Курстық жұмыс: Экономика | Қаржыландырылған жал есебі туралы түсінік
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Жал есебінің мазмұны мен маңызы
2. Қаржыландырылған жал есебі туралы түсінік
3. Қаржылық жал мен лизингтің ұқсастықтары мен айырмашылықтары
4. Қаржыландырылған жал есебінің қолданылуы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Жал есебінің мазмұны мен маңызы
Жалдау – жалға берушінің дүниені жалға алушыға уақытша пайдалану үшін ақы төлеп тұруға беру. Жал келісім шарты қол қойылған күннен бастау алады.
Халықаралық практикада жалдаудың үш түрі бар.
• ұзақ мерзімді
• орта мерзімді
• қысқа мерзімді
Ұзақ мерзімді жалдау (лизинг) – мүлікті 3 жылдан астам мерзімге жалдау. Ұзақ мерзімді лизинг жай және қаржылық болып бөлінеді. Жай лизинг жалдау шартының мерзімі біткен соң мүлікті жалға берушіге қайтаруды көздейді. Қаржылық лизинг (қаржылық жалдау) жалгерлікті ұзақ мерзімді несиелеу нысаны. Жалдаушы мүлік құнын жылдық төлемдер арқылы өтейді. Қаржылық лизингтің 3 түрі болады:
• Лизинг «стандарт» - жабдықты дайындаушы өнімді қаржыландыратын қоғамға сатады, ол өзінің лизинг фирмасы арқылы оны тұтынуға жалға береді;
• Лизинг «лиз-бек» - жабдықтың меншік иесі оны лизингтік фирмаға сатады және бір мезгілде одан жалға алады (жалға берушінің қаржылық жағдайын уақытша жақсарту тәсілі);
• Лизинг «жабдықтаушы (жеткізуші)» негізгі құрал-жабдықтарды сатушы «лиз-бек» лизингідегідей жалдаушы болады, бірақ жалға алған жабдықты өзі емес, басқа жалдаушылар пайдаланады.
Қазақстан Республикасының субъектілер тәжірибесінде жай лизинг неғұрлым кең таралған.
Орта мерзімді жалдау («хайринг») – жалдаушыға меншік иесі құқығын бермей, мүлікті бір жылдан 3 жылға дейінгі мерзімге жалдау.
Қысқа мерзімді жалдау («рейтине», «чартер») – жалдаушының мүлікті бұдан кейін сатып алу құқығынсыз жалға алуы. Жалдау мерзімі 1 жылға дейін. Рейтине бойынша жалдау ақысы лизингке қарағанда жоғарырақ. Чартер әдетте рейсті, куекті бірнеше рейсті, белгілі бір мерзімге («тайм-чартер») жалдауға жасалады (ұшақ, кеме). Чарторлерді алдын-ала немесе жедел түрде («промт-чартер») және тіпті кеменің шұғыл жүруін талап етіп («спот-чартер») те жасауына болады.
Экономикалық жағдайлары бойынша жал ағымдағы және қаржыланатын болып бөлінеді. № 17 «Жалдау есебі» БЕС-на сәйкес негізгі құралдардың ағымдағы жалы негізгі құралдардың жалға берушіге міндетті түрде қайтарылуын көздейді, яғни жалдау кезеңінде жалгерге жалданған негізгі құралдарға иелік ету және олардың пайдалануы мен жалға берушіге уақытылы қайтарылуын бақылау құқы ғана өтеді. Талдамалы есебі журналда жүргізіледі, онда есеп талаптарына сәйкес қажет көрсеткіштер болады.
Ағымдағы жалгерлік – қаржыландырылатын жалгерліктен басқа кез-клген жалгерліктің түрін айтады. Ағымдағы жалгерлікте жалгерлік төлемі бүтін жалгерлік мерзімінің бойында жүйелі түрде әрбір есеп беру кезеңінің шығысы болып табылады. ағымдағы жалгерлікте, активке деген меншік құқымен байланысты тәуекелділік пен марапаттау жағдайы жалға берушіінң өзінде қалады. Сондықтан олардың жалға берген активтері амортизацияланатын мүлік ретінде қарастырылады және бүкіл жал мерзімінің бойында алынған жал ақысы табысқа енгізіледі.
Ағымдағы жалгерлікті жалға алушының мүлікті тек уақытша иемденуі деп түсіндіріледі. Жалға берілген негізгі құрал, жалға берушінің бухгалтерлік есебіндегі 2400 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің тиесілі субшоттарында, яғни негізгі құралдардың құрамында көрініс табады.
Алынуға жататын жал ақысы келісілген келісім-шартқа сәйкес 6200 «Басқа да» (6260) (Операциялық жалдан алынған табыстар) шоттың дебетінде және 6100 (жалға субъектінің негізгі қызметі болса) шоттарының кредитінде көрініс табады.
Жалға берілген мүліктер жалға берушінің балансында көрініс табатынболғандықтан, олар бойынша есептелген тозу сомасына 7400 шоты дебеттеліп, 2420 шоты кредиттеледі.
Жал ақысы келіп түссе тиесілі ақша қаражаттарының шоттары дебеттеліп, 6260 шоты кредиттеледі.
Жалға алынған негізгі құралдар жалға алушының талаптарына сай келе бермейді, сондықтан олар ондай негізгі құралдарға жөндеу жұмысын жүргізеді, бірақ ол үшін алдымен жалға берушінің келісімін алады. Жалға алушының жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарының есебі жалға алған мүлік бойынша келісілген шарт жағдайына байланысты болып келеді. Егер де жал ақысы келешектегі есеп кезеңдеріне жатқызылатын болса, онда 6280 «Жал ақысы» шоты дебеттеліп және тиісті ақша қаражаттарының шоты кредиттеледі. Олардың есептік кезеңі жеткен кезде, тиесілі жал ақысы өндіріс шоттарына (8 бөлімдегі) немесе 7 бөлімдегі шоттарына ауыстырылады.
Операциондық жал бойынша ақпараттардың қаржылық есепкерлікте ашып көрсетілуі:
Активтің тозу шегерілгенге дейінгі баланстық құны, амортизация сомасы, есептік кезеңге жинақталғантозу және құнсыздандыру шығындары туралы ақпарат активтің әрбір түріне байланысты көрсетілуі тиіс.
Жал алушының көрсететін ақпараттары:
• келесі көрсетілген кезеңдердің әр қайсысына болашақ жалгерлік төлемдердің сомасы: 1 жылдан кем емес; 1 жылдан соң, бірақ 5 жылға дейін; 5 жылдан соң;
• суб-аренда келісімшарты бойынша болашақ минималды төлемдер сомасы;
• кезең табыстары болып танылған аренда және суб-аренда бойынша төлемдер;
2. Қаржылық жал есебі туралы түсінік
«Жалдау есебі» туралы № 17 бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес қаржылық жал – бұл мүлікке берілетін меншік құқығымен байланысты табыстылық пен тәуекелдің едәуір бөлігін жалгерге табыс ету. Бұл орайда жалгер жалданған мүліктерді өзінің балансында көрсетеді. Меншік құқының өзі жал мерзіміне берілуі де, берілмеуі де мүмкін. Жалданған негізгі құрал объектілері белгіленген келісім бағасы бойынша несие жалдау мерзімі аяқталғанға дейін өтемі төленіп алынған жағдайда, жалгердің меншігіне берілуі мүмкін.
Егер тәуекел мен сыйақы пайдалану құқымен біршама немесе жалдау мерзімінің соңында белгіленген бағасы бойынша өтемін төлеп алуға құқылы болса; сондай-ақ егер:
1. Жалгер жалдан мүлікті тіркелген бағасы бойынша немесе жалдау мерзімінің соңында белгіленген бағасы бойынша немесе жалдау мерзімінің соңында белгіленген бағасы бойынша өтемін төлеп алуға құқылы болса;
2. Жалдау мерзімі жалданатын мүліктің ұтымды қызмет көрсету мерзімінің 80% - інен астам болса;
3. Жал мерзімінің соңында жалданған активтің қалдық құны жалдаудың бас кезіндегі оның ағымдық құнының 20%-нен кем болмаса;
4. жалдау ақысының жалдық барлық кезеңіндегі дисконтталатын құны жалданған мүліктің ағымдағы құнының 90% -нен асатын болса;
5. Жал мерзімінің соңында жалданған активті меншіктену құқы жалгерге берілетін немесе берілмейтін болса жал қаржылық болып табылады.
Осы шарттарға сәйкес келмейтін жалдаудың қай-қайсысы да ағымдағы жал болып табылады.
Қаржыландырылатын жал мерзімінің ішінде жалға берілген мүлік баланста бір ғана баға бойынша көрініс табады.
Жал төлемі екі төлемнен тұрады: қаржыландырудан (яғни, пайыз бойынша төленетін шығысынан) және жалгерлік міндеттемесінен, демек объектінің баланстық құнын азайтатын төлемнен негізгі міндеттемесін өтеуден.
Жалгерлік төлем: ағымдағы бағасы бойынша немесе дисконтталған құн бойынша (активті пайдаланғаны үшін төленетін пайызын ескере отырып) есептелінуі мүмкін.
Дисконтталған құн бойынша есептелген кезде жал ақысының өте аз (минималды) деңгейін анықтау үшін қарастырылған пайыздық мөлшерлемесін пайдаланады, ал егер де оны анықтау мүмкін болмаған жағдайда қарыз капиталына пайдаланатын өсіп (отыратын) пайыздық мөлшерлемесін қолданады.
Қарастырылған пайыздық мөлшерлемесі ақша ағынының болашақтағы құнын анықтайтын арнайы кестесінен алынып анықталады және ол келесідей формула бойынша есептелінеді:
FV = PV (1+г) n
Мұндағы, FV – n жылдарынан кейін ақша ағынының болашақтағы құны; PV – есептеу кезінде салынған сомасы;
Г – пайыздық мөлшерлемесі; n – есептеу кезеңіне алынған жылдар саны;
Жалға алушының қарыз капиталына өсіп (артып) отыратын пайыздық мөлшерлеме – бұл пайыз мөлшерлемесі, оны осы тәріздес жал үшін жалға алушы төлейді; немесе бұл мөлшерлемені жалға алушы жал басында басшылыққа алады.
Жалгерлік мерзімінің барысында келісім-шартқа сәйкес жалға берушіге минималды жал ақысын төлейді.
Минималды жал ақысы – бұл төлем түрі, оны жалгерлік мерзімнің барысында, жалға алушы жүзеге асырады (көрсетілген қызмет құны мен салық сомасы шегеріледі, негізінде олар жалға берушіге өтелуі керек).
Қаржыландырылатын жал жағдайында қабылданған жалгерлік актив, 2400 бөлімшесінің тиесілі шоттарының дебеті бойынша және 4150 «Жал бойынша ұзақ мерзімді борыштар» шотының кредиті бойынша көрініс табады. Жалгерлікке берілген активтер үшін төленетін пайыздар сомасына 7320 «Қаржыландырылған жал бойынша пайыздар төлеуге арналған шығыстар» шоты дебеттеліп және 4160 «Төленуге тиісті ұзақ мерзімді сыйақылар» шоты кредиттеледі. Ал олар өтелген кезде 4160 шоты дебеттеледі де, ақша қаражаттары 1000 шоттары бөлімшесі кредиттеледі.
Қаржыландырылатын жалдың жағдайы бойынша жалға алушы жалға алынған активтердің тозуын есептеуді жүзеге асырады.
Активтердің пайдалану аясына байланысты мына шоттар дебеттеледі:
8010- егер де негізгі құралдар мен материалдық емес активтер өндіріс аясында пайдаланылса;
8030 – егер де негізгі құралдар мен материалдық емес активтер әлеуметтік аясында пайдаланылса;
7110 – егер де негізгі құрал тауарды (жұмысты, қызметті) сату процесімен байланысты болса;
7210- егер де негізгі құрал жалпы шаруашылық қажеттілігіне арналған болса, 2400 бөлімше шоттары кредиттеледі.
Жал мерзімінің барысында жалға алушы жалға алынған активтерді мерзімінен бұрын сатып алуына болады. Ол кезде ақша қаражаттарының шоттары кредиттеліп, 4150 шотын дебеттеледі. Бұл кезде 4150шоты 2400 бөлімше шоттарының тиісті аналитикалық шоттарымен жабылады. Қаржыландыратын жал бойынша операцияларды есепке алу үшін жалға беруші мынадай синтетикалық шоттарды пайдаланады:
2180 «Басқа да ұзақ мерзімді дебиторлық берешек шоты»;
2170 «Алынуға тиісті ұзақ мерзімді дебиторлық берешек»
6110, 6120 «Сыйақылар бойынша табыстар», «Дивидендтер бойынша табыстар», «Қаржыландыратын жал келісім-шарты бойынша пайыздары» субшоты.
Жалға берілген мүліктің құны есепке түсетін жал міндеттемесі ретінде дисконтталған құн бойынша көрініс табады, яғни активті пайдаланғаны үшін төленетін пайыз сомасы қоса есептелінеді. Қаржыландыратын жал бойынша төлем жалға беруші инвестицияланған капиталдың қайтарылғаныретінде қарастырады және табыс алған болып есептелінеді. Ал минималды жал төлемі жалға салған күрделі салымдарынан түскен табыс ретінде танылды. әрекет етіп тұрған негізгі құралды қаржыландырылған жалға берген кезде 7010-шоты активтің қалдық құнына дебеттіліп, 2400 бөлімшенің шоттары кредиттеледі. Ал келісім шартқа қаралған (ескерілген) активтің құны 2180 дебетінде және 6010 кредитінде көрініс табады.
Болашақта алынатын жал пайызына 2170 дебеттеліп және 4420 шоты кредиттеледі. Егер бұл сома алынса, онда 4420 шоты дебеттеліп және 6110 шоты кредиттеледі.
Егер де жалға алушы жалға берілген активті өз мерзімінен бұрын сатып алса, онда одан алдағы кезеңдерде түсетін табысты жалға беруші қызыл жасумен жазады, ол кезде 2170 дебеттеліп, 4420 шоты кредиттеледі......
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Экономика | Жал есебінің мазмұны мен маңызы
» Курстық жұмыс: Экономика | Қаржылық лизинг инвестиция қызметін қаржыландыру нысаны
» Курстық жұмыс: Экономика | ҚР лизинг бизнесі
» Курстық жұмыс: Банк ісі | Лизинтгтік операциялар есебі
» Курстық жұмыс: Банк ісі | Лизингтік операциялар есебі
» Курстық жұмыс: Экономика | Жал есебінің мазмұны мен маңызы
» Курстық жұмыс: Экономика | Қаржылық лизинг инвестиция қызметін қаржыландыру нысаны
» Курстық жұмыс: Экономика | ҚР лизинг бизнесі
» Курстық жұмыс: Банк ісі | Лизинтгтік операциялар есебі
» Курстық жұмыс: Банк ісі | Лизингтік операциялар есебі
Іздеп көріңіз: