Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының халықаралық қаржылық несиелік ұйымдар арқылы жасалатын экспорты мен импорты

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының халықаралық қаржылық несиелік ұйымдар арқылы жасалатын экспорты мен импорты

Мазмұны
Кіріспе.............................................................................................................. 3
І. Халықаралық қаржылық несиелік ұйымдардың қызметтері
1.1. Халықаралық қаржылық несиелік ұйымдар............................................... 4
1.2. Халықаралық қаржылық несиелік ұйымдардың ерекшеліктері және формалары.................................... 12
1.3 Дүниежүзілік сауда ұйымы.......................................................................... 22
ІІ. Қазақстан Республикасының халықаралық қаржылық несиелік ұйымдар арқылы жасалатын экспорты мен импорты
2.1 Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясатының кейбір аспектілері........................................ 24
2.2 Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы.......................... 32
ІІІ. Қазақстан Республикасының халықаралық қаржылық несиелік ұйымдарының қызметін жақсарту мәселелері
3.1. Қазақстанның халықаралық саудадағы орны және ролі......................... 40
Қорытынды................................................................................................. 42
Қолданылған әдебиеттер.......................................................................... 43

Кіріспе
Курстық жұмысты орындаудың мақсаты курсты тереңдетіп үйренумен қатар, библиографиялық, статистикалық жинақ, монографиялар, зерттеулер, журнал мақалалары және бұл жұмысты орындауда өзімнің тақырыбымды терең зерттеп, түсіну оны жан - жақты қамту, өзімнің даму мүмкіндігімді жетілдіру болып табылады. Мақсатым жұмыс жоспарымды жетілдіріп, ғылыми – зерттеу болып табылады.
Бұл тарау ХЭҚ-дың дәстүрлі және ең дамыған түрі – сыртқы саудаға арналған. Өз көлемі жағынан елдер арасындағы сауда айырбасы алдыңғы позицияларын сақтауда, сонымен қатар соңғы жылдары технологиялар мен қызмет көрсету саудасы қарқынды дамуда.
Сыртқы сауда айналым механизмі мен халықаралық сауданы реттеуді жақсы түсіну үшін, қазіргі сауда саясатының негіздері берілетін, ең маңызды халықаралық сауда теорияларымен танысу қажет.
Одан кейін біз мемлекеттік сауда саясатының құралдары (инструменттері) – кедендік реттеу тәсілдері мен тарифтік емес кедергілермен танысамыз. Өйткені олар мемлекеттің сауда және бүкіл сыртқы экономикалық іс-әрекетінің бағытын анықтап, ГАТТ - Әлемдік сауда ұйымының сыртқы сауданың халықаралық реттелуін қарастыру қажет. (Әлемдік сауда ұйымы Уругвай келіссөздер раундынан кейін, ГАТТ негізінде 1994 жылы құрылды).
Тарау қорытындысында біз, Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясатының кейбір аспектілерін қарастырамыз.
І. Халықаралық қаржылық несиелік ұйымдардың қызметтері
1.1. Халықаралық қаржылық несиелік ұйымдар
Халықаралық сауданың теориялық түсінігін берудің алғашқы талпыныстары мен осы бағыттағы ұсыныстарды жасау меркантилизм доктринасы болып табылады. Ерте меркантилизм XV ғ. соңында пайда болып, ақшалай байлықты көбейтуге ұмтылыстарға негізделген болатын. Ақша-қаражатты елден шығармау үшін оларды шетке шығаруға тыйым салынды. Саудадан түскөн ақшаға шетелдіктер жергілікті өнімдерді сатып алуға тиіс болатын. Ерте меркантилистер көзқарасы бойынша, мемлекет сыртқы рынокта көбірек тауар сатып, азырақ сатып алуға тиіс болды. Сол кезде байлықпен бірдей деп саналған алтынның қорының жиналуы жүреді деп есептелген.
Кеш меркантилизм XVI ғасырдың екінші жартысынан XVIII ғ. ортасына дейін дамыған. Оның негізгі қағидасы активті сауда балансының жүйесі болды. Байлық сыртқы рыноктарда ақшаға айнала алатын тауарлардың артық мөлшерімен сипатталады. Бұл тауардың артық мөлшері әкелінетін және шығарылатын тауарлар арасындағы құндық айырмашылығынан шығады деп есептеліп, ол екі әдіс арқылы қамтамасыз етілді:
1. Өз елінен өнімді шығару арқылы. Соның ішінде шикізатты сатудан гөрі, сатқанда көбірек пайда түсетін дайын өнімдерді шығаруға рұқсат беріліп, сән-салтанат заттарын әкелуге тыйым салынды.
2. Делдалдық сауда, осы мақсаттарға шетелге ақша шығаруға рұқсат берілді. Бұл жерде тек бір принцип алға тартылды: бір елде арзанырақ алып, басқа елде қымбатырақ сату. Активті сауда балансы мен шет ел рыноктарын жаулауды қамтамасыз ету үшін, мемлекет елге тауар әкелуді шет елдік тауарларға салық салу арқылы шектеп, сыртқы рыноктарда сұранысқа ие тауарлар өндірісіне арнайы сыйлықтар төлей отырып шетке шығаруды ынталандырды.
Меркантилизм - өндірістін тауарлық сипатына ерекше көніл аудара отырып еуропалық ғалымдар зерттеген экономикалық ойдың бір бағыты.
Меркантилистер пікірі бойынша, байлықтың өсуі тек қайта бөлу арқылы мүмкін болады және әрбір ұлтқа басқа елдердің үстем болу үшін мықты экономика ғана емес, күшті армия, әскери және сауда флоты кіретін қуатты мемлекеттік машина қажет. Экономикалық жүйе олардың ол көзқарасына сәйкес үш сектордан тұрды: өндірістік сектор, ауыл шаруашылық секторы және шетел отарлары. Саудагерлер экономикалық жүйенің пайдалы іс-әрекетінің маңызды тобы ретінде, ал еңбек – негізгі өндіріс факторы ретінде қарастырылды.
Елдің байлығын алтын мен күміс мөлшерімен бағалағандықтан, сыртқы сауда меркантилистер мектебінің ойынша, мемлекет ұлттық позицияларын нығайту үшін мынандай шаралар жүргізуі керек:
- оң сауда балансын қолдау – шетке тауарды көп шығарып, аз әкелу, өйткені ол төлем ретінде қолданылатын алтынның келуін қамтамасыз етіп, ішкі шығыс, өндіріс пен жұмыстылықты жоғарылатады;
- сауда саясатының тариф, квота және басқа да құралдарының көмегімен салыстырмалы сауда сальдосын қамтамасыз ету мақсатында экспортты ұлғайтып, импортты қысқарту үшін сыртқы сауданы реттеу;
- шикізаттың шығарылуына тыйым салу немесе оны шектеу және елде өндірілмейтін шикізат импортының салықсыз әкелінуіне рұқсат беру арқылы елде алтын қорларын шоғырландырып, дайын өнімге төмен экспорт бағаларын ұстауға мүмкіндік беру;
- отар елдердің метрополиядан басқа елдермен саудасына толық тыйым салып, олардың тауарларын шетелдерге қайта сату метрополия ғана жүзеге асырады және оларға дайын өнім шығаруға тыйым салу арқылы метрополияға шикізат жеткізушілеріне айналдыру.
Меркантилистер халықаралық сауда теориясына зор үлес қосты. Олар бірінші болып оның елдің экономикалық өсуіндегі мәнін көрсетіп, экономикалық дамуының мүмкін бір моделін жасады.
Меркантилистер алғашқы болып, қазіргі әлемдік экономикадағы төлем балансына сипаттама берді. Меркантилистердің шектеулілігі олардың бір ұлт өздері сауда жасасатын екінші бір ұлттың кедейленуінен ғана байымайтындығын, сонымен қатар халықаралық экономика дамығандықтан елдің дамуы қолда бар байлықты өзара бөлісу арқылы ғана емес, оны өсіру арқылы да мүмкін болатын түсіне алмауында. Бірақ кейінірек пайда болған физиократтар ілімі сыртқы саудаға ешқандай көңіл бөлмегендіктен, меркантилистердің көзқарастары ғылыми ойды халықаралық экономикадағы классикалық мектеп ойларына итермеледі.
Абсолютті артықшылық теориясы
Алдыңғы қатарлы елдердің машина өндірісіне өту кезеңінде Адам Смит халықаралық саудадағы тиімділік туралы мәселе қойды. Өзінің меркантилизмді сынауға арналған атақты «Халықтар байлығының себептері мен табиғаты туралы зерттеу» (1776) атты еңбегінде, ол мемлекетке сыртқы рынокта сату ғана емес, сатып алу да тиімді болатындығын болжап, қай тауарларды экспорттау және импорттау тиімді болатындығын анықтауға тырысты. Әдебиетте оның тәсілі абсолютті артықшылықтар (absolute advantage) принципі деп аталды. А.Смит тиімді әрекет ететін шаруашылық субъектісіне тән болатын жалпы принциптерін өзгешелеп, оны сыртқы саудада пайдаланды.
А. Смит идеясын жай модель арқылы сипаттауға болады. Бірақ әрбір модель абстрактылы болғандықтан, оны талдау үшін бірнеше шарттарды енгізу қажет.
1 шарт. Әлемде тек екі мемлекет бар.
2 шарт. Бұл елдерде тек екі тауар өндіріледі.
3 шарт. Елдер арасындағы сауда ешбір шектеусіз жүзеге асырылады.
4 шарт. Халықаралық сауда үйлестірілген (импорт экспортпен төленеді)
5 шарт. Өндіріс факторлары елдер арасында ауыспайды.
6 шарт. Тауардың бағасы мен өнімділігіне еңбек қана әсер етеді.
7 шарт. Өнім шығарылуы мен еңбек арасындағы арақатынас тұрақты (көлем тиімділігі).
8 шарт. Өндіріс факторлары салалар арасында еш шектеусіз ауыса алады.
9 шарт. Екі ел мен екі салада жетілген бәсеке орын алады.
1-кесте
Абсолютті артықшылықтар моделін қарастырайық
Мемлекет А Мемлекет В
Тауар S 3 сағат 12 сағат
Тауар Т 6 сағат 4 сағат
1 таблицада нақты елде нақты тауардың бір данасын шығаруға қажетті уақыты туралы мәліметтер берілген. Мысалға: А еліндегі 3 тауар бірлігін шығаруға 3 сағат қажет, ал В елінде – 12 сағат. Бұл бізге А елінде В елінде қарағанда тауар бірлігін шығаруға аз уақыт кететіндігін, және А елінің 3 тауарын шығаруда абсолютті артықылыққа ие екенін көрсетеді. В елі өз кезегінде Т тауарын өндіруде абсолютті артықшылыққа ие болады. Егерде А елі Т тауарының өндірісін қысқартып, 3 тауарының өндірісін ұлғайтса, ал В елі керісінше 3 тауар өндірісін қысқартып Т тауар өндірісін ұлғайтса, бұл жерде Халықараық еңбек бөлісу (ХЕБ) мен абсолютті артықшылықтар принципі негізіндегі сауда орын алады (2 табл.).
2-кесте
Мемлекет А Мемлекет В Бүкіл әлем
Тауар S +2 дана -1 дана +1 дана
Тауар Т -1 дана +3 дана +2 дана
Бұл жағдайда, егер А елі Т тауар өндірісін 1 данаға қысқартса, ол оған 6 сағат үнемдеуіне мүмкіндік беріп, 5 тауарының 2 данасын шығаруға пайдалануына болады. Осындай жағдай В елінде де болады. Бұл жерде өндірістің бірден қысқаруы арқылы 12 сағат үнемделіп, Т тауарының 3 қосымша данасын шығаруға болады.
Жалпы алғанда, қосымша ресурстарды пайдаланбай-ақ ХЕБ арқасында 5 тауарының әлемдік өндірісі 1 данаға, ал Т тауарының өндірісі екі данаға ұлғаяды.
XVIII ғасыр соңында шикізат тауарларының саудасы басым болып, А.Смиттің осы теорияны жасауына себеп болды. Шындығында цитрустарды Англияда емес, тропикалық елдерде өсіру тиімді екені белгілі. Бірақ сол кездің өзінде Англияның сыртқы сауда айналымының жартысынан астамы Еуропа елдеріне келген болатын. Әрине абсолютті артықшылықтар теориясы тек табиғи ерекшеліктерге ғана негізделуі мүмкін емес еді. Осыған байланысты А.Смит табиғи артықшылықтармен қатар иеленген артықшылықтар барын көрсеткен.
3-кесте
Мемлекет А Мемлекет В
Тауар S
Тауар Т 3 сағат
6 сағат 12 сағат
4 сағат
А.Смит бір елдің барлық тауар бойынша абсолютті артықшылыққа ие болған жағдайды қарастырмайды (таб. 3). Оны өзінің «Саяси экономия бастамасы мен салық салу» (1819) еңбегінде Давид Рикардо жасады. Ол еңбегінде А.Смит моделі жекелеген жағдай ретінде енетін, халықаралық мамандану мен өзара тиімді сауданың жалпылама принциптерін жасады.
Салыстырмалы артықшылықтар теориясы
Д.Рикардо ХЭҚ ерекшеліктерін атай отырып, халықаралық өзара тиімді сауда үшін А.Смит принциптерін ұстап, кедергі келтірмейтінін көрсететін модель жасады. Д.Рикардо салыстырмалы артықшылықтар (comparative advantage) заңын ашты: ел өндіруде ең көп абсолютті артықшылықтарға ие тауарларға (егер ол екі тауар бойынша абсолютті артықшылыққа ие болса) немесе аз абсолютті артықшылыққа ие емес (егер бірде-бір тауар бойынша абсолютті артықшылығы жоқ болса) тауарлар экспортына мамандануы қажет. Ол хрестоматиялық мысал болып кеткен ағылшын матасын португалдық шарапқа айырбасын келтірген. Шарап пен матаны өндірудің абсолютті шығындары Португалияда Англиядан төмен болғанымен, айырбас нәтижесінде екі ел де пайда табады. Осы мысалдың бастапқы шарттары 4 таблицасында келтірілген.
4-кесте
Англия Португалия
n/мата 100 жұмыскер/жыл 90 жұмыскер/жыл
M шарап 120 жұмыскер/жыл 80 жұмыскер/жыл
4 кестеден көріп отырғанымыздай, Англиядан (n) матаның белгілі мөлшерін өндіру үшін жылына 100 жұмысшы қажет. Осы мата мөлшеріне Англия өзінде өндіріске жылына 120 жұмысшы қажет ететін (m) Португалдық шараптың бір бөлігін сатып алады. Сондықтан Англияға Португалияға мата сату арқылы оның шарабын сатып алу тиімді. Португалияда бұл өнімідерді өндіруге 90 және 80 дана жұмысшы еңбегі жұмсалады, сондықтан оған матаны шарапқа айырбастау тиімді. Д.Рикардоның пікірінше 100 ағылшын жұмысшысымен 80 португалдық жұмысшының еңбектерінің теңсіз айырбасы елдер арасындағы өндіріс факторларының ауысуындағы қиындықтарға байланысты болады.
Д.Рикардоның моделіне байланысты, Португалия Англияға қарағанда екі тауар бойынша абсолютті артықшылыққа ие болып отыр, бірақ Португалия шарап өндіруде салыстырмалы артықшылыққа ие, өйткені оны өндіру үшін Англияға қарағанда 67% (80/120 х 100) шығынын жұмсайды, ал мата өндірісіне - 90% (90/100x100). Сондықтан Португалия .............
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Қазақстан Республикасының халықаралық қаржылық несиелік ұйымдар арқылы жасалатын экспорты мен импорты курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар экономика жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]