Курстық жұмыс: Банк ісі | Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының банк жүйесі
Мазмұны
Кіріспе .............................................................................................................. 2
I Тарау . Қазақстан Республикасының банк жүйесі...............................4
1.1. Қазақстанда банк жүйесінің қолыптасуы және дамуы .................4
1.2. Қазақстанда банк жүйесінің қызметін реформалау.....................17
II Тарау. Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының банк жүйесі..24
2.1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктерді қайта қаржыландыру......................................................................................26
2.2 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктердің ресми мөлшерлемесін қарастыру..................................................................39
Қорытынды......................................................................................................37
Қолданылған әдебиеттер ...............................................................................39
І Тарау Қазақстан Республикасының банк жүйесі
1.1. Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы
Қазақстан тереториясында орта ғасырларда (VI-X ғғ.) сауданың дамуымен бірге ақша және сәйкесінше ақшалай қатынастар. Сауда көбінесе, XVIII ғасырда негізгі қаланған шекаралық қорғандардағы айырбас аулаларында жүрді. Сауда ақша нысанында тез өсе бастады, сауда жәрмеңкелері дами бастады. Жәрмеңкелерде өз кезегінде экономикалық дамуға және тауар ақша қатынастарының кеңеюіне оң ықпалын тигізді. Сауданың даму нәтижесінде, әрине, саудагерлер байи бастады. Олар өздерінің қолына үлкен мөлшерде ақша қаражаттарын шоғырландырып, өсімқоршыларға айналды. XIX ғасырдың басынан Қазақстанға шетелдік және рессейлік банктік капитал енеді, бұл капитал аймақтың негізгі қаржылық рсурстарын монополизациялайды. 1889 ж. Рессей үкіметі Омск қаласында Семей, Ақмола және Жетісу облыстарында қаржылық істерді басқару үшін қазынашылық палатасын ұйымдастырады. Палатаның міндеті мынада болады: сауданы бақылау, қазынашылықтардың басқару, мемлелеттік табыстар бойынша жалпы есеп жүргізу. Қазақстанға банктік копиталдың өне бастауы және оның териториясында несиелік жүйесінің құрылуы XIX ғасырдың аяғында басталды. Осы уақыттан бастап несиенің жаңа нысандары пайда бола бастады. Қазақстанның несиелік жүйесі, Рессей империясының несиелік жүйесінің бір бөлігі ретінде, мемлекеттік банктің бөлімшелерінен, акционерлік коммерциялық банктерден, несиелік кооперциялардан және де басқа да майда несие мекемелерінен құрылды.
Рессей Мемлекетік банктің құрылуымен Қазақстан тереториясында оның мекемелері пайда бола бастады. Ресей Мемлекетік банкінің бірінші бөлімшелері Уральскта (1876 ж.), Петропавловскте (1886 ж.), Семейде (1887.), Верныйда (1911.) ашыла бастады. Ресей Мемлекеттік банкінің мекемелерінің ашылуынан кейін Қазақстан тереториясында коммерциялық банктер пайда болды.
1917 жылғы революциядан кейін Қазақстандағы барлық қаржылық шаралар, РФСРО-ның қаржылық органдарымен жүргізілетін қаржылық саясаттың принцептерімен сәйкес жүргізіледі. Кеңес үкіметінің бірінші жылдары бұрыңғы жүйемен несиелеу ережелері қала берді. 1919 жылдың бірінші жартысында бір-бірімен байланыспаған мекемелердің 2 түрі пайда болды: қаржылық бөлімдер (губерниялық, уездік және қалалық) және Халық банкінің мекемелері, РФСРО Халық банкіна бағынышты. Жергілікті қаржылық органдарын ұйымдастыру жұмыстары Азамат соғысының және әскери интервенция кесірінен созылып кетті. Несие ісін реттеу жұмыстары жеке банктерді национализациялау негізінде жүргізілді. 1920 жылы РФСРО Халық банкі жойылып оның функциялары РСФСРО-ның Халықтық қаржылық коммисариатының бюджетік-есептік басқармасына ерілді. 1921 жылдың қазан айында Мемлекетік банкті құру туралы шешім қабылданды. 1922-1925 жылдары бүкіл елде, Қазақстанда соның ішінде, шаруашылықтың бөлек салаларыны қызмет көрсететін коммерциялық және басқа банктерді ұйымдастыру процессі жүріп жатты. Одақ үкіметінің 1930 жылғы 30-ші қаңтарындағы үкімі бойынша елде несиелік реформа жүрді. Бұл реұорма коммерциялық несиелеуден тікелей банктік несиелеуге көшуді жүзеге асырды. Несиелік жүйені қайта құру 1932 жылғы 5-ші мамырдағы үкіметтің “Банктердің күрделі салымдарды қаржыландыруы және ұзақ мерзімді несиелеуі туралы” үкімімен аяқталуы.
Ұлы Отан Соғысы Қазақстанның экономикасының алдында келесі негізгі міндеттерді қойды: Ұлттық шаруашылықты әскери етіп қайта құру, әскери өнімді көбейту, армияны қарумен және азық-түлікпен қамтамасыз ету.
Соғыс өтуімен Қазақстандағы Мемлкеттік Банктің мекемерелі ақшаның айналысқа түсуі және алынуы ережелерін қатаң сақтады. Банктердің кассасына қолма-қол ақшаларды түсіру және олармен бүкіл халық шаруашылығын қамтамасыз етуіне байланысты үлкен жұмыс жүргізілді.
Соғыстан кейінгі кезеңде Қазақстанның банктік жүйесі өзінің қызметін белсенді белсенді жүргізуге шақырылды, экономиканың дамуы және қайта жандануына тиімді ықпалын тигізуі қажет болды 70-ші жылдары халық шаруашылығында экономикалық өсудің қарқынын төмендетеді. Оларды өту үшін өндірісті дамыту және салалық банктік мекемелер арқылы тиімді басқару тетіктерін құру көзделді. Банк ісі үш ірі несие институттарымен көрінді: КСРО Мемлекеттік банкі, КСРО Құрылыс банкісі, КСРО Сырты сауда банкісі. Бірақ қабылданған шаралар қалаған нәтижелерге алып келген жоқ
Ақша – несиелік жүйенің қызметін қайта құрудағы үлкен қадам болған үкіеттің 1987 ж. 17-ші шілдесінде қабылданған “Елдегі банк жүйесін жетілдіру және тиімділігін жоғарлату туралы” жарлығы.
Несиелік-кассалық қызмет етуге банктер жүйесі құрылған, оның құрамы мынадай: Мемлекеттік банк, Өнеркәсіп-құрылыс банкісі, Акро-өнеркәсіптік банк, Тұрғын-коммуналдық шаруашылық және әлеуметті даму банкісі,халықты несиелеу және еңбек қорлары банкісі. Кәсіпорындар мен ұйымдарды тікелей несиелеу арнайы банктерге жүктелді. 1987 жылы құрылған банк жүйесі оған жүктелген талаптарғ асай келмеді, несиені тиімді пайдалануды жүргізбеді, тауар-ақша қатынастарын жандандырмады, банкаралық бәсекелестікті жандандырмады. 1990-1991 жылдары банктік жүйені әрі қарай реформалау қажеттілігі пайда болды. “Қазақ КСР-нің банктері және банктік қызметі туралы” Заңмен 1990 жылдың аяғында банктік жүйенің қайта құрылуы болып өттіп,екі деңгейлі банк жүйесі құрылды. 1990 жылдың 25-ші қазанында Қазақ КСР-інда мелекеттік суверенитет туралы декларация қабылданды және 1991 ж. Қазақстан егеменді ел болды.
Біздің елде екідеңгейлі банктік жүйе 1991 жылы банктік қызмет жөнінде заңдылық қабылданып, мемлекеттік салалық банктердің қайта ұйымдастырылынып және бірінші коммерциялық банктердің пайда болуымен құрылды. Жаңа банктік жүйе бұрыңғы КСРО-ның арнайы банктер жүйесіне кіретін банктеден құралды, олар: Промстройбанк (Туранбанк), Казвнешэконом- банк (Алембанк), Жилсоцбанк (Кредсоцбанк), Казсбербанк, Агропромбанк.
Банктік қызмет жөніндегі мәселелер бойынша қабылданған заңдылық банктерді тек есептік-кассалық орталықтар қызметінен бастап, оларды әртүрлі банктік операцияларды жүргізетін қаржылық институттарға айналдырды. Ол заңдылық сонымен қатар арнайы банктердің банк ісі сферасындағы монополиясын жойды, банктердің екі деңгейі арасында функцияларды бөлді, банктердің қорлары және ресурстарының құрылуының жаңа принцптерін, сонымен қатар ақша-несие эмиссиясының жағдайын бақылауға алады.
Сол кезден бастап банк жүйесінің бірінші деңгейі ретінде – ҰБ және оның облыстардағы бөлімшлеріболды. Ал банк жүйесінің екінші деңгейлі – бұрыңғы болған арнайы банктердің негізінде қрылған коммерциялық банктер және заңдытұлғалармен жеке заңды тұлғалармен жеке тұлғалардың бастамасымен енді құрылған коммерциялық банк тер, сонымен бірге несиелік серіктестіктер болды. Бұл банктердің негізгі міндеті – заңды жеке тұлғалардың ақшалай қаражаттарын республикасының экономикасын ресиелеуге қажетті көлемде мобилизациялау болды.
Ұлттық Банкпен “ҚРҰБ туралы ” және “ҚР банктер және банк қызметі туралы” заңдардың жобаларын өңдеп жасалып шығарылды. Бұл заң жобалары Республиканың Жоғарғы Кеңесінің сессиясында 1993 жыдың сәуір айында қаралып қабылданған. Оларды ҰБ-мен коммерциялық банктерге бекітілетін экономткалық нормативтер шеңбері кеңейтілген, ҰБ-тің лицензия берудегі және алудағы құқықтары кеңеитілген және нақтылынған. Яғни ұлттық валютаны енгізу сәтіне – Қазақстанда банктік сфераны реформалау бойынша көп жұмыс атқарылған: екі деңгейлі банктік жүйе жұмыс істеп тұрды, барлық арнайы банктер акционерлі банктер болып қайта құрылды.
Теңгенің ену сәтінен бастап ҚҰБ ақша-несиелік сфераның қызмет етуіне және реттеу және механизмдерін берік қылумен банктік қызметті қадағалауға толық жауапты болды. Бұдан кейін банктік жүйенің дамуы түпкілікті жаңа этапқа көшті.
1993 жылғы банктік жүйесінің жағдайы.
1993 жылдың басында республикада 204 ком. Банк тіркелген – бұл банктердің 1023 филиалы болған. Сонымен қатар жинақ банкінің 4 мыңнан астам агентстволары болды.
1993 жылы банк жүйесінің әрі қарай дамуы банктердің салалық сомманың өсуімен де және олардың капиталының өсіруімен байланысты болды. Оған көбінсе коммерциялық банктердің жарғылық қорының минимальді мөлшерінің өзгеруімен байланысты шаралар өз ықпалын тигізді. 1992 жылдың аяғында коммерциялық банктердің жарғылық қорлары келесі көлемде белгіленеді:
- мемлекеттік банктер үшін. 10 млн. теңге
- бірлескен және шетелдік банктер үшін 1 млн. доллар АҚШ
- валютаның операцияларды жүргізуге
лицензиясы бар банктер үшін 5 млн. теңге
- жеке банктер үшін 500 мың теңге
1993 жылы комерциялық банктердің жарғылық қорларының жалпы соммасы 68 млн. теңгеден 527 млн. теңгеге өсті (7 есе). Жарғылық қорлардың өсуімен бірге коммерциялық банктердің жеке ресурстарыда өсті, 25,4 млрд. теңгеге (8,9 есе).
1993 жылы кейбір банктердің қызметін тоқтату процесі басталды – 15 коммерциялық банк жойылды. Бұл ең бірінші кезекте, ҰБ-тің олардың жұмысына қадағалауы және бақылауының күшеюімен байланысты болды.
1993 жылдың сәуірінде Республиканың Жоғары Кеңесімен “ҚРҰБ туралы” Заңды қабылдады. Бұл заңға сәйкес басқарудың 2 деңгейі құрылды. Бірінші деңгейі – ҰБ-тің басқармасы. Екінші деңгейі – яғни оперативтік міндеттерді орындау, директоратқа жүктелді. Директораттық – Төрағаның бірінші орынбасарымен басқарылатын барлық департаменттердің директорларынан тұрды.
Сонымен бірге, Заңға сәйкес ҰБ неізгі міндеті – ҚР-сының ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығы болды. Бұл міндетін орындау үшін ҰБ өзінің жұмысында ақша-несиелік реттеудің әртүрлі құралдарын қолданды, жекеше тоқталсақ, міндетті резервтерді және несиелер көлемін өзгерту арқылы ақша массасының құрылымы мен көлемін реттеу, бағалы қағаздар және шетел валютасымен операцияларды жүргізу, проценттік ставкаларды реттеу.
ҰБ-нің бақылау және қадағалау функцияларының негізгі мақсаты комерциялық банктердің кредиторлары және салымшыларының құқықтарын қорғау болып табылады. Қадағалау функциясын күшейту мақсатында ҰБ-нің құрылымында арнайы бөлім құрылды, ол бөлім – банктік қадағалаудың департаменті, облыстарда өзінің бөлімшелері бар. Депортамент республиканың бақылаушы органдарын тексеру жүргізгендерінде өзінің қызметінің үйлестірілуін жүзеге асырады.
Коммерциялық банктермен экономикалық нормативтерді орындаудағы жұмыстардың жағдайы 1993 жылы өте қанағаттандырмайтын халде болды. Жалпы банктердің сомының тек 10 %-ті ғана ҰБ нормативтік талаптарын орындауды қамтамасыз етті, бұл республиканың банктік жүйесінің жоғары деңгейлі тәуекелді екенін көрсетті. 1993 жыл банктік жүйенің автоматизациялануының даму облысында белгілі бір алдыға басушылықпен сипатталды. Бұл жылдың сәуірінде экономикалық жаңашарлықтар Ұлттық Кеңесімен ҰБ-тің банктік жүйені информатизацялау бағдарламасы қолдау тапты.
Республикадағы банкаралық есеп айырысулары тездету мақсатында 268 ЕКО-тар құрылды. Олар 1994 жылдың 1 қаңтарында барлық коммерциялық банктер мен олардың филиалдарына қызмет ете бастады.
1994 жыл.
1995 жылдың 1-ші қаңтарындағы жағдаймен ҚР-сының территориясында 184 банк және 1042 филиал, 8 мелекеттік емес ломбарт жұмыс істейді. Қазақстан, Қырғыстан және Өзбекстан арасындағы үкімет аралық келісімдерге байланысты Ынтымақтастық және даму Орта-Азия банкісі құрылды. Сонымен бірге 2 Рессей еншілес банкілері, Голландия АБН-Амро банкісінің еншілес банкісі, Сауд Аравиясымен Қазақстанның біріккен банкісі құрылды.
Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы негізінде үш мемлекеттік банк ашылды: “Жилистройбанк”, “Эксимбанк” және Қазақстан даму банкісі; Арал регионының проблемаларын шешу үшін “Арал Экобанк”ашылды, украиндық “Приватбанктің” өкілеттілігі ашылды.
1994 жылы жұмыс істеп тұрған банктердің ішінде 31 банктің (17%) 50-ден 200 млн. теігеге дейін жарғылық қоры болды. Ал жарғылық қоры 1 млн. теңгеден аз емес, сол кездегі банктердің жалпы санының 60%-де болған.
1994 жылы ҰБ-те банктік қадағалауды жүзеге асыру үшін негіздерді құру процессі жалғастырылынды. Ортақлық аппараттың банктік қадағалау штаты өсті және ұйымдастырушылық құрылымы жұмыстың талаптарына және әлемдік тәжірибеге сай сәйкестендірінді.
Пруденциалдық реттеудің нормативтік базасын құру бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Банктердің жұмысын реттейтін экономикалық нормативтер, Банктік қадағалау бойынша Базельдік комитеттің және басқа халықаралық қаржылық ұйымдардың ұсыныстарына кезең-кезең бойынша сәйкестендірілді. Банктердің қаржылық тұрақтылықты, ақша-несие жүйесінің тұрақтылықты және депозиторлардың мүддесін қорғауды қамтамасыз ету мақсатымен банктердің миинмальды жарғылық капиталына талаптар жоғарыланды.
1994 жылы сәуірде экономикалық нормативтер бекітілді, оларға – жарғылық қордың минимальді мөлшері, тәуекелді активтерге қатынасы бойынша банктердің капиталына жеткіліктік коэффиценті, өтімділік коэффициенті, бір қарыз алушыға шаққандағы тәуекелділіктің максималады мөлшері минималады резерфтік талаптар кірді.
Банктердің меншік капиталының өтімділігін жоғарлату қажеттілігін ескере отырып, 1994 жылдың қыркүйегінде коммерциялық банктердің жағылық қорларына талаптар нақтыланды. Шетел валютасымен операциялар жүргізу үшін “Банктермен ашық волюталық позицияны жүргізу Ережелері” бекітілді.
1994 жылы ҰБ-тарда, барлық банктік жүйеде де, бухгалтерлік есеп және есептілікке көп көңіл бөлінді. Шілде айынан бастап екінші деңгейлі банктердің есептілігін реформалау басталды. Банктердің шоттар жоспарында және ҰБ-тің шоттар жоспарында бухгалтерлік есептің облысындағы соңғы халықаралық принциптер және стандарттар ескерілді. Өз кезінде есеп айырысу проблемаларының маңызды шешімі-төлем жүцелерінің қызмет етуінің сапалы жаңа деңгейін құру болды. Бұл бағытта ҰБ-пен төлем жүйесін модернизациялау саясатын жүргізді. Осы мақсатпен Ұлттық төлем Кеңесі құрылды, оның негізгі міндеті – төлем жүйесінің құру облысында банктердің қызметін үйлестіру болып табылады. Кеңестің құрамына ҚР-сының қаржы министрлігінің, ҰБ-тің және 9 ірі комерциялық банктердің өкілдері кірді. Төлем жүйесін құрудың әсерлі механизмі құрылған, оының жұмысының негізгі принциптері Қаржы министрлігінің, ҰБ-тің және комерциялық банктердің үйлесімде шешімдерді қабылдау болып табылды.
“Банкаралық клиринг туралы уақытша жағдай”, “Онкольді ссудаларды беру және өтеу туралы жағдай” жасалынып шығарылып бекітілген. Барлық коммерциялық банктермен коммерциялық банктерді бір корресподент шотқа көшіру жұмысы жүргізілді. Есеп айырысудың жаңа механизімдері өндіре бастады.
1995 жыл.
ҰБ-тің екінші деңгейдегі банктердің өтімділігінің және капитализациясының жоғарлауына талаптарының күшеюуі нәтижесінде банктердің жалпы саны 1995 жылы 191-ден 130-ға қысыарды, филиалдары бар банктер 48-ден 36-ға қысқарды.
Банктердің жалпы санының қысқаруы орта және кіші банктердің есебінен болды, ал сол уақытта бірнеше ірі банктер жағдайы жақсарта алды.
Шетел банктерінің саны бұрынғыдай қалды (6), ал біріккен банктердің саны 6-дан 7-ге өзгерді. 1995 жылдың соңына республикада шетел банктерінің 7 өкілеттілігі ашылды: Дойче Банк АГ, Дрезднер-банк АГ, Венгерский банк сыртқы сауда үшін, “Приват” коммерциялық банкі, Сити-Банк, Сосьете Женераль, Коммерцбанк АГ.
1995 жылы Агропромбанкті санация жүзеге асты, Халық жинақ банкісінде мемлекеттік меншік формасы қалпына келтірілген. Реабилитациялық банк құрылып өзінің жұмысын жүзеге бастаған. Функциялардың қайталануын жоюі мақсатымен ҚР үкіметінің шешімімен Эксимбанкпен Қазақстан даму банкісін қосу жүргізілді.
1995 жылдың 16 қарашасында бекітілген “Ломбардтар туралы жағдайға” сәкес Қазақстан териториясында жылдың соңында 27 ломбард жұмыс істеді.
Банктердің меншік капиталы 1195 жылы 2,5 есе өсті, ол жарлық қор 72,8% банктерде болды, ал 1996 жылдың басына олар 40% болып қалды. Барлық банктердің жартысынан астамының 500 мыңнан 3 млн. АҚШ долларынан дейінгі эквивалкнтте жарғылық қоры болды.
1995 жылдың 15 сәуірінен бастап банктердің жарғылық қоры 500 мың АҚШ доллары болуға тиісті болды. Ал шетел валютасымен операцияларды жүргізуге лицензия алу үшін лицензияларына ие болу үшін минималды жарғылық қоры 1,5 млн. АҚШ долларын құрауы керек болды.
ҚР Президентінің жарлығымен 1995 жылдың 15 ақпанында Қазақстанда банктік жүйенің реформалау Бағдарламасы бекітілді. Реформаның басты мақсаты ақшалай ресурстардың қайта реттелінуінің орталықтандылығын максималды қысқарту болды. Бағдарламаны жүзеге асыру кезінде ақша-несиелік реттеудің құралдары және әдістерінің дамуы жүрді, банктерді қайта қаржыландыру механизмі үлкен өзгерістерге ұшырады.
1995 жылдың ақпанынан бастап директивті несие беру тоқтатылды. 1995 жылы ҰБ-тің Басқармасымен 45 банктен бекітілген банктік заңдылық нормаларын бұзғаны үшін банктік операцияларды жүргізуге лицензиялар жойылды, банкті ашуға рұқсаттары қайта шақыралды. Жойылу процессі үстінде 62 банк болды, бұл процес 7 банкте аяқталған еді.
1995 жылы “КУБАЖ” ҮБ-тің облыстық басқармаларының қыметін автоматизациялау кешенді жүйесінің ендірілуі аяқталды. Бұл кешенді жүйе төлем құралдарының және төлем өтеудің барлық түрлерінің өңделуін, ҚР-сының территориясындағы есеп айырысулар жүзеге асырылуын қамтамассыз етті.
1995 жылдың қаңтарында “Ұлттық Төлем Кеңесінің құру және ҚР-сының Ұлттық төлем жүесін құру облысындағы ынтымақтастық туралы” келісім жасалды. Ұттық Тлем Кеңесін ҰБ-тің және ірі екінші деңгейі банктерінің өкілдерінен құралды. 1995 ж. Алматы клиринктік палатасы ұйымдастырылды. Ол халықаралық стандарттарға толық жауап берді.
1996 жыл.
ҰБ-тің екінші деңгейі банктерінің өтімділігінің және капитализациясының жоғарлауына талаптарының күшеюі банктердің қосылу және жойылу процессін тездетті. 1996 жылдың аяғында ҚР-сында 101 екінші деңгейлі банкілері тіркелген, соның ішінде: мемлекетаралық – 1; мемлекеттік – 5; шетел қатысуымен – 8.
1996 жылдың ақпанында ҰБ-тің есепайырысу-кассалық орталықтарының функциялары жаңа құрылған Мемлекеттік кәсіпорынға жүктелді – Республикалық бюджеттік банкке. Сонымен бірге, 1997 жылдың 1 қаңтарында республикада мынадай банктік емес қаржылық мекемелер жұмыс істеді: 36 ломбарт, 1 зейнетақы қоры, 1277 айырбас пункттері банктермен өкілеттіктері және 1147 заңды тұлғалардың айырбас пункттері. 10 шетел банктерінің өкілеттіктері тіркелген, соның ішінде – Пакистан ҰБ-сінің өкілеттігі және Credit Commerciale France.
Екінші деңгей банктерінің тіркелген жарғылық қорының жалпы соммасы 19646 млн. теңгені құрады, нақты төленгені 17740 млн. теңге болды. ҚР-сының екінші деңгейі жиынтық меншілік капитал 1996 жылдың аяңында 13533 млн. теңгені құрады. Меншік капиталының жеткіліктік коэффициенті (КІ) – 0,048 құрады, ал минималдыталап 0,04, бұл капиталдың адекваттылығын көрсетеді.
Жалпы, банктік жүйенің 1996 жылғы дамуы оның себебі ҰБ-тің екінші деңгей банктеріне талаптарды жоғарлату болды. ҰБ-пен бұл мәселелерді шешу екінші деңгей банктерінің халықаралық стандарттарға өту бағдарламасының құрамдас бөлігі ретінде болды. Банктер мемлекеттік бағалы қағаздармен операцияларын белгілі дәрежеде диверсифицикициялады. Бірқатар банктер халықаралық капиталдар жарықтарына шығу үшін әрекеттер жасай бастады, ол үшін олар халықаралық аудиторлық тексерулерден өтіп, халықаралық рейтингтерге қол жеткізуге бастады. Бірақ, 1996 жылғы екінші деңгей банктерінің қызметі нәтижесінде 1468 млн. соммада олар шығынға ұшырады. Алдыңғы жылдар шығындары 1236 млн. теңгені құрады. Банктермен резерфтік қор қалдықтары және тұтыну қор қалдықтары есебінен 821 млн. теңге соммасында шығын жабылды. Осыны алып тастағанда қаржылық қызмет нәтижесінде банктер 1883 млн. теңге шығынға ұшырады, бұл,әрине банктердің қызметінің негізгі принциптеріне жауап бермейді.
1997 жыл.
1997 жылы екінші деңгейлі банктерінің жалпы саны 101-ден 82-ге қысқарды. 82 қызмет етіп тұрған банктердің ішінде: мемлекетаралық – 1, мемлекеттік – 5, шетел қатысуымен (еншілес банктерді қосқанда) – 22.....
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Банк ісі | Қазіргі ағымдағы несиенің ролі
» Курстық жұмыс: Банк ісі | Қазақстан Республикасының банктеріндегі банк ресурстарының саясаты
» Курстық жұмыс: Экономика | КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының қалыптасуы,және қызмет атқару механизмдері
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының қалыптасуы,және қызмет атқару механизмдері
» Курстық жұмыс: Банк ісі | Қазіргі ағымдағы несиенің ролі
» Курстық жұмыс: Банк ісі | Қазақстан Республикасының банктеріндегі банк ресурстарының саясаты
» Курстық жұмыс: Экономика | КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының қалыптасуы,және қызмет атқару механизмдері
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының қалыптасуы,және қызмет атқару механизмдері
Іздеп көріңіз: