Курстық жұмыс: Экономика | Қытай халқының демографиялық мәселелері

Курстық жұмыс: Экономика | Қытай халқының демографиялық мәселелері

Мазмұны

КІРІСПЕ …………………...........……………..........................................…...6-7

1 Қытай халқы

1.1 Қытай халқының халқының ұлттық, жыныстық, жастық
құрамы ..............................................................................................................8-10
1.2 Халықтың орналасуы мен миграциялық сипаттамасы және урбандалу ........................................................................................................10-11
1.3 Халықтың тұрмысы мен мәдениеті ...............................................11-12

-тарау. Қытай халқының демографиясы
2.1 Қытай халқының демографиялық мәселелері ..............................13-15
2.2 Қытай халық санының қазіргі әлеуметтік-экономикаға жағдайына әсері .................................................................................................................15-20
Қорытынды…………...........................…..........................................................21
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі …….......………....…...............................22
Қосымша .......................................................................................................23-25


1 Қытай халқы
1.1 Қытай халқының халқының ұлттық, жыныстық, жастық құрамы

1-кесте. Қытай Халық Республикасы туралы жалпы мәліметтер


Ел атауы Ауданы,
мың км² Демографиялық көрсеткіштер, 2004 жыл Мемлекет-тік құрылымы Елдің астана-сы
Халық саны млн адам Орташа жылдық табиғи өсімі, % Қала халқы-ның үлесі, %
Қытай
Халық Республикасы 9651 1314 0,9 30 Республика Пекин


Қытай халқы 1949 жылы революцияға дейін Қытайда халықтың тууы мен өлім-жітімі жоғары дәрежеже болып отыр. Жыл сайын миллиондаған адам аштықтан, эпидемиядан, ауру-сырқаудан, кездейсоқ апаттардан қаза болатын. Халықтың өсуіне жаппай эмиграция, көбіне жарлы-жақыбайлардың Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне кетуі кедергі келтірді.
1949 жылғы санақ бойынша Қытайдың құрлық бөлігінде халық саны 541 млн 670 мың адам болды. Елде қалыптасқан тіршіліктің тұрақтылығы мен өндірістің дамуына байланысты демографиялық бақылау бойынша халықтың өсуі артты. 1969 жылы халық санағы бойынша елдегі халықтың саны 806 млн 710 мыңға жетті. Демографиялық жарылыс қаупінің алдында тұрған Қытай үкіметі ХХ ғасырдың 70-жылдарынан бастап халықтың санын шектеу мақсатында тууды жоспарлауға кірісті. Қабылданған шаралардың нәтижесінде туу коэффициенті біртіндеп төмендей бастады. Егер бұл көрсеткіш 1969 жылы мың адамға шаққанда 34℅-ға тең болса, 1995 жылы 17,2℅-ға төмендеп, халықтың табиғ-ға төмендеп, халықтың табиғи өсімі мың адамға шаққанда 36℅-дан 11℅-ға дейін азайды.
Өмір сүрудің орташа ұзақтығы ерлерде 67 жас, әйелдерде 69 жас. Еңбек ресурстары өте көп. Еңбекке жарамды халықтың 60℅-ын ауылшаруашылығы мен орманшылықта, 25℅-ы өндіріс пен сауда ісінде. 2-кесте. Қытай халық үлес салмағы

К,% ХАЛЫҚ
5-тен астам өте жас
5-10 жас
10-15 ересек
15-20 егде
20-дан көбі өте кәрі

Қытай – көп ұллты біртұтас мемлекет, онда 56 ұлт өмір сүреді. 1995 жылғы бүкілқытайлық іріктеу санағына сәйкес ҚХР-дың негізгі халқы – ханьдықтардың саны 1 млрд-тан аса адам болды, 1990 жылғы 4 бүкілқытайлық халық санағымен салыстырғанды 56,8 млн адамға өсті. Ханьдықтар барлық халықтың 91℅-ын құрайды. Өзге 55 ұлттың саны 108,5 млн адам немесе Қытай тұрғындарының 9℅-ын құрайды. Хандықтардан өзге халықтардыаз ұлттарға жатқызады. Олардың негізгілері: чжуан, хуэй (дүнгендер), ұйғырлар, манчжурлар, тибетттіктер, монғолдар, қазақтар және т.б. Саны ең көп этностық топ – чжуандар болып отыр., ал ең азы – лобалықтар.
Қытай халқының ұлттық құрамы туралы мәліметті диаграммадан көруге болады (пайыздық көрсеткіш бойынша %).
1-диаграмма. Қытайдың ұлттық құрамы



Мұндағы, 1. 8% - өзге ұлт өкілдері (чжуан, хуэй (дүнгендер), ұйғырлар, манчжурлар, тибетттіктер, монғолдар, қазақтар және лобалықтар);
2. 92% - ханьдықтар (негізгі халық) өкілдері құрайды.
Қытай тілінің көптеген диалектілері бар, ресми тіл мандарин диалектісі, өзге ең танымал диалектілер – юаухакка, ган, минь, цзян. Өзге тілдер арасында ең көп тарағандары тай, ұйғыр, мяо және қазақ тілдері.
Қытай ресми дінсіз ел болып есептелгенімен, тұрғындары түрлі діндерді ұстанады, олардың ең маңыздылары конфуцийлік, даосизм, будда, бұданда өзге діншілдер арасында мұсылмандар мен христиандар да бар.
1-сызба. Қытайдағы негізгі дінде
Ескерту халықтың көпшілік бөлігі – конфуций мен даосизм діндерін ұстанады.
1.2 Халықтың орналасуы мен миграциялық сипаттамасы және урбандалу

Халықтың көші-қоны туралы мәліметтер халықтың тұрғылықты жерлері бойынша ішкі істер органдарының келіп түскен құжаттарды талдау нәтижесіндегі статистикалық есептеу жолымен алынады.
Халықтың көші-қоны – адамдардың тұрғылықты орнын ауыстыруға байланысты,олардың аумақтар (елдер, облыс, аудан және т.с.с.) шекарасынан көшпелі қозғалысы.
Мигрант – көші-қон процесіне қатысушы адам. Әрбір мигрант кеткен аумаққа қарай аумақтан кетуші,келген аумаққа келуші болып табылады.
Келушілер саны – есепті кезеңде белглі аумаққа одан тыс аумақтан келуші адамдар саны.
Көші-қон өсімі келгендер мен кеткендер санының айырмашылығы ретінде есептеледі. Егер кетушілер саны келушілерден басым болса, ол теріс болуы мүмкін.
Халықтың көші-қон халық санының жынысы мен жасына қарай құрылымның, ұлттың құрамының қалыптасуына әсер ететін маңызды фактор болып табылады.
Халықтың жалпы өсімі табиғи өсім мен көші-қон өсімінің алгебралық қосындысын көрсетеді.
Демографиялық зерттеулер жүргізгенде осы көрсеткіштерді талап ретінде алып, зерттелетін обьект жүйелі түрде мазмұндалу керек. Осы саладағы ізденіс жүргізгенде басқа да орта туралы ілімдер жүйесін байланыстыра қарастыру керек (мысалы, экология, экономика т.с.с.), өйткені адам факторына үлкен әсерін тигізетін құбылыс, ол-орта болып табылады. Ортаның дамуына қарай адамның тіршілік етуі мен бейімделуі соған сай жүріп отырады.
Ханьдықтар немесе қытайлықтар барлық жерде тарағанымен, олардың басты өмір сүретін аудандары: Хуанхэ, Янцзы, Чжуцзян өзендерінің алаптары (негізінен, орта және төменгі ағыстарында) мен Солтүстік-Шығыс жазығы. Аз ұлттың өкілдері, негізінен, солтүстік-шығыс, солтүстік, солтүстік-батыс және оңтүстік-батыс Қытайдың шеткі аудандарында тіршілік етеді.
Аймақтағы басқа елдергегі секілді, Қытайда да халық өте әркелкі қоныстанған: халықтың 90%-і дерлік территориясының ⅓ бөлігінде шоғырланған. Урбандалу деңгейінен Қытайда таяуда ғана нашар урбандалған елдердің қатарына жататын. Бірақ қалалық жарылыс оны да шарпыды. Қазір қалалық елді мекендердің, үлкен қалалар мен «миллионер» қалалардың жалпы саны, сондай-ақ қалалықтардың абсолюттік мөлшері жөнінен ел дүние жүзіндегі бірінші орынды алады. Алайда Қытай деревнялардың саны жөнінен де дүние жүзілік біріншілікті бермей отыр, олардың саны шамамен 700 мың. Ханьдықтырда өзіндік сөйлесу және жазба тілі қалыптасқан. Осы тіл елдің ресми және халықаралық тілі болып табылады.

1.3 Халықтың тұрмысы мен мәдениеті

Ұзақ тарихи дәуірлерде Қытайдағы әрбір ұлттың өз әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі қалыптасты. Оларға табиғи, әлеуметтік және экономикалық жағдайлар ықпал етті. Мысалы, тамақтануды әңмелейтін болсақ, онда оңтүстікте адамдар күрішті ұнатса, солтүстік аудандарда ұн өнімдерімен коректенеді. Ұйғыр, қазақ және өзбектердің сүйікті тағамдары қой етінен жасалған кәуап, палау және тандыр нан; моғолдар қуырылған күрішті, қуырылған құйрықты және сүт қатқан шайды сүйіп ішсе, корейлерде дагао пудингі, салқын кеспе және ашылатын қырыққабат (капуста) сыйлы ас; тибеттіктер дзамбаны – майда қуырылған арпа ұнын жеп, тұщытылған маймен шай ішеді, т.б.
Киімге келетін болсақ, онда монғолдар ұлттық шапан мен етік кисе, тибеттіктер чуба деп аталатын ұзын етек шапан киеді; ұйғырлар кестеленген тақиялар танымал; корейліктер тұмсығы қайқы етік киеді; мяолықтар және тибеттіктердің әйелдері алтын мен күмістен жасалған әшекей заттарға құмар. Ханьдықтардың дәстүрлі баспанасы – ішкі ауласы бар үй. Ішкі Монғолстанның, Шыңжанның, Цинхайдың және Ганьсудың тұрғындары киіз үйлерде өмір сүреді. Оңтүстік Қытайдағы аз ұлттар дай, чжуан, бун және басқалары қалаларда орналасқан. Олар саньлань деп аталатын екі қабат үйлер тұрғызады.
Өнеркәсібінің қарқынды дамуына және жаңа кен орындарының игерілуіне байланысты ҚХР-да урбандалу процесінің күшейгені байқалады. Егер 1982 жылы қалаларда халықтың 20%-ы өмір сүрсе, 1990 жылы – 30%, ал 90-жылдардың ортасында бұл көрсеткіш 35%-ға дейін өсті. 2000 жылы қала халқының саны 389 млн адам, ауылдарда – 870 млн адам болды. Жұмысқа қамтылған халықтың саны – 87 млн-нан асты. Қытайда шамамен 40-қа жуық миллионер қалалар бар, онда қала халқының 45%-ы шоғырланған. әсіресе, Шанхай, Пекин, Тяньцзинь, т.б. агломерациялары ерекше көзге түсті.

2 Қытай халқының демографиясы
2.1 Қытай халқының демографиялық мәселелері

Демография (грек. Demos – халық, grapho – жазамын) – 1) халық өсімінің заңдылықтары және оның қоғамдық – тарихи негізделу процестері туралы ғылыми пән; 2) әлеуметтік – экономикалық демография – халықты, оның географиясын, құрылымы мен құрамын, сандық және кеңістікті – мерзімдік динамикасын, туу, қайтыс болу, өмір ұзақтығын олардың қоғамдық тарихи ерекшелігімен зерттейтін ғылыми сала; 3) биологиялық демография – халықтың тығыздығы, жастық және жыныстық құрамы туралы статистикалық мәліметтер жинағы. Демография халықтың жастық-жыныстық, некелік отбасылық құрылымдарының өзгерулерін, демографиялық құрылымдар мен процестердің өзара байланысын, сондай-ақ, осы құбылыстардың өзара әрекеттестігінің нәтижесі болыптабылатын халық пен отбасылардың жалпы санының өзгеру заңдылықтарын зерттейді.
Демография демографиялық процестер мен демографиялық құрлымдарды сипаттау,талдау және болжамдау әдістерін қолданады. Процестер мен құрлымдар арасындағы ішкі өзара байланыстарды,сондай-ақ оларға өмір жағдайлары мен қоғамдық қатынастардың ықпалын,демографиялық қатынастарпдың қарқындылығын анықтайтын осы ықпалды зерттеудің негізінде демографиялық бұл процестер мен құрлымдардың жалпы заңдылықтарын, бұл заңдылықтар халықтың нақты бір топтарында, орын мен уақыттың белгілі бір жағдайында өту ерекшеліктерін анықтайды. Демографияда халықтың құрамы, оның саны, тығыздығы, жастық және жыныстық құрамы туралы статистикалық мәліметтердің жинақтамасы болады. Демограияның негіздік ұғымдарының ішінен туу, өлім-жітім, халықтың табиғи ауыс-түйісі, ғұмырдың ұзақтығы, халықтың өмірлік әлеуеті, халық көші-қоны ұғымдарын атауға болады. Демографияда халық ұрпақтардың кезектесуі процесінде өзін-өзі ұдайы өндіретін адам популяциясы деп қарастырылады. Бұл үшін оның белгілі мөлшерде саны және жастық-жыныстық құрамы болуы керек, оны құрайтын адамдар бала туу және өмірді сақтау саласындағы қаракетін реттейтін нақты қарым-қатынаспен байланысты болуы тиіс.
Әлеуметтік даму процестерінің көрсеткіштері. Әлеуметтік даму процкестерін төмендегі статистикалық көрсеткіштер айқындайды;халықтың жалпы саны (тұрақты); туу, өлім және халықтың табиғи өсімі, халықтың 1000 адамына шағып есептегенде туу мен өлімі; өлімнің жеке себептері бойынша нәрестелер өлімі;некелескендер мен ажырасқандар саны, некелесу мен ажырасудың жалпы коэфиценттері;халықтың көші-қон қозғалысы.
Санақ аралығындағы жылдарда халық санын ағымдағы бағалау соңғы халық санағының қорытындысы негізінде жасалады. Оларға жыл сайын туылғандардың және осы аумақтан кеткендердің саны шегеріліп отырады.
Қытайлықтардың көшіп-қону үрдісінің әлемге кең таралуының басты бір себебі, оның демографиялық жағдайына қатысты. Дүниежүзі халқының төрттен бір бөлігі осы қытайлықтардың үлесіне тиеді. Кез келген мемлекеттегі демографиялық жарылыс қоғамда әлеуметтік қысым факторларын тудырып, бұл елдің сыртқа қарай ығыстырылуына әкеліп соғатыны табиғи заңдылық.
2-сызба. Қытайдағы демографиялық мәселелердің туындауының себептері

Өткен ғасырдың 50-жылдарынан бастап Қытайда нәрестелердің дүниеге көптеп келуінің екі толқыны өтті. Бірінші толқын 1954 жылдан 1957 жылға дейін созылды. Сол кездері жыл сайын 20 миллионнан астам нәресте дүниеге келген болатын. Екінші толқын 1962 – 1975 жылдары өтті. Бұл уақыт аралығында өмірге келген нәрестелердің жыл сайынғы саны кей кездері 25 миллионға дейін жететін. Қытайда өткен үшінші халық санағының деректері бойынша 1981 жылдың өзінде – «жоспарлы бала табу саясаты» он жыл бойы ұстанылғаннан кейін – жылына туылған нәрестелердің саны 20,7 миллион адам болды.
Он төрт жасқа дейінгі қытайлықтар арасындағы өлім деңгейінің төмендігімен 70-жылдардың аяғынан бастап 1996 жылға дейін (1984-1985 жылдары аралығын санамағанда) 20 миллионнан астам жыл сайын еңбекке .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык Қытай халқының демографиялық мәселелері жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Экономика курстық жұмыстар, Қытай халқының демографиялық мәселелері

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]