Курстық жұмыс: Туризм | Қазақстан туризм
Мазмұны
КІРІСПЕ..............................................................................4І ТАРАУ Туризм индустриясының қолға алынуы.....................................
1.1 Туризм және оның қызмет көрсету сфералары
1.2 Туризмді дамытудың мақсаты,міндеті, шешу жолдары, нәтижелері
1.3 Туризмнің танымдық, рекреациялық бағыттары
ІІ ТАРАУ Қазақстан туризмі әлемдік деңгейде...
2.1 Қазақстанның шетелдермен туристік байланыстары
2.2 Туризм және спорт
2.3 Қазақстан туризміне қойылатын талаптар.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАР
Кіріспе
Ұлы Жiбек жолы бойында орналасқандықтан Қазақстан аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып қорықты жерлер ежелден саяхат және туризм нысандары болып табылған. Қазақстандағы алғашқы туристiк ұйымдар 20 ғ-дың 20 — 30-жылдары пайда болды. 1929 ж. Алматы қаласында тұңғыш туристiк жорық ұйымдастырылды. Оған Г.И. Белоглазов пен Ф.Л. Савин басқарған 17 мектеп мұғалiмдерi қатысты. Жорық Алматы төңiрегiнен басталып Есiк к-нде (62 км) аяқталды. 1930 ж. Алматы өлкетану мұражайы жанында Пролетарлық туризм және экскурсия қоғамының өлкелiк бөлiмшесi жұмыс iстей бастады. Оның алғашқы төрағасы болып В.Г. Горбунов сайланды. Осы жылы Алматы қалалық телеграф пен пошта қызметкерлерiнен (16 адам) құралған топ (Ф.Л. Савин басқарған) Медеу — Көкжайлау — Үлкен Алматы к. жағалауына дейiн барды.
Туризмнiң бұл түрiне В.Зимин, А.Бергрин, Д.Литвинов, Х.Рахимов, Г.Белоглазов, т.б. көп үлес қосты. 1931 ж. қаңтарда Алматыдан Зиминнiң бастауымен алғаш рет шаңғышылар жорығы ұйымдастырылды. “Еңбек және қорғаныс” эстафетасын алған бұл жорыққа қатысқан 8 шаңғышыға ұлттық атты әскер полкiнiң сегiз шабандозы қосылды. Олар Алматыдан шығып, Ұзынағаштан өтiп Қордай асуы арқылы эстафетаны Қырғызия командасына табыс еттi. Сол жылы Алматыдағы Жетiсу губ. мұражайдың жанынан Бүкiлодақтық пролетарлық туризм мен экскурсия ерiктi қоғамының 10 мүшесi бар алғашқы ұясы ұйымдастырылды. Ол кейiннен Қазақстан өлкелiк кеңесiне айналды. Әуесқой туристердiң бастауымен Алатау қойнауындағы Күйгенсай (Горельник) шатқалында туристер үшiн шағын үй салынды. 1936 ж. бұл жерде республикадағы ең алғашқы 50 кiсiлiк “Горельник” турбазасының шаңырағы көтерiлдi. 1938 ж. Көкжайлау шатқалында (Алматы маңында) алғаш қазақстандық туристер слетi өттi. Оған 200-дей туристер қатысты. 1943 жылдың басынан “Горельник” турбазасында Кеңес армиясының тау атқыштарын даярлайтын Бүкiлодақтық нұсқаушылар мектебi орналасты.
Ұлы отан соғысынан кейiн “Горельник” тау шаңғышылары мен альпинистер кадрларын даярлайтын базаға айналды. Адамдардың белсендi демалысы мақсатында 1952 ж. Қазақстанда Туристiк-экскурсиялық басқарма (ТЭУ) құрылды. 1961 ж. Алматыда Респ. жас туристер ст. ашылды. 1960 ж. кәсiподақтардың Қазақ респ. кеңесi жанынан туризм жөнiндегi респ. басқарма ұйымдастырылды. 1962 ж. Туристiк-экскурсиялық басқарма Туризм жөнiндегi кеңес болып қайта құрылды. 1965 ж. Қазақстанда респ. және 5 обл. (Алматы, Қарағанды, Шығ. Қазақстан, Орал, Шымкент) туристiк кеңес және әр облыста экскурсиялық бюро ашылды.
1950 — 60 ж. Алматы жоғары оқу орындарында тау туризмi, альпинизм (шыңға шығу), спорттық туризм дами бастады. Мұның нәтижесiнде туристiк нұсқаушылар тобы қалыптасты. Осы жылдары С.Күдерин, Ү.Үсенов, Н.Дубицкий, В.Г. Хомулло, т.б. мамандар оқушылар мен студенттер арасында туризмдi дамытуда үлкен үлес қосты. 1958 ж. Зиминге тұңғыш рет туризм бойынша КСРО-ның спорт шеберi атағы берiлдi.
1970 ж. құрылған Туризм және саяхатшылықтың респ. кеңесi туризмнiң одан әрi дамуына әсер еттi.
1971 — 75 жылдары Қазақстанда туризмнiң материалдық базасын нығайып, саяхаттық-туристiк ұйымдар көбейдi, жаңа туристiк базалар мен мейманханалар пайдалануға берiлдi. 1978 ж. Қазақстанда экскурсия мен туризмнiң респ. кеңесi және 14 обл. кеңес, 17 туристiк база мен мейманханалар, 26 саяхат, экскурсия бюролары және шет ел туристерiне қызмет көрсететiн 3 бюро, Алматы, Орал, Шымкент қ-ларында туристiк автомоб. базалары құрылды. Туристiк базалар мен мейманханалардағы орын саны 7 мыңға жеттi.
1988 жылы туризм құрылымында бiршама өзгерiстер болды. Жаңадан туристiк экскурсия қауымдастықтары құрылды. Осы жылдары Қазақстан туризмiнiң дамуына Н.И. Самойленко, С.Әбденбаев, Т.Жездiбаев, А.Чукреев, О.Мазбаев, С.Р. Ердәулетов, т.б. үлкен үлес қосты. Тәуелсiздiк алған Қазақстанда 1991 жылдан туризм саласы дамудың жаңа сатысына көштi. 1993 ж. Қазақстан Дүниежүзiлiк туризм ұйымына мүше болды. Осы жылы туризм индустриясын дамытуға арналған ұлттық бағдарлама қабылданды. 1997 ж. Қазақстан Республикасының Ұлы Жiбек жолының тарихи орталықтарын қайта өрлету, түркi тiлдес мемлекеттердiң мәдени мұралар сабақтастығын дамыту тұжырымдамасы, жалпы туризм дамуының стратегиясы жасалды. 2001 ж. 13 маусымда “Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы” заң қабылданды. Онда республикадағы туристiк саланы дамытудың бiрiншi кезектегi шаралары, туристiк қызметтi лицензиялау, т.б. мәселелер тұжырымдалды. Қазақстанның табиғи, тарихи, геосаяси орны туристiк нысандарды ұтымды пайдалануға мүмкiншiлiк бередi, сонымен қатар экономиканың басты тармақтарының бiрi ретiнде дамытуды қажет етедi.
2002 жылы республикада 430 туристiк ұйымдар, фирмалар мен әр түрлi бюролар жұмыс iстедi. Оларда 6 мың адам, оның iшiнде 1500 кәсiптiк экскурсия жүргiзушiлер (гидтер) қызмет көрсетедi. Қазақстанның туристiк фирмалары дүние жүзiнiң 80-ге жуық елiмен қарым-қатынас жасайды. Алматы қ-ның 25 фирмасы және 5 облыс орталығы Үндiстанға, Түркияға, Бiрiккен Араб Әмiрлiгiне, Пәкстанға, Корея Республикасына, Грекияға, Польшаға, т.б. елдерге чартерлiк әуе рейстерiн жолға қойған.
Қазақстанда туризмнiң барлық түрлерi (танымдық, ойын-сауық, этн., экол., денсаулық сауықтыру, балалар, спорттық, аң аулау, балық аулау, атпен серуендеу), т.б. бойынша жүргiзiледi. Бұл үшiн Қазақстан аумағы бойынша 700-ден астам саяхаттық маршруттар белгiленген. Оларға Қазақстанда жиынтық сыйымд. 33 мың орынды 372 әр түрлi категориялы қонақ үйлер қызмет көрсетедi. Мыс., Алматы қ-нда қонақтарға “Алатау”, “Қазақстан”, “Достық”, “Есiк”, “Отырар”, “Астана”, “Анкара”, “Hyatt Regency Almaty”, “Интурист”, т.б. қонақ үйлер сервистiк қызмет көрсетедi. Астанада 30 туристiк фирма және 25 қонақ үй орналасқан. Олардың iрiлерi: “Окан — Интерконтиненталь Астана”; “Комформ — Отель Астана”, “Турист”, “Есiл”, “Жiбек жолы”, “Алтын дала”, т.б. Туризм мамандары Туризм және спорт академиясында, Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тiлдерi ун-тiнде, Алматы мемл. ун-тiнде, Қазақ Ұлттық ун-тiнде, “Тұран” ун-тiнде, т.б. жоғары оқу орындарында дайындалады.
Туристiк нысандар. Қазақстандағы туристiк ресурстарға — туристiк қызмет көрсету нысандарын қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеум.-мәдени, сауықтыру нысандары, сондай-ақ туристердiң рухани қажеттерiн қанағаттандыра алатын, олардың күш-жiгерiн қалпына келтiрiп сергiтуге жәрдемдесетiн өзге де нысандар жатады. Олар мәдени-танымдық, экол., спорттық, әлеум., дiни, т.б. туризм түрлерiне бөлiнедi. Қазақстандағы туристiк нысандар табиғи-рекреациялық, тарихи-археол., тәуеп ету, т.б. топтарға бөлiнедi.
Табиғи-рекреациялық нысандарға Солт. Қазақстан аймағындағы Көкшетау, Бурабай, Баянауыл, Ерейментау, Шығ. Қазақстан аумағындағы Зайсан, Марқакөл, қазақстандық Алтай, Оңт. Қазақстан жерiндегi Батыс, Солт. Тянь-Шань, Алтынемел таулары, Жетiсу алабы, Бат. Қазақстандағы Үстiрт, Мұғалжар, Каспий ойысы, Жайық өңiрi, Орт. Қазақстандағы Қарқаралы, Қызыларай, Бектауата, Ұлытау, т.б. табиғи нысандар жатады. Сонымен бiрге Алматы обл-ндағы ұлттық саябақтар мен қорықтардың туризмдi дамытуда маңызы зор. Оларға Iле-Алатауы ұлттық саябағы, Түрген-Шамалған өзендерi аралығындағы шатқалдар, Түрген, Есiк, Талғар, Алматы, Қаскелең, Шамалған елдi мекендерi жатады. Алтынемел, Көкшетау, Бурабай ұлттық саябақтарында туризмдi дамыту мемлекет тарапынан қолдау тауып, дамып келедi. Қазақстан аумағындағы 9 мемл. қорықта да ғыл.-экол. туризмдi дамытудың алғы шарттары қалыптасқан.
Тарихи-археологиялық ескерткiштердiң туристiк-экскурсиялық сапарлардағы орны ерекше. Археол. ескерткiштердiң кез-келген нысандары туристiк-экскурсия жұмыстарында маңызды орын алады. Соның iшiнде Жетiсудағы Сақ қорғандары, Талхиз қалашығы, Оңт. Қазақстандағы Отырар, Сайрам, Бат. Қазақстандағы Сарайшық, т.б. көне қалалардың орнына туристердiң қызығушылығы мол. Археол.-тарихи ескерткiштердiң қазiрге дейiн жеткен нысандарының iшiнде қорғандар мен мазарлардың маңызы зор. Қола дәуiр ескерткiштерiне жартастағы петроглифтердi атауға болады. Оларға әйгiлi бiрегей ғибадатханалар: Аңырақай тауының Таңбалы сайындағы, Көксу өз-ндегi Ешкiөлмес ғибадатханасы, сондай-ақ Шолақ, Кiндiктас, Баянжүрек тауларындағы тастағы суреттер жатады. Бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi 6 — 3 ғ-лардан қалған сақ қорғандары, Бесшатыр қорымындағы жерлеу камерасы және сақ әскерi киiмiн киген “Алтын адам”, 2001 — 2002 ж. Шығ. Қазақстан обл. Қатонқарағай ауд-ның Бергiел (Берел) қорғанында табылған “Сақ патшайымы” археол. туристiк нысандарға жатады. Ортағасырлық Түркiстан, Отырар, Тұрбай, Құлан, Мерке, Талхиз, Жаркент қ-лары, т.б. елдi мекендер қазiргi туристiк нысандар болып табылады. Түркiстан — қазақ хандығының алғашқы астанасы. Онда Қожа Ахмет Иасауи кесенесi салынған, кесене iшi мен айналасына қазақ мемлекетiнiң негiзiн қалаған Тәуке, Тәуекел, Жәңгiр, Есiм, Абылай, Қазыбек би жерленген.
Қазақстанда Отырар, Сарайшық, Сайрам, т.б. ортағасырлық көне қалалар туристер үшiн тартымды нысандар.
Тәуеп ету (дiни) туризм нысандары республика аумағында көптеп кездеседi. Оларға түркi әлемiндегi қасиеттi Түркiстан қаласы., Қожа Ахмет Иасауи кесенесi, Абаб-Араб мешiтi, Гауһар-ана зираты, Әли-Қожа бейiтi, т.б. жатады. Адамдар бұл қасиеттi жерлерге тәуеп етiп, Аллаға сиыну үшiн келедi. Одан басқа Қоғам а. маңында (Отырар ауд.) Арыстан баб кесенесi, Ибраһим-ата бейiтi, Қарашаш ана кесенесi, Тұраба а-нда — Ысмайыл-ата мазары орналасқан. Жамбыл облысында — Айша бибi кесенесi мен Қарахан кесенесi, Қызылорда облысында — Артық, Айтман кесенелерi, Балқаш қаласы маңында — Тектау ата, Әуез бақсы, т.б. киелi орындар бар.
Қазақ халқының азаттық күресi жолындағы батырларға, қолбасшыларға деген құрмет белгiсi мемориалдар мен ескерткiштерде көрсетiлдi. Бұларға Райымбек пен Қарасай батыр ескерткiштерi (Алматы обл.) Қордайдағы (Жамбыл обл.) Өтеген батыр, Ақтөбедегi Есет батыр, Солт. Қазақстандағы Ағынтай мен Қарасай ескерткiштерi, Астанадағы Қаракерей Қабанбай ескерткiштерi, т.б. жатады. Ордабасы мен Аңырақай сағасының жазығы, Ұлытаудағы үш жүздiң басын қосқан жер, тарихи орындар ретiнде Жошы және Алаша хан кесенелерi, Алматыдағы тәуелсiздiк монументi, Астанадағы үш би ескерткiштерi қастерлi орындар санатында туристiк нысандарға қосылады. Қазақ тарихындағы құнды мәдени ескерткiштер қатарына: Қозы Көрпеш — Баян сұлу, Еңлiк-Кебек кесенелерi, Ш.Уәлиханов, Қ.Мұңайтпасұлы мемориалдары, Сұлтан Бейбарыс, Құрманғазы және Д.Нұрпейiсова, Абай, Абылайхан, Әлия мен Мәншүк, А.Иманов, I.Жансүгiров, С.Сейфуллин, М.Әуезов, т.б. көптеген естелiк орындар жатады.
Республиканың әсем де әдемi жерлерiнде бiрнеше туристiк базалар орналасқан. Оларға Iле Алатауындағы “Шымбұлақ” шаңғы базасы, Павлодар обл. Жасыбай к. жағасындағы “Баянауыл”, Қарағанды обл-ндағы таулы-орманды “Қарқаралы”, Шығ. Қазақстан обл. Бұқтырма бөгенi жағасындағы “Алтай мүйiсi”, Орал қ. Жайық өз. маңындағы “Орал”, Қостанай обл-ндағы орманды-тоғайлы Наурызым алқабы, Оңт. Қазақстан обл. Бадам жазығындағы “Оңтүстiк”, Көкшетау таулы аймағындағы “Золотой бор” базалары жатады. Қазақстанда белгiлi туристiк маңызы бар зоол., ботан. қорықтар да жеткiлiктi. Оларға Алматы қорығы (кешендi), Iле атырауы (зоол.), Тарбағатай (зоол.), Жалтыркөл (зоол.), Ұлытау (зоол.), Бетпақдала (зоол.), Қарақия-Қаракөл (зоол.), Зерендi (зоол.) қорықшалары, Шарын каньоны (ландшафты — палеонтол.) және Шарын өз-ндегi “Шетен тоғайы” (ботан.), Күмiс қылқанды орман (ботан.), Жаманшық тауы (геморфол.), Айғайқұм, Әншiқұм (геоморфол.), Жаңғақ тоғайы (ботан.), Бүркiттау шоқысы және Тұма бастаулар (гидрол.), т.б.
І ТАРАУ ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ҚОЛҒА АЛЫНУЫ.
1.1 ТУРИЗМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ СФЕРАЛАРЫ
Қазақстанның туризм саласы мемлекеттік қолдауға зәру. Оның басқа елдердегідей дамымай жатқан себебі де осы.
Туризм дегенiмiз - жұмысқа, тұрғылықты мекен жайды ауыстыруға қатысы жоқ, адамның қолы бос уақытында жасайтын сапарлары мен саяхаттары және туристердiң қажеттiлiктерiн өтеуге арналған қызмет көрсету сферасы.
Халықаралық туризмнiң функцияларына бiрнеше мәселе кiредi, ең алдымен бұл функциялар әлеуметтiк сипатымен ерекшеленедi. Кейбiр аспектiлерiн атап айтар болсақ:
1. Туризм дегенiмiз демалыстың бiр түрi. Ол адамдардың күш-қуаты мен еңбек ету қабiлетiнiң қайта қалыпқа келуiне, ендеше үлкен категориялар тұрғысынан қоғамның психофизиологиялық ресурстарының (байлық көздерiнiң) орнына келуiне көмектеседi;
2. Туризм адамдардың бос уақыттарын ұтымды пайдалануына себеп болады;
3. Туризм еңбекпен қамту мен жергiлiктi тұрғындардыің өмiр сүру деңгейiн көтеру мәселелерiнде үлкен роль атқарады;
4. Туризм адамдар ойлап тапқан iс-қарекеттердiң iшiндегi қоршаған ортаға ең бiр залалсызы;
5. Туризм мемлекеттер мен халықтарды жақындастырады, аймақаралық әлеуметтiк және экономикалық қатынастарды байытып жандандырады.
Қазір спорт саласымен бірігіп кеткен туризм саласы әлі күнге дейін өз нәтижесін бере қойған жоқ. Сондықтан ел-елден ағылатын саяхатшыларға лайықты жағдай жасау және аталған саланы өркендетудің жолын іздеген қазақ ұлттық университетінің мамандары ресейлік географтармен кездесті. Мақсат - туризм мен география саласында пікір алмасып, болашаққа жаңа серпін беретін ынтымақтастық орнату.
Шетелдік экономистер қалаға келген әрбір туристің бір сағатта 17 жарым доллар жұмсайтындығын есептеп шығарған. Демек 100 мың турист екі сағатта 350 мың долларды қала қоржынына салып кетеді екен. Ал, әрбір саяхатшының тамағын, сатып алатын киімі мен қолданатын қажетті заттарын есептегенде бұл мұнайды сатқаннан да көп табыс әкеледі деген сөз. Осыны басшылыққа алған еліміз 2010 жылға дейін туризм саласын дамытуға арнайы бағдарлама жасады. Былтыр бюджеттен осы саланы дамытуға 39 млн. теңге бөлінсе, болашақта туристік саланың жеке құрылымын дамытуға 1 миллиард 900 млн. теңгеден астам қаржы бөлінбек.
Міне, жалпы туризмнiң әлеуметтiк сипатын айтқанда оның ең басты әлеуметтiк функциясы ретiнде қайта қалпына келтiру мүмкiншiлiгiн атап өткен жөн. Бұл дегенiмiз адамның еңбек ету барысында немесе күнделiктi тiршiлiкте жұмсаған күшi мен iшкi ресурстарын орнына келтiрумен тiкелей байланысты. Туризммен айналысқан адамның демалысы қозғалысымен ерекшеленiп, айналысатын қарекет түрiн, қоршаған ортасын өзгертуге және басқа адамдармен, таңсық жаңа мәдениетпен, әдеп-ғұрыптармен танысуға, сондай-ақ табиғаттың бұрын беймәлiм құбылыстары мен ерекшелiктерiне баса көңiл аударып бiлуiне мүмкiншiлiк туғызатын сауықтың нешеме түрiн қамтиды. Сондықтан қазіргі Қазақстан жағдайында туризм индустриясын дамытуды дендеп қолға алып, жобалар жасалуы қажет. Бұл мәселеге жастарды да араластырса, нұр үстіне нұр болары сөзсіз.
1.2 ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ МАҚСАТЫ,МІНДЕТТЕРІ,ШЕШУ ЖОЛДАРЫ,НӘТИЖЕЛЕРІ.
Мақсаты
Халықтың денсаулығын нығайту және жоғары жетістіктер спортын дамыту үшін бәсекеге қабілетті туристік индустрия және дене шынықтыру мен спорттың тиімді жүйесін құру.
Міндеттері
1. Туристік кластерлерді одан әрі дамыту, елдің тартымды туристік имиджін және туризм инфрақұрылымын қалыптастыру бойынша жағдайлар жасау.
2. Жоғары жетістіктер спортын және халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін бұқаралық спортты дамыту.
Шешу жолдары
Туризм саласында:
бәсекелі басымдықтарын ескере отырып, Қазақстанның өңірлерінде туристік кластерлерді одан әрі дамыту жөнінде шаралар қабылданады;
Қапшағай су қоймасының жағалауында және Щучинск-Бурабай курорттық аймағында туризм мен ойын-сауық объектілерінің дамыған инфрақұрылымы бар туристік орталықтар құрылады. Жібек жолы бойынша туризмді ұйымдастыру одан әрі дамиды, сондай-ақ Каспийде жағажайлық және круиздік туризмнің дамуы үшін жағдайлар жасау жөнінде шаралар қабылданады;
елдің тартымды туристік имиджін қалыптастыру, визалық және тіркеу рәсімдерін оңайлату, туристік қызмет көрсетулерді халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келтіру жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.
Спорт саласында:
спорт инфрақұрылымын, әсіресе ауылдық жерлерде дамыту жөніндегі жұмыс жалғастырылады және халықтың барлық жігін бұқаралық спорт түрлерімен шұғылдануға тарту үшін жағдай жасалады;
2011 жылғы қысқы Азия ойындарын Алматы қаласында өткізу үшін спорт объектілерін қайта жаңғырту және салу жөнінде шаралар қабылданады;
спорт резервін, халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлау жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғастырылады;
жоғары жетістіктер спорты проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу институты құрылады.
Нәтижелері
Туризм саласында туристер ағынының өсуі қамтамасыз етіледі, оның ішінде:
ішкі туризм бойынша 2007 жылғы 3400 мың туристен 2009 жылы
4000 мың туристке дейін;
сырттан келушілер туризмі бойынша 2007 жылғы 4500 мың туристен 2009 жылы 6000 мың туристке дейін.
Сырттан келушілер туризмін дамыту есебінен халықтың туризм саласында жұмыспен қамтылуы 2007 жылғы 447,6 мың адамнан 2009 жылы 499,4 мың адамға дейін қамтамасыз етілетін болады.
Спорт саласында:
жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын халықтың үлесі ұлғаяды;
балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде шұғылданатын балалар мен жасөспірімдердің саны 8,5 %-ке жетеді;
балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің саны 2007 жылғы 400-ден 2009 жылы 420-ға дейін ұлғаяды;
аудан орталықтарында, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда дене шынықтыру-сауықтыру кешендері салынады;
2011 жылғы қысқы Азия ойындарын Алматы қаласында өткізу үшін спорт объектілерін қайта жаңғырту және салу қамтамасыз етіледі;
жоғары жетістіктер спортының ғылыми-әдістемелік базасы құрылады.
Мiндеттер. Халықтың демалуы мен денсаулығын қалпына келтiру, сондай-ақ бәсекеге қабiлеттi туристiк индустрияны дамыту үшiн рекреациялық шаруашылыққа маманданған аймақтар қалыптастыру мақсатында рекреациялық инфрақұрылым объектiлерi желiсiн құру.
Рекреациялық инфрақұрылым объектiлерiнiң желiсiн дамыту мынадай екi бағытта жүзеге асырылатын болады: туристiк индустрияны дамытуға бағдарланған ұлттық және өңiрлiк деңгейдегi және халықтың күн сайынғы рекреациялық қажеттiлiгiн қанағаттандыратын жергiлiктi деңгейдегi рекреациялық инфрақұрылым қалыптастыру.
.........
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Туризм | Қазақстан аудандарында туризмді дамыту
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан аудандарында туризмді дамыту
» Курстық жұмыс: Туризм | Туризм саласы
» Курстық жұмыс: Туризм | Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының қазіргі жағдайы және болашағы
» Курстық жұмыс: Туризм | Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының қазіргі жағдайы және болашағы
» Курстық жұмыс: Туризм | Қазақстан аудандарында туризмді дамыту
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан аудандарында туризмді дамыту
» Курстық жұмыс: Туризм | Туризм саласы
» Курстық жұмыс: Туризм | Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының қазіргі жағдайы және болашағы
» Курстық жұмыс: Туризм | Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының қазіргі жағдайы және болашағы
Іздеп көріңіз: