Курстық жұмыс: Сақтандыру | Қазақстан Республикасының әлеуметтік сақтандыру компаниясының қызметтеріне талдау

Курстық жұмыс: Сақтандыру | Қазақстан Республикасының әлеуметтік сақтандыру компаниясының қызметтеріне талдау

Мазмұны
Кіріспе........................................................................3
І.Сақтандырудың экономикалық мазмұны
1.1. Сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәні, оның іс-әрекет сфералары.......................................5
1.2. Міндетті әлеуметтік сақтандыру................................................................... 9
ІІ. Қазақстан Республикасының әлеуметтік сақтандыру компаниясының қызметтеріне талдау жасау
2.1. “Евразия” сақтандыру компаниясының құрылымы.................................. 16
2.2. “Евразия” сақтандыру компаниясының қызметтері.................................. 18
ІІІ. Әлеуметтік сақтандырудың Мемлекеттік Қорының қызметтерін жетілдіру
3.1. Әлеуметтік сақтандырудың Мемлекеттік Қоры – міндетті әлеуметтік сақтандырудың негізгі бағыты.........22
Қорытынды..........................................................................................................25
Қолданылған әдебиеттер..................................................................................26

Кіріспе
Нарықтық экономикаға көшумен байланысты Қазақстан Республикасының сақтандыру жүйесінде елеулі өзгерістер болып жатқаны баршамызға мәлім. Бүгінгі таңда нарықтық экономика жолына баяғыда түсіп зор жетістіктерге жеткен өркениетті елдер тәжірибесіне үйрене отырып, сақтандыру жүйесі дамып жатыр.
Сақтандыру өмірдегі әртүрлі жеке азаматтарға, кәсіпорындарға, стихиялық және басқа да кездейсоқ жағдайлардың есебінен болатын шығындар мен зиянды қайтару үшін құрылған арнайы қордың қолдануда қалыптасатын экономикалық қатынастар жүйесі.
Сақтандыру туралы заңда Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің тиісті баптарынан, Жарлықтан, Қазақстан Республикасының заң актілерінен және соларға сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының Президент пен Үкіметтің нормативтік актілерінен тұрады.
2005 жылғы 1 тамызда 37 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар, оның ішінде 3 өмірді сақтандыру бойынша, 29 көлік құралдары иелерінің АҚЖ міндетті сақтандыру лицензиясын ие, сондай – ақ 10 сақтандыру брокерінің, 28 актуарийдің, 35 аудиторлық ұйымның және 70 аудитордың сақтандыру қызметіне аудитті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар.
Ағымдағы жылдың шілдесінде Агенттік “Мемлекеттің аннуитетік компаниясы” өмірді сақтандыру бойынша компаниясы” АҚ қайта құрылған сақтандыру ұйымына “өмірді сақтандыру” саласы бойынша құрылған лицензия береді.
Одан басқа, шілде айында “IIB” Индустриалды сақтандыру брокері” ЖШС-не және “BRAND SECURITIES” сақтандыру брокерлік компаниясы” ЖШС-не сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беріледі.
Міндетті сақтандырудың түрлері заң актілерімен белгіленеді. Міндетті сақтандыруды жүргізудің тәртібі мен шарттарын олардың Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделмегендігінне қарай Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленеді.
Қазақстан Республикасында “Евразия” сақтандыру компаниясы белсенді жұмыс істейді. Компанияның ұсыныстары бойынша бірнеше қызметтерді жүзеге асырады. Солардың ішінде қайта сақтандыру, мүлікті сақтандыру және тағы басқы қызметтерді жүзеге асырады.
Сақтандырудың экономикалық категориясының материалдық ақшалай иелері сақтық қорлары бола алады, олар қоғамдық ұдайы өндірістің элеметтері, сақтық қатынастары қатысушыларының жарналары, мемлекеттік бюджет қаражаттары, қаражаттардың ерікті аударымдары, қайыр көрсету және сақтық қатынастары қатысушыларының тарапынан болатын бірқатар басқа айрықшалықты төлемдер есебінен қалыптасатын ақшалай немесе материалдық қаражаттардың резервтері болып табылады.
Сақтық қорлары – қоғамның ұлттық шаруашылығындағы сан алуан, алдын ала болжануы мүмкін емес жайттардан сақтандыруға арналған қоғамның резерв қорлары жүйесінің қажетті құрамды бөлігі.
Экономиканың нарықтық қатынастарға и көшеуі, кәсіпкерлік қызметтің дамуы, тауар мен айырбас шеңберінің, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара келісмшарт міндеттемелердің кеңеюің сақтандыру арқылы болатын кепілдіктердің берік жүйесін талап етеді. Тек сақтандыру негізінде ғана материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процесінде пайда болатын қолғамдық және жеке мүдделерді қорғау мүмкін болады.
Курстық жұмысты жазу барысында келесі сұрақтарға жауап алуға тырыстым. Олар:
1. Сақтандырудың әлеуметтік – экономикалық мәні, оның іс - әрекет сфералары;
2. Нарықтық экономикадағы Қазақстан Республикасының сақтандыру компаниясы;
3. Әлеуметтік сақтандырудың Мемлекеттік қоры, яғни осы сұрақтарға байланысты жауап алуға тырыстым.
І.Сақтандырудың экономикалық мазмұны
1.1. Сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәні, оның іс-әрекет сфералары
Сақтандыру өндірістік қатынастың ажырамас бөлігі болып табылатын адамдар арасындағы қоғамдық – экономикалық қатынастың ежелгі категориясы болып табылады. Сақтандыру сөзінің бастапқы мағынасы қорқу, үрей сөздерімен байланысты. Қазіргі кезде сақтандыру термині жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүддесін қорғау құралы деген мағынаны білдіреді. Сақтандырудың алғашқы формасы ежелгі дәуірде пайда болған. Құл иелену дәуірінде қозғалмайтын мүлік, сауда, кеме қатынасын сақтандыру туралы келісімдер жасалған. Мұндай келісім шарттың мақсатын табиғи апаттан келтірілген зиянды әрбір тұлғаға бөлу. Мұндай құжаттар қазіргі кезге дейін сақталып келген. Ең алғашқы сақтандыру палатасы 1310 жылы Германияның Брюгге қаласында құрылған. Бұл палата көпестердің мүліктік мүддесін қорғау операцияларын жүргізген. Кеме қатынасы арқылы халықаралық сауда жаңа сауда рыноктарының пайда болуымен, дамуымен байланысты мүліктік мүддені қорғау қажеттілігі арта түсті. Осы қажеттілікке сай мүлігі бар бірнеше тұлғалар өзара біріккен сақтандыру мекемелері пайда бола бастайды. Осы кезде кәсіпкерлік қызметтің обьектісі ретінде мүліктік сақтандырумен қатар ортамен сақтандыруда дами бастады. Мысалы, 1666 жылы Лонданда болған өрт қаланың бүкіл орталығын жойған, осыдан кейін “Өрттік полис” басқа да үйлермен ғимараттарды сақтандыру үшін құрылған. Мұндай сақтандыру өзара сақтандыру деп аталады. Өзара сақтандыруда оның қатысушылары қызметтің мұндай түрінен пайда табуды мақсат етіп қоймаған. Олар өздеріне келітірілетін зиянның мөлшерін төмендетуді көздеген. Сақтандыру бірлестіктері бірте – бірте коммерциялық професионалды сақтандыру компаниялары болып қайта құрыла бастады. Мұндай компаниялардың басты мақсаты осындай операциялардан пайда табу болды. Экономиканың дамуымен байланысты сақтандыру компанияларының саны көбее түсті. Батыста 60 – жылдардың басында мүліктік және жеке сақтандырудың 100 – ге жуық түрі болды. Уақыт талабына сай сақтандыру формалары мен әдістері өзгеріп отырды.
Сақтандыру-қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтардыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік – экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп – бұл өндіріс пен адам өмірінің қаупі – қатерлі сипаты.
Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүгедектерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.
Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді:
1. Қатынастардың ықтималдылық сипаты;
2. Қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген ауқымда – мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке адам деңгейінде);
Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері бар:
• Сақтық қатынастарының ақшалай сипаты;
• Сақтандырудың қоғамдық өнімінің құнын қайта бөлуге қатысуы;
• Оның іс – қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосарланып отырады;
• Сақтық қатынастардың бір бөлігінің міндетті сипатының болуы;
• Ақша қорларын жасап, пацдалану кезіндегі сақтық баламалығы барлық жағдайда бола бермейді (қатынастардың баламасыздығы);
Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің субьектісі болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды бөлігі болып табылады, қалған барлық жағдайда сақтық ісін экономикалық жүйе шеңберіндегі айырықша сақтанушыға немесе оның қайта бөлу процестерін жүзеге асыратын арнаулы қаржы – кредит институты ретінде қарауға болады.
Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұщырағанға көмек көрсетілгендігінде. Демек, сақтандыру – қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңи тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айырықша сферасы.
Сақтандырудың экономикалық мәніне бұл категорияның қоғамдық арналымның көрінісі ретінде оның бөлу, өтімдік, жинақтық және бақылау функцияларына сай келеді.
Бөлу функциясы бұл функцияның өзгешелігі қайта бөлу ретінде көрінуі. Ол алдын алу функциясына, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен сақтық жағдайының болу мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтандыруда бөлу функциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық функциясына бүгіледі.
Бақылау функциясы сақтық төлемдерін жұмылдыруды және сақтық қорын қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың нақты қатынастарында көрінеді.
Соңғы уақытта бірқатар зерттеушілер сақтандыру экономикалық категориясын сипаттау үшін тәуекелділік функциясын қарауды ұсынады, өйткені сақтық тәуекелі сақтандырудың негізгі арналарымен – қолайсыз оқиғалардан болған зиянның орнын толтырумен байланысты.
Сақтық қатынастардың бір бөлігінің салыстырмалы жалпы бағыттылығы мен (кең арналымдағы резервтік қорларды пайдалана отырып) қоғамдық қорғаудың жүйесі арқылы тиісті ақша қаражаттарының арналымы болады. Бұл қатынастар мен қорлар байланысылған және жалпыұлттық сипаты бар төтенше уақиғаларды ескертуге және жоюға бағытталған. Мұндай жағдайларда тұрақты жұмыс істейтін қорлардан басқа (жалпымемлекеттік материалдық резервтерден, Үкіметтің резервтік қорларынан) кәсіпорындардың, ұйымдардың, халықтың ерікті қайырымдылықтары есебінен қосымша қаражаттар жұмылдыруы мүмкін. Бұл қорлар халыққа, өндіріс пен инфрақұрылымның обьектілерін жаңғыртуға, экологиялық тепе – теңдікті қалпына келтіру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға келтірілген зиянды өтеуге пайдаланылады.
Қатынастардың екінші бөлігінің біршама тар арналымдағы қорларды - әлеуметтік қорлар мен әлеуметтік қамсыздандыру қорын жасап, пайдалана отырып, азаматтардың әлеуметтік жағдайын қорғауға бағытталған болатын.Бұл қатынастардың іс - әрекеті халықты әлеуметтік қорғаудың қажеттігімен байланысы.
Үшінші бөлік қатынастардың тұйық аясын пайдала отырып және олардың осы жиынтығы шегінде бұл қатынастардың баламалығына жете отырып, адамдардың денсаулығы мен әл – ауқатын, олардың мүлкін сақтық қорғау жөніндегі қатынастар болып табылады. Бұл – жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыру және шаруашылық жүргізуші субьектілер үшін мүлікті сақтандыру.
Сақтандырудың жалпы жүйесінің салыстырмалы дербес бөлігі медициналық сақтандыру болып табылады.
Сақтандыру кезінде сақтық резервтері мен қорларын қалыптастырудың екі негізгі әдісі қолданылады, олар: бюджеттік және сақтық әдістері.
Қаржыларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі бюджеттердің қаражаттарын, яғни бүкіл қоғамның қаражаттарын пайдалануды болжайды.
Сақтық әдіс қорларды шаруашылық жүргізуші субьектілер мен халықтың жарналары есебінен жасауды алдын ала қарастырады, жарналардың мөлшері және оларды төлеудің тәртібі сақтандырудың түріне қарай немесе заңмен не сақтық қатынастарының қатысушылары арасындағы арнайы келісімшартпен анықталады.
Сақтық жүйесі республика экономикасының сенімді әрі орнықты дамуына, халықты әлеуметтік қорғауды арттыру үшін қосымша негіз жасауға, азаматтар мен шаруашылық жүргізуші субьектілерінің мүлкін сақтандыруға ықпал етуге тиіс. Сақтандыру мәселесі, медициналық сақтандыруды қоса алғанда, әлеуметтік қамсыздандырудың проблемаларына тікелей қатысты.
Сақтандыру, табыс түсіру мақсатымен коммерцияның шекес сфераларына қаражаттарды инвестициялау жөніндегі сақтық ұйымдардың қызметі сақтық ісі ретінде болып көрінеді.
Сақтандыру – сақтық ұйым өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтық төлем арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтық жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңи тұлғалардың заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені.
Сақтандыру процесі сақтандыру шарты негізінде не өзара сақтандыру қоғамына мүшелік негізінде жүзеге асырылады.
Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтық сыйақыларын төлуеге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтық жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе оның пайдасына шарт жасалған өзге де тұлғаға (пайда алушыға) шартта белгіленген соманың (сақтық сомасының) шегінде сақтық өтемін төлеуге міндеттенеді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша мыналар сақтандырудың нысандары болып табылады:
1. Міндеттілік дәрежесі бойынша – ерікті және міндетті;
2. Сақтандыру обьектісі бойынша – жеке және мүліктік;
3. Сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша – жинақтаушы және жинақтаушы емес;
Міндетті сақтандыру – заңнамалық актілер талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Ол сақтанушының есебінен жүзеге асырылады. Міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың жеке (бөлек) сыныбы болып табылады. Міндетті сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың мазмұны және оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын реттейтін заңнамалық актілермен белгіленеді.
Ерікті сақтандыру – тараптардың еркін білдіруіне орай жүзеге асырылатын сақтандыру.
Сақтық қызметі – сақтық (қайта сақтандыру) ұйымның сақтық (қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкес уәкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызмет.
Сақтық қызметін ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу мен лицензиялауды жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптарға және түрлерге бөлінеді. Сақтық ұйымның сақтық қызметі “өмірді сақтандыру” саласы және “жалпы сақтандыру” саласы бойынша жүзеге асырылады.
Өмірді сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды: өмірді сақтандыру; аннуитеттік сақтандыру.
Жалпы сақтандыру сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды: жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру; медициналық сақтандыру, көлік құралдарын(автомобиль, темір жол, әуе және су көліктерін) сақтандыру; жүктерді сақтандыру; мүліктерді сақтандыру (көлік құралдарын қоспағанда); кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру;көлік құралдары иелерінің және тасымалдаушының азаматтық – құқықтық жауаптылығын сақтандыру; шарт бойынша азаматтық – құқықтық жауаптылықты сақтандыру;зиян келтірілгені үшін азаматтық – құқықтық жауаптылықты сақтандыру (көлік құралдары иелерінің және тасмалдаушының азаматтық – құқықтық жауаптылығын қоспағанда).
Сақтандыру түрі сақтық ұйым сақтанушыға сақтандырудың бір немесе бірнеше сыныбы шеңберінде әзірлейтін және беретін сақтық өнім болып табылады.
1.2. Міндетті әлеуметтік сақтандыру
Міндетті әлеуметтік сақтандыру – азаматтарды еңбек ету қабілетін жоғалтуына және жұмысынан айыруларына, сондай – ақ асыраушысынан айырылуына байланысты кірістің бір бөлігін өтеу үшін мемлекет ұйымдастыратын, бақылайтын және кепілдік беретін шаралардың жиынтығы, азаматтарды әлеуметтік қорғаудың мемлекет жүзеге асыратын нысандарының бірі. Алайда бұл екі жүйенің арасындағы айырмашылық азаматтардың еңбек қызметіне қатысты және еңбекке жарамсыздар үшін қорларды қалыптастыру әдістерімен қаланған.
Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру категорияларының обьективті қажеттігі ұлғаймалы ұдай өндіріс процесінің, атап айтқанда, оның құрамдастарының бірінің – жұмыс күшінің ұдайы толықтырылуының талаптарынан туындайды. Ұдайы өндірістің бұл түрі үшін қаражаттардың негізгі көзімен – еңбекақы, басқа жекеше табыстардың қорымен қатар әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру қорлары жұмыс істейді.
Әлеуметтік арналым қорларын қалыптастырудың екі қағидаты бар:
1. Ұрпақтар ынтымақтастығының негізінде, жұмыс істейтін ұрпақ жұмыс істемейтіндерді қамтамасыз етеді, ал, өз кезегінде, еңбекке жарамдылықтан айырылуына қарай оларды еңбек қызметіне кірген жаңа ұрпақ ауыстырады. Бұл қағидатқа негізделген жүйе Қазақстанда 1998 жылға дейін қолданылады;
2. Әлеуметтік қорларға, көбінесе әлеуметтік қорға азаматтардың дербес аударымдарының негізінде; бұл қағидаттың іс - әрекеті кезінде төлемақылардың мөлшері нақты тұлғаның бүкіл жұмыс істеген кезіндегі салған сомасына байланысты болады. Бұл қағидаттың іс - әрекетіне негізделген жүйе Қазақстандағы зейнетақы реформасының негізіне қойылған.
Бірінші қағидатқа негізделген және Қазақстанда 1998 жылға дейін қолданылған жүйе мынандай ерекшеліктермен сипатталады:
1. Зейнеақымен қамсыздандыруға мемлекеттік монополия;
2. Әлеуметтік қамсыздандыру қорларына түсетін міндетті зейнетақы жарналарының топтастырылуы;
3. Жүйе ішінде қаражаттарды қайта бөлу.
Мұндай жүйе жоспарлы директивалық экономика, еңбекке қабілетті халықтың жұмыспен толық қамтылуы, мемлекет тарапынан жан – жақты бақылау, зейнеткерлерге жұмыс істейтін халықтың жоғары ара қатынасы жағдайында тиімді болады. Өмір сүрген жүйе азаматтардың түрлі кәсіптік және әлеуметтік санаттарына арналған жеңілдіктердің көптеген түрлерінің болуымен сипатталады.
90–жылдардың басы мен ортасындағы экономиканың дағдарысы әлеуметтік сақтандыру жүйесінің де дағдарысына қозғау салады, бұл жарналарды төлеудің базалық көрсеткіштерінің құлдырауынан да, сондай – ақ әлеуметтік қорларға оларды толық және уақтылы аударып отыруға ...........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Презентация (слайд): Әлеуметтану|Әлеуметтік сақтандыру компаниялары
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасында сақтандыру шарты экономикалық қатынастары
» Белгілі экономист ай сайын 1,7 млн теңге жалақы алатын басшыны сынап тастады
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығын дамыту перспективалары
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстанның сақтандыру нарығы мен сақтандыру ұйымдарына талдау

Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Қазақстан Республикасының әлеуметтік сақтандыру компаниясының қызметтеріне талдау курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар сақтандыру жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]