Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының мемлекеті бағалы қағаздар рыногын құру
Мазмұны
Кіріспе.........................................................................................3 I Бағалы қағаздар рыногының даму негіздері..................................................5
1.1 Бағалы қағаздардың мазмұны мен мәні......................................................5
1.2 Бағалы қағаздар рыногының функциялары мен түрлері........................9
II Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногының даму ерекшеліктері.............................11
2.1 Қазақстандағы бағалы қағаздар рыногының қалыптасуы.....................11
2.2 Қазақстандағы бағалы қағаздар рыногының дамуына талдау..............14
2.3 Бағалы қағаздар рыногының қызмет етуі және ондағы мемлекеттің қызметі.........................22
III Бағалы қағаздар рыногының даму перспективалары............................28
3.1 Бағалы қағаздар рыногы – шетелдердің тәжірибесі..................................28
3.2 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногының жетілдіру жолдары..........................33
Қорытынды..............................................................................................................35
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................36
Кіріспе
Бағалы қағаздар кез келген мемлекеттің төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылады. Дәлірек айтқанда, бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберілді, яғни оларды рыног жүйесіндеі ең өміршең субъектілер ғана ала алады.
Тақырыптың өзектілігі: біздің экономикалық жағдайымызда немесе әлемдік рыногқа енуіміздегі ең өзектісі, бұл әлемдегі бағалы қағаздар рыногына байланысты жинақталған барлық құндылықтарды оқып үйрену, хабарлау және оның әрі қарай даму тенденциясына әсер етуінің маңыздылығын қарастыру болып саналады. Мемлекеттің дамуы мен экономикалық өсуі тікелей елдегі жүргізілетін саясатардың дұрыстығына негізделеді және соған байланысты болады. Сондықтан бағалы қағаздар рыногын құру шаруашылықты орталықтан қаржыландырудың тиімсіз жүйесі мен ресурстардың сала аралық қайта бөлінуін ауыстыру, рыногтық құрылымдардағы инвестицияға деген сұранысты қанағаттандыру, бұл рыногқа капиталдың сала аралық қайта бөлінуін реттеуші болу, ірі кәсіпорындар мен банктердің тиімділігіне барометр болу маңыздылығы ерекше, өйткені ол елдегі іскерлік қызметтің артуына және төлем балансының тұрақтылығын қамтамасыз етуіне бағытталады. Сондықтан, бұл тақырыптың өзектілігі күмән тудырмайды, өйткені мемлекеттің қалыпты дамуын, әрі экономикалық өсуін немқұрайлықпен немесе мүлдем қарастырмай кету үлкен қателік болар еді.
Курстық жұмысты жазу мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеті бағалы қағаздар рыногын құру және оны одан әрі өрістеу мақсатында қажетті шараларды жасау. Қазақстандағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жеке меншіктендірудің Ұлттық бағдарламасы бағалы қағаздар рыногының негізгі элементтерін құру процесін жеделдетті. Мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдар түрінде қайта құру олардың инвестиция тартудың ең тиімді механизмдерінің бірі – акция шығаруды пайдалану мүмкіндігін ашты. Бағалы қағаздар рыногының механизмі экономиканың барлық субъектілеріне инвестиция көздерін алуға мүмкіндік жасайды. Акция шығару осы ресурстарды шектеусіз алуға мүмкіндік туғызса, ал облигация шығару ақша ресурстарын, оларды банктерден алудан гөрі, тиімді жағдайда алуға мүмкіндік береді.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногының қалыптасуына түсінік беру;
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногының дамуы мен құрылымын ашып көрсету ;
Қазіргі кездегі бағалы қағаздар рыногы және қор рыногындағы банктің іс-әрекеті.
Қазақстандағы бағалы қағаздар рыногының болашағы мен проблемаларын зерттеу.
Қазақстанда бағалы қағаздар рыногын жетілдіру жолдарын анықтау.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні: Қазақстандағы бағалы қағаздар рыногы және шетелдердің тәжірибесі. Қазақстандағы бағалы қағаздар рыногының болашағы мен проблемаларын зерттеу.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі ретінде Қазақстан Республикасының банктердегі әртүрлі үлгідегі бағалы қағаздарының өтімділігі, ерекшеліктері және дәл қазіргі уақыттағы мерзімдік перспективалары алынған.
Курстық жұмыстың жазылу барысында келесідей оқу-әдістемелік құралдар, яғни шетелдік, отандық, мерзімді басылымдардағы мәліметтер және статистикалық ақпараттық мәліметтер қолданылды. Атап айтқанда: Ғ.С.Сейітқасымовтың «Ақша, несие, банктер» оқулықтары, Я.Әубәкіровтың «Экономикалық теория негіздері», А.Ж.Бексултанованың «Рынок ценных бумаг Казахстана», С.Б.Мақыштың «Валюталық операциялар және валюталық мәліметтер», Қ.Қ.Ілиясовтың, С.Құлпыбаевтың «Қаржы», В.А.Галановтың, А.И.Басованың «Рынок ценных бумаг», Ф.Карагузовтың, Ж.Ж.Омаровтың, Р.Хейнсфорт, В.Белозерованың мақалалары пайдаланылды.
I Бағалы қағаздар рыногының даму негіздері
1.1 Бағалы қағаздардың мәні
Бағалы қағаздар рыногы дегеніміз не? Ол қаржы рыногының бір бөлігі. Қалаған бөлігін банк қарызы рыногы құрайды. Банк коммерциялық емес болса, қарызды бір жылдан астам уақытқа өте сирек береді. Ал бағалы қағаздарды шығара отырып (облигациялар, акциялар) олардан түсетін ақшаны ондаған жылдар бойы пайдалану мүмкін. Қаржы рыногын осылайша бөлу капиталдың айнымалы және негізгі болып бөлінуімен байланысты. Бағалы қағаздар рыногы банктың кредит жүйесін толықтырады, өзара байланыста әрекет етеді. Мысалы, коммерциялық банктер бағалы қағаздар рыногында аралық қызмет атқарушыларға жаңадан шығарылған бағалы қағаздарға жазылу үшін қарыз береді, олар банктерге артық бағамен сату үшін бағалы қағаздардың бір блогын береді.
Барлық рыноктар сияқты бағалы қағаздар рыногы да сұраныс пен ұсынысқа, олардың бағасына тәуелді. Яғни бағалы қағаздар рыногы сатып алу, сатумен байланысты экономикалық қатынастар жүйесін құрайды. Рыноктың мөлшері қоғамдық еңбектің мамандануы дәрежесімен тікелей байланысты /1, 366 б/.
Бағалы қағаздар рыногы тікелей алғашқы және қайталама рыноктан тұрады. Алғашқы рынокта мемлекеттік және муниципиалды облигациялар, сол сияқты акциялар мен облигациялар эмиссиясы жүзеге асырылады. Оны қаржылық және қаржылық емес профильдегі әрқилы акционерлік компаниялар шығарады. Алғашқы рынокта бағалы қағаздардың тікелей инвесторлары коммерциялық және инвестициялық банктер, биржа фирмалары, сақтандыру компаниялары, зенетақы қорлары, қаржылық емес корпорациялар және жеке адамдар (жеке инвесторлар). Олар биржа фирмалары мен инвестициялық банктер арқылы акция мен облигация сатып алады. Бағалы қағаздардың қайталама рыногы эмитент бағалы қағаздарды орталықтанған немесе орталықтанбаған сатып алу мен сатуды түсіндіреді. Бағалы қағаздар- спецификалық тауар, барлық тауар сияқты тұтыну құны мен бағасы бар. Бағалы қағаздардың тұтыну құнының мәні белгілі бір дәрежеде табыс келтіреді, яғни процент (облигациялар бойынша) және дивидент (акциялар бойынша) төлегенде, сонымен қатар бағалы қағаздардың құн курсының өсуі нәтижесінде келетін табыстар.
Бағалы қағаздар рыногы несие - қаржы жүйесінің бөлігі ретінде мемлекеттік бақылау мен реттеудің қатаң объектісі болып табылады. Сонымен, рынок болуы үшін сұраныс пен ұсыныс аралық қызмет атқарушы, реттеу және өзін - өзі реттеу жүйесі болуы керек. Бағалы қағаздарға деген сұраныс халықтың әлеуметтік - тұрмыс дәрежесімен анықталады.
Бағалы қағаздар – ең алдымен мүлікті иемденуге құқық беретін ақшалы құжат немесе қарыз берушісі қарыз алушының берген қарыз міндеттемесі. Бағалы қағаздар толтырылуы немесе жазылуы жөнінен екі түрлі болуы мүмкін: не заң жүзінде бекітілген жеке құжат түрі, не есепшотқа енгізілген жазу түрі. Егер басқа адамға иемденуге берілсе бағалы қағаздардың екінші түрі бойынша ерекше куәлік толтырылып беріледі. Оны иемдену құқын беретін құжаты сертификат деп аталады /2, 220 б/.
Қорыта айтсақ, тұрмыс дәрежесі жоғары болған сайын, табыстың басым көпшілігі жинақталады да, адамдар бағалы қағаздарды сатып алуда мүдделік көрсетеді деп айтамыз. Бағалы қағаздар ұсынысы, онда сұраныспен анықталады. Бағалы қағаздарға сұраныстың дамуы қаржы жүйесін қайта құрумен тікелей байланысты. Бағалы қағаздар рыногында қандайлық дәрежеде болмасын белсенділік күтер болсақ, салық жүйесін жетілдіріп отыру да бүгінгі уақыт талабы, рынок талғамы.
Бағалы қағаздар бірнеше түрлі болып жіктеледі: біріншіден, түсіретін кірісіне; екіншіден, эмитенттің сипатына; үшіншіден, айналым мезгілі мен айналым жеріне байланысты (1 сурет, Қосымша A).
1. Кіріс төлеу жөнінен қарызды және үлесті бағалы қағаздар болып екіге бөлінеді. Қарызды бағалы қағаздар бойынша кіріс нақты процентпен төленіп, ал қарыздың күрделі негізгі бөлігін келешекте белгіленген уақытта өтеу көзделеді. Үлесті бағалы қағаздар немесе оны акция деп атайды. Акция оны иемденушінің корпорацияның мүлігіндегі үлесін көрсетеді және иемденушіге шектеусіз уақыт бойы дивидент түрінде кіріс түсіреді. Ал бағалы қағаздардың басқа түрлері қарызды және үлесті түрлерінен туындайды. 2. Бағалы қағаздар шығарушысы (эмитенті) жөнінен де жіктеледі. Олардың эмитенттері мемлекет, жергілікті әкімшілік, корпорациялар, қаржы институттары және тағы басқа заңды тұлғалар болуы мүмкін. Эмитенттеріне байланысты үлесті және қарызды бағалы қағаздар төмендегідей түрге бөлінеді:
• Қазыналық немесе үкімет атынан Қаржы Министрлігі шығаратын бағалы қағаздар. Бұл қағаздар еңбір сенімді қағаздардың бірі. Себебі оның төлемін (өтелуін) мемлекеттік бюджеттің қаржысы қамтамасыз етеді. Бұл бағалы қағаздардың көп тараған түрлері векселдер мен қазыналық облигациялар. Мемлекеттік меншіктегі кәсіпорындарды да көбіне облигация түріндегі бағалы қағаздарды шығарады.
• Жергілікті әкімшіліктер мен олардың меншігіндегі кәсіпорын бағалы қағаздары. Олардың төлемін қамтамасыз ететің жергілікті салықтар мен істің нақты жобасына үкіметтің берген дотациясы.
• Қаржы институттары мен корпорациялардың, яғни ашық түрдегі акционерлік қоғамдардың акция және облигация түріндегі бағалы қағаздары. Олардың өндіріс, құрылыс, сауда, жол қатынасы кәсіпорындарымен қатар коммерциялық банктер, сақтандыру және инвестициялық компаниялары, зейнетақы қорлары шығарады.
• Банктердің бағалы қағаздары – олар депозиттік сертификаттар (салым құжаты), чектер және бұданда басқа банктің өзінің қарыз міндеттемелері.
• Кәсіпкерледің бағалы қағаздары – олар коммерциялық вексельдер, фьючерстік шарттар және басқа коммерциялық қағаздар /3, 41 б/.
Бағалы қағаздар қай жерде сатылады деген сұраққа жауап бойынша да жіктеледі. Сатылу жеріне байланысты ақша нарығындағы және капитал нарығындағы бағалы қағаздар болып екіге бөлінеді. Ал ақша нарығы қаржы нарығының бір бөлігі, онда қысқа мерзімді бағалы қағаздар сатылып және сатып алынады. Оның айналу мерзімі 1 күннен 1 жыл аралығында созылады. Бұл нарыққа қазыналық вексельдер, депозиттік сертификаттар және басқа коммерциялық қағаздар сатуға түседі. Оларды шығарушылар әртүрлі жіктелу топтарына жатса да, олардың бәрі қарызды бағалы қағаздарға жатады. Капитал нарығына 1 жылдан астам уақытқа шығарылған бағалы қағаздар түседі. Олар үлесті де, қарызды да, бағалы қағаздар болуы мүмкін. Олардың эмитентері де әртүрлі: мемлекет, жергілікті әкімшілік, корпорациялар, қаржы институтары және тағы басқалар.
Банктің инвестициялық операция жүргізетін бағалы қағаздары екі топқа бөлінеді:
1. Мемлекеттік бағалы қағаздар;
2. Корпоративтік бағалы қағаздар;
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бағалы қағаздарының өзі
мынандай түрлерге бөлінеді: ұлттық банктің қысқа мерзімді нотасы, ұлттық банктің арнайы валюталық нотасы, арнайы валюталық мемлекеттік облигациялар «АВМЕКАМ», мемлекеттің арнайы қазынашылық міндеттемесі «МЕАКАМ», мемлекеттің қысқа мерзімді қазынашылық валюталық міндеттемесі «МЕКАВМ», мемлекеттің индексацияланатын қазынашылық міндеттемесі «МЕИКАМ», мемлекеттің орта мерзімді қазынашылық міндеттемесі «МЕОКАМ», мемлекеттің қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемесі «МЕККАМ», мемлекеттік ішкі зайымдық ұлттық жинақ облигациялар. Ал Корпоративті бағалы қағаздарға мыналар жатады: акциялар, облигациялар, вексельдер, чек, депозиттік және жинақ сертификаттары, ипотекалық куәліктер депозитарлық қол хаттар. (1 кесте, Қосымша B) /4, 3 б/
Мемлекеттік бағалы қағаздар табыстылығына қарай үш түрге бөлінеді:
• Дисконттық , мұндай бағалы қағаздар алғашқы нарықта инвесторларға жеңілдікпен сатылып, номиналдық құны бойынша өтеледі.
• Купондық, яғни номиналдық құнына пайызбен бейнеленген табыс әкелетін бағалы қағаздар. Купон мерзіміне қарай жылына 2 – 4 ретке дейін төленеді.
• Аралас, яғни купон жене дисконт түрінде қатар табыс әкелетін бағалы қағаз. Бұл жағдайда инвестор банктің табысы екі көзден : дисконт түріндегі және купон мөлшерлемесі түріндегі табыстардан құралады.
Корпоративті бағалы қағаздарға мыналар жатады:
• акциялар;
• облигациялар;
• вексель;
• чек;
• депозиттік және жинақ сертификаттары;
• ипотекалық куәліктер;
• депозитарлық қол хаттар;
Акция – бұл акционерлік қоғамның жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын және басқару ісіне қатысуға құқық беретін, сондай – ақ иесіне табыс әкелетін бағалы қағаз.
Дивиденд төлеу тәсілінің айырмашылығына байланысты жай және артықшылықты акцияларға бөледі. Жай акция, оның иесіне акционерлік қоғамның табысына байланысты табыс әкеледі және қоғамды басқару ісіне немесе жалпы жиналысқа қатысуға құқық береді. Ал артықшылығы акция иесіне қоғамның табысына байланыссыз тұрақты табыс алуға құқық береді, бірақ басқару ісіне араласуға немесе акционерлер жиналысына қатысуға құқық бермейді. Артықшылықты акцияның келесі бір артықшылығы – қоғам борыштық тұрақсыздыққа ұшыраған жағдайда мүлікті жай акция иесінен бұрын алуға мүмкіндік беруі.
Акциялар шығару формасына қарай да ажыратылады: құжатты /сертификатпен/ түрде және құжатсыз /шоттағы бугалтерлік жазулар арқылы/ .
Облигация – оның иесінің ақшалай қаражат салғандығын куәландыратын және эмитенттің осы қаражат сомасы /номиналдық құны/ мен пайызды қайтарып беру туралы міндеттемесін растайтын бағалы қағаз.
Қазақстандағы айналыста жүрген облигациялар табыстылығына қарай екі түрге бөлінеді:
• Купондық облигация – инвестор банкке пайыз мөлшерлемесі формасында, яғни алты айда немесе жылына бір рет табыс әкелетін түрі;
• Дисконттық облигация – инвестор банктің облигацияны шығарушыдан номиналдық құнынан төменгі бағада сатып алып, оны өзінің құнымен қайта сату арасындағы айырма түрінде банкке табыс әкелетін түрі.
Вексель – белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың қарыздық міндеттемесі.
Вексельдің екі түрі бар: жай және аудармалы.
• Жай вексель /соло/ - вексельді ұстаушыға вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель берушінің еш нәрсемен негізделмеген міндеттемесін сипаттайтын вексель.
• Аудармалы вексель /тррата/ - вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта алғашқы вексельді ұстаушыға төлеу туралы үшінші бір тұлғаға вексель берушінің еш нәрсемен негізделмеген ұсынысын сипаттайтын вексель /3, 53 б/.
Қорыта келгенде, қазіргі таңдағы барлық бағалы қағаздар бірнеше
түрлерге бөлінеді: мемлекеттік бағалы қағаздар, корпоративті бағалы қағаздар, қарызды бағалы қағаздар, үлесті бағалы қағаздар, қазыналық, кәсіпорын меншігіндегі бағалы қағаздар, акция және облигация түріндегі бағалы қағаздар, банктердің бағалы қағаздары, кәсіпкерледің бағалы қағаздары болып. Сонымен, бағалы қағаздардың кез келген түрі - өндірістің өсуін қамтамасыз етіп, қаржы қорларын көбейтіп, қоғамда әлеуметтік оң өзгерістердің болуының кепілі.
1.2 Бағалы қағаздар рыногының функциялары мен түрлері
Бағалы қағаздар рыногы алғашқы және қайталама (қосалқы) болып бөлінеді. ”Алғашқы рынок” термині құнды қағаздар шығарып сатуға қатысты. Акция мен облигацияларды алғашқы рынокқа сатудың нәтижесінде эмитент (шығарушы) өзіне қажетті финанс қаржыларын алады. Әр биржа бағалы қағаздарды қабылдауда өз талаптарын қояды. Сондықтан да компаниялардың қағаздары котировкаға түседі. Кейбір биржаларда бағаланбай жатады. Биржадан тыс айналымға екінші рет қатысатын комппниялардың қағаздары бір мезгілде биржада және биржадан тыс та айналымға түседі.
Биржадан тыс рынок телефон, телекс, компьютерлер негізінде әрекет етеді, оларды бір организмге біріктіріп, мыңдаған фирмалар байланыстырады. Егер биржа рыногына ірі, беделді компаниялардың қолы жетсе, биржадан тыс нарыққа кез келген компаниялар қатыса алады. Ол үшін екінші реттегі қайталама осы қағаздардың түрін қолдайтын брокерлік фирмаларды табу керек. Мысалы, АҚШ-тағы биржадан тыс айналым жүйесі (ол жүйе НАСДАП деп аталады). Қайсы бір компаниялардың акцияларын котировкадан өткізу үшін олар кемінде дилер фирмаларында тұрақты сатылып және сатып алынулары тиіс және әрбір фирманың 25 мың доллар таза капиталы немесе опирация жасау үшін қағаздың әр түрін есептегенде 2,5 мың доллар болуы қажет. Дилер фирмасы өзінің айналысатын қағаздарын НАСДАП жүйесінде тіркейді.
Қазақстан Республикасынын жоспарлы экономикадан түбегейлі жаңа, рыногтық, мемлекет реттейтін экономикаға өтуі елімізде қаржы нарығын және оның қызметін қамтамасыз ететін институттардың құрылуын талап етеді. Қаржы нарығы – мемлекеттің бүкіл ақша қорларынын жиынтығы. Бұл қорлар экономиканың әртүрлі субъектілерінің сұранысы мен ұсынысы әсерінен өзгеріп ардайым қозғалыста болады. Қазіргі кезде дүниежүзінде АҚШ-тың, Еуропа бірлестігі мен Жапонияның қаржы рыног ең үлкен қорларды иемденуде. Ал Қазақстан Республикасының рыногтық экономикаға өтпелі кезеңінде оның қаржы рыногнын қоры мол, өз өркендеуіне жетеді деуге әзір ерте. Жалпы қаржы рыногы біріне - бірі байланысты және бірін -бірі толықтырып тұратын, бірақ әрқайсысы өз алдына қызмет жасайтын үш рыногтан тұрады.
Соның үшіншісі, бағалы қағаздар рыногы. Бұл рыногтың кейбір белгілері КСРО-дан қазан революциясына дейін болғанымен, соңғы 70 жыл бойы оның ешқандай өсу белгісі болған жоқ. Ал 90-шы жылдардын басында ТМД елдерінде, оның ішінде Қазақстанда басталған рыног қатынастары даму және одан әрі жетілу үшін белгілі бір уақыт қажет. Себебі, рыног меншік қатынастарын және мемлекет пен жергілікті басқару органдарының қаржы саясатын өзгертуден басталады. Айта кету керек, рыног ең бірінші меншікті жекеменшіктендіру және мемлекеттік кәсіпорындарды акцияландырудан басталады. Қазіргі кезде егемен жас мемлекеттер бюджет тапшылығын толтыру мақсатында бұрынғы үйренген әдіс – ақша белгілерін шығарумен шұғылданбай, оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздардың бірі - қысқа мерзімді мемлекеттік вексельдерді (ГКО) шығарумен айналысуда. Жергілікті.......
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Экономика | Бағалы қағаздар нарығындағы мемлекеттің қызметі
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының мемлекеті бағалы қағаздар рыногын құру
» Курстық жұмыс: Экономика | Бағалы қағаздардың түсініктемесі
» Курстық жұмыс: Экономика | ҚР бағалы қағаздар нарғының жетілдіруі мен даму жолдары
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстандық құнды қағаздар рыногының қалыптасуы
» Курстық жұмыс: Экономика | Бағалы қағаздар нарығындағы мемлекеттің қызметі
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының мемлекеті бағалы қағаздар рыногын құру
» Курстық жұмыс: Экономика | Бағалы қағаздардың түсініктемесі
» Курстық жұмыс: Экономика | ҚР бағалы қағаздар нарғының жетілдіруі мен даму жолдары
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстандық құнды қағаздар рыногының қалыптасуы
Іздеп көріңіз: