Курстық жұмыс: Туризм | ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІСКЕРЛІК ТУРИЗМІНДЕ ИТАЛИЯНЫҢ ҮЛЕСІ
Мазмұны
КІРІСПЕ..............................................................................................................31 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІСКЕРЛІК ТУРИЗМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
1.1 Қазақстан мен Италия арасындағы іскерлік қарым-қатынас..........................................5
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІСКЕРЛІК ТУРИЗМІНДЕ ИТАЛИЯНЫҢ ҮЛЕСІ
2.1 Қазақстандағы Италия компаниялары және олардың ұйымдастыратын көрмелері, жәрмеңкелері...........15
2.2 Қазақстандағы туристік кәсіпорындардағы бизнес турлары..........21
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................30
КІРІСПЕ
Қазақстандық және шетелдік азаматтардың әртүрлі туристік қызметтерге қажеттілігін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру, саланы дамытудың экономикалық және құқықтық тетіктерін әзірлеу әрі Қазақстанның туристік өнімінің сапасын қамтамасыз ету біздің алдымызда тұрған ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Туризм әлемдік экономикада басты рольдердің бірін атқарады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдік жалпы ұлттык өнімнің 10 бөлігін, халықаралық инвестициялардың 11 пайызынан астамын, әлемдік өндірістегі әр бір 9 шы жұмысшы орнын қамтамасыз етеді. 1993 жылы Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік туристік ұйымға нақты мүше болып кірді.
Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші мыңжылдықта басталған Ұлы Жібек жолының құрылуы мен дамуы Қазақстан туризмінің тарихи алғы шарттары болып табылады. Қазақстанда қазіргі заманғы инфрақұрылым салаларының дамуына, соның ішінде туризмге үлкен мән беріледі. Туризм елдің тұтас өңірлерінің экономикасына белсенді ықпал етеді. Туризм саласында шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы мен жұмыс істеуі жол көлігінің, халыққа сауда, мәдени, дәрігерлік қызмет көрсетудің дамуымен тығыз байланысты.
Қазақстанның тәуелсіздік алуы туристік қызметті реттеу мен халықтың тарихи және мәдени мұрасын жаңғырту үшін негіз боп қаланды. Туризмнін тез және тұрақты өсуін, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлык саласына және қоғамның әл ауқатына күшті ықпалын назарға ала отырып, Үкімет туризмді Қазақстан экономикасының маңызды секторы деп анықтады.
Туристік қызмет кәсіпорын шаруашылық әрекетімен ғана шектеліп қоймайды, ол әр түрлі қоғамдық және кәсіби ассоциациялар мен бірлестіктердің,аймақтық, ұлттық, халықаралык институттар, мемлекеттік және мемлекет аралық реттеу ұйымдарының қызметімен өте тығыз байланысты болады. Туристік сапардағы адамдар қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған барлық осы элементтер әрекетінің жиынтығы туризмнің әлеуметтік - экономикалық құбылыс ретіндегі түсінігін қалыптастырады. Туризм құрылымдарынын әр қайсысы өзінің нақты функциясын жүзеге асырғанда маркетинг концепциясын қолданады, сол арқылы ғана өз қызметінің тиімділігін арттырып, өзіне және қоғамға белгілі бір пайда алып келе алады.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанда қазіргі кезде туризмге үлкен мән беріліп отыр, соның ішінде ең табысты туризм түрі- іскерлік туризмді дамыту. Себебі, Қазақстан көптеген мемлекеттермен экономикалық тығыз қарым-қатынаста. Сондықтан, жыл сайын елімізге іскерлік мақсаттағы сапармен келушілердің саны көбеюде. Соның ішінде италия туристері мен қазақстанның италияндық компаниялары елеулі орын алды.
Зерттеу жұмыстың мақсаты. Тақырыпты теориялық тұрғыдан жан жақты зерттеу. Қазақстанда іскерлік туризімнің орнын анықтау. Қазақстан мен Италия арасындағы экономикалық қарым-қатынаспен дамып жатқан бизнестен іскерлік туризм сапасы арқылы табыс түсіру жолдарын қарастыру. Жұмысты жазу барысында салыстыру, эксперттік, графикалық, статистикалық талдау әдістері қолданылады.
Аталған мақсатқа жету үшін алға қойылған. мәселелер, Қазақстан Республикасындағы туристік мәселер мен ақпараттарды қарастыру. Қазақстан мен Италия арасындағы экономикалық, іскерлік қарым-қатынастарынан туындаған бизнес туризімнің даму қарқынын қарастыру.
Зерттеу пәні- Қазақстан мен Италия арасындағы іскерлік туризм.
Зерттеу объектісі- Қазақстан мен Италия арасындағы іскерлік туризімнің маңызы.
Ғылыми жұмыстың теориялық және методологиялық негізі осы саладағы отандық және шетелдік авторлар еңбектері, ҚР статистика агенттігінің мәліметтері, отандық және шетел жариялымдары және интернет жүйесі болып табылады.
Аталған тақырыпта жүргізілген зерттеу жұмысының жаңалығы. Қазақстан мен Италия арасындағы іскерлік туризм ерекшіліктеріне зерттеу жүргізу.
Ғылыми жұмыстың тәжірибелік маңызы. Глабалды экономика мен іскерлік туризімнің қысқа мерзімде әлемдік деңгейде табыс түсімі бойынша жетекші салалардың біріне айналуы ХХ ғасырдың экономикалық феномені болып табылады. Қазақстанда іскерлік туризм потенциалын өте жоғары деңгейде қойып оны дамыту керек.
Ғылыми жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады.
1 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІСКЕРЛІК ТУРИЗМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
1.1Қазақстан мен Италия арасындағы іскерлік қарым-қатынас
Іскерлік туризм дегеніміз - профессианалды міндеттерді орындаумен тікелей байланысты саяхат. Бүкіл әлемдік интеграция мен іскерлік байланыстардың өсуінен іскерлік туризм жылдан жылға маңызды орын алуда. Саяхаттардың мақсаты- фимрмалардың объектілерін көру немесе оған қызығушылық тудыру, іскерлік кездесу, сонымен қатар жиналыстар, конференциялар, семинарлар мен симпозиумдарды ұйымдастыру.
Іскерлік туризм қазіргі кезде ең тез дамып келе жатқан туризм түрі, бірақ өзіндік үлкен табысты туризм түрі болып тек XX ғасырдың 80-90 жылдары қалыптаса бастады. Дүниежүзілік экономиканың глобалдылығы мен оған іскерлік интенсификациясы, ғылыми және мәдени байланыстардың тікелей қатысы іскерлік туризмді динамикалық тез өсетін әлемдік шаруашылықтағы салаға айналдырды. Сондықтан бұл XX ғасырдың экономикалық феномені болып табылады.
Іскерлік туризм көп салалы. Мамандар “бизнес - туризм” түсінігі орнына жиі ағылшын аббреавиатурасы-“MІCE” терминін қолданады, өйткені бұл аббревиатураны құрайтын сөздер –(Meetings; Incentives; Conferences; Exibitions - Кездесулер; Инсентивтер; Конференциялар; Көрмелер) бұл іскерлік туризм түрлері немесе бизнес – туризм құрылымы.
«Horwath Axe Consultants» мәліметі бойынша:
1)Жеклеген іскерлік сапарлар, олар бүгінгі күні іскерлік туризм құрылымының 70,8% құрайды;
2) Конференция, семинарлар – 12,6%;
3) Көрмелер – 10,3%;
4) Конгресстік туризм – 3,3%;
1 кесте
Қазақстанға келушілерді сапар мақсаттары бойынша бөлу [].
Адам 2007ж 2008ж 2009ж
Іскерлік және кәсіби мақсаттағы туризм 128 848адам 84861адам 95 996 адам
Барлығы 520 972адам 541 930адам 551 950адам
Бірақ ТМД – да экперттердің ойынша, басқаша. Іскерлік сапар әйгілігі өте жоғары, мәселен, таза интенсив үлесі 2% тең. Егер әлемдік турағымда бизнес – туристер үлесі 25-30% құраса, ТМД – 20% аз.Сол уақытта басқа жағынан ірі қалалар– Мәскеу, Санкт-Петербург, Алматы кіру ағымы бизнесмендердің 60%-ға жақындады [10].
Конференция, семинарлар [11] – бұл шараларға қатысу алдын –ала жоспарланады. Бұл шараға компаниядан адам жіберілуі мүмкін немесе функциялық тұлға немесе бақылаушы т.б..
Ал көрмелерге қатысу керісінше, алдын – ала ойластырылмаған таныс емес адамдар болады [12].
Конгресстік туризм.
Конгресстік қызмет көрсету – туристтік қызмет көрсету түрлерінің арнайы түрі. Конгресстік туризм әлемдегі тиімді туризм түрі, өйткені туризмнің басқа салалары,мәселен, демалыс және ойын-сауық мақсатындағы туризм түріне қарағанда көп табыс береді.
Сонымен қатар, конгресстік туризм басқа саяхат түрлеріне қарағанда екі үлкен ерекшелігі бар:
• конгресстік туризм – материалдық базаны маусымаралық немесе маусым емес уақытта қолдануға мүмкіндік береді;
• конгреске қатысушылар үшін орынды броньдау шара өткізілер алдында ғана жүзеге асады.
Осы сияқты конгресс және басқада шаралар тиесілі материалдық базалардан басқа демалыс, ойын-сауық, спортпен айналысу мүмкіндігі болатын орындарда ұйымдастырылады.
Инсентив – туризм (ағылшын іncentіve – стимул, мадақ)- халықтық туризм нарқында іскерлік туризм түрі ретінде қызмет атқарғанына көп болған жоқ, бірақ көптеген компаниялар ынталандыру әдісі мен ұжым ынтымағына жеткен. Бұл біріккен туристтік саяхат және компания офисіндегі корпоративті кеш, ұжымдық демалыс немесе қала сыртындаға пикник болуы мүмкін [6].
Инсентив турлар – компания басшылығының қызметкерлерге алғыс айту, тұрақты клиенттерге жақсы орындаған жұмысы мен тереңдеген бірлестік үшін ең тиімді әдістердің бірі. Корпоративті конференция, оқуға шығушы, семинарлар, тренингтер белсенді демалыспен қосылысында нық топ рухын қалыптастырады, персоналды белсенді жұмысқа ынталандырады және өздерінің міндеттерін орындаудың жолын табу. ¦лкен ұсыныстар ассотиментін қолдана отырып, турфирма немесе консалтингтік компаниялар әрбір ұйым үшін саланың, кадр және басқа ерекшеліктерді есепке ала отырып, жекелеген бағдарлама құрайды. Бұл шара тиімділігін жоғарылатады. өндірісті жоғарылыту үшін, қызметкерлер қызығушылығын ояту үшін, ұжымды біріктіру үшін инсентив – бағдарламалар жасалады.
Қалай инсентив – бағдарлама құруға және одан максимум пайда табуға болады?
Бірінші жағдай. Адамды жұмыс істетуден басқа күрделі мәселе жоқ. Тіпті үлкен ақшаға да.
Кез-келген деңгейдегі басшы бұның қиындығын түсінеді. Онжылғы еркін нарықта отандық топ – менеджерлер жұмыс шыңы нақты мәселелерді шешуге жабайы капитализм құралдарын қолданды: онда жұмыстан шығарды, жұмысқа қабылдады; төлемақыны көтерді, түсірді; премия төледі немесе төлемеді; ұрысты және мадақтады. Кейде осылар көмектесті, бірақ көп уақытқа емес. Бұл он жылдық тырысу нәтижесі: айдан анық тіпті еркін экономика елінде де адамды жұмысқа өзінің ерігінсіз жұмыс істету мүмкін емес.
Екінші жағдай: адамды сатып алуға мәжбүрлеу. Тоталитарлық дифицит елінен біз тауар мен қызметтер артықтығы еліне өттік. Блат бойынша тауарлардан, прилавкалардан – қатаң конкуренцияға. Бұгінгі күні кейбір бай тұтынушы үшін көрші дүкенде (салон немесе складта) де сол арзан және тіпті жақсыны ұсынатынын білмейді де. Бұл жағдайға, аз емес сәтті компаниялар тәжірибесін көруге болады.Алайда, бизнесте әмбебап кеңестер болмайды,олардың жеңісін бақылауға болады.Адамды жұмысқа және сатып алуға мәжбүр ете алмайсың, бірақ адамды шығармашылық еңбекпен алуға нақты ынталандыруға болады.
Сәтті ендегі кәсіпкерлердің бірі, “Планета фитнес” спорттық–сауықтыру клубтарының Президенті Ирина Краг-Тимгрен ойынша: “Құлды қызметкерді төлемақымен ұстай алмайсың: әрқашан оданда көп төлейтін басқа біреу табылады. Сондықтан мен әрбір қызметкер үшін ынталандыру жүйесін құруға тырысамын. Менің тәжірибем бойынша, мен сенетін көптеген қызметкер үшін олардың кәсібилігі мен азаматтық өсуіне инвистиция құнды.
Сондықтан біз топ менеджментті оқимыз, тренинг жүргіземіз, ұсыныс пен инициативаға ерекше көңіл бөлу. Ынталандыру клиент қалтасы үшін кілт және интеллект және коллега инициативасы үшін де кілт. Ең күрделісі – осы ынталандыруды құруды үйрену. ”Инсентив - турлар” – бұгінгі күкні қызметкерлер мен клиенттерді мадақтау түрінің кең қолданысқа иесі. Ынталандыру туризмі – бұл сапарларда коммерциялық компаниялар өздерінің қызметкерлерін жұмыстағы жоғары көрсеткіші мен үлесі үшін мадақтауды және келешектегі өндірістік еңбекке стимулдайды. Бұл қызметтерді ынталандырушы және компаниядағы клиенттердің сенімін қолдайтын әрекет құралы”.
Исентив-тур тапсырыс мотиві анық – ол қызметкерлер өндіріс еңбегін стимулдеу және турсапар көмегімен сату көлемінің көбейюі. Әрине стимул ретінде ақшалай премия, құнды сыйлықтар бола алады. Бірақ тәжірибе көрсеткендей ақшалай премия ақша құртылмай жатып ұмытылса, құнды сыйлықтарда бір уақыттан соң естен шығады. Әрбір ерекше турсаяхат өмір бойы есте қалады және жақсы жұмыс үшін ең күшті мотиватор болуы мүмкін. Сондықтан, инсентив-туризмді жақын жерде пансионаттағы корпоративті ішумен айрбастауға болмайды. Инсентив-туризм басталады егер сіз сөздің ұжымыңыз және бағынушылар сөздің қазіргі және потенциалды коллегаларыңыз сол сезім, ақпарат, эмоция ала бастаса ғана исентив-туризм болады, яғни бұларды сатып алуға, тіпті басқа жағдайда алуға мүмкін емес.
Қазақстанда іскерлік туризм жақсы дамуда және басқа туризм түріне қарағанда ең табысты түрі болып табылады. Себебі Қазақстанға көптеген мемлекеттер бизнес жағынан қызығушылық танытуда.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында Астана қаласын іскерлік туризм орталығына айналдыру міндетін қойды, ал Батыс Қазақстан облысы туризм бойынша табыс түсіретін салаға айналып жатыр. Іскерлік туризм Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Астана сияқты бизнес-қалаларда жақсы дамыған.
1 сурет. Қазақстан бойынша іскерлік мақсаттағы туристер саны [].
Италия Қазақстанның Шығыс Европадағы маңызды саяси және экономикалық әріптестерінің бірі болып табылады.
Қазақстан мен Италия арасында дипломатиялық қатынас 1992 жылдың 12 шілдеде орнады. Екі жақтық бірлестіктегі алғашқы қадамдар 1992 жылы қарашада қазақстан-итальян Сауда палатасының құрылуымен анықталады, оның мақсаты сауданы дамытудағы көмек көрсету, семинарлар, көрмелер, жәрмеңке өткізу болып табылды. Сол кезден бастап Қазақстан мен Италия арасында бизнес туризмнің дамуы бастау алды. 1993 жылы желтоқсанда Алматыға Италияның сыртқы сауда Институты делегациясы келді. 1993 жылы ақпанда кабелді өнімді өндіру үшін құрал-жабдықтарды жеткізу және дайындауға 24,125 млн. АҚШ долларына «Энергокабель» АҚ-мен контрактқа қол қойды. Итало-қазақстан саудасының көлемі 1994 жылдан 1999 жылға дейін 56 пайызға өскен; және ол қазақстан экспортының Италияға шикізат материалын тасымалдауы. Мұндай жағдай екі елдің экономикалық мүмкіндігі мен күшіне сәйкес келмейді. Италия мысты импорттау көлемін ұлғайтуға құлшыныс білдіріп отыр. Италияның сыртқы сауда министрі А. Фантоццидің көрсетуі бойынша, «Италияға келген түсті металлургия өнімі ағысының ары қарай дамуы өте тиімді».
1994 жылы 22 қыркүйекте Президент Н. Ә. Назарбаевтың Италияға ресми сапары басталды. Екі ел мемлекеттер арасында егемендік теңдікті, аумақтық тұтастықты құрметтеу, шекараның мызғымастығы, дау-жанжалдарды бейбіт жолмен шешу принциптерін қолдайтындықтарын мәлімдеді.
Екі жақ адам құқығын сыйлау мен этникалық маңыздықтарға, демократиялық принциптер мен бостандыққа көңіл бөлетіндігін мәлімдеді. Қазақстан мен Италия ядролық қаруды таратпау режимін күшейту үшін алға шығатындарын және адамзатты жоятын барлық қару түрлерін таратпауға бағытталған шараларды қабылдады.
Екі жақ елдерінің келешегі Европалық континент сияқты нарықтық экономикада қалыптасқан жүйенің құрылуы мен экономиканың дамуына байланысты болады деді. Олар әр түрлі салада өзара тиімді бірлестік даму үшін керекті шаралар жасап отыратынын мәлімдеді. Сонымен қатар Италия екі елдің қоғамы мен халықтарын біріктіруге ықпал ететін құқық, саясат, экономика және мәдениет саласында Қазақстанға көмек беретінін мәлімдеді.
Екі жақ Қазақстандағы Семей полигонындағы ядролық қаруды жылдар бойы сынақтар және Арал теңізінің тартылуы ғаламдық қауіп-қатер болып табылады. Бұл мәселе жан-жақты бағдарламаларды пайдалана отырып бірігіп шешілуі қажет.
Римде біздің еліміздің Басшысы мен Италияның Кеңес Министрлерінің Төрағасы Сильвио Берлускони екі ел арасындағы өзара қарым-қатынастар принциптері жайлы Декларацияға қол қойды.
Бірлескен Декларацияда екі ел үкіметінің ісіндегі басымды бағыттары анықталған. Қазақстан мен Италия қоршаған орта саласында бірлестікті дамыту мен технология мен тәжірибемен алмасу жүзеге аспақшы. Екі жақ мәдени бірлестік, сондай-ақ білім, туизм, ғылым және мәдени құндылықтарды сақтау салаларын қолдайтындығын айтты.
Келіссөз кезінде мынадай құжаттарға қол қойылды:
• Экономикалық бірлестік жайындағы Декларация;
• Екі еселік салық жинау туралы Конвенция;
• Инвестицияны қорғау мен қолдау туралы Келісім;
• Екі ел СІМ арасындағы консультациялар жайлы Протокол;
• Ғылым мен технология саласындағы бірлестік жайындағы протокол........
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Маркетинг | Қазақстан Республикасының туризм саласындағы маркетинг
» Курстық жұмыс: Туризм | Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының қазіргі жағдайы және болашағы
» Курстық жұмыс: Туризм | Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының қазіргі жағдайы және болашағы
» Курстық жұмыс: Туризм | Туризм саласындағы маркетингтің сипаттамасы
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының туризм саласындағы маркетингті дамыту және жетілдіру жолдары
» Курстық жұмыс: Маркетинг | Қазақстан Республикасының туризм саласындағы маркетинг
» Курстық жұмыс: Туризм | Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының қазіргі жағдайы және болашағы
» Курстық жұмыс: Туризм | Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының қазіргі жағдайы және болашағы
» Курстық жұмыс: Туризм | Туризм саласындағы маркетингтің сипаттамасы
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының туризм саласындағы маркетингті дамыту және жетілдіру жолдары
Іздеп көріңіз: