Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі экономикалық даму стратегиясы

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстанның  тәуелсіз мемлекет ретіндегі   экономикалық даму стратегиясы

Мазмұны
Кіріспе………………………………………………………………….…….…. .5
І. Экономикалық дамудың теориялық негізі.
1.1 Экономикалық өсу түсінігі, түрлері мен факторлары……….……..6-9
1.2 Қазақстан Республикасындағы экономикалық дамудың ерекшеліктері………………......10-15
ІІ. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі экономикалық даму стратегиясы
2.1 Қазақстан Республикасының экономикалық даму стратегиясы..16-19
2.2 Қазақстан Республикасының даму стратегияларын жүзеге асырудың құралы ретіндегі Ел басы жолдауы……..20-26
2.3 Даму стратегияларын жүзеге асыру мекемелері мен жетілдіру жолдары…………………………..….…..27-29
Қорытынды……………………………………………….…………….……..30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………….………….…………………31

Кіріспе
Соңғы жүзжылдықта дүние жүзінің көп мемлекеттерінде адам басына шаққандағы жалпы ұдайы өндіріс және жиынтық жалпы ұдайы өндіріс тұрақты түрде өсуде. Экономиканың өсуі кеңінен тараған құбылыс болып отыр. Экономикада болып отыратын құлдырауларды ескерсек те, ұзақ мерзімді экономиканың өсуі тереңді ұлғаймалы. Сондықтан экономиканың тұрақты өсуі, адам басына шаққандағы табыстың өсуі — бұл экономикадағы жаңа құбылыс. Бұл құбылыс дүние жүзінің көп мемлекеттерінде соңғы екі жүз жылдықта байқалып отыр.
Экономиканың өсуін өлшеудің екі жолы бар:
1) Макроэкономикалық көрсеткіштердің мәнінің өсуі (ЖҰӨ, ЖІӨ, ТҰӨ, ҰТ немесе адам басына шаққандағы тұтынудың өсуі).
2) Әлеуметтік институттар үрдісінің өзгерісі (Жеке меншік құқығы құрылымының өзгеруі, өндірісті ұйымдастыру және бөлу формаларының өзгерісі және т.б.). Бұл жағдайлар экономикалық өсудің бір деңгейден екінші деңгейге ауысуына негіз болады. Жоғарыдагы әдістемеге байланысты өсу теориясында үш бағытты атап өтуге болады.
- неокейнстік
- неоклассикалық
- тарихи-әлеуметтік.
Экономиканың өсуінің қайнар көзі неде? Кез келген мемлекеттің өсуі негізгі алты факторға тәуелді. Олар:
1.Табиғи ресурстардың сапасы мен көлемі
2.Еңбек ресурстарының сапасы мен саны
3.Негізгі капитал қорының көлемі
4.Технология
Экономиканың өсуіне әсер ететін осы төрт факторды усыныс факторлары деп айтуға болады.
Дәл осылар өңдірістің өсуіне мүмкіндік береді. Сапалы ресурстар және технологиялық әлует бірігіп нақты өнім көлемін өндіруді ұлғайтады. Экономиканың өсуіне әсер ететін соңғы екі факторды қарастырсақ,олар:
1. Сұраныс факторы
2. Бөлу, тарату факторы
Өңдіріс әлуетін дұрыс пайдалану үшін, өндірумен қатар өндірген өнімді дер кезінде сату да маңызды.
Экономиканың өсуіне әсер ететін сұраныс және ұсыныс факторлары бір-бірімен тығыз байланысты.
І. Экономикалық дамудың теориялық негізі
1.1 Экономикалық өсу түсінігі, түрлері мен факторлары
Өндіріс көлемінің ауьггқуы жиынтық сұраныстың өзгеруімен түсіндірі-леді. Жиынтық ұсыныс қысқа мерзімді кезеңде қарастырылады. Сұраныс пен ұсыныс талдырмасы және циклдік тербелістерге байланысты экономиканың тепе-теңдік жағдайынан ауытқуын экономикалық саясат тұрақтандыруга тырысады. Бірақ өнім көлемінің қысқа мерзімді ауытқуы, жұмысбастылықтың деңгейі экономиканың жалпы өсуінің қозғалысымен берілген, оның өсуінің көлемін ұлғайту экономикалық өсумен байланысты. Экономикалық өсуді жиынтық ұсыныстың ұзақ мерзімді динамикасы (құбылысы, жайы) ретінде немесе өнім көлемінің өсуі ретінде қарастыруға болады. Оның факторларының және зандылықтарының талдауы макроэкономикалық теорияның басты сұрақтарының біреуі болып табылады. Экономикада нақты пайданың өсуі "экономикалық өсу" деп түсіндіріледі және әрбір адам басына шаққандағы нақты өнімнің өсу есебі болып табылады. Сондықтан экономиканың өсуін өлшеу үшін абсолюттік арттыру немесе нақты өнім көлемі өсуінің екпініне немесе адам басына шаққандагы көрсеткіштер қолданылады.
Егер экономикалық өсу сырттан әкелінген қосымша ресурстардан жасалынса және қоғамдағы еңбектің орта өнімділігін өзгертпесе, онда ол экстенсивті болады. Интенсивті өсу технологиямен және өңдіріс факторларының жетілген түрімен байланысты, яғни өнімді ресурс көлемінің көбеюі нөтижесінде ұлғайту емес, олардың қайтымдылығы, тиімділігінің нәтижесінде өнім өндіру. Интенсивті өсу халықтың әлеуметтік өсуінің экстенсивті немесе интенсивті типтеріне байланысты, сыбағалы салмағының салыстырмалылығына немесе экономиканың есуіне әсер ететін басқа факторларға байланысты болады.
Экономика өсуінің факторларын көбіне экономиканың өсуінің типімен топтайды. Экстенсивті факторларға капитал көлемінің, еңбек көлемінің, ал интенсивтіге — технологиялық прогресс, масштаб арқылы үнемдеу, білімді және маман жұмысшылар деңгейін көтеру, ресурстарды бөлуді жақсарту және оның қолдану үрдісін сапалы ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Кейде жиынтық сұраныс үрдістің басты катализаторы ретінде және экономикалық өсуінің дербес факторы ретінде бөлінеді.
Экономиканың өсуін тұрған себептер ретінде мыналарды айтуға болады: экологиялық және ресурстық шектеулер, әлеуметтік шығындардың ауқымды спектрі және де үкіметтің тиімсіз экономикалық саясаты. Экономика өсуінің негізгі үлгілерін қарастырайық. Басқа үлгілер сияқты өсу үлгісі абстракты, экономика үрдісінің нақты түрі график немесе теңдік түрінде көрсетіледі. Үлгіні жасау барысында пайдаланылатын болжамдар нақты үрдістің нәтижесін жоққа шығарады, бірақ экономиканың өсуі сияқты күрделі құбылыстың зандылықтарын және кейбір мәселелерін талдауға мүмкіндік береді.
Өсу үлгісінің көбі өнімнің нақты көлемінің көбеюі, негізгі өндіріс фактор-ларының өсу ықпалымен, яғни еңбек пен капиталдың әсерінен пайда болады.
Өсу үлгісінің көбі шығынның нақты көлемінің көбеюі, негізгі өндірістік факторлардың өсім ықпалымен, яғни еңбек пен капитал ықпалына, еңбек факторы сырттың ықпалына қарсы тұра алады, ал капитал көлемін, керісінше, инвестициялық саясат арқылы тез өзгертуге болады. Уақыт өте келе, капиталдың экономикада амортизация есебінен қысқаратыны және таза инвестиция есебінен кебейетіні белгілі. Біз экономиканың өсуінің өзі бағалы деп айта алмаймыз, оның бағалылығы — халықтың жағдайын көтеруге негіз болғанында. Соңдықтан экономиканың сапалы өсуіне баға беру үшін, тұтыну бағасының динамикасын қарастыру керек.
Кейнстік өсу үлгісі негізінде логикалық құрал қолданылады, бізге белгілісі кейнстік қысқа мерзімдік тепе-теңдік үлгісі.
Сұраныс талдауын ұсыныс динамикасын анықтайтын факторларды қоса отырып қарастырамыз. Бұл арқылы экономикадағы сұраныс пен ұсыныс тепе-тендігінің шарттарын анықтауға болады.
Кейнстік өсу үлгісінің қарапайым түрі Е. Домар үлгісі болып табылады, бұл үлгіде капиталдың шекті өндірісі Леонтьев функциясы ретіңде қарастырылады.
Домар үлгісі еңбек нарығында ұсыныстың артықшылығынан шығады, бұл бағаның тұрақтылығын ескереді. Капиталдың шығып қалуы жоқ, ал капиталдың Кейнстік өсу үлгісіне қатынасы Кейнстік өсу үлгісі және қор жинағы нормасы тұрақты болып келеді. Өнім тек 1 ресурсқа ғана тәуелді деп айтуға болады, ол — капитал.
Экономиканың өсуінің тепе-теңдігі сұраныс пен ұсыныстың теңестірілуінің шартында пайда болады.
Сондықтан, Е. Домардың теориясына сай, экономикадағы нақты табыстың тепе-теңдік өсу қарқыны және қолда бар өндірістік қуаттың барлығы қолданылады.
Егер үлгіде берілген деңгейден жеке сектордың жоспарлы инвестициясының өсу қарқыны ауытқыса, мұндай динамикалық тепе-тендік тұрақсыз болуы мүмкін.
Е. Домардың үлгісі өсу теориясына сай келе алмайды. Бұл кейнстік қысқа мерзімді тепе-теңдікті ұзақ мерзімге кеңейтудің әрекеті және дамып келе жатқан жүйе үшін қандай шарттар орындалатынын көрсету.
Инвестицияның эндогендік функциясын қоса отырып Р.Ф. Харрод экономикалық өсудің арнайы үлгісін құрады.
Экономикадағы алдыңғы кезеңде қалыптасқан жағдайларды ескере отырып, кесіпкерлер өндіретін өнім көлемін жоспарлайды.
Егерде алдыңғы кезеңдегі сұраныс туралы болжамдары ақталып, сұраныс ұсынысқа теңелсе, онда өнім көлемін өзгеріссіз қалдырады.
Ал егерде экономикадағы сұраныс көлемі ұсыныстан көп болса, онда олар өндіріс көлемін кеңейтеді. Егерде керісінше ұсыныс сұраныстан көп болса, онда олар өндіріс көлемін азайтады.
Кепілдік пен нақты өсу қарқынының арасындағы сараптама мынадай қорьпынды жасауға мүмкіндік береді: егер кәсіпкерлердің өсу қарқынында айырмашылық болса, онда жүйе ақырындап теңдестік жағдайынан алыстайды.
Кепілдік өсу қарқынымен қатар Харрод «табиги» өсу қарқынын енгізеді. Бұл ең жоғары өсу қарқыны болып табылады. Осындай өсу қарқыны кезінде еңбек пен капитал факторларының толық қамтылуы байқалады.
Кейнс үлгілерінің экономикалық өсуіне қарағаңда неоклассикалық өсу үлгілері көптеген шектеулерден айырылып, макроэкономикалық үрдістердің ерекшеліктерін дәл сипаттайды. Кейнс үлгісіндегі динамикалық тепе-теңдіктің тұрақсыздығының себебі, өндіріс факторларының бірін-бірі алмастыра алмайтындығында екендігін Р. Солоу өзінің үлгісінде көрсетті. Ол үлгіде Леонтьев функциясының орнына Кобб-Дугластың өндіріс функциясын пайдаланды. Бұл функцияда өндіріс факторларының бірін-бірі алмастыратын-дығы белгілі. Р. Солоу үлгісіндегі алғышарттар төмендегідей:
- капиталдың кемімелі шекті өнімділігі
- масштаб өсерінің тұрақтылығы
- ығысудың (капиталдың тозуы) тұрақты нормасы
- инвестициялық лагтардың болмауы. Факторлардың бірін-бірі алмастыруы (капиталмен қаруланудың өзгерісі) технологиялық шарттармен ғана түсіндіріліп қоймайды және өндіріс факторларындағы" таза бәсеке нарығындағы неоклассикалық алғышарттарға байланысты болады. Экономика жүйесінің тепе-теңдікте болуы үшін қажетті шарт ол жиынтық сұраныс пен ұсыныстың теңдігі.
Бұл функция өнімділік пен капиталмен қаруландыру арасындағы тәуелділікті көрсетеді. Бұл өндіріс функциясының тангенс бұрышы капиталдың шекті өніміне сәйкес келеді. Капиталмен қарулану өскен сайын капиталдың шекті өнімділігі кеміп отырады. Тауар нарығындағы ұсынысты өндіріс функциясы анықтайды, ал капиталдың жиналуын өндірілген өнімге деген сұраныс анықтайды. Өнім көлемінің динамикасы капитал көлеміне тәуелді. Капитал көлемі инвестиция мен капиталдың ығысуы әсерінен өзгереді. Инвестиция капитал қорын өсіреді, ал ығысуды — азайтады.
Әл-ауқаттылықтың тұрақты өсуінің негізі ретінде техникалық прогресс қарастырылады және жоғары тұтынуды қамтамасыз ететін оңтайлы вариантты табуға мүмкіндік береді. Қарастырылған үлгіде кемшіліктер жоқ емес. Үлгіде тұрақты тепе-теңдік жағдайын ұзақ мерзім кезеңінде қарастырады, бірақ өмір деңгейі мен өндіріс динамикасының қысқа мерзім кезеңіндегі жағдайы экономикалық саясат үшін маңызды. Солоу үлгісінің көптеген экзогенді айнымалыларын үлгінің ішінде анықтау керек еді, өйткені олар басқа параметрлермен тығыз байланысты және соңғы нәтижеге әсер етеді.
Үлгіде бірқатар өсудің шектеулері жоқ, мысалы, ресурстық, экологиялық, әлеуметтік. Үлгіде пайдаланылған Кобб-Дуглас өндіріс функциясы өндіріс факторларының кейбіреуінің бір-бірімен байланысын бейнелейді, бұл байланыстар экономиканың нақты жағдайын көрсетпейді. Осы және басқа да кемшіліктерді экономиканың өсуінің жаңа теориясы ескеруге тырысады.
Неоклассикалық үлгіде өнім көлемі экономиканың тұрақты жағдайында қарқынымен өседі, ал адам басына шаққандағы өнім қарқынымен өседі, демек тұрақты өсу қарқыны экзогенді анықталады. Эндогенді өсудің қазіргі заманғы теориясы үлгінің ішінде тұрақты өсу қарқынын анықтауға ұмтылады.
Эндогенді түрде барлық факторлар мен сандық және сапалық ресурстық, институционалдық байланыстыруға тырысады.
"Ұсыныс экономикасының" тұжырымын ұстағандардың айтуынша, толық жұмыспен қамтылу жағдайында өсу қарқынының ұлғаюы нарықтық жүйеге сырттан реттеуді қысқарту нәтижесінде мүмкін болады.
1.2 Қазақстан Республикасындағы экономикалық дамудың ерекшеліктері
Экономистер арасында экономиканың өсуін қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлі жөніндегі көзқарастары әр түрлі.
Айтылған көзқарастың біреуіне сай төменде сипатталатын басты сатылардың болуы маңызды. Бұл талап көбінесе экономиканың өсуінің қиындығынан пайда болады, бұған экономикасы артта қалған мемлекеттер кезігеді.
Қазақстан Республикасы экономикасының өсуі. Республикадағы болып жатқан өзгерістер ең алдымен халықтың өмір деңгейінде білінеді. Нарықтық реформаның бірнеше жылдық тәжірибесі меншікті өзгерту, шаруашылық құрылымдар жүйесін құрудың тиімділігін көрсетті. Сол уақытта әлеуметтік-экономикалық жагдайдың басымдығы жарлылық ахуалының күрделіленуіне әкеліп соқты. Қазақстанның өтпелі экономикасында реформалық өзгерістер, жұмыссыздық, әлеуметтік ауқымдағы терең қозғалыстар және т.б. жатады.
Кеңес жүйесінде кедейшіліктің ресми түрі болған жоқ, бірақ жағдайы нашар отбасылардың болғаны белгілі. Халыққа әлеуметтік ақша төлемдерін төлеу жұмыссыздардың қажеттілігін қанағаттандырды.
Жалпы, КСРО бойынша 1975 жылы жұмысшылардың табысы 16% болды, ал колхозшылар арасында — 39%, 1985 жылы - 16, 3% пен 27,6% болды. Халықтың жалпы санының 16-25%-ы әр түрлі бағалаулар бойынша кедейлер тобына жатты. Реформаға дейінгі жылдары кедейлерге демографиялық белгілері бойынша адамдардың өте аз тобы ғана жатты. Төменгі квалификация едәуір рөл ойнады, бірақ ол да тұрақты табысты бола алмады. Адамдардың әр түрлі жерлерде тұруы, аймақтық экономикалық дамуы теңсіздікке әкеліп соқтырады. Кедейлік көптүрлі жағдаймен түсіндіріледі, адамзат әлуеті дамуының көзқарасынан қарағанда мүмкіндік пен тандаудың жоқтығын көрсетеді. Кедейліктің анықтамасы жоқ, ал оның өлшемі концептуалды сипаттың қиыңдықтарымен, толық мәліметтердің болмауымен және субъективті бағалаумен байланысты. Кедейлік көрсеткішін құру үшін республикада "табалдырық" ретінде өмір сүру минимумының көлемі пайдаланылады.
Өтпелі экономикалы мемлекеттерде жалақы мен әлеуметтік трансферттен басқа да отбасыларда табыс көздері бар деп есептеледі. Сондықтан кедейшілік деңгейін білу үшін баға тұтыну индексі арқылы есептеледі.
Қазақстандағы кедейлік деңгейі.
Өмір сүру
минимумы, тг. Жан басына шаққандағы
есеп коэффициенті Салыстырмалы
кедейлік
1996 2861 34,6 11,4
1997 3505 43,0 12,1
1998 3716 43,4 12,8
1999 3394 34,5 13,7
1997-98 жылдары тұрғындардың 43%-дан астамының табысы күнкөріс минимумынан едәуір төмен болды, 1999 жылы ол 34,5%-ға түсті.
Кедейлік деңгейі терең деп жағдайы нашар топтардың тұтынуы күнкөріс минимумынан төмен болғанда айтылады. Қазақстанда тапшылықтың орташа тұтыну көлемі күн көру минимумынан үштен бір есе төмен, Ресейде ол 42,6%-ды құрады, Украинада 32,5%, Әзірбайжанда 51,8% және т.б. Кедейліктің тереңдігі Шығыс Еуропаға қарағанда көбірек болып келеді, Еуропада ол 10% бен 15% ара сында ауытқиды. Барлық әлемдегідей, республикада да жұмыссыздық кедейлікпен үйлеседі.
Ауылдық жерде қалалық жерге қарағанда кедейліктің жоғары жене терең екендігін атап өту керек: қаладағы тұрмысы нашар тұрғындар кедейлік сызығы-нан 30% кем тұтынады, 1999 жылы олар ауыл тұрғындарының 49,6%-ын құрады.
1993 ж. қарашасынан бері дербес макроэкономикалық саясат ұстанғаны-мызға 12 жылдан асса, нарықтық қатынастарға өтуге кіріскенімізге 14 жыл толды. Терең дағдарыстан есімізді жинай бастауымыз алтыншы жылды алқымдап қалды. Базалық нарықтық институттар қалыптасып, соған сәйкес зандар қабылданды. Инфляцияның қатерлі деңгейі ауыздықталып, банк секторы аяғынан нық тұрды, үлттық валютаның курсын реттеу құралдары меңгеріліп, қаржылық тұрактандыруға қол жеткізідді. Экономиканы алға сүйрелеуші локомотив ретінде минералдық ресурстар өндірісі мен экспорты басымды түрде дамыды. Дүниежүзілік шикізат нарығында Қазақстан үшін оңтайлы бағалар конъюктурасы қалыптасып, соның арқасында елдің төлем балансының он сальдосы мүмкін болды. Ақша-несие саясатымен қатар бюджет-салық саясаты да уақтылы реформаланып, ұлттық капитал қордаланды. Макроэкономикалық тұрақтандырудың қысқа мерзімдік салыстырмалы формасы орнықты. Өндірістік-құрылымдық реформалардың аяқталмағандығынан сапалы экономикалық өсуіміздің шарты ретіндегі шынайы макроэкономикалық тұрақтандыруға қол жеткіздік деп айту әзірге ерте. Бұл мақаланың мақсаты — қазіргі.........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Экономикалық өсу | Экономикалық өсу
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі экономикалық даму стратегиясы
» Курстық жұмыс: Экономика | Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет іс-әрекетінің негізгі бағыттары мен оның негізгі көрсеткіштері
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасында тұрақтандыру саясатын жүргізу мәселелері
» Курстық жұмыс: Экономика | Экономикалық даму теориясы

Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі экономикалық даму стратегиясы курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар экономика жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]