Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығын талдау
Мазмұны
Кіріспе ……………………………………………………………………….….. .3
1. Маркетингтік зерттеулердің теориялық негіздері..........................................5
1.1. Маркетингтік зерттеулердің мәні.............................................................. 5
1.2. Маркетингтік зерттеулердің бағыттары мен классификациясы............. 6
2. Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық нарықтың жағдайын талдау және бағалау...........................................................................................9
2.1. Қазақстанның дәрілік препараттар нарығының жалпы сипаттамасы.....9
2.2. Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығын талдау («Химфарм» компаниясының мысалында)............................................ 11
2.3. Дәрілік препараттарды сатып алушылардың тұтынушылық таңдауларын зерттеу..................................................................................26
3. Фармацевтикалық нарықты жетілдірудің негізгі бағыттары.......................34
3.1. Дәрілік препараттар нарығын дамытудың бағыттары бойынша ұсыныстар...................................................................................................34
Қорытынды............................................................................................................37
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................39
1. Маркетингтік зерттеулердің теориялық негіздері
1.1 Маркетингтік зерттеулердің мәні
Маркетингтік зерттеулер – бұл анықтау тиімділігін жоғарлатуға және маркетингтік мәселелерді (мүмкіндіктерді) шешуге бағытталған ақпаратты идентификациялау, жинау, талдау және таратудың жүйелі және объективті үрдісі.
Олардың негізгі мақсаты маркетингтік шешімдерді қабылдау және олармен байланысты белгісіздік деңгейін төмендету үшін ақпараттық – талдау базасын құру болып табылады.
Міндеті – ақпараттық қажеттіліктерді бағалау және шаруашылық субъектісінің қызметінің шынайы жағдайын көрсететін объективті, сенімді, дәл уақыттағы ақпаратпен қамтамасыз ету.
Осындай зерттеудің пәні – нарықтағы маркетингтік қызмет, сондай-ақ онымен байланысты нарықтық үрдістер.
Объект ретінде шаруашылық субъектінің өзі, ол қызмет жасайтын маркетингтік орта, ол бәсекелік белсенділігін көрсететін нарық, сонымен бірге тауарлық, бағалық, коммуникациялық және өткізу қызметі саласындағы онымен жүргізілетін маркетингтік тырысулар болуы мүмкін.
Маркетингтік зерттеулер басқарушылық үрдістің барлық кезеңдерінде ақпараттық – біріктіруші рөл атқарады және шаруашылық субъектінің маркетингтік қызметін жоспарлау, мәселелерді шешу және бақылау үшін сенімді ақпараттық база болып табылады.
Маркетингтік зертеулерді жүргізуге қажеттілік мына жағдайларда болады, егер шаруашылық субъектісі:
- қойылған корпоративтік және маркетингтік мақсаттарға жетпесе;
- бәсекелік стратегиялар мен бәсекелік белсенділіктің тиімділігін бағаласа;
- өсу стратегиясын іске асыруды жоспарласа;
- инвестициялық жобалармен байланысты жаңа портфельді стратегияларды жасаса;
- сегментеу және позициялаумен байланысты функционалдық стратегияларды таңдаса.
1.2 Маркетингтік зерттеулердің бағыттары мен классификациясы.
Маркетингтік зерттеулердің міндеттері стратегиялық және тактикалық сипатта болуы мүмкін және шаруашылық субъектінің бәсекеге қабілеттілігіне маркетингтік ортаның әртүрлі факторларының әсер ету дәрежесін анықтауға бағытталуы мүмкін. Осыған байланысты маркетингтік зерттеулер келесідей болуы мүмкін:
• сыртқы – маркетингтік макро ортаның факторларын (демографиялық, экономикалық, табиғи, технологиялық, әлеуметтік – мәдени), тұтынушыларды, бәсекелестерді, делдалдарды, жабдықтаушыларды, байланыс аудиторияларды зерттеуге бағытталған.
• ішкі – шаруашылық субъектінің ішкі ортасын зерттейді (өндіріс, қаржы, НИОКР, маркетинг, ұйымдастырушылық құрылым мен менеджмент, персонал мен корпоративтік мәдениет).
Кесте 1 – Маркетингтік зерттеулер классификациясы.
№
Классификация белгілері Маркетингтік зерттеулер түрлері
1 Зерттеулер бағыттары бойынша - сыртқы
- ішкі
2 Қолдау саласы бойынша - проблеманы анықтау үшін
- проблеманы шешу үшін
3 Зерттеулік дизайн бойынша - ізденушілік
- қорытынды
4 Зерттеулердің мақсаты мен типіне байланысты - ізденушілік (барлаушылық)
- сипаттамалық (дескриптивті)
- каузальді (себеп – салдарлық, эксперименттік)
5 Қолданылатын ақпарат көздеріне байланысты - кабинеттік (екінші ретті)
- далалық (бастапқы)
6 Алынатын нәтижелердің сипатына қарай - сандық
- сапалық
7 Проблеманы қамту дәрежесіне қарай - толық
- ішінара (толық емес)
8 Зерттеулерді жүргізу тұрақтылығына байланысты - бір ретті
- көп ретті (панельдік)
9 Мүдделер саны бойынша - жеке
- ұжымдық
10 Территориялық қамту бойынша - аймақтық
- үлттық
- халықаралық
11 Зерттеулерді жүргізудің ұйымдастырушылық формалары бойынша - маркетингтік зерттеулерді өзіндік маркетинг бөлімі арқылы жүргізу
- маркетингтік зерттеулер бойынша қызмет көрсететін тәуелсіз зерттеу компаниялары мен фирмаларды тарту
Маркетингтік зерттеулер шаруашылық субъектінің сыртқы және ішкі ортасы туралы ақпарат бере алады, ал оның нәтижелері нарықтағы маркетингтік қызметтің тиімділігін жоспарлау, іске асыру және бақылау үшін негіз болып саналады.
2. Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық нарықтың жағдайын талдау және бағалау.
2.1. Қазақстанның дәрілік препараттар нарығының жалпы сипаттамасы.
Халық пен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау мекемелерін дәрілік препараттармен және арнаулы медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету маңызды әлеуметтік мәні бар проблемалардың қатарына жатады. Халықтың ауру – сырқауының жалпы жоғары деңгейі салдарынан медикаменттерді тұтынудың ұлғаюы сипат алады. Осыған байланысты дәрілік препараттарға сұраныс анықталады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында 6,5 мың фармацевтикалық қызметтің объектілері әрекет етеді. Олардың ішінде 2% өнеркәсіптік өндірістер, 8% дәріханалық қоймалар, 90% дәріханалық ұйымдардың тармақталған желісі. ҚР дәріханалық ұйымдардың 98% жеке меншікте, 3% мемлекеттік меншікте болып отыр.
ҚР фармацевтикалық өнеркәсібінің тұрақты даму тенденциясы бар. Егер 1997 жылы соммасы 9 миллион АҚШ долларын құрайтын дәрілік препараттар шығарылса, 1998 жылы – 10 миллион АҚШ доллар, ал 1999 жылы – 11,5 миллион АҚШ доллары. 1997 жылы дәрілік препараттардың 132 түрі өндірілді, ал 2003 жылы бұл көрсеткіш 30 - 40% өсіп, 700 түрді құрады.
Отандық өндіріс галендік препараттарды, дәрілік өсімдік шикізатты, антибиотиктерді, вакциналарды, сарысуларды, рентген құрал – жабдықтарын, таңу материалдарын өндіретін 90 кәсіпорындармен көрсетілген. Олардың ішінен 51 кәсіпорын Алматы қаласында қызмет етеді. Осы кәсіпорындардың тек алтауында ғана өмірлік маңызы бар дәрілік заттардың 64 түрі шығарылады.
ҚР фармацевтикалық қызметтер нарығының даму үрдісін шартты түрде келесі кезеңдерге бөлуге болады:
1992 - 1994 жылдар - өтпелі кезең мен бағалардың либерализациясы жағдайында фармацевтикалық қызметтер нарығының қалыптасуы;
1995 – 1999 жылдар – фармацевтикалық қызметтер сферасындағы нарықтық қатынастардың эволюциялық дамуы жеке меншіктегі фармацевтикалық бизнестің заңды түрде тіркелуімен сипатталады;
2000 – 2002 жылдар – фармацевтикалық қызметтер нарығын мемлекеттік реттеудің белсенділігі;
2002 жыл – қазіргі уақытқа дейін – фармацевтикалық қызметтер нарығының тұрақтылығы.
ҚР фармацевтикалық және медициналық өнеркәсібінің ірі кәсіпорындары мыналар болып табылады:
1. «Химфарм» АҚ (Шымкент қаласы) дәрілік препараттарды жасау мен ендіруге, ампулдық, дәрілік түрлерді, антибиотиктерді өндіруге маманданған. Бұл республикада наркотиктік препараттар (прамедал, морфин, эфедрин) мен этил спиртінің үлкен көлемдерін өндіретін жалғыз өндіруші.
2. «Алматы фармацевтикалық фабрикасы» АҚ (Алматы қаласы) тұнбалардың, эликсирлердің, тамшылардың, экстрактардың, майлардың, линименттердің ірі өндірушісі.
3. «Береке» АҚ (Орал қаласы) флакондардағы залалсыздандырылған ерітінділердің өндірушісі.
Дәрілік препараттарды өндіретін шетел үлесі бар кәсіпорындар:
1. «Қазақ Аджанта фарма ЛТД» ЖШС БК (қазақстан – үнді кәсіпорны).
2. «Ақсу – Дзен» ЖШС БК (қазақстан – корей кәсіпорны).
3. «Глобал фарм» ЖШС БК (қазақстан - корей кәсіпорны).
4. «Экофарм» ЖШС БК (қазақстан – бельгиялық кәсіпорны).
2002 жылдан бастап республикада «Дәрілік препараттардың мемлекеттік реестры» деген электронды анықтамалық шығып жатыр. Көп жылдар бойы осында өмірлік маңызы бар дәрілік препараттар жетіспей жүр.
Қазақстанның фармацевтикалық нарығының сиымдылығы әртүрлі ақпарат көздерінің мәліметтері бойынша 150 – 300 миллион АҚШ долларын құрайды. Бүгінгі күні Қазақстанда 6000 астам дәрілік препараттар тіркелген.
Дәрілік тәуелсіздік мәселесінің тиісті шешімі – мемлекеттік дәрілік саясаттың басымдылығы – отандық зерттемелерді мемлекеттік қолдау кезінде және сапалы бәсекеге қабілетті дәрілік препараттарды өндіргенде ғана мүмкін болады.
2.2. Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығын талдау («Химфарм» компаниясының мысалында)
Қазақстанда дәрілік препараттарды өндірумен айналысатын 100-ге тарта кәсіпорын тіркелді. 2005 жылы жалпы соммасы 3,16 миллион теңгені құрайтын медициналық препараттар өндірілді, бұл 2004 жылмен салыстырғанда 110 %-ке жоғары. Айта кететін жайт, 2005 жылы медициналық препараттардың экспорты 305,8 миллион теңгені құрады.
Қазақстан Республикасын медициналық препараттармен негізгі жабдықтаушылар препараттарды әкелу көлемінің қысқару ретімен келесі кестеде көрсетілген:
Кесте 2 - ҚР медициналық препараттармен негізгі жабдықтаушылар.
Бағасына байланысты Санына байланысты
1. Ресей 1. Ресей
2. Германия 2. Үндістан
3. Үндістан 3. Беларусь
4. Венгрия 4. Литва
5. Словения 5. Германия
6. Франция 6. Польша
7. Польша 7. Франция
8. Литва 8. Венгрия
9. Болгария 9. Швейцария
2005 жылы импорт көлемі 26 миллиард теңгені (186,6 миллион АҚШ долларын) құрады, 2004 жылмен салыстырғанда 26 % өскенін білдіреді.
Берілген мәлімметтер бойынша ішкі күштер нарық қажеттіліктерінің 11% қанағаттандырады (сурет 1).
Бірақ орташа қазақстандық тұтынушының дәрілік препараттарды сатып алудың нақты көлемдері дамыған елдердегі (АҚШ, Батыс Еуропа) медициналық препараттарды тұтынумен салыстырғанда бірнеше рет (шамамен 10 рет) төмен.
Сурет 1 – дәрілік препараттарда ішкі қажеттіліктердің қанағаттану құрылымы.
Қазақстандағы нарықтық қарым – қатынастардың дамуымен байланысты тауарлардың әртүрлілігінің өсуі тек қана азық – түлік тағамдарының нарығына ғана емес, сондай-ақ дәрілік препараттар нарығына да үлкен әсерін тигізді. Қазіргі уақытта дәрілік препараттар нарығында әлемдік фармацевтикалық нарықтың барлық танымал өндірушілері ұсынылған. Бұл жағдай тұтынушыға өзіне неғұрлым ыңғайлы және тиімді дәріні таңдауға мүмкіндік береді.
Қазақстандағы дәрілік препараттар нарығын қарастыралық. TNS Gallup Media Asia компаниясының Қазақстаннның он бір ірі қалаларында жүргізген пікір – сұрауларының нәтижелері Қазақстанда дәрілік препараттарды бүкіл халықтың 80 пайызы пайдаланатынын көрсетті.
Халық арасында неғұрлым кең тараған дәрілік препараттар болып бас ауруына қарсы дәрілер және ауырмайтын етуге (жансыздандыруға) бағытталған дәрілер саналады. Осындай препараттарды дәрілік препараттарды алатын тұтынушылардың 72,5 пайызы сатып алады. Екінші орында – суық тию мен тұмауға қарсы дәрілерді тұтынушылардың 54,3 пайызы сатып алады. Ал үшінші орында – тұтынушылардың 40,7 пайызы сатып алатын жөтелге қарсы дәрілер тұрады (кесте 3).......
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Маркетинг | Қазақстандағы кондитерлік өнімдерінің нарықтық жағдайын маркетингтік зерттеу
» Курстық жұмыс: Маркетинг | Тауар ассортиментін маркетингтік зерттеу
» Курстық жұмыс: Маркетинг | Маркетингтік зерттеу және оны ұйымдастыру жолдары
» Курстық жұмыс: Маркетинг | Маркетингтік зерттеулердің мәні
» Курстық жұмыс: Маркетинг | Маркетингтік зерттеулер
» Курстық жұмыс: Маркетинг | Қазақстандағы кондитерлік өнімдерінің нарықтық жағдайын маркетингтік зерттеу
» Курстық жұмыс: Маркетинг | Тауар ассортиментін маркетингтік зерттеу
» Курстық жұмыс: Маркетинг | Маркетингтік зерттеу және оны ұйымдастыру жолдары
» Курстық жұмыс: Маркетинг | Маркетингтік зерттеулердің мәні
» Курстық жұмыс: Маркетинг | Маркетингтік зерттеулер
Іздеп көріңіз: