Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақстан Республикасының әскери саясаты
Мазмұны
І. КіріспеҚазақстан әскерінің қалыптасу тарихы.
ІІ. Негізгі бөлім.
1.1. ҚР әскери саясатындағы басымдылықтар
1.2. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі азаматтық
ќорғаныстың орны мен рµлі
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
К І Р I С П Е
Қазақстан Республикасының Президенті болып қайтадан сайланған Н.Ә.Назарбаев 1999 жылғы 20 қаңтарда мәртебелі қызметіне кірісу салтанатында сөйлеген сөзінде: "Даңқты өткенімізден күш ала отырып, жаңа ғасырға нық қадам басамыз" — деді.
Бұл сөздің астарында не бар? Даңқты өткеніміз қандай, ол қашаннан басталады?
Қазақ халқы — этногенез жағынан алғанда, үш мын жылдан аса тарихы мен мәдениеті бар халық. Тарихқа біздің заманымызға дейінгі (б.з.д.) X ғасырда сақтар, б.з.д. IV ғасырда хұндар (бұл атау ғұндар, һундар деп те жазылады), б.з. V—VI ғасырларында "түріктер" деген атпен енген бүгінгі қазақтар — сақтардың, хұндардың, түріктердің даңқты әскери тарихының, төл мұрагері.
Қазақстанның ежелгі әскери тарихы сақтардын б.з.д. 529 жылы парсы патшасы Кирді жеңуі мен одан кейін б.з.д. 512 жылы парсы патшасы Дарийдің әскерін талқандауынан басталып, б.з.д. 330—328 жылдары Александр Македонскийдің (Ескендір Зұлқарнайынның) әскеріне мықтап тойтарыс беруімен оның бірінші кезеңі аяқталады. Одан кейінгі кезеңде хұндар империясы құрылып, Қытай мен ұлы даланың шекарасын бөлген Қытай қорғаны хұндардан қорғану үшін бірнеше жеңілістен кейін б.з.д. 207 жылы салына бастағаны белгілі.
Ал Еуропаға жеткен хұндар патшасы Аттиланың 451 жылғы Римге шабуылынан кейін көп ұзамай Рим импернясының құлауы хұндардың әскери өнердегі қуаттылығынын шырқау шыңына жеткенін көрсетеді.
Орта ғасырлардағы түркілерге келсек, түркі жұрты VI -VIII ғасырларда, Византия және сасанидтік Иранмен соғыстарда әскери өнерді дамытуға баға жетпес үлес қосты. XII – XIII ғасырларда Шынғыс хан түркі халыктарының әскери дәстүрі мен өнеріне және жергілікті найман, керей, қыпшақ, қаңлы, дулат т.б. этникалык түрік тектес бірлестіктерге сүйеніп, атты әскерді құру мен үйретуде және әскери дара басшылықта соғыс өнерінің ең жаңа тәжірибесін жинақтады. XIV ғасырда Әмір Темір және оның мүрагерлері аса құдіретті тұрақты әскери күш құруда әлем тарихының сахнасына бірінші болып шықты. Сонымен, б.з.д. VI ғасыр мен бергі XIV ғасыр арасындағы сақтар, хұндар, түркілер, Шынғыс хан, Әмір Темір дәуіріндегі әскери өнердің дамуы - біздің рухани және әскери өнердегі қазыналарымыз әскери тарихымыздың деректі көздері болып табылыды. Демек, қазақ елінің қорғаныс күштерін кұруы б.з.д. VI ғасырдан, сақтар дәуірінен бастау алады.
XV ғасырдың ортасынан бастап, жергілікті этникалық бірлестікке сүйенген тайпалар қазақтың ұлттық мемлекетін құрды. Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігін қорғауда есімі аса құрметпен айтылатын: Қасым хан, Хақназар хан, Тәуке хан, Әбілқайыр хан, Тәуекел хан, Есім хан, Абылай хандар баға жетпес әскери дара басшылық тәжірибесін жинақтады. Отанын қорғауда өздерінің қабілеттілігімен, жеке басынын ерлігімен халық жадында ұмытылмас тұлға болып қалған: Қарасай, Кабанбан, Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Шапырашты Наурызбай т.б. батырлар Қазақ әскери тарихында өзіндік қолтаңбаларын қалдырды және қазақ әскери өнерінің дамуына аса зор үлес қосты.
Қазақтар белсене қатысқан Азамат соғысы жылдары (1918-1920 жж.) Қазақстан аумағында 4 кавалериялық бригада, 7 кавалериялық полк, 2 кавалериялық дивизион, 4 кавалериялық эскадрон, 4 жаяу әскер полкі, 8 күзет полкі және басқа да бөлімшелер құрылды. Олар азамат соғысына белсене қатысты. Ұлы Отан соғысына қазақстандықтардың қатысуы туралы айтатын болсақ, мұнда да біздің жерлестеріміз женіске өлшеусіз үлес қосты. Қазақстанда құрылған 20 - дан аса дивизиялар мен бригадалар шексіз батылдықпен шайқасты.
Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстан даласынан 1 млн. 200 мынға, жуық ұлдары мен қыздары Брест қамалы мен Мәскеуді қорғады, Ленинградты ұзақ уақыттық блокададан құтқаруға қатысты, Сталинград түбіндегі қанды шайқаста, Орел, Курск шайқасында тайсалмады, Украинаны, Белоруссияны, Прибалтиканы, Молдованы азат етуге күш салды, Берлин түбіндегі шайқастарға қатысты.
Тәуелсіздік алған кезден бері ұлттық мемлекеттің тұғырын биіктетер мәселелер көбейді. Қазірдің өзінде Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен, болашақ Қарулы Күштердің лайықты бет - бейнесін жасау жөнінде шаралар қабылданып жатыр. 1997 жылғы қараша айынан бастап, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін реформалау жөніндегі Жарлық іске асуда. Ол реформа бойынша, Қарулы Күштердін құрылысы төмендегідей түрде жүйеленеді:
1) Жалпы мақсаттағы күштер.
2) Әуе корғанысы күштері.
3) Мемлекеттік шекараны қорғау күштері.
ІІ. Негізгі бөлім
1.1. ҚР әскери саясатындағы басымдылықтар
Қазаќстан Республикасының Президенті, Қарулы Күштердің Жоғарғы қолбасшысы Н.Ә.Назарбаев әскерлердің алдында сөйлеген сөзінде "әскери училищелердің офицерлері мен курсанттарына, жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне соғыс және армия туралы әскери тарихты оқыту" керектігіне баса назар аударды. Бұл біріншіден, әскери істе болып жатқан процестерді, қарулы күштерді құрудағы теориялық -практикалық өзгерістерді, соғыс жүргізудің тәсілдері мен эволюциялық формаларын терең тануға, қазіргі заманғы мәселелерді дұрыс шешуге, практикалық тәжірибе мен теориялық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Екіншіден, әскери тарих курсанттар мен офицерлердің, әскери ойлауын, ғылыми ой - өрісін дамыту үшін де маңызды.
1997 ж 26 наурызда ҚР президенті басқа да мемлекеттердің басшыларымен бірге «ТМД - ға қатысушы мемлекеттерге әскери қызметшілерді әскери қызметтен босаған азаматтарды және олардың отбасыларын тұрғын үйме қам тамассыз ету туралы» шартқа қол қойды.
Мұның бәрі өткеннің қателіктерін түсінуге көмектеседі, қоғам дамуының бағытын көрсетеді, қарулы күштерді басқаруда өткен уакыттың тәжірибелерін қолдануға мүмкіндік береді. Үшіншіден, әскери тарих халықтар достығы рухында тәрбиелеудің құралы болады. Сондықтан бүгінгі Қазақстанның әскери тарихын оқып үйрену ерекше орынға ие. Ол ұлттық басымдылықка жеткізетін нақты идеология болатын пән, Қазақстанның әскери тарихы әскери кафедрасы бар әскери училишелер мен жоғары оку орындарында пән ретінде оқытылуы қажет. Осы кітаптың мақсаты бүгінгі күні еліміз тәуелсіздігін алып, ертеңіне сеніммен қол созған шақта өзінін тарихын тануға талпынған халыкымыздың ұл - қыздырына даңқты өткенін білуде аз да болса көмектесу деп білеміз. Сөз соңында айтарымыз, бұл кітап "Военная история Казахстана" (очерки) деген атпен "Рауан" баспасынан 1998 жылы орыс тілінде жарык көрген еді, ал қазақ тілінде осы кітапты баспаға дайындау барысында, авторлар жекелеген оқырмандардан, ғылыми мекемелерден және жоғары оқу орындарынан түскен көптеген орынды тілектер мен ұсыныстарды орындауға тырысты.
Кітап сегіз тараудан тұрады. Оның I—VI тарауларының авторы отставкадағы гв.полковнигі, Ресей Әскери ғылымдар академиясының корреспондент мүшесі, профессор К.Аманжолов, VII—VIII тараулардың авторы генерал - майор, профессор А.Тасболатов.
Қырық жылдан астам уақыт бойы єлемдегі ең ірі екі державаның теке тіресінде аса бай ядролық арсеналдар талас-тартыстың негізгі тіреніші болып келді. Ол кезде ядролық қауіпсіздікке қол жеткізу бәрінен бұрын ядролық әлеуетті арттырумен байланысты қарастырылатын.
Он жылдан бері әлем блоктарға бөліп µмір сүруін тоқтатты. Алайда ядролық қауіпсіздік проблемасы тарап кеткен аса қуатты державалардың бірінің ядролық арсеналының едәуір бөлігі жойылғаннан кейін де өзінен - өзі шешіле қалған жоқ.
Өкінішке қарай мыңжылдықтар межесінде біздің планетамыз кәдімгі қару – жарақ жағынан да, ядролық қару – жарақ жағынан да бұрынғысынан қауіпсіздеу бола түспеді.
Оның есесіне ядролық қатер өзінің бұрынғы қос өлшемдік ауқымынан асып, ағзаны жаулап алған радиациясынды жаңа түрлерге ауысып, тіпті, құбыжыққа айналып барады.
Бүгінгі таңда біз соңғы он жылдың ішінде іргелі ілгерілеуіміз ауқымды ядролық қақтығыс тұрғысынан алғанда қатерді азайта тұра, «ядролық болмыстың» жаңа өлшемдері пайда болуына қалайша септігін тигізгенін пайымдап алуға тиіспіз.
Біріншіден, ядролық қауіпсіздіктің XX ғасырда екі полюсті әлемге лайықталып қалыптастырылған халықаралық жүйесі жаңа геосаяси жағдайға шыдас бере алмады, ядролық қарудың «жер бауырлап жылжу» процесін тоқтатуға шамасы келмеді.
Күштердің ара салмағы бұзылды, ядролық қару «үлкен» бестіктің ғана меншігі болудан қалды. Бұл қаруды таратпау жөніндегі жұрттың бәрі қабылдаған, енді бұзылмастай көрінетін тәртіпке қарамастан, ядролық қаруға ие елдердің саны арта түсті. Әлемде жаңа геосаяси полюс — «үшінші ядролық әлем» пайда болды.
Планетаның адам ең бір тығыз орналасқан өңіріндегі тұрақсыздық қазірдің өзінде Азияның екі ірі елі — Үндістан мен Пәкстанның арасында пайда болған қатерлі ядролық меже арқылы анағұрлым шиеленісе түсті.
Егер бүгінгі әлемнің сан қилы қауіп – қатерлі аймақтарында ядролық қаруға ие болудан нақты дәмелі бірқатар елдердің бар екенін ескерсек, жағдай аса бір қатерлі сценарий бойынша өрбіп кетуі де мүмкін. Өйткен жағдайда әлем аса ауқымды ядролық қақтығыстың бұрынғы қатерінің орнына атом қаруын тактикалық мақсат үшін қолдана беретін аймақтық соғыстар келетіндей күй кешуі ғажап емес.
Екіншіден, қазіргі әлемде ядролық қаруға бұрыннан ие болып келе жатқан державалар мен ол қарута қол жеткізудің «табалдырығында» тұрған елдердің арасындағы теке тірес белгілері барған сайын айқын біліне бастады. Осының салдарынан ядролық қаруды жанталаса көбейтудің жанкешті жарысына ядролық державалармен қатар әлгі «табалдырықта тұрған» елдер де қосылатындай қауіп нақты төнуде.
Үшіншіден, аймақтық тұрақсыздықтың ұшынып кетуінің салдарынан қауіпсіздікке қатердің жаңа түрлері кеңінен өріс ала бастады.
Бүгінде ядролық материалдардың контрабандалық жолмен тасылуына, сондай – ақ бірқатар терроршыл топтардың ядролық қару – жарақты жасап шығаруға және оны тасымалдауға қажетті компоненттерге, технология мен мамандарға қол жеткізуге жанталаса ұмтылып жатқаны қатты алаңдаушылық туғызуда.
Ядролық қарудың террористердің қолына түсуі бүкіл адамзат баласы үшін қандайлық ауыр зардабы болатынына сіздердің назарларыңызды аударып жату артық та шығар.
Әлем ядролық қауіп ядролық арсеналдың санымен емес, ядролық қаруы бар болуы фактісімен өлешенетін шекке жетіп отыр.
Осының бәрі ядролық қарудың одан әрі «жылжуына» жол бермеу, оның таралуын бақылаудың халықаралық жаңартылған жүйесінің құрылысы жөніндегі дүниежүзілік қауымдастықтың күш – жігерін жандандыруды талап етеді.
Қазақстанның егемен ел ретінде қалыптасуы өткен ғасырдың 90 -жылдарындағы аталған күрделі геосаяси жағдайда өтті. Ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін дүниежүзілік қауымдастықтың алдындағы айрықша жауапкершілігін сезінгендіктен де Қазақстан жалғыз дұрыс шешім екендігін кейіннен өмірдің өзі көрсетіп берген күрделі қадамға барды.
Осыдан дәлме - дәл он жыл бұрын, 1991 жылғы 29 тамызда мен Қазақстан жерін жарты ғасырға жуық уақыт бойы азапқа салып келген Семей ядролық полигонын жабу жөніндегі Жарлыққа қол қойдым.
Адамзат дамуының бүкіл тарихи тәжірибесі мемлекеттің алға басуы және тұрақты өсуі жүзеге асырылатын қажетті шарттардың бастауында оның ұлтының қауіпсіздігі мен мемлекеттілігінің сақталуы тұрғанына куә. Бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды түрде қорғап, нығайтып, ұрпақтарға қалдыру қажет. Біздің ұрпақ еңсере алмай, өздеріне қалдырған ауыртпалықтар, қиышнылықгар мен проблемалар үшін болашақ ұрпақ кешірер. Егер біз өз мемлекеттілігімізден айрылып, егемендігіміздің стратегиялық негіздерін, өз жерлеріміз бен ресурстарымызды қолымыздан шығарып алсақ, бізге кешірім жоқ. Әрине, болашақты бағамдаудың мұндай қисыны кез келген ішкі және сыртқы жағдайларда ұзақ мерзімді кезеңге арналған Қазақстан саясатының стратегиялық бағыты үшін уақыты жағынан үздіксіз болуы керек. Бұл Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуының бірінші стратегиялық басымдығы болуға тиіс.
Қауіпсіздіктің басымдығы анық: егер еліміз қауіпсіздігін сақтамаса, онда тұрақты даму жоспарлары туралы сөз қозғауымыздың өзі қисынсыз. Бабаларымыздың өз мемлекетінің іргетасын қалауы мен дамытуын шолып қарағанда, олардың өз мемлекеттілігін сақтап қалу үшін тарихи ауыр және қатал күрес жүргізгенін айқын көрсетеді, Осы стратегиялық міндеттің.........
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Тарих | Бауыржан Момышұлы соғыс жылдарында
» Курстық жұмыс: Қазақ тілі | ''Қазақ'' этнонимі
» Курстық жұмыс: Тарих | Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан-Түркия арасындағы экономикалық қарым-қатынастары
» Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақстан егемендігінің жариялануы және Түркия республикасымен қарым-қатынастардың басталуы, дамуы, Ясави
» Курстық жұмыс: Тарих | Бауыржан Момышұлы соғыс жылдарында
» Курстық жұмыс: Қазақ тілі | ''Қазақ'' этнонимі
» Курстық жұмыс: Тарих | Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан-Түркия арасындағы экономикалық қарым-қатынастары
» Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақстан егемендігінің жариялануы және Түркия республикасымен қарым-қатынастардың басталуы, дамуы, Ясави
Іздеп көріңіз: