Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы инфляция
Мазмұны
Кіріспе
І.Инфляция және инфляция теориялары
1.1. Инфляция дегеніміз не?
1.2. Инфляцияны түсіндіретін балама (альтернативті) концепциялар
1.3. Инфляцияның түрлері
2. Инфляцияның қалыптасу және асқыну себептері, заңдылықтары.
2.1. Инфляцияның себептері
2.2. Филлипстің қисық сызығы
2.3. Инфляцияның әлеуметтік және экономикалық зардаптары
3. Қазақстан Республикасындағы инфляцияга қарсы саясат
3.1. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік салдары
3.2. Инфляцияға қарсы саясат
3.3. Қазақстан жағдайындағы инфляция ерекшеліктері мен инфляцияға қарсы саясат
Әдебиеттер
1.1. Инфляция деген не ?
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция ұзақ уақыт өмір сүруде. Оның пайда болуын ақшаның шығуымен, қызметімен байланыстырады. Инфляция термині латын еөзі - іпЯаІіо - (вздутие) - қампаю, тұңғыш рет Солтүстік Америкада 1861-1865 жылдардағы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы кағаз ақшалардың тым көбейіп кетуі процесін білдірген.
Инфляция - бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы және айналымдағы ақша массасының қажеттіліктен тыс артып кетуі. Елдегі товар рыноктарының көбінде теле-тендік бұзылса бағалар тоқтаусыз өседі. Яғни, инфляция бұл жалпы ұсыныс пен сұраныс арасында калыптасқан сәйкессіздік. Жеке товар рыногында сұраным ұсынымнан артқан болса, бұл товарға баға деңгейі өседі. Бірақ мұндай жекеленген нарык сәйкессіздігі инфляцияны қалыптастырмайды. Инфляция - бұл рыноктардың көбінде сұранымның артуынан қальштасқан тепе-тендіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі.
Акхиа сұранысынан тыс товар бағалары еңбек өнімділігіне, нарықтың монополизациялануына, жаңа салық ставкаларына, нарық жағдаятына (конъюктурасына), сыртқы экономикалық жағдайға, мемлекеттік реттеуге және басқа да себептерге байланысты өзгеруі мүмкін. Яғни бағаның өсуін көптеген себептер қалыптастырады. Мысалы, еңбек өнімділігі өскенде баға деңгейі төмендейді. Бірақ егер негізгі ендіріс салаларында еңбек ақы деңгейі еңбек өнімділігінен тез өскен болса, онда ұлттык шаруашылықта "шығын инфляциясы" деп аталатын жағдай қалыптасып, бағалардың жалпы деңгейі өседі.
Сонымен баға өсуінің инфляциялық себептеріне қандай жағдайларды жатқызуға болады?
Инфляция негізінен шаруашылықта қальштасқан әртүрлі диспропорцияларға байланысты болатынын еске ала отырып, оның негізгі себептерін қарастырып көрелік. Біріншіден, бұл мемлекеттік шығындар мен табыстар арасында қалыптасқан диспропорция немесе тепе-теңдіктің бұзылуы. Бұл мемлекет бюджетінің тапшылығы түрінде көрінеді. Егер тапшылығы Орталық банктің несиесі арқылы қаржыланған болса, яғни айналымға қосымша ақша шығару арқылы, онда бұл айналымдағы ақша массасын арттырады және инфляцияны қалыптастыруы әбден мүмкін. Екіншіден, егер инвестицияларды қаржыландыру, жоғырыда айтылған әдіспен, яғни Орталық банктің несие беруімен жүргізілетін болса, >, түптеп келгенде, бұл да инфляцияның себебіне айналуы мүмкін. Үшіншіден, осы күнгі экономикалық теория бағалардың жалпы өсуін ХХ-ғасырда нарық қүрылымының өзгеруімен түсіндіріледі. Бүгінгі нарық ХІХ-ғасырдағы
нарық түріне тіпті ұқсамайды. ХІХ-ғасырдағы нарыкта негізінен өзара толық бәсекелі товарлар сатылатын. Бұл товарларды көптеген өндірушілер өзара еркін бәсеке негізінде өңдіріп сататын және салалық және салааралык бәсеке жағдайы болған, капитал кедергісіз бір саладан екінші салаға ауысатын еді. Осы күнгі рынок - көбінде олигополия түрінде қалыптаскан. Осы күнгі ірі фирмалар (товар өндірушілер, үсынушылар) белгілі бір деңгейде нарық бағасына ықпал жасап, өз өніміне бағаны өзі белгілей алады. Фирма-олигополия бағаның өсуін қолдамаса да оның деңгейін түсірмеуге үмтылады, нарықта қалыптасқан баға деңгейінін тұрақты болуына мүдделі. Бағаның төмёндеуімен өз рыногындағы жағдайды "бүзын алмау" мақсатында ірі фирмалар үсыным икемділігінің артуына кедергі жасауға тырысады. Қалыптасқан өндіріс түріне жаңа фирмалардың келуіне шек қою арқылы олигополиялық фирмалар жалпы сүраным мен үсыным арасындағы диспропорцияны мүмкін болғанша үзақ уақыт үстап қалуға үмтылады.
Төртіншіден, үлттық экономикалардың "ашыла" түсуіне, олардың әлемшаруашылық қатынастары жүйесіне тартылуына байланысты инфляцияның бір елден екінші елге ауысу каупі артады. "Импортталған инфляциямен" күресу мүмкіншіліктері де шектеулі келеді. Әрине, ұлттық ваяютаның бағасын арттырып импортты арзандатуға болады, бірак бүл жағдайда экспорт қымбаттап, ұлттық өнімнің әлем нарығындағы өнімділігі кемиді. Бесіншіден "инфляциялық тосу" деген жағдайға байланысты инфляциялык процесс өзін өзі қолдап жалғаса береді.
"ИБнфляцияны тосу" механизмі экономикага калай әсер етеді? Мәселе мынада адамдар үзақ уақыг багалардың өсуін көріп, олардың болашақіа төмендеуінен күдер үзеді де жаппай товар сатып алуга көшеді. Сонымен катар олар еңбек ақы деңгейін көтеру туралы үкімеІКБ талап қояды. Еңбек ақының өсуі түгынушылық сұранымын одан әрі арпыра түседі.
Өңдірушілер де шикізат пен материалдарға және энергияға бағаның өсуін болжап, өздерінің өнімдеріне бағаны арттыра түседі. Әрбір өндіруші өзін инфляциядан алдын ала сақтандыру мақсатыңда өніміне бағаны еселеп көтереді. Нәтижесінде, бағалар сұраным көлемі анықтайтын деңгейден артып, "инфляцияны тосу" деңгейіне көтеріледі.
Инфляцияның себептері сан қилы, бірақ әр кезде олардың белгілі бір комбинациясы (құрамасы) қалыптасады. Айталық, Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс Европа елдерінде тапшылыққа байланысты өте күшті иифляция қалыптасқан. Соңғы жылдары Батыс елдерінде инфляцияның негізгі себебі мемлекет шығындарының өсуі, "баға -еңбекақы", "инфляциялық тосу", "инфляцияның бір елден екінші елге ауысуы" және
басқалары болды. Бұрынғы Советтер Одағында инфляцияның негізгі себебі ретінде әкімшілдік жоспарлау жүйесінде қалыптасқан экономикалық диспропорцияларды айтуға болды.
1.2. Инфляцияны түсіндіретін балама концепциялар
Батыс елдерінің экономистері жасаған теорияларда альтернативті (балама) концепция ретінде "сұраным инфляциясы" және "шығын инфляциясы" анықталады. Бұл концепцияларда инфляцияның қалыптасу себептері (механизм-моделі) қаралады.
"Сұраным инфляциясы" жалпы сұраным мен ұсыным арасындағы тепе-теңдіктің сұраным жағынан бұзылуын білдіреді. Бұл жерде мемлекет шығындарының артуы, өндіріс және еңбек ресурстарының толық іске қосылған жағдайында өндіріс құралдарына қосымша сұранымның қалыптасуы және түрғындардың тұтынушылық мүмкіншіліктерінің артуы негізгі себеп болуы мүмкін. Осы жағдайларға байланысты айналымға артық ақша массасы шығьш, жалпы баға деңгейі өседі. Өндіріс сферасында еңбекпен толық қамтылған жағдайда айналымдағы артық төлем ақша массасы шектеулі товар ұсынымына тап болып, бағалардың инфляциялық өсуін қалыптастырады.
Жоғарыда келтірілген себептерге байланысты ақша массасының өсуі жалпы сүраным сызығын солдан оңға қарай жылжытады (АВІ - АО^) және, егер экономика жалпы ұсыным қисығының аралық (2) немесе классикалық (3) үзіндісінде болса, онда бүл баға деңгейін арттырады (РІ - Р^), яғни инфляция қалыптасады.
"Шығындар инфляциясы" өндіріс шығындарының өсуінен туындаған бағалардың жаппай өсуін білдіреді. Өндіріс шығындарының өсуі монополиялык немесе олигополиялық бағалардың қалыптасуынан, мемлекеттің қаржы саясатынан, шикізат пен энергия ресурстарына бағаның өсуінен және басқа себептерден болады.
Айтылған себептерге байланысты өңдіріс шығындары өседі, жалпы ұсыным қисығы солға қарай жылжиды (АЗ^ - АЗІ), баға деңгейі өседі (РІ - Р^), өндіріс көлемі қысқарады (СЬ - Сһ), яғни ЖҮӨ-нің нақты көлемі қысқарады.
Бағалардың өсуі тұрғындардың нақты табысын төмендетеді. Сондықтан кәсіподақтар еңбекақының номиналды деңгейін көтеру туралы талап қояды. Үкімет инфляция шығындарының орнын толтыру саясатын ұстануға мәжбүр болады. Бағалардьщ жаппай өсуі табыстарды индексациялауға мәжбүрлейді, бұл өндіріс шығындарын арттырады, яғни инфляцияны одан да жоғары артуына себеп болады. Табысты индексациялау бағдарламасы экономиканың әртүрлі салалары үшін бірдей болуы мүмкін емес, басқаша айтқанда табысты индексациялау барлық топтар үшін бірдей болмайды.
Инфляцияның әр түрін оның басқа түрінен ажырату өте қиын, олар өзара тығыз байланысты түрде қалыптасып дамиды.
Мысалы, еңбекақының өсуі табыс инфляциясының себебі ретінде көрінуі мүмкін.
ХХ-шы ғасырдың екінші жартысында жұмыспен толық қамту, еркін бәсекелік нарық жағдайы, бағалардың ұзақ мерзімдік тұрақтылығы әлемнің бірде-бір елінде қатар қалыптаспағанын айту қажет. Бұл кезеңде бағалар тоқтаусыз өсіп отырды, ал 60-шы жылдардың соңынан бастап экономиканың қүлдырау жағдайында да бағалар өсті. Дағдарыс фазасында бағалардың өсуі XIX ғасырдағы циклдар үшін болмаған жағдай. Бүл құбылыс экономикада "стагфляция" деп аталады, ол экономикалық дағдарыс пен стагнация (өндірістің тоқырауы) жағдайындағы бағаның, инфляцияның өсуі.
Инфляцияның асқындауын осы күндері теорияда ','инфляцияны тосу" принципімен түсіндіріледі. "Инфляцияны тосу" механизмі экономикаға қалай әсер етеді? Мәселе мынада: адамдар ұзақ уақыт бағалардың тоқтаусыз өскенін көріп, олардың енді болашақта төмендейтінінен күдер үзеді, сондықтан бағалар кездейсоқ жағдайға байланысты өссе де, тұрғындар жаппай товар сатып алуға ұмтылады.
1.3. Инфляцияның түрлері
Бұрын инфляция төтенше жағдайда ғана қалыптасатын. Мысалы, соғыс кезінде мемлекет өзінің әскери шығындарын қаржыландыру үшін өте көп мөлшерде кағаз ақша шығаратын. Соңғы екі-үш онжылдықтарда көптеген елдерде инфляция үдайы өндіріс процесінің түрақты факторына айналды.
Экономика теориясында, жеке алғанда осы күнгі Кейнсті жақтаушы экономистер инфляцияның баяу түрін өндірістің дамуына қосымша оңды әсер ететін фактор ретшде қарастырады. Баяу инфляцияны олар мемлекеттің бірде-бір тиімді саясат жүргізу күралы ретінде түсіндіреді.
Баяу инфляция саясатта өндіріс пен нарық (сұраным) жағдайларының өзгеруіне сәйкес бағаларды реттеп отыруға мүмкіндік береді. Оның өсуі 10%-тен аспайды. Мүндай инфляция өндіріс пен сүраныстың өзгерген жағдайларына қарай бағаларды түзеп отыруға мүмкіндік береді.
Жоғары қарқынды (галопирующая) инфляция (бағалардың жылына 20% - 200%-ке дейін өсу түрі). Экономика үшін едәуір қиын жағдай, бірақ іскерлік қатынастардың көбі қаркынды инфляцияны алдын ала ескеріп, оған икемделе береді.
Гиперинфляция бағалардың жалпы деңгейі мыңдаған процентке артқан жағдаймен сипатталады. Гиперинфляция кезінде бағалардың өсу қарқыны айналымға шығарылған ақша көлемінің өсуінен көп есе артып кетеді. Гиперинфляцияда бағалардың өсу қаркыны сондай, тіпті ақша шығаратын фабрикалар аптасына тоқтаусыз жұмыс істегенде де айналымда қажетті ақша көлемін шығару мүмкіндігі жетпей қалады екен. Мысалы, Никарагуада, азамат соғысы жылдарында бағаның жылдық өсуі 3300%-ке дейін жетті.
Ақша айналым заңын сипаттайтын теңдікті - МҮ=Р(3 қолдана отырып осыны калай түсіндіруге болады? Егер М - п-есе өскен болса, сонша есеге баға деңгейі өсуі қажет сияқты. Бірақ бұл жерде V - көрсеткішін де есепке алу қажет. Шаруашылық субъектілері ұлттық валютаға сенімдерін толық жойған жағдайда, олар қолындағы құнсыз валютадан тез қүлылуға ұмтылады. Нәтижесінде ақшаның айналым жылдамдылығы (V) күрт өседі, ал бұл айналымға қажетті ақша көлемінің күрт өсуімен бірдей. Сондықтан бағаның өсу қарқыны айналымдағы ақша массасының өсуінен сан есе артады. Сонымен инфляцияны тосу факторы қарқынды инфляцияның гиперинфляцияға ауысып асқындап кетуінің негізгі бір себебі ретінде қарауға болады.
Жоғарыда сөз болғандары ифляцияның ашық түріне жатады. Ашық инфляция жағдайьшда бағалардың өсуі және өсу қарқьшы айқын байқалады және ресми түрде есепке альшады. Бірақ бағалардың деңгейі ресми түрде өспеген болса да құнсыздану (инфляция) жағдайы қалыптасуы мүмкін. Инфляцияның бұл түрі товар тапшылыгынан көрінеді.
және енді тұрақты түрде күрт өседі. Табыстар, осыған байланысты, екі-үш есе және ете қысқа мерзімде құнсызданып күлдырап кетеді. Тұрғындар еңбекақы және басқа да төлемдер денгейін көтеру туралы үкіметке талап қояды. Төлемдердің өсуі түтыну сұранымын арттыра түседі. Өндірушілер де материал, энергия, шикізат бағаларының өсуін тосып өздерінің өнімдеріне бағаны арттыра түседі. Кәсіпкерлер өздерін инфляциядан сақтандыру үшін өнімдеріне бағаны еселеп көтереді. Нәтижесінде бағалар артык сүраным көлемі анықтайтын деңгейден артып, "инфляцияны тосу" деңгейіне көтеріледі.
• Инфляцияның себептері сан қилы, бірақ нақты экономика жағдайлары олардың белгілі бір қүрамасын (комбинациясын) қалыптастырады. Айталық, Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс Европада тапшылыққа байланысты өте қарқынды инфляция қалыптасқаны белгілі. Соңғы жылдары Батыс елдерінде инфляцияның негізгі себептері мемлекет шығындарының өсуі, "баға - еңбекақы", "инфляцияны тосу", "инфляцияның бір елден екінші елдерге ауысуы (миграциясы)" және басқалар. Бүрынғы жоспарлы экономика жүйелерінде инфляцияның негізгі себебі ретінде ондағы қалыптасқан глобалды (күрделі) экономикалық диспропорцияларды айтуға болады.
2.1. Инфляцияның себептері
Ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны бұлай түсіндіру, яғни акшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша акша сияқты жалпылама эквивалент деп .....
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Экономика | Инфляцияның түрлері
» Курстық жұмыс: Экономика | Инфляция
» Курстық жұмыс: Экономика | ИНФЛЯЦИЯҒА ҚАРСЫ САЯСАТ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ТҮРІ
» Курстық жұмыс: Экономика | Инфляция және инфляцияға қарсы саясат
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы инфляцияның ерекшеліктері
» Курстық жұмыс: Экономика | Инфляцияның түрлері
» Курстық жұмыс: Экономика | Инфляция
» Курстық жұмыс: Экономика | ИНФЛЯЦИЯҒА ҚАРСЫ САЯСАТ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ТҮРІ
» Курстық жұмыс: Экономика | Инфляция және инфляцияға қарсы саясат
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы инфляцияның ерекшеліктері
Іздеп көріңіз: