Курстық жұмыс: Құқық | Қазақстан Республикасы Конституциясының жалпы сипаттамасы

Курстық жұмыс: Құқық | Қазақстан Республикасы Конституциясының жалпы сипаттамасы

Мазмұны

Кіріспе .....................................................................................................3-4 бет

І. Мемлекеттік бірліктің біртұтастығы
1.1. Конституциялық құқықтың бастаулары мен жүйесі..........5-10 бет
1.2.Қазақстан Республикасы Конституциясының принциптері және
Қазақстанның конституциялық дамуы ......................................11-15 бет
1.3.Қазақстан Республикасы Конституциялық құрылысының
негіздері ..............................................................................................16-20 бет

ІІ. Қазақстан Республикасы Конституциясының жалпы сипаттамасы
2.1. Конституцияның мәні ............................................................21 - 24 бет
2.2. Конституцияның қолданылу мәселесі ...............................25 – 30 бет
2.3. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының
арақатынасы туралы ....................................................................31 – 37 бет
2.4. Қазақстан Республикасында Конституциялық заңдардың қалыптасу кезеңдері ......................................................................38 – 43 бет

Қорытынды .....................................................................................44 - 49 бет
Пайдаланылған әдебиеттер ..........................................................50 - 51 бет


І. Мемлекеттік бірліктің біртұтастығы.

1.1. Конституциялық құқықтың бастаулары мен жүйесі.

Конституциялық құқық Қазақстан Республикасы ұлттық құқық жүйесінің басты саласы болып табылады. Конституциялық құқық Қазақстан қоғамы мен мемлекеті құрылысының негізін құрайтын қатынастарды, мемлекеттік билікті жүзеге асыруға байланысты қатынастарды реттейді.
Конституциялық құқық қоғамдық қатынастарды бекітуші және реттеуші құқық нормаларының, жиынтығынан құралады, оларды Қазақстан Республикасы Конституциялық құрылысының негіздері, адам және азаматтық құқық мәртебесі, мемлекеттік билік және басқарудың жүйесі көрініс тапқан /3/.
Қазақстан Республикасының құқығы деп Қазақстан Республикасы аумағында әрекет ететін, қоғамның құрылысы негіздерін және мемлекеттік билікті ұйымдастыруды реттейтін нормативтік құқықтық актілер ұғынылады.
Конституциялық құқық бастауы, ең алдымен, Конституция, конституциялық заңдар, заңдар және басқа нормативтік құқықтық актілер, құқықтық әдет – ғұрыптар, нормативтік келісім – шарттар болып табылады.
Қазақстан Республикасы Конституциялық құқығының негізгі бастауы болып табылады. Бұл Конституцияның сыртқы заң күші барлығы және республиканың барлық аумағында тікелей әрекет ететіндігімен негізделеді. Барлық басқа бастаулар конституция нормаларынан шығады және оған қайшы келмеуге тиіс /4/.
Ұлттық құқықты қалыптастырудың қайнар көзі тек Конституцияның құқықтық нормалары ғана емес, сондай – ақ оның басқа да элементтері: принциптері, жалаң қағидалары, міндеттері мен мақсаттары да қызмет етеді.
Қазақстан Республикасы Конституциясы жарияланған мемлекет қызметінің принциптері қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық, бүкіл халықты қажетіне орай экономикалық даму, Қазақстандық патриотизм, мемлекет өмірінің мейлінше маңызды мәселелеріне демократиялық әдістермен шешу қазақстандық қайнар көзі қызметін атқарады.
Қазақстан Республикасы Конституциясында бүкіл конституциялық заңдардың негізі болып табылатын құқықтық нормалар орнықтырылады. Басқаша айтқанда Конституцияның құқықтық нормалары конституциялық – құқықтық қатынастарды реттейтін барлық нормативтік құқықтық актілерді қалыптастыру мен дамытудың негізі болып табылады /5/.
Конституцияның құқықтық нормалары аталған салалардағы қоғамдық қатынастарды егжей – тегжейлі және жан – жақты реттемейді. Ол тек қоғамдық қатынастардың мәнді, басты бағыттарын ғана реттейді. Қазақстан Республикасы конституциясының құқықтық нормалары құқықтың басқа салаларының құқықтық нормаларынан осынысымен ерекшеленеді.
Конституциялық құқық басқа бастауларымен салыстырғанда Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заңдық күші бар және Қазақстанның барлық аумағында қолданылады. Қазақстан Республикасында қабылданған заңдар және басқа нормативтік актілер Конституциядан бастау алуы және оған қайшы келмеуге тиіс.
Қазақстан Республикасы Конституциясының идеялары, принциптері, құқықтық нормалары бүкіл қоғам өмірінің мейлінше мәнді бағыттарын реттейді жекелеген адамды, азаматты, қоғамдық қызметтің барлық субъектілерін (бірлестіктерді, қозғалымдарды, өзін - өзі басқару органдарын және басқаларын) камтиды /6/.
Қазақстан Республикасы Конституциясының конституциялық құқытық қайнар көзі ретінде тағы бір өзіндік қыры – онда оның басқа қайнарларының нысандары конституциялық, жәй заңдары, Президенттің нормативтік жарлықтары мен қаулылары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, сондай – ақ заңдық күшінің деңгейі, қабылдау, жариялау, күшін жою тәртібі көрсетіледі. Қазақстанның Конституциялық құқының қайнар көзіне азаматтық туралы және басқа жәй заңдар жатады.
Қазақстан Республикасы Мәжілісінің регламенті, палаталары құрған үйлестіруші және көмекші органдар туралы ереже конституциялық құқық салаларының қайнар көзі болып табылады.
Қазақстан Республикасы конституциялық құқының қайнар көзіне Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтары да жатады. Президенттің нормативтік жарлықтары үш топқа: 1) конституциялық заң күші бар жарлықтарға; 2) жәй заң күші бар жарлықтарға; 3) заңға сәйкес нормативтік жарлықтарға бөлінеді. Әрине, тәртіп бойынша, Президент өзінің заң шығармашылық қызметін заңға сәйкес нормативтік жарлықтар қабылдау жолымен жүзеге асырады /7/.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқытық актілері конституциялық құқықтың, конституциялық – құқытық нормалардан тұратын сала ретінде қайнар көзі болып табылады.
Саланың қайнар көзіне жергілікті өкілетті органдардың, сондай – ақ конституциялық – құқтық нормалары (шешімдер, жарғылар, ережелер) бар жергілікті өзін - өзі басқару органдарының нормативтік – құқықтық актілер де жатады. Олардың кеңістіктегі заңдық күші шектеулі және олар жергілікті сипатта болады.
Өкілетті беруші конституциялық құқықтық нормалар субъективтік құқықты жағымды мазмұнды белгілейді. Басқаша айтқанда, субъектіге (мемлекеттік органға, қоғамдық бірлестікке, азаматтарға) қандай да бір жағымды әрекет жасауға құқық береді.
Конституциялық заңдарға тыйым салатын нормалар да бар. Олар адамдардың белгілі бір қасиетті әрекеттеріне ұстамдылық жауапкершілігін белгілейді. Айталық, Конституция діни негізде саяси партиялар құруға, заңсыз қарулы құрамалар ұйымдастыруға тыйым салады /8/.
Міндеттеуші конституциялық нормалар адамдардың, қоғамдық бірлестіктердің, мемлекеттік органдардың белгілі бір жағымды әрекеттер жасау жауапкершілігін белгілейді.
Құқық ғылымында құқықтың заңдық бастаулары ұғымы қалыптасқан. Бұл орайда құқықтың бастаулары ретінде құқық нормалары көрініс беретін нысандар ұғынылады. Құықытық нормалар нормативтік құқықтық актілерде белгіленеді. Қақастан Республикасы Конституциясында құқық бастауларын анықтауға қатысты бірқатар ерекше белгілер бар. Біріншіден, Конституцияда құқық нысандары (бастаулары) аталады. «Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сай келетінзаңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттың және өзге де Республиканың міндеттемелерінің, сондай – ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады» (Қазақстан Республикасы Конституциясының 4 – бабының 1 – тармағы).
Көрсетілген Конституциялық қағида құқық бастауларын жалпылай сипаттайды. Конституцияда көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің нысандарының бәрі бірдей оның бастаулары болып табылмайды. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының негізгі қайнар көзі, тұтас алғанда, Конституция болып табылады. Мұндай жәйтті бөліп айтуымның себебі, ұлттық құқықты қалыптастырудың қайнар көзі ретінде тек Конституцияның құқықтық нормалары ғана емес, сондай – ақ оның басқа да элементтері: принциптері, жалаң қағидалары, міндеттері мен мақсаттары да қызмет етеді. Тарихи фактіні бұлайша сипаттаудың мемлекеттің тек көп ұлттық қана емес халықтық сипатын ұғыныуда да айрықша мәні бар. Ал бұл идея мемлекеттің барлық көп ұлтты мемлекеттің атынан қызмет етуді, ұлттық белгілері бойынша кемсітілуге және басқаларына жол бермеуді көздейді. Әрине, бұл идеялардың бәрі тиісті заңдардың қайнар көзі ретінде қызмет етуі тиіс. Қазақстанды әлеуметтік мемлекет ретінде тануда конституциялық идеяның бастаулық мәні қызметін атқарады. Бұл қағида Республика азаматтарын әлеуметтік жағынан қамтамасыз етуге арналған заңдардың негізгі қаунар көзі болуы тиіс. Қазақстан Республикасы Конституциясы жариялаған мемлекет қызметінің принциптері: қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың қажетіне орай экономикалық даму, қазақстандық патриотизм, мемлекет өмірінің мейлінше маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу қазақстандық құқықтың қайнар көзі қызметін атқарады.
Мемлекет және оның органдары қызметінің негізіне алынбастан бұрын, ол принциптер әр мемлекеттік органның ерекшеліктері ескеріле отырып, тиісті нормативтік құқықтық актілермен бекітілуі тиіс.
Конституцияның құқықтық нормалары сала ретінде конституциялық құқықтың тура және тікелей қайнар көзі болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының құқықтық нормалары қалайша құқықтық қайнар көзі ретінде сипатталады?
1. Қазақстан Республикасы Конституциясында бүкіл конституциялық заңдардың негізі болып табылатын құқықтық нормалар орнықтырылады. Басқаша айтқанда, Конституцияның құқықтық нормалары конституциялық – құқықтық қатынастарды реттейтін барлық нормативтік құқықтық актілерді қалыптастыру мен дамытуыдң негізі болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының құқықтық нормалары мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени салаларды қамтиды. Әрине, Конституцияның құқықтық нормалары аталған салаларды қоғамдық қатынастарды егжей – тегжейлі және жан – жақты реттемейді. Ол тек қоғамдық қатынастардың мәнді, басты бағыттарын ғана реттейді. Қазақстан Республикасы Конституциясының құқықтық нормалары құқықтың басқа салаларының құқықтық нормаларынан осынысымен ерекшеленеді.
3. Конституциялық құқықтың басқа бастауларымен салыстырғанда Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заңдық күші бар және Қазақстанның барлық аумағында қолданылады. Қазақстан Республикасында қабылданған заңдар және басқа нормативтік актілер Конституциядан бастау алуы және оған қайшы келмеуі тиіс. Егер олар Конституцияға қайшы келсе, онда олар заңсыз деп танылады және қолдануға жатпайды. Қазақстан Республикасының Конституциясында оның қағидаларының жоғары заңдық күшін қамтамасыз етудің кепілдігі белгіленген.
4. Қазақстан Республикасы Конституциясының тек конституциялық құқықтың ғана емес, сондай – ақ құқықтың басқа да салаларының бастауы ретіндегі мәні мынада, онда халықтың мемлекеттік еркі, олардың құқытық демократиялық мемлекет құру, дүниежүзілік қауымдастыққа оның тек құқылы мүшесі ретінде қосылу жөніндегі табандылығы тікелей көрініс тапқан.
5. Конституция құқықтың басқа бастауларынан, сондай – ақ тек мемлекеттің ғана емес, сонымен бірге тұтастай қоғамның да негізгі заңы екендігімен ерекшеленеді. Басқа нормативтік құқықтық актілер қоғам өмірінің жекелеген тараптарын камтиды. Ал, Қазақстан Республикасы Конституциясының идеялары, принциптері, құқықтық нормалары бүкіл қоғам өмірінің мейлінше мәнді бағыттарын реттейді: жекелеген адамды, азаматты, қоғамдық қыземттің барлық субъектілерін (бірлестіктерді, қозғалыстарды, өзін - өзі басқару органдарын және басқаларын) қамтиды.
6. Сондай – ақ, Конституция конституциялық құқықтың басқа бастауларынан өзгерістер мен толықтырулар қабылдаудың ерекше тәртібін белгілеуімен де ерекшеленеді. Мұндай тәртіп Конституцияның мемлекет пен қоғамның негізгі заңы ретіндегі және олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттігінен туындайтын мәнімен сипатталады.
7. Қазақстан Республикасы Конституциясының конституциялық құқықтық қайнар көзі ретіндегі тағы бір өзіндік қыры – онда оның басқа қайнарларының нысандары: конституциялық, жәй заңдары, Президенттің нормативтік жарлықтары мен қаулылары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, сондай – ақ заңдық күшінің деңгейі, қабылдау, жариялау, күшін жою тәртібі көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы конституциялық құқының мемлекеттік (республикалық) мәні бар құқытық нормаларды белгілейтін қайнар көзінің қатарына конституциялық заңдар жатады. «Конституциялық заңдар» атауы Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген. Қазақстанның конституциялық заңдарының өзіндік ерекшелігі – олар Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізбейді, тек Конституцияның құқытық нормаларын анықтайды. Қазақстан Республикасның конституциялық заңдарын қабылдаудағы іс жүргізу Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдаудағы іс жүргізуден осынысымен ерекшеленеді.
Жай заңдар да конституциялық құқытың қайнар көзі болып табылады. Жай заңдарды Қазақстан Республикасының Праламенті қабылдайды. Қазақстан Республикасының Конституциясында қаралған жағдайда жай заңдарды Президент те қабылдай алады. Қазақстанның конституциялық құқының қайнар көзіне азаматтық туралы, көші – қон туралы және басқа жай заңдар жатады.
Қазақстан Республикасы Мәжілісінің Регламенті, Сенатының Регламенті, Парламентінің Регламенті, Парламент Палаталары құрған үйлестіруші және көмекші органдар туралы ереже конституциялық құқық салаларының қайнар көзі болып табылады.
Қазақстан Республикасы конституциялық құқының қайнар көзіне Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтары да жатады. Президенттің нормативтік жарлықтары үш топқа:1) конституциялық заң күші бар жардықтарға, 2) жай заң күші бар жарлықтарға, 3) заңға сәйкес нормативтік жарлықтарға бөлінеді. Әрине, тәртіп бойынша, Президент өзінің заң шығармашылық қызметін заңға сәйкес нормативтік жарлықтар қабылдау жолымен жүзеге асырады. Парламент өзінің заң шығармашылық өкілеттігін Президентке берген жағдайда ол заңдық күші бар жарлықтар қабылдауға құқылы. Заңдық күші бар жарлықтардың заңдық күші Қазақстан Республикасы Парламенті қабылдаған заңдардың заңдық күшімен тең.
Респпубликада заң шығаратын орган жұсы сітемеген кезеңде Президент конституциялық – құқықтық нормалардан тұратын конституциялық және жай заңдық күші бар бірқатар жарлықтар қаюылдады. Олар әлі де күшінде және Қазақстан Республикасы конституциялық құқының қайнар көздері болып табылады. Олардың қатарына Президенттің Парламент және депутаттар туралы, референдум туралы, Президент туралы, Үкімет туралы, Конституциялық кеңес туралы және басқа жарлықтары жатады.
Президенттің нормативтік жарлықтарының бәрі бірдей конституциялық құқытық қайнар көзі болып табылмайды. Ондай жарлықтар – конституциялық – құқықтық нормалардан тұратын нормативтік жарлықтар.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілері конституциялық құқықтың, конституциялық – құқықтық нормалардан тұратын сала ретіндегі қайнар көзі болып табылады.
Қазақ КСР – ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның конституциялық құқықтық қайнар көзі ретіндегі мәні ерекше зор. Аталған декларация Кеңестер Одағы кезінде қабылданғанмен, ол кейін егемендіктің Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заңда, 1993 жылғы және 1995 жылғы Конституцияларда және басқа конституциялық актілерде бекітілген принциптерін жариялады.
Қазақстан Республикасы таныған халықаралық – құқықтық актілердің нормалары да конституциялық құқықтың қайнар көзіне жатады. Ол адам құқы, қоғамдық құрылымдар және басқалар туралы конституциялық мәні бар құқытық нормалардан тұруы мүмкін.
Саланың қайнар көзіне жергілікті өкілетті органдардың, сондай – ақ конституциялық – құқықтық нормалары (шешімдер, жарғылар, ережелер) бар жергілікті өзін - өзі басқару органдарының нормативтік – құқытық актілері де жатады. Олардың кеңістіктегі заңдық күші шектеулі және олар жергілікті сипатта болады.

1.2. Қазақстан Республикасы конституцисының принциптері және Қазақстанның Конституциялық дамуы.

Қоғамдық келісім принципі бірінші орында тұрады. Мұндай принципті нығайтудың қажеттігі мынада, әр түрлі объективтік және субъективтік факторларға байланысты қоғам әр түрлі қабаттарға, топтарға ұлттарға, тектерге, конфессияларға және басқаларына жатады.
Билік бөлу принциптерінің болатын себебі, ол мемлекеттік ұйымдастырылуын, оның тетіктерін белгілейді. Конституцияда бұл принципті тану алдыңғы қатарлы демократиялық мемлекеттердің тарихи тәжірибесін ескеруді, құқықтық мемлекет құруға бағыт ұстауды білдіреді.
Конституцияны Қазақстан халқы қабылдады. Сондықтан Конституцияда халықтың оның мәнін сипаттайтын екені білдірілген. Социализм кезінде де Конституция халықтың еркін білдіреді деп есептеледі. Осыған орай халық еңбекшілерден – жұмысшы табынан, шаруалар мен еңбекші интелегенциясынан тұратындығы атап көрсетіледі. Халықты бұлайша сипаттау кез – келген әлеуметтік құбылысқа, марксшіл – лениншіл ілімге тән таптық көзқарасқа негізделеді /9/.
Қазақстан халқы Конституцияны қабылдайтын бірден – бір субъект деп танудан оның құрылтайшылық сипаты туындайды. Қазақстан халқы елдегі мемлекеттік биліктің бірден – бір қайнар қөзі және егемендікті қолдаушы болып табылады. Сондықтан ол құрылтайшылық биліктің иесі нақ Конституция арқылы Қазақстан халқы мемлекетті құрды, оның басқару және құрылым нысандарын, әлеуметтік – экономикалық құрылыс негіздерін, адам мен азаматтың мәртебесін белгілейді. Тек халық, ал халық атынан тек Парламент қана мемлекеттің құрылым негіздеріне өзерту енгізе алады. Сонымен бірге Конституцияда мемлекеттіліктің мейлінше мәнді кезеңдері тұрақтылық, біртұтастық принциптері нығайтылған. Ол – мемлекеттік құрылымның біртұтас нысаны, басқарудың Президенттік нысаны және аумақтық тұтастық /10/.
Бір жағынан, мемлекеттің,екінші жағынан, қоғамның негізгі заңы ретінде колданылуы Конституцияның маңызды ерекшелігі болып табылады. Бұл халықтың мемлекеттік биліктің қайнар көзі және қоғамның әлеуметтік базасы ретінде мәртебесімен байланысты. Конституция мемлекетті оның барлық атрибуттарымен құрады.
Бірінші кезекте тұжырымдама әзірленеді және Конституция нормаларының мазмұны айқындалады. Сонымен бірге мәселе тек қайсыбір тұжырымдамамен шектелмейді, әсте, Конституцияның өзі көптеген бөліктерден тұратын актілерді білдіреді. Конституцияның жобасы Конституцияның тұжырымдамаларын жасауға жол ашады. Мемлекеттік құрылыс тұжырымдамасы, адам құқы тұжырымдамасы, меншік құқы тұжырымдамасы және басқалары осындай тұжырымдамалар болып табылады /11/.
Қазақстанда мемлекеттік сипаты тұжырымдамасын әзірлеген кезде, Қазақстанда мемлекет қазақ ұлтының ғана емес, бүкіл халықтың мүддесін білдіреді және мемлекеттік биліктің қайнар көзі халық болып табылады деп атап көрсетілгенмен басты назар бір ұлттылыққа аударылады.
Конституция тікелей қолданылады. Конституциялық құқық саласындағы белгілі маман Ю. А. Тихомиров «Конституцияның тікелей қолданылуы оның тікелей азаматтар, ұйымдар жүзеге асыратын құқық шығармашылық ықпалын, кемшіліктен сақтанушылықты, қоғамдағы өмір салты мен көңіл – күйге игі әсер ету, институттық қайта құрылуларды білдіреді» деп жазған.
«Конституция» сөзі негізінде латын тілінен шыққан «constituto» латын тілінен аударғанда «мекеме», «бекітілім» дегенді білдіреді. Мемлекеттің негізгі заңы ретінде конституция буржуазиялық мемлекеттердің өмірге келген соң пайда болды. Конституцияны түрлі негіздермен жіктеуге болады. Олар өзгерістер және түзетулер енгізу тәсілі бойынша қатаң және өзгермелі болып бөлінеді. Қатаң конституциялар референдум жолымен жаппай дауыс беру арқылы не арнаулы конституциялық іс – шаралар жолымен немесе Парламентпен қабылданады. Өзгермелі конституциялар қатардағы заңдарды қабылдау тәртібімен қабылданады және өзгеріледі /12/.
Формасы бойынша конституциялар жазылған немесе жазылмаған болуы мүмкін. Жазылғандар біріңғай нормативтік құқықтық акт түрінде болады. Жазылмағандар – конституциялық сипаттағы бірқатар жүйеленбеген актілер, соттық прецеденттер, құқықтық әдет – ғұрыптар, т.б.
Конституция өзіндік заңдық ерекшеліктерге: жоғарғы заң күшіне, тікелей әрекет етуге, құрылтайшылық сипатқа, түзетулер қабылдау мен енгізудің тәртібіне ие /13/.
Конституция – құрылтайшылық сипаттағы нормативтік құқықтық акт. Қазақстан Республикасының Коституциясы бүкілхалықтық дауыс беру жолымен қабылданады, демек конституция нормаларында халықтың ерік – жігері жүзеге асырылады және Конституция қоғамда пайда болатын күрделі қатынастарды реттейді, ол барлық салаларды қамтиды: саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани.
Қазақстан Республикасының Конституциясы елдегі нормативтік құқықтық актілер жүйесін бастай отырып, ең жоғарғы заң күшіне ие. Конституция нормаларының үстемдігі не бір немесе нормативтік акт Конституция нормаларына қайшы келмеуге тиістігімен сипатталады. Конституция нормаларына қайшы келетін заңды немесе басқа нормативтік актілер заңдылықтарымен белгіленген тәртіппен алынып тасталады.
Конституция нормаларының тікелей қолданылуы оның нормалары қоғамдық қатынастарда реттеген кезде міндетті түрде әрекет етеді дегенді білдіреді. Конституция қолданыстағы нормативтік акт болып табылады, оның нормалары Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады. ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык Қазақстан Республикасы Конституциясының жалпы сипаттамасы жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Кукык курстық жұмыстар, Қазақстан Республикасы Конституциясының жалпы сипаттамасы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]