Курстық жұмыс: Құқық | Құқықтық норма
Мазмұны
Кіріспе
ІІ тарау. Құқықтық норма
2.1 Құқықтың қайнар көздері
2.2 Құқықтық норманың ұғымы, түрлері, құрылымы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМА
Құқықтың қайнар көздері
Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабында былай делінген:
1. Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі.
2. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешікім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады.
3. Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады.
4. Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше
көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада
азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады,
сондай-ақ міндеттер атқарады
5. Құқық негізі жөнінде әңгімелегенде, бәрінен бұрын құқықтың пайда болуы мен оның әрекет етуіне негіз болатын қозғаушы күштердің мағынасы әңгімеге арқау болады. Мұндай қозғаушы күштер мемлекеттің құқық шығармашылық ісі, үстем таптың (бүкіл халықтың) ерік-жігері және ең соңында қоғамның материалдық тұрмыс жағдайлары
Бұл бап Республикада адам қүқықтары мен бостандықтарын тану мен қорғаудың негізгі ережелері мен принциптерін тану мен қорғаудан тұрады.
Онда еліміздің қүқықтық жүйесінде адамның құқықтары мен бостандықтарын тану институты, сондай-ақ заң шығарушылардың оларды - экономикалық, әлеуметтік, мәдени және саяси-құқьіқтық жағынан қорғалу кепілдігін қамтамасыз ету міндеттемесі бар екендігі танылған. Бұл кепілдіктер әртүрлі нысанда Конституцияның II-бөлімінің келесі бөлімдерінде де жазылған, алайда тұтас алғанда олар сығымдалып түсіндірілген деуге болады. Мысалы, саяси-қүқықтық кепілдіктер айтар-лықтай толық ашылса, әлеуметтік-экономикалык, және мәдени кепілдіктер ықшамдалып берілген
Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің басты ілімі және негізгі принципі ретінде адамның табиғи құқығының теориясы тұжырымдамасы алынған. Сөйтіп, осы нормаға сәйкес заң шығарудың және заң қолданудың басты өлшемі олардың жеке адамның құқықтары мен бостандықтарына сәйкестігі болып табылады. Яғни, осы тармақ мемлекет саясатындағы жүйелік орталықтандырудан жеке бастық орталықтандырудың басымдығын ресми түрде орнықтырды. Ол мемлекеттің бұрынғы кеңестік режимі кезінде үстемдік еткен ұжымдық демократия тұжырымдамасынан ресми түрде бас тартуды білдіреді. Аталған қағиданың іс жүзінде қолданылуына әр заңды және әр заң жобасын гуманитарлық, оның ішінде қоғамдық сараптамадан өткізу және мемлекеттік органдардың қызметіне конституциялық бақылау жасау үшін іргелі негіздер қалау мүмкіндігін жатқызуға болады.
Еліміздің құқықтық жүйесінде бірлестіріліп жүйеленген табиғи-құқықтық теория құқықтың мемлекет қызметінен басымдығын табиғи түрде қамтамасыз етеді, сөйтіп Президентті қоса алғанда лауазымды адамдарға қоғамдық қадағалауды жүзеге асыруға мүмкіндік туады.
Осы тармақта адам мен азаматтың құқықтық мәртебесі ерекшеленген. Егер адам құқығы тумысынан жазылған болса, азаматтың құқығы кейін пайда болады. Азаматтың құқықтық мәртебесіне табиғи түрде адам құқығы, сондай-ақ жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың кепілдігі негізіне қызмет ететін, азамат пен оның мемлекеті арасындағы ерекше билік қатынастарын қоғамдық шарттар түрінде белгілейтін саяси қүқықтар мен міндеттер кешені кіреді. Азаматтың мәртебесі, осы аталғандарға қоса, тек құқықтар ұғымын ғана емес міндеттер ұғымын да қамтиды, айталық азамат иеленген саяси билікке деген құқығы осы билікті мемлекеттің осы адамға қатысты құқығының екінші жағы ретінде арнау міндетінің болуы қажеттігімен де ерекшеленеді.
Конституцияның осы нормасына сәйкес шетелдіктер мен отансыз адамдардың (апатридтердің) Қазақстан Республикасы азаматтарымен әлеуметтік-экономикалық және тиісінше саяси салада азаматтық құқықтары мен міндеттерінің толық теңдігі белгіленген. Әдеттегідей, мемлекет азаматтары барынша кең саяси құқықтық субъектілікті пайдаланады, алайда жекелеген жағдайларда, айталық, дипломатиялық корпус үшін, Республиканың халықаралық келісім жасасуларынан туындайтын ішінара ерекшеліктер болуы мүмкін.
Осы норма бұзылған жағдайда кері зардаптарға әкеліп соқтыруы мүмкін құқықтары мен бостандықтарын жеке адамның іске асыруының шегін орнықтырады. Бұл, мысалы, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтары, конституциялық құрылыс және қоғамдық; имандылық. Аталған шектеулер құқықтық практикада жалпыға мәлім шектеулер болып табылады. Мәселе заң қолданушылардың осы шектеуді түсінуіне келіп тіреледі. Орталықтандырылған құқықтық саясат кезінде мұндай түсіндірме бүкіл ел "көлемімде айтарлықтай жеңіл таратылуы да, кеңейтілуі де мүмкін, ол - қорғауды, тіпті жеке адамның құқықтық мәртебесінің өзін биліктің толық жоққа шығаруына мүмкіндік жасайды. Сондықтан аталған ереже тиісті нормативтік актілермен дәл нақтылауды қажет етеді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабында былай делінген:
1. Әркімің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы.
2. Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.
3. Әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көзделген жағдайларда заң көмегі тегін көрсетіледі
Конституцияның 13-бабының 1-тармағының нормалары азаматтық заңдарда дамытылған. Конституцияның 13-бабында айтылатын "құқық субъектісі" санаты азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігінің азаматтық-құқықтық ұғымын құрайды.
ҚР АК-інің 13-6абында азаматтық құқығы және міндеттілік жүктеу қабілеті болудың (азаматтық құқық қабілеті) барлық азаматтар үшін бірдей дәрежеде танылатындығы белгіленген. Азаматтық құқық қабілеті ол туған сәттен бастап болады және ол қайтыс болуымен тоқтатылады.
Азамат Қазақстан Республикасы шегінде де, сондай-ақ шет елдерде де мүлікке, оның ішінде шет ел валютасына меншік құқығына; мүлікті мұралыққа алу және мұралыққа беруге; реслублика аумағында еркін жүру және тұратын орнын еркін таңдауға; Республика шегін еркін тастап шығу және оның аумағына еркін қайта оралуға; заң актілерімен тыйым салынба-ған кез келген қызметпен айналысуға; занды тұлғаны жеке немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірлесе құруға; заң актілерімен тыйым салынбаған кез келген мәміле жасауға және міндеттемелерге қатысуға; жаңалық ашуға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына және өзге де ой еңбегіне жеке меншік құқығы болуға; материалдык, және моральдық зардаптардың орны толтырылуын талап етуге; басқа да мүліктік және жеке құқықтарды иеленуге құқылы (ҚРАК-інің14-бабы).
Азаматтың өз іс-әрекеттерімен азаматтық құқықты иелену және оны жүзеге асыру, өзі үшін азаматтық міндеттерді туғызу, оларды орындау (азаматтык, қабілеттілік) оның кәмелеттік жасқа келуімен, яғни жасының он сегізге толуымен толық көлемінде туады.
Заң актілерімен он сегіз жасқа толмай некеге отыруға жол берілген азаматтың әрекет қабілеттілігі толық, көлемінде ол некеге отырған күннен басталады. Егер заң актілерімен өзгеше кезделмесе барлық азаматтың әрекет қабілеттілігі бірдей болады (ҚР АК-інің 17-бабы).
ҚР АК-інің 18-бабында құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігінен айыру мен оны шектеуге жол берілмейтіні туралы ереже белгіленген. Атап айтқанда, заң актілерімен көзделген реттер мен тәртіптен өзге жағдайда ешкімнің де құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігіне шектеу қоя алмайтындығы белгіленген.
Құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігінің заң актілерімен белгіленген шарты мен тәртібін немесе олардың кесіпкерлікпен не өзге қызметпен айналысу құқығын сақтамау тиісті шектеулерді белгіленген мемлекеттік немесе өзге орган актісінің заңсыздығын көрсетеді.
Азаматтың құқықтық қабілеттілігінен немесе әрекет қабілеттілігінен және құқықтық қабілеттілігін немесе ерекет қабілеттілігін шектеуге бағытталған басқа да мәмілелерден толық немесе ішінара бас тартуы, заң актілерімен рұқсат етілгендерден өзге реттерде заңсыз болып табылады.
Азаматтық құқықты қорғау тәсілдері ҚР АК-інің 9-бабында белгіленген. Азаматтық құқықтарды қорғауды: құқықтарды тану; құқық бұзылғанға дейінгі жағдайды қалпына келтіру; құқықты бұзатын немесе оның бұзылуына қауіп төндіретін іс-әрекеттердің жолын кесу; міндеттіліктің іс жүзінде орындалуына үкім ету; шығындарды, айыптарды өтеу; мәмілелерді заңсыз деп тану; моральдық зардаптардың орнын толтыру; құқықтық қатынастарды тоқтату немесе өзгерту; мемлекеттік басқару немесе жергілікті өкілді не атқарушы органдардың заңдарға сәйкес келмейтін актілерін заңсыз немесе қолдануға жатпайды деп тану; азаматтың немесе заңды тұлғаның құқық иеленуіне немесе оны жүзеге асыруына кедергі келтіргені үшін мемлекеттік органнан немесе лауазымды адамнан айып өндірту жолымен, сондай-ақ заң актілерімен көзделген өзге де тәсілдермен сот немесе аралық сот жүзеге асырады.
Бұзылған құқықты қорғау үшін өкімет немесе басқару органына жүгіну, егер заң актілерімен көзделмеген өзге реттерде, құқықты қорғау туралы сотқа жүгінуге кедергі келтірмейді.
Заң актілерімен арнайы көзделген реттерде азаматтық құқықтарды қорғау құқығы бұзылған жеке немесе заңды тұлғалардың тікелей өздері арқылы жүзеге асырылады (өзін-өзі қорғау).
Егер заң актілерімен немесе шарттармен өзгеше көзделмесе құқығы бұзылған адам оған келтірілген зиянның толық өтелуін талап ете алады. Шығындар дегеніміз - құқығы бұзылған адамның өндірілген немесе өндіріліп алынуы тиіс болатын шығындары, оның, жоғалған немесе зақымданған мүліктері (нақты залал), сондай-ақ осы адам, егер оның құқығы бұзылмаған болса айналымның әдеттегі жағдайында ала алатын алынбаған кірістері (жоғалған тиімділік).
Мемлекеттік өкімет органының, өзге де мемлекеттік органның заңға сәйкес келмейтін актілерін шығаруы, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) нәтижесінде азаматқа немесе заңды тұлғаға келтірілген зиянды Қазақстан Республикасы немесе тиісінше әкімшілік-аумақтық бірліктің өтеуі тиіс.
Егер жолсыздықтан құқықтық зардап шегу тәртіп бұзушының кінәсінен болса, заң актілерілнен кезделгеннен басқа реттерде оның кінәлілігі жорамалданады.
Қажетті қорғану үғымы 1997жылғы 16 шілдеде Парламент қабылдаған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 32-бабында беріледі. Атап айтқанда, қажетті қорғаныс жағдайында, яғни қорғанушынын, немесе өзге адамның жеке басын, тұрғын үйін, меншігін, жер учаскесін және басқа құқықтарын, сондай-ақ қоғамның немесе мемлекеттің қоғамдық қауіпті қол көтерушіліктен заңмен қорғалатын мүдделерін қол көтерушіге зардап келтіру арқылы қорғау, егер бұл ретте ол қажетті қорғаныс шегінен шығып кетпесе оның қол көтерген адамға келтірген зардабы қылмыс болып табылмайды.
Қажетті қорғаныс құқығына, олардын,кәсіптік немесе өзгелей арнайы дайындығына және қызмет жағдайына қарамастан, барлық адамдар тең дәрежеде құқылы. Бұл құқық адамға қауіпті қол сұғушылықтан құтылып кету не көмек сұрап басқа адамдарға немесе мемлекеттік органдарға жүгіну мүмкіндігіне қарамастан беріледі.
Қол көтерушіге зардап шектіру мұқтаждығы болмаған жағдайда айқын шамадан тыс зардап шектіру нәтижесінде қорғанудың қол көтерудің қоғамдық қауіптілік сипаты мен деңгейіне сәйкес келмеуі қажетті қорғаныс шегінен шығып кету деп танылады. Мұндай шектен шығу тек қасақана зар-дап шектірген реттерде ғана қылмыстық жауаптылыққа тартылады.
Құқық негізі жөнінде әңгімелегенде, бәрінен бұрын құқықтың пайда болуы мен оның әрекет етуіне негіз болатын қозғаушы күштердің мағынасы әңгімеге арқау болады. Мұндай қозғаушы күштер мемлекеттің құқық шығармашылық ісі, үстем таптың (бүкіл халықтың) ерік жігері және ең соңында қоғамның материалдық тұрмыс жағдайлары.
Бұл тұрғыдан құқық негіздерін кең мағынада түсіндіреді. Сондай бола тұрса да «құқық негіздері» дегеніміз – қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми түрде бекітілген, жалпыға бірдей міндетті, мемлекет қамтамасыз ететін қоғамның ерік-жігері.
Әдетте құқық негіздері төрт түрге бөлінеді: құқықтың әдеттері,сот прецеденттері (үлгілері), құқықтық келісім-шарттар, нормативтік-құқықтық актілер.
Құқықтық әдеттер – қоғам өмірнен шыққан, адамдардың қарым-қатынасын реттейтін, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін ресми түрде бекітілетін әдет-ғұрыптар.
Кезінде қазақ даласында құқықтық әдет-ғұрыптар қоғамдық қатынастардың негізгі реттеушісі болған.
Оған дәлел «Қасым ханның қасқа жолы» (XV ғ.), “Есім ханның ескі жолы” (XVI ғ.), Тәуке ханның “Жеті жарғысы” (XVIІІ ғ.). Сонымен қатар қазақ қоғамында билердің үлгі шешімдері де қазақтың ұлттық құқықтық әдеттерін дамытқан. Қиыннан қиыстырып тапқан билердің шешімдері ұқсас істерді қарағанда күші бар құқықтық норма ретінде пайдаланылған. ХІХ ғасырдың билер съезінде қабылданған ережелерде құқықтық нормалар жазылып, нормативті актілер ретінде пайдаланылған. Солармен қатар қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан құқықтық әдеттер де қоғамдық қатынастардың реттеушісі болып отырған.
Құқық прецеденті – жоғары мемлекет (сот) органдары қабылдаған нақты шешім. Осы шешім төменгі мемлекет (сот) органдарына ұқсас істерді шешкенде негіз болады. Құқық прецендентінің шыққан елі – Англия. Қазіргі заманда құқық прецеденті Англия, АҚШ, Үндістан, Австралия мемлекеттерінде құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады.
Құқықтық келісім-шарт екі немесе көп жақтың өз еркімен жасалған, ресми түрдет бекітілген, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін келісім-шарт.
Қазіргі заманда құқықтық келісім-шарттар халықаралық қатынастарда құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады.
Нормативтік-құқықтық актілер – құқықтың ең басты қайнар көзі, негізі ретінде танылады
Нормативтік-құқықтық акті (НҚА) – мемлекеттік органдар ресми түрде қабылдаған, жалпы ережелерден тұратын, қоғамдық қатынастарды реттейтін, жалпыға бірдей міндетті құжат, яғни акті.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасында ұлттық құқық тек қана нормативтік актілер арқылы қалыптасуда. Құқықтың нәр алатын бастауы – Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады. Одан төмен – конституциялық заңдар. Ондай заңдар ерекше қатынастарды реттейді. Одан кейінгі – жай заңдар. Конституцияға өзгерістер мен қосымшаларды республикалық референдум немесе Парламент енгізеді. Конституциялық және жай заңдарды Парламент қабылдайды. Парламент Президентке бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге қақылы. Конституцияда аталған жағдайда Президент заң күші бар Жарлық шығаруға қақылы. Президент өз өкілеттігіне жататын мәселелер бойынша нормативті Жарлық шығарады. Қазақстан Республикасының Үкіметі өз құзырындағы мәселелер бойынша Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар қаулылар шығарады. Конституциялық Кеңес өз құзырындағы мәселелер бойынша нормативті қаулылар шығаруға құқылы. Ол Қазақстан құқығының құрамды бөлшегі болып есептеледі. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты да құзырына жататын мәселелер бойынша норматвиті қаулылар қабылдауға құқылы
Қазақстан 2030 жылы Орта Азияның Барысына айналады дегенге сенсек, онда ол үшін мемлекетіміздің құқықтық жүйесі мығым болуы тиіс. Ал құқықтық жүйенің берік болуы құқық саласының оңды дамуымен байланысты болса, құқықтық норма бұл ретте өзіне тиесілі орынды алады деген ойдамын.
Дегенмен, 2030 жылғы осындай Қазақстан өзінен-өзі пайда болмайды. Оны біз өз қалауымызбен және табысқа жетуге талпынған ерік-жігеріміз арқылы тұрғызамыз. Егер біз осы мүмкіндікті сәтімен пайдалана алмасақ, егер біз болшағымызға жоспар құрмай және бүгінгі күні нақты іс-қимылдарды іске асырмай күндер мен апталарды уысымыздан шығарып алсақ, егер сәтсіздікке ұшырасақ, онда өзімізден басқа ешкімге кінә арта алмаймыз.
Еш нәрсеге бірден қол жетпейді. Табысты әрі тұрақты дамуға объективті түрде белгілі бір сатылар тән, оған құлашты бір сермегеннен жетуге болмайтыны да белгілі. Салауатты әрі гүлденген экономика құрмайынша, біз қуатты мемлекет пен Қарулы Күштер құра алмаймыз, демографиялық, экологиялық және әлеуметтік міндеттерді шеше алмаймыз, әрбір адамның жеке басының қадір-қасиеті мен әл-ауқатын арттыра алмаймыз.
Экономикалық дамудың жоғары қарқынына қол жеткізу өз кезегінде саяси тұрақтылық пен тұрлаулылықты, қуатты әрі нысаналы реформаларды талап етеді. Ал бұл үшін Президенттің саясатын іске асыруға, ескінің қарсылығын еңсеруге, әрі күмәнданушыларды соңынан ерте білуге қабілетті кәсіпқой, зерделі, батыл және отансүйгіш Үкімет қажет.
Бідің жас ұрпақтың кей өкілдері мемлекеттік қызметке тұрады. Олар жоғары ақы төленетін, жақсы оқытып-үйретілген, Қазақстан мен Қазақстан халқының мүдделерін өздерінің жеке мүдделерінен жоғары қоятын мамандар бола отырып, жаңа дәуір жағдайында жұмыс істейтін болады.
2030 жылдың азаматтары мемлекеттің өздерінің құқықтарын қорғайтынына және мүдделерін биік ұстайтынына сенімді болады. Бұл ретте олар қолайсыз жағдаяттар себебімен өмірден өз орнын таба алмай, мемлекетке әлеуметтік көмек сұрап жүгінуге мәжбүр болған аз ғана адамдарға да мемлекеттің қамқорлық жасамайтынын білетін болады
Сонымен, құқық негіздері дегеніміз – қоғамдық қатынастарды реттейтін, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін, ресми түрде бекітілетін әдет ғұрыптар. Жоғарыдан белгілі болғандай, құқық негіздері жөнінде әңгімелегенде, бәрінен бұрын құқықтың пайда болуы мен оның әрекет етуіне негіз болатын қозғаушы күштердің мағынасы әңгімеге арқау болады екен. Мұндай қозғаушы күштер мемлекеттің құқық шығармашылық ісі, үстем таптың (бүкіл халықтың) ерік – жігері және ең соңында қоғамның материалдық тұрмыс жағдайлары.
Құқықтық норманың ұғымы, түрлері, құрылымы.
Құқық – күрделі құбылыс. Құқықтың негізгі қызметі – қоғамдық қатынастарды реттеу, тәртіпті сақтау, қорғау. Құқық жалпыға бірдей міндетті мемлекет қамтамасыз ететін нормалардың жиынтығы.
Ал құқықтық норма дегеніміз, құқықтың бір ғана ереже қағидасы. Мысалы, құқықты үй деп санасақ, онда құқықтық норма осы үйдің бір кірпіші, торшасы.
Құқықтық норма - мемлекет таныған, қамтамасыз еткен, қоғамдық қатынастарға араласып түсушілердің құқықтары мен міндеттерін туындататын, олардың әрекеттерін үлгі, эталон, масштаб, өлшем есебінде реттей алатын жалпыға бірдей міндетті ереже, норма.
Құқықтық норма – заңға сәйкес келетін мінез, жүріс-тұрыстың айырымдылық белгісін білдіреді. Осыдан құқықтық норма жария айқындылық, нақтылық мәнге ие болады. Оның өзі заңмен көзделген істің шешімін табуға мүмкіндік береді.
Әрбір құқықтық норманың үш элементі (бөлігі) болады: диспозиция (мінез-құлық ережесі), гипотеза және санкция (жаза, шара).
Құқықтық норманың гипотезасы (жорамалы) – құқықтық норманы қолдану (немесе қолданбау) үшін қажетті өмірдегі мән-жайлардың бар екенін көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Гипотезаның көмегімен мінез-құлықтың қиялдағы нұсқасы өмірдегі жағдаймен, белгілі адаммен, мерзіммен және орынмен байланыстырылады. Былайша айтқанда, гипотеза құқықтық нормаға жан бітіреді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам .....
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Мемлекет және құқық | Құқықтық норма
» Курстық жұмыс: Азаматтық құқық | Құқық нормаларының құрылымы
» Курстық жұмыс: Құқық | Азаматтық құқық қатынастары
» Курстық жұмыс: Құқық | Азаматтық құқықтың мазмұны субъектілері және объектілері
» Курстық жұмыс: Құқық | Азаматтардың құқық және әрекет қабілеттілігі
» Курстық жұмыс: Мемлекет және құқық | Құқықтық норма
» Курстық жұмыс: Азаматтық құқық | Құқық нормаларының құрылымы
» Курстық жұмыс: Құқық | Азаматтық құқық қатынастары
» Курстық жұмыс: Құқық | Азаматтық құқықтың мазмұны субъектілері және объектілері
» Курстық жұмыс: Құқық | Азаматтардың құқық және әрекет қабілеттілігі
Іздеп көріңіз: