Курстық жұмыс: Құқық | Қылмыстың процестегі дәлелдеу затының түсінігі мазмұны

Курстық жұмыс: Құқық | Қылмыстың процестегі дәлелдеу затының түсінігі мазмұны

I. Қылмыстың процестегі дәлелдеу затының түсінігі, мазмұны
1.1. Дәлелдеу затының түсінігі.

«Дәлелдеу заты» ұғымының көп қырлылығы оның мәнісі мен маңызы туралы ғылыми түсініктердің көп болуына байланысты.
Әдебиетте «таным заты» немесе «зерттеу тақырыбы» атты арнайы ұғымдарды негіздеудің және олармен дәлелдеу заты арасындағы айырмашылықты көрсетуге әрекеттер жасауы. Мысалы, В. Д. Арсеньев былай деп жазды: «мән-жайды дәлелдеу арқылы ғана емес, тікелей таным арқылы да анықтауға болады» . Егер басты фактіге енетін жағдай дәлелдеу жолымен ғана анықталатын болса, қылмыс жасауға септігі тиген жағдайларды басқа да жолдармен анықтауға болады. Осыдан келіп дәлелдеу заты және таным заты деп бөлу пайда болды. Сонымен бірге дәлелдеу процесінің мәнісі-бұл қызмет таным процесінің бір түрі екендігі туралы куәландырады. Демек, дәлелдеу заты таным затының құрамдас бөлігі болып табылады.
Дәлелдеу заты әрбір қылмыстық іс бойынша анықталуға жататын жағдайлардың жүйесін білдіреді. Мұндай мән-жайлардың тізбесі ҚІЖК-нің 117,481-баптарында берілген, бірақ толық қамтылмаған. Әрбір нақты мән-жайда бұл тізбе қылмыстық кодекс баптарының диспозициясы тұрғысынан толықтырылады, нақтыланады. Қылмыстық кодекс бойынша, сондай-ақ Қылмыстық Кодекстің жалпы бөлімінің тиісті ережелерімен айыптауға баға беріледі .
М.С . Строгович дәлелдеу затын былай деп белгілейді: «Істі дұрыс шешу үшін дәлелдемелердің көмегімен анықталуға жататын қылмыстық істің фактілері, жағдайлары дәлелдеу затын құрайды. Әрбір дәлелдеме дәлелдеу затымен байланысты, ол дәлелдеу затына енетін қандай да бір
фактіні анықтайды .
Л.М. Карнеева дәлелдеу затының құқықтық табиғатына ерекше назар аударып, былай деп жазған болатын: «Заңның өзінде көрсетілген дәлелдеу заты дәлелдеудің белгілі бір кезеңін сақтайтын, процессуалдық шешімді негіздеу үшін қажетті іс үшін маңызы бар жағдайлардың ең төменгі деңгейін белгілейді» .
А.А. Эйсман дәлелдемелер мен қылмыс оқиғасы арасындағы логикалық-гноселогиялық байланысты атап көрсетеді. Атап айтқанда, ол дәлелдеу затын - қылмыстық істі дұрыс шешу үшін және сот ісін жүргізу міндетерін әрбір нақты жағдайда жүзеге асыру үшін маңызы бар зерттеліп отырған оқиғаның қасиеті мен байланысын бейнелейтін жағдайлар жүйесі ретінде белгілейді .
Осыған ұқсас анықтаманы А.С. Кобликов та ұстанып, дәлелдеу затын «істі дүрыс шешу үшін қылмыстық іс бойынша дәлелдеу барысында анықталуға тиісті мән -жайлардың іс үшін маңызы бар жыйынтығы» , - деп белгілейді.
Жоғарыда келтірілген анықтамалардан В.А. Баниннің көзқарасы біршама ерекшеленеді. Ол былай деп жазады: «Дәлелдеу затының заңдық кестесі дегеніміз-нақты іс бойынша процесті жүргізуші лауазымды адамдардың және қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерін шешу үшін талап етілетін қылмыстық оқиғалардағы жағдайларды табу және анықтау жөніндегі процеске қатысушылардың қызметтерін басқаратын нормативтік тәртіп мәндері жинағынан тұратын ақпараттық жүйе» .
М.М.Михеенконың түжырымдаған дәлелдеу заты түсінігінің анықтамасы теориялық-құқықтық тұрғыдан қызығушылық туғызады. Ол былай деп жазады: "Дәлелдеу заты дегенді... қылмыстар туралы өтініштер мен хабарларды шешу үшін, сондай-ақ іс бойынша іс жүргізудің алдын алу шараларын қабылдау үшін қажетті қылмыстық іс жүргізу заңында көзделген
мән-жағдайлардың жиынтығы деп түсінуіміз керек» .
Келтірілген анықтамаларды талдау дәлелдеу заты үшін анағұрлым тән сипаттарды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:
1. дәлелдеу затының құқықтық сипаты бар, қылмыстық іс жүргізу
заңдары ұйғарымдарымен байланыста болады;
2. дәлелдеу заты қылмыс оқиғасымен гносеологиялық байланыста
болады және бет алды сипат алуы мүмкін емес;
3. дәлелдеу затының элементтері - қылмыс жасаудың жағдайларын
қорытындылап түсінік беретін оңтайлы ақпарат жүйесі;
4. қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерін шешу дәлелдеу затын
анықтамайынша мүмкін емес;
5. дәлелдеу затына енетін мән-жайлар тізбесі ең төменгі деңгейде
болады;
6. бұл тізбе әрбір іс бойынша анықтау үшін міндетті болып табылады;
7. дәлелдеу затының ең болмаса бір элементін анықтамау іс бойынша
дәлелдемелердің толық көлемде жиналмағандығын білдіреді;
8. дәлелдеу затының элементтері логикалық тұрғыдан өзара
байланысты және өзара себепші болады, уақыт және кеңістік, жалпы және
жеке меншік, тұтас және бөлек, алғышарт пен салдар және тағы басқа да
философиялық категориялардың мәнімен және мазмұнымен анықталады.
Дәлелдеу затының құқықтық сипаты туралы айта отырып, болашақ заңдық тұрғыда анықталатын дәлелдеу соңғысына тән құдық нормалары элементтерінен өзінің нормативтік бекітілуін табуға тиіс екенін есте ұстау қажет. Осы көзқарастар тұрғысынан дәлелдеу затының құқықтық табиғатын шектеу Қылмыстық Іс Жүргізу Кодексінің 117 және 481-баптарының мазмұндарымен байланысты ғана біржақтылыққа және мәселенің мәнісін толық түсінбеушілікекке әкеп соғады .
Дәлелдеу затының жорамалы бірқатар қылмыстық іс жүргізу нормаларында көрініс тапқан және жинақтаушы сипаты бар. Жорамалдаудың мәні мынадан көрінеді: қылмыстық іс бойынша іс жүргізген адам не орган Қылмыстық Іс Жүргізу Кодексінің 117-бабында, кәмелетке толмағандардың істері бойынша, сондай-ақ Қылмыстық Іс Жүргізу Кодексінің 481-бабында көрсетілген мән-жайларды анықтауға тиіс. Уәкілетті адамның (анықтаушы, тергеуші, прокурор, судья) не уәкілетті органның (қылмыстық ізге түсу органы, сот) процессуалдық жағдайына, сондай-ақ Іс жүргізудің кезеңіне байланысты туындайтын құқықтық салдардың түрлі сипаты болады.
Дәлелдеу затының уақытша сипаты туралы мәселеге де мүлделік білдіріп отыр. Мәселен, А. Я. Дубинский былай деп атап өтеді: «Әдебиетте қылмыстык сот ісін жүргізуде өткенде орын алған фактілер мен жағдайлар ғана дәлелденуге тиіс деген пікірлер кездеседі. Мұндай қате пайымдаулардың болуы, сірә, мынандай жағдаймен түсіндірілсе керек. Құқық қорғау органдары жасалынып кеткен қылмыстың механизмін шынында да бірінші кезекте зерттейді. Алайда мынаны да ұмытпау керек, жасалған қылмысқа байланысты дәлелденуге жататын көптеген мән-жайлар осы шаққа қатысты болуы мүмкін, олардың ішінде мыналар да бар:
- қылмыстың салдары;
- қылмыс жасаған тұлғаны сипаттайтын мән-жайлар;
- қылмыстың себептері;
- оны жасауға себепкер болып сақталып қалған жағдайла.
Қылмыстық Іс Жүргізу Кодексінде «Дәлелдеу заты» атты дербес норма енгізу ұсынылып жүр, мұның өзі Б.А.Тетенькиннің пікірі бойынша дәлелдеу заты бір мәнді емес деуді жоққа шығаруға мүмкіндік береді. Бұл орайда дәлелдеу затына:
сотталушының қылмысқа қатысу деңгейі;
- қылмыстық іс-әрекеттің даму кезені;
- әрекеттің қоғамға қауіптілігін жоққа шағаратын жағдай;
- қылмыстың нақты қүрамының белгілері;
- іс бойынша іс жүргізуді жоққа шығаратын мән-жай: сотталушыға
жазаны қолдану немесе колданбау;
- басқа да элементтерді енгізу ұсынылады.
РСФСР ҚІЖК-нің теориялық моделін жасаушылар (1990 жыл) осы
проблемаға қатысты қызықты айқындаманы жүзеге асырды. Атап айтқанда А.М.Ларин дәлелдеуге жататын мән-жайларға арналған дербес тарауда негіздемелер туралы жекелеген нормалар қарастыруды ұсынады:
- қылмыстық істерді шешу;
- айыптау мен соттау үшін;
- бірнеше қылмыстары мен бірнеше айыпталушылары бар іс бойынша
айыптау және соттау үшін;
- ақтау үшін;
- кінәсі туралы мәселені шешпестен істі қысқарту үшін.
Сөз жоқ, мұндай көзқарас сот ісін жүргізудің кезеңіне және өзге де нақты қалыптасқан жағдайларға қарамастан іс бойынша дәлелдеу затының бірлігі туралы дәстүрлі түсінікті жоққа шығарады. Оның үстіне дәлелдеудің жалпы және арнайы затының мәні өзгереді. Егер қылмыстық істерді шешудің негіздемелері туралы норманың жалпы сипаты болса және өзіне элемент ретінде арнайы сипаттағы дәлелдеу затын қосатын болса, өзге нормалар арнайы тақырыпты саралау жолымен реттейді. Арнайы тақырып қолданылып жүрген құқықта орын алғаны сияқты субъектінің (кәмелетке толмағанның) белгілері немесе оның процессуалдық - құқықтық ерекшеліктеріне (осыған қатысты қозғалған істің болуы) қатаң түрде бағдарланбаған. Арнайы тақырып аталған теориялық модельде ықтимал материалдық және процессуалдық - құқықтық салдарларына байланысты процессуалдық маңызы бар жағдайлардың барлық жиынтығына бағдарланған. Мәселен, айыптау мен соттау сияқты процессуалдық - құқықтық салдарлар туындауы үшін мыналарды дәлелдеу қажет:
1) қылмыс объектісі;
2) жәбірленушінің тұлғасын сипаттайтын жағдай;
3) қылмыс келтірген зиянның сипаты мен мөлшері;
4) уақыты, орны, тәсілі, сондай-ақ қылмыстық заңда аталған басқа
да мән-жайлар;
5) қылмыс жасаудың жағдайы;
6) әрекет пен соның нәтижесіндегі қоғамдық қауіпті салдарлардың
арасындағы себепті байланыс;
7) айыпталушының қылмыс жасағаны;
8) қылмысты тікелей немесе жанама оймен не ұқыпсыздықтан
немесе менмендікпен жасағаны;
9) қылмыстың себептері мен мақсаттары;
10) айыпталушының тұлғасын сипаттайтын жағдай;
11) қылмыстың себептері;
12) оны жасауға жәрдемдескен жағдайлар.
Бірнеше қылмыстар және бірнеше айыпталушылар туралы іс бойынша айыптау мен соттауға арналған дәлелдеу заты айыптау мен соттау үшін дәлелдеу затының элементтерін қамтиды, сондай-ақ қосымша элементтерді көздейді (бір немесе бірнеше қылмысқа бірнеше адамның қатысқандығын дәлелдеу және тағы басқа).
Біздің пікірімізше, мұндай айқындама өзінің барлық татымдылығына қарамастан, төтенше күрделі және теориялық тұрғыдан толық анықталмаған (алайда, дәлелдеудің жалпы және арнайы затын саралап белгілеудегі ұтылуы бастаманы жоққа шығарала алмайсың).

1.2. Қылмыстық іс бойынша дәлелдеу шегі.

Дәлелдеу заты деген ұғыммен қылмыстық істің мән-жайларын зерттеудің жан-жақтылығын, толықтығын, объективтілігін қамтамасыз ету және бағалау үшін құрал болып табылатын екінші бір ұғым байланысты. Мұнда әңгіме соңғысының іс үшін маңызы болуы мүмкін барлық мән-жайларды толық және жеткілікті анықталуын қамтамасыз ететін мүмкіндіктері жайлы болып отыр. Басқаша айтқанда, дәлелдеу шектері - бұл дәлелдеуге тиісті мән-жайлар «кешенін» анықтау жолымен істі дұрыс шешуді қамтамасыз ететін, іс бойынша жиналған дәлелдемелердің қажетті және жеткілікті жиынтығы. Дәлелдеу заты мен дәлелдеу шектері өзара байланысты және өзара тәуелді болып табылады: дәлелдеу заты мақсаты, ал дәлелдеу шектері оған жетудің құралдарын бейнелейді.
1. Сот, прокурор, тергеуші, анықтаушы істі дұрыс шешуде қажетті
және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты толық және объективті зерттеу
үшін заңда көрсетілген барлық шараларды қолдануға міндетті.
2. Қылмыстық ізге түсу органдары нақты деректерді анықтайды,
солардың негізінде іс үшін мәні бар мән-жайлар белгіленеді.
3. Қылмыстық істі қараушы сот объективтілік пен бейтараптылықты
сақтай отырып, айыптау жіне қорғау тараптарына олардың істің мән-
жайларын жан-жақты және толық зерттеу құқықтарын жүзеге асыру үшін
қажетті жағдай туғызады. Сот тараптардың пікірімен байланысты емес
және өз бастамашылығымен қылмыстық іс бойынша ақиқатты анықтау
үшін қажетті шараларды қолдануға құқылы.
4. Айыпталушыны әшкерлейтін де, ақтайтын да, сондай-ақ оның жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар іс бойынша анықтауға жатады. Қылмыстық процесті жүргізуші орган кінәсіздігі немесе кінәсінің аздығы туралы, сондай-ақ сезіктіні, айыпталушыны ақтайтын не олардың жауаптылығын жеңілдететін дәлелдердің бар екендігі туралы барлық мәлімдемелерді тексеруі тиіс (ҚР ҚІЖК-нің 24-бабы).
Дәлелдеу шектерінің ұғымына, бір жағынан, мәнді құбылыстар мен .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык Қылмыстың процестегі дәлелдеу затының түсінігі мазмұны жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Кукык курстық жұмыстар, Қылмыстың процестегі дәлелдеу затының түсінігі мазмұны

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]