Курстық жұмыс: Экономика | Қаржылық лизинг инвестиция қызметін қаржыландыру нысаны
Мазмұны
Кіріспе
Қаржылық лизинг – инвестиция қызметін қаржыландыру нысаны
1,1 Лизингтің түснігі, мәні, түрлері
1,2 Лизингтік мәміле бойынша лизингке қатысушылар
1,3 Лизингтің атқаратын қызметтері
Лизингтік операциялар және олардың сипаттамасы
2,1 Лизингтің төлемдердің түрлері
2,2 лизинг алушы банктегі операциялар
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қазақстанда нарықтық қатнастарды қалыптастыру кезінде сауда- экономикалық байланыстардың жаппай үзлісі, өндірістің құрылуы қайта және инфляция мен баға деңгейінің өсуі, инвестициялық белсенділіктің төмендеуі жағдайында басталады.
Міне, осы жағдайларда Қазақстан экономикасындағы негізгі құрал- жабдықтардың табиғи және моральдық жағынан тозуы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Себебі, оған көптеген кәсіпорындардың ақша қаражаттарының жетіспеушілігі, сонымен бірге техникалық құрал- жабдықтардың толық құнын төлеу үшін несие алудағы қиыншылықтардың болғаны әсер етті.
Еліміздің тауар өндірушілері көптеген қиын жағдайларды бастан кешірді. Өндірген өнімдерінің бәсекелестік қабілеттерінің төмен болуына байланысты олардың қолында өзіндік қаржылық ресурстары өте аз болды. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы жағдайында мемлекет отандық тауар өндірушілерге тікелей қолдау көрсете алмады.Коммерциялық банктердің де қаржылық жағдайларының тұрақсыз болуына байланысты ұзақ мерзімді инвестициялауды жүргізу мүмкіндіктері жоқ. Міне, осындай кезеңде лизинг Қазақстандағы қаржылық нарықты күшейтүдің сенімді құралдарының бірі болып табылады .
Кең түрде алып қарағанда, лизинг деп сатып алу негізінде уақытша пайдалануға берумен байланысты болатын мүліктік қатнастардың барлық кешенін айтуға болады.
Лизинг жалға беру қатнастарының өзіндік үлгідегі формасы ретінде кәсіпкерлік құрылым қызметіндегі перспективті қаржылық құрал болып саналады.
Қазақстандық кәсіпкерлер үшін әлемдік нарыққа бәсекелестік қаблеттігі жоғары өнімдерді шығаруға өту кезіндегі көптеген мәселелер осы лизинг арқылы шешілуі мүмкін.
Әр түрлі белгілеріне қарай лизингтік операцияларды келесі тәртіппен топтастыруға болады. Қатысушылар құрамына қарай мынадай болып бөлінеді:
- тура лизинг, бұл кезде мүлік иесі өз еркімен объектіні лизингке өткізеді (екі жақты келісім);
- жанама лизинг (үш жақты немесе көпжақты лизинг), бұл кезде мүлікті беру делдал арқылы жүзеге асырылады.
Тура лизингтің жиі кездесетін түрі - қайтымды лизинг, лизинг фирмасы иесінен мүлікті сатып алып, оны оған қайта жалға беретін лизинг.
Мүлікті типіне қарай былай бөлуге болады:
- жылжымалы мүлік лизингі;
- жылжымайтын мүлік лизингі;
- бұрын пайдаланылған мүлік лизингі.
Өтеу деңгейіне қарай былай бөлуге болады:
- бір келісімнің әрекет ету мерзімінде мүлік құны толық өтелетін лизинг;
- толық өтелмейтін лизинг.
Амортизация шарты бойынша былай бөледі:
- толық амортизация және соған сәйкес лизинг объектісінің құны толық төленетін лизинг;
- толық емес амортизациялы лизинг.
Қызмет объектісіне қарай былай бөледі:
- егер жалданатын затқа көрсетілетін барлық қызметті лизинг алушы өз мойнына алса, таза лизинг;
- толық қызмет жиынтығы бар лизинг – объектіге толық қызмет көрсету лизинг берушіге жүктеледі;
- жартылай қызмет жиынтығы бар лизинг.
Операция өткізілетін нарық секторында ішкі және сыртқы (халықаралық) лизингті қарастырады.
Сыртқы лизинг экспорттық және импорттық болып бөлінеді. Экспорттық лизинг кезінде шетел лизинг алушы, ал импорттық лизинг кезінде - лизинг беруші болып табылады.
Салық және амортизациялық жеңілдіктерге қатысты лизинг мынадай болып бөлінеді:
- жалған лизинг - қызмет алыпсатарлық сипатта болады және жеңілдіктер есебінен пайда табу мақсатында жүргізіледі;
- нағыз лизинг - жалға берушінің инвестициялық жеңілдік және жедел амортизация сияқты салық жеңілдіктеріне құқы бар, ал жалға алушы салық төлеу үшін жарияланған кірістер есебінен жалдық төлемдерді алып тастай алады.
Лизингтік төлемдерін сипатына қарай былай бөледі:
- ақша төлемімен жүргізілетін лизинг - барлық төлемдер ақша нысанында жүргізіледі;
- компенсациялық төлеммен жүргізілетін лизинг - төлем аталған жабдықта өндірілген тауарларды жеткізу немесе қарсы қызмет көрсету нысанында жүзеге асырылады;
- аралас төлемді лизинг.
Лизингтің осы нысандарын негізгі екі түрге біріктіруге болады
- жедел және қаржылық лизинг.
Жедел лизинг - көліктік құрал-жабдықтарды, аппаратуралар мен басқа да техникаларды қысқа мерзімді жалға беру. Онық ерекшелігі құрал-жабдықты пайдаланған соң иесіне қайтару болып табылады. Лизинг берушінің жалға ұсынылатын затты алу мен ұстауға байланысты шығындары бір лизингтік келісімшарт ағымында жалдық төлемдермен өтелмейді.
Қаржылық лизинг - қолдану үрдісінде мүліктің толық немесе үлкен бөлігінің амортизациясы өтетін ерте және ұзақ мерзімді сипаттағы келісімдермен сипатталатын лизингтің неғұрлым кең қолданылатын типтік нысаны. Қаржылық лизингтің маңызды белгісі - лизингтік жалдау шығындарын қалпына келтіруге қажетті жалдаудың негізгі мерзімі деп аталатын ағымда келісімді бұзудың мүмкін болмайтындығында.
Қаржылық лизинг - бұл ұзақ мерзімді жал болып табылады, оның шартының құрамында келесі критерийлердің ең болмаса біреуі көрсетілуі қажет:
- меншік құқығының жал мерзімі аяқталуына қарай көшуі;
- келісімшарттары бәсекелес саудадан мүлікті сатып алу құқын ұсынады;
- жал байынша жалға берушіге ең аз төленетін келтірілген құн жабдықтың нарықтық құнының 90 %-ына тең немесе одан жоғары болу керек.
Келтірілген құнды есептеу кезінде қабылданатын дисконттау мөлшерлемесі ұсынылатын несие бойынша (жалға берушіде) пайыздық мөлшерлеме және алынатын несиелер бойынша (жалға алушыда) пайыздық мөлшерлеменің ең азына тең болуы керек, онда:
- жалға алушының ең аз төлемі - жал бойынша жылдық төлем;
- ең жоғары төлем - жалға алынған мүлікті сатып алу кезіндегі төлем;
- келтірілген құн - ағымдағы жылға келтірілген болашақ жылдың ақша ағымының құны.
Егер жал келісімшарты жоғарыда аталған қағидалардың ең болмаса біреуіне сәйкес келмесе, онда бұндай жал қарапайым болып саналады.
Мысалы: мүліктің жал мерзімі - 5 жыл, мүліктің құны - 10 000 бірлік, күтілетін пайдалану мерзімі - 10 жыл. Жал мерзімі аяқталған бойдан мүлік жалға берушіде қалады, жалға берушіде де, жалға алушыда да пайыздық мөлшерлеме сәйкесінше 8 және 10%.
Жылдық төлемдер - 2300 бірлік
Дисконттау мөлшерлемесі - 8%
Дисконттау коэффициенті = 1/(1+0.08)х n
мұндағы, n - жалды төлеу жылы
1-жылдың коэффициенті = 1/(1+0.08)'=0.93
2-жылдың коэффициенті = 1/(1+0.08)2 =0.85
3-жылдың коэффициенті = 0.79
4-жылдың коэффициенті = 0.73
5-жылдың коэффициенті = 0.68
Келтірілген құн = 2300 х (0.93+0.85+0.79+0.73+0.68 = 9154 немесе 91.5%, жал қаржылық болып саналады).
Лизинг жеке және заңды тұлғаларға белгілі мерзімге келісім – шарт бойынша берілетін мүліктерге уақытша бос ақша қаражаттарын инвестициялауға бағытталған кәсіпкерлік қызметтің бір түрі ретінде қарастыруға болады.
Лизинг – бұл мүліктің меншік иесі ( жалға беруші ) мен жалдаушының арсындағы келісім. Бұл келісім – мүлікті делдал болып табылатын лизингілік компания арқылы айтылған мерзімге және лизингтік келісімге қатысушылар ретінде лизингке беруші, лизингке алушы және лизингке берілетін мүлікті сатушы ретінде көрінетін жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке және заңды тұлғалар болып табылады.
Лизингке беруші – бұл өзіндік және сырттан тартылған қаражаттар есебінен лизингке берілетін мүлікті өз меншігіне сатып алатын және оны лизнгтік келісім-шарт негізінде лизингке алушыға беретін лизингтік келісімнің қатысушысы. Лизингке беруші бір мезгілде басқа лизингктік келісімге қатысушы ретінде көрінуге құқығы жоқ.
Лизингке алушы – лизингктік келісім – шарт негізінде кәсіпкерлік мақсат үшін лизингке берілетін мүлікті қабылдайтын лизингктік келісімге қатысушы тұлға.
Лизингке беруші лизингке алушыға негізгі капитал элементтерін келісім - шартта көрсетілген мерзімге және белгілі бір төлем ақымен бере отырып, шын мәнінде несиелік келісімге тән мерзімділік, төлемдік қайтарымдылық, төлемділік қағидаларын іске асырады. Бірақ, басқа жағынан алып қарағанда лизингке беруші және лизингке алушы да ақшалай емес, яғни өндірістік формадағы капиталмен жұмыс істейді. Бұл жағдай лизингті инвестиция түсінігімен жақындастырады және лизингтің халық шаруашылық мәнін жоғарылатады.
Лизинг объектісі болып нарықта еркін айналуға тыйым салынған негізгі құралдардың жіктелуіне жататын кез келген жылжымалы және жылжымайтын мүліктер саналады.
Бағалы қағаздар және табиғи ресурстардың басқа кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын кез келген тұтынылмайтын заттар лизингтік келісім – шарттың негізі болып есептелінеді.
Лизинг объектісі лизинг берушінің балансында болады және лизинг объектісінің амортизациясы жеделтілген амортизация коэффициентіне сәйкес «қызмет көрсету» жұмысының өзіндік құнына қатысты болады, лизингтің әрекет ету мерзімі лизинг объектісінің толық амортизациясының мерзімімен ұзақтық бойынша өлшемделуі керек.
Қаржылық лизинг мәселесімен айналысатын көптеген Ресей экономистері лизингті жалға беру және несиелік операцияларды біріктіретін сала деп қарастырады.
Кез келген лизингтік келісімнің негізі қаржылық, нақты айтқанда несиелік операция болып табылады
Мүлік иесі лизинг беруші оны пайдаланушыға лизинг алушыға қаржылық қызмет көрсетеді. Ол мүлікті толық құнына сатып алады және лизингке алушының жарнамалары есебінен ол соманың орнын толықтырады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, лизингтің экономикалық мәні – ол мүлікті уақытша пайдалануға беру формасындағы лизинг берушінің лизинг алушыға берген несмесі. Сонымен, сыртқы тұрғысынан коммерциялық несиемен өте ұқсас, бірақ екеуінің арасында өзгешелікткр бар. Бұл өзгешелік ең алдымен, меншік қатнастарынан көрінеді. Коммерциялық несие кезінде тауарға деген меншік құқығы бірден беріледі. Тауарға төлем жүргізу уақыты кейінге шегіндіріледі.
Қаржылық лизингтік келісім кезінде мүлікті пайдалану құқығы оны иелену құқығынан алшақтандырылады, яғни уақытша пайдалануға берілген меншік құқығы лизингті берушіде сақталынады, ал оны пайдалану құқығы лизингті алушыға өтеді. Пайдалану құқығын иелену үшін лизинг алушы лизинг берушіде алдын ала келісілген лизингтік төлемдер төлейді. Лизингтік келісім – шарт мерзімі аяқталғаннан кейін уақытша пайдалануға берілген объект лизинг берушінің меншігінде қалады.
Ал, коммерциялық несие тауар формасында беріледі және ақша формасында өтеледі. Лизингтік келісім негізінде несие тауар формасында беріледі. Келісім – шарт мерзімі ақталғаннан кейін келісім объектісі лизинг берушіге заттай формада қайтарылады. Лизингтік келісім компенсациялық сипатта да болуы мүмкін. Мұндай жағдайда лизингтік төлемдер жалға алынған құрылғылардың көмегімен өндірілген өнімдер формасында жүргізілуі мүмкін.
Сонымен, қаржылық лизинг банктік несиелеудің баламасы болып табылатын күрделі қаржыны қаржыландырудың ерекше формасы.
Ол өндірісті компанияларға көп шығын жұмсамай – ақ қажетті тауарларды алуға және өндірістік құрал – жабдықтардың ескіруімен байланысты тәуекелділіктерін сақтауға мүмкіндіктер береді. Яғни, лизинг – уақытша пайдалануға негізделген мүліктік қатнастар кешені. Бұл кешеннің құрамына жалға беру туралы келісім – шартпен қоса, мүлікті сатып алу, сату туралы келісім шартта кіреді.
Қаржылық лизингтің экономикалық артықшылықтарын лизингтік қатнасқа қатысушы әрбір жаққа қамтамасыз ету белгілерін көреміз.
Лизинг объектісінің сатушылар үшін оның артықшылықтары мыналар:
• лизингтің көмегімен сату арнасын каналын ұлғайту мүмкіндіктері;
• лизинг – тұтынушы мен сатып алушы үшін бәсекелестік күресте жеңісті қамтамасыз ететін тәсілдердің бірі;
• дайын өнімдер қорын азайту жолы және капиталдың айналымдылығын жылдамдату мүмкіндігі;.....
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Банк ісі | Лизингті жетілдіру жолдары
» Курстық жұмыс: Банк ісі | Лизинтгтік операциялар есебі
» Курстық жұмыс: Банк ісі | Лизингтік операциялар есебі
» Курстық жұмыс: Экономика | ҚР лизинг бизнесі
» Курстық жұмыс: Экономика | Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары
» Курстық жұмыс: Банк ісі | Лизингті жетілдіру жолдары
» Курстық жұмыс: Банк ісі | Лизинтгтік операциялар есебі
» Курстық жұмыс: Банк ісі | Лизингтік операциялар есебі
» Курстық жұмыс: Экономика | ҚР лизинг бизнесі
» Курстық жұмыс: Экономика | Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары
Іздеп көріңіз: