Курстық жұмыс: Топография | Құрылыс туралы жалпы түсінік

Курстық жұмыс: Топография | Құрылыс туралы жалпы түсінік

Мазмұны

Кіріспе…………………………………………………………………………3

1. Құрылыс туралы жалпы түсінік………………………………………......4
2. Құрылыс динамикасы………………………………………………….....6
3. Құрылыс материалдарын өндеу кәсібі………………………………......9
4. “Алматықұрылыс” компаниясының жетістіктері………………….......13
Қорытынды………………………………………………………………….19
Пайдаланылған әдебиеттер………..……………………………………...20


1. Құрылыс туралы жалпы түсінік
Құрылыс материалдары өнеркәсібі үш негізгі топқа бөлінеді:
1. Минералды-құрылыс шикізатын (ірі, қиыршық тас, ұсақталған тас, гранит,
мәрмәр және т.б.) алғаш өңдеу,
2. Ұқсастыратын материал (цемент, әк, гипс, т.б.) өндіру.
3. Құрылыс үшін бетон және темір-бетон мен бұйымдарын,
қабырғалық материалдар жасау.
Минералды-құрылыс шикізатын құрайтын негізгі заттар: кірпіштік саз, әк шикізаты, бетонды толықтырушылар. Олар республиканың барлық жерінде кездеседі. Отқа төзімді және саз, гипс, асбест (таскендір) Солтүстік, Орталық, Шығыс және Оңтүстік Казақстанда кең таралған, Керамзит саз Алматы, Шымкент, Костанай маңынан табылып өндірілуде. Шеге құм (кварц) кен орындары Ақмола, Павлодар облыстарынан алынуда. Құрылыс құмы мен қиыршық тас кен орындары Шығыс Казақстан облысында. Ұлутас сияқты бағалы құрылыс материалы Маңғыстау облысында өндіріледі. Олар жеңіл қабырғалық блоктар мен тақталар жасауға пайдаланылады. Жамбыл облысында мол гипс қоры бар. Атырау облысында табиғи асфалттың бай қоры табылды. Жол құрылысы үшін ол барлық жерге керек. Цемент алу әктас, мергел бор, домна пештері мен глинозем өндірісінің, металлургия және фосфор зауыттарының қалдықтары, жылу электр станцияларының күлі сияқты әр түрлі шикізат пайдаланылады. Олардың қоры Республиканың барлық аудандарында кездеседі. Цемент өндіруге қажетті шикізаттың мол қоры Шымкент, Қарағанды, Өскемен, Семей маңынан табылды да, бұл қалаларда ірі цемент зауыттары салынды. Цемент өнеркәсібі базасында асбест-цемент өнімдері өндірісі ұйымдастырылды. Семей асбест-цемент зауыты мен Жітіқара асбест комбинатында (Қостанай облысы) төбе жабатын шифер өндіріледі, Таразда Черепица зауыты салынды. Қарағанды, Семей, Шымкент асбест-цемент өндірісінің ірі кәсіпорындары орналасқан. Цемент пен темір-бетон ең қолайлы және әмбебап материалдар ретінде республиканың барлық облыстарында өндіріледі. Барлық қалаларда дерлік ірі және шағын қабырғалық блоктар, темір-бетон құрылымдары мен бұйымдарын өндіретін зауыттар бар. Казақстанның оңтүстік мен оңтүстік-шығысында көбіне қызыл кірпіш өндіріледі. Керамзит сазы Алматы, Шымкент, Қостанай маңындағы ірі кен орындары пайдаланылуда. Егер цементті "құрылыстың наны" деп атайтын болсақ, ал жаңа құрылыс материалы керамзиті "ірі тақталы үй салудың наны" деп атайды
2. Құрылыс динамикасы

Құрылыс динамикасы— конструкциялардың динамикалық күш әсерінен толқу (тербелу) заңдылықтарын зерттейтін құрылыс механикасының саласы. Құрылыс динамикасы мұнымен бірге тербелістерді кеміту әдістерін қарастырады. Сыртқы күштер әсерінен құрылыс конструкциялары сілкініске не соққыға ұшырап толқиды. Құрлыс динамикасы құрылыс конструкцияларындағы кернеудің шамасы мен оның деформациялану ерекшеліктерін әрі мұның қай кезде барынша үлкен шама болатынын, конструкциялардың тербелу ырғағын, олардыңң ішкі күштері мен кернеулерін анықтайды, әрі бұларды осы шамалардың беріктік шегімен салыстырады. Құрылыстардың беріктігі мен ұзаққа шыдау мерзімі динамикалық және статикалық есептеулер негізінде анықталады.
Зерттеу әдістеріне қарай құрлыс динамикасы тәжірибелік және теориялық деп екіге бөлінеді. Тәжірибелік құрылыс динамикасы, құрылысқа әсер ететін динамикалық күштерді, материалдар мен конструкциялардың динамикалық қасиеттерін зерттейді, әрі құрылыс конструкцияларының тербелісін кеміту әдістерін іздестіреді. Т е о р и я л ы қ құрылыс динамикасы тәжірибелік құрылыс динамиканың зерттеу нәтижелрін пайдаланып, аналитикалық немесе санды әдістер арқылы тербеліс ырғағының шамасын есептеп табады. Бұл — құрлыс динамикасының басты мәселесі. Осы мәселені шешу динамикалық күштердің түріне, есептеу әдістеріне байланысты. Динамикалық күштер уақытқа байланысты өзгеретін заңдылық бойынша әсер ететін және кездейсоқ әрі ешқандай заңдылықсыз өзгеретін статикалық шамалармен анықталатын екі топқа ажыратылады.
Республикамызда (Алматы құрылысында) жер сілкінісіне төзімді тұрғын үйлер (ғимараттар) салу ісінде құрылыс динамиканың тәжірибелік саласына баса назар аударылуда. Мысалы Медеу қопарылысы кезінде көп қабатты тұрғын үйдің т. б. құрылыстардың 8—9 баллдың жер сілкінісіне шыдамдылығы сыналды, жол құрылысына қажетті - жабық ылғал өткізбейтін заттар жасалады. Ағаш жаңқасынан жұқа әшекейлік тақталар жасау үшін байланыстырған материал ретінде синтетикалар пайдаланылады. Жасанды құрылыс материалы жасалу технологиясына қарай байланыстырғыш материалдар көмегімен жасалатын бетон, темір-бетон, асбест-цемент, силикаттық бетондар мен кірпіш, құрылыс ерітінділеріне; балшықтан күйдіру арқылы алынатын керамикалық құрылыс материалына; құмды түрлі қоспалар қосып балқыту арқылы жасалынатын шынылар, балқыту арқылы алынатын кеуек қоқыстар, ситалдар, минералдық мақталарға бөлінеді. Жасанды құрылыс материалының бір түрі — металдар. Олар құрылыста әр түрлі конструкциялар (көпірлер, өндірістік құрылыстар, жер сілкінісіне шыдамды құрылыстық қаңқалар және темір-бетон арматуралар т.б.) жасауға пайдаланылады.
Құрылыс материалының екінші түрі әр түрлі табиғи тау жыныстарынан алып жасалынатын ірге тастар, қабырғалық әшекейлік т.б. материалдар. Құрлыс материалын пайдалану мақсатына қарай іргелік материалдар (шой тас және бетон), қабырғалық (кірпіш және силикат кірпіш, кеуек керамика, жеңіл бетон, силикат бетон, кеуек бетондар, туф, ағаш), төбелік материалдар (темір-бетон, қоқыс бетон, гипс бетон, бетон тақталары мен панельдер және ағаш тақталар), жұқа қабырғалық материалдар (гипс тақта, кеуек гипс тақта, кеуек керамика), едендік материалдар (тақтай, паркет, ксилолит, керамикалық тақталар, асфальт-бетон, құрылыс ерітінділер, линолеум), жабындық материалдар (қыш жабын, жабындық тақта тас, асбест-цементтік тақта, тақтай, темір, пергамин, рубероид, толь), қапталып материалдар (табиғи тау жыныстарынан жасалынатын гранит, әк тас, мәрмәр т. б., керамикалық тақталар, майолика, әр түсті құрылыс ерітінділері, түсті шынылар, гипстен жасалған әр түрлі бөлшектер), әшекейлік материалдар (сыр, бояу, линолеум, суретті шынылар, түсті сылақтар, көркемделген. Органикалық емес (цемент, әк дейін Россияда құрылыс материальдары өнеркәсіптің тас, гипс т.б.) материалдардың өндірілетін ең бір мешеу қалған салаларының бірі — цемент. Одан бетон, темірді еді. Россияда цемент өндіру бетон, асбест-цемент, құрылыс ерітіндісі басына шаққанда 1913 ж. АҚШ-тан 15 есеге жуық құрылыс материалы жасалады, ал Германиядан 10 есе тастан бу қысымымен алынатын төмен болды. Цемент пен керамиликаттық бетон, кірпіш жасалады, әрі қалың құбырлардың, черепицаның, одан құрылыстық ерітінділер дайын және құрылыс материалдары бар. Қостанайда құрылыс шыныларын өндіретін зауыд салынып, Шевченко қаласының жанындағы Жетібай карьері негізінде қымбатты құрылыс материалы қыйыршық тас өндіру игерілетін болады.
3. Құрлыс материалдарын өңдеу кәсібі.
Құрылыс механикасы — құрылыс конструкцияларының беріктігі мен орнықтылығын, қатаңдығын зерттейтін әрі бұларды есептеуге арналған ғылыми пән. Құрылыс материалы кейде құрылыс статикасы немесе құрылыс теориясы деп те атайды. Құрылыс материалының басты мақсаты — конструкция бөліктерінде әр түрлі сыртқы әсерлерден (әр түрлі салмақтар, жүктер, температуралық өзгерістер т.б.) пайда болатын ішкі күштердің мөлшерін есептеуге арналған әдістерді табу; деформация шамаларын анықтау; орнықтылық жағдайларды зерттеу. Құрылыс конструкциялары мен оның құрамды бөліктері мынадай түрлерге топталады: 1) бір өлшемі қалған екеуінен әлдеқайда үлкен элементтерден құрылған стерженьдік жүйелер; 2) екі өлшемі (ұзындығы мен көлденеңі) үшіншісінен (қалыңдығынан) әлдеқайда (кемінде 20 есе артық) үлкен элементтерден құралған (жасалған) тақта, плита, қабықшалар; 3) үш өлшемі біріне қарайлас элементтерден құрылыс қозғалыстардың өзара алмастырылған (тірек қабырғалар, ірге тастар, принциптері, реакциялардың өзара плотиналар т.б.) біртұтас массивтер алмастырылу принципі) шығады.
Құрылыс материалы зерттейтін мәселелер - Статикалық анықталған жүйелерге кедергісі, серпімділік, пластика әсер ететін тұрақты анықтау үшін аналитика тығыз байланысты. Құрылыс материалдары көбінесе және графиктік әдістер пайдаланыла стержендік жүйелерді есептеу тәсілді. Құрылыс материалында кинематикалық әдістердерін және оның теорияларын қолданылады. Құрылыстарға әсер ететін стерженьдік жүйелерге жататын жылжымалы күштер жазық және кеңістіктік сызықтық әсерлер арқылы. Мысалы, поездардың көпірге түсіруін, арқалар, тіректер, қабырғалар әсерлерін анықтауға осы әдіс пайдаланылады. Статикалық анықтама қабылданған есептеу схемалары ғана жүйелердің есептері
бойынша құрылыстар статикалық әдіспен шешіледі. Олар күштер әдісі,
анықталған және статикалық анық деформациялық әдіс және араластырылмаған жүйелерге ажыратылады. Соңғы кезде құрылыс материалының мәселесі - Статикалық анықталған жүйелерді шешуге электрондық есептегіш күштер әсерін табуға күштердің пайдаланылуда. Бұлардың әсерлерін анықтау үшін ішкі және сыртқы күштердің тепе-теңдігі, оған қоса жүйелердің деформациялары қарастырылады. Құрылыстың құрамында материалдар сияқты жеңілдетілген теориялар (мысалы, құрылыс конструкциялар тұтас, біркелкі, серпімділігі бекем қатты заттардан тұрады деп жорамалданады) пайдаланылады. Бірақ бұл жеңілдіктер қолданылатын әдістердің дәлдігін жемітеді, кейде айтарлықтай қателіктерге соқтырады. Сондықтан мәселені өте қарапайым түрге дейін оңайлатуға болмайды. Пластинка, плита және қабықшаларды есептеу серпімділік теориясына негізделген. Егер қарастырылмақ мәселеміз серпімділік теориясының заңдарынан алшақ жатса, онда әсер етуші күштер мен деформациялар пластикалық немесе сусымалық теориялар бойынша есептеледі. Тұтас массивті конструкциялардың ішкі күштерінің кернеулерін жалпы жағдайлар үшін анықтау әлі күнге дейін толық шешілмеген мәселе. Құрылыс материалының маңызды салаларының қорына сусымалы заттардың теориясы мен тірек қабырғаларды есептеу мәселесі жатады. Бұлар арқылы сусымалы заттардың тірек қабырғаға түсіретін қысымын анықтаумен бірге ол қабырғалардың беріктігі мен орнықтылығы жеңілдетілген әдістер бойынша анықталады. Грунттың кез келген пішінді құрылыста түсіретін қысымын барынша толық анықтау механикасының өте күрделі мәселесі болып отыр. Сондықтан есептеу кезінде грунттың (топырақтың) тосқауылдарға түсіретін қысымын қарапайымдатылып әрі жеңілдетіліп (топырақ құрғақ түйіршіктер немесе кебу таза құм деп саналады, яғни топырақ жасанды сусымалы заттардан тұрады деп жорамалданады) құрастырылады. ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык Құрылыс туралы жалпы түсінік жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Топография курстық жұмыстар, Құрылыс туралы жалпы түсінік

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]