Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюталық операциялары
Мазмұны
Кіріспе ....................................................................................................................2
1. Қазақстан Республикасындағы валюталық қадағалау мен реттеу және жүргізілетін операциялар .....................................................................................4
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюталық операциялары мен реттеу шаралары .................................................................................................12
3. Валюталық реттеуге қажетті операцияларды жүргізетін маманданған ұйымдар және олардың міндеттері ...................................................................19
Қорытынды .........................................................................................................24
Қолданылған әдебиеттер ...................................................................................26
1. Қазақстан Республикасындағы валюталық қадағалау мен реттеу және жүргізілетін операциялар
Нарыққа өту кезеңiнде қазақстан егемендi ел ретiнде өзiнiң саяси дамуы кезеңiнде валюталық саясат жүргiзуi керек. Қазақстанның алдында шетелдермен дербес валюта қатынастарын құрумен қатар халық шаруашылығын қайта құру оны нарық рельстерiне түсiру мәселелерiн бiрге шешу мiндеттерi тұрады.
Қазақстан 1992 жылдың шiлдесiнде ХВК-ға мүше болып кiргеннен бастап өзiнiң валюта қатынастарын Ямаика валюта жүйесiнiң құрылымдық қағидаларымен қордың жарғысына сәйкес қалыптастыруда. Валюта қатыныастарын ұйымдастырушы үшiн 1993 жылдың 14 сәуiрiнде “Валюталық реттеу туралы ” алғашқы заң қабылданды. Ол кезде Қазақстан сол аймағында болғандықтан шетелдермен жеке валюталық байланыстар жоқтың қасында болатын. Қабылданған заң бойынша ырқына жiберу деңгейiне сәйкес келiп кейбiр жағдайларға байланысты дамып келе жатқан валюта қатынастарына тiптi қарама – қайшы сипатта болды. 1996 жылы 24 желтоқсанда Қазақстанда “Валюталық реттеу туралы” жаңадан заң қабылданды. / 2/
Жоғарыда аталған заңға қоса, “ Қазақстан Республикасының ақша жүйесi туралы ” 1993 жылдың 13 желтоқсандағы заң; “ Қазақстан Республикасының ұлттық банкi туралы ” 1995 жылдың 30 наурыздағы заң; “ асыл тастар және қымбат бағалы метелдармен байланысты қатынастарды мемлекеттiк реттеу туралы ” 1995 жылдың 20 шiлдедегi заң; сонымен қатар ҚР Президентiнiң Жарлықтары үкiмет қаулылары мен ұлттық банк басқалырымен нормативтiк активтiлерi. / 3 /
Қазақстан заңдары бойынша валюталық обьектiсi болып шетел валютасы, шетел валютасындағы бағалы қағаздар, валюталық құндылықтарды, аффинирленген алтын мен басқа металдарды республикаға әкелу , алып кету және жiберу тәртiбiн белгiлеу болып есептелiнедi .
Валюталық қатынастардың субектiлерi болып “резиденттер” және “езидент еместер ” саналады. Резидентке жататындар:
• Қ.Р. тұратын жеке кәсiпкерлер, оның iшiнде уақытша шетелдерде мемлекеттiк қызметте жүргендер;
• Қ . Р – ның заңдары бойынша құралған заңды тұлғалар , сондай-ақ олардың Қазақстан территориясындағы филиалдары және қан тыс жердегi өкiлеттерi.
• Қ.Р-нан тыс жерлердегi дипломатиялық, сауда және басқа ресми өкiлдiктер, сондай-ақ шаруашылықнесиесi коммерциялық iспен шұғылданбайтын өкiлдiктер.
Қ.Р-дағы “резидент еместерге” жоғарыда республика резиденттерi түсiнiгiнде көрсетiлген заңды және жеке тұлғалар жатады .
Қазақстан валюталық бақылауды валюталық бақылау органдары және олардың агенттерi жүргiзедi. Валюталық бақылау органдары болып заң бойынша валюталық бақылау қыметiн жүргiзетiн ұйымдар, валюталық операциялар жүргiзетiн өкiлеттi банктер жүргiзедi. /4, 312 б./
Валюталық бақылау негiзiнен мына бақылауда жүргiзiледi:
• Жүргiзiлетiн валюталық операциялардың заңға сәйкестiгiн анықтау жiне оған қажеттi лицензиялар мен рұқсаттың болуы .
• Резиденттердiң мемлекет алдындағы шетел валютасымен мiндеттемелерiн орындауын тексеру; сондай-ақ Қ.Р-сы валюта нарығында шетел валютасын сату мiндеттемелерiнiң орындалуын тексеру; шетел валютасымен жүргiзiлген төлемдердiң фиелдiгi, валюта операциялары бойынша есеп пен есептесудiң толықтығы және обьективтiлiгiн тексерiп сонымен бiрге резиденттер еместердiң теңгелермен жүргiзген операциялары бойынша бақылау жүргiзiледi.
Сөйтiп, валюта қатынастары халықаралық экономикалық, саяси және мәдени қатынастарға қызмет етiп, ол мемлекттiң төлем балансында төлем табады.
Қазақстанда валюталық бақылауды валюталық бақылау органдары және олардың агенттерi жүргiзедi. Валюталық бақылау органдары болып заң бойынша валюталық бақылау қыметiн жүргiзетiн ұйымдар, валюталық операциялар жүргiзетiн өкiлеттi банктер жүргiзедi.
«Қазақстан Республикасының валюталық реттеу туралы» Заңына сәйкес “валюталық операцияларға” төмендегiдей түсiнiк берiлген: /2/
1) меншiк құқығының және өзге де құқықтардың валюталық құндылықтарға ауысуына байланысты операциялар соның iшiнде төлем құралы ретiнде шетел валютасындағы өзге төлем құралдарын пайдаланумен байланысты мәлiмелер;
2) валюталық құндылықтарды кезкелген тәсiлмен Қазақстан Республикасына әкелу және жөнелту, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету және жөңелту мәмілелері;
3) ұлттық валютаға, сондай-ақ номиналы мен құны ұлттық валютада көрсетілген бағалы қағаздар мен төлем құралдарына меншік құқығы мен басқа құқықтардың ауысуына байланысты резиденттер мен резидент еместердің арасындағы операциялар.
Мұндағы валюталық құндылықтарға мыналар жатады:
1. Шетел валютасы;
2. Номиналы шетел валютасында көрсетiлген бағалы қағаздар мен төлем құралдары;
3. Тазартылған құйма алтын;
4. Ұлттық валюта, резиденттер мен бейрезидентттер арасында олармен операциялар жасалған жағдайда құны ұлттық валютамен көрсетiлген бағалы қағаздар және төлем құжаттары.
Кейбiр экономикалық әдебиеттерде валюталық құндылықтар қатарына бағалы металдар (алтыннан басқа да) мен табиғи асыл тастарды (алмаз, рубин, изумруд, сапфир, александрид, және жемчуг) жатқызады.
Iс жүзінде валюталық операциялар ағымдық операциялар және капитал қозғалысымен байланысты болып бөлiнедi.
1. Ағымдық операцияларға жататындар:
• тауарлар жұмыстар және қызметтер үшiн төлемнiң не аванс төлемiнiң мерзiмiн 180 күннен аспайтын мерзiмге ұзартуды көздейтiн экспорт импорт ммлелерi бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;
• 180 күнен аспайтын несиелер беру жәе алу;
• салымдар (депозиттер), инвестициялар, заем және өзге де операциялар бойынша девидендтердi, сыйақыларды және өзге де табыстарды алу және аудару;
• гранттарды қоса алғанда, сауда сипатына жатпайтын аударымдар, мұрагерлiк сомманы, жалаөыны, зейнетақыны, элименттердi және басқа соммаларды аудару;
• осы заңмен капитал қозғалысына байланысты операцияларға жатпайтын барлық өзге де валюталық операциялар. /4, 323 б./
2. Капитал қозғалысына байланысты операцияларға жататындар:
• инвестицияларды жүзеге асыру;
• интеллектуалдық меншiк объектiлерiне ерекше құқықты толық берудi көздейтiн мәмiлелер бойныша есеп айырысуларды жүргiзуге арналған аударымдар;
• мүлiктiк құқыққа және өзге де жыложымайтын мүлiк құқығына төлеуге аударымдар;
• тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшiн төлемiнiң не аванс төлемiнiң мерзiмiн 180 күннен асатын мерзiмге ұзартуды көздейтiн экспорт- импорт мәмiлелерi бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;
• 180 күннен асатын несиелер беру жәе алу;
• өздерi тiркелген мемлекеттрдiң заңдары бойынша банк операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар шетел банктерiне және өзге де қаржылық ұйымдарда салымдарды жүзеге асыру;
• зейнетақы активтерiн жинақтауға байланысты мәмiмелер бойынша халықаралық аударымдар,
• жинақтау сипатындағы сақтандыру жәе қайта сақтандыру шарттары бойынша халықаралық аударымдар.
Валюталық операцияларды бiздiң елiмiзде шетел валютасымен банктiк операциялар жүргiзуде ҚР Ұлттық банкiнен алған лицензиясы бар өкiлеттi банктер ғана орындай алады. Сонымен қатар, ҚР Ұлттық банк валюталық реттеудi және валюталық бақылауды жүргiзедi.
Банктрдiң жүзеге асыратын валюталық операциялардың өзiндiк белгiлерiне байланысты жiктеледi:
1 Клиенттердiң шоттарын ашу және жүргiзуге байланысты:
• заңды және жеке тұлғаларға (резиденттер мен бейрезиденттерге) валюталық шот ашу;
• шоттардағы қалдық бойынша пайыз төлеу;
• овердрафт (банктiң жетекшiлерiнiң шешiмiмен ерекше клиенттерге) несиелерiн беру;
• операция жасауларына қарай шоттың көшiрмелерiн беру;
• кез келген аралық уақытта шот архивтерiн рәсiмдеу;
• клиенттердiң тапсырмалары бойынша операияларды орындау (клиенттер есебiне шетел валютасын сатып ал және сату);
• экспорттық- импорттық операцияларға бақылау жасау.
2. Сауда емес операциялар ( клиенттерге тауарлар мен қызметтер экспортты мен импортты және капитал қозғалысы бойынша қызмет көрсету үшiн есеп айырысуға байланыссыз операциялар) сипатына қарай:
• қолма–қол шетел валютасын және шетел валютасындағы төлем құжаттарын сату және сатып алу;
• шетел валютасын жәе шетел валютасындағы төлем құжаттарын инкассациялау;
• шетел банктерiнiң жол чектерiн сатып алу ( төлеу);
• ақшалай аккредитивтердi төлеу. /4, 326 б/
3.Шетел банктерiмен корреспонденттiк қатынас орнатуға қарай:
• НОСТРО шотын (бiздiң шотымыз сiзде) ашу және оны жүргiзу, яғни корреспоненттiк банкке коммерциялық банктiң атына ағымдық шот ашумн байланысты операциялар;
• ЛОРО шоты (сiздiң шотыңыз бiзде) коммерциялық банкте корреспондент- банктiң атына ағымық шот ашу және оны жүргiзу операциялары.
4.Конверсиондық операциялар сипатына қарай:
СПОТ мәмiлесi – бiр валютаға қарсы екiншi валютаны сатып алу және сатуға байланысты мәмiлелер жасалған күннен кейiнгi банктiң екiншi күнiндегi валюталау күнi жүргiзiлген операциялар.
ФОРВАРД (мерзiмдi, аутрайт) мәмiлесi бр валютаға қарсы екiншi валютаны сатып алуға және сатуға байланысты мәмiле жасалған күннен кейiнгi 2 банктiк жұмыс күнiндегi валюталар күнi жүргiзiлген операциялар. Форвард операциясы (мерзiмдi мәмiле) – келiсiлген бағам бойынша белгiленген күнi бiр валютаны сатып алуға байланысты басқа валютаға айырбастау үшiн жасалған контакт. Форварт операциясы өз кезегiнде мынадай түрге бөлiнедi:
• Аурайтпен жасалған мәмiле – белгiлi бiр күнге валютамен жабдықтау шартын бiлдiредi;
• Опционмен жасалатын мәмiле – валютамен жабдықтаудың күнi белгiленбеген шартын сипаттайды;
СВОП мәмiлесi - бр валютаға қарсы екiншi валютаны сатып алу сатуға байланысты осы валютаны болашақта қайта сатып алу және сатуға сәйкес, яғни екi қарама-қарсы оперциялардан тұратын банктiк мәмiле.
Конверсиондық (айырбас) операциялар – сол елдiң қолма – қол және қолма қолсыз ұлттық валюталарына қарсы қолма- қол және қолма- қолсыз шетел валюталарын сатып алу және сату мәмiлелерi.
Конверсиондық операцияларды банктiң валюталық позициясын есепке алмай жүргiзуге болмайды. Валюталық позиция – тиiстi валюталарда активтер пассивтердi қалыптастыратын ( аяқталмаған операциялар бойынша баланстан тыс талаптар мен мiндеттемелердi есек алғандағы), шетел валютасындағы қаражат қалдықтары.
Валюталық позицияның мынадай түрлерi бар:
• Ашық валюталық позиция – шетел валюталарындағы қаражаттарды алу талаптарымен беру мiндеттемелерiн көрсететiн, сандық жағынан активтер мен пассивтердiң сәйкессiздiгiн қалыптастыратын шетел валюталарындағы қаражат қалдықтарының айырмасн бiлдiредi.
• Қысқа ашық валюталық позиция – жекелеген шетел валютасына байланысты пассивi мен баланстан тыс мiндеттемелерi активi мен баланстан тыс талаптарынан сандық жағына асатын ашық валюталық позиция.
• Ұзын ашық валюталық позиция – активi мен баланстан тыс талаптарынан осы валютадағы пассивi мен баланстан тыс мiндеттемелердiң сандық жағынан асатын ашық валюталық позиция.
• Жабық валюталық позиция – жекелеген шетел валютасына байланысты активтер мен пассивтердiң (аяқталмаған опрациялар бойынша баланстан ......
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Валюталық реттеу | Қазақстан Республикасындағы валюталық қадағалау
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы валюталық қадағалау
» Курстық жұмыс: Экономика | Шетел валютасындағы операциялар
» Курстық жұмыс: Экономика | Банктердегі валюталық шоттардағы ақша қаражаттары, есебі
» Курстық жұмыс: Банк ісі | Ұлттық банк, оның мақсаттары, міндеттері мен қызметтері
» Курстық жұмыс: Валюталық реттеу | Қазақстан Республикасындағы валюталық қадағалау
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы валюталық қадағалау
» Курстық жұмыс: Экономика | Шетел валютасындағы операциялар
» Курстық жұмыс: Экономика | Банктердегі валюталық шоттардағы ақша қаражаттары, есебі
» Курстық жұмыс: Банк ісі | Ұлттық банк, оның мақсаттары, міндеттері мен қызметтері
Іздеп көріңіз: