Курстық жұмыс: Экология | Қазақстанның өзендерінің экологиялық жағдайы
Мазмұны
КіріспеҚазақстан өзендерінің экологиясына жалпы сипаттама..........................3
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Ертіс өзені алабы ландшафттарының экологиялық жағдайы...........4
2.2. Іле -Балқаш аймағының экономикалық экологиялық проблемасы..................................................6
2.3 Нұра өзені алабында пайда болған антропогендік факторлардың дамуы және олардың табиғи кешендерге әсері.................9
Қорытынды...............................................................................................13
Пайдаланылған әдебиеттер......................................................................14
Кіріспе
Қазіргі уақытта Қазақстанда жаңа мемлекеттік экологиялық саясат жасалып нақты іс жүзінде асырылуда. Оның мәні экономика, заң орындары және жалпы қоғам сияқты ықпал ету мен өмір әрекеттестігінің бір қатар салаларын экологизациялау арқылы еліміздің экологиялық қауіпсіздігіне қол жеткізу.
Бүгінгі күні Қазақстанда тұрақты дамуға өтудің алғы шарттары жасалған және біз нақты экологиялық мәселелерді шешуге бел шеше кіріскенімізді нық сеніммен айтуға болады.
Ірі өзен алаптарының техногендік қалдықтармен ластану қарқындылығының артуы, соңғы уақытта ең қиында күрделі мәселелердің бірі болып отырғаны белгілі. Шығыс Қазақстан өзендері Республика бойынша өте қатты ластанған өзендерге жатады.
Қоғамның қазіргі таңдағы даму жағдайларындағы ластанудың негізгі көздері мыналар болып саналады.
• өнеркәсіптік мекемелер
• жылу беруші қондырғылар
• көлік
• ауылдық аудандардың ауа бассейінін ластау көздері
• радиактивтік ластану
2.1. Ертіс өзені алабы ландшафттарының экологиялық жағдайы
Ертіс – Батыс Сібір мен Қазақстан жеріндегі өзен Обьтың сол саласы.
КХР-дегі Моңғол Алтайының оңтүстік батыс беткейіндегі мұздықтардан басталады. Жалпы ұзындығы 4248 км . Ірі өзен алаптарының техногендік қалдықтармен ластану қарқындылығының артуы, соңғы уақытта ең қиында күрделі мәселелердің бірі болып отырғаны белгілі. Қазақстанның осындай ірі өзен алаптарын бірі болып табылатын Ертіс өзені, Республиканың шығысы мен солтүстік шығысында орналасқан аймақтарды, яғни түсті металлургияның дамыған орталықтарын басып өтеді.
Сонымен Ертіс өзені алабы- Қазақстан арқылы ағып өтетін аймақтарының өнеркәсіптік , ауыл шаруашылық, ауыз суы және тұрмысқа қажетті сулармен қамтамасыз ететін негізгі көзі. Өзен алабына Қазақстан аймағында 53 өнеркәсіптің пайдаланған сулары ағызылады. Бір жылда түсетін қалдық сулардың мөлшері 1,3 млрд.м3 -ті құрайды, оның шамамен 10 проценті ешқандай тазаланбай, ал 30 процентке дейінгісі жартылай, толық тазалаудан өтпеген күйде түседі.
Жұмыс істеп тұрған өнеркәсіптерден басқа аймақтың су ресурстарының жағдайына тау-кен өнеркәсібінің бос қалған рудниктері мен шахталары, сонымен қатар Шығыс Қазақстандағы орманды кесуде елеулі әсерін тигізеді. Шығыс Қазақстан өзендері Республика бойынша өте қатты ластанған өзендерге жатады. Ертіс өзенінің ластану деңгейі, Шығыс Қазақстанда 2002 жылы орташа деп сипатталғанмен де, өзен алабына түсетін өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдық сулардың мөлшері жылына шамамен жүздеген мың тоннаға жетті. Ертіс өзені алабының ландшафттарының зиянды заттармен қарқынды ластануы , тазарту қондырғылары ескі Серебрян ,Өскемен және Семей аймақтарында болса да, өзен алабына негізгі үлкен зиянды Шығыс Қазақстанның апатты жағдайға ұшыраған кезіндегі тау-кен металлургиялық және техникалық өнеркәсіптері әкеледі. Бүкіл Ертіс өзені алабына жыл бойы бірнеше ондаған тонна мырыш , 3 тонна мыс, 2 тоннаданда кадмий мен қорғасын түседі. Ертістің жалпы өзен алабының бойындағы мыс, мырыш, қорғасын, хром, кадмийдің ШЖК (шектеулі жіберілетін концентрация) мөлшері, микробиологиялық көрсеткіш бойынша 24 есеге дейін жоғары. Ертіс өзенінің суындағы мырыштың орташа мөлшері, оның жоғары ағысынан Обь өзеніне құятын жеріне дейінгі аралықта 7,6 есе өзгереді . Бұл жерде өте назар аударатын жағдай оң жақ жағалау салалардағы мырыштың ерітіндісі сол жақ салаларға қарағанда 8,1 есеге көп , бұл жағдай Ертіс өзенінің оң жақ салаларының, әсіресе Бұқтырма, Үлбі,Үбі,Глубочанка, Красноярка сияқты өзендер, Зырян қорғасын, Лениногор полиметалл, Өскемен титан-магний және қорғасын-мырыш, Ертіс химия-металургиялық комбинаттармен және де тағы басқа өнеркәсіп орныдарының ағын суларымен ластануымен түсіндіріледі.
Ертіс өзені алабының атмосферасына түсетін зиянды заттардың негізгі көздері Өскемен, Лениногор, Зырян, Семей және Глубокойдағы өнеркәсіп орындары. Ертіс өзені алабының табиғи және климаттық жағдайларының ерекшеліктері және техногендік ластанудың өте күштілігі, топырақ жамылғысының бұзылуы мен ластануының жоғары деңгейде екенін анықтайды. Ертіс өзені алабының Шығыс Қазақстан аймағы бойынша тұтасымен улылықтың жоғары деңгейіндегі өзіндік геохимиялық ауытқуы пайда болды. Бүкіл осы аймақ бойынша 1 гектар жерге жүргізілген жұмыстың орташа құны 150-200 мың теңге болатын 6300 гектар жер шұғыл тезарадағы өңдеуді қажет етеді. Түсті және тау- кен өндірісінің өнеркәсіптерінің улы қалдықтарымен залалсыздандыру әдістері және қалдықтарының қоршаған табиғи ортаға көмілуі, оның ластануына әкеп соғады, тұрмыстық және өндірістік қалдықтардың көмілу полигондарын өңдеу жеткіліксіз көлемде жасалынуда.
2.2. Іле -Балқаш аймағының экономикалық экологиялық
проблемасы
Іле-Балқаш алабы Қазақстанның оңтүстік шығысында және Қытайдың солтүстік батысында аумақты территорияны алып жатыр. Оның ауданы 413 мың шаршы шақырым алады, алаптың бүкіл территориясының 85 процентін алып жатқан 353 мың шаршы километрі Қазақстанға кіреді, аймақтың басты су артериясы болып саналатын Іле өзені Балқаш көліне шамамен 75 процент суын құяды.
Іле өзенінің жалпы ұзындығы -1439 км, ал оның Қазақстан территорриясындағы ұзындығы 815 км.
Іле өзені алабының негізгі ағынын түзетін бөлігі Қытайда орналасқан. Қазақстан территориясында оған ондаған тау өзендері қосылады, атап айтқанда Хоргос, Шарын, Шелек, Түрген, Талғар, Қаскелең.
Іле- Балқаш аймағының тіршілігінің өту негіздері су ресурстары болып табылады.Алапты шаруашылығы жағынан игеру жасанды су қоймаларының пайда болуына алып келеді. Іле өзенінде – Қапшағай су қоймасы , Шелек өзенінде Үлкен Алматы каналы салынған. Бортоғай су қоймасы және Күрті өзенінде – Күрті су қоймасы.
Ластаушы көздерге негізінен өндіріс орындары әсіресе, Балқаш тау- металлургиялық комбинаты, онымен қатар колекторлы- дренажды және Алматы қаласымен басқа да қала , ауылдардың тұрмыстық ағын сулары жатады.
Іле өзеніндегі ластанулар Қытай территориясынанда келеді. Су қайнар көздерінің санитарлық күйінің төмендеуі, су сапасының нашарлауы күріш егу, жат түрлердің инпродукциясы бәрі-бәрі балық қорларының едәуір азаюына әкеп соқты. Жер беті суларының ластануы бір қатар жергілікті жерде және бұрынғы шаруашылық бөлімшелерде ауыз су тапшылығының негізгі себептерінің бірі болып табылады. Су және жылу энергетикасына арналған күшті ресурсты
потенциалы бола тұра, Іле-Балқаш аймағы өз-өзін электр энергиясымен қамтамасыз ете алмайды.
Болжамға сәйкес, су арылатын жер көлемі жоспарлы түрде кеңейтуге байланысты Қытайдағы су тапшылығы жылдан- жылға арта бермек. Мамандардың есебі бойынша Іле өзенінен оның жалпы көлемінен 10-15 процент суды қосымша іркіп алу Балқаштың тұздануына, сарқылуына және күрделі әлеуметтік-экономикалық мәселелері көп Арал тәрізді экологиялық апатқа алып келуі мүмкін. Осы тұрғыдан алғанда өзіміздің жеке су ресурстарымызды үнемді рационалды пайдалану үшін жедел зерттеулер жүргізу қажет. 80 жылдардың соңында жасалған Іле-Балқаш алабының су ресурстарының кешенді пайдалану сызбасын Қытай Халық Республикасы мүмкін болатын жоспарларына сай жаңарту қажет. Сонымен қатар, 1992 жылы КХР мен бірге бастаған, яғни Хоргос транс шекаралық өзенінің су ресурстарын басқару мәселесін шешетін «Хоргос өзенінде біріккен гидро түйін жобасын » нақты іс жүзінде асыру жөніндегі жұмыстарды жаңарту мүмкіндігін меңгерту керек.
Қорыта келгенде, Балқаш көлі алабының өзендер ағыны ресурстарының экологиялық бағасы және Іле-Балқаш аймағындағы жер асты сулары ресурстарын пайдалану перспективаларының бағамдары: Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы транс шекаралық өзендерді тиімді пайдаланып , Балқаш көлінің
деңгейі төмендеп құрғап кетпеуіне барынша мүмкіндік жасау біздің ең басты мәселеміз болып табылады.
Іле-Балқаш аймағындағы суармалы жер шаруашылығының үлесіне тұтынылатын барлық судың 82 проценті келеді. Ластаушы көздерге негізінен өндіріс орындары әсіресе, Балқаш тау- металлургиялық комбинаты, онымен қатар колекторлы- дренажды және Алматы қаласымен басқа да қала , ауылдардың тұрмыстық ағын сулары жатады.
2.3 Нұра өзені алабында пайда болған антропогендік факторлардың
дамуы және олардың табиғи кешендерге әсері
Нұра өзені- Қарағанды ,Астана облыстарының жері арқылы ағатын өзен, ұзындығы 978 км, су жиналатын алқабы 55100 км2 Өзен Сарыарқадағы Қарқаралы тауының батыс сілімдеріндегі бұлақтардан басталады, Теңіз көліне құяды. Бұл өзен Қарағанды Теміртау қалаларындағы өнеркәсіп орындарын су мен қамтамасыз етеді. Нұра өзені алабында қазіргі өндіріс саласының экономикалық ерекшелігіне сәйкес келетін антропогендік факторлардың барлық түрі дамыған.
Нұра өзенінің ластануы Теміртауда осыдан 50 жылдам астам уақыт бұрын синтетикалық каучук зауытын салудан бастау алды. Ластандырушы көздерден Нұра өзені алабына жел бағыттары арқылы зиянды қалдықтар таралуы байқалады. Ластандырушы көздерден Нұра өзені алабына жел бағыттары арқылы зиянды қалдықтар негізінен қыс айларында алысқа жеткізіліп, көктем,жаз,күз айларында
қашықтығы бойынша біртіндеп азаятын құбылыс.Атмосферадағы көтерілген өндіріс қалдықтарының ауысу мөлшері ауа ылғалдылығына тікелей байланысты болады. Егер ылғалдылық мол болса шаңның жылжу қарқындылығы азаяды және таралу күші кемиді. Сондықтан осы аймақтарда ауаның ылғалдылығыда ластанушылардың алыс-жақынға таралуына өз үлесін қосады. Жаз айларында түскен қалдықтар биогенді компоненттермен жанасып әсер етеді, оларда аккумуляцияланып, қалдықтар шіріген кезде топырақтың құрамына енеді, ал топырақтың өзіне сіңгіш ластандырушы элементтер биогенді бөгеттердің әсерінен эрозиялық және эолдық процестерге ұшырамай көпшілігі сол орында қалуы тиіс деп болжауға болады.Нұра өзеніне сол жерде орналасқан өндіріс орындарынан атмосфераға газ тәрізді заттар, яғни күкіртті ангидрит, күкірт сутегі, көміртегі тотығы, фенол амиак, форматигид,.......
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Реферат: Экология | Қазақстан өзендерінің экологиясына жалпы сипаттама
» Географиядан сабақ жоспары: Антропогендік факторлардың табиғат кешендеріне тигізетін әсері (9 сынып, III тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Өзінің аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептері 2-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Өзінің аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептері 1-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Қазақстанның экологиялық проблемалары (жаңа тақырыпты меңгерту) (Биология, 8 сынып, IV тоқсан)
» Реферат: Экология | Қазақстан өзендерінің экологиясына жалпы сипаттама
» Географиядан сабақ жоспары: Антропогендік факторлардың табиғат кешендеріне тигізетін әсері (9 сынып, III тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Өзінің аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептері 2-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Өзінің аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептері 1-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Қазақстанның экологиялық проблемалары (жаңа тақырыпты меңгерту) (Биология, 8 сынып, IV тоқсан)
Іздеп көріңіз: