Курстық жұмыс: Әлеуметтану | Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың қалыптасуы

Курстық жұмыс: Әлеуметтану | Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың қалыптасуы

Мазмұны

I.Кіріспе............................................................................................3-4
II. Негізгі бөлім
2.1. Әлеуметтік саясаттың мәні.....................................................5-13
2.2. Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың қалыптасуы ( Алматы қаласының әлеуметтік саясаты).........................................................14-30
2.3. Әлеуметтік саясаттың түрлері, моделі, принциптері.........31-38
III. Қорытынды.............................................................................39-40
Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................41


2.1Әлеуметтік саясаттың мәні

Әлеуметтік саясат – бұл тұрғындардың әлеуметтік жағдайын толығымен, сондай-ақ оны құраушы класстарды, деңгейлерді (қабаттардың), әлеуметтік, әлеуметтік–демографиялық, әлеуметтік професионалды топтарды, әлеуметтік бірлестіктерді (жанұялар, халықтар, қала, аудан, аймақ тұрғындары) өзгерту және сақтау мақсатындағы әлеуметтік топтардың өзара арақатынасы.
Әлеуметтік саясаттың басты нысаны – халық және халықтың әртүрлі бөліктерінің әлеуметтік жағдайы.
Әлеуметтік жағдай – бұл тұрғындардың және оның құрама бөліктерінің тіршілік әрекетінің негізгі мінездемесі.
Әлеуметтік жағдай тіршіліктің қоғамдық жағдайларын және қоғам бөліктерінің құрылымдық дамуын қалыптастыратын жүйенің өте маңызды факторларының әсері ретінде қалыптасады.
Әлеуметтік жағдайды қалыптастыратын қоғамдық жағдайлардың ішіндегі ең маңыздылары мыналар:
• Қоғамдық құрылыс. Мұнда қоғамдық рольдердің негізгі үлестірімі бірінші кезекте қанаушылар мен қаналушыларға бөлу, үстемдік ету мен бағыну бекітілген.
• Қоғамдағы билік. Әлеуметтік тұрақтылықты ұстап тұрушы әдіс ретінде. Тікелей диктатурадан әлеуметтік серіктестікке дейін өзгеретін биліктегі үстемдік етуші топтың басымдылық немесе үстемдік үлгісі өте маңызды.
• Шаруашылықтағы билік. (меншік) Меншік – бұл әкімшіл-шаруашылық қатынастар, яғни шаруашылықта маңызды шешімді қабылдаушылар мен оларды орындаушыларға бөлу. Мүлікті бөлу билеуші мен бағынушылардың арасында көрініс табады. Меншіктің негізгі анықтаушылары болып мүлік емес, әкімшіл- шаруашылық қатынастар табылады.
• Экономикалық жағдай – тіршілік пен дамуды қамтамасыз ететін, әлеуметтік топтар мен бірлестіктердің әлеуметтік жағдайларының қалыпты эволюциясын суреттеуге қажетті жағдайлардың жиынтығы. Мұнда тек қана кірістер емес, сондай-ақ білім, денсаулық сақтау, коммуналды – тұрмыстық қызметтермен, үймен қамтамасыз ету, жабдықтау жағдайлары кіреді.
• Экологиялық қауіпсіздік – өндірістік сферадағы, тұрғылықты жерлердегі, табиғи ортадағы экологиялық қауіпсіздік деңгейлері.
• Әлеуметтік қауіп - қатерден қорғану (әлеуметтік қорғаныс) – қоғамдағы жағдайды сақтау мен жақсарту талаптарын қозғау кезіндегі субьектілерге сүйемел болатын әлеуметтік тәртіп.
Әлеуметтік саясаттың мазмұнын ашу үшін кейбір маңызды аспектілердегі өзара әрекеттерін суреттеу қажет. Ол аспектілер мыналар:
 Әлеуметтік саясатқа нақты қатысатындар, яғни оның шеңберінде нақты әрекет етушілер мен әлеуметтік пассив субьектілерді анықтау.
 Ең беделді адамдар (класстардың, әлеуметтік топтардың).
 Субьектілердің әлеуметтік жағдайларын шешу жолдары.
 Субьектілердің қазіргі таңдағы ең маңызды әлеуметтік проблемалары (мәселері).
 Әлеуметтік саясаттағы мемлекеттің орны.
 Әлеуметтік саясаттың беделді субьектілердің мақсаттары, стратегиялары және бағдарламалық приоритеттері.
 Әлеуметтік күштердің нақты тарихи арақатынасы.
 Әлеуметтік дамудың қалыптасқан тұрақты тенденциясы және бағыттары.
 Қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықтың деңгейі, оның тұрақтылығы мен тұрақсыздығының маңызды факторлары (бұл әлеуметтік қауіпсіздік, тұрақтылық мәселелері)
Әлеуметтік саясаттың пәні дегеніміз ғылымның құрамдас бөлігі, заңдылықтар, қоғамның мазмұнды қарым – қатынасы, сонымен қатар қоғамдық тәжірбиенің процестері мен факторлары. Мұнда әлеуметтік топтар жағдайына байланысты қатынасқа түседі. Қазақстанның әлеуметтік дамуының мақсатын саяси басқарумен анықтайды, ол жергілікті басқару органдары мен өндірістік коллективтер көпшіліктің жағдайын жақсартуға байланысты, әлеуметтік – саяси тұрақтылықты сақтауға байланысты қоғамдағы әлеуметтік серіктестікті жоғарылатуға байланысты әлеуметтік мақсат пен нәтижелерге жетуге бағытталады.
Субьективті – обьективті жағынан қарасақ «әлеуметтік саясат» термині көп вариантты. Көп авторлардың көзқарасы бойынша бұл мемлекеттің әлеуметтік сферадағы қызметі. Басқалар болса бұл түсінікке басқаша қарайды - өзі әрекет етуші көпшіліктің барлық субьектілерінің қатынасы, шаруашылық, басқарушылық құрылымдарының заңда негізделген мақсат пен міндетінің болуы.
Әлеуметтік саясаттың обьективті – субьективті қатынасында өзі қызмет етуші көпшіліктің барлығы қатысады, бөлек азаматтар, белгілі – бір деңгейдің әлеуметтік қауымдастығы.
Әлеуметтік саясаттың субьектілері мемлекеттік билік органдары, ұйымдары мен кәсіпорындары, сонымен қатар әлеуметтік сферада қызмет ететін мемлекетік емес ұйымдар, азаматтардың қоғамдық құрылымы мен инициативалары. Әлеуметтік саясаттың субьектілеріне мыналарды жатқызуға болады: құқық беруші; атқарушы; сот жүйесі. Олар қоғамның қатысуымен мемлекеттің әлеуметтік саясатының мақсатын, міндетін анықтайды және оны жүзеге асыруға қатысады.
Кейбір зерттеушілердің ойынша обьект – бұл бағынушы, пассивті, екінші деңгейлі басқарылушы құрылым. Оның өзінің белсенділігі мен инициативасы болмайды. Бұл көп жағдайда олай емес, өйткені ол қоғамның өмірімен байланысты.
Бұл контексте әлеуметтік саясаттың обьектілері қоғамның әлеуметтік және әлеуметтік еңбек саласында кездеседі. Оның негізгі көрсеткіштеріне -
 көпшіліктің білім алуы
 денсаулығы
 жағдайы
 әлеуметтік топтардың қарым – қатынасының конструктивтілігі және әлеуметтік тұрақтылық жатады.
Әлеуметтік саясаттың субьектілері – бұл дербес әрекет ететін әлеуметтік топтар, олардың органдары, ұйымдары, институттары, құрылымы. Бұл әлеуметтік топтардан басқа әлеуметтік саясаттың субьектілеріне осы әлеуметтік топттың мүдделеріне ұйымдық құрылымдар жатады. Яғни, субьектілер 2-ге бөлінеді. «Бастапқы» субьектілер - әлеуметтік топтардың өздері. Ал «қосымша» бұл олардың мүдделерін көрсететін ұйымдық құрылымдар.
Әлеуметтік саясаттың субьектілері – бұл әлеуметтік топттар мен азаматтар, олардың институттары, бұйымдар мен билік органдары. Ал олар азаматтар мен әлеуметтік топтардың мүдделерін қалыптастырады, көрсетеді және қорғайды.
Әлеуметтік саясаттың субьектілеріне мыналар жатады:
 Мемлекеттік ұйымдар мен ведомствалар;
 Жергілікті басқару органдары;
 Бюджеттік емес қорлар;
 Қоғамдық , діни ұйымдар;
 Мемлекеттік емес құрылымдар;
 Коммерциялық құрылым және бизнес;
 Әлеуметтік саясатпен айналысатын және оны жүзеге асыратын профессионалды қызметкерлер;
 Азаматтар (мысалы, азаматтық инициативаларға қатысу арқылы, басқада көмекке қатысу және т.б.).
Әлеуметтік саясаттың негізгі субьектісі – осы саясатты жүзеге асыратын мемлекет болып табылады.
Мемлекеттік әлеуметтік саясат – бүл мемлекеттің әлеуметтік сферадағы белгілі бір әлеуметтік кезеңге есептелген қаржылық ресурстар мен ұйымдық – насихаттаушы күштермен нығайтылған, нақты – тарихи жағдай мен мақсаттарға негізделген қызметі.
ХХ ғасырдың 30 жылдарында, мемлекеттер қатарында әлеуметтік шиеленісушіліктің тез жоғарылап өсуімен сипатталатын әлемдік дағдарыс мемлекеттің нарықтық үрдістерге сонымен қатар, әлеуметтік сфераға арласу қажеттігін дәлелдейді.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты-қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын реттеу бойынша мемлекеттің қызмет бағыттарының бірі.
Мемлекеттік әлеуметтік саясаттың мәні – әлеуметтік топтар арасындағы қарым-қатынастарды қолдау, қоғам мүшелерінің әл-ауқатын, өмірлік деңгейін жоғарылату үшін жағдайлар жасау, қоғамдық өндіріске қатысу үшін экономикалық ынталардың қалыптасуында әлеуметтік кепілдіктер құру. Осыған байланысты, қоғамдық өндірістің шарттарын реттеу мақсатында мемлекет пен жүргізілетін іс-шараның құрамды бөлігі ретінде жүзеге асатын мемлекеттің әлеуметтік саясаты тұтасымен елдегі жалпы экономикалық ахуалмен тығыз байланысты. Мемлекеттің әлеуметтік саясатын айта отырып, біз үкіметтің, қоғамның әртүрлі мүшелері мен топтарының кірістерін үлестіруге және қайта үлестіруге бағытталған іс-әрекетін түсінеміз. Осылай әлеуметтік саясатты тар мағынада түсіндіруге болады.
Ал кең мағынада әлеуметтік саясат бұл қоғамның әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етуге негізделген макроэкономикалық реттеу бағыттарының бірі.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты бұл - өзінің мақсаты ретінде кірістердің дифференциасын әлсіретуді, нарықтық экономикаға қатысушылары арасындағы қарама-қайшылықты жұмсартуды және экономикалық салдарда әлеуметтік қақтығысты болдырмауды мемлекеттің мақсатты бағытталған қызметі, бұл халықты жұмыссыздықтан, бағаның өсуінен қорғауға бағытталған мемлекеттің, кәсіпорынның, ұйымның, үкіметтің жергілікті мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық тәсілдер кешені. Мемлекеттік әлеуметтік саясаттың нарықтық экономикаға қатысуымен, азаматтардың жағдайларын түзетудің, белгілі тәсілдерін, халықтың барлық топтарына әлеуметтік кепілдіктер жүйесін құруды мақсат ететініне, әлеуметтік әділеттілік қағидасы жүзеге асады. Әлеуметтік саясатты жүргізудің негізгі принциптері
o Бағаның көтерілуі кезінде орнына төлеудің әртүрлі формаларын кіргізу және индексация жүргізу жолдарымен өмір деңгейін қорғау.
o Ең кедей отбасыларын көмекпен қамтамасыз ету
o Жұмыссыздық жағдайында көмек беру.
o Әлеуметтік сақтандыру саясатымен қамтамасыз ету, ең төменгі жалақыны белгілеу.
o Білім беру, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғауды мемлекет есебінен дамыту.
o Мамандануды қамтамасыз етуге бағытталған белсенді саясат жүргізу.
ХХ ғасыр барлық мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттарының бірі әлеуметтік саясат екенін көрсетті. Әлеуметтік саясаттың маңызды міндеті болып қоғамдық өмірде тепе-теңдіктің белгілі деңгейіне төмендегілер арқылы жету болып табылады:
 аштық, ауру, табиғи және техногендік апаттар, демографиялық жарылыс және тағы басқаларының салдарының алдын алу үшін мемлекеттік кепілдіктер беру.
 Белгілі өмір деңгейін және оны әлеуметтік шиеленісуін төмендететін бағытқа сапалы өзгертуді қамтамасыз етуге бағытталған материалды жабдықтарды және ұйымдық күш салуларды қайта үйлестіру.
Өмір салтын реттеу (салықтармен, жабдықтармен, әл-ауқатты жоғарылатумен, кәсіпкерлік бастаулар мен және тағы басқалары).
Әлеуметтік саясатты жасау кезінде мемлекет алдында әлеуметтік алымдар туралы немесе әлеуметтік міндеттер туралы сұрақ тұрады, ол дамудың нақты кезеңінде ең қажетті және бірінші кезекті шешімді талап етуші сапасында қоғаммен қабылданады. Бұл таңдау әлеуметтік сферадағы азаматтық құқығына, әлеуметтік қажеттіліктер мен талаптар үшін күресудегі мемлекеттік саясаттың әртүрлі қағидалары арасындағы ұрыс-қысымында және алаңында өтеді.
Әлеуметтік саясат қызметі ретінде қоғамның әлеуметтік дамуын басқаруға, оның мүшелерінің материалдық және мәдени қажеттіліктерін қамтамасыз етуге және қоғамның әлеуметтік дифференсация үрдістерін реттеуге бағытталған.
Әлеуметтік саясаттың базалық мақсаты болып тепе-теңдікке тұрақтылыққа, тұтастылықққа және динамизмге материалдық ресурстар, сәйкес саяси күштер және әлеуметтік жүйе болуы арқылы жету табылады.
Әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаттарының бірі-әлеуметтік қарама-қайшылықтарды шешу, стратегиялық және тактикалық қоғамдық, қоғамдық қызушылықтар тепе-теңдігін сақтау немесе қалпына келтіру.
Әлеуметтік саясатты өндіру және жүргізуде ең күрделісі болып бірінші кезекте шешімді талап ететін әлеуметтік бастаулар туралы сұрақты шешу болып табылады.
Адамның әлеуметтік реформалануының негізгі обьектісі ретінде әлеуметтік ахуалын қамтамасыз ету әлеуметтік көмек және мемлекеттік қолдау арқылы жүзеге асуы қажет, ең алдымен бұл көмектер ерекше әлсіз және қажет ететін топтарға көрсетіледі, бұл топтарға жататындар:
 көпбалалы және толық емес отбасылар
 жұмыссыздар
 нарықтық талаптарға сәйкес емес мамандандырылған немесе жеткілікті білім алмаған тұлғалар
 қарттар
 мағыналы жеке меншігі жоқ адамдар
Осыған сәйкес мемлекеттік тәсілдер кешені ең төменгі өмір сүру минимумымен қамтамасыз ету және мұқтаж адамдарға материалдық көмек көрсетуге, білім алу, медициналық көмек алу үшін жақсы жағдайлар жасауға, азаматтық құқық және еркіндікпен қамтамасыз етуге, сонымен қатар психологиялық прессингтен қорғауға бағытталуы керек.
Реформалардың тиімділігі мен табыстылығы туралы халықтың өмір сүру өзгерісі, оның сапалық және сандық өлшемдерінің жаңа мазмұнымен ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Географиядан сабақ жоспары: Қазақстанның демографиялық жағдайы мен демографиялық саясаты (9 сынып, III тоқсан)
» Курстық жұмыс: Саясаттану | Әлеуметтік саясат
» Сабақ жоспары (ұмж): Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы әлеуметтік-демографиялық процестер (Қазақстан тарихы, 9 сынып, ІV тоқсан)
» Қазақша презентация (слайд): Әлеуметтану пәні | Әлеуметтік топ түрлері
» Әңгіме: Бес жаңа әлеуметтік бастама қазақстандық қоғамның бірлігін нығайтады

Іздеп көріңіз:
курстык Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың қалыптасуы жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Алеуметтану курстық жұмыстар, Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың қалыптасуы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]