Курстық жұмыс: Маркетинг | Қазақстан Республикасындағы алкогольды сусындар нарығы
Мазмұны
Кіріспе 2
Алкогольды сусындар нарығы 7
1.1 Шарап нарығы 9
1.2 Құдайлар сусыны 15
1.3 Сүт екі есе дәмді, егер ол сыра болса! 17
«Бахус» Акционерлік Қоғамы –
САПА КЕПІЛІ, ТАҢДАУ КЕПІЛІ! 20
2.1 Қазақстанда АҚ «Бахус» алатын орны 23
2.2 АҚ "Бахус" маркетингтік стратегиясы 25
Қорытынды 28
Қолданылған әдебиеттер: 30
Қосымшалар 31
Алкогольды сусындар нарығы
Республикамыз тәуелсіздік алғаннан бері алкогольды сусындар нарығы үлкен эволюциядан өтті. Экономика, нарық, технологиялар, осы саладағы саясат, сонымен бірге мәдениет пен салт-дәстүрлер - осының барлығы соңғы онжылдық ішінде өзгерді. Сол өзгерулердің бірі Қазақстандағы алкогольды сусындар сапасы тек ТМД ғана емес, сонымен қоса континент бойынша үлкен дәрежеге ие болды. Халықаралық жәрмеңкелерде Қазақстанның алкогольды сусындары туралы Ресей мен Украина мамандарының айтуынша үлкен жетістіктерге жетуде. Мысалы, 2004 жылы Белгияда өткен ТМД және Еуропа елдерінен алкоголь сусындарын өндіретін кәсіпорындар қатысқан жәрмеңкеде ең көп алтын медальдарды «Көкшетауминводы» зауыты алған болатын, одан кейін бұл зауыт Киев қаласында өткен жәрмеңкеде жеңімпаз болған екен.
1992 жылдары Қазақстанда 4 спиртзауыты мен 13 ликероводочный зауыт болса, 1996 жылы олардың саны 200 ликероводочный зауыт пен 30 астам спирт зауыты болған екен. Олар сол кездегі ішкі нарықтың қажеттіліктерінің 90% жапқан болатын. Импорттық өндірушілерге қарағанда отандық өндірушілер бағасымен басымдылық көрсеткен болатын. Қазіргі кезде мемлекет талаптарына сай болып, лицензия алған 18 спиртзауыты мен 55 ликероводочный зауыт бар. Олардың көбею салдарынан сала ұлғайды, ал бұл өз кезегінде шетел инвестицияларын тартады. Мысалы, халықаралық холдинг «Efes Beverage Group» («EBG») 2001 жылы Қарағанды «КОЛОС» сыра зауытын меншікке алған. Одан кейінгі жылы зауыттың қуаттылығы 44 млн. литрге дейін өскен. 2003 жылы Алматы облысындағы Қарасай ауданында осы холдинг «Карагандинское», «Старый мелник», «Efes Pilsener» сыра маркаларын шығаратын зауыт салған, оның қуаттылығы жылына 60 млн. литр болған. 2003 жылы «BBH» (Швеция) Baltic Beverage Holding AB холдингі «Ирбис», «Дербес», «Алма-Ата», сыра маркаларын шығара бастаған. «Дербес» сырасын Қазақстанда алғашқы болып алюминий баночкаларына құйған екен.
Алкоголь саласының дамуы басқа да салалардың дамуына ықпал етеді. Олар: Стеклотары, этикетикалық өнімдер, жүзім, жеміс-жидек, арпа өндірушілері. Мысалы, 2002-2006 жылдар аралығында бөтелкелерді және оған ұқсас басқа да өнімдер шығару көлемі 162-нан 228,8 млн. данаға дейін өскен екен. Елдегі басқа салаларға қарағанда бұл саладағы технологиялар дамып келеді. Солардың бірі Еуропа мен АҚШ-тан ультратазалағыш, бөтелкелерге сусынды құйып беретін технологияларды келесі қалалардағы зауыттар сатып алған: Ақтөбе, Көкшетау, Павлодар, Жамбыл.
Қазақстанда мемлекеттік стандарттқа сай азық-түліктік спирттың үш сорты бар:
Жоғары дәрежеде тазалықтан өткен спирт (мелассадан);
«Экстра» (картоп пен бидайдан);
«Люкс» (бидайдың қатты сорттарынан);
Олар сорттарына байланысты дәмі мен физиологиялық қасиеттері де әртүрлі.
Соңғы жылдары көп елдерде алкогольды тұтынуда төмендеу тенденциясы көрініп тұр, яғни оны аз мөлшерде немесе мүлдем тұтынбау әдетке еніп отыр. Бұл алкогольды өнімдерге салынатын салықтардың жоғарлауына, өнімнің бөлшек саудадағы бағаларының өсуіне, кедендік баждар түрлернің көп болуы, сонымен бірге адамдардың денсаулықтарының сақталуына байланысты болып отыр. Осы жағдайларға байланысты нарықта жаңа жоғары сапалы өнімдер пайда болып, бәсекелестік деңгейі өсуде. Сондықтан алкогольды өндірушілер тек сапасына көңіл бөліп қана қоймай, оның жарнамасында жетілдіріп жатыр.
Алкогольды сусындар нарығы ең табысты, өзін-өзі тез ақтайтын және оған сұраныс әрдайым жоғары дәрежеде болатын салалардың қатарына жатады. Алкоголь бизнесінің айналымдылығы мен табыстылығы жағынан мұнай бизнесіне, ал кейбір елдерді қылмыс пен және наркобизнеспен тең келеді. Алкогольды сусындар нарығы - өте күрделі. Оны рационалды, экономикалық, әлеуметтік, саяси аспектілерін реттеп отыру керек.
Алкогольды сусындар азық-түлік өнімдеріне жатады. Көп мемлекеттерде оны тек мейрамдарда ғана емес, жай күндері де іше береді. Егер алкогольды сусындарды белгілі бір нормамен ішсе, ол адамның шаршауын төмендетіп, көңіл-күйін көтереді. Сонымен бірге зат алмасу процесін жақсартып, улы заттарды шығарады. Бірақ алкогольды жиі тұтыну адамның физикалық және психологиялық денсаулығына зиян келтіреді. Жүйке жүйесі жұмысының өзгеруі адам қанындағы алкогольдың концентрациясына байланысты. Алкогольдың қандағы көлемі 0,04-0,05% болса, ми қабығы дұрыс жұмыс істеуін тежеп, адам өз іс-қимылдарына жауап бере алмайды, дұрыс ойлау қабілеттілігі төмендейді. Егер алкогольдың қандағы концентрациясы 0,1% жетсе, мидың терең бөліктеріне әсер етіп, адамның жүрісіне әсер етеді. Кейде адам себесіз қуануы немесе керісінше, ренжуі мүмкін. Егер концентрация 0,2% көлемінде болса, адамның ұйқы бездеріне әсер етіп, ұйқыға басады. Алкольдың қандағы концентрациясының көбеюіне байланысты адамның есту және көру қабілеттілігі төмендейді. Концентрация 0,3% жеткенде адамның есі бар, бірақ не көріп, не естіп жатқанын түсінбейді, кейде мүлдем білмеуі мүмкін. Бұндай жағдайды «алкоголное отупение» деп атайды. Егер қандағы алкоголь көлемі 0,6-0,7% жеткенде адам маскүнемдік немесе алкоголизм деген ауруға шалығады. Егер адам уақытында емделмесе дүниеден өтіп кетеді.
1.1 Шарап нарығы
Алкогольды сусындар нарығының ағымдағы жағдайы дәстурлі S-қисығымен көрсетуге болады. Жалпы, тауар нарығы 4 классикалық кезеңдерге бөлінеді:
Нарыққа шығу
Өсу
Кемелдену
Құлдырау
Шарап тауардың өмірлік циклінің өсу кезеңінде орналасқан. Алкогольды сусындар нарығына зерттеу жүргізген кезде шарап жасаушы отандық өндірушілер болашақтағы Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруге дайындалып жатқанын көрсеткен. Осыған байланысты жаңа технологиялар енгізіп, шығарылып жатқан тауардың ассортиментін жақсартып, халықаралық талаптарға сай іс-қағаздар жүргізіліп жатыр.
Талдау жасайтын болсақ, шарапты тұтыну көлемі 17,4% ұлғайған. Бұл тұтынушының талғамы арақтан сапасы жоғары сусындарға (шарап, коньяк, виски) ауысқанын көрсетеді. Соңғы үш жылда жүзімнен жасалған шарап үлесі 31,2%, жеміс-жидектен жасалған шарап 7,6%, газдалған шарап 0,3% үлкейген.
Шарап – бұл тек дәмді және сапалы сусын ғана емес, ол сонымен қатар профилактикалық құрал. Жүзімнен жасалған шараптар медициналық мақсатпен антика заманынан бастап қолданылып жүр. Ежелгі Грецияда шарап антисептикалық құрал ретінде қолданған. Натуралды шарап адамның ұйқысын жақсартып, ағзаны сақтайды деп римляндар санаған. Қазіргі зерттеулерге сүйенетін болсақ, шарап шынында да адам ағзасына жақсы әсерін тигізеді. Иммунитетті және адам ағзасының тонусын жоғарлатады, антибактериалды қасиеттері бар. Бірақ шарап бұндай пайда әкелу үшін оны қалай? және қандай? мөлшерде тұтыну керек екенін білу керек. Қазақстандықтар мамандар ұсынатын тұтыну нормаларына әлі жеткен жоқ. Отандастарымыздың 15% шарапты апта сайын тұтынады екен. Мамандардың айтуынша, тамақтану кезінде тұтыну нормасы 1-2 бокал болып саналады. Ер адамға тұтыну нормасы күніне 300-350 мл, әйелдерге 150-200 мл. Ал біздің қазақстандықтардың шарапты тұтыну көлемі келесідей:
Қазақстандықтардың орташа 3 айда шарап сатып алуға 1200 теңге және шампан сатып алу үшін 900 теңге жұмсайды екен. «Комкон-2 Евразия» зерттеушілік компанияның мәліметтері бойынша қазақстандықтар бұл өнімдерді келесі дүкендерден жиі сатып алады:
Қаланың атауы Дүкеннің атауы
Алматы «Гросс», «Пятерочка», «Рамстор (Самал)»
Астана «Рамстор», ТД «Еуразия», «Москва»
Актобе «Анвар», «Дина»
Павлодар «Манакбай», «Арай», «Муравейник»
Өскемен «Аймар»
Шымкент «Имран», «Возрождение»
Зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей шарап пен шампанды ең көп Астана қаласының тұрғындары тұтынатынады екен. Шарапты ең аз Орталық Қазақстан тұрғындары (11%), ал шампанды Оңтүстік Қазақстан тұрғындары тұтынатынын (1%) көрсеткен.
Бүгінгі күні шарап нарығы Қазақстан Республикасында даму үстінде. Егер Италия, Франция сияқты шарап державаларын қоспай, Англия және Бельгия елдерін қарастыратын болсақ,онда соңғы он жыл ішінде шарапты тұтыну нормасы адам басына шаққанда 17-18 литр. Ресейде бұл сан 17 литр, ал Қазақстанда 10 литрге жетеді. Бұл әлі тұтыну дәрежесі төменгі деңгейде екенін көрсетеді. Егер «неге соңғы жылдары шарапты тұтыну 30% өсті?» деген сұрақ қойылатын болса, онда «біздің отандастарымыз шетелге жиі барып жүр. Сонлықтан Батыс елдерінің шарапты тұтыну сәнін өздеріне алған» деп жауап беруге болады. Сонымен бірге, шарап – бұл дәмді тағаммен бірге ішілетін сусын болып табылады, ал ондай тағамдар нарықта өте көп. әсіресе кафеде, мейрамханаларда, буфеттер мен асханаларда, жалпы қоғамдық тамақтандыру орындарында жиі кездеседі. Тұтынушы талғамының өзгеруіне байланысты қоғамдық тамақтандыру орындары да шараптар түрлеріне «жаңа елдің» шараптарын менюлеріне қоса бастады.
Шараптар бойынша мамандар үш жыл бұрын Қазақстанда мүлдем болмаған екен. Ал қазір «Жеті Қазына», «Arcobaleno», «Old England», «Bellagio» сияқты мейрамханаларда шарап мамандарын кездестіруге болады. Бірақ кейбір адамдарды мейрамханалардағы қазіргі бағалары үркітетіні бәріне мәлім. Мысалы, сол шарапты қарастырсақ, оның бағасы бөлшек саудадағы бағасына 30-50% қосқандағы бағасына тең болады.
Алматы мен Астана қалаларында «Barton&Guestier» шарапын тұтыну көлемі жоғары болса, Атырау және Ақтау аймақтарында француз шараптарын тұтыну көлемі жоғары. Француз шараптарын бірге Грузин шараптары да нарықты үлкен үлесті алады. Олардың ішінен ең танымалы «GWS», «Тбилвино». «GWS» бағасы дистребьютерларда 510 теңгеден бастап 2090 теңгеге дейін, ал «Тбилвино» 460 теңгеден бастап, ең қымбаты 2165 теңге шамасында болады. Грузин шараптары жартылай тәтті болып келеді. Өйткені Грузия елінің климаты жүзім шаруашылығына үлкен әсерін тигізеді. Қазақстанда көбі тәтті шараптарды сатып алатындықтан, олар жиі француз шараптарын таңдайды екен. Енді біздің өндірушілерге келетін болсақ, олардың келесілері натуралды жүзімнен шарап жасаушылар болып табылады: «Иссык», «Гигант», АҚ «Бахус» (қосымша №1), «Gold Product». Қазақстанның климатында Іле Алатауы жүзімді өсіруге жақсы жағдайлы болып келеді. Отандық шарап жасаушы компанияларда кадрлар дефициті бар. Бірақ сұраныс ұсынысты тудырады дегендей, Қазақстандық шарап жасаушы компанияларға деген ......
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығы
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығы
» Курстық жұмыс: Экономика | Бағалы қағаздар нарығының түсінігі және құрылымы
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығы
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығын талдау
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығы
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығы
» Курстық жұмыс: Экономика | Бағалы қағаздар нарығының түсінігі және құрылымы
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығы
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығын талдау
Іздеп көріңіз: