Курстық жұмыс: Салық құқығы | Қазақстан Республикасының салық саясатын жетілдіру
Мазмұны
Кіріспе............................................................................................................3I. Салық саясатының мазмұны мен маңызы
1.1. Салық салудың мәні..............................................................................5
1.2. Салық жүйесінің экономикалық ролі және салық механизмі...........9
II. Қазақстан Республикасының салық саясатын жетілдіру
2.1. Салық салудың қазіргі кездегі механизмі.........................................14
2. 2. Салық саясатының негізгі бағыттары...............................................16
2. 3. Басқа дамыған елдерден ерекшелігі..................................................21
Қорытынды.................................................................................................28
Қолданылған әдебиеттер тізімі.................................................................30
Кіріспе
Салықты жетілдіру ұзақ даму жолынан өткен көптеген елдерге қарағанда, экономиканы жедел орнықтыру және дамыту қажеттігі ескеріле отырып Қазақстанда қоғамның талабына жауап бететін және нарықтық экономиканың жағдайына икемделген салық жүйесін жасауды шұғыл қолға алды.
Салық салынатын нысандарды және нақты пайданы айқындауда халықаралық тәжірбиеде қолданылып жүрген принциптерді пайдалануға жол ашу мақсатында өнімнің өзіндік құнына әсер ететін шығындардың жүйесі қайта қаралып, түпкі нәтижені көрсететін баланстық пайда ұғымы енгізілді. Жылдық жиынтық пайданы анықтаудың жолдары белгіленді. Нақты пайдаға ғана салық салынуы үшін салықтық есеп жүйесі қолданыла бастады.
Осы жұмыс «Қазақстан Республикасының салық саясаты және салық механизмі» деген тақырыпта қазіргі мемлекетіміздің жүргізіп отырған саясатына талдау мақсатында жасалды. 1991 жылдың желтоқсанында өз тәуелсіздігін алған жас мемлекетіміздің жаңа экономикалық саясатында салық жүйесінің атқаратын рөлін жан – жақты қамтуға арналған жұмыс. Аталған жұмыста еліміздегі қазіргі салық жүйесі мен салық саясатына шолу жасап, еліміздегі қолданып жүрген салықтар мен алымдардың мәні мен маңызын және де кемшілігін көрсетуге тырыстым.
Салық жүйесі өте күрделі жүйе. Мемлекетіміздің әл – қуаты мен қауіпсіздік саясатына арқау боларлық тұрақты экономикалық дамуына әсер ететін жүйе. Бұл арада салық төлеушілер де, мемлекетте арақайшылық болмайтын қатынас болу үшін салық саясатын заң арқылы дұрыс жолға қоя білу керек.
Мемлекеттік салық саясатын – салықтар саласындағы іс- шаралары жүйесін әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес қоғам дамуының нақты кезеңдегі әлеуметтік –экономикалық және басқа мақсаттар мен міндеттеріне қарай жүргізеді.
Бұл жұмыста мынадай мәселелерді ашуға тырыстым:
- Салық саясатының мазмұны мен маңызы;
- Қазақстан Республикасының салық саясатының жүргізілуі мен бюджетке әсері;
- Салық саясатының бюджетті толтырудағы рөлі;
- Қазақстан Рнеспубликасының салық саясатының бюджеттің кіріс бөлігін толтырудағы басқа дамыған елдерден ерекшелігі;
- Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының салық саясатын дамыту жетістіктері.
Қазіргі экономикалық дағдарыстан әлі де құтыла алмай отырған еліміз үшін салық жүйесін жетілдіру, дамыту тақырыбы өте өзекті, маңызды және де керекті деп ойлаймын.
Айта кету керек, 1995 жылы 24 сәуірде Президенттің Заң күші бар жарлығымен қабылданған «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы» Салық Кодексі біздің еліміздің экономикасы үшін үлкен қызмет атқарды. Жалпы ішкі табыстың бүгінгі күні барлық ТМД елдерімен салыстырғанда жоғары деңгейде тұруы – соның айғағы.
Біздің салық жүйеміздің жоғары деңгейде көріне білгені елімізге көп пайда келтіреді.
Қазақстанның 2030 жылғы дейінгі даму стратегиясында болашақтағы мемлекетіміздің енгізгі байлық көзі шикізатты, соның ішінде ең біріншіден мұнайды экспорттау болып табылады. Осыған сай сәйкес, салық жүйесінің алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі шикізатты экспорттаушылар салынатын салықтардың тиімділігін арттыру.
1-БӨЛІМ. САЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН МАҢЫЗЫ
1.1. Салық салудың мәні
Салықтар - мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін көлемдер.
Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемелекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория. Салықтардың экономикалық мәнін мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен салық табысының қалыптасуындағы қаржылық (жүргізуші субъектілер) қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысын белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.
Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашанда болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады.
Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Салықтар – мемлекеттің тұрақты қаржы көзі.
Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланды.
Салықтардың мәнін толық түсіну үшін, олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты.
Салықтың мынадай негізгі қызметтері бар:
- реттеушілік;
- фискалдық;
- қайта бөлу.
Жоғарыда көрсетілген негізгі функциялармен қатар салықтардың ынталандыру, бақылау функцияларында атауға болады.
Реттеушілік қызметі – салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызмет арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни салықтық реттеу жүзеге асырылады. Салықтық реттеудің ең басты мақсаты - өндірістің дамуына ықпал ету. Салық түрлері, салық ставкалары, салық жеңілдіктері, салық салу әдістері салықтық реттеудің тетіктері болып табылады.
Жоғарыда көрсетілген салықтық реттеудің тетіктері тек қана өндірістің дамуын реттеп қана қоймайды. Сонымен қатар ақша және баға саясаты, шет елдік инвесторларды ынталандыру, шағын және ішкі кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жүзеге асырады. Әрине салықтық реттеу тетіктері тиімді қызмет атқару үшін, олардың басқа да экономикалық тетіктеріне тығыз байланыста болуы қажет.
Салықтық реттеуде салық ставкалары мен салық жеңілдіктерінің алатын орыны ерекше. Себебі ғылыми негізделмеген, шектен тыс жоғары қойылған ставкалар кәсіпкерлердің ынтасын төмендетіп, өндірістің қарқынын бәсеңдетеді, ал шектен тыс төмен қойылған ставкалар салық төлушілердің жауапкершілігін азайтып, өндірістің төмендетуіне және мемлекеттік бюджет кірісінің азайуына әкеліп соқтырады.
Салықтардың екінші қызметі – фискалдық немесе бюджеттік қызметі. Бұл қызметі арқылы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлімі құрылып, салықтардың қоғамдық міндеттері артады. Себебі, топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери - қорғаныс, тағы басқа да шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді.
Қайта бөлу арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлшегі мемлекет пайдасынан өтеді. Бұл қызметтің іс-әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімді салықтардың алатын үлес салмағы арқылы анықтайды. Соңғы жылдардағы мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасының ішкі өнімдегі салықтардың үлес салмағы 40 пайыздан көбірек болып отыр. Бұл экономикасы дамыған басқа елдерден әлдеқайда жоғары. Еліміздегі мемлекет мүддесі үшін қаржы көздерін орталықтандырудың бір айғағы осы.
Мемлекет мына жоғарыда көрсетілген салықтардың қызметін пайдалан отырып, салық саясатын анықтайды. Салық механизмінің қызмет ету жолдарын белгілейді, жалпы экономикалық саясатты негізге ала отырып, салық саясатын анықтайды.
Салықтардың мынадай нышаны, белгілері бойынша топтастырамыз немесе жіктейміз:
1. Салық салу объектісіне байланысты;
2. Қолданылуына қарай;
3. Салық салу органына байланысты;
4. Экономикалық ерекшелігіне байланысты;
5. Салық салу объектісін бағалау дәрежесіне.
Салық салу объектісіне қарай салықтар тікелей және жанама салықтар болып бөлінеді.
Тікелей салықтар жалғаусыз немесе тікелей табысқа немесе мүлікке саналады.
Жанама салықтар – тікелей емес, жанама түрде тауар немесе қызмет құны арқылы алынады.
Салық кодексінде салықтардың 9 түрлі, алымдардың 13 түрі, төлемдердің 9 түрі, кеден төлемдері мен пайыздардың 4 түрі белгіленген.
Бұл ретте. салықтардың мынадай түрлері белгіленген.
1. Корпоративтік табыс салығы.
2. Жеке табыс салығы.
3. Қосылған құн салығы.
4. Акциздер.
5. Жер қайнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнайы төлемдері.
6. Әлеуметтік салық.
7. Жер салығы.
8. Көлік құралдарына салық.
9. Мүлік салығы.
Бюджетке басқа да міндетті салықтар:
1. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін алым.
2. Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу үшін алым.
3. Жылжымайтын мүлікке және олармен мәмілелерге құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін алым.
4. Радиоэлектр құралдары мен жоғарғы жиілікті құрылғыларды мемлекеттік тіркеу үшін алым.
5. Механикалық көлік құралдары мен тіркелгендерді мемлекет тіркеу үшін алым.
6. Теңіз, өзен және шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркеу үшін алым.
7. Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу үшін алым.
8. Дәрілік заттарды мемлекеттік тіркеу үшін алым.
9. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдаының жүріп өту үшін алым.
10. Аукциондардан алым.
11. Елтаңбалық алым.
12. Қызметтің кейбір түрлері мен айналысуға құқық үшін лицензиялық алым.
13. Теледидарлық және радиотарату ұйымдарына радиожилік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алым.
14. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем.
15. Жер үсті көздерінен су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем.
16. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем.
17. Жануарлар әлемін пайдаланғаны үшін төлем.
18. Орман пайдаланулары үшін төлем.
19. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем.
20. Радиожилік спектрін пайдаланғаны үшін төлем.
21.Кеме жүретін су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем
22. Мемлекеттік барс.
23. Кеден төлемдері.
24. Төлем.
25. Алымдар.
Бюджетке түскен соң қандай шараларға жұмсалатын белгісіне қарай салықтар жалпы және арнайы салықтарға бөлінеді.
Салық салу элементтері мыналар:
Субъект, объект, салық көзі, салық ставкасы, салық өлшем бірлігі, салық оклады, салық жеңілдіктері, салық төлеу мерзімі мен тәртібі, салық төлеушінің және салық қызметі органдарының құқы мен міндеттері, салықтың төлеуін бақылау, салықтың жазалау шаралары.
Салықты алатын және салыққа иелік ететін органдардың ерекшелігіне қарай салықтар жалпы мемлекеттік және жергілікті салықтар болып бөлінеді.
Жалпы мемлекеттік салықтарға мына салықтар жатады:
1. заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы;
2. қосылған құнға салынатын салық;
3. акцизнер;
4. бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық;
5. жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы салығы мен төлемлері;
Жергілікті салықтар мен салымдар:
1. жер салығы;
2. заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;
3. көлік құралдарына салынатын салық;
4. кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды және заңды тұлғаларды тіркегені үшін алынатын алымдар;
5. жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқы үшін алынатын алымдар;
6. аукционда сатудан алынатын алым;
Экономикалық белгісіне қарай салықтар табысқа салынатын салық және тұтынуға салынатын салық болып жіктеледі.
Табысқа салынатын салықтар салық төлеушінің кез келген салық салынатын объектісіне түсетін табысынан алынады.Олардың қатарына мына салықтар кіреді:заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы,жер салығы,мүлік салығы т.б.
Ал,тұтынуға салынатын салықты,салық төлеуші тұтынушы ретінде тауар немесе қызмет ақысын төлеген кезде өзінің шығынына төлейді.Тұтынуға салынатын салыққа,қосылған құнға салынатын салық және акциздер жатады.
Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының негізгі бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты – салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру.
Салық жүйесі- өзінің құрамы жағынан бірнеше копненттерден тұратын күрделі модель.
Салық жүйесі компоненттерінің құрамы мынандай:қаржы қатынастары және осы қатынасты анықтатын салықтар; салық механизмі,яғни салық салу әдістерімен жолдары;нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар;салық салуды басқару және салық қызметі органдары.Салық салудың әдістері мен жолдары,нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар,салық салуды ұйымдастыру,салық салудың негізгі принциптері және т.б-лар салық механизміне жатады.Салық жүйесінің жақсы да,тиімді қызмет етуіне салық салу механизмінің тигізер ықпалы өте зор.
1.2. Салық жүйесінің экономикалық ролі және салық механизмі
Салық жүйесін мемлекет пен заңды тұлғалар арасындағы қаржы қатнастардың жиынтығы, салықтар мен алымдар, салық салу әддістері мен тәсілдері, салық заңдары мен салыққа қатысты актілер, салық салу органдары мен салық қызметі жиынтығы құрайды.
Салық жүйесі мемлекет қаржы көздерін жасақтаудың ең негізгі құралы болумен қатар, ел экономикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып дамуына және саяси-әлеуметтік шаралардың толығымен іске асуына мүмкіндік туғызады.
Қазақстан Республикасының 1991 жылы 25 желтоқсанда қабылданған. “Қазақстан Республикасы салық жүйесі туралы” Заңы, тәуелсіз Қазақстанның салық жүйесін құрудың ең алғашқы бастамасы болып табылады. Бұл еліміздің экономикасын реформалаудағы күрделі тестердің бірегейі. Осы мезгілден бастап ел экономикасына бұрын болмаған жаңа құбылыстар іске аса бастады. Оларды атап айтсақ; шаруашылықты жүргізудің еркіндігі: меншік түрлерінің бір-біріне өзара тепе-теңдігі; шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекет арасындағы қатынастардың құқықтық негізде жүргізілуі және т.б.
Бұл заң салық жүйесін құрудың басты прициптерін, алым мен салықтың түрлерін, олардың бюджетке түсуі тәртібін белгілеген тұңғыш тарихи құжат болып есептелінеді.
Осы заң бойынша салық төлеушілер мен салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттері, республикалық және жергілікті басқару органдарының да салыққа байланысты қызметтері айқын бекітіледі.
Қабылданған Заңға сәйкес 1992 жылдың бірінші қаңтарынан Қазақстан Республикасында: 13-жалпы мемлекеттік салықтар: ІІ-міндетті түрде төленетін салықтар мен алымдар: 18-жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді.
Салықтар негізі пайдаға салынатын салық, табыс салығы қосылған құнға салынатын салық және т.б. салықтар құрады. Қазақстан Республикасының салық жүйесін құруда ең алғашқы тарихи құжат болған жоғарыда көрсетілген. Заңның ел экономикасын реформалаудағы маңызы мен олардың орны ерекше. Дегенмен, өмірге келген әрбір жаңа құбылыста кездесетін ерекшеліктермен қатар кемшіліктерде бұл заңда тыс қалмаған сияқты, яғни Қазақстан Республикасы алғашқы құрылған салық жүйесінде бірқатар шешуін таппаған мәселелер, кемшіліктер мен жетіспеушіліктер аз емес. Әрине, бұл кемшіліктердің түрлі себептері де бар.
Басты себеп, ол біз салық жүйесін құрғанда елімізде жинақталған ғылыми және практикалық тәжірибе болған жоқ.
Салық қызметі органдары да, салық төлеушілер де мұндай жаңа бастамаға психологиялық жағынан дайын еместігі көрінді. Еліміздің алғаш қабылданған салық жүйесінде біз жоғарыда айтып өткен дүниежүзілік тәжірибеде қолданылып келген салық принциптері сақталмады.
Сондықтан бұл салық жүйесінің нарықтық қатнастардың талабына толығымен жауап беруге мүмкіндігі болмады. Ең бастысы жалық жүйесінің өндірісті дамытуға ешқандай ықпал етпеуі, бюджет кірісін қарадағы өз ролін жете атқара алмауы, яғни салық көзі табыс немесе пайда емес, керісінше тұтыну болып табылады....
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Экономика | Актобе қаласы бойынша салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
» Курстық жұмыс: Салық құқығы | Қазақстан Республикасының салық саясатының құрылымы
» Курстық жұмыс: Салық кодексі | Мүлік салығының ұғымы мен мазмұны
» Курстық жұмыс: Салық кодексі | Мүлік салығының ұғымы
» Курстық жұмыс: Салық құқығы | Қ.Р-ның салық жүйесіндегі кейбір мәселелер
» Курстық жұмыс: Экономика | Актобе қаласы бойынша салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
» Курстық жұмыс: Салық құқығы | Қазақстан Республикасының салық саясатының құрылымы
» Курстық жұмыс: Салық кодексі | Мүлік салығының ұғымы мен мазмұны
» Курстық жұмыс: Салық кодексі | Мүлік салығының ұғымы
» Курстық жұмыс: Салық құқығы | Қ.Р-ның салық жүйесіндегі кейбір мәселелер
Іздеп көріңіз: