Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының халықаралық сауда
Мазмұны
Кіріспе.Негізгі бөлім.
Бөлім 1. Халықаралық сауда мен әлемдік нарықтың экономиқалық мәні.
1. 1. Нарықтың мәні, қызметі мен құрылымы.
1. 3. Дүниежүзілік сауданың негізгі сипаттамалары мен тосқауылдары
Бөлім 2. Қазақстан Республикасының халықаралық сауданың қазіргі жағдайы мен даму тенденциялары.
2. 1. Қазақстан Республикасының сыртқы саудадағы сілкініс.
2. 2. Қазақстан Республикасының сыртқы сауда қалыптасуы.
Бөлім 3. Қазақстанның әлемдік сауда нарығындағы орнын анықтау және жетілдіру.
3. 1. Қазақстанның Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына кіруінің ерекшіліктері.
3. 2. Қазақстан Республикасының экспортқа бағытталған саясатын жетілдіру жолдары.
Қортынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе.
Халықаралық сауда – мемлекеттер және ұлттық шаруашылықтар арасындағы тауар және қызметтердің айырбасы. Ол ерте заманда қалыптасты, бәрақ тек ХХ ғасырда ғана жүниежүзілік рынок формасына ие болды, өйткені оған негізінен өнеркәсібі дамыған елдер ғана қатынасады. Халықаралық сауда қазіргі дүниежүзілік еңбек бөлісіне, әр түрлі елдердің экономикалық даму деңгейіне және олардың табиғи-географиялық жағдайларына сәйкес тауарлардың белгілі бір түрлерін өндіруге маманданудың нәтижесі ретінде көрінеді.
Дүниежүзілік сауданың динамикасы мен құрылымы өндіргіш күштердің дамуына, дүниежүзілік өндірістің құрлымына тәуелді. Егер ХІХ ғасырда айырбаста көбінесе шикізат, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп өнімдері ғана болса, қазіргі кезде өнеркәсіп тауарларының үлесі, әсіресе машиналар мен жабдықтардың үлесі елеулі түрде өсті. Соғыстан кейінгң уақытта шикізаттың дүниежүзілік экспорттағы үлесі 3/5-пен 1/3-ке дейін кеміді, ал өнеркәсіп бұйымдарының үлесі 2/3 өсті. Құрастырмалы бұйымдар мен қосымша бөлшектер айырбасы артты, экспорт тез қарқынмен дамыды; мысалға машиналардың түйіндерін құрастыру және басқа да құрал-жабдықтар мен халық тұтынатын техниканы жасау жұмыстарын айтуға болады.
Казіргі уақытта халықаралық айырбас өндірісіне ғылыымитехникалық жетістіктен айырбасы қосылады (лицензиялар және ноу-хаулар мен сауда жасау), олардың үлесі халықаралық сауданың жалпы айналымының 10%-ін құрайды. Технологиялық күрделі өнімдермен, лицензиялармен сауда-саттық жедел өсіп отыр. Егер 1990 жылы лицензиялардың дүниежүзілік экспорттағы көлемі 2,4-2,7 млрд. доллар болса, 80-жылдардың екінші жартысында бұл сан жылына 17 млрд. доллардан асты.
Халықаралық сауда объектілерінің қатарына казіргі уақытта жобалау жұмыстары, лизинг (жабдықтарды ұзақ мерзімді жалға алу); инжиниринг (инженерлік-құрылыс жұмыстарын атқару үшін жасалынған келісімдер) жатады.
Халықаралық сауда "жаңа индустриалды елдер" (Гонконг, Онтүстік Корея, Сингапур, Тайвань) үлкен роль атқара бастады. Бұл елдердің экспорттында өнеркәсіптік тауарлардың алатын орны елеулі және олардың дүниежүзілік экпорттағы үлесі 1960-1985 жылдары 2 еседен асып түсті. Тарихи тұрғыдан алғанда дүниежүзілік рыноктағы бәсекелік күресте ұлттық мүддені қорғаудың әр түрлі мемлекеттік формалары бар. ХV-ХІІІ ғ. ғ. негізгі экономикалық теория ретінде меркантилизм үстем болған кезде мемлекеттер экспортты ынталандыру және импорт тауарларын шектеу шараларын, яғни қатаң протекционизмді қолданады. Ұлттық өнеркәсіп өнімдеріне тиімді жоғары кеден бажын енгізу арқылы белгілі бір тауар түрлерін сатуға, мемлекеттік монополия арқылы ақшалай байлықты арттыруға ұмтылды.
Бірақ қатаң протекционизм сыртқы сауданы қысқартын, ұлттық экономикалардың оқшаулануына әкеп соқтырды. Сондықтан Ұлыбританиядағы өнеркәсіптік төнкеріс елді еркін сауда (фритредерство) саясатына өтуге мәжбүр етті. "Еркін сауда" саясатының негізін Д. Рикардоның салыстырмалы шығындар теориясы қалады. Осы бағытты ұстанған Ұлыбритания жаңа рыноктарды жаулап алып, дүниежүзілік экономикада жетекші орындарға ие болды. Кейінірек басқа елдер де біртіндеп "еркін сауда" саясатына көше бастады.
Дүниежүзілік саудадағы тұрақсыздық экономикалық дағдарыстар ХХ қасырдың басында бірқатар елдерді сауда протекционизмді саясатын қайта өршітуге жетеледі, яғни дүниежүзілік рыноктың еркін дамуынан бас тартуға итермеледі. Мұның өзі бұрыннан қалыптасқан мемлекетаралық сауда қатынастарының бұзылуына әкеп соқты. Қазіргі кездегі протекционизм ішкі рынокты ұлттық компанияларға қолайлы жағдайлар жасауға және оларды шетелдік өндірушілер бәсекесінен қорғауға ұмтылады. Шеттен әкелінетін тауарлар бағасына кеден салығын арттыру арқылы олардың ұсынысы шектеледі , сөйтіп ішкі рыноктағы бәсекенің әлсіреуі нәтижесінде импорттық тауарлардың да, отандық өндіріс өнімдерінің де бағалары шарықтап кетеді.
Халықаралық сауда – экономикалық қатынастарды реттеу үшін халықаралық ұйымдар құрылды. Олардың қатарына ГАТТ, ЕАСТ, ЮНКТАД т.б. жатады.
ГАТТ – тарифтер мен сауда туралы басты келісім. Оған қатысушылардың сауда қатынастары қабылданған нормалар мен ережелер негізінде айқындалады. ГАТТ 1948 жылдан бастап әрекет етеді. Бұл ірі халықаралық ұйымдардың шеңберінде сыртқы саудаға қатысты барлық проблемеларды талқылау үшін мүше елдер арасында келіссөздер, консультафиялар, кездесулер өткізеді. ГАТТ-тың толық құқылы мүлшерінің саны 1990 жылы 96-ға жетті.
ЕАСТ – Еуропалық еркін сауда ассоциациясы 1960 жылдан бастап жұмыс істейді. Бұл ассоциацияға 6 Батыс Еуропалық елдер кіреді. ЕАСТ-тың негізгі мақсаты өзара еркін сауда жағдайын қалыптастыру.
ЮНКТАД – БҰҰ-ның сауда және даму конференциясы. Бұған 170-ке жуық мемлекет, сондай-ақ көптеген халықаралық экономикалық қатынастардың дамуына және реттелуіне қолдау жасайды.
Бөлім 1. Халықаралық сауда мен әлемдік нарықтың экономиқалық мәні.
1. 1. Нарықтың мәні, қызметі мен құрылымы.
В. И Ленин нарық мәселесіне ерекше мән берген. ХІХ-шы ғасырдың 90-шы жылдарында көптеген еңбектер шығарды. Оның ішінде "Нарық жайлы әңгімелесу" рефераты және "Капитализмнің Россияда дамуы" ғылыми еңбегін айтуға болады (ішіндегі айдары "Әрі өнеркәсіп үшін ішкі нарықтың құрылу процесі"). Бұл еңбектерңнде В. И Ленин нарықтың мәні мен роль жайлы жазды. "Нарық" ұғымын – Лениннің айтуынша – қоғамдық еңбекті бөлу ұғымынан алшақ қарауға болмайды".
В. И Лениннің ойынша, жергілікті тұйықталған нарықтар мен ХІХ-шы ғасырдың аяғында бүкіл Ресейде ішкі нарықтың болмауы жергілікті тұрғындардың экономикалық артта қалуының негізі болды.
Дерективті үлестіру жүйесін басқару кезінде нарық мәселесін ғылыми реттеудің қажеттілігі болмады. әміршілдік-бюрократтық жүйенің идологиялық нұсқауының құрсауында болған экономиқалық ғылым, көптеген жылдарнарықтың мәні, ролі, орнына догматикалық көзқарас бұрынғы Одақ экономикалық жүйесінде басым болды.
Нарықтық теория мен практикадағы мәнінің зор екендігіне қарамастан таяу шетел мен Қазақстан Республикасы ғалым-экономистерінің нарық жайлы пікір біркелкі емес. Бірнеше анықтамаларды келтіріп көрейік.
"Нарық – белгілі жүйе әрі айырбас нәтижесі мен жағдайына немесе өндіріс факторына қарай өндірістік қатынастарды қысқарту, шаруашылық субъектілерін байланыстырушы ұйым".
"Нарық – тауар айырбасының аясы, сатушы мен сатып алушылар арасындағы белгілі экономикалық қатынастар жүйесінің сипаттамасы".
"Нарық – сатушы мен сатып алушы арасындағы тауарлы өткеру жайлы қатынастар жүйесін көрсетеді".
Осы көзкарастың әрқайсында жеткілікті аргумент келтірілген және нарықтық қатынастардың объективті нақтылығын көрсетеді, бірақ мәселенің тек бір жағын ашады. Осы анықтамалардағы ортақ пікір: нарықты өндірістің емес, айырбас саласының категориясы ретінде қарап, нарықтың қатынастардың субъектісіне сатушы, сатып алушы және тұтынушылар жатқызылады. Тауар қатынасының дамыған түрі мен сауда делдалының болған кезіндегі оның нәрсе, сатушы мен сатып алушы нарықтық қатынаста мүлде әртүрлі субъекті болып табылады. Белгілі жағдайдың бір тауар - ақша, нарық байланыстары сату – сатып алу аспектерімен ғана шектелмейді. Бастау айырбас пен айналыс аясының қатынасынан басталмайды, ол өндірістік қатынастан басталады және өнім сол жерде өндіріліп, экономикалық байланыстар туындайды. Сөйтіп өндірілген өнім қай кезде тауар болып, қандай нақты түрде тауарлы – ақша қатынасы болатындығы айқындалады.
Нарық іс-әрекетінің саласын тек айырбаспен шектеу, оның бәсекелестікпен шығын минимумын төмендетуге, өзара пайдалы өндірістік байланыстарды құру сияқты сапалы қасиеттерінен айырады. Демек, нарық пен нарықтық қатынастар жоқ өндіріспен салыстырғанда, тауарлы өндірісті тиімді көрсететін жоғарыдағы іс-әрекеттер екендігі аян.
Мемлекеттік – әміршілдік экономикадан басқасына өту экономиканы орталықтан жоспарлы басқарудан жақсы әрі тиімді тек нарық атқара алады. Нарықтың мәні тұрғысынан қарасақ, онда оның мән-мағынасын жоғарыдағы анықтамалардың ешқайсысы аша алмаған. Біздің ойымызша, нарықтың мәні делірек Ю. Я. Ольсевич айтқан: "Нарықты әдеттегідей айналым саласына теңей салу"... "дұрыс емес, себебі өндіріс, бөлу, тұтынудың тұла бойы "нарықтың таңбамен сызылған".
"Нарық – өзін-өзі реттеуші ұдайы өндіріс жүйесі, барлық элемент пен буындар төлем қабілеттілігі бар сұраным мен ұсынымның тұрақты әсерінде болады".
Біздің ойымызша, бұ анықтамаға мына сөздерді қосуға болады: "тек қатаң бәсекелестік ортада". Осы анықтама біздің нарық жайлы шектелген ойымызды кәдімгідей кеңейтеді. Осыдан байқалатыны, өзін-өзі қалпына келтіретін біртұтас экономикалық жүйені "нарық" – дейміз және ол орталықтанған мемлекеттік жоспарлы реттеуші экономиканы ауыстыруға қабілетті.
Осыдан мынандай тұжырым жасауға болады: "нарық" ұғымын тар шеңберде сату түрін үйымдастырған және орнын анықтаған деп түсінсек, кең шеңберде қоғамдағы экономиканы ұйымдастырудың түрі деп қарастырамыз.
Қазіргі нарық күрделі жүйені құрап, ол көптеген саладан және табиғаты әртүрлі функционалдық жүйелер тобынан тұрып, өндіруші мен тұтынушы арасындағы шаруашылық байланыстарын құрайды.
Әртүрлі белгісіне қарай нарықты классификациялау:
кесте 1-1
№ Ұйымдық тұрғыдағы белгісі Құрылымдық тұрғыдан бөлу
1 Территориялық Базар, биржа, аукцион, жәрмеңке, аймақтық нарық, ішкі (ұлттық) нарық, әлемдік нарық
2 Бәсекелесетік сипат пен деңгейі тұрғысынан Монополиялық, олигополиялық, монополиялық бәсеке, еркін, реттеуші
3 Пропорционалдық деңгейі тұрғысынан Баланстанған, баланспаған
4 Салалық сипаты тұрғысынан Сала аралық, салалық, ішкі салалық.
5 Тауарды бағыттау тұрғысынан Азық-түлік, азық-түліктік емес, тағамдық немесе тағамдық емес.
6 Заңдылыққа қай келу тұрғысынан Арнайы ресми, ресми емес (колеңкелі).
7 Жетілу деңгейі тұрғысынан Дамыған нарық, қалыптасушы нарық.
8 Нарық субъектісі тұрғысынан Сатушы нарығы, тұтынушы нарығы.
Нарық – күрделі, оның күрлымының әртүрлі белгілерімен классификациялауға болады. Елдегі барлық нарықты былай жіктейміз: ішкі (ұлттық) нарық, еларалық, біріккен нарық және ішкі (республикалық, облыстық, облысаралық) нарық, әлемдік нарық ( кесте 1-1). Әлемдік нарық жеке елдің ішкі нарығымен байланысты. Ол байланыстар өндірістік кооперация мен интеграфия, сыртқы сауда, тауар айырбастау операциясымен жүзеге асып отырады. Қазіргі уақытта нарықтар арасындағы байланыстар ұлғаюда. Шығыс Еуропа мен Еуропаның экономикалық қауымдастық (ЕЭҚ) елдері арасында және дүниежүзілік нарық қалыптасуда.
Қазіргі ішкі нарық – түгел алып қарағандағы елдің ұлттық нарығы: өндіріс құрал-жабдығы нарығы, тұтыну нарығы, капитал нарығы, ғылыми-техникалық идея нарығы, бағалы қағаздар нарығы, жұмысшы күші нарығы енеді. Ішкі нарықта белгілі түрде экономикалық қатынастар дамып, жағдай мен нәтижелерді сату – сатып алу немесе өндіріс факторы арқылы жүргізіледі . Бұл қатынастар тауар-ақша түрінде байқалып, ішкі нарық қызметінің жағдайын ақша мен тауар айналымының бар болуын көрсетеді.
Экономикалық айырбастаудың ерекше түрі және жағдайымен байланыстырылып, тереңдеген еңбек бөлісіне қарай топтасқан елден құрылған нарығы – еларалық біріккен нарық дейміз. Нарықтық қатынастардың жетілу деңгейі тұрғысынан нарықты былай жіктейміз: дамыған нарық, қалыптасқан нарық және әртүрлі дәрежедегі бәсекені шектеу нарықтары (монополиялық, олигополиялық, монополиялық бәсеке).
Нарықтың қызметтері.
Нарық мынадай қызметтерді атарады:
кесте 1-2
– ұдайы өндіріс процесін үнемі қамтамасыз ететін реттеуші;
– сынысының көлемі мен құрлымының жедел өзгеру және оның сұраным төлем қабілетіне икемделуі; – бәсеке арқылы тиімсіз шаруашылық түрінен экономиканы сауықтыру (санациялау) тазалау;
– экономиқалық оқшау-ланған тауар өндіруші мен тұтынушылар арасын байланыстыратын буын;
– құрылымдық тұтыну, тұтын-сынан (табыстың осы кездегі деңгейіне қарай) ыңғайлы рациональды таңдауға тұтынушыны эко-номикалық мәжбір ету;
– экономиканың жағдайы туралы объективті ақпарат көзі (барометрі, экономиканың айнасы) ;
– өндірістік шығындарды төмендетуге тауар өндіру-шілерді экономикалық ынталандыру және оларды өте қажетті қоғам аясына жұмсау;
– тауар мен еңбектің қоғамдық маңызын аңық-тау және мойындаушы құрал; – тауар өндірушіні жоғары сапалы және жоғары еңбек өнімділігіне экономикалық тұрғыдан мәжбір ету;
Нарықтың ролі өте – мөте жалпы түрде оның кізметі арқылы ашыла түседі (кесте 1-2).
Нарық қызметінің көп түрлерінің ішіндегі ерекшесі реттеуші роль атқаруы болып табылады. Ол ұдайы өндіріс процесін тиімді әрі үздіксіз қамтамасыз етеді. Нарықтың реттеуші ролін әкімшілік басқарудың ауыстыруы экономиялық жүйенің түрінің өзгеруіне алып келіп, сүйкес-сіздікке, тапшылықтың тууына, адамның экономикалық өсудегі қозғаушы күші ролін жоюға алып барады.
Нақыртың келесі қызметі – ақпараттық. Тауар бағасы мен қызмет көрсету, банктегі депозит пен несиеге проценттік (пайыздық) өсімінің призма арқылы тұрақты өзгеруі Нарықты экономиканың борометріне әрі айнасына айналдырады. Нарық өндіріске қатысушыларға қоғамдық қажетті өндіріс шығындары жайлы жедел объективті ақпарат береді. Сондай-ақ, әрқайсысы сатылатын әрі сатып алынатын тауар мен қызмет көрсетудің қоғамдық қажетті сапасы мен ассортименті туралы нарық хабар жеткізеді.
Нарықтық мехонизм "санациялық" (сауықтыру) қызметті де атқарады. Бәсекенің көмегімен ол қоғамдық өндірісті тиімсіз біріңғай шаруашылықтан тазалап, үміт артатындардың дамуына ыңғайлы жағдай жасайды.
Біздің нарық терең монополияланған. Нарықтағы барлық тауарлардың 50% солардың өндірген өнімін құраса, онда өнеркәсіп (фирма) қызметі монополияланған саналады. Сондықтан нарықтық ортаны қалыпқа келтіру үшін бәсекелестер әлемін жасау қажет. Бұл нарықтық қатынастардың табиғи күй-жайы. Осы жағдайда тауар өндірушілер марапатталып, кәсіпкер өндіріспен байланысады және өнімді шығаруға қызыға түсіп, қызметке белсенді кіріседі.
Нарықтың қажеттілеу қызметтеріне – тауардың қоғамдық маңызын мойындау, еңбекті материалдық ынталандыруды экономикалық тұрғыдан қамтамасыз ету және басқаларын жатқызамыз.
Нарықтық инфрақұрылым
кесте 1-3
Аукциондар Консультациялық –делдалдық фирмалар
Биржа мен брокерлік конторлар Бизнестің коммерциялық орталықтары
Банктер Сақтандыру және аудиторлық компаниялар
Коммерциялық орталықтар және компаниялар Жарнамалық-ақпараттық қызметтер
Мемлекеттік резервтік және сақтандыру қорлары Складтық, элеваторлық, тоңазытқыштар және транспорттық шаруашылық
Баға мен стандартты бақылаушы мемлекеттік инспекция Сауда үйлері
Мемлекеттік салық инспекциясы Маркетингтік зерттеу орталықтары
Бағалы қағаздарды бақылау инспекциясы Көтерме сауда орталықтары
Құқық қорғау органдары Кадрларды дайындау орталықтары
Лизингтік компаниялар Жәрмеңкелер
Кеден қызметтері Өөндірушілердің әртүрлі ассоциациясы
Тұтынушыны қорғайтын қоғам Және басқалары
Нарық экономикасының қажетті элементтерінің бірі болып инфрақұрлым жатады.
Инфрақұрылым – бұл институттар (ұйымдар, фирма, мекелелер) жиынтығынан тұрады және оның мән-мағынасы нарықтың дамуы мен қызмет жасауы үшін қалыпты жағдай қалыптастырып қызмет көрсетеді.
Нарықтың инфрақұрлымның элементіне – тауарлық, қор биржасы, еңбек биржасы, делдалдық және маркетингтік қызметтер, ақпараттық жүйелер, коммерциялық банктер, көтерме сауда орталықтары, аукциондар, жәрмеңкелер және т.б. жатады (кесте 1-2).
Нарықтың экономиканың бой көтеруі нарықтың инфроқұрылым негізгі элементтерінің қалыптасуына мүмкіндік жасайды. Құрылған объектілер қалыпты экономикалық рыноктық қызметті қаттамасыз етуге тиіс. Оларға:
– топтасқан тауарларды көтерме сауда жасау үшін сауда биржасы:
– бағалы қағаздарды саудалау үшін қор биржасы:
– өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттарын сату үшін ............
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Экономика | Әлемдік сауда жалпы тенденциялар және Қазақстанның қатысуы
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының сауда саттықты реттеу
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының экспорты мен импорты
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының халықаралық қаржылық несиелік ұйымдар арқылы жасалатын экспорты мен импорты
» Курстық жұмыс: Экономика | Халықаралық сауда
» Курстық жұмыс: Экономика | Әлемдік сауда жалпы тенденциялар және Қазақстанның қатысуы
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының сауда саттықты реттеу
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының экспорты мен импорты
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының халықаралық қаржылық несиелік ұйымдар арқылы жасалатын экспорты мен импорты
» Курстық жұмыс: Экономика | Халықаралық сауда
Іздеп көріңіз: