Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар рыногының қалыптасуы және дамуы
Мазмұны
КIРIСПЕ ..........................……….............................................................................3
I БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ҚАРЖЫ РЫНОГЫНЫҢ ҚҰРАМДАС БӨЛIГI ........5
1.1 Бағалы қағаздар және оның түрлерi ................................................................5
1.2 Бағалы қағаздардар рыногы, қызметтерi және маңызы және қор биржалары ........................................................................................…............9
II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР РЫНОГЫНЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРI …………........……………………….15
2.1 Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар рыногының қалыптасуы және даму болашағы ………...........................................................................…15
2.2 KASE қор биржасы …….......................................………………….……….22
2.3 Қазақстан Республикасында ипотекалық облигациялардың маңызы .......26
ҚОРЫТЫНДЫ ..………........................................................................................30
1.1 Бағалы қағаздар және оның түрлерi
Қ.Р.-ның “Азаматтық кодексiнiң” 1-шi бөлiмiнде 129 - бапта бағалы қағаздарға құқықтық анықтама берiледi. Ол келесiдей:
Белгiленген нысан мен мiндеттi реквизиттердi сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкiн болатын мүлiктiк құқықтарды куәландыратын құжат бағалы қағаз болып табылады.
Бағалы қағаздар туралы көптеген теориялардың өз көзқарастары бар. Мысалы: бағалы қағаздар ұғымы туралы «Жалпы экономикалық теория кiтабында бағалы қағздар өз иеленушiсiнiң меншiк құқығын куәландыратын құжат. Бұл капитал не қарыз және процент немесе дивиденд түрiнде болуы мүмкiн.
Камаев В.Д. бағалы қағздарды қаржылық құжатпен байланыстырады. Ол қандай түрде болмасын өз иеленушiсiне меншiктiк құқық беретiн документ ретiнде қарайды.
Клешев Н.Т. және Федулов А.А. бағалы қағаздарға азаматтық құқық ретiнде үш түрде қарайды:
- айналымдылық
- өтiмдiлiк
- тәуекелдiк
Бағалы қағаздар құқық берушi ретiндегi түрлерi Кесте 1
Тиiстi бағалы қағаздар
Жер
- ипотекалық облигация, жердi жекешелендiру чегi
Жылжымайтын мүлiк. - акция, ипотека, жекешелендiру чегi, тұрғын үй сертификаты;
Өнiм - коносамент, қойма куәлiгiнiң айналысы, товарлық фьючерстiк контракт айналымы, товарлық опцион
Ақша - облигация, нота, вексель, депозиттiк сертификат, банкiлiк акцепт
Сонымен бағалы қағаздар дегенiмiз мүлiктiк құқықты немесе эмитентке байланысты құжат иесiнiң қарыз қатынасын куәландыратын ақшалы құжат (акция, облигация немесе опцион). Ол жеке құжат түрiнде және шоттағы жазу түрiнде болады.
Ресурстардың әр түрiнiң өздерiне тиiстi бағалы қағаздары бар, өз кезегiнде, меншiк түрi бола алатын, сату және сатып алу және кепiлдiк берушi.
Бағалы қағаздардың өзiне ресурстар ретiнде қарауға болады, яғни өзi тұрақты өмiр сүре алады, өз қор рыногы бар.
Бағалы қағаздар ресурстарға құқықты келесi қызметтер арқылы бередi:
- айналымдылық;
- азаматтық айналымға қол жеткiзу;
- стандартты;
- құжаттылық;
- мемлекеттi реттеушi;
- нарықтылық;
- өтiмдiлiк;
- тәуекелдiк;
Айналымдық – нарықта бағалы қағаздарды сатуға және сатып алуға болады. Стандартты құқық, қатысушылардың мерзiм уақытын белгiлеуi, сауда орны, көрсетiлген құқықтар арқылы есеп айырысу шаралары.
1. Бағалы қағаздар тек қана сату және сатып алу емес, азаматтық қатынастың объектiсi бола отырып, әр түрлi мәмiле бола алады (қарыз, сыйақы, сақтаушы, тексерушi, жүктеушi).
2. БҚ-дар стандартты мазмұнда болуға мiндеттi (стандартты құқық, мерзiмнiң белгiленуi, сауда орны, көрсетiлген құқықтар арқылы есеп және басқа да шарттар).
3. БҚ-дар стандартты мазмұнда болуға мiндеттi бұл құжат. Ол қағаздық сертификат немесе қолма-қол түрдегi формада болады. Құжаттылық БҚ-дар аталуына материалды негiз болған.
4. БҚ-дар бiрден-бiр мемлекеттiң қор нарығын реттейтiн және оны қадағалап отыратын құрылым.
5. БҚ-дар ерекше тауар ретiнде өз нарығы, яғни бағалы қағаздар нарығы бар.
6. Өтiмдiлiк – БҚ-дың немесе басқа активтердiң қолма-қол ақшаға айырбасталуы. Жоғары өтiмдiлiк компанияның немесе инвесторлардың жұмысына үлкен икемдiлiк бередi.
7. Тәуекелдiк – күрделi қаржы салымының қайтарылым деңгейiнiң өзгермелiлiгi. Егер тұрақсыздық деңгейi жоғары болса, соғұрлым тәуекелдiлiкте жоғары болады.
Неғұрлым табыстылық жоғары болса, соғұрлым тәуекелдiлiк жоғары болады.
БҚ-дар – белгiленген нысан мен мiндеттi реквизиттердi орындау мен меншiк құқығын ұсынатын, мүмкiндiк беретiн құжат. БҚ-дарды айналымға шығару эмиссия деп аталады, ал акцияны шығарған заңды тұлға – эмитент. БҚ-ды бiрнеше рет шығаруды: бiрiншi реттi эмиссия, ал қор нарығы – бiрiншi реттi нарық, БҚ-ды қайтадан шығару – екiншi реттi эмиссия және сәйкесiнше екiншi реттi нарық болып аталады. БҚ-ды сатып алған тұлғалар инвесторлар (салымшылар, иеленушiлер, акционерлер, БҚ-ды ұстаушы) болады.
БҚ-дар атаулы, ордерлi және ұсынушыға деп бөлiнедi. Бiрақ бұл жағдайда, атаулы БҚ иесi, сол қағазда көрсетiлген тұлға, ұсынушыға БҚ-дың иесi – БҚ-ды ұстаушы тұлға, ордерлi БҚ-дар куәландыратын құқық, онда аталған тұлғаның басқа тұлғаға өткiзу жазбасы (индосамент) болады.
БҚ-дар функционалды мақсатына қарай үлестi (капиталды) және қарыздық болып бөлiнедi. Үлестi БҚ-ға акциялардың барлық түрлерi жатады. Олар акционерлiк қоғам мүлкiне салымы туралы куәландырады және дивиденд түрiндегi табыстың бiр бөлiгiне және акционерлiк қоғамды басқаруға қатысуға құқық бередi.
Қарыздық БҚ-дар заимның қатыстығын куәландырады. Белгiлi бiр мерзiм бiткеннен кейiн қарыз алушы номиналдық құны мен ол бойынша пайызды iшiне кiргiзетiн, қарыздық БҚ-да көрсетiлген соманы қайтаруға тиiс. Қарыздық БҚ-дар капиталдық және мүлiктiк – есептiк болып бөлiнедi. Қарызды капиталды БҚ капиталды қалыптастыруда қалыптасады. Оларға облигациялар және банктiк сертификаттар жатады.
Қазiргi әлемдiк практикада бағалы қағаздар негiзгi екi iрi класқа бөлiнедi:
• Негiзгi бағалы қағаздар;
• Туынды бағалы қағаздар;
Негiзгi бағалы қағаздар бұл қандай актив болмасын, құқықтық жағдайлармен қамтамасыз етiлген, не товар, ақша, капитал, мүлiк немесе әр түрлi ресурстар. Негiзгi бағалы қағаздар екi топқа бөлiнедi: бастапқы және қайталама бағалы қағаздар. Бастапқы БҚ активтiк негiзде, бұған мысалы, акциялар, облигациялар, вексельдер және т.б. БҚ жатады.
Қайталама бағалы қағаздар – бұл басқа қағаздар арқылы өзiнiң құның анықтайтын БҚ-дар. Мәселен, опцион туынды бағалы қағаз болып саналады, себебi ол өз құнын өзi арқылы сатып алынатын бағалы қағаздардан алады. Бағалы қағаздар классификациясын тереңiрек түсiну үшiн төмендегi кестенi көрейiк.
Бағалы қағаздардың негiзгi қызметтерi олардың екiншi нарықта белсендi түрде айналысқа түсетiн қарыз мiндеттемесi ретiнде көрiнедi. Б.Қ-дың көбi арнаулы тiркеуден өтедi. Тiркеу инвесторларға БҚ туралы дәл және маңызды мағұлмат алуға көмектеседi. Сол арқылы инвестор (салым иесi) өз инвестициясының сапасын дәл анықтауына мүмкiндiк алады.
БҚ-дар бiрнеше түрлi болып жiктеледi: бiрiншiден түсiретiн кiрiсiне, екiншiден эмитенттiң сипатына, үшiншiден айналым мезгiлi мен айналым жерiне байланысты.
1. Кiрiс төлеу жөнiнен қарызды және үлестi болып бөлiнедi. Қарызды бағалы қағаздар бойынша кiрiс нақты процентпен төленiп, ал қарыздың күрделi негiзгi бөлiгiн келешекте белгiленген уақытта өтеу көзделедi үлестi БҚ-дар, немесе оны акция деп атайды. Акция оны иемденушiнiң корпорацияның мүлiгiндегi үлесiн көрсетедi және иемденушiге шектеусiз уақыт бойы дивиденд түрiнде кiрiс түсiредi. Ал БҚ-дың басқа түрлерi қарызды және үлестi түрлерiнен туындайды.
2. БҚ-дар шығарушысы (эмитентi) жөнiнен де жiктеледi. Олардың эмитенттерi мемлекет, жергiлiктi әкiмшiлiк, корпорациялар, қаржы институттары және т.б. заңды тұлғалар болуы мүмкiн.
Бағалы қағаздардың жiктелуi Кесте 1
Классификациялық белгiлерi. Бағалы қағаз түрлерi.
• Өмiр сүру мерзiмi.
• Шығарылуы бойынша.
• Өмiр сүру нысаны.
• Ұлттық құрамына байланысты.
• Қолдану түрi.
• Иелену тәртiбi.
• Шығару нысаны.
• Айналымдығы бойынша.
• Тәуекелдiлiк деңгейi
• Пайданың болуы
• Қаржы жұмсалым нысаны.
• Экономикалық маңызы. • Мерзiмдi; Мерзiмсiз.
• Негiзгi; Туынды
• қағаз немесе документтiк
• Отандық; Шетелдiк.
• Инвестициялық; инвестициялық емес.
• Атаулы; ұсынбалы.
• Эмиссиялық; эмиссиялық емес.
• Нарытық немесе еркiн айналымдылық, нарықтық емес.
• Тәуекелдiлiксiз және аз тәуекелдiлiк
• Табысты; табыссыз.
• Қарызды; иеленушi үлесi.
• Акция, облигация, вексель және т.б.
3. БҚ-дар қай жерде сатылады деген сұрақ бойынша да жiктеледi. Сатылу
жерiне байланысты ақша нарығындағы және капитал нарығындағы болып бөлiнедi.
Ақша нарығы қаржы нарығның бiр бөлiгi, онда қысқа мерзiмдi БҚ сатылып және сатып алынады. Оның айналу мерзiмi 1 күннен 1 жыл аралығына
созылады. Бұл нарыққа қазыналық вексельдер, депозиттiк сертификаттар және басқа коммерциялық қағаздар сатуға түседi.
Олар үлестi де, қарызды да болуы мүмкiн. Олардың эмитенттерi де әр түрлi: мемлекет, жергiлiктi әкiмшiлiк, корпорациялар, қаржы институттары және т.б.
1.2 Бағалы қағаздардар рыногы, қызметтерi және маңызы
Ең алдымен бағалы қағаздар нарығына (БҚН) түсiнiк берiп кетейiн.
Көптеген экономистер БҚН - на инвесторларға байланысты көзқараста. Мысалы Тарканов В.С. БҚН – бұл нарық капиталының қарыз бөлiгi, яғни БҚ-ды сатып алу және сату жүзеге асырылатын және эмитент пен инвесторлардың арасындағы қаржы айналымы.
БҚН-да сатып алушылыр мен сатушылар басты ойнаушы болып табылады. БҚ-ды сатып алушылар – бұл еркiн ақша қаржылары бар және оны үлестiруде олардың максималды кiрiс әкелуiн қалайды.
Қ.Р.-ның БҚ-дар туралы заңында БҚ-дар рыногының субъектiлерi: инвесторлар және эмитенттер деп берiлген.
БҚН басқа нарықтардан өзiнiң айрықша тауарымен өзгешеленедi. Ол өзгеше тауар – БҚ-дар. Олар бiрiншiден, меншiк белгiсi, екiншiден, қарыз мiндеттемесi, яғни олар арқылы табыс алу құқы және табыс төлеу мiндеттемесi пайда болады. Бұл тауардың өз құны аз болсада, өте жоғары нарық бағасымен сатуға болады. Егер БҚ-ға нарықтық сұраныс оның ұсынысынан жоғары болса, онда оның бағасы көрсетiлген құнынан (номиналынан) жоғары болады. Бұндай нарықтық бағаның ауытқуы, БҚ-дың «жалған капитал» екенiн көрсетедi.
Жалған капитал – нақты капиталдың қағаз белгiсi, яғни өндiрiстiк капиталдың оқшауланып шыққан бiр бөлiгi.
БҚ-дар ақша капиталының немесе басқа материалды құндылықтардың орнына жүретiн «символы» болғандықтан оны «қордың құндылықтары» деп те атайды. Сонымен қатар, БҚ-дар «қордың инструментi немесе құралы» болып та есептеледi. Себебi тек сол құралды пайдаланып, нақты құндылықтарға қол жеткiзуге немесе сол құндылықтар бiр субъектiден екiншiге ауысуына болады. Сонымен БҚН капитал нарығының, яғни ақша және басқа материалдық құндылықтардың нақты қызметiн көрсетедi. БҚН нарықтық экономикада күтпеген кездейсоқ болатын процестердi реттеушi. Бұл алдымен капиталды инвестициялау процесiне қатысты. Капиталды инвестициялау деген оның капиталға мұқтаж өндiрiс салаларына құйылуы, ал артық болған жағдайда сол саладан қайта алынады. Мысалы: кейбiр тауарларға немесе қызмет түрлерiне сұраныс өссе, онда соған сәйкес бағасы да өседi. Демек, оларды өндiруден пайда да өседi, сондықтан басқа салалардың өнiмдерiне сұраныс азайып, олардың экономикалық тиiмдiлiгi кемiп, ондағы капитал өнiмiне сұраныс өсiп тұрған салаларға құйылады. БҚ осы механизмнiң қызметiн қамтамасыз ететiн құрал. Олар уақытша бос капиталды сату – сатып алу арқылы тиiмдi өндiрiске бағыттап отырады.
Кәсiпорынның қосымша капиталға мұқтаждығы көптеген жағдайларға байланысты. Олардың бастылары – негiзгi қорды құру және ескi қорларды жаңарту.
Экономикасы дамыған мемлекеттерде БҚ-дар көмегiмен қосымша капитал алу неғұрлым жеңiл. 1,5-2 ай iшiнде эмитент өзiне қажеттi капиталды жинап, оны басқару құқығына ие болады. Сонымен БҚН – экономикалық өрлеудi қаржыландыратын ең оңай жiне ең қолайлы қаржы көзi.
БҚ-дар нарығының қызметi.
Ол жалпы нарықтық қызмет және айрықша қызмет, яғни оны басқа нарықтардан өзгеше көрсететiн қызмет.
Жалпы нарықтық қызметi:
• Коммерциялық функция, яғни осы нарықта пайда табу.
• Баға қызметiн, нарықтық бағаны және оның үздiксiз қозғалысын қамтамасыз етедi.
• Ақпараттық қызмет, нарық өзiнiң қатысушыларын ақпаратпен қамтамасыз етедi.
• Реттеушi қызмет, нарықтық құқықтар белгiлейдi, яғни саудада және оған қатысушылар арасындағы дауларды реттейдi.
Айрықша қызметiне:
• қайта бөлу, тарату функциясы.
• Баға және қаржы тәуекелдiлiгiн сақтандыру қызметi.
Қайта бөлу және тарату қызметi үш түрге бөлiнедi:
• Нарықтық қызметте ақша қаржыларын салалары бойынша қайта бөлу.
• Жинақ ақшаны ауыстыру, барлық халыққа өндiрiстiк немесе өндiрiстiк емес формасында.
• Инфляциялық емес негiзде республикалық бюджеттiң тапшылығын қаржыландыру.
Қаржы және баға тәуекелдiлiгiн сақтандыру қызметi немесе хеджерлеу. Бұған туынды бағалы қағаздар фьючерстiк және опциондық контрактiлер жатады. Бұл қызмет пайданы немесе бағаны сақтандыру үшiн жасалынған мерзiмдiк мәмiле.
Қоғамдық өндiрiс нарық жүйесiнде дамиды: оларға тауар және қызмет көрсету нарығы, жұмыс күшi, несиелiк капитал, шикiзат және Бағалы қағаздар рыногы жатады. Осы жүйелер iшiнде бағалы қағаздар рыногы басты рольде ойнайды.
Бағалы қағаздар рыногының құрамды бөлiктерiне келесiлер жатады:
• Алғашқы және екiншi нарық;
• Ұйымдасқан және ұйымдаспаан нарық;
• Биржалық және биржадан тыс нарық;
• Дәстүрлi және кампьютерленген;
• Кассалық және мерзiмдi нарық;
Алғашқы нарық – БҚ-дың жаңа шығарылымы сатылатын нарық. Алғашқы нарықтан акция және облигация сатып алушы инвесторлар, әдетте сыйақы төлемейдi, себебi эмиссияны сатуға кеткен сыйақы жаңа шығарылған БҚ-дың құнына кiрiп, оны эмитент ......
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Экономика | Бағалы қағаздар нарығындағы мемлекеттің қызметі
» Реферат: Экономика | Бағалы қағаздар туралы жалпы түсінік
» Реферат: Экономика | Бағалы қағаздар рыногы
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Бөлім Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар бойынша әдебиеттерге қабылданған заңдар мен актілерге шолу
» Реферат: Экономика | Қор биржасы және оның қызметі
» Курстық жұмыс: Экономика | Бағалы қағаздар нарығындағы мемлекеттің қызметі
» Реферат: Экономика | Бағалы қағаздар туралы жалпы түсінік
» Реферат: Экономика | Бағалы қағаздар рыногы
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Бөлім Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар бойынша әдебиеттерге қабылданған заңдар мен актілерге шолу
» Реферат: Экономика | Қор биржасы және оның қызметі
Іздеп көріңіз: