Курстық жұмыс: Банк ісі | Қазақстандағы лизингтік несиелеудің жүргізілу барысы
Мазмұны
Кіріспе..............................................................................................................3І Бөлім Лизингті несиелеудің мәні және даму тарихы.
1.1 Лизингтің мәні және даму кезеңдері.............................................5
1.2 Лизингтік несиелеудің даму қажеттіліктері................................12
ІІ Бөлім Қазақстандағы лизингтік несиелеудің жүргізілу барысын талдау
2.1 Орталық Азия жағдайындағы Қазақстанның лизингті ауылшаруашылығына несиелеудегі ролі....................18
2.2 «ҚазАгроҚаржы» компаниясы арқылы лизингке ауылшаруашылық техникаларын несиеге алу................26
2.3 Агроөнеркәсіптік кешендегі лизинг қатынастарының ерекшеліктері.......................................................................................29
ІІІ Бөлім Қазақстан Республикасындағы лизингтік несиелеудегі негізгі мәселелерді басқару
3.1. Лизингте шетелдік алдынғы қатарлы үлгілерін Қазақстанда тәжірибе енгізу мәселелері...................33
3.2. Қазақстандағы лизингтік қатынастарды жетілдіру жолдары...34
Қорытынды...................................................................................................38
Қосымшалар.................................................................................................40
Қолданылған әдебиеттер............................................................................44
Кіріспе
Бүгінде еліміздегі экономокалық реформалар барысында көптеген өзгерістер болып жатыр. Әр түрлі заңдар қабылданып, құқықтық мемлекетімізді нығайта түсер түбегейлі шаралар жүргізілуде. Сондай өзгерістердің бірі, еліміздің нарықтық экономикаға көшуімен ілесіп келген күрделі құбылыстардың бірі - «лизинг» тақырыбының кең орын алуы.
Қазіргі кездегі нарықтық экономиканың заңына байланысты еніп отырған бұл ұғымның маңызы зор. Нарықтық экономикалық қатынастың заңы қатаң, икемің және ақшаң болса ғана өмір сүре аласың. Ал мемлекет мойнындағы дотацияға сүйеніп келген шаруашылықтар, зауыт, фабрикалар мұндай қатаң талап тезіне төзе алмай, өмір сүруден қалып, тоз - тоз болып кетті. Яғни белшесінен борышқа батып, банкротқа ұшырады. Олар жаңа экономикалық қатынасқа орай бұрынғы шаруашылықтар орнына қайта құрылған өндірістік кооперативтер. Алайда, олардың құрал - саймандары яғни техникасы бүгінгі күннің талабына сай емес, сапалы өнім беруге жарамсыз. Міне, еліміздің экономикасының өркендеуіне әсер ететін осындай мәселелерді шешуде инвестициялық құрал ретінде мүлікті жалдау шартының бір түрі лизингті қолдану оң нәтиже беретіні сөзсіз. Бұл тақырыптың өзектілігі мынада - ол әлем экономикасында шапшаң дамып келе жатқан қызметтер шеңберіндегі коммерциялық, кәсіпкерлік қызметінің салыстырмалы жүйеде жаңа түрі деп атауға болады.
Бұл тақырыптың мәнісін біз енді — енді түсіне бастағандаймыз. Экономикалық қатынастардың осындай жаңа түрінің біздің қоғамымызда қолданысқа ене бастағанына онша көп уақыт өте қойған жоқ. Өйткені арнайы мамандар болмаса шынайы лизингтің қандай болатындығын іскер кәсіпкерлердің өздерінің нақты біле бермейтіндігі жасырын емес. Сондықтан да лизингті іскер топтар арасында кеңінен түсіндіріп, болашақ экономика мамандарына ұғындыру бүгінгі таңда еліміздегі экономикалық білім беру ісіндегі маңызды міндеттердің біріне айналып отыр. Осы тұрғыдан келгенде «Лизинг орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атқаратын қызметі теңдессіз. Себебі ол қазіргі кезде лизингтің теориясы мен тәжірибесін зетрттеп жатқан республикамыздағы бірден - бір мамандандырылған оқыту консалтингтік фирмасы саналады.
Сонымен ауылшаруашылық тауарларын өндіруші үшін лизинг екі өте маңызды мәселелерді шешеді: техника сатып алынады және қаржыландырады. Осының нәтижесінде шаруа (фермер) қожалықтары мен басқа да ауылшаруашылық кәсіпорындарын нарық жағдайындағы бәсекелестікке шыдамдылығы артады.
Сонымен қатар лизинг қымбат машиналарды пайдалануға мүмкіндік береді және жоғары дәрежеде фирмалық сервиспен қызмет көрсетеді.
І. Бөлім. Лизингті несиелеудің мәні және даму тарихы
1.1 Лизингтің мәні және даму кезеңдері
«Лизинг» ағылшын тілінен аударғанда «жалға беру» деген ұғымды білдіреді. Лизингтік операция деп ұзақ мерзімді пайдаланылатын заттарды (ғимарат, машина, ұшақ, автокөлік, компьютерлерді) жалға беруді айтады.
Лизинг, жоғары тиімді және ерекше икемді инвестициялық құрал ретінде, өндірісте ғылыми техникалық прогреске жетуді жүйелі қолдануға мүмкіндік береді. Экономикалық тұрғыдан қарағанда лизинг бірнеше қызмет атқара алады. Біріншіден, инфляция жағдайында ақша бірлігінің алу қабілетінің төмендеуі кезінде, шығындардан ақша қаражаттарын қорғауда, ол негізгі қорға қаражат салудың нысаны болып табылады. Екіншіден, лизинг өндірісі метериалды - техникалық қамтамасыз етуде ең озық әдістердің бірі болып табылады. Лизингті мәміледе 3 қатысушы болады.
Лизинг беруші - бұл өзіндік және сырттан тартылған қаражаттар есебінен лизингке берілетін мүлікті өз меншігіне сатып алатын және оны лизингтік келісім - шарт негізінде лизинг алушыға беретін лизингтік келісімнің қатысушысы.
Лизинг алушы - лизингтік келісім - шарт негізінде кәсіпкерлік мақсат үшін лизингке берілетін мүлікті қабылдайтын лизингтік келісімге қатысушы тұлға.
Сатушы - лизинг нысанасын сатып алу - сату шарты және лизинг шарты негізінде оны бұдан кейін лизинг шартының талаптарымен лизинг алушыға беру мақсатында лизинг берушінің меншігіне өткізетін лизинг мәмілесіне қатысушы. Сатушы бір мезгілде лизинг нысанасының лизинг алушысы ретінде іс - қимыл жасай алады.
Лизинг түрлері әртүрлі:
Жедел лизинг - анағұрлым қысқа мерзімге беріледі. Оның объектісі болып моральдік тозу қарқыны өте жоғары машиналар мен құрал -жабдықтар табылады.
Қаржылық лизинг - анағұрлым ұзақ мерзімге беріледі. Ол мерзім машиналар мен құрал - жабдықтардың амортизициялық тозу мерзімімен сәйкес келеді. Бұл жерде мәміле аяқталмай, күшін тоқтата алмайды. Онда мүлікті лизинг алушымен сатып алыну мүмкіндігі көрсетілген.
Қалдық құны бойынша лизинг - пайдалануда болған құрал жабдықтарды жалға беру. Сондықтан лизинг объектісі бастапқы құнымен емес, қалдық құны бойынша бағаланады.
Қайтарымды лизинг - қаржы лизингісінің бір түрі. Дайындаушы (иеленуші) мен, жалға беруші бір адам болып табылатын лизинг нысаны. Оның мәні мынада. Машинаның немесе жабдықтың иесі оларды лизингілік фирмаға сатады, бұл фирма кейіннен оларды тікелей бұрынғы иесіне жалға береді. Мұндай коммерциялық мәміле жалға алушыға күрделі шығындарды үнемдеу және сонымен бірге көптеген машинаны пайдалану мүмкіндігін береді.
Импорттық лизинг - лизингілік фирма шетелдік компаниядан жабдық сатып алып, кейіннен отандык жалгерге жалға беретін мәміле.
Өтемдік лизинг - қаржы лизингісінің бір түрі. Жалгер жалға алу ақысы ретінде лизингілік фирмаға жалға алынатын машиналар мен жабдықты пайдалана отырып, ендірген тауарды жеткізетін лизинг нысаны. Мұндай лизингілік операциялар кәсіпорындардың импорттық техникалық құралдарды сатып алу және жалға алу үшін қажетті валютасы болмауына байланысты олардың шетелдік лизингілік фирмалармен өзара іс-қимылында өте-мөте тиімді.
Халықаралық жанама лизинг - жалға беруші мен жалгер бір елдің зары ұйымдары болып табылатын, алайда алғашқысының (жалға берушінің) капиталы сайып келгенде ішінара шетелдік фирмалар мен қаржы мекемелеріне (әдетте, банктерге немесе шетелдік лизингілік компанияларға). тиесілі болатын мәміле.
Халықаралық тікелей лизинг - барлық операциялар әр түрлі елдердің кәсіпорындары мен ұйымдары арасында тікелей жасалатын мәміле.
Оралымды лизинг - Көлік құралдарын, құрылыс техникасын, приборларды, аппаратураны және басқа техникалық құралдарды қысқа мерзімге (бір жылға дейін) жалға беру. Аталған құралдардың пайдаланылғаннан кейін иесіне — лизингілік фирмаға (жалға беретін кәсіпорынға) қайтарылатыны оралымды лизингінің ерекшелігі болып табылады.
Экспорттық лизинг - лизингілік фирма ұлттық фирмадан жабдық сатып алып, кейіннен оны шетелдік жалгерге беретін мәміле.
Қазақстан Республикасының «Қаржы лизингі таралы» заңына сәйкес мынадай негізді нысандары мен түрлері реттеледі.
1. Лизингтің нысандары:
1). Ішкі лизинг. Ішкі лизингті жүзеге асырған кезде лизинг беруші, лизинг алушы және сатушы Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылады.
2). Халықаралық лизинг. Халықаралық лизингті жүзеге асырған кезде Халықаралық лизинг беруші немесе лизинг алушы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайды.
2. Лизингтің түрлері:
1). Қайтару лизинг - лизингтің бір түрі ол бойынша сатушы лизинг нысанасын лизинг берушіге осы лизинг нысанасын қайтарып алушы ретінде лизингке кері қайтарып алу талабымен сатады;
2). Банк лизинг - мұнда лизинг беруші банк болып табылады;
3). Толық лизинг - ол бойынша лизинг нысанасына техникалық қызмет көрсетуді және оның ағымдағы жөндеуін лизинг алушы жүзеге асырады.
Лизинг нысанасы.
1. Үйлер, ғимаратттар, машиналар, жабдықтар, құрал - саймандар, көлік құралдары, жер учсаскелері және кез келген басқа да тұтынылмайтын заттар лизинг нысанасы бола алады.
2. Бағалы қағаздар мен табиғи ресурстар лизинг нысанасы бола алмайды.
3. Заң актілерінде заттар мен жер учаскелерінің жекелеген санаттарын лизинг нысанасы ретінде пайдалануға өзге де шектеулер белгіленуі мүмкін.
Осы заңда жоғарыда аталып өткен ұғымдардан басқа мынадай ұғымдар бар:
Лизинг мәмілесі - лизингке қатысушылардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған келісілген іс - қимылының жиынтығы;
Лизинг қызметі - лизинг берушінің лизинг шартының талаптарын орындау жөніндегі қызметі;
Тұтынылмайтын заттар - пайдаланылған кезде тозатын, бірақ пайдалану процесінде табиғи қасиеттерін жоғалтпайтын жылжымалы және жылжымайтын мүлік;
Сублизинг - шарттық қатынастар, оларға сәйкес лизинг алушы лизинг берушінің жазбаша келісімімен лизинг нысанасын үшінші бір тұлғаға ақыға уақытша иеленуге және кәсіпкерлік мақсаттар үшін пайдалануға береді;
Сақтандырушы - жаза негізінде өзіне лизингалық келісіммен байланысты болатын тәуекелді өзіне алатын жақ;
Кредитор - лизинг берушінің келесіде лизингке беретін мүлікті сатып алуды қаржыландыратын тұлға - банк;
Делдал - осы мәміленің тараптары болып саналатын тұлғаларға лизингалық келісіммен байланысты қызмет көрсетуші тұлға;
Кез келген лизингтік компания лизингтік істі жүзеге асыру үшін мемлекеттік лицензияға ие және Қазақстан Республикасының 2000 жылдың 5 шілдесіндегі «Қаржылық лизинг туралы» Заңына сәйкес әрекет етеді. Осы заң қаржылық лизингтегі болған процесстердің қарым - қатынасын реттейді және де инвестицияны тарту үшін де бағыталған.
Лизинг инвестициялық саясаттың тиімді құрамы ретінде өндірістің құлдырауы кезеңінде дамуы үшін үлкен мәні бар. Қызметтің бұл түрі өзінің экономикалық табиғатына қарай халықтық экономиканың сауығуына және дамуына, ол халықаралық деңгейде шетелдік серіктестіктермен жаңа байланысты құруға және нығайтуда үлкен салым салуға қабілетті.
Жалпы лизингтік келісімнің құрылу сызбасы.
Клиенттің лизингтік компанияға өтініш беруі.
Лизинг беруші мен лизинг алушы арасындағы келісім. Жобаны сараптау.
Несиелік комитетте жобаны қабылдау туралы шешім.
Қаржылық лизинг туралы келісім шартты қорытындылау.
Сатып - алу сату келісім шартын қорытындылау.
Сақтандыру келісім шартын қорытындылау.
Лизинг алушының лизинг берушіге аванстық шарт бойынша есеп айырысу.
Жабдықтаушыға келісімшарт бойынша есеп айырысу.
Жабдықтаушының лизинг алушыға құрал - жабдықтар жеткізіп тұруы.
Мерзімді лизингтік төлемдерді өтеу......
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Банк ісі | Қазақстан Республикасындағы лизингтік несиелеу
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы лизингтік несиелеу
» Курстық жұмыс: Банк ісі | Лизингтік операциялар есебі
» Курстық жұмыс: Экономика | ҚР лизинг бизнесі
» Курстық жұмыс: Банк ісі | Лизинтгтік операциялар есебі
» Курстық жұмыс: Банк ісі | Қазақстан Республикасындағы лизингтік несиелеу
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы лизингтік несиелеу
» Курстық жұмыс: Банк ісі | Лизингтік операциялар есебі
» Курстық жұмыс: Экономика | ҚР лизинг бизнесі
» Курстық жұмыс: Банк ісі | Лизинтгтік операциялар есебі
Іздеп көріңіз: