Курстық жұмыс: Экономика | ҚАЗАҚСТАН БАНКТЕРІНІҢ НЕСИЕ БЕРУ МЕРЗIМДЕРI

Курстық жұмыс: Экономика | ҚАЗАҚСТАН БАНКТЕРІНІҢ НЕСИЕ БЕРУ МЕРЗIМДЕРI

Мазмұны

КІРІСПЕ

1. НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ.

1.1. Несиенің мәні және оның құрылымдары мен
ұйымдастыру қағидалары
1.2. Несиенің функциялары және оның түрлері мен
формалары
1.3. Несиенің қызметтері және қарыз процентінің түсінігі

2 ҚАЗАҚСТАН БАНКТЕРІНІҢ НЕСИЕ БЕРУ МЕРЗIМДЕРI

2.1 Қазақстан банктерінің несие беру қабілеттіліктері
2.2 Коммерциялық Банктiң несие қатынастары
2.3 Қысқа мерзiмдi несиенiң берiлуi


ҚОРЫТЫНДЫ


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1. НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ

1.1. Несиенің мәні және оның құрылымдары мен ұйымдастыру қағидалары.

Несие – нарықтық экеономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субьектілері мен қатар, мемлекет те, үкімет те сондай – ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың айырбас сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау – ол тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен, осындай айырбас негізінде несиеге байланысты қатынас туындайды.
Құн қозғалысы – бұл несиенің қозғалысының негізін білдіреді.
Несие айырбас сатысында пайда бола отырып, қарыз мәмлесінің формасы ретінде құн қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз етуге тиіс. Құн қозғалысы несие қозғалысының ядросы болып табылады. Айырбас процесінде мәмленің екі түрі ажыратылады: қарывз мәмлесі және сатып алу – сату мәмлесі. Несие қарыз мәмлесі ретінде тауарлар айналысы процесіне себепші болады. Несие ақшаның төлем құралы функциясындағы ақшаның дамуы болып табылады.
Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға болады.
Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда, бұған деген негіз де бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбіне ақшалай түрінде берілуде. Бірақ та бұл жерде ақша мен несеие әр түрлі ұғымды білдіріп, әр түрлі қатынастарды түсіндіретін естен шығармау керек.
Несие – бұл пайыз төлеп қайтару шартында уақытша пайдалануға берілетін ссудалық капитал қозғалысын білдіреді.
Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізінде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады.
Несие – бұл банктің қаражат көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын және сондай – ақ олардың жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ал ссуда – бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.
Экономикалық категория ретінде, несие – бұл кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай – ақ халық арсындағы несие қорын құру және оларды қайтару, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығын білдіреді.
Зерттеу заты сияқты, несие құрылымы бір – бірімен өзара байланысты эленменттерден тұрады. Мұндай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастар субьектілері жатады. Несиелік мәмле бойынша несиелік қатынастар субьектісіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.
Қарыз беруші – қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы.
Қарыз беруші – бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субектілер болып табылады. Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет, шаруашылық субьектілері және халық жатады.
Қарыз алушы – бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік қатынастың екінші жағы. Борышқор және қарыз алушы бір – бірімен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсініктері әртүрлі. Мысалға, кәсіпорын несие жеке азаматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т.б. байланысты төлемдері кешігуі мүмкін, бірақ, бұл жерде ешқандай да несиелік қатынас туындамайды.
Қарыз беруші және қарыз алушымен несиенің құрылымының элементіне берілетін обьектіде жатады. Беру обьектісі – бұл құнның ерекше бөлігі, яғни қарызға берілген құнды білдіреді. Кәсіпорындарды және басқа да ұйымдарды өндірістік және әлеуметтік қажеттіліктеріне байланысты банктің несие беру, несиелеу қағидаларын қатаң сақтау негізінде жүзеге асырылады. Өйткені, мұнда несиенің мәні және мазмұны, сондай – ақ несиелік қатынастар төңірегіндегі обьективті экономикалық амалдардың талаптары көзделеді.
Несиенің берілу процесі – бұл қоғамдағы экономикалық өзара байланыстарды алып жатқан күрделі құбылыстарды білдіреді. Сондықтан да несиенің экономикалық категория ретіндегі мәнін тереңдей ұғыну несиелердің негізгі қағидаларын анықтап білмейінше жеткіліксіз болып саналады. Несиелеуді ұйымдастыру негізі мынадай қағидаларға сүйенеді.
• Несиенің мақсаттылығы;
• Несиенің мерзімділігі немесе қайтарылымдығы;
• Несиенің ақылылығы;
• Несиенің қамтамасыз етілуі;
• Несиенің сый ақылылығы;
Несиенің соңғы қағидасы, шетелдік банктік тәжірибеде бірінші классты қарыз алушылар үшін жиі қолданылады. Мұндай жағдайда несие сыйақы ретінде ешқандай да қамтамасыз етілмеген түрде беріледі.
Несиенің мақсаты несиелеудің басты қағидасы ретінде, несиенің қандай да мақсатқа сұралып отырғандығын сипаттайды. Сонымен қатар, бұл қағидасы ссудамен байланысты болатын тәуекел дәрежесінің негізгі көрсеткіші ретінде де қызмет етеді.
Несиенің мерзімділігі – бұл белгіліэкономикалық категория ретіндегі мәніне негізделетін несиенің ерекше бір белгісі. Бұл қағида несие берушінің қарыз алушыға берген қаражатының белгілі бір уақыт өткен соң қайтарылуға тиістілігімен қорытындылады. Осыдан барып несиенің қайтарымдылық қағидасы туындайды.
Несиенің қайтарымдылығы – бұны экономикалық категория ретінде, басқа да ақшалай – тауарлы қатынастардың экономикалық категорияларынан ажыратады. Себебі, қайтарылмайтын несеи болмайды. Сондықтан да қайтарымдылық – бұл несиенің ажырамас бөлігі.
Несиенің мерзімділігі – несиенің тек қана қайтарылып қоймай, яғни қатаң белгіленген мерзімде қайтарылуға тиістілігін көздейді. Шаруашылықтың нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты несиелеудің бұл қағидасының маңызы арта түсуде. Біріншіден, осы қағиданы қатаң түрде сақталуына, ұдайы өндірістің ақшалай қаражаттармен қамтамасыз етілуі тәуелді. Екіншіден, бұл қағиданың сақталуы коммерциялық банктердің өтімділігін қамтамасыз етеді. Олардың жұмысын ұйымдастыру қағидалары, тартылатын несиелік ресурстардың қайтарымсыз жұмсалымдарға салынуына мүмкіндік береді. Үшіншіден, әрбір жекелеген қарыз алушы үшін бұл қағиданың сақталцуы олардың банктен жаңа несие алуына жеңілдіктер береді.
Несиенің мерзімділігі ссуданың берілу жағдайын сипаттайтын басты көрсеткіш. Ол негізінен банк пен клиент арасында жасалатын несиелік келісім шарт құжатын да көрсетіледі. Егер де келісілген уақыт өтіп кетіп ссуда қайтарылмаған жағдайда, ол уақыты өткен ссудалардың қатарына жатқызылады. Бұл сатысында банк клиенттің несиелік келісім шартын бұзғаны үшін жоғарғы жағдайда пайыз төлеп қайтаруын талап ете алады. Уақыты өтіп кеткен несиелер көрсеткіші қаншалықты төмен болса, соғұрлым банк қызметі тұрақты және оның зиян шегу ықтималдығы біршама төмен болып келеді.
Несиенің ақылылығы – бұл қарыз берушінің қарыз алушыға берілетін қаражатын қайтару барысында бастапқы суммадан өсіп қайтарылатындығын білдіреді. Іс жүзінде ақылылық бұл несиені пайдаланғаны үшін төленетін пайыз түрінде беріледі. Қарыз алушының ссуданы пайдаланғаны үшін төлейтін пайызын - несиенің бағасы деп айтады. Еркін реттелетін нарық жүйесі тұсында несие үшін пайыз мөлшері несиеге деген сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасады. Бұдан да басқа жағдай да, несие үшін пайыз мөлшері экономикалық заңдылықтарға сай, яғни банктің қызметінің экономикалық незіні жоғалтып алмайтындай, ең төменгі мөлшерде емес және сол сияқты қарыз алушының қаржылық жағдайына зиян келтірмейтіндей жоғарғы мөлшерде емес, бір қалыпты жағдайда қалыптасуға тиісті.Бұл екі жағдай, несиені пайдаланғаны үшін төленетін пайыздың экономикалық шекарасын құрайды.
Несиені экономикалық категория ретінде қарыз мәмлесі негізінде көрінетін және дамитын өндірістік қатынас арқылы анықтау керек.
Қарыз мәмлесі несиені экономикалық категория ретінде өз бетінше сипаттамайды, оны қарыз мәмлесі болып табылатыөндірістік қатынастар сипаттайды. /1,50 б/
Әртүрлі шаруашылық жүйесінде кездесетін мәмле типтерің формальды (типтерінің) ұқсастығы олардың бір атаумен – «несие» бекітіледі, бірақ әртүрлі дәуірлердің несиелік қатынастары бір атауды сақтай отырып, әртүрлі мәнге, мазмұнға ие.
Несие шаруашылық жүйелерінің ауысуына жағдай жасай отырып, өзі де ауысып отырады, өз мазмұнын өзгертеді. Несие мәміле типі ретінде, тауар айналысының формасы, құн қозғалысының әдісі ретінде натуралды шаруашылықтан тауар шаруашылығына өткен уақыттан бері дамып келді. Несие айырбас процесінің өндірістік байланысының типі, тауарлы өндірістің экономикалық категориясы ретінде ғана емес, тауар шаруашылығының диалектикалық дамушы құбылыс ретінде қарастырылуы қажет. Тауар шаруашылығының әртүрлі сатыларының несиелік қатынастарыны өзара айырмашылығы, қолдан – қолға өтуі қарыз келісіі арқылы жүзеге асатын әртүрлі обьектілердің айырмашылығынан көрінеді.
Несие түсінігі келесі түрде белгіленеді: Бақыланылатын халық шаруашылығы құбылыстарының барлық жиынтығының ішінен бәрін бұрын қоғамдық өмірде несие деп аталатындары іріктеліп алынады: сонан соң бұл құбылыстар талданады, төмендегідей белгілерге бөлінеді: олардың барлығына тән белгілері; екіншіден, бұл белгілердің ішінен тек осы іріктелініп алынған құбылыстарға тән белгілер ғана сақталынады. Несие деп аталатын әлеуметтік байланыстар: әртүрлі тарихи кезеңдерде тауар шаруашылығының алғаш пайда болуы кезінде дамыған нарықтық шаруашылық дәуірінде де бар болды.
Жалпы несиенің мәнін ашу – бұл несиенің экономикалық қатынастардың біпртұтас жүйенің элементі ретінде көрсететін, оның мәнді анықтығын білдіретін сапаларын тану болып табылады. Сондықтан несинің мәні және қажеттілігі туралы жоғарыда айтылғандарға қосымша оның құрылымын, қозғалысының заңдылықтарын қарастырып көрейік.
Несиенің құрылымы белгілі бір мәнге айналған және несиелік қатынастар танымының сатысы ретінде көрінеді. Ол несеиеде тұрақты, өзгеріссіз қалады. Құрылымдық талдау тұрғысынан алғанда, несие зерттеу обьектісі ретінде, бәрінен бұрын оның субьектілері болып табылатын элементтерден тұрады. Несиелік мәмледе қатынас субьектілер қарыз беруші және қарыз алушы болады. Кредитор мен қарыз алушының қалыптасуы тауар өндірісі мен тауар айналысы негізінде жүреді. Сатушы – қарыз беруш, ол сатып алушы – борышқор болады.
• Кредитор – несиелік мәмленің қарызды ұсынушы жағы.
Қарыз беру үшін кредитордың қарамағында белгілі бір қаражаттар болуы керек. Оның көздері өз қорлары, ресурстары, өз кезегінде қайтарымдылық негізінде ұдайы өндіріс процесінің басқа да субьектілерінен алынған ресурстар бола алады. Қазіргі шарушылықта кредитор – банк қарызды өз меншігіндегі ресурстар есебінен ғана емес, оның шоттарын да сақталуы тартылған қаражатта есебінен де, сонымен қатар, акция жәчне облигацияларды орналастыру арқылы жинақталған қаражаттар есебінен бере алады. Банктердің құрылумен кредиторлардың шоғарлануы жүреді. Банкирлер басқа барлық кредиторлардың өкілі болады. Банктер ұжымдық кредиторлар ретінде бола отырып, несиелеу үшін шаруашылықта уақытша пайдаланылмайтын ресурстарды жинақтай алады, сонымен қатар, эмиссия жасай алады. Кейбір жағдайда босаған ресурстар болып табылатын құндылықтар да қарызға беріледі. Коммерциялық несие кезінде кредитор сатылуға жататын тауарларды қарыз алушыға береді.
Кредитор ретінде басқа шаруашылық иесіне белгілі бір мерзімге ресурс беруші тұлға болады. Қағида бойынша кредитор ерікті түрде болады. Қарыз алушыны несиені белгіленген мерзімде қайтармаған жағдайда несиелік келісімнің еріктілігі бұзылады, қарыз алушылармен анағұрлым қатаң қатынастарға әкеп соғады. Кредиторлардың бар болуының уақыттық шекарасы несиенің мерзімімен анықталады. Несиенің мерзімі өз кезегінде ұдайы өндіріс процесінің барысына байланысты.
• Қарыз алушы – несиелік қатынастың, несиені алушы және алған қарызды қайтаруға міндетті жағы болып келеді. Борышқор және қарыз алушы – бір – біріне жақын, бірақ шамасы бірдей түсінік емес. Борыш – міндетті жалпы сипаттайтын анағұрлым кең түсінік. Несиелік мәмлеге сәйкес борышқор туралы емес, қарыз алушы туралы айту керек. /2,296 б/
Қазіргі уақытта банктерден басқа шаруашылық ұйымдары және мемлекеттің өзі де қарыз ретінде болады. Қарыз алушының кредитордан айырмашылығы ол несиелік мәмледе төмендегідей ерекшеліктерге ие: Біріншіден, ол қарызға берілетін қаражаттардың меншік иесі болып табылмайды, олардың уақытша иесі ретінде болады; өзіне тиісті емес, бөтен біреудің ресурстарымен жұмыс істейді. Екіншіден, қарыз алушы қарызға алынған қаражаттарды айналыс сферасында да пайдаланады. Кредитор тікелей өндіріске қатыспай – ақ айырбас фазасы кезінде де қарызды ұсына алады. Үшіншіден, қарыз алушы өзінің шаруашылығында шеңбер айналымын аяқтаған қарызға алынған қаражаттарды қайтарады. Қарыз алушы кредитормен жеткілікті түрде сепе айырысумен қоса, қайтарымды толық өтеу үшін ұдай өндіріс процесін өркендете түсу керек. Төртіншіден, қарыз алушы уақытша пайдалануға алынған құнды ғана қайтарып қана қоймай, сонымен қатар, қарыз пайызын да төлейді. Бесіншіден, қарыз алушы өзінің кредиторы қойған талаптарын орындауға тәуелді болады. Қарыз алушының кредитордан экономикалық тәуелді болуы қарызға алынған қаражаттарды ұтымды пайдалануға, қарыз алушы ретінде өз міндеттемелерін орындауға мәжбүр етеді.
Кредитор және қарыз алушы несиелік қатынас жасай отырып, мақсаттарымен мүдделерінің бірлігін көрсетеді.
Кредитор анағұрлым жоғары қарыз пайызына мүдделі болса, қарыз алушы – соғұрлым арзан несиеге мүдделі.
Сондай - ақ, несиелік қатынастар құрылымының элемнеті, яғни кредитордан қарыз алушыға берілетін және қарыз алушыдан кредиторға қарай кері қозғалатын обьекті болып табылады.
Қарызға берілген құнның өте маңызды жағы, оның авансылау сипаты. Несие, қағида бойынша, құнның құрылуына мүмкіндік туғызып, қарыз алушының иелігіне түсуі керек. Сонымен бірге, қаражаттарды авансылаудың кез келгені несие болып табылмайды.

1.2. Несиенің функциялары және оның түрлері мен формалары.
Жалпы «функция» сөзі латынша «functio» «атқару», «жүзеге асыру» деген мағынаны білдіреді.
Экономикалық теорияда функция деп құндық категориялары мәнінің көрінісі түсіндіріледі. Демек несиенің функциясы деп оның мәнінің ерекше көрінісін түсіну орынды, алайда несиенің функциясы – оның мәні емес, тек осы мәнінің көрінісі. Біз қарастыратын несиенің кез келген көрінісі оның функциясы ретінде ерекше.
Несиенің функцияларын қарастыру үшін келесідей ғылыми амалдарды қарастырамыз. Біріншіден, бәрінен бұрын несиенің мәні сияқты обьективті сипатта болады. Функция кредитор мен қарыз алушы арасында несиелік қатынасқа түсе отырып, орындайтын белгілі бір «жұмыстың» көрінісін сипаттайды. Екіншіден, несиенің функциясын талдау кезінде тағы да бір жағдайды ескеру керек: несие өзінің қозғалыс процесінің әрбір кезеңінде барлық функциялармен емес, олардың біреуімен немесе бірнешеуімен өз мәнін көрсетеді. Демек, әрбір кезеңде несие өзіні ң қозғалысының белгілі бір сатысында болады, содықтан өзінің мәнді көріністерінің барлық жиынтығын бірден көрсетет алмайды.Мысалы: ақша төлем құралы функциясын да бір мезгілде айналыс құралы функциясын немесе қор жинау функциясын атқара алмайды. Несие де сол сияқты. Үшіншіден, функция – бұл қатып қалған емес, өзгермелі категория. Несиенің мәнінің өзгеруімен қатар, оның көрінісі де өзгереді. Төртіншіден, функция несиенің біртұтас процесі ретіндегі көрінісін білдіреді.
Бұл функцияның жеке категорияға немесе қарыз алушыға емес, жалпы несиелік қатынасқа жататындығымен түсіндіріледі; несиенің көрінуі, тек егер ол тең дәрежеде несиелік мәмленің екі қатысушысына да қатысты болса ғана оның функциясы ретінде анықталуы мүмкін.
Мұнан басқа, функция несиенің барлық формаларымен түрлерінің ерекше көріністерін сипаттауы керек. Коммерциялық несиенің, банктік несиенің жеке бөлектенген функциялары жоқ. Функцияны несиенің формалары немесе түрлері емес, оның экономикалық категория ретіндегі мәні тудырады.
Несинің категориясында оның келесі функциялары бөлініп шығарылады: қайта бөлу, нақты ақшаларды несиелік операциялардың ауыстыруы.
Кредитор мен қарыз алушы арасында несиелік қатынас айырбас процесінде уақытша босаған құнның қарыз алушыға берілу жолымен қайта бөлу сатысында пайда болады, сонан соң бұл құн өзінің алғашқы иесіне қайта оралады. Осыған байланысты несиенің қайта бөлу функциясын көрсету керек. Бірінші жағдайда кредитор қарыз мәмлесі арқылы қарыз алушыға тауарлы – материалдық құндылықтарды бере алса, басқа жағдайда ақашалай қаражаттар да береді, бірақ екі жағдай да беру обьектісінің формалары әртүрлі болағынымен оынң мазмұны біреу – құн қайта бөлінеді. Осылайша қайта бөлу функциясының көмегімен құн қайта бөлінеді.
Қайта бөлу функциясы қандай белгілер бойынша жүретініне байланысты мынандай түрлерге бөлінеді: аумақ аралық, саларалық, сала ішілік және шаруашылықаралық. Қайта бөлудің барлық түрлерінде берілген құнға меншік иесі өзгермейтінін ескерте кету керек. Берілген құнға меншік иесі кредитор да сақталады. Егер несиелік қатынасқа кредитор мен қарыз алушы олардың орналасқан жерлеріне тәуелсіз әртүрлі заңды тұлғалар түсетін болса, құнның қайта бөлуін аумақаралық деп айтуға болады. Салаішілік қайта бөлу салалық банктерден несие алған кезде орын алады. Егер құн бір саланың өкілі болып табылатын кредитордан басқа саланың кәсіпорны болып табылатын қарыз алушыға берілген жағдайда несиенің көмегімен саларалық қайта бөлу орын алады.
Егер кредитор бір шаруашылық субтектісінің уақытша бос ақшалай қаражаттарын тарты, оны басқа субьектілерге қарызға беру көзі ретінде пайдаланса, онда оның құнның шаруашылықаралық қайта бөлінуі деп айтамыз. Несиенің қайта бөлу функциясы құнның жалпы бөлінуін емес, уақытша босаған құнның қайта бөлінуін қозғайды. Сонымен қатар, несие арқылы жүзеге асырылатын қайта бөлу, өткізу процесінің жалғасы болуы да мүмкін. Коммерциялық несие кезінде тауар өндіру өз өнімін сатып алушыға төлеуді кейінгі қалдыру шартымен сатады, яғни несиелік негізде.
Несиенің қайта бөлу функциясының төменде берілгендей ерекшеліктері бар:
• Біріншіден, несиенің көмегімен тек материалдық игіліктердің, өндіріс құрал – жабдықтарының және тұтыну затының, яғни бір жыл ішінде өндірілген жалпы ұлттық өнімнің құны ғана бөлініп қоймайды, сонымен қатар елдің экономикасының дамуының алдыңғы кезеңдеріңде жасалған құн да қайта бөлінеді.
• Екіншіден, несиенің қайта бөлу функциясы құнның жалпы қайта бөлінуін қозғамайды, уақытша босаған құнның қайта бөлінуін қарастырады.
• Үшіншіден, қайта бөлу функциясының мәнділігі уақытша босаған құнды уақытша пайдалануға беру процесі болып табылады.
• Төртіншіден, несиенің көмегімен уақытша босаған құнның берілуі нарықтық экономикаға тән делдал банктердің және басқа несиелік мекемелердің қатысуымен жүзеге асырылады.
Несиенің тағы бір функциясы ретінде нақты ақшалардың орнын несиелік операциялардың басуы болып табылады. Тауар шаруашылығында нақты ақшалардың орнын несиелік операциялардың басуы үшін қажетті жағдайлар жасалған. Қарызға берілген құнды тауарлы – материалдық құндылықтар, қызметтер, өзара талаптарды есептеуді аяқтау, тұрғындардың тұтыну тауарларын алуы үшін шоттарды төлеуге пайдалану, қолма – қол ақшалай төлемдерді қысқартуға, ақша айналымының құрылымын жақсартуға, төлем айналымын ұлғайтуға мүмкіндік береді, осылайша айналыс шығындарын азайтады. Қазіргі тауар шаруашылығында қарызға берілген құнның шаруашылық айналымына енуі ақшаның жалпылама орнын .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Банк ісі | ҚАЗАҚСТАН БАНКТЕРІНІҢ НЕСИЕ БЕРУ МЕРЗIМДЕРI
» Курстық жұмыс: Банк ісі | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК НЕСИЕНІ ҚОЛДАНУ
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстанның несие жүйесі және банктердің экономиканы тұрақтандырудағы рөлі
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі және оның дамуы
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы несиелік жүйенің қалыптасуы мен дамуы

Іздеп көріңіз:
курстык ҚАЗАҚСТАН БАНКТЕРІНІҢ НЕСИЕ БЕРУ МЕРЗIМДЕРI жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Экономика курстық жұмыстар, ҚАЗАҚСТАН БАНКТЕРІНІҢ НЕСИЕ БЕРУ МЕРЗIМДЕРI

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]