Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару тиімділігін арттырудағы мемлекеттік басқару
Мазмұны
Кіріспе................................................................................................................3
І Мемлекеттік басқарудың мәні және оның экономикалық процестерді әрі қарай дамудағы рөлі.
1.1 Мемлекеттік басқару мәні және оның нысандарын басқару
қажеттілігі..........................................................................................................4
1.2 Басқару қызметінің әлеуметтік – экономикалық тиімділігі.........................8
1.3 Экономиканың мемлекеттік секторын басқарудағы мемлекеттің рөлі.....11
ІІ Қазақстанда мемлекеттік басқаруды жетілдіру кезеңдері және дамыған елдердің басқаруды реформалау тәжірибелері
2.1 Мемлекеттік басқарудағы орталық атқарушы органдардың
құрылымының қалыптасуы және дамуы......................................................16
2.2 Мемлекеттік басқаруды жетілдіру кезеңдері...............................................34
2.3 Басқаруды реформалауда дамыған елдердің тәжірибесі.............................39
ІІІ Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару тиімділігін арттырудағы мемлекеттік басқару органдарының құрылымын жаңарту жолдары.
3.1 Мемлекеттік органдар құрылымын жетілдіру.............................................42
3.2 Мемлекеттік басқару қызметінің жоғаы сапасына қол жеткізу.................47
Қорытынды................................................................................................50
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................52
І Мемлекеттік басқарудың мәні және оның экономикалық процестерді әрі қарай дамытудағы рөлі.
1.1 Мемлекеттік басқару мәні және оның нысандарын басқару қасиеттілігі
Басқару – мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда, қоғамдық құрылыстың барлық саласында қолданады, аз шығындармен барынша тиімділікке қол жеткізуді көздейтін болғандықтан да басқару теориясы мен тәжірибесі барлық деңгейлерге тән. Басқару – процесс ретінде жалпылама ортаға ие болып, табиғаттың барлық құбылыстарында, яғни табиғатта (өндірістік құралдар мен заттарын арттыруда) тірі табиғатта (биологиялық жүйелерде) және қоғамдағы әлеуметтік жүйені басқару процестерінде орындалады. Осыған байланысты басқару ісі барлық бірдей территориялық бөліктерде әлеуметтік – экономикалық жүйелерде объективті түрде жүзеге асырылады. Сонымен қатар менеджмент басқару процесіне объективті түрде қатыса отыырп, өзінің қалыптасуы мен барысында қолайлы жағдай жасауды талап етеді. Орталық есебінде басқару әрекетінде әрбір территориялық ерекшелігін барынша ескеру, жергілікті экономикалық дамуы мен жасауын реттеуді қалыпты орынға қою талап етіледі.
Сонымен мемлекеттік басқару мәні келесі қағида бойынша айқындалады. Мемлекеттік басқару деп – мемлекеттің билік күшін пайдалану арқылы белгілі бір мақсаттарға жету үшін адамдардың қоғамдық өміріне тәжірибелі, ұйымдасқан және реттеуші бағытта әсер етуі аталады. Мемлекеттік басқарудың мақсаттылығын, тиімділігін адамдардың қажеттігін орындау барысындағы әлеуметтік бағыттылығы анықтайды. Ендеше мемлекеттік басқару - ерекше субъектілер тобының экономикалық, әкімшілік, саяси және әлеуметтік, мәдениет аяларына басшылық жасау процесінде міндеттерімен қызметтерді іс жүзінде орындаудан тұратын заңға тәуелді заңдық біліктілік ұйымдастыру қызметі. Мемлекеттік басқару мыналармен сипатталады:
- қоғамдық пайдалы қызметтің нақтылы түрімен;
- бұл қызметтің атқару өкім ету сипатымен;
- арнайы уәкілетті субъектілердің жүзеге асырумен;
- күнделіктілігімен және үзіліссіздігімен;
- заңға тәуелді сипатымен;
- қызметтің әр түрлі нысандарымен;
Мемлекеттік басқару принциптері – оның мән мағынасын білдіретін негізгі бастамалары, идеялары. Мемлекеттік басқару принциптері екі түрге бөлінеді:
1) Жалпы мемлекеттік басқару;
2) Ұйымдастырушылық мемлекеттік басқару;
Жалпы мемлекеттік басқарудың өзі бірнеше топқа бөлінеді:
- жалпы демократиялық;
- жалпы объективтілік;
- жалпы ғылымдық;
- жалпы нақтылық;
- жалпы шапшаңдық;
- жалпы тиімділік;
- жалпы жариялылық;
Ал ұйымдастырудың түрлері мыналар:
- салалық;
- желілік;
- аумақтық;
- функционалдық;
- екі жақта бағалаушылық;
- жеке дара басшылық пен олқылықты үйлестіру.
Мемлекеттік басқару ол жүйелі құрастырсаң басқару қызметтерден тұрады. Олар:
1) Жоспарлау қызметі – мұнда қандай мақсат қойылуы қажет, ол қашан және қалай орындалады деген сұрақтарға жауап беріледі.
2) Ұйымдастыру қызметі – адамдарға өкілеттіліктер мен міндеттерді бөліп беру арқылы оларды ортақ нәтижеге жұмылдыру:
3) Реттеу қызметі – адамдардың белгілі бір ұйым шеңберінде белгілі бір қызметтерді атқаруға міндеттейді;
4) Қызметкерлермен жұмыс істеу қызметі - әлемдік тәжірибеде бұл қызметке маңызды көңіл бөлініп, қолданылып келеді.
5) Бақылау қызметі – барлық жоғарыда аталған қызметтердің кері байланысын көрсетеді.
Мемлекеттік басқару нысаны – атқарушы билік органдарының өзінің құдіреті шеңберінде жүзеге асырылған және нарықтық реттеуші мен белгілі бір сардарлар туғызатын қызметтің сыртқы көрінісі. Сондықтан нарықты экономика механизмінде мемлекеттің экономикаға араласуынсыз экономиканың толық өзін - өзі реттеуі мүмкін емес. Осы орайда мемлекет салық, инвестиция, жеңілдіктер беру арқылы нарықтық экономиканы реттеп отырады. Ал, мемлекеттің арнайы қызметтері ретінде ғылыми – техникалық дамуды қамтамасыз ету, еңбек қатынастары мен қаржы жүйесін жүйесін мемлекеттік бақылау және реттеу қызметтерін қарастырсақ болады. Мемлекеттік басқаруды жүйелі түрде қарастыру үшін оның қағидаларын бір – бірімен байланысқан субъектілердің даму заңдылығын анықтайды. Мемлекеттік басқаруда келесі 3-қағиданы атап көрсетсек болады:
- Онтологиялық – мұнда элементтердің табиғатпен байланысын, оның даму заңдылығын және бір – бірімен байланысын қарастырады:
- Гносологиялық – қағидалардың негізгі ерекшеліктерін талдау және оларға ғылыми түрде сипаттама беру;
- Методологиялық – қағидалардың теориялық және іс – тәжірибеде қолдану механизмін анықтайды;
Сонымен қатар мемлекеттік басқаруда келесі қағидаларды қамтиды:
1) Қоғамдық - саяси - мемлекеттік басқарудың әлеуметтік табиғатын зерттеу арқылы олардың даму заңдылығын анықтау;
2) Функционалдық - құрылымдық - мемлекеттік басқару органдарының құрылымының заңдылығын түсіндіреді;
3) Ұйымдық – құрылымдық - мемлекеттік басқарудың ұйымдастыру құрылымының заңдылығы мен бір – бірімен байланысын түсіндіреді;
4) Мемлекеттік басқару қызметі - мемлекеттік басқару органдарының басқару әдістерін қолдау заңдылығын түсіндіреді;
Мемлекеттік басқару әдістеріне – басқару субъектісінің басқару объектісіне ықпал ету тәсілі, амалы, ал басқарудың алдына қойған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін басқарудың функцияларын іске асыру үшін пайдаланады. Мемлекеттік басқару әдісінің мынандай белгілері бар:
1) Мемлекеттік қызметтің белгілі бір түрін мақсатты түрде танумен табиғи байланысты.
2) Басқару қызметі субъектісін объектіге басқару ықпалын білдіреді.
3) Басқару субъектісінің өз – құқық өкілеттілігін іске асырудың құралы.
4) Тиісті объектіге арналған.
5) Алға қойылған мақсатына нақты жағдайда қол жеткізудің қолайлы тәсілі.
6) Белгілі бір мерзімдік шеңберлері болады
1.2 Басқару қызметінің әлеуметтік – экономикалық тиімділігі.
Мемлекеттік басқару тиімділігі тек технологиялық мәселе емес, ол тарихи қалыптасқан процесс. Тиімсіз мемлекеттік басқару сол кезеңдегі қоғамдық құрылымдағы көптеген адамдардың әлеуметтік механизмін қамтамасыз ете алмауынан пайда болады. Қоғамда басқарушылар негізгі екі фактор экономика және саясаттың, меншік қатынастары мен билік қатынастарын тиімді пайдалану арқылы өз биліктерін жүргізді. Бұл факторлар бір – бірін толықтыра отырып, қоғамның негізгі құрылымы мен оның әлеуметтік бағыттылығын анықтайды.
Сонымен әлеуметтік басқарудың анықтайтын келесі критерияларды атап көрсетуге болады:
- басқару құрылымы мен қызметкерлердің қызметтерінің бағыттары, мазмұны және нәтижесі басқару қызметінің қызметтік нұсқаулары мен статусымен анықталған параметрлерге сәйкес болуы;
- басқару құрылымдары мен оның қызметкерлерінің шешімдерді заңға сәйкес қабылдауы, өйткені заңдар мен құқықтық нормаларды ұстана отырып, жұмыс істеуі басқару тиімділігін арттырады;
- басқару қызметінің басқару объектілерінің дамуына жағдай жасауы, яғни басқару шешімдері басқару объектілеріне бағытталып, оның тиімді даму қызметін қамтамасыз етеді;
- басқару шешімдерін адамдардың мақсаттарымен қажеттіліктеріне бағытталуы;
- еңбек коллективін демократиялық басқару арқылы қызметкерлер еңбегінің нәтижелігі мен тиімділігін арттыру;
- басқару құрылымдары мен оның қызметкерлерінің қабылдаған шешімдері мен қызметтерінің маңызды болуы;
- басқару құрылымдары мен оның қызметкерлерінің берген ақпараттарының дұрыстығы мен толықтығын қамтамасыз ету.
Сонымен қатар мемлекеттік басқарудың тиімсіздігі адамдардың негізгі үлкен тобының экономикалық, саяси, әлеуметтік қызметтерге бағытталмағандығымен анықталады, ал ол өз кезегінде әлеуметтік мәселелерді шешуде тиімсіз жағдайға алып келеді.
Басқару тиімділігінде көпшілік басқару субъектілері басқа пікірлерге қосылуына себепкер болады, егер тиімді болған жағдайда да, өйткені олар жоғары қойылған саяси бағыттылық пен кейбіреулердің қызығушылығымен келіспейді. Олар басқару тиімділігін арттыруды демократиялық процестерді жоғары деңгейде басқару арқылы жетуге болады деп есептейді.
Басым басқару тиімділігінің бағыты тек қана классикалық анықталуы мүмкін «...алға қойған мақсатқа ресурстардың аз шығындылығымен жоғары еңбек өнімділігімен жетуге...» экономикалық тиімділікке қабылданған шешімдер мен қызметтерде әлеуметтік, саясаттылық және басқа да қолданбалы тиімділіктер болуы қажет.
Осыған орай барлық құрылымдар білуі қажет, өйткені басқару тиімділігін бір бағытты түсінікте толық мағынада білу мүмкін емес. Сонымен қатар және бір міндетті қағидадағы – сақтау критериймен оптималды құрамдағы мемлекеттік және қоғамдық қызығушылықтармен инновациялық идеяларды жүзеге асырушы – интеллектуалды – кадрлық ресурстарға қарағанда орны алады.
Өйткен жағдайда басқару тиімділігін ортақ мақсатқа жұмылдыру барысында демократиялық басқару шектілігін белгілеп алып, сонда қарама – қайшы түсініктер анықталар еді. Бұл енді яғни басқару құрылымы иерархиядан және аумаққа тиістіліктен тәуелсіз болып, басты бағытын айқындалып, елдің дамуына және тұрғындардың жағдайын көтеруге тиіс.
Ел мен аймақтарда басқаруға, парламент пен маслихаттарға кандидаттарды іріктеуші әр жалдаушы халықтың өзі болып табылады. Осымен байланысты басқару қызметінің тиімділігі басшыға тікелей байланысты. Әр деңгейдегі басшы қызметінің тиімділігі оның жалдамалы жұмысшыны дұрыс таңдап алуына да байланысты. Жұмыстың нәтижесі жұмысшының қаншалықты тапсырылған істі мінсіз атқаруға сәйкес келетініне сөзсіз тәуелді.
Жұмысшыны таңдайтын адам ең алдымен өзіне нендей мәселелерді шешудің қажеттілігін дұрыс сараптамай білуі керек. Соған сай маманды содан кейін іздеуі тиіс. Әрі іріктеуге барынша көбірек адамды тартуы керек. Әрқайсысының алға қойған шаруаны жүзеге асыруға қажетті идеяларға қаншалықты бай екендігін және оларды тікелей өзі орындауға қабілеттілігін сынып көру керек. Соның нәтижесінде ғана жұмысқа қабылдаушы өз іздегенін табатын болады. Мемлекеттік биліктегі шенеуніктердің бәрі жалдамалы қызметкерлер. Олар қай деңгейде болмасын, солардың қызмет сапасы айналып келгенде қоғамды басқарудың халыққа қызмет етудің дәрежесін, тиімділігін анықтайды
1.3 Экономиканың мемлекеттік секторын басқарудағы рөлі
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикадағы мемлекеттік басқарудағы дербестілік саяси алғышарттарының қажеттілігін ескертеді. 20-жылдардың екінші жартысынан бастап бұрынғы Кеңес одағында, сондай-ақ Қазақстан қоғамдық саяси ахуал қарама – қайшылықтармен сипатталып, қоғамдық тұрақсыздықты көрсетті. Орталықтың Республика мен оның аймақтарының мүдделерін ескермеуі, қоғамдық және территориялық еңбек бөлінісінде орын алып отырғандай, мекемелік және жергілікті мүдделердің қарама – қайшылығын үдете түсіп, табиғи ресурстардың бей берекет пайдалануына мүмкіндік береді, мұның ақыры экономикалық ахуалдың шиеленісіне түсуіне әкеліп соқтырады. Тұрақсыздықтың ең басты себебі жоғарыда аталғандай жүйенің ішкі тоқырауында болды. Кеңестік жүйенің күйреуі алдындағы айқын дәлел ауқымды кезекке тұру, талаптық жүйенің үдей түсуі, ақшаның құнсыздануы болып табылады. Тіпті 1993 жылдың аяқ кезіне дейін дербес экономикалық орын алмады. Сонымен көптеген мемлекеттердің айқын дәлелдегендей, барлық шаруашылық жүргізу жүйелерінің ішінде ең тиімдісі болып нарықтық экономика табылады. Ол еңбекті ынталандыруды жетілдіреді, өнім өндірушілердің монополитетіне жол бермейді және өндірісті тұтынушы сұранысына бағыттайды. Экономикада тәуелсіздіктің негіздері нарықтық қатынастарды қалыптастырудағы экономиканы басқарудың маңыздылығы көрсетілген. Бұл жайлы республика дербестігінің экономикалық алғышарты мен өмір тіршілігін басқарудың барлық сферасын анықтайды. Атап айтқанда, олар Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігінің негізі: жерге, оның қойма байлықтарына ішкі және территориялық су ресурстарына өсімдік пен жан – жануарлар әлеміне, тарихи – мәдени құндылықтарына, материалдық, қардылық ресурстарына, өндірістік және өндірістік емес объектілігіне деген төтенше меншігі.
Қазақстан экономикасы мемлекеттік реттеудің субъектісі болып табылады. Бұған басқару функциясы ретіндегі мемлекеттік реттеуде аса маңызды өзіндік қаржы – несие жүйесі, дербес мемлекеттік бюджет қалыптасуы, салық және кеден жүйесін ұйымдастыру жатады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының құрамында экономиканы басқаруды ұйымдастырудың қағидалары бар. Біріншіден, Қазақстан экономикасы меншіктің әр түрлі нысандарына негізделеді. Мемлекет заң алдында меншіктің барлық субъектілерінің теңдігін қамтамасыз етеді. Екіншіден, жеке меншікке қол сұғуға болмайды. Үшіншіден, мемлекет жеке кәсіпкерлік қызметтің еркіндігіне кепілдік береді және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етеді. Төртіншіден, монополистік қызмет пен бәсекелестің кез – келген шектеуіне жол берілмейді. Бесіншіден, әкімшілік аймақтың бірліктері дербес болып табылады.
Бұл қағидалар Қазақстан экономикасын мемлекеттік басқарудың қазіргі жүйесінің негізін құрайды және республиканың халық шаруашылығының әлеуметтік бағыттағы нарықтық экономикаға орнықты етуін қамтамасыз етуі тиіс. Экономиканың қарқынды дамуы, саяси тұрақтылық, басқару тиімділігі, заңнама қорының халықаралық талаптарға сай келуі – Қазақстан корпоративті басқару қағидаларын жүзеге асыруға ең қолайлы жағдай туғызуда. Азаматтық кодекс, «Акционерлік қоғам туралы» Заң қабылданып, биыл корпоративті басқару жөніндегі ұлттық кеңес құрылды.
Сапа мамандарының пікірінше, корпаративті басқару қағидаттары, яғни нарықтың тетіктердің өзі кәсіпкерлерді бүгінгі ахуалды уақытында дұрыс бағалай білуге үйретеді. Ал мұның өзі бизнестің табысты болуына жол ашады. Елбасы «корпоративті басқару нормаларын жетілдіру және моноритарлық акционерлер құқықтарын қорғау» жөнінде мәселе қозғалған наурыз айындағы жолдауына орай корпоративті басқаруға баса назар аударылуда. Жаңа жобаның ықпалдылығына қол жеткізуде іргелі ізденістің, іскерліктің қажеттілігі орасан. Сондықтан да корпоративті басқару жүйесін өрістетуге қатысты маңызды жәйттермен өзгерістер енгізу, осы орайда мемлекет секторын басқарушы мемлекеттік холдингтерге енгізу болып табылады. Мемлекеттік активтердің корпоративтік басқаруда және оның сапасын халықаралық деңгейге көтеруде «Самұрық» қазақстандық холдингі және «Қазына тұрақты даму қоры» акционерлік қоғамдары құрылды. Тап осындай қағидаттар бойынша аграрлық секторда «КазАгро» холдинг компаниясы және жуырда Қарағанды облысында әлеуметтік – кәсіпкерлік копорациясы ретінде «Сарыарда» корпорациясы іске қоспады. Осы орайда биылғы жылдың соңына дейін, еліміздің барлық аумақтарын қамтитын жеті әлеуметтік – корпорация құрылуға тиіс. Олардың ортақ мүддесі жоғарыда айтылғандай – мемлекеттік активтердің корпоративтік түрде басқарудың сапасын халықаралық деңгейге көтеру. Енді мемлекеттік холдингтерге тоқтала кетсек:
«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі “Қазақстандық холдингі”. Мемлекеттік холдингтің құрылуына байланысты бірқатар заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын. Оның құрамына «Қазақстан темір жолы», «Ұлттық компаниясы» АҚ (100-пайыз), «Қазпошта» АҚ, «Энергетика желісін басқару жөніндегі қазақстандық компания», «КЕGOK» (100-пайыз), «Қазақтелеком» ( 50 –пайыз + 1 акция», «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы» АҚ (100-пайыз) кіріп отыр. Ұлттық холдингтің басты мақсаты ұлттық компанияларды басқарудың корпоративтік жүйесін жетілдірумен қатар, холдинг құрамына кіретін еншілес және тәуелді ұйымдардың құнды қағаздарын қор рыногына шығару болып табылады. Сонымен қатар ұлттық компанисымен мемлекеттік холдингтің құны артумен қатар, дамымақ. Басқарудың кезекті сатысында мемлекеттік активтерді басқаратын «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ холдингі дүниеге келді. «Қазына» АҚ-ның басты міндеті – экономиканы әртараптандыруға көмектесу, жобалар мен инновацияны қаржыландыру, шағын және орта бизнесті қолдауды қаржыландыру. Бұл мақсаттар ұзақ мерзімді болып табылады және таза коммерциялық сипатта емес. Қор басшысы, сондай –ақ «Қазына» жұмысы барынша ашық болатынын атап өтті. Сонымен қатар, басты назарда инвестициялық жобалар барысында мемлекеттік кірісті қатынастыруға бағытталады және мемлекет жақсы дивиденттер алуы керек болады. Холдингтің өзі қарамағына өзіне сәйкес келмейтін кәсіпорынды қабылдай алмайды.
Ауылшаруашылығы секторында «КазАгро холдинг» компаниясы құрылды. Мемлекет басқаның бәрін жекеменшікке таратып, өзіне бағалы, асыл тұқымды мал өсіріп, сататын компаниялардың жергілікті рынокта өздерін дәлелдеуіне, нығаюына кетті. Ал, әлемдік рынокқа шығар тұста олардың басын қосқан «КазАгро» холдингына берілетін болды. Министрлікке қарасты жеті корпорацияның мемлекеттік акциялар пакетіне иелік ететін холдингке берілген. Холдингтің капиталы 80 миллиард теңгені құрап отыр.
Үкімет басшысын тағайындаған Жарлықтан көп кешікпей Президенттің «Әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациялар құру және олардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы жарияланды. .....
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару
» Курстық жұмыс: Мемлекеттік басқару | Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару
» Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару тиімділігін арттырудағы мемлекеттік басқару
» Курстық жұмыс: Мемлекетті басару | Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару тиімділігін арттырудағы мемлекеттік басқару
» Курстық жұмыс: Мемлекеттік қызмет | Қазақстандағы мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің түсінігі
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару
» Курстық жұмыс: Мемлекеттік басқару | Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару
» Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару тиімділігін арттырудағы мемлекеттік басқару
» Курстық жұмыс: Мемлекетті басару | Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару тиімділігін арттырудағы мемлекеттік басқару
» Курстық жұмыс: Мемлекеттік қызмет | Қазақстандағы мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің түсінігі
Іздеп көріңіз: