Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы салықтардың негізгі түрлері
Мазмұны
Кіріспе.
1.Негізгі бөлім.
1.1 Қазақстан Республикасының салық жүйесі.
1.2 Қазақстан Республикасының ұлттық салық жүйесінің қалыптасу кезеңдері мен даму этаптары.
2. Қазақстан Республикасындағы салықтардың негізгі түрлері.
2.1 Жанама салықтар.
2.2 Жеке табыс салығы.
2.3 Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдер
2.4 Әлеуметтік салық.
Қорытынды.
Қолданылған эдебиеттер тізімі.
1.1 Қазақстан Республикасының салық жүйесі.
«Салық» үғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды.
1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттен басқа кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекеттік реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылданған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.
1991 жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде тұңғыш салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделеді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген алғашқы құжат еді. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың 1-нен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық, 18 жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзак мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралык салық салу қағидаттарына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 1995 жылғы
сәуірдің 24-інде Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Енді бұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны небәрі 11 болып қалды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылға сәуірдің 24-індегі заң күші бар жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 16-сындағы №440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және Қазақстан Республикасының заңдарымен бұл заңға өзгертулер мен толықтырулар
енгізілді.
Салықтардың, төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының әртүрлі болатындығынан салық жүйелерінің әжептеуір күрделі үлгілері болуы мүмкін.
Өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі қағидаттар бойынша былайша жіктеледі:
1. салық салу объектісі бойынша;
2. салықты алатын және салықтан жиналған сомаға билік жасайтын органға қарай;
3. пайдалану тәртібі бойынша;
4. объектінің экономикалық белгісі бойынша;
Салық салу объектісі бойынша, олар тура және жанама салықтар болып бөлінеді.
Тура салықтар- салық төлеушінің кірісі мен мүлкінен тікелей төленген салықтар. Олар өз кезегінде нақты және жеке салықтарға жіктеледі. Нақты салықтар салық төлеушілердің мүлкінің кейбір түрлеріне (үй, жер, кәсіп, ақшалай капитал және тағада сол сияқты) салынады. Жеке тура салықтар — бұл жеке адамдар мен заңды ұйымдардың табыстары мен мүлкіне салынатын салықтар. Нақты салықтардан айырмашылығы- жеке салық салу әрбір салық төлеушінің жеке табысы мен мүлкін де, оның қаржы жағдайын да ескереді.
Жанама салықтар – баға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар. Жанама салықтарға қосылған құнға салынатын салық, акциздер жатады. Жанама салықтарға сонымен қатар сыртқы экономикалық қызметтен түсетін гүсІмдер де (кеден баждары түріндегі, экспортқа жэне импортқа салынатын салық түріндегі кеден кірістері, ішкі рынокте сатылатын тауар бағасы мен олардың фактуралық кұнының айырмасы) жатады.
Жанама салықтар мемлекеттің фискалдық мүдделерін білдіреді. Оларды саналы қолдану баға белгілеудің процесіне жағымды ықпал жасауы және тұтынудың құрылымына әсер етуі мүмкін.
Жанама салықтардың салудың мәні салықтың тауар бағасына немесе қызметтік тарифіне косылатындығында және біріктірілетіндігінде. Бұл жағдайда салықты тауардың немесе қызметтің нақты тұтынушысы төлейді, алайда тұтынушы мен мемлекет арасында тікелей байланыс болмайды.
Салық алатын және оған билік жасайтын органға қарай орталық (жалпы мемекеттік) және жергілікті салықтарды ажыратады.
Пайдалану тәртібіне қарай барлық салықтар жалпы және мақсатты (арнаулы) болып бөлінеді.
Жалпы салықтар тиісті деңгейлердегі бюджеттерде шоғырландырылады және жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді каржыландыруға пайданылылады. Мақсатты (арнаулы) салықтардың нысаналы арналымы болады және әдеттегіндей түрлі арнаулы қорлардың қаржы базасын құруға арналады.
Объектінің экономикалық белгілері бойынша табысқа салынатын салықтар және тұтынуға салынатын салықтар болып ажыратылады. Табысқа салынатын салықтар төлеушінің салық салынатын кез келген объектіден алынған табыстарынан алынады. Тұтынуға салынатын салықтар — бұл тауарлар мен қызметтерді тұтыну кезінде төленетін шығынға салынатын салықтар.
Салық салу объектілерін есепке алу және оларды бағалау тәсілдеріне қарай салық алудың мынандай төрт әдісі қолданылады: кадастрлық, салық төлеушінің декларациясы бойынша, табысты алу көзінен ұстап қалу, патенттік негізде.
Бірінші жағдайда салықты есептеу мен оны алу, салық салу объектілерінің нақты табыстылығын есепке алмай табыстылық (жер салығы, мүлік салығы) нормасын көрсете отырып, олардың тізімдемесі негізінде жүзеге асырылады.
Декларацияда салық төлеушілер табытстың көлемін, қажетті жеңілдіктерді, шегерімдерді көрсетеді және салық сомасын есептеп, төлейді. Олар салықтардың түрлері бойынша салық декларациясын есепті салық кезеңіне сәйкес тапсырып отырады. Мәселен, корпорациялық табыс салығы, жеке табыс салығы, көлік құралдарына салынатын салықты және жер салығын төлеушілер (арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғаларды қоспағанда) салык органына олар бойынша декларацияны есепті салык кезеңінен кейінгі жылдың 31-інші наурызына дейін береді.
Жеке табыс салығы бойынша декларацияны мынадай салық төлеушілер табыс етеді:
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстары барлар;
Тұрғын үй салу мен осындай құрлыс салу үшін құрлыс материалдарын сатып алуды қоспағанда салық жылында 2000 айлық есептік көрсеткіштен жоғары сомаға біржолғы ірі асып алуды іске асырғандар;
Қазақстан Республиңкасының шегінен тыс жерлерден табыстар алатын жеке тұлғалар;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетел банктеріндегі шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар;
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамалық актілеріне сәйкес декларация беру жөнінде міндеттеме жүктелген адамдар;
Қазақстан Республикасының Парламентінің депутаттары, судьялар табыс етеді.
Салық төлеушіден салық декларациясын табыс етудің белгіленген мерзіміне дейін жазбаша өтініш алған жағдайда уәкілетті мемлекеттік орган салық мағлұмдамасын табыс ету мерзімін ұзарту салық төлеу мерзімін өзгертпейді.
Үшінші әдіс бойынша салық төлеуші жұмыс істейтін ұйымның, мекеменің бухгалтериясы салықты табыс алынған жерде есептеп, ұстайды.
Төртінші әдіс салық кәсіпкерлік қызметтің сан алуан түрлеріне Зерілетін патент негізінде төлейді. Патент- арнауяы салық режімін қолдану құқығын куәландыратын және салық сомасының бюджетке төленгендігін растайтын құжат.
Салық есебінің екі әдісі қолданылады;
1. кассалық;
2. есептеу әдісі;
Кассалық әдіске сәйкес табыстар мен шегерімдер жұмысты орындау, қызмет көрсету, мүлікті жөнелту мен кірістеу және ол бойынша жасалынған ақы төлеу мезетінен бастап есепке алынады.
Есептеу әдісі бойынша, табыстар мен шегерімдер ақы төлеудің уақытына карамастан жұмысты орындау, қызмет көрсету, тауарларды өткізу және кіріске алу мақсатымен тиеп жіберу мезетінен бастап есспке алынады. Бұл әдіс салық службалары үшін қолайлырақ және оны Қазақстанның барлық төлеушілері қолдануға қабылдаған. Төлеушілер үшін оның кемшілігі – салық төлемдері жеткізілім тіпті уақытында төленбеген жағдаиында да аударылуы тиіс, бұл айналым қаражаттарын оқшаландыруға ұрындырады.
Қазақстан Республикасының салық жүйесі салықтардың, алымдардың және баждардың түрлерін, салық қатынастарын реттейтін құқықтық нормаларды және салық службасының органдарын қамтиды.
Қазақстан Республикасындағы салықтардың, салық сипатындағы алымдардың тізбесі мыналарды қамтиды:
1.Салықтар:
1. Корпорациялық табыс салығы.
2. Жеке табыс салығы.
3. Қосылған қүнға салынатын салық.
4. Акциздер.
5. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері.
6. Әлеуметтік салық.
7. Жер салығы.
8. Көлік құралдарына салынатын салық.
9. Мүлікке салынатын салық.
2.Алымдар:
1. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.
2. Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.
3. Жылжымайтын мүлікке кұқықтарды және олармен жасалған мәліметтерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.
4. Радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құралдарды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.
5. Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.
6. Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.
7. Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.
8. Дәрі-дәрмек кұралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.
9. Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру алымы.
10. Аукциондардан алынатын алым.
11. Елтаңбалық алым.
12. Жекелеген қызмет түрлерімен айналасу құқығы үшін
лицензиялық алым.
1З.Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алым.
З.Төлемақылар:
1. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы.
2. Жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемакы.
3. Қоршаған ортаны ластаған үшін төлемақы,
4. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы.
5. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы.
6. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы.
7. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы.
8. Кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы.
9. Сыртқы жарнаманы орналастыру үшін төлемақы.
4.Мемлекеттік баж.
5.Кеден төлсмдері:
1. Кеден бажы.
2 .Кеден алымдары.
3 .Төлемақы.
4. Алымдар.
Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы «Бюджет жүйесі туралы» Заң мен тиісті жылға арналған Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тәртіппен тиісті бюджеттердің кірісіне түседі.
Салық жүйесі өзінің құрамына мемлекеттік салық службасының-қаржы министірлігін, облыстардағы, аудандардағы, қалалардағы және қаладағы аудандардың салық комитеттерін қамтиды.
Салық службасы органдары салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамассыз ету жөніндегі, сондай-ақ салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындалуына салықтық бақылауды жүзеге асырады.
«Салық» және «салық салу» ұғымдарын ажырата білген жөн: бірінші жағдайда – бұл экономикалық және қаржы категориясы, екіншісінде-экономикалық-құқықтық механизімді пайдалана отырып салық төлемдерін өндіріп алу процесі.
1.2 Қазақстан Республикасының ұлттық салық жүйесінің қалыптасу кезеңдері мен даму этаптары.
Сексенінші жылдары аралас экономиканың бірінші элементтерінің пайда болуына байланысты, өндірістің барлық сфераларында жалпы экономикада түрлі өзгерістер болған еді, сонымен қатар салық жүйесі айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Нарықтық экономика қалыптасуы салық жүйесінің трансформациясы үш бағыт бойынша жүзеге асқан болатын, тура және .....
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Экономика | Актобе қаласы бойынша салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
» Курстық жұмыс: Салық кодексі | Шетел тұлғаларына салық салу
» Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпкерлік қызметтегі салық режимі
» Курстық жұмыс: Салық құқығы | Қазақстан Республикасында жанама салықтардың салық жүйесі
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстанның салық жүйесі
» Курстық жұмыс: Экономика | Актобе қаласы бойынша салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
» Курстық жұмыс: Салық кодексі | Шетел тұлғаларына салық салу
» Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпкерлік қызметтегі салық режимі
» Курстық жұмыс: Салық құқығы | Қазақстан Республикасында жанама салықтардың салық жүйесі
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстанның салық жүйесі
Іздеп көріңіз: