Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақстан Республикасының демографиялық жағдайы. 1999-2005 ж

Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақстан Республикасының демографиялық жағдайы. 1999-2005 ж

Мазмұны
І Кіріспе.............................................................................3
ІІ Негізгі бөлім
1.Қазақстан Республикасының демографиялық жағдайы. 1999-2005 ж......................5
2. Қазақстан халқының демографиялық өсу көрсеткіштері..........................................8
3. Тұрғындардың жастық, жыныстық құрылымы........................................................10
4. Демографиялық даму еліміздің ұлттық қауіпсіздігінің басты кепілі.....................13
ІІІ Қорытынды..........................................................................................................................17
ІV Пайдаланылған әдебиеттер................................................................................................19

КІРІСПЕ
Халықтың орналасу проблемаларымен арнайы ғылым – шұғылданады. «Демография» терминінің шығу төркіні грекше: «демос» - «халық», «графия» - «жазамын» деген ұғымды білдіреді, бұл термин ХІХ ғасырдың ортасында пайда болды, ол халықтың сандық құрамын, оның қозғалысын, физикалық, ойлау және рухани жағдайын зерттейтін ғылымның атын білдіре бастады.
Демография дербес ғылым ретінде ХХ жүз жылдықтың 20-шы, 30-шы жылдары қалыптаса бастады. Ең басында демографияны тар және кең мағынада пайымдаудың екі тәсілі айқындалды.
Тар мағынада демография немесе тұрғындар статистикасы халықты жынысы, жасы, жұмысы және т.б. бойынша құрылымын және оның қозғалысын, туын, қайтыс болуын, көші-қон үрдісін зерттейді.
Кең мағынада демография туудың, қайтыс болудың, көші-қонның сандық және сапалық заңдылықтарын, әлеуметтік, экономикалық, биологиялық, саяси, медициналық сипаттамалардың үлкен тобының, заңның демографияға әсерін, сондай-ақ демографиялық процестерге байланысты әлеуметтік-экономикалық проблемалардың жиынтығы. Тұрғындар мен ресурстарды, депопуляцияны, отбасын жоспарлауды, мигранттардың жерсінуін, урбанизацияны (латынша «urbaus» - қалалық), еңбек ресурстарын, кірісті қайта бөлуді және т.б. зерттейді.
Демография еңбек ресурстарының іске асырылуына, көшіп-қонушылардың тұрақтауына, отбасын жоспарлаудың саяси процестеріне байланысты әлеуметтік-экономикалық проблемалардың жиынтыған да қорытады. Өмірге бала әкелу дәстүрін реттеу және оны қанағаттандырудағы материалдық мүмкіндігін, отбасының әлеуметтік мәртебесін т.б. зерттейді, соған байланысты мемлекеттік билік ұйымдарына тиісті ұсыныстар жасайды.
Туу, өлім, некеге тұру, ажырасу, қала мен село халқының саны және халықтың әр түрлі аумақтарда алмасуының статистикалық көрсеткіші мына белгілеріне байланысты сипатталады. Жынысы, жасы, отбасы жағдайы, туған, тұрақты жері.
Халықтың жыныстық-жастық көрсеткішінің екі белгісі болады:
Біріншісі – белгілі бір аумақтағы (ел, аудан, қала) немесе еңбек ұжымы құрамындағы ер мен әйелдің;
Екіншісі - әр түрлі жастағы адамдардың қатынасы. Бұл құрылымдар биологиялық кескін ретінде қаралады. Шын мәнісінде еркек пен әйелдің арасындағы, болмаса бала мен арасындағы қатынастың биологиялық негізі де болады. Бірақ адамдардың жынысы және жасына байланысты жыныстық сапалар әлеуметтік дамудың нәтижесі. Биология не себепті өмірге ер бала қыздан көп келеді, ал, кейін өмірде ер балалар қыздан аз болатындығына түсінік бермейді. Мұндай қатыныстар әлемнің әр елінде әр түрлі жастық ерекшеліктер де солай.
Ерлер мен әйелдердің сандық айырмашылықтары, еңбек ұжымдарындағы әр түрлі жыныстық-жастық құрылым әлеуметтік-экономикалық жағдайға, өндірістің кәсіби сипатына, әйелдердің немесе ерлердің еңбегін қажет ететін шаруашылық пен кәсіптік салаларға байланысты.
Сонымен, демография қоғамдағы адам өмірінің қажетті, елеулі сапалық құрылымын, қолзғалысын, оның әлеуметтік-экономикалық өмірмен байланысты зерттеп, қорытады. Демография қоғам өміріндегі өте маңызды құбылыс. Демографияға сүйеніп қоғам өзінің өткен тарихын, қазіргісін, болашағын аңғарады. Демография – ғаламдық проблема.
Халықтың демографиялық санасы көп қатпарлы, ол ұлттық санамыздың бастау алар мәйегі жіне оны өсіре алатын басты дәнекері.
1. Қазақстан республикасының демогарафиялық жағдайы. 1999-2005 жж
Өзінің салмақты және салиқалы болжамдарында Тәтімов демография ретінде 1990 жылы қазақтардың саны өз республикасында 41%-ке жетіп, 2005 жылы 57%-тен артып, ал түбінде 66%-тен асырып, алыс болшақта Қазақстандағы барлық тұрғындардың олар үштен екісін ғана емес, тіптен үшін құралақ деп есептейді. Оның алдағы жорамалы бойынша келесі 1989 жылғы халық санағында қазақтардың саны 6,6 миллионға жетіп, ал орыстар болса 6,2 миллионнан көп арта қоймайтынын аңғартады. 200 жылдарға таяу кезеңде, яғни осыдан 13 жылдан соң болатын кезекті санақта оның ғылыми болжамдары бойынша Қазақстанда қазақтардың саны 8,6 миллионға жетіп, ал орыстардың саны 5,1 миллион деңгейінде сақталып қалмақшы, кері миграция нәтижесінде кейбір ұлттардың саны қалмақшы, кері қазірде де кеми бастады. Ал орыстармен ассимляцияға түсудің салдарынан кейбір европалық ұлттардың, мысалы украйн мен беларустардың және поляктардың саны күрт төмендеуде.
Демограф Тәтімовтің кейбір болжамдары ғылыми тұрғыда жақсы негізделген болса да, біздер үшін тым ұшқарылау болып көрінуі әбден мүмкін. Тәтімовтің алдын ала жасалған деректері бойынша шығыс славян халықтары, атап айтқанда, орыстардың, украйндардың және беларустардың жалпы жинақы саны алдағы 1989 жылғы санақта қазақтардан әлі де болса басым түспекші. Біздің есебіміз бойынша да жоғарыда аталған шығыстың үш славян халқы Қазақстанда 7,3 миллион көлемде 6,6 миллион қазақтан біршама сан жағынан басым түседі. Демографтың зерттеулерінде славян тілдес халықтар түркі тілдес халықтармен сан жағынан дұрыс салыстырылып көрсетілген. «Тең теңімен – тезек қабымен» деген қазақтың дана қағидасын Тәтімов өз зерттеулерінде орынды ұстанады. Ғалымның 2000 жылғы санақтың деректерін алдын ала болжауынша славян халықтары 5,500 миллион санды құраса, ал Қазақстандағы барлық түркі тілдес халықтар (қазақтар мен бірге өзбектер, татарлар, ұйғырлар, әзірбайжандар, түріктер, башқұрттар, чуваштар, қырғыздар және кесетде көрсетілген аз санды түрікмендер мен қарақалпақтар және азын-аулақ Кавказ бен Сібірдің шашыранды түркілерін қосқанда) 8 миллион 900 мыңнан асып, яғни славян халықтарынан саны 250 мың артады. Осының бәрі алдағы екі жылдан соң болтын кезекті Бүкілодақтық халық санағында расталуы тиіс.
Демография ғылымының тұрғысынан қарағанда және ол алда қалай болғанда да, қазақ халқының осылайша жеделірек өсуіне ешқандай күмән туғызбаса керек.
Қазақстан Республикалық статистика және талдау басқармасының мәліметі бойынша соңғы бес жылдың ішіндегі демографиялық процестердің өзгеруі келесі көріністермен сипатталды. Егеменді Қазақстан тарихында 25 ақпан күні 2004 жылы бірінші ұлттық халық санағына, бес жыл толды. Осы жылдар ішінде (1999-2004) статистика мекемелері жүйелі түрде тұрғындардың санын, оның жас және жыныстық құрамын күнделікті есепке алып отырды.
2002 жылы 1 қаңтарға дейін тұрғындардың саны азайып отырды. 1 қаңтар 2003 жылдан бастап халық саны өсе бастады, сөйтіп 1 қаңтар 2004 жылы Қазақстан Республикасы тұрғындар саны 14,951 мың адамды құрады. Жан-жағынан біздің мемлекет ТМД елдер арасында, Ресей, Украйна, Өзбекстаннан кейін төртінші орынды алады.
Территория жағынан Қазақстан Ресей Федерациясынан кейін, екінші орынға ие, халықтың тығыздығы 2004 жылы Қазақстан Республикасында бір шаршы километрге 5,5 адам келеді.
1 қаңтар 2004 жылғы республикадағы әкімшілік-территориялық бөлініс келесі көрінісін топты, 14 облыс, республикалық маңыздылығына қарай 2 қала. Облыстардың құрамында 160 аудан, 39 облыстық, 45 аудандық қалалар, 174 поселка және 2267 ауылдық әкімшіліктер, 181 поселкалар, 7681 ауыл/село.[1]
1 қаңтар 2004 жылы тұрғындардың жастық құрамы келесі көріністе болды. 0-14 жасқа дейін – 3,741,6 мың бала (жалпы тұрғындардың 25%). 15-59 жастағылар – 7,602,4 мың адамды құрады (64,2%). 60 жастан жоғары жастағы адамдар – 1,607 мың (10,8%).
1997 жылы халық санағына қарағанда балалар саны 534,6 мың балаға (12,5%) азайды, ал 15-59 жастағы адамдардың саны 530-9 мыңға (5,9%) өсті, 60 жастан жоғары жастағы адамдардың саны 0,1% өсті.
Ұлттық құрамына қарасақ, көп санды ұлттардың саны сегіз. Олар: қазақтар, орыстар, украиндар, өзбектер, немістер, татарлар, ұйғырлар, беларустар – тұрғындардың 95,6% құрайды.Қазақстанда қазақ ұлтының саны 5 жылдың арасында 7,1% өсті, ал абсолюттік саны басқа ұлттарға қарағанда басымды болды, (халықтың өзгеруі диаграммада көрсетілді №1). Тұрғындардың жалпы санына табиғи өсім, бала туу және өлім-жітім процестерінің өзгеруі жатады.
1999-2004 жылдары Республика бойынша табиғи өсім 386,6 мың адамды құрады. Қазақтандағы туылған балалардың абсолюттік саны 217,4 мың адамнан 1999 жылы – 248,5 мың балаға ( бұл 14 % құрайды) өсті. Шетінегендердің саны 147,4 мың адамнан, 1999 жылы – 154,8 мыңға (бұл 5%) 2003 жылы көбейді, туу коэффиценті 1999 жылы 14,5%, 2004 жылы 16,7% өсті, ал өлім-жітім коэффиценті 9,9% - 10,4% - көбейді. 1999-2004 жылдар аралығында сәбилер өлімі 1 жасқа дейін азайды. 2004 жылы бұл көрсеткіш Республика бойынша 15,6%-ті 1000 адамға көрсетті, 1999 жылы бұл көрсеткіш 20,4% болатын.Неке құрғандар мен ажырасқандардың саны 5 жылдың ішінде көбейді. 2004 жылы неке құрғандар – 110,4% көрсетсе, 1999 жылы – 85,9% ажырасқандар: 2003 жылы – 31,7, ал 1999 жылы 25,6% көрсеткен.
Некенің жалпы коэффиценті 1000 адамға шаққанда – 7,4% (1999 жылы 5,8%), ал жалпы ажырасу коэффиценті – 1,7%-ден – 2,1%-ге өсті.
1999-2004 жылдар аралығында халықаралық миграция масштабы өзгерді. Басқа елге кетушілердің саны 1999 жылы 164,9 мың адамнан – 2004 жылы – 73,8 мың адамға дейін азайды. Қазақстан Республикасына келгендердің саны 65,5 мың адамға 2004 жылы көбейді, 1999 жылы бұл көрсеткіш 41,3 мың адамды құрады (диаграмма).
1999-2004 жылдары Қазақстан Республикасына келген иммигранттардың саны 266 мың адамды құрады, ал кетуші эммигранттардың саны 656,6 мың адам болды, нәтижесінде кері сальдо бес жыл ішінде 390,5 мың адамды құрады.
Ұлттар 25.02.1999ж 01.01.2004
Қазақтар
Орыстар
Украиндар
Өзбектер
Немістер
Татарлар
Ұйғырлар
Белорустар
Басқа ұлттар 7985,0
4479,6
547,1
370,7
353,4
249,0
210,4
111,9
646,0 8550,8
4072,6
469,4
400,8
237,7
232,9
223,0
96,2
659,0
Республика бойынша тұтас алғанда тууда, өлуде елеулі өзгерістер байқалады. 1999-шы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда еліміздің барлық аймақтарында туу деңгейі жоғары болды. Туудың ең аз деңгейі (1000 адамға - 10,7) – Қостанай облысында, ең жоғары деңгейі (1000 адамға - 23,9) Оңтүстік Қазақстан облысында кездесті.
2000 жылдың бес айында республикада өлімнің өсуі байқалған. Тіркелген өлімдер саны - 1999 жылдың қаңтар-мамырында 64,6 мың адам болса, 2000 жылдың осы кезеңінде - 67,5 мың адам қайтыс болыпты. Осы кезең ішінде өлімнің жалпы коэффиценті тұтас республика бойынша 1000 адамға 10,9 болды. (1999 жылдың қаңтар-мамырында - 10,5). Бұл көрсеткіштің ең жоғары мәні (13 промилледен 13,8-ге дейін) Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді. Өлімнің жалпы коэффицентін әрбір 1000 адамға шаққанда қалалық мекемелерде - 12,2 , селолық жерлерде - 9,3 адам болған.[2]
Халықтың өлімі негізінен қан айналымы жүйесінің ауруларынан өсіп отыр, барлық тіркелген өлімнің жартысынан астамы осы аурудың еншісінде.
2. Қазақстан халқының демографиялық өсу көрсеткіші.
Қазіргі кезеңде халықтың, ел-жұрттың денсаулығын сақтау, ауруларды бәсеңдету немесе болдырмау тікелей экономикалық, әлеуметтік обьективтік факторларға байланысты. Ең бастысы, өндіріс, шаруашылық орындарының жұмысын жандандыру, олардың тиімділігін арттыру және осындай жолдармен халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, олардың материалдық-тұрмыстық жағдайын ұдайы жақсартуғ табиғи қоршаған ортаның бүлінуін тоқтату, денсаулық сақтау мекемелерінің жұмыстарындағы кемшіліктерін жойып, жақсарту қажет.
Көші-қон қозғалысының шырқау шыңы – республикадан 480,8 мың адам көшіп кетіп, небәрі 70,4 мың адам көшіп келген 1994 жыл екені белгілі. 1995 жылдан бастап халықтың көші-қон белсенділігі бәсеңси бастады, 1997 жылдың өзінде көші-қон сальдосы - 261,4 мың адам болса, ал 2000 жылы бұл көрсеткіш - 123,2 мың адамға тең болды. 2001 жыл ішінде көші-қон сальдосы - 94,249 мың адам болды, бұл 2000 жылмен салыстырғанда 28591 адамға аз. Эмигранттар құрамында ТМД шегінен тыс жерге кетушілер едәуір азайды, көшіп келуде байырғы емес ұлттар өкілдері санының көбеюі байқалды.
Халықтың эмиграциясы біріншіден, халықтың жалпы санын азайтады, екіншіден, еңбек және генеративтік әлеуетті төмендетеді, өйткені эмиграцияға кетушілердің үштен екісі – жас және еңбекке қабілетті жастағы адамдар.
Сондықтан демографиялық процестерді дамытуда сыртқы және ішкі көші-қон шешуші рөл атқарады.
Эмигранттар саны азайып келе жатыр, Қазақстаннан көшіп кетушілер саны 1994 жылмен салыстырғанда 2002 жылы 360,7 мың адамға азайып, ол 120,1 мың адам болды. Сыртқы көші-қонның маңызды бөлігін Қазақстанның геосаяси және экономикалық жағдайынан туындаған көшіп келу құрайды. Егер өткен жылдарда көшіп келушілердің негізгі легі-оралмандар болса, енді қайта көшіп келушілер (эмигранттар) көбейіп келеді№ 2002 жылы республикаға көшіп келгендердің саны 57965 адам болды, бұл 2001 жылғымен салыстырғанда 8 пайызға көп.
Миграция негізінен Ресей аймақтарына қарай жүруде, себебі осы монофункционалдық қалалардың халқының көп бөлігі – орыстар. Тек 1994 жылы ғана (халық ағылып көшкен сәт) Қазақстаннан тысқары жерлерге 480839 адам, оны ішінде жақын шетелге 375806 адам, алыс шетелге 105033 адам көшіп кетеді. Миграция процесі көптеген ұлттың өкілдеріне қатысты болды, бірақ көп бөлігі орыстар, немістер және еврейлер.
Эмиграцияның құлдырауы байқалса да, талдаушылардың қортындысы бойынша халықтың эмигранттар және депуляция есебінен жыл сайынға кемуі азды-көпті лидер миллион адамды құрайды (жыл сайын 250-270 мың адам, мысалы, 1997 жылы ҚР тысқары 234 мың адам көшіп кетті). Қазақстанның өзінің ішкі табиғи өсуі (негізінің әліде онтайлы орташа балалы болу сақталып отырған шығыс этностары есебінен) кеткен халықтың (1995-1999 жылдары 110-170 мың, 200-2005 жылдары 175-135 мың) жалпы санының 1/3-ін ғана жабады.
Көп миллион халқы бар Қытай мен халқы жылдам өсетін Орта Азиямен көршілес Қазақстанның күрделі геостратегиялық жағдайы өзіне назар аударады.
Көші-қонға байланысты Республикада орыстардың табиғи өсімі күрт төмендеді. Ол 1989 ж 45,6 мың. 1990 жылы 35,2, 1191 жылы 16 мың, ал 1995 жылы 2-6 мыңнан асқан жоқ. Сөйтіп қазақ халқы санының артуына негіз болып отыр. Бірақ қазақ отбасыларындағы балалар санының да біртіндеп азайып келе жатқандығы байқалады. Егерде 1972 жылы орта есеппен әрбір қазақ отбасында 5 бала дүниеге келген болса, 200жылдары әр отбасында 2 бала дүниеге келген.
Сырт елдерден келгендер республиканың түкпір-түкпіріне орналасты. 1991-1995 жылдары Қарағанды облысына 5900, Павлодар облысына 4429, Көкшетау облысына 2429, Ақмола облысына 1500, Жезқазған облысына 1924, Торғай облысына 1508, Солтүстік Қазақстан облысына 16500 адам көшіп келеді.
Егделену мәселесі барлық елдерге де тән. Әсіресе, дамыған елдерде бұл проблема өткір. Оны 60-тан асқандардың «үшінші кезең» мәселесі деп атап жүр. Соңғы он жылда Қазақстанда 60 жастан асқандар 9,2 пайыздан 10,5 пайызға көтірілді. Жер шарында 65 жастан асқандар 1989 жылы 5,5 пайыз болса, 1999 жылы 6,7 пайызға жетті.
БҰҰ демографтарының жіктемесі бойынша, қай елде 65 жастан асқандар жұртшылықтың 4 пайызын құраса, сол ұлт «жас»деп есептеледі, қарттары 4-7 пайыз аралығындағы елдер «егделікке жақындаған» мемлекет болады, 7 пайыздан асқан ұлттар «егделенген этнос» болып есептеледі. Дүниежүзілік жүктеме қазақстан Халқы «егделенген» жұрт есебінде.
Қазақстанда үшінші кезең проблемасы зейнетақы реформасын жүргізу барысында қаржыландыру жағынан өз шешімін тауып келеді. Соңғы жылдарда қарттардың зейнетақысы уақытында төленіп жүр. Бюджеттік қаржыландыруда пәлендей қиындықтар болған жоқ. Егде адамдары көп орыс, украин, белорус, неміс жұртшылығы Ресей, Израиль, Грекия және Гермония елдеріне аттанды, қартаң адамдардың біразы соңғы бес-алты жылда (әсері сезілді) дүние салды......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Қазақстан Республикасының демографиялық жағдайы. 1999-2005 ж курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар саясаттану жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]