Курстық жұмыс: Экономика | Пайда экономикалық катеория ретінде Пайда нысандары
Мазмұны
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1 ПАЙДАНЫ БӨЛУДІҢ МӘНІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ
1.1 Пайданың мәні, мазұмұны...............................................................................5
1.2 Пайданы бөлудің принциптері мен қызметтері ............................................7
2 ҚР ПАЙДАНЫ БӨЛУДІҢ ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ
2.1 ҚР Пайданы бөлудің қажеттілігі .................................................................12
2.2 Пайда нысаныдары және олардың жолдары ...............................................18
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..............................................
1.1. Пайданың мәні мазмұны
Пайда - экономикалық теорияда ең күрделі және қарама-қайшы мәселелердің бірі болып табылады. Пайданың қайнар көзі және оның экономикадағы өсуі туралы сұрақтар пікір таласты тудырады. Орыс сөзі "пайда" В. Дальдің "түсіндірме сөздігінде", "өсім", "көбею", яғни бастапқы жұмсалған капитал санына "үстеме" деп түсіндіріледі. Бұл үстеме тауар өндірілгенде емес, сонымен бірге сатылады да көрінеді. Сондықтан пайданы тікелей коммерциялық қызметтегі табыспен байланыстырады. Осыған байланысты заңды сұрақтар туындайды: пайда қандай ортада құрылады? Кім оны өндіреді? Ненің есебінен пайда болады?
Әр түрлі механиктер бұл сұрақтарға түрліше жауап береді:
Меркантелистер пайда айналыста пайда болады және оның қайнар көзі сыртқы сауда болып табылады деп есептеген. А. Смит және Д.Рикардо пайданы өнімнен жұмысшы еңбегі үлесін алып тастағанға тең деп есептеді.
Карл Маркс пайданы тек жалдамалы еңбекпен жасалған екінші, туынды және өзгертілген формадағы қосымша құн деп қарады.
Бұл категорияның анықтамасы қазіргі батыс экономистер бойынша түрлі варианттардың келісімді бірігуі болып табылады. оның ішінде негізгілері төмендегілер:
- пайда - бұл барлық өндіріс факторлардан алынған табыс, яғни рента, процент, жалақы;
- пайда — бұл кәсіпкерлік қызмет үшін марапаттау және техникалық жетістіктерді енгізуге төлем;
- пайда — бұл тәуекел және белгісіздік үшін төлем.
Қазіргі кездегі пайда туралы түсінік үш негізгі бағытта жасалынады: кейнсиандық, институционалды - әлеуметтік және неоклассикалық.
Кейнсиалдықтар пайданың жиынтық тұжырымдамасын макроэкономика деңгейінде ұсынады.
Институционалды әлеуметік ілімде пайда әлеуметтік, сыртқы экономикалық факторлар жағынан түсіндіріледі: қоғамның барлық мүшелерінің игілігіне және тағы басқаларына қамқорлық жасау.
Неоклассикалық ілімде пайданы неғұрлым толық зерттеудің негізгі мақсаты - пайданы максималды ету және жетілген және жетілмеген бәсекелестік жағдайында әрекет ететін жеке фирмалар деңгейінде жүргізіледі.
Фирма жалпы, орташа және шектік табысты есептейді.
Жалпы табыс барлық сатылған өнімнің түсіміне тең.
Орташа табыс сатылған өнім бірлігіне есептелінеді.
Шектік табыс қосымша бірлігін сатқандағы жалпы табыстың өсуі.
Сандық жағынан пайда тауарды сатқандағы жалпы табыс пен өндіріс шығындарының арасындағы айырма.
Бәсеке рыноктағы тепе-теңдік бағасы сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысу нүктелерімен анықталынады. Бұл жерде сұраныс қисығының, яғни сатып алушының бағасының негізінде жатқан экономикалық принциптерге кеңінен тоқталамын. Одан кейін ұсыныс қисығын, яғни сатушының бағасын анықтайтын принциптерді талдаймын. Бәрімізге айқын, сатып алушы тауарды өз қажеттіліктерін өтеу үшін сатып алады. Бұл жалпы және ешқандай даусыз ереже. Біріншіден, адамдардың қажеттіліктерінің үлкен бөлігі ерте ме, кеш пе қанағаттандырмайды, яғни игілікті пайдалануларына байланысты біртіндеп өтеледі. Екіншіден, қажеттіліктерді жартылай қанағаттандырудан толық қанағаттандыруға өту табан астында емес, көптеген сатылардан өту арқылы мүмкін болады. Бірақ, қажеттіліктерді өтеу дәрежесі барған сайын кемісе, игілік пайдалылығы тұтынушыларға да сол игіліктің саны өскен сайын кемиді. Мысалы, адам үшін, бірінші бөлшек тағам ең үлкен пайдалылық болса, тамағы тойған сайын әрбір келесі бөлшек барған сайын аз пайдалылық болады. Пайдалылықтың азаю процесін барынша дәл баяндау үшін экономикалық ғылымда шекті пайдалылық ұғымы қолданылады, яғни тауардың соңғы бөлігіне қосылатын қосымша пайдалылық. Осы ұғымды пайдаланып, шекті пайдалылықтың азаю заңын тұжырымдаймыз, яғни тұтынылған тауардың саны өскен сайын оның шекті пайдалылығы кемиді.
1.2. Пайданы бөлудің принциптері мен қызметтері
Шығындар құрамына не енетініне байланысты экономистер бухгалтерлік және экономикалық пайданы айырады.
Бухгалтерлік пайда - бұл жалпы табыс пен өндірістегі бухгалтерлік шығындар арасындағы айырма.
Экономикалық пайда - бұл жалпы табыс және экономикалық шығындар арасындағы айырма. Дәл осы экономикалық ілімді зерттеудің пәні болып табылады.
Егер, фирманың жалпы табыстары оның шығындарына тең болса онда экономикалық пайда нөлге тең немесе қалыпты болады.
Қалыпты пайда - бұл неоклассиктердің "жетілген бәсекелестік" моделіндегі пайданың негізгі түсінігі.
Қалыпты (Марксте - "орташа") пайда - бұл фирманы істе ұстауы үшін оның сондай үлкен табысы.
Жетілмеген монополиялық жағдайды иеленсе (газ, мұнай теміржол, тағы басқалар), онда ол пайдалы табиғи жағдайларда сирек кездесетін пайдалы қазбалар жерінде, қолайлы климатта және тағы басқаларында пайда болатын монополиялық пайда алады.
Фирма үшін үлкен табыстың қайнар көзінің маңыздылығы, ашық жазылу бойынша акцияны сатқаннан алынған шамамеі кәсіпорындарға салынған нақты капитал арасындағы айырмашылық құрылтайшылар пайда болып табылады. Оны берілген акционерлік қоғамның құрылтайшылары меншіктенеді.
Фирмаға қатысты табыс көлемі қалыпты пайда көзі болып сипатталады.
Пайда нормасы - бұл процентте өрнектелген, пайданың өндіріс шығындарына қатынасы.
Банктік пайда табыс пен шығыс арақатынасы арқылы анықталады.
Банктік пайданың нормасы төмендегі формуламен анықталады:
Банктік жалпы пайдасы - Банктік істі жүргізу жөніндегі шығындар Банктік меншік капиталы
Банктік пайда - қарыз капиталының меншік иесініц табысы.
Сауда пайдасы нарықтық экономиканың негізгі пайдасы болып табылады. Сауда пайдасы дегеніміз жай ғана үстеме, тауарлардың бағасын өз құнынан асыра нақтылап бәстеу десек, ол сыртқы көрінісі ғана болар еді.
Көпестің өз пайдасын тек сататын тауарларының бағасынан ғана шығара алатыны түсінікті, ал енді оның өз тауарларын сатып тапқан пайдасы сол тауардың алу бағасы мен сату бағасының арасындағы айырмашылыққа тең болуы тиіс екені, сату бағасының алу бағасынан артылған мөлшеріне тең болуға тиіс екені одан бетер түсінікті.
Құрылтай пайдасы акция құны курсы мен өндіріске жұмсалған капитал сомасының айырмасы. Оны компанияны құрушылар иемденеді. Мұндай пайданы алудың екі жолы бар:
1. Құрылтайшылар акция шығарып, оны сатады, бұл кезде өндіріске түскен қаржының жартысын жүмсап, қалғанын өздеріне қалдырады. Мұндай пайда бүркемеленген жолмен алынады. Қоғамды ұйымдастырғанда құрылтайшылар акцияның бір бөлігін сатады. Курстың келесі өскенінде қағаздың қалған бөлігін сатады. Қоғамды құрушылар акцияны сатып алған бағасы мен одан кейінгі бағаның айырмасын өздері иемденеді.
2. Пайда алудың бұл жолы капиталдың екіге бөлінуі деп аталады, яғни құрылтайшылар акцияны капиталдың кәсіпорындарға қосқаннан элдеқайда артық бағамен сатады.
Мысалы, инвестор компанияны жарты миллион долларға алды делік. Содан кейін ол бір миллионға акция шығарады. Бұдан ары олардың бэрін сатып, жарты миллионын қалтасына салады немесе тек жарты миллионын ғана сатуы мүмкін. Соңғы жағдайда инвестор алғашқы шығынын қайтарады жэне жарты миллионға акцияны әншейін алады, соларға дивиденд шығарады.
Батыс елдері соңғы уақытта заң шығару арқылы мұндай пайда келтіруге кедергі жасауда. Капиталдың "екіге бөлінуі" деген сөздің төркіні ертедегі малды базарға апарар алдында түз жегізу деген тәжірибеде жатыр. Сату алдында жаңағы түз жеген малға су ішкізіп, сөйтіп оның салмағын қосымша өсіреді.
Пайда және процент қазіргі экономикалық теорияда өте бір күрделі әрі пікірталас мәселелер қатарына жатады. Бұл мәселелерді талдау пайда мен проценттің көзін анықтау ғана емес, оның рыноктық экономикадағы атқарар қызметін қарастыру.
К. Маркстік пайда теориясы еңбек, құн теориясына негізделген және қосымша құн теориясының тікелей жалғасы болып табылады. Қосымша құн маркстік пайымдауда пайданың, сауда пайдасының, қарыз процентінің өзгерген түрі, соңғылардың шыққан тегі.
Өндірілген тауар қүны: W = с + V + т, мүнда (с + V) капитал орнын толықтыратын эквивалент, меншік иесінің өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмыс күшін сатып алуға жұмсағаны, немесе тұрақты капитал (С) мен өзгермелі капиталға (V) жұмсаған шығыны. Тауар құнының өндіріс құрал-жабдықтары күшінің құнының орнын толықтыратын бөлігі капиталистік өндіріс шығындарын құрайды. Ол капиталист үшін тауар өндірудің қаншаға түскенін көрсетеді. Өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмыс күшіне жұмсалатын қаражаттың өзгеруі өндіріс шығындарына бірдей ықпал етеді, өндіріс шығындарында тұрақты және өзгермелі капитал айырмашылығы жойылады. Осымен байланысты үстірт қарағанда тауар қүнының бір бөлігі (с + V) капиталистік өндіріс шығындарының формасын (К), ал басқа бөлігі (m) - пайда (Р) формасын қабылдайды. Тауар құнының формуласы мынадай көрініс алады: W=(С + V)+ Р немесе К + Р пайда маркстің экономикалық теориясында қосымша құн болып табылады, ол бүкіл авансыланған капиталдың туу көрінісін алады. Пайда сандық тұрғыдан қарағанда тауар құнынан өндіріс шығындарына шегергенде қалған артық бөлігі. Ал саналық тұрғыдан алғанда пайда қосымша құнның өзгерген формасы. Рыноктың пайдаға ықпалын жалпылама түрде былайша сипаттауға болады: егер тауар құнынан жоғары бағамен сатылатын болса (сұраныстың ұсыныстан арту жағдайында), өткізілген пайда өндірілген қосымша құннан көп болады (Р > m); егер тауар бағасы құннан төмен болса (тауарларға ұсыныс сұраныстан асып кетсе), өткізілген пайда мөлшері өндірілген қосымша құннан кем болады (Р < m). Ал егер тауарларға сұраныс ұсынысқа сай келсе, баға құнымен теңеседі, капиталистер алатын пайда массасы, өндірілген қосымша құнмен тең болады. Қосымша құнның пайдаға айналуы, қосымша құн нормаларыныц пайда нормасына айналуын да түсіндіреді.
Пайданың жалпы нормасы түрлі пайда нормаларының белгілі уақыт дәуіріне, айталық, бір жылға авансыланған капиталдың әр жүзіне келетін орташа нормасынан құралады, сондықтан түрлі капиталдардың айналым уақытындағы өзгешеліктен туған айырмашылық та осының өзінде жойылып кетеді. Бірақ бұл айырмашылықтар түрлі өндіріс салаларындағы әр түрлі пайда нормалары үшін анықтаушы тетік болып табылады, бұлардың орташа мөлшері жалпы пайда нормасын құрастырады.
Егер қосымша құн нормасы m = mv * 100% өзгермелі капитал дәрежесінің ұлғаюын көрсетсе, пайда нормасы (р1) бүкіл авансыланған капиталды пайдалану тиімдігін сипаттайды. Ол (р) қосымша құнның бүкіл авансыланған капиталға қатынасын көрсетеді, яғни
Капиталистік өндірістің ынталандырушы күші - пайданы өндіру мен иемдену. Пайда нормасы жоғары болады. Пайда нормасы шаруашылық етудің тиімділігінің бір белгісі. Капиталистің біліктілігі мен оның қолдағы бар өндіріс ресурстарын рационалды пайдалана білуі пайда нормасы, қосымша құн нормасына тікелей әсер етуі даусыз. Бірдей жағдайда пайда нормасы қосымша құн нормасының жоғарылауымен байланысты жоғарылайды, төмендеуімен байланысты төмендейді. Пайда нормасына капиталдың органикалық құрылымы үлкен ықпал етеді. Бұл кері тәуелділікті көрсетеді: капиталдың органикалық құрылымы төмендеген сайын, пайда нормасы жоғары болады, ал органикалық құрылымының жоғарлауымен байланысты пайда нормасы өсіп отырады. Мұның мәні, қосымша құн тек капиталмен өндіріледі. Капиталдың органикалық құрылымы жоғары болғанда, өзгермелі капитал үлесі азаяды (Жапониялық құрылымның төмен болғандығымен салыстырғанда). Сондықтан органикалық құрылымы жоғары бірдей мөлшерлі капитал, аз көлемді қосымша құн массасын экеледі, осыған орай пайда нормасы да төмен болады.
Пайда нормасы капиталдың айналым жылдамдығына тәуелді. Жыл бойынша капитал айналымының санының өсуі қосымша құнның жылдық массасының өсуіне ықпал етеді. Авансыланған капитал жыл бойына көп айналым жасаған сайын, осындай жағдайда пайда нормасы жоғары болады. Бұдан шығар қорытынды: пайда нормасы капиталдың айналым жылдамдығына тіке қатынаста. Пайда нормасына ықпал ететін факторлардың бірі тұрақты капиталды үнемдеу. Мұндай үнемдеу кәсіпкерлік тұрақты капиталдың аз шығынымен бұрынғы дәрежеде қосымша құн өндіріп, пайда нормасын арттыру мүмкіндігін береді. Пайда нормасының динамикасы (ұзақ мерзімді тұрғыдан капиталдың қорлану қарқыны) нэтижесінде қоғамдық өндірістің өсу қарқынын анықтайды. Осы көрсеткіштің өзгеру тенденциясынан экономиканың әр қилы саласының даму сипаты тәуелді. Пайда нормасының қозғалысымен акция курсының, процент ставкасының, басқа да экономикалық көрсеткіштердің өзгерісімен байланыст...........
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Экономика | ҚР ПАЙДАНЫ БӨЛУДІҢ ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының мемлекеттік және бюджеттегі шығындары
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының мемлекеттік және бюджеттегі шығындары
» Курстық жұмыс: Экономика | Пайыз Оның пайда болуы және факторлары
» Курстық жұмыс: Экономика | Қаржының мәні
» Курстық жұмыс: Экономика | ҚР ПАЙДАНЫ БӨЛУДІҢ ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының мемлекеттік және бюджеттегі шығындары
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының мемлекеттік және бюджеттегі шығындары
» Курстық жұмыс: Экономика | Пайыз Оның пайда болуы және факторлары
» Курстық жұмыс: Экономика | Қаржының мәні
Іздеп көріңіз: