Курстық жұмыс: Экономика | Өнеркәсіптегі шағын кәсіпкерлікті дамыту жолдары
Мазмұны
I тарау. Нарық жағдайында шағын кәсіпкерліктің дамуы.
1.1. Шағын кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуының ғылыми негізделуі.
1.2. Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің дамуының ерекшеліктері.
II тарау. Өнеркәсіптегі шағын кәсіпкерлікті дамыту жолдары.
2.1. Шағын кәсіпкерлікті дамытуда мемлекеттік қолдау тетіктері.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер
1тарау. НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫ
1.1. Шағын кәсіпкерліктің құрылуы және дамуының ғылыми негізделуі.
Бүгінгі күні экономикалық өсудегі негізгі бағыт шағын кәсіпкерліктің ынталандырып, оны ұлттық экономикадағы рөлін өсіру. Шағын кәсіпкерлік шаруашылық іс-әрекеттің негізгі әдісі ретінде шаруашылық нысандардың көптеген түрлерін ынталандыруға, халықтың жұмысбастылығын өсіруге және Қазақстанның халықаралық еңбек бөлінісіндегі салыстырмалы артықшылықтарын көрсететін болады.
Щағын кәсіпкерлік ескі мәдениеттің барлық кезеңінде болған. Соның арқасында өркениет сол кездегі елдің барлығына таралған. Ірі бизнестің пайда болуына дейін шағын кәсіпкерлікке қойылатын мәселе болмаған. Классикалық экономика өкілдерінің барлығының зерттеуі бүгінгі шағын кәсіпкерліктің сол кездегі жағдайы болған. Мұның барлығы бізге микроэкономика мен экономикалық ілімдер тарихынан белгілі.
Шағын кәсіпкерліктің қиыншылықтары ХХ-ғасырдың бастапқы жылдары Гильфердинг, И. Шумпетер жазды.
60-шы жылдарығы батыс экономикасы сол кездегі экономиканың «екі жақтылығын» мойындайды. Олар «орталықтан» мөлшері мен әсер етуі бойынша ірі кәсіпкерлер немесе «шеттелген» - шағын кәсіпорындар.
Барлық нарықтық елдерде шағын кәсіпорынсыз нарықтық қатынастың дұрыс дамымайтындығын түсінді. 70-80-ші жылдар монополистік емес сектордың жұмысы белсендірек жүріп 3-бағытта қозғалды:
1. Мәселе тереңінен зерттелді, яғни жалпы жоспарға ғана емес, сонымен бірге жеке аспектілерде ғылыми зерттеудегі, ірі бизнес пен арақатынасы, мемлекетпен байланысы, әлемдік шаруашылықтағы ролі және тағы басқалары.
2. Шағын кәсіпорын мәселесі барлық монографияға қосыла бастады.
3. Елдердің ерекшелігі ары қарай зерттеле бастады.
Біздің еліміз бұл жылдары Кеңес Одағының құрамында болғандықтан елде ірі кәсіпорынның басымдылығына артық берілді. Шағын кәсіпорындар мүлде жат ұғым болды.
Шағын кәсіпорынның анықтамасы оған қойылатын критерилерімен анықталады. Оған қойылатын критерилер туралы сұраққа шетелдік және отандық әдебиеттерде үлкен бөлінеді, біракқ ғалымдар ортақ бір ойға келген жоқ. Шағын кәсіпорын әр елдің заңындағы қойылған критерилермен анықталуда. Критерилерге келместен бұрын шағын кәсіпорын секторын бүлдіретін терминнің мағынасын анықтап алайық. Ағылшын тілді әдебиеттерінде small business бізде шағын кәсіпорын деп аударылады әр елде өздеріне ыңғайлап аударғанмен көптеген батыс-еуропалық әдебиеттерінде осы термин тікелей қолданылады. Әр елдің өз экономикасындағы ерекшеліктерге сай «бизнес» терминінің орнына бізде кәсіпкерлік ұғымы қолданылуда. Бұған дейінгі, әсіресе өтпелі шағын бизнес және шағын кәсіпкерлік ұғымдары қатар қолданылып жүрген болатын. Қазақ тіліндегі кәсіп сөзін бизнес сөзіне балама түрінде алдық және ол өзін ақтайды деп ойлаймыз.
Жоғарыдағы айтқандарды қорытындылай келе мыналарды айта кету керек:
- шағын кәсіпорындарды анықтау әртүрлі елдерде ғана ерекшеленіп қоймай, елдің ішінде де салалар мен таймақтарда ерекшеленеді;
- анықтамалар тәжірибедегі мұқтаждықтарға байланысты анықталады және белгілі бір мақсаттарға қызмет етеді;
- анықтамалардың көп болып бөлінуі сол кездегі нақты жағдайды көрсетеді;
Шағын кәсіпкерлікке қойылатын екі критерийді бөліп қарастыруға болады сандық және сапалық. Сандық көрсеткіштерге кәсіпорындағы жүмысшылардың орта саны, капиталдың айналым мөлшері, активтердің мөлшері, табыс көлемі және тағы басқа көрсеткіштер жатады. Бірақ ресми шетелдік статистика шағын кәсіпорындарға тек жүмыспен қамтылғандардың санын көрсетеді. Дәл осы көрсеткіш барлық елдердің мүдцелеріне сай келеді. Қалған көрсеткіштер тек ғылыми әдебиеттерден іскерлік баспалардан, банктер мен салық органдары жүргізген анкеталардан және шағын кәсіпорындардың инфрақүрлымын қамтамасыз ететін мамандандырылған үйымдардан көруге болады.
Сапалық көрсеткіштеріне кәсіпорын иесінің меншік қүқығы мен кәсіпорынды басқаруға және жүмысшылармен байланысының деңгейінен көруге болады. Келесі мәселе кәсіпорынның нәтижесіне оның жетекшісі тікелей міндетті, жанүялық іс жүргізу, қаржыландырудағы сипат. Маңызды критерилер болып құқықтық тәуелсіздік жатады. Сонымен бірге сапалық көрсеткіштерге мыналарды да өткізетін товар мен нарығының кішкене болуын қосуға болады. Осы критерилердің барлығының жиынтығы шағын кәсіпорындарға экономикалық категорйя ретінде шегін анықтауға көмектеседі.
Шағын кәсіпкерліктің шегін анықтау мәселесі бүдан ертеректе де көтерілген. Шағын кәсіпкерлікке ортақ жалпы сапалық көрсеткіштерді табуға Ю. Кочеврин де тырысқан. Оның ойынша ондай ортақ критери ретінде түрақсыздықты қарастырған. Ол ойын 1950 - 60 жылдардағы Американың статистикасының мәліметтерінен дәлелдегісі келді. Ол мәліметтер бойынша жылына барлық кәсіпорындардың 8-9 -і жоғалып қайта пайда болып отырады.
Қалай деген менде шағын кәсіпорындар жоғалып немесе ірі кәсіпорындарға айналып немесе басқа кәсіпорындарға қосылып отырады. Бірақ шағын кәсіпорындардың тұрақсыздығын диалектикалық түрғыда қарау керек. Бір жағынан жоғалады, екінші жағынан пайда болады. Сонымен әлемдік және отандық тәжірибе көрсетіп отырғандай шағын кәсіпкерлікке әртүрлі ұйымдық-қүқықтық нысаны бойынша жүмыс істейтін адамдардың санымен анықталады. Ал бірнеше ғылыми еңбектерде шағын кәсіпорын деп, бір меншік иесімен басқарылатын бірнеше адамның тобын немесе кәсіпорынның ісін айтады.
«Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» жөніндегі заң бойынша шағын кәсіпкероік деп қүрамында жүмыс істейтіндердің саны 50 адамнан меншігіндегі активтерінің саны 60000 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын кәсіпорындар жатады.
Бұдан басқа салалық ерекшеліктері бойынша өнеркәсіпте, қүрылыста және транспорта - 100 адамнан, көтерме саудада - 50 адамнан, бөлшек саудада мен қызмет көрсетуде - 30 адамнан басқа салаларда 50 адамнан аспауы керек.
Келесі маңызды котегория- шағын кәсіпорындардыңсыртқы ортасы. Бұл шағын кәсіпорындардың қүрылуы мен жүмыс істеуіне әсер ететін элементтердің жиынтығы. Мүндай элементтер 5 топқа бөлінеді. Біріншіден шағын кәсіпорындардың нарықтық жиынтығы: ресурстық және өткізу. Екіішісі шағын кәсіпорындарға қажетті нарықтық институттар мен агенттер. Үшіншіден қоғамдық қатынастардың кешенін кіргізеді; қүқықтық әлеуметтік- мәдени және саяси т.б. Төртінші топ басқа да әлеуметтік- экономикалық үрдістер мен қатынастарға қатысты шаруашылық қүрылымы және т.б. Ерекше топ ретінде шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау элементін кіргізуге болады. Шағын кәсіпорындардың сыртқы ортасы анықсыздықпен ерекшеленеді
1.2 Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің құрылуының ерекшеліктері.
Еліміздегі қалыптасқан жағдай тиімді жүмыс істейтін шағын кәсіпорынды ұйымдастыру және дамыту керектігін дәлелдеп отыр. Осы шағын кәсіпорындар көптенген мемлекеттердің экономикалық өркендеуіне, өндірістің алға жылжуына және халықтың белсенді бөлігінің көтерілуіне мүмкіндік берген. Шағын кәсіпорын мемлекеттер соңғы 30 жылда көптеген жетістіктерге жеткен.
Кәсіпкерлікке деген қоғамдық пікір де дүрыс болмады, оларды мемлекетті тонаушы немесе алыпсатарлар деп көрсетті. Оның үстіне заңның жетілмеуі жеке сектордың дамуына жол бермеді.
Бүкіл кеңестік кеңістікте соның ішінде Қазақстанда да «шоковая терапия» сияқты мүлде басқа экономикалық курс керек. Қазақстандық шағын кәсіпорын жаңа екінші этапты бастады.
1992 жылдың басындағы экономикалық реформа немесе шоковая терапия 80-ші жылдың ортасынан бері шағын кәсіпорын ең көп өскен және ондағы жүмыс істеушілердің өсуінен де көп болғанымен сипатталды. Бұл жоба реноменалды сипатта себебі бағдарламаның еркіндігі сондықтан прессипттік қаржылық базасына нүқсан келтірді. Бірақ шағын кәсіпорынның санының өсуі қаржылық базаға жағымды болды. Шағын кәсіпорын өзінің жағымды мүмкіндіктерін көрсетті.
90-шы жылдардың басында ҚР-да шағын кәсіпорын ресми анықтама болған жоқ, әртүрлі қүрылымдар әртүрлі анықтаманы қолданды. Кейбір үйымда шағын кәсіпорын қүрылымда 10 немесе соған дейін дүрыс істейтіндер кіргізсе, енді біреулері бұл жіктеуге құрамындағы жүмыстар саны көп және осыған дейінгілерді кіргізді. Оның анықтамасы және оған қойылатын критерилердің болмауы, статистикалық мәліметтердің әркелгілігі республиканың экономикалың дамуына қосқан үлесін бағалауға мүмкіндік бермеді.
Реструктуризация мен мемлекеттік ірі кәсіпорынды реформалау өндіріс көлемінің төмендеуіне және кейбір кәсіпорынның жойылуына әкелді. Бүл үрдіс жүмыспен қамтығандардың санын да қысқартты. 1992 және 1996 жылдары жүргізген кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту бағытындағы бағдарламалар еліміздігі шағын кәсіпорынның қүрылуы мен қалыптасуына негіз салды.
Бүл кездердегі шағын кәсіпорын маызды функцияның бірі әлеуметтік бөлу болды, яғни қиын кризис кезіндегі өзін жүмыспен қамту, өмір сүруге өзіне қосымша қаражатпен жабдықтау. Сыртқы сауданы еркіндікке жіберу және ел ішінде жеке саудадағы кедергіні жою, кез келген сауда ісіне жағдай жасады. Төлем қабілеттіліктің төмендеуіне қарамастан шағын кәсіпорындар халықтың сұранысы өте жоғары болған, қытайдың және түріктің тауарларымен қамтамасыз етті. Шағын капиталдың тез айналысы оларды орта капиталға айналдырды. Оның үстіне шағын сауда қоғамдағы әлеуметтік - экономикалық дифференцияцияға тез икемделіп жаппай түтынушыларды да, сонымен бірге жоғарғы табыс деңгейіндегілерге де қызмет көрсетті.
Шағын кәсіпкер сауда делдалдық жаққа ығысуы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қатаң салық саясатына қарсы заңды әрекет. Бұрынғы Кеңес Үкіметінде нарық жағдайында жүмыс істейтін салық жүйесінің болуы мүмкін емес болатын. Сондықтан тәжірибелі шаруашылық өмірге енгізілген салық міндеттемесі бүған үйренбеген кәсіпкерлердің қарсылығын тудырды, оның үстіне шағын кәсіпкерліктің табыстың 70-90%-ын аламыз деген үкіметтің ашық экстремистік салық саясаты жүрді. Қатаң салық салу қиын жағдайдан жаңа сапалы деңгейге көтерілуге мүмкіндік бере қоймас, сондықтан салық төлеушілер салық органдарынан салық табыстарын жасырудың жолын іздеп таба бастады. Бірліктерді бақылау қиын болғандықтан сауда мен делдалдардың табысы көлеңке экономикаға кетуін тудырды.1992-1996 жылдарды алсақ барлық жұмыспен қамтылған халықтың ішінде шағын кәсіпорындарда жұмыс істейтіндердің саны республикада 1992- 6,1%, 1993- 4.1%, 1994-3,16%, 1995-3%, 1996-5,2%-і құраған.
Жұмыс істеуші шағын кәсіпорын субъектілерінің саны 1992 жылы-34506, 1993 жылы-35889, 1994жылы-32186, ал 1995 жылы-21265, 1996 жылы- 24033 бірлік болған. Шағын кәсіпорын санының қатты өсуі 1992-93 жылдары байқалған, ал одан кейін олар ақырын төмендей берген. Бұл кезеңдерде салық саясаты маңызды роль атқарды.1990 жылдардың басында өнім өндіруші шағын кәсіпорындарға салық салуда жеңілдіктер болған. Салық жеңілдіктерінің жоғала бастауы шағын кәсіпорындпрдың тарабынан заңды қүбылысты тудырып, олардың ісі мен санына әсер етті.
Сонымен бірге 1995 жылы сауда делдалдық қызметтегі нарықтың бос орындары мен жоғарғы пайда алу мүмкіндіктері жоғала бастады. Ең баста осы бағытта жұмыс істеген шағын кәсіпорындар өзінің өмір сүруін тоқтатты немесе диверенфицириленді. Мүндай жағдай Қазақстандық шағын кәсіполрынның дамуының жаңа тенденциясын тудыруы заңды еді. Бүл шағын кәсіпорындардың өзгеруі мен қүрылымындағы сапалы өзгерістерді енгізген 3-ші этап басталды.
Егер 1992-94 жылдар Қазақстанда барлық экономика соның ішінде шағын кәсіпкерлікте стохастистік заңмен алғашқы капиталды жинаумен өмір сүрсе, 1995 жылдардан бастап өркениетті нарық жүйесінің заңдары жұмыс істей бастады. Бір шағын кәсіпорынның өте қымбат тұратын ғимаратты немесе тіпті* орта бағадағы өндірістік алаңды сатып алуы сирек кездесетін. Шағын кәсіпорындарда жүмыс істейтін жүмысшылардың табысы республикадағы орта айлықжалақысының төңірегінде болды. Тауарлар мен қызметтердің әркелгілігін және сапасын көтеруге негізделген шағын кәсіпорындардың өмір сүруге күресін сипаттайтын бәсекелестік орта қалыптаса бастады. Қазақстан экономикасының нарықтық концентратция мен капиталдың шоғырлануы, сонымен бірге шаруашылық өмірдің өзінде жаңа тенденция бастала бастады. Кәсіпорындардың жұту үрдісі басталды. Қазақстан Үкіметінің қатаң қаржы тұрақтылық саясаты жүргізілгенде 1994-1995 жылдары шағын кәсіпорындардағы өзгерістер мен қүрылымындағы сапалы өзгерістердің 3-ші этапы аяқталды. Бүл 1992-94 жылдармен салыстырғанда шағын кәсіпорындардың қысқару қарқынымен сипатталып сапалы тиімділікті көрсетті. Елде шағын кәсіпорындар нарықтық экономикадағы шағын кәсіпорындардың ролін ойнайтындай жаңа нарықтық жағдай қалыптасты. 1996жылы шағын кәсіпорындардың 18%-і өнеркәсіпте 5%-і ауыл шаруашылығында, 13% -і қүрылыста, 8% -і транспорта, 24 -і сауда мен қоғамдық тамақтануда, 12% -і нарықтың жүмыс істеуін қамтамасыз ететін жалпы коммерциялық істе, 4% -і түрғын үй шаруашылығында, 4% -і материалдық-техникалық жабдықтау мен өткізуде, 3%-і ғылымда, 6% -і басқа салаларда. Еңбек ақы қоры 7,114 млн. теңге, ал орта айлық жалақы 5868 теңге болған. Бүл мәліметтер шағын кәсіпорындар негізінен сауда мен қоғамдық тамақтануға бағытталған. Мүның өзі шағын .....
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Экономика | ЖШС “Меркур Строй Сервис” экономикалық тиімділік көрсеткіштері
» Курстық жұмыс: Бизнес | Шағын және орта кәсіпкерлік
» Курстық жұмыс: Экономика | ҚР дағы шағын кәсіпкерліктің экономикадағы рөлі және даму тенденциялары
» Курстық жұмыс: Кәсіпкерлік | Шагын касипкерлик дамуы
» Курстық жұмыс: Бизнес | Шағын және орта бизнестің проблемалары
» Курстық жұмыс: Экономика | ЖШС “Меркур Строй Сервис” экономикалық тиімділік көрсеткіштері
» Курстық жұмыс: Бизнес | Шағын және орта кәсіпкерлік
» Курстық жұмыс: Экономика | ҚР дағы шағын кәсіпкерліктің экономикадағы рөлі және даму тенденциялары
» Курстық жұмыс: Кәсіпкерлік | Шагын касипкерлик дамуы
» Курстық жұмыс: Бизнес | Шағын және орта бизнестің проблемалары
Іздеп көріңіз: