Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасында екі деңгейлі банк жүйесін құру

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасында екі деңгейлі банк жүйесін құру

Мазмұны

Кіріспе ...................................... ...................................... ...................................... 1-2


1. Тарау. Банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы....................................... 3-10
1.1. Банк және банк жүйесіне сипаттама................................................. 3-5
1.2. Қазақстандағы банк жүйесінің қалыптасу
кезеңдері мен дамуы .................................... ....................................... 6-10

2. Тарау. Қазақстан Республикасында екі деңгейлі банк жүйесін құру ....11-17
2.1. ҚР Ұлттық банкі – ҚР Орталық банкі ............................................... 11-14
2.2. Екінші деңгейдегі банктер .................................... .............................15-17

3. Тарау. Банк қызметi және оны реттеу ...................... ..................................18-23
3.1. Банк операциялары .................................... ...........................................18-21
3.2. Банктердiң қызметiн реттеу .................................... ..............................22-23

Қорытынды ...................................... ...................................... .............................. 24
Қолданылған әдебиеттер ...................................... ..................................................25
Қосымша мәліметтер ................................... ......................................................... 26-27


1.Банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы

1.1. Банк және банк жүйесіне сипаттамма
Біздің дәуірімізге дейін ежелгі Грецияда, Египетте, Римде банктік қызметтің жақсы дамығаны анықталған. Бәрінен бұрын банк ісі Италияда қалпына келтірілді.Алғашқы банктердің Италияда пайда болу себебі,оның сол уақыттарда дүниежүзілік сауда орталығы болғандығын ескеріп, әр елдің ақшалары мен тауарларының сол елге қарай ағылып, банкирлердің сауда операцияларына тікелей қатысуына байланысты түсіндіріледі. Италияның ірі орталықтарында дами бастаған банк ісі ХІІ ғасырдың соңынан бастап басқа елдерге де, атап айтқанда Францияға, Англияға және Германияға кең етек жая бастады [8;129].
Банк жүйесі деген сөздің өзінен, оның басты элементі негізінде ақшаға байланысты операцияларды жүргізетін, әртүрлі банктер болып табылатынын түсінуге болады.
Банктер туралы түрлі-түрлі пікірлер айтылып жүр. Кейбір мамандар банкті кәсіп орны, мекеме, - дейді, екіншілері - экономикалық басқару орны, - дейді, үшіншілері - делдалдық ұйым, - дейді. Төртіншілері - несиелік кәсіпорны деп сипаттайды.
Банк - өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін-өзі қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға. Ол - ақша қаражатын тарту, орналастыру және басқа банктік операциялар жүргізетін мекеме.
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (1995 ж. 31 тамыз N 2444) бойынша банк - банк қызметiн жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға. Банктiң ресми мәртебесi заңды тұлғаны әділет органдарында (тіркеуші органдарда) банк ретiнде мемлекеттiк тiркеумен және банк операцияларын жүргiзуге қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкілетті органның лицензиясы болуымен белгiленедi.
Алғашқы банктер капитализмнің мануфактура тұсында және ең бастысы, Италияның жекелеген қалаларында (Венеция, Генуя) XIV-XV пайда болған. Банк тауар шаруашылығының ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының ерте кезеңінде, яғни тауар-ақша қатынастарының дамуына байланыссыз, ақша айналысын реттеу үшін пайда болған делінеді.
«Банк» сөзі «banco» деген италиян тілінен аударғанда «айырбас столы» дегенді білдіреді. Бұл «айырбас столы» тауарлармен сауда жасалатын алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттер мен қалалардың, жекеленген тұлғалардың әртүрлі монеталармен жасалған. Банктер пайда болардың алдында ақша-сауда капиталының өкілдері саудагерлердің ақшалай салымдарын қабылдап оларды әртүрлі елдің ақшаларына айырбастауға маманданып отырған. Уақыт өте келе, айырбастаушылар бұл салымдарды, сондай-ақ өздерінің ақша-қаражаттарын саудаға беріп, пайыз алу үшін пайдалана бастайды. Сөйтіп, айырбастаушылар біртіндеп банкирлерге айналады [8;128].
Ресей Федерациясының банк жүйесі батыс елдердің банк жүйесіне қарағанда кеш қалыптаса бастап, өзінің даму жолында бірнеше кезеңдерден өтті. Алғашқы банктер ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында мемлекеттік (қазыналық) банк түрінде пайда болып, ХІХ ғасырдың аяғы және ХХ ғасырдың басында Ресей банк жүйесі негізінен мынадай банк мекемелерінен құралды: мемлекеттік банк; қоғамдық қалалық және жер банктері; көп буынды жеке банктер – акционерлік банктер, өзара несиелейтін қоғамдар, коммерциялық банктер, несие-жинақтау серіктестіктері; банктік кеңселер, сауда үйлері, айырбастау дүкендері.
Экономикалық қайта құру процесі банк жүйесін реформалаудан бастады. 1930-1932 жылдары жүргізілген несие реформасы еліміздің банк жүйесінің дамуындағы жаңа кезеңін бастады. Несие реформасының мақсаты – несиелеу мен несие-есеп жұмыстарының жаңа түрлерін енгізу, коммерциялық және жанама банктік несиелеуді тікелей банктік несиемен ауыстыру болып табылды. Несие реформасын жүзеге асыру барысында мына мәселелерге назар аударылды:

1) тікелей банктік несие енгізу;
2) шаруашылық есепті енгізу;
3) қысқа мерзімді несиелеу процесін енгізу;
4) өндіріс мекемелерінің өзінің және қарызға алған қаражаттарының жұмсалу бағыттырын ажырату;
5) шаруашылықты несиелеудің принциптерін бекіту;
6) банк жүйесін қайта құру, яғни мемлекеттік банк пен ұзақ мерзімді несие беретін арнайы банктердің қызметін ажырату.
Қазақстан кеңес дәуірінің кезеңінде одақтас республикалардың бірі болғандықтан, оның жеке банк жүйесі болған жоқ. Ол кезде Қазақстанның аумағында КСРО-ның орталықтанған банк жүйесінің филиалдары мен бөлімшелері жұмыс атқарды.
1987 жылға дейін банк жүйесіне КСРО мемлекеттік банкі, КСРО құрылыс банкі және КСРО сыртқы сауда банкі секілді үш монополистік банктер кірді. Сондай-ақ, мемлекеттік еңбек жинақ кассалар жүйесі де болды. Банк жүйесіндегі негізгі орынды КСРО Мемлекеттік Банкі иеленді. КСРО Мемлекеттік Банкі эмиссиялық институт бола отырып, қысқа мерзімге несие беру, шаруашылыққа кассалық және есептік қызметті көрсетуді іске асыратын орталық болды. Сол себепті, ол - мемлекеттік басқару және бақылау органына айналды. КСРО Мемлекеттік Банкі несие беру ресурстарына іс жүзіндегі монополист еді. Оның шоттарында барлық қаражаттар шоғырланып,жалпы мемлекеттік несие беру қорын қалыптастырды.Атаулы қордың қаражаттары арнайы бекітілген несие беру жоспарларына сәйкес, орталықтан берілетін. Жергілікті жерлердегі несие беру мекемелерінің қызметі нақты қарыз алушыларға арнайы ережеге сәйкес, жоспармен көрсетілген мақсаттарға ғана берілумен шектелді. Банктік мекемелер клиенттер алдында емес жоғарыда тұрған ұйымдардың алдында жауапты болды. Сонымен, несие реформасының нәтижесінде жоспарлы социалистік экономикаға сәйкес үйлестіру типіндегі несие-банк жүйесі құрылып, Мемлекеттік Банк өндіріс пен тауар айналымын есептейтін және бақылайтын біріңғай аппаратқа айналды. Коммерциялық банктердің рөлі төмендеп, кейін елде тек мемлекеттік банктерден тұратын монобанктік жүйе қалыптасты.
Кеңестер Одағы тарағаннан кейін, нарықтық экономика бағытын таңдаған көптеген жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы, осы мемлекеттерде жаңа банк жүйелерінің дүниеге келуіне әкеліп соқты.

1.2. Қазақстандағы банк жүйесінің қалыптасу кезеңдері мен дамуы

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Банк жүйесінің қалыптасу мен даму жолдарын бірнеше кезеңге бөлуге болады (1-кесте).
Бірінші кезең, 1917 мен 1930 жылдар аралығы – патшалық Ресейден қалған банк жүйесін жаңадан қалыптастыру, бұл кезде әртүрлі меншіктегі банктер мен несие мекемелері қатар қызмет істеді.
Екінші кезең, 1930-1987 жылдардың аралығы – елде КСРО Мемлекеттік банкі әмбебап қызмет атқарды, яғни ол мемлекеттің орталық банкі ретінде эмиссиялау және несие беру қызметімен қоса клиенттерге де қызмет көрсетті.
Үшінші кезең, 1988-1991 жылдар аралығы – елде мемлекеттік маманданған банктердің құрылуы, яғни КСРО Мемлекеттік банкі (банктердің банкісі) ретінде эмиссиялық, ереже, нұсқау және т.б. нормативті актілер шығарушылық, бақылау және басқа қызметтермен шұғылданып, ал маманданған банктер экономиканың әртүрлі салаларына қызмет көрсетті. Сонымен бірге 1990 жылдың басында кооперативтік және коммерциялық банктер де құрыла бастады.
Төртінші кезең, 1991 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – нарықтық банк жүйесінің қалыптасу кезеңі, яғни тәуелсіз республиканың нарықтық қатынастарға өту жағдайында екі деңгейлік банк жүйесінің пайда болуы және дамуы [7; 180].
Төртінші кезең өзгеріп отырған қызмет жағдайына қарай банк жүйесі икемделуімен сипатталады.
1995 жылы Қазақстандағы банк жүйесін қайта құрудың алғашқы бағдарламасы әзірленіп жатты. Ол Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1995 жылы 15 ақпанда бекітілді. Атаулы құжат 1) өз кезегінде ақшалай несиелік саясатты тиімді жүргізіп, Ұлттық банк үшін заңдармен көзделген негізгі міндеттерді барынша толығымен орындауға ықпал жасар еді;
1 – кесте.

Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдері
1930 жылға дейінгі банк жүйесі 1930-1987 жж.
(Одақтық бір деңгейлі банк жүйесі) 1988-1990 жж.
(Одақтық бір деңгейлі маманданған банктер жүйесі) 1991 жылдан бастап (дербес екі деңгейлі банк жүйесі)
Ресей Мемлекеттік Банкі және көптеген несие-банк мекемелері 1. КСРО Мембанкі (оның ішінде КСРО Мемлекеттік еңбек жинақ кассалары жүйесі).
2. КСРО Мемлекеттік Құрылыс банкі.
3. КСРО Сыртқы- сауда банкі. 1. Банк жүйесін қайта ұйымдастыру: КСРО Мембанкі және Маманданған банктер: КСРО Өнеркәсіп құрылыс банкі. КСРО Агроөнеркәсіп банкі. КСРО Тұрғын үй - әлеуметтік банкі. КСРО Жинақ банкі. КСРО Сыртқы-эконом банкі.
2. Жаңадан кооперативтік және коммерциялық банктердің құрыла бастау. 1. Егемен Қазақстанда өзінің банк жүйесінің құрылуы. Екі деңгейлі банк жүйесі - Ұлттық банк және коммерциялық банктер.

2) экономикалық көтермелеу шараларын және нормативтік жетілдіру құралдарын дұрыс қолдану көмегімен және Ұлттық Банк тарапынан бақылауды күшейту халықаралық стандарттарға жақын келетін банктер тобына сай деңгейдегі, барлық коммерциялық банктер қызметін сапалы жақсартуға әкелуі мүмкін; 3) банкаралық ақша-несиелік және валюталық нарықтарды дамыту және тереңдету жолымен, олар арқылы пайыздық ставкалар мен айырбастау курсы айқындаушы жағдайға дейін жетіп, және Ұлттық Банк оларға тек өзінің жалпы реттеу әдісі және іріктеп тексеру әдісі арқылы ғана әсер етуі; 4) республикалық деффицитті Ұлттық Банктің тікелей несиелеуден бас тартып, оны ішкі және сыртқы қаржылық нарығында инфляциялық тәсілмен қаржыландыруға көшуі; 5) шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында жүзеге асырылатын төлемдердің уақытында болуы, тиімділігі және қауіпсіздігі саласында сапалы деңгейге жету және ұзақ мерзімді ұлттық төлем жүйесін құруды кеңейту; 6) орта, ұзақ мерзімдік инвестициялық несиелеу жүйесінің негізін қалауы.
Осылайша, Бағдарламаның біржақты болуына қарамастан, нақты алғанда оны жүзеге асырылуына қол жеткізілді. Бәрінен бұрын, ақша-несиелік реттеудің тәсілдері мен құралдары дами түсті. Банктерді қайта қаржыландыру механизмі мәнді өзгерістерге ұшырады. Директивтік несиелер беру 1995 жылдың ақпан айынан бастап тоқтатылды. Орталықтандырылған қайнар көздердің есебінен берілетін несиелердің көлемі мен мерзімдері қысқартылды. Экономиканы несиелеу міндеті негізінен алғанда Ұлттық Банктен халық салымдарын, шаруашылық жүргізуші субъектілердің еркін қаражаттарын тарту және өздерінің жеке сыртқы қарыз алу жолдары есебінен экономиканы несиелеуді қамтамасыз ету жүктелген екінші деңгейдегі банктерге көшті. Ұлттық Банк орталық банктерге тән міндеттерді атқаруға кірісті: олардың жойылу қаупін қолдау мақсатында екінші деңгейдегі банктерді несиелеу, Үкіметті несиелеу және жалпы алғанда ақша-несиелік және валюталық реттеу.
1995 жылдың тамыз айында Қазақстан Республикасының «Банктер және банк қызметі туралы» Заң шықты. Осы заң бойынша банк құрылымының негіздері, оларды құру және жою тәртібі, олардың қызмет ету тәртібі анықталды және екі деңгейлік банк жүйесі қалыптасты. Бірінші деңгейіне – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орналасты, ал екінші деңгейіне - басқа банктер кірді. Олар – мемлекеттік банк, депозиттік банк, инвестициялық банк, мемлекетаралық банк және шетел қатысуымен құрылған банктер. Нарықтық экономика принципінде құрылған банктердің маңызы зор. Банк жүйесінің бір қалыпты қызмет етуі бүтіндей экономиканың дамуына ықпал етеді.
1998 жылдың соңына қарай Қазақстанның екінші дәрежелі банк жүйесі екінші деңгейлі банктерден тұрды және банктік емес қаржылық мекемелер жүйесімен толықтырылды. Екінші деңгейдегі банктер корпоративтік бағалы қағаздарды инвестициялаумен және оларға диллерлік операция жүргізуден басқа, барлық банктік қызмет түрлерін көрсетеді, жүзеге асырады және қажетті капитализация деңгейіне қол жеткізеді.
Сонымен қатар, 2003 жылы 6 наурызда «Микрокредиттік ұйым» туралы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында микрокредиттік ұйымдар пайда болды. Олар Қазақстан Республикасының несие жүйесіне кіретін жаңа нысандағы мекеме болып табылады. Бұл мекемелер нарықтағы өзгерістерге байланысты шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын жеке және заңды тұлғалардың қызметін ынталандыруға бағытталған міндеттерді қамтамасыз ету және оларға қаржылық қолдау көрсету мақсатында құрылған.
Еліміздің банк жүйесінің дамуының қазіргі кезеңіндегі барлық проблемалар сыртқы және ішкі сипатта болады. Сыртқы сипаттағы негізгі факторларға мыналарды жатқызады: Қазақстан банктері өзінің дамуының соңғы жылдарында саясатта, экономикада және әлеуметтік салада күрделі қарама-қайшы және болжауға жатпайтын құбылыстардың ортасында қалып отырды. Банктік құрылым мемлекеттің жалпы экономикалық жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Банк жүйесінің экономикалық дамуға қоса алатын және қосуға міндетті үлесі тиімді мемлекеттік басқаруға, банктік жүйенің қызметін реттейтін заңдарға, экономикаға және саяси ортаға, сондай-ақ, еліміздің салт-дәстүріне байланысты болады. Аталған факторлар банктердің дамуының және қызмет етуінің сипатын анықтайды.
Банк жүйесінің объективті түрде дамуының негізін қалаушы қағидаларының бірі – нарықтың барлық субъектілері үшін мүмкіндіктерінің теңдігі принципі, соның ішінде билік пен ара-қатынастарының теңдігі. Іс жүзінде Қазақстан егемендік алған күннен бастап банктік қызмет саласына мемлекеттің араласуы ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык Қазақстан Республикасында екі деңгейлі банк жүйесін құру жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Экономика курстық жұмыстар, Қазақстан Республикасында екі деңгейлі банк жүйесін құру

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]