Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық қарым қатынастар

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық қарым қатынастар

Мазмұны

Кіріспе
1 Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясына экономикалық-географиялық сипаттама және халықаралық экономикалық қатынастар
1.1 Халықаралық қатынастардың жалпы түсінігі .....................................9
1.2 ҚР мен РФ арасындағы экономикалық қарым-қатынастың даму кезеңдері ...........................................................................................................10-14
2 Қазіргі кезеңдегі Қазақстан-Ресей экономикалық қатынастарының өзекті салалары мен бағыттары
2.1 Экономикалық интеграция шеңберіндегі Қазақстан – Ресей қатынастары .....................................................................................................15-16
2.2 Отын-энергетика саласындағы ынтымақтастық ..........................16-18
2.3 Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда қатынастары байланыстың басқа да салалары ............................................................................................18-26
Қорытынды ......………………...........…………………………........................27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..............………………....…...……..........28
Қосымша .........................................................................................................29-36


1 Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясына экономикалық-географиялық сипаттама және халықаралық экономикалық қатынастар
1.1 Халықаралық экономикалық қатынастардың жалпы түсінігі

Қазіргі заманда халықаралық экономикалық қатынастар адам өмірінде ерекше зор рөл атқарады. Ешқандай тұйық құрылымдардың, аймақтық интеграциялық топтардың халықаралық, дүниежүзілік қатынастарды алмастыра алмайтынын тәжірибелер көрсетуде.
Батыстың экономикасы дамыған елдері мұны өзгелерден ерте түсінді. Олар халықаралық экономикалық байланыстарда жетекші орындарды ұстап отыр: мұндай байланыстардың барлық түрлерінің ⅔-сінен ¾-іне дейіні осылардың үлесіне тиеді. Тауарлар мен қызмет көрсетуді экспорттаудың арқасында олардың көпшілігі өз табыстарының айтарлықтай, кейде тіпті басым бөлігін қамтамасыз етеді. Нақ осындай елдерді экономикасы ашық елдер деп атауға болады.
Сонымен қатар, Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара тиімді экономикалық қатынастардың жандануы бірқатар факторлармен шартталады. Біріншіден, екі ел экономикаларының құрылымдық ұқсастығы мен өзара тәуелділігі. Екіншіден, Қазақстан мен Ресей иелігіндегі бай табиғи ресурстарының ұқсастығы. Үшіншіден, екі ел арасындағы сауда көлемінің үлкендігі. Сондай ақ, ерекше атап өтетіні, әлемдік экономикалық жүйеге ену шарттарының ұқсастығы. Осы бағыттағы Қазақстан мен Ресей алдындағы негізгі басымдылық әлемнің 150 елін біріктірген беделді Дүниежүзілік сауда Ұйымына мүше болу ниеті. Қазақстан ұйымға ену жөніндегі келіссөздерді 1996 жылы, ал Ресей 1993 жылдан жүргізіп келеді. Қазіргі таңда Қазақстан келіссөздерді аяқтауға таяп, ішкі заңнамалық негізді жетілдіруді жүзеге асырып келеді. Дегенімен, Қазақстан мен Ресей ұстанымы ұйымға бірлесе ену. Өйткені қазақстандық және ресейлік мамандардың белгілеуінше, Қазақстанның шет елдермен тауарайналым көрсеткішін алғанда, еліміздің басты сауда серіктері ДСҰ мүшелері емес, бұрынғы кеңес мемлекеттері. Ресей көрсеткішінде де Қазақстан Украина және Беларусь Республикасымен қатар алдыңғы орынға шығады. Яғни, Қазақстан мен Ресей екі елдің көлік-коммуникациялық мүмкіндіктерін және тығыз байланысқан жүйені дайын тауар өндіретін біртұтас өндіріс орны ретінде тиімді пайдалануы қажет.
Қазақстан мен Ресей байланыстарына талдау жасай отырып, посткеңестік аумақта интеграциялық үрдістерді дамытуға деген екі ел ұстанымының ортақ болуын ерекше атап өткен жөн. Жалпы, Еуразия кеңістігіндегі геосаяси орналасуы, экономикалық және әскери-саяси мүдделер Қазақстан мен Ресейді қауіпсіздікті қамтамасыз ету, территориялық тұтастық және егемендікті құрметтеу принциптері негізінде өздерінің айналасында тату көршілік аумағын құруға мүдделі мемлекеттер етінде ерекше ролін анықтап берді. Осы бағытта Қазақстан мен Ресей бірінің көтерген бастамасын екіншісі қолдап келеді[1].
1.2 ҚР мен РФ арасындағы экономикалық қарым-қатынастың даму кезеңдері
1991 жылы Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін таныды. КСРО Одағы тарағаннан кейін Қазақстан мен Ресей саяси-экономикалық қатынастарды жаңғыртты.
1992 жылы қазан айында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды. 1992 жылы – Қазақстан Республикасында Ресей Федерациясының Елшілігі ашылды. 1992 жылы - Ресей Федерациясында Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылды. Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласында Қазақстан Республикасының Бас Консулдығы және Астрахань қаласы мен Омск қаласында Консулдықтары жұмыс жасайды. Қазақстан Республикасының Алматы қаласында Ресей Федерациясының Бас Консулдығы және Орал қаласында Консулдығы жұмыс жасайды.
Әскери және әскери-техникалық сала бойынша ынтымақтастықтың негізі болып 1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісім және 1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісім болып табылады.
Қазақстандық әскери қызметкерлер Ресейде жеңілдік жағдайларында оқиды. Қазақстан тарапы өзіне тыңдаушылар мен курсанттарды қамтамасыздандыруды алады, ал Ресей тарапы олардың оқуына өз қаражаттары есебінен төлейді.
Қазақстан мен Ресей арасында 1999 жылдан бастап Үкіметаралық комиссия жұмыс жасайды, оның шеңберінде екі жақты ынтымақтастықтың мәселелері шешіледі.
2006 жылдың қараша айынан бастап Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Төтенше жән Өкілетті Елшісі Михаил Николаевич Бочарников. Екі жақты ынтымақтастықтың маңызды аспектісі сауда-экономикалық байланыстар болып табылады. Ресей Қазақстанның ең ірі сауда әріптесі болып табылады. Екі жақты сауда айналымының үлесі Қазақстан Республикасының бүкіл сыртқы сауда көлемінің 18 пайыздан астамын құрайды.
2007 жылдың желтоқсанында Қазақстан, Ресей және Түрікменстан Үкіметтері арасында Каспий маңында газ желісін құру ынтымақтастығы туралы келісім жасалды. Ол бойынша тараптар, түркмен және қазақстан табиғи газын Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы мен Түрікменстан аймақтарына тасымалдау үшін «Окарем-Бейнеу» және «Орталық Азия-Орталық» газ желісін қайта құруды есепке алып, «Белек» (Түркменістан) компрессорлық бекетінен бастап «Александров Гай» (Ресей) газ өлшейтін бекетке дейін Каспиймаңы газ желісі құрылысын жүзеге асыруды қаматамасыз етеді[2].
Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласы бойынша ынтымақтастық қарқынды дамуда. МАГАТЭ-ның бақылауымен Ресей аумағында ядралық отын цикл қызметін көрсететін, соның ішінде уранды байыту, басқа елдер қатысуы үшін Халықаралық орталық құрылып ашылды.
Ғарыш саласы бойынша ынтымақтастық қарқынды түрде дамуда. «Байқоңыр» кешенін бірігіп қолдану саласында Қазақстан мен Ресей маңызды жұмыстар атқарды.
Дәстүрлі мәдени-гуманитарлық байланыс мұнан әрі дамуда.
2007 жылы қазан айында білім, гуманитарлық ғылымдар, мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ), туризм және спорт, денсаулық сақтау, жастар ұйымдарының қызметтері және тағы басқа салаларға арналған нақты шараларды жүзеге асыру жөнінде 2007-2010 жылдар аралығында мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласы бойынша Мемлекетаралық бағдарламаға қол қойылды.
Екі мемлекет азаматтарының құқықтық теңдігін, халықтардың мәдениетін дамытуды, білім алу, сонымен қатар ұлттық ерекшеліктерді сақтау және дамыту, діни-рухани қажеттіліктері және ана тілінде оқытуды қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалды.
2008 жылдың қорытындысы бойынша тауар айналым 19,9млрд. АҚШ доллларын құрады, 2007 жылмен салыстырғанда
22 пайызға жоғарлаған.
2008 жылы Ресейдің құбыр желісі жүйесі арқылы жақын елдер мен алыс шетелге Қазақстан мұнайының 60 млн. тоннадан астамы тасымалданды.
Қазақстан мен Ресей екі жақты ауқымда Каспий теңізінің қайраңын бөлу туралы сұрақты шешті. Жер қойнауын қолдану мақсатында Каспий теңізінің түбінде біздің елдерді бөліп тұратын түрлендірілген орта сызық жүргізілгендігі, сонымен қатар «Құрманғазы», «Орталық» және «Хвалынское» кен орны құрылысын өңдеуде бірлескен іс-қимыл ұйымдары белгіленді.
Біздің елдер, сонымен қатар, Каспий құрбыр желісі консорциуімінің негізгі акционерлері болып табылады. Бүгінгі күнде Қазақстан ОПЕК мүшесіне жатпайтын елдер арасынан ЕО нарығындағы мұнай экспортерлері арасында үшінші орында (Ресей мен Норвегиядан кейін).
Қазақстан газын өндірудің өсуі және жүзеге асырылуына байланысты Ресейде газ өңдеуде әрекеттестік және оны экспортқа шығару үшін ресей көлік инфрақұрылымын пайдалану қарқынды арттырылды. Одан басқа, екі жақты қатынастардың маңызды құрайтынының бірі өзбек және түрікмен табиғи газын Ресейге кейін Украина мен Еуропаға тасымалдау болып табылады. (2008 жылдың қорытындысы бойынша газ тасымалының жалпы көлемі 97 млрд. кубметрді құрады.
Жаңа Қазіргі заманға лайық зымыран-ғарыштық кешен «Бәйтерек» жасауда жоспарлы жұмыстар жүргізілуде[3].
2008 жылғы мамыр айында Спутниктік навигацияның Ғаламдық жүйесінің (ГЛОНАСС) жобасы бойынша өзара бірлескен жұмыс туралы, және де ғарыштық кеңістікті бейбіт мақсатта зерттеу саласында үкіметаралық келісімдерге қол қойылған.
Бұл Қазақстанның жаңа ғылымды көп қажетсінетін өндірістің дамуында қуатты түрткі болатындығына және екі елге ғылыми-техникалық және интеллектуалдық күш-қуатын толық іске асыруға мүмкіндік береді.
Автожол және коммуникация жолдары құрылысы саласысында Қазақстан және Ресей арасындағы ынтымақтастық дамуда.
Қазақстан және Ресей аумағы арқылы Батыс Еуропаны Батыс Қытаймен біріктіретін жоба бойынша сарапшылар белсенді жұмыс атқаруда. «Санк-Петербург – Мәскеу – Қазан – Орынбор – Ақтөбе – Қызылорда – Шымкент – Алматы – Хоргос – Ляньюньгань кемежайы» сапар желісі құрылуының маңыздылығы біздің елдерді әлемдік жүк тасымалдау жүйесіне біріктіруге және транзиттік операциялардан түсетін табысты өсіруге мүмкіндік береді.
Трансазиаттық теміржол магистралінің Солтүстік дәлізді желі болып табылатын Еуроазиаялық транзиттік дәлізді дамытуда белсенді шаралар қабылдануда.
Су көлік саласы бойынша ынтымақтастықтың үлкен болашағы бар. Оның ішінде, Қазақстанның Каспий және Азов-Қара теңіз айлағын біріктіретін су көлік құрылысына қатысу мүмкіндігі қарастырылуда. Ақтау-Астрахань, Ақтау-Махачкала паромды желісі ашылды.
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Қарулы күштері мүддесіне сай әскери-техникалық сала ынтымақтастығы бойынша біріккен жұмыстар бағдарламасын іске асыру туралы үкіметаралық келісім жобасына қол қою үшін, сонымен қатар 2008-2012 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының қарулы күштері мүддесіне сай әскери міндет жүктелген өнім тапсырысы бойынша Үкіметаралық Бағдарламаны дайындау жұмыстары жүргізілуде.
Қазақстан-ресей қатынастарында шекара маңы ынтымақтастығы маңызды орын алады.
Әр жыл сайын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мемлекет басшылары қатысуымен шекара маңы аймақтары жетекшілерінің Форумы өткізіледі. Онда екі жақты ынтымақтастықтың өзекті деген мәселелері, сондай-ақ табиғатты, өзендерді бірлес қолдану, су қоймаларын және басқа да табиғи ресурстарын пайдалануда бірдей стандарттарды қолдану туралы талқыланды.
2008 жылғы 22 қыркүйектегі өткен шекара маңы аймақтарының жетекшілерінің бесінші Форумы ерекше орын алады. Белгілі болғандай, оны мемлекет басшылары Өңіраралық ынтымақтастық Форумы етіп кейпін өзгерту туралы шешімді қабылдады, ол мәжіліс Орынбор қаласында 2009 жылғы 11 қыркүйегінде өтті. Кезекті 12-ші ҮАК отырысы 2008 жылдың 26 қарашасында Мәскеу қаласында өткен.( 13-ші отырысты Астана қаласында 2009 жылдың қазан айының бас кезеңінде өткізу жоспарлануда). Сонымен қатар, 2008 жылдың 19-21 желтоқсанда Бурабайда
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев пен Ресей Федерациясы Президенті
Д.А. Медведевтің екі жақты кездесу барысында 2009 - 2010 жылдарға арналған Қазақстан мен Ресейдің бірлескен іс-қимылы туралы жоспар қабылданды. 2008 жылғы 4-5 мамырда ҚР Сыртқы істер министрі М.Тәжиннің Ресей Федерациясына ресми сапары болды. 2008 жылғы 22-23 мамырда Ресей Федерациясының Президенті Д.А. Медведевтің Қазақстан Республикасына мемлекетік сапары болды. 2008 жылғы 5-6 шілдеде Ресей Федерациясының Президенті Д. Медведев астананың мерейтойын тойлауға орай мемлекет Басшыларының бейресми басқосуына қатысты. 2008 жылғы 16-17 қазанда Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрі С.В. Лавровтың Қазақстан Республикасына жұмыс сапары болды. 2008 жылғы 29-30 қазанында Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы В.Путиннің Қазақстан Республикасына жұмыс сапары болды. 2008 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.К. Мәсімовтың Ресейге жұмыс сапары болды. 2008 жылғы 19-21 желтоқсанда Бурабайда Армения, Қырғызстан, Қазақстан, Тәжікстан және Ресей мемлекеттері басшыларының бейресми басқосуы өтті[4].
2009 жылғы 4 ақпанда Мәскеуде ҰҚШҰ-ның қауіпсіздік ұжымы Кеңесінің кезектен тыс сессиясы мен ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңес отырысы барысында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев пен РФ Президенті Д.А. Медведевтің екі жақты кездесуі болды, сонымен қатар Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы В.Путинмен келісөздер өтті.
2009 жылғы 13-14 наурызда ҚР Сыртқы істер министрі
М.М. Тәжиннің Ресей Федерациясына жұмыс сапары болды. 2009 жылғы 21 мамырда Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы В.Путиннің Қазақстан Республикасына жұмыс сапары болды. 2009 жылдың 18 шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Ресей Федерациясының Президенті Д.А. Медведевтің шақыруымен Орталық Мәскеу Ипподромының 175-жылдығын тойлауына орай Ресейге сапары болды. 2009 жылғы 11 қыркүйекте Орынбор қаласында Мемлекет Басшыларының қатысуымен Қазақстан мен Ресей арасындағы Өңіраралық ынтымақтастықтың VI Форумы болды. 2009 жылғы 11 қыркүйегінде Ақтау қаласында Әзірбайжан, Қазақстан, Ресей және Түркменістан басшыларының бейресми басқосуы өтті. 2009 жылдың 14 тамызынан бастап Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше жән Өкілетті Елшісі Зауытбек Қауысбекұлы Тұрысбеков. 2009 - 2010 жылдарға арналған Қазақстан және Ресейдің Бірлескен іс-қимыл Жоспары ойдағыдай жүзеге асырылуда, оны өткен жылдың желтоқсан айында Бурабайда Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан президенттерінің бейресми кездесуі барысында екі мемлекеттің Басшылары арасында қабылдаған. Аталған Жоспар қысқа мерзімді перспективада екі жақты ынтымақтастықтың барлық саласындағы мәселелерді шешуді қарастырады.
Қазақстан және Ресейдің магистральді құбыр желісін қолдану арқылы қазақстандық көмірсутекті шикізатты әлемдік нарыққа тасымалдау мәселелерінде өзара ықпалдасуында, мұнай-газ өндіруші өндірісті бірлесіп жаңартуда.
Тәуелсіз дамудың алғашқы жылдарынан-ақ Қазақстанның сыртқы саясаты алдында экономикалық және саяси ынтымақтастықтың аймақтық және субаймақтық құрылымдарына ену мақсаты тұрды. Дәстүрлі шаруашылық байланыстарды сақтау мен ТМД елдерімен интеграциялану Қазақстанның сыртқы экономикалық саясатының негізгі бағыты болды. Осы бағыттағы басты басымдылық Ресей Федерациясымен көпсалалы, өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты дамыту болатын.
Республика Президенті атап өткеніндей: «Екі жақты байланыс саласында Қазақстан алдындағы приоритетті бағыт - Ресей Федерациясымен қарым-қатынасаты дамыту. Бұл әлем қауымдастығы алдындағы Ресей Федерациясының саяси және экономикалық ролімен және ұзаққа созылған ортақ шекарамен шартталады. Ресей - республикамыздың ең ірі сауда серігі. Көптеген халықаралық мәселелер бойынша біздің ұстанымымыз ортақ. Оның үстіне, екі ел азаматтары арасындағы достық, туыстық қатынастар. Бұл Ресейді Қазақстанның табиғи әрі заңды одақтас
2 Қазіргі кезеңдегі Қазақстан-Ресей экономикалық қатынастарының өзекті салалары мен бағыттары
2.1 Экономикалық интеграция шеңберіндегі Қазақстан – Ресей қатынастары
Қазіргі кезеңде Қазақстан – Ресей қарым-қатынастары жоғарғы деңгейдегі өзара сенім мен стратегиялық серіктестіктің дамуымен ерекшеленіп отыр. Қазақстан мен Ресей арасында дұрыс шешімін таппаған проблема жоқ. Өйткені келіссөздер барысында екі жақтың да мүдделері назардан тыс қалмайды. Мұның экономикалық мәселелерге, Қазақстан мұнайын тасымалдауға, Каспийдегі шектеу шараларына, «Байқоңыр» космодромын жалға беруге, мемлекеттік шекараны белгілеуге де қатысы бар. Қазақстан мен Ресей әлемдегі ең ұзын шекараның өтетін жерлерін белгіңлеуде тең құқықтық және ұлттық мүдделер қағидаларын сақтай отырып келісімге келеді.
Ендігі алда тұрған мәселелер – сауда-экономикалық ынтымақтастық пен аймақтық интеграцияны дамыту. Қауіпсіздікті нығайту мақсаты да басты назарда. Осы айтылған барлық салаларда Қазақстан мен Ресей позициялары бір-бірінен жақын немесе сәйкес келеді.
Қазіргі таңда Қазақстан мен Ресей ТМД аумағындағы бірқатар интеграиялық бастамаларды көтеріп, оны жүзеге асыруда жетекші орынға шығып отыр. 90-шы жылдары құжаттық негізде ресімделген Кеден одағы, біртұтас экономикалық кеңістік бастамалары бұның айғағы. БҰҰ-мен мойындалып, мүше-елдерінің дамуы мен экономикалық интеграцияның жоғарғы деңгейіне қол жеткізуді мақсат етіп отырған Еуразиялық экономикалық Қоғамдастығы жоғарыда аталып өткен үрдістердің қазіргі таңдағы жалғасы.
Тәуелсіз даму жылдарында Қазақтан мен Ресей өзара ынтымақтастықтың бай құжаттық-құқықтық негізін қалыптастырды. Бірінші кезекте бұл 1992 жылы қабылданған Достық, ынтымқтастық және өзара көмек туралы келісімі. Екі жақты байланыстың негізгі принциптерін бекіткен бұл құжат екі елдің саяси және экономикалық байланыстарының тұрақты дамуын қамтамасыз етті. Ынтымақтастықтың әрі қарайғы дамуын екі ел басшыларының 1998 жылы XXI ғасырды көздеген Мәңгі достық пен одақтастық туралы Декларациясын қабылдауына мүмкіндік берді.
Қазіргі таңда екі жақты байланыстың құқытқық-келісмдік негізі 300-ден аса құжатты қамтиды. Екі ел арасындағы байланыста саяси сенімділік пен өзара түсіністік күшейіп келеді. Екі жақты қатынастардағы елеулі оқиғалар қатарында мемлекетаралық шекараның делимитациялануы, Каспий теңізінің солтүстік бөлігі табанын бөлу туралы келісімінің қабылдануы, екі ел арасындағы байланыстардың тереңдеуіне жол ашқан Ресейдегі Қазақстан жылы мен Қазақстандағы Ресей жылдарының кезек өткізілуін атап өтуге болады[6].
Қазіргі таңда Қазақстан-Ресей қатынастары ынтымақтастық, интеграциялық бастамалар және мемлекетаралық қатынастарда заңды құбылыс саналатын бірқатар мәселелері бар тұтас бір құрылым құрайды. Дегенімен, Қазақстанның Ресей Федерациясымен стратегиялық әріптестігі – Қазақстан егемендігінің табиғи құрамдас бөлігі.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстан-Ресей қатынастары сенімділік пен стратегиялық әріптестіктің жоғарғы деңгейінде дамып жатыр. Қазақстан сыртқы саясатының маңызды басымдылығы-Ресей бағыты. Қазақстан мен Ресей арасында өзара мүдделерді ескеру және келіссөздер жолымен шешіле алмайтын мәселелер жоқ. Бұл саяси және экономикалық мәселелерге де тиесілі»,-деп атап өтеді.
ТМД елдерімен экономикалық байланыстарды дамыту қажеттігін Ресей Федерациясының бұрынғы Президенті В.В.Путиннің 2006 жылы 10 мамырда РФ Федералды Жиналысына жолдауында үлкен мән берілген: «Қазіргі таңда ТМД кеңістігінде байланыстардың тиімді нұсқасын іздестірудің күрделі үрдісі жүріп жатыр. Ресей осы ізденістер нәтижесі ел үшін тиімді болатынын ашық жариялуға дайын. Бұның нәтижесі әрбір тараптың дамуын қамтамасыз ететін тиімді экономикалық жүйе құру... Біздің жақын көршілерімізбен байланыс Ресей Федерациясы сыртқы саясатының негізгі бағыты болып қала бермек» Тақырыптың зерттелу деңгейі. Кеңес Одағының ыдырауы нәтижесінде әлем картасында жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы және егеменді екі мемлекет Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында тең құқықты байланыстардың қалыптасуы мен даму барысы ғылыми тарихнамада жоғарғы деңгейде зерттелген тақырыптардың бірі. ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық қарым қатынастар жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Экономика курстық жұмыстар, Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық қарым қатынастар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]