Курстық жұмыс: Экономика | Өндіріс тиімділігін арттыру және талдау

Курстық жұмыс: Экономика | Өндіріс тиімділігін арттыру және талдау

Мазмұны

КІРІСПЕ

1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНДІРІС ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Өндіріс тиімділігінің экономикалық мәні және маңызы
1.2 Өндірістің экономикалық тиімділігіне әсер ететін факторлар
1.3 Өндірістің экономикалық тиімділігін бағалау көрсеткіштері

2. «ЖАСИ» ЖШС-ның ӨНДІРІС ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ
2.1 «ЖАСИ» ЖШС-ның технико-экономикалық сипаттамасы
2.2 «ЖАСИ» ЖШС-ның өндіріс тиімділігін экономикалық талдау

3. «ЖАСИ» ЖШС-НЫҢ ӨНДІРІСТІК ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Инновация - өндіріс тиімділігін жоғарылатудың негізі
3.2 «ЖАСИ» ЖШС-ның өндірістік тиімділігін жоғарлату шаралары

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ


1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНДІРІС ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Өндіріс тиімділігінің экономикалық мәні және маңызы
Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі кәсіпорындарды бәсекенің артуы, өндірістік шығындардың жоғары болуына өткізу нарығының қысқаруы, әріптес кәсіпорындардың төлем қабілетсіздігі, шикізат пен материалдар сипатталатын жаңа ортаға көшірді.
Нарық жағдайында кәсіпорындардың тиімді қызмет етуі, экономикалық өсуі және дамуы адам ресурстары және басқа да ресурстарды ең тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін стратегиялық бағыттың дұрыс анықталуына тәуелді. Өндіріс тиімділігі тұрақты экономикалық өсу және кәсіпорын дамуына, өндірілетін өнімнің бәсеке қабілеттілігінің артуына байланысты болады. Өндіріс сферасында кәсіпорынның дамуы тек оның өсуі арқылы емес, өзгеріссіз қызмет масштабы арқылы да жүреді.
Кәсіпорынның өсуі - бұл негізінен кәсірорын көлемінің артуы және өндіріс көлемінің кеңеюі (өнім өндірудің, сату көлемінің, жұмысшылар санының артуы). Даму деген – шаруашылық жүйенің сапалық өзгеруі және жаңаруы, барлық құрылымдық бөлімшелерде еңбекті ұйымдастыруды, техналогия және техниканы жетілдіру негізінде оның қызметінің тиімділігін арттыру. /5/
Тауар өндірушінің негізгі мақсаты - әлемдік сапа деңгейінде бәсекеге қабілетті өнім өндіретін кәсіпорын қалыптастыру, ол үшін өндіріс жұмысшылары және акционерлердің жеке ынталарын тудыру қажет. Сонымен қатар жабдықтаушылар мен тұтынушылардың жоғары талаптарын ескеру қажет.
Осы өндірістің экономикалық тиімділігі мәселесі бойынша әр экономист ғалымдар өз пікір- тұжырымдамаларын ұсынған.
Кейбіреулер еңбек өндірісінің өсуі немесе бір өнімді шығаруда –ең аз еңбек шығындары деп есептейді. Басқаларының ойынша - өнімнің немесе еңбек шығындарының нәтиже сандарының қатынасы немесе соңғы нәтижеге жету үшін қаншалықты шығын кеткенін көрсетеді.
Ғаламды өндіріс тиімділігі жұмыс уақытының үнемділік заңын сипаттайды. К. Маркс былай деген “уақыт үнемі өндірістің әр салаларына жұмыс уақытының жоспарлы үлестірілуі сияқты, ұжымдық өндіріс негізіндегі ең басты экономикалық заңдылық болып қалуда” /7/. Өнім бірлігіне еңбек шығынының төмендеуі – жұмыс уақытын үнемдеу заңының мәні болып табылады.
Л.Э. Кунельскийдің тұжырымдауынша, өндіріс тиімділігі дегеніміз –ең аз шығын шығара отырып үлкен нәтижелерге жету әрекеттілігі, нәтижелілігі /8/. Ал М.Н. Тимохинның айтуынша, өнеркәсіптік өндірістің тиімділігі – бұл оның барлық обьективті байланыстары мен үрдістерінің нәтижелілігін көрсететін күрделі котегория /9/.
А.П. Вавилов, А.И. Демичевтердің пікірінше, өнеркәсіптік өндірістің тиімділігі дегеніміз – қаржы, еңбек және материалдық ресурстардың салыстырмалы төмен шығындары арқылы жеке кәсіпорындар, салалар, жалпы индустрияның жеткен ең жоғары нәтижелері.
Н.Уоол, Л.Маркузе, Д. Лайну бойынша тиімділік – ресурстардың тиімді пайдалану. Ол көптеген әдістермен есептесе алады, ең кеңінен
- жұмыс күшін пайдалану тиімділігі: өнімділік (бір жұмысшыға өнім өндіру);
- өндірістің тиімділігі: өндірістік ысырап - өндіріс барысындағы қалдықтар пайызы;
- қаржылық тиімділік: активтердің айналымдығы (кәсіпорын активтері нәтижесінде қамтамасыз етілген сату көлемі) /10/.
Профессор Н.Қ. Мамыров атап өткендей, тиімділік – жалпы алғанда шығындар мен нәтижелердің қатынасы /11/. Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау барысында оның техникалық (технологиялық) және экономикалық деп ажыратады. Егер берілген өндіріс технологиясымен (әдісімен) тұрақты өнім көлемін өндіргенде өнім өндіруең көп, ал ресурстарының шығындары ең аз, онда өндірістік тиімділік технологиялық тиімді деп саналады. Экономикалық тиімділікке жету өндіріс үрдісінде пайдаланылатын ресурстар түрлерінің баламалық құнын минималдаумен байланысты. Осының негізінде кәсіпорын өндірістің технологиялық тиімді әдістерін таңдайды.
Өндіріс тиімділігі материалдық құндылықтардың өндіріс үрдісіне жататын, экономикалық жүйенің нақты қызметінің экономикалық тиімділігінің нақты құрамдас бөлігі. Барлық мемлекет шеңберінде қарастырғанда өндіріс тиімділігі қоғамдық еңбек өнімділігімен аталады.
Экономикалық тиімділік экономикалық жүйенің әр деңгейінде пайдалы соңғы нәтиженің пайдаланылған ресурстар көлеміне қатынасы ретінде, еңбек өнімділігі, қор қайтымдылығы, табыстылық, шығындардың қайтарымдылығы және т.б көмегімен өлшенеді.
Біздің ойымызша, өнеркәсіптік өндірістің экономикалық тиімділігі – кәсіпорын әзірлеген стратегияға тәуелді экономикалық категория. Ол стратегия кәсіпорынның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қысқа, орта және ұзақ мерзімді нәтижелерге сүйенеді. Сонымен қатар өндірістің экономикалық тиімділігі нарықты экномиканың шешімді категориясына жатады. Барлық түрде экономикалық өндіріс тиімділігі екі мөлшердің қатынасын көрсетеді – ол шаруашылық қызмет нәтижесі және өндіру шығындары. Ең басты - нарықты қызметтің нәтижесі, ол салынған капиталдан максималды табыс алу. Табыс мен шығындардың қатынасы. Өндіріс тиімділігін көтерудің қолайлы жолы нарықта.
Өндіріс тиімділігі кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижесімен анықталып, ұйымдастыру, басқару қызметінің деңгейін көрсетеді /14/. Сондықтан оны арттыру негізгі мақсат бұл мына шаралар арқылы жүзеге асады:
- өндірістің технологиялық базасын дамыту;
- өндірістегі инновоция;
- өндірістік шығындардың экономикалық тиімділігін арттыру;
- инвестициялық саясатты оңтайландыру,
- өндірістік жүйенің құрылымын жетілдіру.
Өндірістің тиімділігі өндірістік шығындарды төмендетуге тәуелді. Кәсіпорын оларды төмендетудің арнайы бағдарламасын әзірлеуі қажет. Оның жүзеге асуы мынаны көздейді /15/.
- өндіріс үрдісінің барлық кезеңдерінде материал, еңбек және қаржы ресурстарының жүйелі үнемін жүзеге асыру ;
- төмендетілуі тиіс шығындардың түрін талдау; бірнеше шығындар түрінің есебін жүргізіп, олардың төмендетілуіне бақылау жасау;
- жұмысшылардан үнемдеу ұсыныстарын алу;
- шығындардың әр элементінің жағдайын жүйелі бақылау;
- ұсынылған жаңа әдістерді әзірлеу, олардың енгізілу және сақталуын бақылау;
Өнімділікті жоғарылату - өнімді немесе еңбекті өзгерту процесін басқару мен араласудың нәтижесі. Төменде келтірілген шарттардың кез келгені орындалатын болса, онда өнімділік өседі:
1) өнім көбейеді, шығындар азаяды;
2) өнім көбейеді, шығындар өзгермейді;
3) өнім көбейеді, шығындар өседі, бірақ өсу қарқыны төмен болады;
4) өнім көлемі өзгермейді, шығындар төмендейді;
5) өнім азаяды, шығындар төмендейді, бірақ мұның төмендеу қарқыны жоғары болады.
Осылайша, өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру әр кәсіпорын үшін маңызды мақсат болып табылады. Ол мақсаттың орындалуы әр – түрлі факторларға байланысты. Оларды келесі бөлімшеден кеңірек қарастырамыз.

1.2 Өндірістің экономикалық тиімділігіне әсер ететін факторлар

Өндіріс тиімділігін басқару – оның тәуелді болатын факторларын мақсатты әсер ету. Кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижелері, өндіріс тиімділігін арттыру факторларның мағынасын менеджерлер қаншалықты дұрыс бағалағандығымен анықталады.
Өндіріс тиімділігінің факторлары - өндіріс нәтижелеріне және шығындарына әсер ететін жағдайлар /13/. Олар келесілер:
- ҒТП – тің жеделдеуі, ең алдымен, кәсіпорынға бәсекелестік күресте төтеп беріп, сапаның жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік беретін жаңа жетістіктерді игеру;
- өндірісті құрылымдық және ұйымдастырушылық қайта құру, мамандану және кооперацияның оңтайлы жүйесі;
- басқару әдістері мен жүйесін жетілдіру;
- өндірістің жетілдіруі және дамуының әлеуметтік механизмдерін белсенді пайдалану, кадрлар біліктілігін арттыру, еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;
- халықаралық еңбек бөлінісінің артықшылықтарын пайдалану.
Факторлардың маңыздылары және маңыздылығы төмені, обьективті (материалды) және субьективті (саяси, құқықтық, идеологиялық), қысқа және ұзақ мерзімділері болады. Факторлар өндіріс тиімділігіне әсер ету сипатына қарай ішкі және сыртқы орта факторлары деп бөлінеді. 1 қосымшада өндіріс тиімділігіне әсер етуші факторлардың жіктелуі көрсетілген.
Ішкі орта факторларына кәсіпорын өзінің алдына қойған мақсаттары мен міндеттері, қаржы ресурстары, инвестициялар, өнім сапасы, өндірістік және ұйымдық құрылымдар, технология, басқару деңгейі және шешім қабылдау әдістері, персонал, оның арнайы және технологиялық білімдері, корпоративтік мәдениет және т.б. жатқызамыз. Ішкі факторлар негізі және негізі емес болып бөлінеді. Негізгілеріне өндірістік және өндірістік емес факторлар жатады. Негізгі еместеріне тиімділік көрсеткіштері мәнімен тікелей байланысты емес, бірақ кәсіпорын қызметінің нәтижесіне әсер ететін факторлар жатады. Мысалы, шаруашылық, қаржы және технологиялық тәртіптің бұзылуы. Бәсекелестік артықшылық тарапынан ең маңызды ішкі фактор болып корпоративті мәдениет саналады.
Көптеген кәсіпорындар жабдықтаушылармен тығыз әріптестік орнату арқылы өнім сапасын арттырып, үнем жасап, жаңа нарықтарға жедел шығуға мүмкіндік алуда. Бәсекеде жеңіп шығу үшін тұтынушыларға көп көңіл бөліп, оларды тарту және ұстап қалудың жаңа әдістерін ойлап табу қажет. Еңбек нарығы кәсіпорынға жұмысқа алынуы мүмкін адамдар құрайтындықтан, олардың біліктілік деңгейінің жоғары болуы тиімділікті арттыруға тікелей әсер етеді.
Қорытындылай айтқанда, өндіріс тиімділігін арттыру жолдарын қарастыру әр факторды жекелей есепке алу ғана емес, оларды өзара толықтыру және оңтайлы сәйкестендірудің әдістерін табуды талап етеді.
Осыны жүзеге асырудың нақты дәлелі болып өндірістің тиімділігін бағалаудың экономикалық көрсеткіштері табылады.

1.3 Өндірістің экономикалық тиімділігін бағалау көрсеткіштері

Экономикалық тиімділік деңгейі екі өлшем - экономикалық тиім (нәтиже) және өндіріс шығындарын салыстыру арқылы айқындалады. Экономикалық тиім көрсеткіштері қандай шығындар және ресурстар құнымен экономикалық нәтиже алынғанын көрсетеді.
Экономикалық тиімділік жалпы (абсалютті) және салыстырмалы деп ажыратылады /16/.
Жалпы тиімділік шаруашылық жүргізудің барлық деңгейлерінде (сала, кәсіпорын, ұйым, капиталды құрылыс объектісі) анықталып, тиімділіктің жалпы шамасын анықтайды.
Салыстырмалы тиімділік - белгілі-бір өндірістік-шаруашылық міндетті шешу үшін екі немесе бірнеше нұсқадағы технико-экономикалық көрсеткіштерді салыстыру арқылы есептеледі. Бұлұтымды нұсқаны таңдау, оны басқалармен салыстырғанда технико-экономикалық , әлеуметтік және прогрессивті артықшылықтарын анықтау үшін пайдаланылады. Салыстырмалы тиімділікті қарастырғанда ең бастапқы кезеңі - негізгі технико-экономикалық көрсеткіштерді салыстыру болып табылады: капитал салымдары, өзіндік құн және табыс, еңбек өнімділігі және қор сиымдылығы, материалдарды пайдалану көрсеткіштері және т.б. Бірнеше нұсқаларды осы көптеген көрсеткіштер арқылы салыстыра келе кәсіпорын экономикалық тиімдісін таңдайды.
Өндірістің экономикалық тиімділігінің жалпы шамасын анықтайтын көрсеткіштерге кеңірек тоқталайық.
Өндірістің экономикалық тиімділігін анықтағанда экономикалық нэтиже еңбек, материал шығындарымен, өндірістік қорларымен (негізгі және айналым), капитал салымдарымен және табиғат ресурстарымен сәйкестендіріледі/14,15/.
Өндірістің экономикалық тиімділігі мына көрсеткіштер арқылы айқындалады:
1. Негізгі қорларды пайдалану тиімділігі (қор қайтарымы және қор сыйымдылығы)
2. Инвестициялардың тиімділігі ( капитал қайтарымы және капитал сыйымдылығы)
3. Еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігі ( еңбек өнімділігі, еңбек сыйымдылығы)
4. Материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігі (материал қайтарымы, материал сыйымдылығы)
5. Шаруашылық қызметінің жалпы тиімділігі ( пайдалылық )
Қор қайтарымы - 1 теңге өндірістік қорларға есептегендегі өндірілген өнім құнын көрсетеді.

Fқ =Dn / F (1)
Ол өнімді өткізуден түскен табыстың ( Б ) негізгі өндірістік қорлардың жылдық орташа құнына (Ғ) қатынасымен анықталады.
Қор қайтарымын анықтағанда өнім көлемі құндық (өнімнің кең номенклатурасын шығаратын кәсіпорындарда), заттай және шартты (тек бір ғана өнім түрін өндіретін кәсіпорындарда) өлшеммен есептелуі мүмкін.
Негізгі қорлардың белсенді бөлігінің үлес салмағының артуы қор қайтарымына оң әсерін тигізеді.
Қор қайтарымына кері көрсеткіш қор сыйымдылығы - өнім бірлігіне санағандағы өндірістік қорларды
fc=1/fқ немесе fc=Ғ/ DN (2)
2. Капитал салудың қайтарымы мына формуламен анықталады:
Кқ= Q/К (3)
Мұндағы: Кқ - капитал қайтарымы
Q – капитал салымы нәтижесінде өнім көлемінің өсімі
К –капитал салымы
Капитал сыйымдылығы - өнім көлемінің бірлігінің өсіміне қажетті негізгі қорларды құру үшін жұмсалған капитал салымдарын көрсетеді, капитал қайтарымына кері шама:
Кс=К/ Q (4)
3. Еңбек өнімділігінің негізгі көрсеткіші - бір жұмыс істеушіге шаққандағы жылдық орташа өндірілген өнім көлемі болып табылады. Оның шамасы бір жұмысшыға шаққандағы орташа өндірілген өнім мен жұмыс істеушілер құрамындағы жұмысшылардың үлес салмағына байланысты.
Бұл тәуелділік мына формуламен көрсетіледі:
Wо= DN *r/ R*r = D/r * r/R (5)
Мұндағы: R - жұмыс істеушілердің тізімдік орташа саны;
г - жұмысшылардың тізімдік орташа саны;
DN / r - бір жұмысшыға шаққандағы жылдық орташа өндірілген өнім;
г/ R - жұмыс істеушілер құрамындағы жұмысшылардың
үлес салмағы;
Бір жұмысшының орташа жылдық өнім өндіруіне экстенсивті және интенсивті себептер әсер етеді. Экстенсивті себептерге жұмыс уақытының қорын пайдалануға, ал интенсивтіге - уақыт бірлігіндегі еңбек өнімділігіне, яғни орташа сағаттық өнім өндіруге әсер ететін факторлар жатады. Материал сыйымдылығы - өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды бағыты, 1 теңге тауарлық өнімді өндіру үшін қанша материалдық ресурстар шығындары жұмсалатынын көрсетеді. Ол материал қайтарымына кері шама болғандықтан былай анықталады:

Мс= Мқұны / DN (9)
Өнімнің өзіндік құнындағы материалдық шығындар үлесі -материалдық шығындар сомасының (Мқұны) өндірілген өнімнің толық өзіндік құнына (С) қатынасы. Осы көрсеткіштің динамикасы өнімнің материалдық сыйымдылығының өзгеруін көрсетеді.
5. Шаруашылық қызметінің жалпы тиімділігін көрсететін пайдалылық көрсеткіштерін бірнеше топтарға біріктіруге болады:
1) өндіріс шғындарының өтімділігі көрсеткіштері. Өндірістік қызметтің пайдалылығы (шығындардың өтімділігі) жалпы (ӨСТТ) немесе таза табыстың (ТТ) өткізілген өнім бойынша шығынға қатынасы (Шс):
Rз= ӨСТТ/Шс немесе Rз = ТТ/Шс (10)
ӨСТТ - өнімді сатудан түскен табыс;
ТТ - таза табыс;
Шс - өткізілген өнім бойынша шығын;
Бұл көрсеткіш өнімді өндіру және өткізуге кеткен шығындардың әр теңгесінен кәсіпорын қанша пайда табатынын көрсетеді. Оны кәсіпорын бойынша жалпы немесе бөлек бөлімшелер, жеке өнім түрі бойынша есептеуге болады.
2) сатылымның көрсеткіштері
Сатылымның пайдалылығы (айналым) - өнімді сатудан түскен табыстың немесе таза табыстың түсімге қатынасы (В):
Rрп= ӨСТТ/Т немесе Rрп = ТТ/ Т (11)
ӨСТТ- өнімді сатудан түскен табыс;
ТТ- таза табыс;
Т- түсім;
Осылайша анықталған көрсеткіш, 1 теңге сатылымнан кәсіпорын қанша пайда табатынын көрсетіп, кәсіпорын бойынша және өнім түрі бойынша жеке есептеледі. Сатылымның пайдалылығы деңгейіне өткізілген өнімнің құрлымының, оның өзіндік құнының және өнімді сату бағаларының өзгерісі ықпал жасайды.
3) капиталдың табыстылығы
Капиталдың табыстылығы - баланстық, жалпы, таза табыстың жалпы инвестицияланған жалпы капиталға (КL) немесе оның жеке бөліктері: меншіктік, қарыз, негізгі, айналым, өндірістік капиталдардың орташа жылдық құнына қатынасы. Формуласы былай бейнеленеді:
Rк=БП / КL; Rк =Прп/ КL; Rк =ЧП / КL (12)
БП, Прп, ЧП - баланстық, жалпы, таза табыс;
КL - активтер
4) Өнімнің пайдалылығы (Rп) - өнімді сатудан түскен табыстың (DN) толық өзіндік қ9нға (С) қатынасы:
Rп = DN / C (13)
Мұндағы: ӨСТТ - өнімді сатудан түскен табыс;
С - толық өзіндік құн

Оларды дұрыс есептей білу, әртүрлі себептердің олардың деңгейінің өзгеруіне әсерін анықтап, талдау өндіріс тиімділігін арттыру резервтерін ашуға, табылған кемшіліктерді жою туралы ұсыныс жасауға, оның қаржылық жағдайының жақсарып, бекінуіне мүмкіндік береді......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Экономика | КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІС ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының мемлекеттік және бюджеттегі шығындары
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының мемлекеттік және бюджеттегі шығындары
» Курстық жұмыс: Экономика | Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігі
» Курстық жұмыс: Өндіріс | «Тамшыбұлақ» шаруа қожалығы-ның басқару тиімділігін жетілдіру

Іздеп көріңіз:
курстык Өндіріс тиімділігін арттыру және талдау жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Экономика курстық жұмыстар, Өндіріс тиімділігін арттыру және талдау

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]