Курстық жұмыс: Құқық | Қылмыстардың жекелеген түрлері мен топтарын тергеудің әдістемесі

Курстық жұмыс: Құқық | Қылмыстардың жекелеген түрлері мен топтарын тергеудің әдістемесі

Мазмұны

Кіріспе бөлім.

1. Жалпы бөлім. Қылмыстардың жекелеген түрлері мен топтарын тергеудің әдістемесі.
1.1. Ұрлықтың қылмыстық-құқықтық, криминологиялық, криминалистикалық сипаттамасы.
1.2. Ұрлық қылмысы бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайлар және қылмыстық іс қозғаудың ерекшеліктері, қалыптасатын біртектес тергеулік ахуалдар.

2.Негізгі бөлім. Тергеу өндірісінің ерекшеліктері.
1.1.Алғашқы тергеу әрекеттерінің тактикасы.
2.2. Кейінгі тергеу әрекеті.

Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.


1. ЖАЛПЫ БӨЛІМ. ҚЫЛМЫСТАРДЫ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІ МЕН ТОПТАРЫН ТЕРГЕУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ.

1.1. Ұрлықтың қылмыстық – құқықтық, криминологиялық және криминалистикалық сипаттамасы.

Жеке қылмыс түрлері мен топтарын тергеу жолдары /криминалистикалық әдістеме/ - бұл нақты қылмыс түрлері мен топтарын ашуға және тергеуге арналған ұсыныстар мен ғылыми ережелер жүйесі болып табылатын криминалистика ғылымының бір бөлімі.
Криминалистикалық әдістеме криминалистика ғылымының басқа да бөлімдерімен, яғни криминалистиканың жалпы теориясымен, криминалистика техникасымен, криминалистика тактикасымен тығыз байланысты.
Мысалы, ұрлық пен жол көлік оқиғасына тиісті қылмыстарды тергеу барысында оқиға болған жерден табылған іздердің сипаты және олардың алыну барысы өзара ерекше болып келеді.
Мысалға мына қылмыстар жайлы : біреудің затын иемденіп алған жағдайда және зорлау барысында жәбірленуші мен сезіктіден жауап алғанда, оқиға болған жерден табылған іздердің сипаты мен олардың алыну барысының өзара үлкен алшақтығы байқалады, сонымен қатар, әр түрлі дәрежелі істер бойынша тергеуді жоспарлау ерекшеліктерінде де өзгешелік болады.
Криминалистикалық әдістемедегі ұсыныстар қылмыстың нақты түрлері мен топтарын тергеу кезінде криминалистиканың басқа да бөлімдерінде қолданылатын әдіс – тәсілдер мен құралдарды нәтижелі қолдануға мүмкіндік жасайды. / 1 /
Жеке қылмыс түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің жалпы ережелерінің құрамдық белгісіне мына мәселелер кіреді :
- криминалистикалық әдістеменің анықтамасы мен пәні, криминалистикалық әдістеменің басқа бөліктері мен арақатынасы, криминалистика жүйесіндегі әдістеменің маңызы мен ролі.
- анықталатын жағдайдың мазмұны мен ролі.
- қылмыстың криминалистикалық сипатының маңызы, болмысы және түсінігі.
Нақты қылмыс түрлері мен қылмыс топтарын тергеу кезеңінің құрылымына мыналар қатысты:
1. Қылмыстың жеке түрі мен тобын тергеу кезінде анықталатын жағдайлар;
2. Нақты қылмыс түрінің криминалистикалық сипаттамасы;
3. Қылмыстық істі қозғау және қылмыстың белгілі дәрежесі бойынша тергеудің алғашқы кезеңін жоспарлау ерекшеліктері;
4. Тергеу жағдайындағы пайда болған тергеудің әр кезініндегі біртектілік тергеу ситуациясын тергеушінің реттеулігі;
5. Белгілі дәрежедегі іс бойынша арнайы білімді қолдану ерекшелігі;
6. Халықтың көмегін пайдалану ерекшелігі;
7. Тергеуші мен анықтаушы қызметкерінің өзара қарым – қатынасын ұйымдастыру;
8. Тергеушінің қылмысты алдын алу, болдыртпау шараларын ұйымдастыру;
Меншікке қарсы қылмыстардың ішндегі ең көп тараған және қоғамға едәуір қауіптісі - ұрлау.
Қылмыстық заң, ұрланғандық үшін, оның жасалу тәсілдеріне қарай нақты жауаптылық қарастырылған. ҚК-тің тиісті баптарына бөліп, нормативтік тұрғыдан бекіткен, оларға ұрлаудың мына формалары жатады: ұрлық, иемденіп алу немесе ысырап ету, алаяқтық, тонау және қарақшылық.
Ұрлау түсінігін анықтаудың және оның негізгі элементтеріне сипаттама берудің ұрлаудың барлық формаларына тән нышандарды айқындауға және бөлектеуге мүмкіндік беретіндігі, ұрлаудың нақты формаларына талдау жасауды жеңілдететіндігі, оларды меншікке қарсы басқа қылмыстардан, басқа объектіге қол сұғушылықтан, сондай-ақ қылмыстық заңмен жазаланбайтын әрекеттерден шектеуге көмектесетіндігі қылмыстық заң ғылымында құптау тапқан. Қазіргі кезде ұрлау түсінігі Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде өзінің заңдық бекімін тапты. Мысалы, ҚК-тің 175-бабының ескертуінде былай делінген: /осы кодекстің баптарында ұрлау деп пайдакүнемдік мақсатта бөтен мүлікті осы мүліктің меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне залал келтіре отырып, айыптың немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз, қайтарымсыз алып қою және айналдыру танылады/. / 2 /
Ұрлау түсінігіне берілген бұл анықтамадан көретініміз, ғалым - заңгерлер ұсынған, заң талаптарына жауап беретін топтама түсініктер ішінен заң шығарушы " алу " терминің мойындаған.
Заңмен берілген анықтамадан ұрлаудың объективтік жағынан сипаттайтын мына нышандарды бөліп алуға болады:
- мүлікті алу
- алудың заңға қайшылығы
- пайдакүнемдік мақсат
- алудың қайтарымсыз болуы
Алу түсінігі ұрлаудың қарақшылықтан басқа барлық мүмкін болатын жеке тәсілдерін қамтиды. Ал қарақшылықты алатын болсақ, заң шығарушы оның аяқталу кезін мүлікті иелену мақсатында шабуыл жасау кезеңіне аударған. Бұл нышан қылмыс затына заңға қайшы ықпал жасаудың сыртқы процесін неғұрлым дәл бейнелейді және белгілі бір шамада қылмыстық құқықтық қорғау объектісіне зиян келтіру тетігін сипаттайды, себебі алу әрқашанда заңсыз қылмыспен, ұрланған мүліктің меншік қатынастарына қатысушылардың әлеуметтік байланыстарындағы құрылымында орнын өзгертуімен ұштасқан, ол байланысты қалай да бұзады, оның қалыпты дамуына нұқсан келтіреді.
Ұрлау арқылы мүлікті алғанда айыпты өз пайдасына немесе басқа адамдардың пайдасына айналдырады. Ұрланған адам мүлікке өз меншігіндей билік жасайды, бірақ заң жүзінде ол меншік иесі бола алмайды, себебі меншік құқығын қылмыстық жолмен алу мүмкін емес. Сондықтан да жәбірленушінің ұрланған затқа меншіктік құқығын ұрлық жоғалта алмайды. Ұрлауға заң тұрғысынан анықтама бергенде бөтен мүлікті айыптының меншігіне емес, оның пайдасына немесе басқа адамдардың пайдасына айналдыру дегенді, бәлкім, осы тұрғыдан түсіну қажет.
Ұрлауды сипаттайтын келесі нышан – оның заңға қайшылығы. Заңға қайшы нышан дегеніміз, шындығында да, болжаммен де оған өзінің құқығы жоқ бөтен мүлікті айыптының алуы. Шындығында да құқық дегеніміз – сол мүлікті алуға мүмкіндік беретін, заңға негізделген құқықтың болуы. Оның заңда белгіленген тәртіпте рәсімделген, рәсімделмегенінің маңызы жоқ. Бұл жерде назар ол құқықтың формасына емес, түп мәніне аударылады.
Бұдан жасалынатын тұжырым – егер адам мүлікті алуға заңды негіздемелері бола тұрып, оны алу үшін белгіленген тәртіптерді ғана бұзса, онда бұл жағдайда ұрлау болмайды.
Айыпты мүлікті алып, оған өз қалауы бойыша билік жасай алатын кезден бастап ұрлау аяқталған болып саналады.
Егер айыпты мүліті алып, кейін оңтайлы кезде шығаруды ойластырып оны сол күзеттегі аймаққа жасырып қойса, сонан соң өз еркімен қайтарса, онда ол қылмысты жасаудан өз еркімен бас тарту негізінде / ҚК –тің 26 бабы / қылмыстық жауаптылықтан босайды.
Алудың тәсілдеріне байланысты ҚР ҚК - нде ұрлаудың алты формасы бекітілген: ұрлық, сеніп тапсырылған мүлікті иеленіп алу, сеніп тапсырған мүлікті ысырап ету, алаяқтық, тонау, қарақшылық қызмет бабын пайдалану жолымен мүлікті алуды ұрлаудың жеке формасы ретінде танудан заң шығарушы бас тартты, оны ұрлауды үш формасының иеленіп алудың, ысырап етудің және алаяқтықтың саралаушы нысаны ретінде қарастырады.
Қастандық жасаудың осы түрінің заты ұрлау құрамының сындарлы нышандарының бірі болып табылады. Қылмысытық заң теориясында қылмыс затының шын мәнінде мазмұны бірдей екі анықтамасы кең тараған. Бірінші анықтама бойынша қылмыс затына өзінің қылмыстық әрекетін жүзеге асыра отырып қылмыскер тікелей ықпал жасайтын сыртқы әлемнің материалдық заттары жатады. Екінші анықтама бойынша қылмыс затына сол қылмыстың жасалуына себеп болатын материалдық әлемдегі заттар жатады. Сонымен қатар, сот практикасы көлікте жүру билеттерін, почта маркаларын көлік қызметін төлегендігін растайтын, ізін ұсынған адамға тиесілі қағаздар екенін ескеріп ұрлау затына жатқызады, сондықтан оларды алуды ұрлау деп қарастырылады. Мәтінін толтырып, мөрмен бекіткеннен кейін, оларды компостирленген соң ғана пайдалануға болатын билеттерді немесе басқа белгілерд ұрлау сол әрекетке дайындық болып саналады, егер бұл жерде ұрланған заттарды кейін сатып ақша табу мақсаты болса.
Сонымен, "өздерінде көрсетілген құнның немесе қызметтің төленгендігін растайтын, ұйымның, оның қызметкерлерінің, азаматтардың қолында болғанда сол тауарлар мен қызметтерді олардың пайдалануына мүмкіндік беретін талондар, көлікте жүру билеттері немесе өзге белгілер ғана ұрлау заты бола алады ", - деген пікірмен келісу қажет.
Сондықтан легитимациялық құжаттар мен белгілер /аккредитивтер, чектер, жинақ кітапшалары, жетондар, сенім қағаздары, квитанциялар мен сол сияқтылар/ өздерін иеленушілердің белгілі бір мүліктерге ғана құқығын растайтын болғандықтан ұрлау заты болып табылмайды. Бұл құжаттарды немесе белгілерді иемдену меншік иесінің материалдық залал шеккендігінің айғағы емес.
Мүлікке емес сипаттағы фактілерді растайтын құжаттар мен өзге заттар ұрлау заты бола алмайды. Материалдық құндылығы жоқ зат немесе бұйым ұрлық заты бола алмайды, себебі оны алу меншік иесіне материалдық залал келтірмейді. Сондықтан да, жасау үшін қоғамға пайдалы еңбек жұмсалған табиғи байлықтарды заңсыз иелену меншікке қарсы қылмыстар қатарына жатпайды, олар экологиялық қылмыстарға жатады.
Ұрлыққа тән нышан – оның жасырын тәсілмен жасалуы. Ұрлықтың жасырындық сипатын анықтағанда айыптының ниетіне, яғни оның ұрлықты субъективтік қабылдауына қоса назар аудару қажет. Ұрлық болды деп санау үшін айыпты жасырын ұрлық жасауға ұмтылуы, бөтен мүлікті жасырын түрде иеленуге оның ниеті болуға тиіс.
Жасырын ұрлауды саралау үшін мүліктің алынуы тек меншік ғана емес, оны күзетушіге де, үшінші адамдарға да білінбеуі тиіс. Олар ұрлық жасаған кезде не сол жерде болмайды, не болған күнде де, ұрлықтың жасалғандығын сезбейді.
Егер айыпты, өз әрекетінің қылмыстық сипаты белгілі болғандығын ұғынбай, қылмыстың құпиялылығына өзі күмән келтірмей әрекетін әрі қарай жалғастырса, ол ұрлық болып саналады.
Бөгде адамдардың көзінше жасалған ұрлықты жасырын деп тану үшін, сол адамдардың айыптының әрекетінде қылмыстық сипат бар екендігін ұғынбағандығы анықталуға тиіс. Мысалы, айыпты өзін мүлік иесі атынан билік жасай алатын адаммын деп өтірік айтады: иесіз тұрған автомашинаға жайбарақат отырып жүріп кеткен адамның әрекетіне қарап онда тұрғандар ұрлық жасалды деп ойламайды.
ҚР ҚК – нің 175 бабының 2 – бөлігінде мынадай сараланушы нышандар көзделген:
а/ адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша,
б/ бірнеше рет,
в/ тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға заңсыз кірумен жасалған ұрлық.
Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша түсінігі ҚК – тің 31 – бабының 2 – бөлігінде берілген. Бірлесіп қылмыс жасау жөнінде алдын ала келіскен адамдар тобы сондайға жатады. ҚР Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі " Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы " қаулысы да ұрлық жасау жөнінде алдын ала келісіп, оған екі немесе одан көп адамдар қатысса, ондай ұрлық адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған ұрлыққа жатады делінген.
Бөтен мүлікті алуға тікелей бағытталған әрекетті атқарушы бастап қойған болса, онда басқа қатысушының кейін келіп қосылғандығы бқл саралаушы нышанды құрамайды, себебі бұл адамдарды ұрлықты біреуге жасау үшін алдын ала сөз байласқан деп санауға болмайды. Әрқайсысы өзінше бастап, кейін кездейсоқ бірігіп, қылмысты әрі қарай бірлесіп жалғастырған адамдардың қылмыстық әрекеттерін де осы нышан бойынша саралауға болмайды.
Тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй – жайға не қоғамға заңсыз енумен жасалған ұрлықтың қоғамға қауіпті сонда, ұры кедергілерді өтіп мүлікке жету үшін белгілі бір қиындықтарды жеңеді, төбені, қабырғаны немесе есікті бұзады, жәбірленушінің өз мүлкін сақтау үшін алдын ала қарастырған шараларын жоққа шығарады, өз мақсатына жету үшін табандылық көрсетеді.
Ену дегеніміз – ешқандай құқығы болмаса да тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй – жайға, қоймаға, онда жұмыс істейтін немесе заңды негізде тұрған адамдардың рұқсатынсыз немесе олардың еркімен санаспай заңсыз басып кіру немесе өтіп кету. Басып кіру тәсілмен енгенде айыпты үй – жайға өту үшін қандай да бір жұмсайды, оның ішіндегі немесе сыртынан күзететін адамдардың қарсылығы жеңеді, төбені ойып түседі не кілтін тауып құлыпты ашады және басқадай әрекеттер жасайды.
Ұрлықты алаяқтықтан ажырату қажет. Біріншіден, ұрлық жасағанда қылмыс заты тек мүлік қана болады, ал алаяқтықта қылмыс заты мүлікпен қатар мүлікке құқық та бола алады. Екіншіден, ұрлық жасалған жәбірленішінің мүлкі оның еріксіз, жасырын алынады. Үшіншіден, алаяқтық кезінде мүлікті қылмыскерге әрекет жасауға қабілеті бар, мүлікке билігін заң танитын адам беруге тиіс. Егер алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы жасына немесе психикасының бұзылуына байланысты әрекет жасау қабілеті жоқ немесе қабілеті шекттелген адамның мүлкін иеленсе, онда қылмыскердің әрекеті алаяқтық емес ұрлық болып саналады, себебі ондай адамдардың еркі заң жүзінде ескерілмейді. Төртіншіден, алдаушылық тек алаяқтық қана емес, ұрлық кезінде де болады. Алаяқтық жасалғанда алдау арқылы мүлік иеленеді, ал ұрлық кезінде сол жасырын ұрланатын мүлікке бару үшін талдау тәсілі қолданылады.
Ұрлықты тонаудан ажырату керек. Олардың басты айырмашылығы – мүлікті алу тәсілінде. Ұрлық кезінде мүлік жасырын алынса, тонау ашықтан – ашық алынады.
Ұрлықты автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иемденуден ажырату қажет. Бұлардың басты айырмашылығы сонда, ұрлық дегеніміз – мүлікті жасырын ұрлау, ол ҚК – тің 185 – бабында көзделген қылмыс, баптың атында және диспозициясында көрсетілгендей, пайда табуды көздеген меншікке қарсы өзге қылмыстар қатарына жатады.
Криминалистикалық мінездеменің ең негізгісі болып қылмыс жасау жағдайы болып табылады, яғни қылмыс жасау орны мен уақыты, ұрланатын зат, қоршаған ортаның материалдық элементі болып табылады. / 3 /
Ұрлық қылмыстарын ашудың ерекшелігіне – криминалистикалық сипаттамасын қарастырымыз.
Ұрлаудың криминалистикалық сипаттамасы 6 негізгі элементтерден тұрады:
1. Жасалу тәсілі.
2. Жасыру тәсілі.
3. Сезіктінің жеке басы.
4. Жәбірленушінің жеке басы.
5. Із қалдыру механизмі.
6. Себептер мен шарттар болып келеді.

1. Ұрлық жасаудың ең негізгі элементтерінің бірі болып, өзіне қылмыс жасалудың орны, уақыты, қылмыс құралы, қоршаған ортаның материалдық элементін көрсетеді. Қылмыскер ұрлыққа дайындалған немесе ұрлықты жасаған кезде, өзіне жәбірленушіні, үй – жайды, мекемені, ұйымды, ұжымды т.б. тандайды. Содан соң қылмыскер жәбірленушінің сеніміне кіруі арқылы, алдау арқылы, құлыпқа кілт таңдау арқылы,есікті сындыру арқылы,т.б. қылмыс жасайды. Ұрлықтың көбі үй иелері жоқ болған кезде таңғы сағат 8 бен 18 аралығында жасалады. Көлікті гараждан ұрлау түнгі уақытта, ал ашық тұрақта күндізгі уақытта жасалады. Соттық – тергеулік тәжірибенің көрсетуі бойынша, қылмыскерлер кқбінесе ақшаны, құнды заттарды, алкоголь ішімдіктерін, киімді, видео – техникалық заттарды, тамақты, құрылыс материалдарды ұрлайды.

2. Жасыру тәсіліне ұрланған заттарды сату, тығып тастау, өз иелігіне алу, біреуге сыйға беру, т.б.

3. Сезіктінің жеке басына тоқталатын болсақ, қылмыскерлердің көбі бұрын – сонды осы қылмыс үшін немесе басқа қылмыстар үшін сотталғандар, кездейсоқ қылмыскерлер, кәмелетке толмағандар, әйел адамдар да болуы мүмкін. Сондай сияқты қылмыскерлерді үш топқа бөлуге болады: жай қылмыскерлер, кәсіби қылмыскерлер, білікті қылмыскерлер.

4. Жәбірленуші кез келген адам болуы мүмкін.

5. Із қалдыру механизмі идеалды және материалды болып келеді. Оқиға болған жерде қалдырылған қол – саусақ іздері, аяқ киім іздері, шаштардың, киім талшықтары, заттар материалды іздерге жатады, ал идеалды іздерге куәлардың берген жауаптары, есте сақтау қабілетіне байланысты болып келеді.

6. Ұрлықты жасаудың себебі болып, жанұясында, оқу ортасында әлеуметтік жағдайының нашарлығы, спирт ішімдіктеріне, нашақорлыққа, құмарлық ойындарға құнығу, біреудің айтқанына еріп, алданып қалуы, ерігіп жасауы, қасақана қылмыстар жасайтын тұлғаның мәдениетінің төмен болуы, т.б саналады.

Қылмыстардың криминалистикалық ерекшелік маңызына
байланысты белгілері:
1. Қылмыстың қол сұғу заты.
2. Жасалған қылмысты және оны жасырудың әдісі.
3. Қылмысты жасауға себеп болған нәрсе.
4. Қылмыс жасаған адамдардың қалдырған іздерінің ерекшелігі.
5. Қылмыс жасаған адам мен жәбірленушінің жеке басы туралы мәлімет.
Криминалистикалық сипаттама – бұл көбінесе қылмыс түрі бойынша нақты дәреже болып табылады.
Криминалистикалық сипаттаманың жүйелері бір-бірімен тығыз байланысты, өзара бір-біріне тәуелді. Сондықтан, мысалы, қылмыстың жасалу әдісін, оның жасалу сипатын, себебін біле отырып, қылмыс жасаған адамның қалдырған іздеріне қарап қылмыстың белгісіз жүйелерін сонымен қатар қылмыс жасаған адамның өзін де анықтауға болады. Әр түрлі криминалистикалық сипаттағы қылмыстың түрлері мен топтарын білу арқылы аталған қылмыс түрі мен топтың әр түрлі негізді жобаларын құруға болады.
Тергеу жағдайы белгілі, бұл тергеу сәтіне дейінгі тергеушінің қолындағы айқындалған маңызды мәліметтер жинағымен анықталады.

Тергеу жағдайының мазмұнына мыналар кіреді:
1. Дәлелдеу ісіне қатысты мәліметтер.
2. Тергеуді қажет ететін мәліметтер.
3. Мұндай мәліметтердің қайнар көздері.
Тергеу жағдайының сипатын анықтауда объективті шынайы, бар себептерге сүйену керек. Әр себеп пен жалпы жағдайды тергеуші әр түрлі бағалауы мүмкін, бірақ тергеу жағдайы одан ешқашан өзгермейді.
Тергеу жағдайының құрамына мыналар кіреді:
1. Психологиялық сипаттағы құрамдар тергеуші мен оған қарсы жақтағы адамдар арасындағы қайшылықтың нәтижесі, тергеушінің, осы іске қатысты адамдардың психологиялық қасиеттерін көрсете алатындығы......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык Қылмыстардың жекелеген түрлері мен топтарын тергеудің әдістемесі жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Кукык курстық жұмыстар, Қылмыстардың жекелеген түрлері мен топтарын тергеудің әдістемесі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]