс елшілері келуіне орай шақырылған билер кеңесі немесе тұрақты күз айларында өткізілетін «халық мәжілісі» т.б. Осы кеңестерде шешілген бағдарламамен хан жұмыс істеді. Көбіне «билер кеңесі» мамыр айында, ал «халық мәжілісі» қазан, қараша айларында, яғни жайлауға не қыстауға көшіп-қонғаннан соң өткен. Оған мүмкіндігінше үш жүзден өкілдер түгел қатысқан 19. Мұндай жиындар хан сарайында немесе Түркістандағы Х.А.Яссауи мешіті қасындағы «би төбеде» өткен (20).
Тәуке хан сырқы жағдайдың қиындығын ескеріп, батырлар қосынын шекараға таяу көшіп-қондырған 21.
Тәуке көрші мемлекеттермен тату-тәтті тұруға ұмтылды. Ол Бұхар хандығымен қарым-қатынас жасап, сауда-саттықты ұлғайтты 22. 1686-1693 жылдар аралығында Тәуке хан Ресейге бірнеше дүркін елшілер жіберіп, тату көрші болғысы келетінін білдірді. Бірақ, Ресей патшалығы қазақтарды қалмақтар арқылы әлсіретіп, содан соң қолға түсіргісі келіп, Қазақстан арқылы Орта Азия, Үндістан, Қытайға шығу саясатын ұстанды. Жоңғарлықтар қазақтардың бітпес ата жауына айналды. Өз тәуелсіздігін сақтау шаралары қазақ хандығы алдында маңызды мәселе болды.
Тәуке хан ру басшылары мен билерге өз елінің барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жауға баратын жауынгерлердің ер-тұрманы мен көлігін, қару-жарағын қамтамасыз етуді міндеттеді. Мойнына қару асынған қазақ ел қорғаушысы ретінде танылып, сол себепті де құрметтелді.
«Билер кеңесі» Тәуке хан жүргізген реформаларды жүзеге асыруда үлкен үлес қосты, өзінің мемлекеттік функцияларын тұрақты түрде атқара отырып, сыртқы жауға тойтарыс беруге жұмылдыра алды. Қоғамдық саяси аренада халық арасынан шыққан ерен батырлар, ерен жанқиярлықпен ерлік танытты. Тәуке хан ел басын біріктіре отырып, ортадағы алауыздықтарды жоя білді. Үш жүз билерінің басын қосып, елді бірлікке, бәтуалыққа шақырды. Жерді пайдалану барысында туындаған дауларды әділдікпен шешуге тырысты.
Рас, Тәуке хан бір орталыққа бағынған күшті мемлекет құра алмады. Ол тек осы бағытта батыл әрекет қана жасады. Қазақ мемлекетінің саяси бірлігін шамалы ғана қалпына келтіруге және қазақ сұлтандарының ханды қолдауына сыртқы қауіп қолайлы жағдай туғызса да бұл әрекет іске аспады, деп бағалайды 24, Тәуке хан құрған мемлекетті. Әлбетте, бұл пікір артық айтылған. Кезінде осы кезеңге әділ баға берген Е.Бекмахановтың Тәуке хан « ру араздығына қарсы аянбай күресті және жеке сұлтандар мен билердің дербестігін шектеді... Сот билігін толық өз қолына шоғырландырды... Осындай шаралармен орталықтанған мемлекетке қарсы билер мен сұлтандардың мүддесіне ауыр соққы берді,»25- дегеніне құлақ асқан жөн.
Ресей патшалығы Қазақстанға қызығуы 18 ғасырдың басынан ерекше күшейе түсті. Қазақтардың тәуелсіздігін сақтауға ерен күш жұмсаған әз-Тәуке өлгеннен соң (1718),қазақ қоғамы тағы да « тақ таласы » үшін алауыздыққа ұшырады. Сүттің қаймағындай кілегейленген бірлікке жік түсіп, елдің берекесі қаша бастады. Тәуке ханнан соң хан болған Қайып Ресейдің саясатын жете ұғынып, үлкен жаудың алдын алу үшін 1718 жылы Тайкөмір Құлтубаев бастаған елшілігін жіберіп, онда олар: «Сообщили лишь об одном желании хана находиться в союзнических отношениях с Российским государством, сохраняя вечний мир, но нисколько не намекая на какие-либо отношения подданства» 28,- деген Қайып хан хатын тапсырды.
Сол жылы Әбілхайыр да Шабы және Бахадурмен бірге Ресейге елшілікке барып, І Петрге «о готовности служить Российскому государю » не только на конях но и «пеший рад»29, - деген хатын тапсырды.
Жоңғарлықтардың шабуылын тек Ресей империясының көмегі арқылы тойтара алуға болатынына көзі жеткен Әбілхайыр орыстармен достасу шараларын қарастыра бастады. Алайда құтырған қалмақтар 1723 жылы қазақтарды « ақтабан-шұбырындыға» ұшыратып, қалың елді тоз-тоз етті. Қалған елді қырғызып алмау және қазақтардың тәуелсіздігін жоғалтпау жолында Кіші жүзден Тайлақ, Орта жүзден Бөгенбай бастаған қазақ қолдарын Әбілхайыр бастап, ата-дұшпанымен алысты. Соның нәтижесінде 1726 жылы Бұланты өзені бойында (Сарысу), 1729 жылы Балхаштың оңтүстік бетінде қалмақтардың жойқын қолына соққы беріп, тегеурінді шабуылын тоқтатты 30. Көп ұзамай 1730 жылы қыркүйекте Әбілхайыр Анна Иоанновнаға Қазақстанды Ресейге қосып алу жөнінде өтініш жазып, елші жіберді.Оған жауап ретінде 5 қазан 1730 жылы Ресейдің Тевкелев А.И. бастаған елшілері келді 5. Бұлардың мақсаты атақты ру басшыларын парамен сатып алу, сөйтіп Әбілхайыр ханмен бірге орыс бодандығын ант ішкізіп қабылдау болатын.
19 ақпан 1731 жылы орыс падишасы қазақтардың орыс мемлекеті қоластына енгені хақында жарлық жариялады.
5 қаңтар 1732 жылы Әбілхайыр бас болып Самеке, Барқ, Нұралы, Бөгенбай және 27 ру басшылары ант ішіп, Ресей қоластына енгендігін айғақтады.
Тарихшы З.У. Тоғанның айтуынша, 1730 жылы Тәукенің ұлы Болат хан қайтыс болған соң, қазақтың үш жүзі Әулиеатада құрылтай шақырылып: «бұл құрылтайға үш жүздің ұлы ханы Болаттың баласы Әбілмәмбет және Болат хан тікелей билігін жүргізген Ұлы жүздің сұлтандары, Шығай ханның ұрпағы және өз заманының қаһарманы Барақ сұлтан билігін жүргізген Орта жүздің сұлтандары, Әбілхайыр басқарған Кіші жүздің суұлтандары қатынасады... Осы құрылтайда Әбілхайыр Әбілмәмбеттен үш жүздің ұлы хандығын алмақ болып жолсыз талап қояды. Сонымен үш жүздің берекесі бұзылады» 15, - деп, Әбілхайырдың үш жүз бірлігіне жік салғанын ескертеді. Өйткені, Әбілхайыр үш жүз арасына жік сала отырып, үш жүзге ұлы хан, оған қоса Хорезм мен Қарақалпақ ханы болып билікті қолға алуды арман еткен. Шындығын айтсақ, бұл кезде Әбілхайыр хан Кіші жүздің өзінде
түгел билемеген, оның бір бөлігін Қайып ханның баласы Батыр сұлтан, енді бір бөлігін Әбілхайырдың ұлы Нұралы сұлтан, қалған бір бөлігін Әбілхайырдың өзі билейтін еді. Құрылтай Болат хан орнына Әбілмәмбетті хан етіп сайлап, қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласына көшеді. Осындай сәтте Әбілхайырдың тек Ресей қоластына кіріп, қолдағы билігінен айырылып қалмау саясатын ұстанғаны шындық. Әбілхайырдың әлсіздігін орыс патша үкіметі де білді. Әбілхайыр ендігі жерде , казак-орыс, башқұрт, қалмақтардан тепкі көріп отырған қазақтар әлсіз екендігін орыс билеушілеріне жеткізіп, оның өзіне хиуалықтар мен қалмақтарды, алаларды бағындыруына көмек көрсетуге , сонмен қоса қазақ хандығы орыс патшасы қол астының мәңгілікке өтуге уәде беретінін айтады 29. Мұндай бас июшілікті орыс билеушілері қуана қарсы алды. А.И.Левшиннін айтуынша , қазақтардың бағынуы Ресей империясы үшін барлық жақтан пайдалы болды: 1) Бұл империя бір тамшы қан ағызбай бірнеше жүз мың халықты қосып алады; 2) Қазақтардың бағынуы Шығыс оңтүстік өлкелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді; 3) Қазақтар арқылы қорқынышты жоңғарлар күшін әлсір етуге болады; 4) Қазақтарды пайдалана отырып, бүліншілік шығара беретін башқұрттарды басуға болады; 5) Қазақтарды пайдалана отырып хиуа, ала,.......
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты (1991-2004Ж.Ж.)
» Курстық жұмыс: Экономика | ҚР-дағы жұмысшы күші миграциясының негізгі және өзекті мәселелері
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстанның 2030 стратегиясы - әлеуметтік – экономикалық дамудың және халықтың әл – ауқатын жақсарту бағдарламасы
» Курстық жұмыс: Экономика | ҚАЗАҚСТАН-2030 стратегиясы-әлеуметтік-экономикалық дамудың және халықтың әл-аухатын жақсарту бағдарламасы
» Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақстан мен Еуропалық Одақ
» Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты (1991-2004Ж.Ж.)
» Курстық жұмыс: Экономика | ҚР-дағы жұмысшы күші миграциясының негізгі және өзекті мәселелері
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстанның 2030 стратегиясы - әлеуметтік – экономикалық дамудың және халықтың әл – ауқатын жақсарту бағдарламасы
» Курстық жұмыс: Экономика | ҚАЗАҚСТАН-2030 стратегиясы-әлеуметтік-экономикалық дамудың және халықтың әл-аухатын жақсарту бағдарламасы
» Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақстан мен Еуропалық Одақ
Іздеп көріңіз: