Курстық жұмыс: Экономика | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТКЕ САЛЫҚ САЛУ МЕХАНИЗМІ

Курстық жұмыс: Экономика | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТКЕ САЛЫҚ САЛУ МЕХАНИЗМІ

Мазмұны

КІРІСПЕ

Ι-ТАРАУ.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ӘСЕР ЕТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ САЛЫҚТАРДЫҢ РОЛІ
1.1 Кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік экономикалық алғы шарттары
1.2.Қазақстан Республикасында орта және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің даму тенденциялары.
1.3 Кәсіпкерлік қызметті салықтық реттеу мемлекеттік реттеудің негізі ретінде

ΙΙ-ТАРАУ. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТКЕ САЛЫҚ САЛУ МЕХАНИЗМІ
2.1.Жеке кәсіпкерлерге салық салу ерекшеліктері
2.2. Кәсіпкерлікпен айналысатын субъектілерден олардың бюджет кірістерін атқаратын рөлі түсетш салықтык түсшдер және құрудағы

ΙΙΙ-ТАРАУ. ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ САЛЫҚ САЛУДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ БАҒЫТТАРЫ

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


Ι-Тарау.Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің даму бағыттары және оларға мемлекеттік әсер ету жүйесіндегі салықтардың ролі
1.1 Кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік экономикалық алғы шарттары

Кәсіпкерлік қызметке талдау жасау оның жалпы экономикалық категория ретінде ұзақ тарихы мен терең тамыры барын көрсетеді.Орта ғасырларда «кәсіпкер» деген термин ,одан да бұрынғы «антрепренер»(«антрепренер» француз сөзі «делдалдық» дегенді білдіреді екі мағынада қолданылады түрлі мереке мен музыкалық көріністі ұйымдастырушы және ірі өндірістік енмесе құрылыс жобаларын басқарушы. Көне тарих пен орта ғасыр ғалымдарында кәсіпкерлік туралы оның индустриялық кезіне дейін қалай аталатынына қарамастан ,еркше ой пікір болған.Алайда батыстың экономикалық теориясында «кәсіпкерлік» мәселелеріне назар аударуи 18 ғасырдан басталды.Оны атақты ғалымдар Р.Кантилонаның, А.Тюргоның, Ф.Кенэнің, А.Смиттің, Ж.Сэйдің есімдерімен байланыстырады. «Кәсіпкер» терминының атасы белгілі ағылшын экономисі Ричард Кантилон .Ол «кәсіпкер» деген нарық жағдайында әрекет жасаған адамды айтқан.
Әлеуметтік экономикалық құбылыс ретінде кәсіпкерлік көптеген қоғадық қатынастарды қамтиды. Мұның айталық, заң құқылық, психологиялық, тарихи жақтары бар. Бірақ кәсіпкерліктің тамыры адам қызметінің экономикалық жағдайларында жатыр.Кәсіпкерлік қатынастарды қараудың алғашқыт нүктесі олардың субъектісі мен объектісін анықтау.
Кәсіпкерлік субъектісіне экономикалық қызметке қатысушы түрлі мүшелер, алдымен жеке дара индивиттер, адамдар жатады. Олар бұл сапада жеке дара өндірісті ұйымдастырудан көрінеді. Мұндай кәсіпкердің жұмысы өзінің еңбек шығындарына немесе жалдамалы еңбекті қолдануға негізделеді. Соңғы жағыдайда кәсіпкер жалдаушы болады. Кәсіпкер қызметті бір топ адамдар жүргізу мүмкін, оларды байланыстырушы-міндетті шарттар мен экономикалық мүдде. Мұндай кәсіпкерліктің түрі –ұжымдық, коллективтік деп аталады. Ұжымдық кәсіпкерліктің субъектісі - әртүрлі ассоциациялар: акционерлік қоғам коопиративтер және тағы басқалар. Жеке дара кәсіпкерлерге қарағанда партнерлік бірлестіктер ірі көлемдегі мәсвелелерді шеше алады.
Мемлекеттік кәсіпорындар туралы ерекше айтқан жөн. Өйткені мемлекетте кәсіпорындарының ұжымы өзінен-өзі кәсіпкерліктің субъектісі бола алмайды. Бірақ егер қайта құрылыс болып, бұрынғы ұжымның орнына жаңа, айталық арендаторлар ұйымы құрылса, онда соңғылары ұжымдық кәсіпкерліктің субъектісі болады. Осыдан келіп кәсіпкерлік қызмет түрінің ирархиясы шығады:
Мемлекеттік (жоспарлы кездегіден өзгеше нарықтық экономикадағы роліне байлданысты), ұжымдық жеке дара.
Кәсіпкерліктің потенциалдық мүмкіндіктерінен толық бағалау үшін олардың субъектілерін номиналды және реалды деп бөлудің маңызы ерекше.
Номиналдықа кәсіпкерлік қызметімен айналысу құқығы. Нарықты экономика елдерінде әрбіреуінің бұган құқығы бар. Алайда мұны жүзеге асыру қоғам мүшесінің бәрінің қолынан келмейді. Сондықтан кәсіпкерліктің шын реалды субъектісі-бұған деген алғы шарттары бар, ең бастысы-капитарл иемдену құқысы бар. Міне осы адамдар экономиканың кәсіпкерлік септігін құрып дамытва алады.
Кәсіпкерліктің объектісі – адаамның бергілі қызметі. Кәсіпкерліктің соңғы нәтижесі-өндірілген өніммен көрсетілген қызмет.Бірақ, ең бастысы-әр кәсіпкер оның өзіне тиімдісін пайдалысын ғана жасайды. Міне осы себептен кәсіпкерлердің ең басты мақсаты өз кәсіпорнының пайданы көп келтіруі немесе шығындарын барында азайту. Ал кәсікердің табысы көбіне оның істі үйымдастыруына тікелей байланысты. Ал қызметінің бастапқы кезінде кәсіпкер қатаң бәсеке жағдайында нарықтан шығып қалмас үшін өндіріс факторларын комбинациялаудың жаңа жолдарын іздейді, яғни бұл кәсіпкер ісінің ең басты мақсаты.
Сонымен, кәсіпкерлік-жаңа мүмкіндіктерді іздеу, жаңа технологияны пайдалану, капиталды жұмсаудың тың салаларын іздеу, ескі ойлау шеңберіне шығу, былайша айтқанда өндірістің жаңа түрін ашып дамыту, қызметтер мен тауарлардың жаңа түрлерін шығару мақсатында ұйымдастыру құрылымдарын өзгерту, жаңарту және өркендету болып отыр. Мұндай өзгерістердің түрлері әр алуан жаңа кәсіпорындар ашу немесе ескілерін жою және модификациялау.
Демек, нақты өмірде кәсіпкерліктің объектісі-новаторлық, жаңашылдық, ерекше мағынадағы новаторлық- өндіріс, айырбас және бөлудің түрлі факторларын үйлестіру.
Кәсіпкерлік әр кезде де белгілі бағытта ұйымдастырылады , нақты формалары бар. Кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізу тәсілі ретінде бірнеше жалпы белгілері бар. Оның ішінде негізгісі – шаруашылық субъектілерінің еркіндігі мен тәуелсіздігі. Олардың егемендігі нарық механизмі әрекетін қамтамасыз ететьін тәртіп қалыптастырады. Кәсіпкердің тәуелсіздігі оған экономикалық ресурстарды алуға, осы ресурстардан өз қалауынша қызмет пен тауар өндіру процесін ұйымдастыру және оларды нарықта кәсіпкердің ойлағанындай сату құқығын береді. Матиреалдық ресурстармен ақша капиталының иелері бұл ресурстарды өз қалауынша пайдалана алады. Әрбір қызметші өзі істей алатын еңбекпен айналысуға құқығы бар. Алайда қандайда болмасын еркіндік көптеген жағдайлармен шектелген, олар сыртқы орта мен субъектілер әрекетінің нәтижесінен шығады. Дегенмен кәсіпкерліктің басты щарты- барлық мүмкіндіктердің деңгейі тұрғысынан шешім қабылдауға автономиялылығы, өзбеттілігі.
Барынша көп табыс келтіру – кәсіпкерлік жұмыстың қозгаушы факторы. Көп жағдайларда тек осы тұрғыдан ғана іс ұйымдастырылып, одан әрі кеңейтіледі. Бірақ нарық жағдайында белгілі бір өзгерістер өне бойы болып тұрады. Кәсіпкер көбіне бұл өзгерістердің басталуын күтпейді, тек соңынан қана оларға тиісінше көңіл аударады. Олар оздеріне тиімді өзгерістер яғни жұмыстарына жаңалықтар еңгізеді. Жаңалық процесінің мұраты-пайда табу. Нарыққа жаңа тауар шығарған немесе ресурс үнемдейтін экономикалық тиімді технология ұсынған алғашқы фирма оларды белгілі уақытқа деин баламалы құнынан жоғары бағамен сатады, міне осы қаблет-әдеттегіден ерекше шешім қабылдау іскерлік әлемінде ерекше жоғары бағаланады.
Кәсіпкерлікке тән тағы бір сипат шаруашылық жүргізудегі тәуекелге бел бууы. Іске кіріскенде алғашқы болашақ бұлдыр, оны болжап білу киын. Жаңа идеялармен жобаларды пайдаланғанда бастапқыда қауіп-қатері көп, оларды өне бойы экономикалық жағынан есептеуге мүмкін емес,
Шаруашылық қауып –қатердің , тәуекелдің негізінде мүмкін болатын және шын нәтижелердің ара қатынасы жатады. Егер өндірілген тауарлар бағасы жұмсалған шығындарды қайтармаса, онда кәсіпкер өз қызметін тиімді ұйымдастыра алмағаны , әлде күткен конъюктура жайсыз болғаны.
Өндіріс факторларын конбинациялауды тұрақты бақылау кәсіпкерді өне бойы ауыр жағдайда ұстайды, ал мұндай психологиялық жай өндірістің басқа мүшелерінде тарайды. Сонымен, нақты кәсіпкерлік қызметтің шеңберіне шаруашылық белсенділіктің жаңа мүмкіндіктерін іздеу пайдалылықтарын анықтау, өндірісті ұлғайтудың қаржылық және басқа ресурстарын қамтамасыз ету, жұмысшыларды жалдау, өкіметпен жабдықтаушымен, кленттермен қарым-қатынастар енеді. Әрине осы жұмыстардың бәрін бір адамның атқаруы міндетті емес. Бірақ кәсіпкерді лизамен салыстыру орынды; ол басқалардың энергиясын көбейтеді. Тәуелсіздік және ұйымдастырудағы новаторлык кәсіпкерліктің мәні осында: біреу оған өмір берсе , екіншісі тағдырын анықтайды .
Кәсіпкерліктің мәнін толық түсіну үшін оны меншік қатынастарын жүзеге асырудың бір түрі деп қарау керек. Кәсіпкер меншік иесі ме? Бұл сұраққа жауап беру үшін меншік иесінің қызметін шаруашылық субъектісінің қызметінен айыра білу шарт. Өткен ғасырдың өзінде-ақ меншіктегі капиталдан қызмет атқаратын капитал бөлінеді. Осыған қарап өндіріс құрал –жабдықтарын меншік объектісі ретінде иемденуден оларды шаруашылық объектісі ретінде иемденуі, тиісінше меншік иесі қызметін шаруашылық субъектісі қызметінен айыра білу қажет. Субъектінің өндіріс құрал –жабдықтарын меншік және шаруашылық объектісі ретінде иемденуі жеке – дара кәсіпкерлік деп түсіндіріледі. Шешім қабылдау процесі капитал иесін түгелдей тәуекелді. Алайда әдетте шешім қабылдау капитал иесінің капиталды басқарушыға ауысып отырады. Бұл өндіріс құрал-жабдықтарынан шаруашылық объектісі ретінде иемдену. Оның иелері жеке адам, топ немесе ұжым болулары мүмкін. Олар белгілі жағдайлар негізінде кәсіпкерлерге айналды- өздерінің шаруашылық жұмыс нәтижелеріне экономикалық жауапкершілікпен қарайтын оқшауйланған тауар өндірушілер. Ол тенденция бағыт акционерлік қоғамдарының пайда болуы мен байланыстарды күшейтеді. Жеке кәсіпорындарда бұрынғысынша меншік иесі кәсіпкер бірақ қазір кәсіпкерлер кооператив болып , ұйымдастыру, техникалық басқару меншік иесінен толық қанды өкілі – менеджерге ауысуымен сипатталады. Сонымен, кәсіпкер өндіріс құрал-жабдықтарын меншіктенуші болмай ақ шаруашылық өкілі ретінде иемдене алады. Кәсіпкер қызмет істейтін меншікті иесі ретінде шаруашылық субъектісі болып оқшауланады. Оған шаруашылық жұмысын өз бетімен жүргізуге жағдай жасайды, өз есебінен кәсіпорында ашық, өндіріс құрал-жабдықтарын тиімді пайдалануға оны жұмыс күшімен қосудың жағдайын анықтауға мүмкіндік береді.
Демек, кәсіпкер мен меншік иесі арасында айтарлықтай байланыс жоқ. Кәсіпкерлікті өркедетудің шарттары: меншік қатынастарын персонификациялау (адамдық келбеті), мүіктерді қолдану жөнінде өз еркі, жауапкершілігі мен шешім қабылдау мүмкіндігінің өнімдер мен табыстары жөнінде де осындай мүліктердің берілуі қабілеттер мен жинақтарды пайдалану жолдарын таңдап алудағы өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық еркіндігі, нарықтардың ашықтығы және тең салмақтылығы, қызметтер мен тауарлардың капиталдың, информация мен жұмыс күшінің қозғалысында кедергінің болмауы, тауарды бірдей бағамен сатып алу мүмкіндігі болуы, азаматтардың құқықты қоғамының, оның ішінде заң шығаратын, орындаушы – сот үкіметінің құрылуы және меншікті иесі мен кәсіпкермен құқығын қорғау.
Кәсіпкерлік дамуының дәрежесі, немесе жетілдірілмеген болуы мүмкін. Кәсіпкерлік қызмет нарықтан шығады, ол нарық қатынастарының сипаты мен көлеміне байланысты. Кәсіпкерлікті өркендетудің жағдайларын жасауда бәсекенің орны ерекше. Кәсіпкер үшін шаруашылықты жүргіз – бәсекеге түсу, өндірісті ұйымдастыра отырып, ол бәсекелік күрске әзір болуын, нарықтың қоғамдық қажеттілігіне сай келмейтінінің «артығын» қиып түсетіндігінен әзір болуы керек. Кез-келген меншік түрі (соның ішінде мемлекеттік де ) прогресс жолына шыға алады. Сонымен қатар кез-келген меншік тірі (соның ішінде жекеменшік те) прогрестің күшті символы болады, егер сол жасампаз бәсеке жол ашса. Күшті нарықтық эконмикасы бар елдер тәжірибесі көрсеткендей еркін бәсеке жүйесін реттейтін экономика белгі болады. Ол мемлекетсіз жұмыс істей алмайды, өйткені мемлекет ақша ұсынысын ұйымдастырады, ұжымдық қажеттіліктің бөлігі ретінде өтемдер береді. Нарықтық мінездердің тиімсіз жақтарын тежеп жібермейді.
Нарықтық экономика үшін күрделі «ауруға» бірден қарсы тұра алмайды- монополизмге, инфляцияға және іскерлік пен белсенділіктің төмендеуіне. Өзінің ішкі резервтері арқылы оларға қарсы тұруы қиын. Егер мемлекет бұған араласпаса аурулар асқынып, біраз экономикалық және әлеуметтік зиян келтіреді. Кеңісшіл теоретиктер өздерінің саяси ұсыныстарында инфляцияның зардаптарынан керісінше көңіл бөлмегенінен 70-жылдардағы инфляцияны күшейтті, ал нарықтық күш – қуаттары бұған жетпеді. Ол үшін мемлекет ретеудің формалау, 80-жылдардағы консерваторлардың күшті «дәрілері» қажет болды.
Қазіргі нарықтық шаруашылық монополияға, инфляцияға қарсы, шараларынсыз, өндірістің ұзақ құлдырауынан тоқтататын саясатсыз мүмкін емес. Мемлекеттің нарықтық эконоикаға раласуының басты белгілері осындай. Бұл шеңбер рыноктық механизммен реттеудің қисынды тетігіне, қазіргі қоғамның әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуге жеткілікті.
Егер мемлекет ақшаны нарықтық экономикаға жібергеннен артық шығарса, онда ол қандай да ізгілікті мұраттарды басшылыққа алса да, рыноктық процестердің бұзылуы тиімділігінің төмендігіне әкеледі.
Ерте ме кеш пе экономиканың мемлекетсізденуі, оның мемлекеттің белсенді араласуынан шыйғуын қажет етеді. Мемлекетсіздендіру жүйесі кемінде 4 шаруашылықты басқаруды бюрократтандырудан құтқару, мемлекеттік кәсіпкер қызметі шектеу, жеке капиталды ынталандыру экономиканы реттеуді тарылту. Мұндай жүйенің қажеттілігін есепке алу мұндай қорытындға әкеледі: жекешелендіруді, мемлекетсіздендіруді жай бір іс деп қарап оны шаралардың барлық жүйесінен бөлек жүргізу (кешіктіріп я ерте) шаруашылық түбірлі өзгертулердің тиімді құралы бола алмайды.
Бұл жағдайда жекешелендірудің теориялық анықтамасын берудің маңыз зор. Жекешелендіру-объектілерді белгілі қызмет түрлерін мемлекет қолынан алып жеке меншікке беру кең мағынада бұл түсінікке кейбір артықшылықтарды немесе монопольды нарықтың белгілі сегментін «жаулап алу», немесе жаңа мемлекеттіктен басқа қызметпен тауарларды ұсыну түрлерін жекелендіру кіреді.
70-80 жылдарда жекешелендіру бүкіләлемдік құбылысқа айналды. 80-жылдың аяғында дүниежүзінің 80 елі – Латын және Солтүстік Америка мемлекеттерінен Оңтүстік Корея, Филиппин, Малайзияға дейін мемлекеттік секторды қысқарту бағдарламасын қабылдады. Мұнда Ұлыбритания елінің мысалы айтарлықтай 1979 жылы Маргарет Тетчер үкіметі жекешелендіруді экономикалық саясаттың басты мәселесі деп есептеді. Нәтижесінде өткен 10 жылдықта жеке капиталға экономиканың мемлекеттік секторынан 29 ірі кәсіпорны берілді Ол шаруашылық жұымысның көрсеткіштеріне игі әсер етті, Мысалы, «БритишСтиль» мемлекеттік бола отырып жылына 1млн. Стерлинг шығынға ұшырады, ал денационализацияланғаннан кейін, яғни мемлекет иелігінен шыққаннан соң тұрақты пайда келтіреді. Бірақ Англия жекешелендіруде біраз жетістікке жеткенмен ол техникалық және экономикалық қиындықтарға кездесті.
Біздің жағдайымызда жекешелендірудің ерекшелігі меншіктің мемлекет қолында жоғары шоғырландыру мен кәсіпкерлік дәстүрмен сипатталады мұндай ерекшеліктер жекешелендіруді жүргізудің қосымша шаралар мен де байланысты.
Национализациялануға қарағанда жекешелендірудің ерекшелігі процесі бір сатылы акт емес, яғни оны тез жүргізуге болмайды. Кәсіпорында сату меншік иесін ауыстырудың құқықтық жақтарын анықтайтын бірінші саты.
Ал тағы да кемінде екі сатыдан тұру керек: Меншік иесінің құқығын нақтыжүзеге асырудың шын жағдайларын жасау(саяси, экономикалық, әлеуметтік, праволық нормаларын) және ең соңында меншік иелерімен басқарушылар арасында коммерциялық жұымстардың басқа меншік иелеріне беру жөнінде еңбек бөлінісінің болуы. Әрине бұл ұзақ сипаттағы процесс. Мұның мемлекетке жүргізу мүмйкін, бірақ фодан кейінгі қарқыны әртүрлі орындаушылар мен әрекет етушілерге баланысты және олардан басқа объективті фактілерге де қатысты болады.
Жекешелендірудің түрі көп, әрбір ел өзінің қайталанбас жекешелендіру жолын қалыптастырады. Алайда ерекшеліктерінің көптігіне қарамастан, жекешелендіру концепциясының әзірлігінде төмендегідей талаптарды ескерген жөн: одан басқалары өтпелі кезеңді нарықтық шаруашылық өлшемдері бойынша жұмыс істеуге ынталандыруды пайдалану, жекелендіру кезінде көз бояушылыққа жол бермеу; ішкі нарықтың капитал сенімділігінің проблемасын; халықты жекешелендіруге құызықтыру жағдайларын жасау,оны үнемі сақтау; халықты әлеуметтік жағынан қорғау әсіресе аз табыс алатындарды; жекешелендіруден түскен түсімдерді әлсіз кәсіпорындарға бермеу керек.
Ешбір елде жекешелендірудің ойдағыдай керемет тәсілі жоқ. Әрбір елдің тәжірибесі оң және теріс жақтарын көрстееді. Көптеген жағдайларда бұл процесс сол елде қалыптасқан нақты тарихи және әлеуметтік мәдени ортамен анықталады; қоғамдағы тұрақтылықтың дәрежесі мен праволық реттеу жүйесі және оның тиімділігінен экономикалық дамудың жағдайы мен, дамыған қаржы мен банк жү.йесінің болуы мен әлеуметтік құрылымындағы орта топ үлесі мен, халықтың психологиясына байланысты.
Жекешелендеруді кең шеңберде тиімді және кезеңдер мен өткізу үшін жоғарыдағы аталған шарттарды орындау әсіресе көптеген инвесторларды тауып, саяси және әлеуметтік келісім және мемлекет тарапынан тұрақты ауқымды бақылау арқылы жүргізуге болады.(пара беру мен, коррупция мафия мен күрес).
Әр түрлі елдердің тәжірибесі көрсеткендей жоғарыда аталған шарттардың тек біреуін ғана елемеу жекешелендірудің нәтижесін және қарқынын төмендетеді. Бұл процесті асығып және қалай болса солай жүргізу, жергілікті жерде ескі экономикалық жүйені жасамай жекешелендіру-әлеуметтік қауіпке әкеледі.
Мысалы: Қазақстан Республикасында да жекешелендіру процесінде де қиын жолмен жүріп келеді. 1991-1992 жылдарға арналған жекешелендіру мен мемлекеттік иелігінен алудың бірінші кезеңінен нәтижесінде құны 1млрд сомаға жуық болған 6198 объект сатылды. Жекешелендірілген кәсіпорындарында 767 000 адам іс жүзінде меншік иелеріне айналды. Бұл республика бойынша жалпы жұмыс істеушілердің 12 ө алайда мақсат орындалған жоқ. Саудада жекешелендірілген кәсіпорындардың үлесіне барлық бөлшек тауарлар айналымының небәрі 4ө ған келеді. Ал олардың жалпы санының 40ө жекешелендірілген елді бұл процесті жүзеге асыруда жоғарыда айтылғандай асығыстық, мүлікті талан-таражға салу басым болды.
Республикада мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің 2 кезеңі де осы және тағы басқа кемшіліктер қайталанбас үшін біраз өзгерістер енгізілді. Ең бастысы бұған бүкіл халықты кеңінен қатыстыру, жариялықты күшейту, үкімет пен мемлекет тарапынан бақылау жүргізіледі. Жекешелендіруге тұрғын үй купондарын барынша қатыстырып инвестициялық қорлар құрыап, жекешелендіруден түскен қаржының 10-15ө халықтың материалдық жағдайы нашар топтарына бағыттау көзделген.
Жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған екі кезеңнің ұлттық бағдарламасында бұны үш бағытта белгіленген:
Бірінші бағыт-шығын салаларды қамтиды. Онда 200 адамға жұмыс істейтін сауда, қоғамдық тамақтандыру және тұрмыс қажетін өтеу кәсіпорындары иелеріне берледі. Бұл бағыт шамамен 27000 кәсіпорынды, онда істейтін адамдарды қамтиды.
Екінші бағыт- жаппай иелендіру. Бұл жолы 500 адамға дейін жұмыс істейтін бүкіл кәсіпорындар мемлекет қарауынан иелерінің қолына өтеді, мұндай кәсіпорындарының саны 9000 шамасында және 3 млн адам қамтылады.
Үшінші бағыт- аса ірі және бірегей кәсіпорындарды және басқа нысандарды(объектілерді) мемлекет иелігінен алу бұл тұста үкімет олардың әрқайсысына өзгеше талаптар мен келеді. Мұнда холдингтер ұйымдастыру болады. Үшінші бағытта 1,5 мың кәсіпорын және 2млн адам қамтылады. Үкіметтің ұсынысы бойынша шағын кәсіпорындар аукциондар мен конкурстар да өткізіледі.
1992 жылдың орта кезеңінде Қазақстан Ресбуликасының 35 акционерлік қоғамы 76 салааралық қоғамдастық, 30 концерндермен концорциум, 120 коммерциялық банктер 60 тауар биржасы 40 сақтандыру компанияларды 2аудиторлық орталық, 11000 кооперативтер, 5,5 шағын, кіші кәсіпорындар болды. Бұл күндері олардың саны мен сапасы өсті. Қазір 200 түрлі банктер бар. Тек ауылшаруашылығында жекешелендірудің бір кезеңінде 759 ұжымдық, 388 кіші кәсіпорындар 766 шаруа шаруашылығы, 99 ауыл шаруашылық кооперативі, 39 шаруа шаруашылығының ассосациясы мен 25 шағын кәсіпорындар ассосациясы құрылды.
Сонымен жекешелндіру нарықтық экономикаға өтудің алғышарттарын жасай отырып, кәсіпкерліктің құнарлы топырағын әзірлейді. Бастапқы кезде кәсіпкерлік капиталдың тез айналатын салаларында дамиды, саудада да, қоғамдық тамақтану органдарында қызмет көрсетуде және т.ғ.б......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТКЕ САЛЫҚ САЛУ МЕХАНИЗМІ жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Экономика курстық жұмыстар, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТКЕ САЛЫҚ САЛУ МЕХАНИЗМІ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]