Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының ақша реформасы

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының ақша реформасы

Мазмұны
Кіріспе _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 3
I. Ақшаның теориялық негіздері _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 5
1. 1. Ақшаның пайда болуы және оның тауарлы жаратылысы _ _ _ _ _ _5
1. 2. Ақшаның қажеттілігі мен экономикалық мәні _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 11
II. Ақшаның қызметтерін, түрлерін және айналыс әдістерін талдау _ _ _ _16
2. 1. Ақшаның қызметтері және түрлері _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 16
2. 2.Ақша жүйесі туралы түсінік, оның элементтері және негізгі типтері_23
2. 3. Ақшаның айналымы және айналыс әдістерін талдау _ _ _ _ _ _ _ _ _35
III. Қазақстан Республикасының ақша реформасы, оның қалыптасуы
және теңгені тұрақтандырудың мәселелері _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 46
Қорытынды _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 53
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 54

Кіріспе
Қазақстан егемендік алғаннан кейін мемлекеттік тілдің қоғам дамуының әр түрлі салаларында – сыртқы дипломатиялық, ішкі әлеуметтік- экономикалық, педагогикалық, кәсіпкерлік және басқа көптеген бағыттарда бірлікті мамандарды даярлау ісінде кеңінен қолдану және тереңдете меңгерудің алғы шарттарын іргелі түрде жүргізу бүгінгі таңда кезек күттірмес мәселелердің бірі болды. Ақша – қазіргі өркениеттіліктің өзінен ажырағысыз белгілері. Олардың қызметі қоғамдық өнімді өндіруді, бөлуді, айырбастауды және тұтынуды бір- бірінен бөлінбейтін үздіксіз процеске айналдырады. Оларды пайдаланбай ешбір шаруашылық субъектісінің ісі тынбайды, ал кез-кезген адам үнемі немесе анда-санда банк қызметін пайдаланады. Банктер уақытша қолданылмаған ақша қаражатын жинақтап, оларды салалар мен аймақтар, кәсіпорындар мен халықтар арасында қайта болумен қатар, экономиканы қосымша капиталмен қамтамасыз етіп, сайып келгенде қоғамдық байлықты көбейтуге негіз қалайды.
«Ақша,несие, банктер» курсы жоғары және орта экономикалық оқу орындары студенттерінің ақша,несие және банктер туралы теориялық білімін қалыптастыратын пән.
Ақша теориясында – ақша жүйесін, ақша айналымын, қолма- қол ақша және қолма-қол емес ақшасыз айналысты ұйымдастыру ережелеріне сай қарастырылған. Бұнда инфляция материалдық өндіріс пен ақша айналысы заңдарының бұзылуының салдары ретінде қаралып, ақша реформасының механизмі, оны жүргізудің алғы шаралары тәртібі мен нәтижесі көрсетілген. Сонымен қатар ақша және несиенің теориялық мәселелері, олардың нарықтық қатынастар жағдайында қызмет етуінің заңдылықтары мен ағымы, сондай ақ экономиканың нарықтық тұрғыдан түрлендірілуіндегі, қаржы-несие институттарының алатын орны мен рөлі, халықаралық валюталық қатынастар мен дүниежүзілік валюталық жүйелердің даму кезеңдерін қамтиды.
Қазіргі Қазақстан экономикасы, соның ішінде несие ақша және қаржы шаруашылығы: ақша-несие жүйесін реформалау қатаң инфляция жағдайында бізде бұрын-соңды болмаған жаңа ақша-несие қатынастары; несие-қаржы институттарының жаңа түрлерінің пайда болуы; нарық экономикасымен және меншіктің көп түрлі формасына бейімделген екі буынды банктік жүйенің қалыптасуы; жоғары дәрежеде монополияланған мемлекеттік банктік құрылымдардың әкімшілік- әміршілдік басқару жүйесінен пайда табуға, коммерциялық жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған жеке және ұйымдық меншікке негізделген несиелік мекемелерге өту тәрізді бірқатар маңызды өзгерістерді жүзеге асыруда.
I. Ақшаның теориялық негіздері
1. 1. Ақшаның пайда болуы және оның тауарлы жаратылысы
Ақша – өндіру мен бөлу процестерінде адамдар арасындағы белгілі бір экономикалық қарым-қатынастарды көрсететін, тарихи даму үстіндегі экономикалық категория болып табылады.
Ақша адамдарға ежелден таныс. Бірақ оның қалай пайда болғандығы туралы құпия сыры және қоғам өміріндегі мәні көп уақытқа дейін беймәлім болды. Бұл сұрақтарға қоғам өмірін зерттей келіп, оқымыстылар ақшаның тауар айналымында атқаратын маңызын жан-жақты ашып, жауап берді.
Ақша – тауарлы өндірістің өнімі. Сонда өнім мен тауардың айырмашылығы неде? Тауардың ақшаның пайда болуына, оның қолдануының өрістеуіне әсер ету жағдайларын тарихи тұрғыдан қарап өтелік.
Қоғамдық дамудың алғашқы қауымдық құрылысы жағдайында бір қауым өз тұтынуынан ауысқан өзінің қандай да болсын еңбек өнімін анда-санда кездейсоқ кездескенде басқа бір қауымның өніміне айырбастайды. Сонда, адам еңбегінің нәтижесі – өнім (зат). Ал оны өндірушілердің белгілі бір қоғамдық қатынастарын, яғни өнімді сату–сатып алу қатынастарын дәлелдейтін түрі- тауар. Тауар дегеніміз сату–сатып алу жолымен айырбасқа түскен еңбек өнімі, немесе тауар – еңбек өнімінің айырбасқа арналған формасы. Тауар ең алдымен өндірушінің басқа өнімдерге айырбастау мақсатымен жасалған еңбек өнімі түрінде айырбас кезінде, яки нарықта көрінеді. Егер өнім өндірушінің өзінің тұтынуы үшін жұмсалса, ондай еңбек өнімі тауар сипатын алмайды. Мәселен, етікші өзі тіккен етікті өзі пайдаланса, онда ол тауар емес, тұтыну заты.
Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер нақты еңбектің нәтижесі- тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса, қоғам оны мойындамағаны, онда оны жасауға жұмсалған уақыт босқа кеткен уақыт болғаны да, зат тауар түріне ие боламағаны, себебі ол қоғамға керексіз зат. Тауардың басқа адамдардың қажетін қанағаттандыратын қасиеті тауардың тұтыну құны болады, яғни тауардың қоғамдық тұтыну құны болып табылады. Тұтыну құны тауарды өндірушінің өз қажетін емес, басқа өндірушінің тауарына айырбастау арқылы басқа адамдардың қажетін өтейді. Тауардың басқа тауарға айырбастау қасиетін оның айырбас құны деп атайды. Айырбас құнын тауарлар сатылғанда ғана ілесе жүретін бағалық көрсеткіш айқын көрсетеді. Сонымен тауардың тұтыну құны басқа адамдардың қажетін қанағаттандыру қасиетінен шығады да, ал басқа тауарларға айырбасталу қасиетінен айырбас құны шығады. Әрбір тауар өзінің өндірушісіне айырбас құны ретінде тұтыну құнын алатын құрал болады. Айырбас құны, яғни тұтыну құндары айырбасталуының пропорциясы, ол- құнның айырбас актісіндегі сыртқы көрінісі.
Айта кететін жәйт, кез келген пайдалы зат құн бола алмайды. Себебі адам еңбегі жұмсалмаған заттардың құны жоқ. Құн дегеніміз – тауар өндіргенде жұмсалатын еңбек жиынтығы. Қоғам дамуының негізі – еңбек. Сондықтан, тауарға сіңген қоғамдық еңбек тауардың құны болады. Бұл бір жағынан, ал екінші жағынан еңбек шығындары өздігінен өнімді құн ете алмайды. Өнімнің құны болуы үшін белгілі- бір қоғамдық жағдай болуы қажет- ол тауар өндірісі, яғни өндірістік қатынастар, оның ішінде айырбас қатынастары болуы шарт. Ол тек тауар өндірушілердің ғана қатынастары. Айырбас кезінде олардың белгілі бір тауарды басқа тауарларға теңестірулері кезінде, яғни айырбас құны арқылы көрінеді. Тауарлардың құнын қоғамдық сипатта – нарықта, айырбас кезінде байқауға болады. Сөйтіп құн деген заттың қоғамдық қасиеті.
Құн – тарихи категория. Құнның негізі – адам еңбегі. Құн – еңбектің нәтижесі, еңбек жемісі. Құн деген идея адамзат тарихында көптен бар.
Адамзат қоғамының даму сатыларында айырбас қатынастары да дамып, одан әрі жетіліп, нарықта тауарлар тек натуралды зат ретінде ғана бір-біріне айырбасталып қоймай, бүкіл тауарлар дүниесінен ерекше бір тауар, яғни тауар-ақша пайда болды. К.Маркстың сөзімен айтқанда: «Айырбас құны, тауарлардан бөлініп және сол тауарлармен қатар дербес тауар ретінде жүретін тауар, ол -ақша». Әрбір жеке тауар тұтыну ретінде көрінеді. Оның құны белгісіз, ол тек тауарды ақшаға теңгергенде ғана анықталады. Тауар мен ақша айырбас процесінде бірін-бірі алмастырады және біріне- бірі теңгеріледі.
Алғашқы қауымдық құрылыстың өрістеген шағында, яғни бір қауым өзінің тұтынуынан артылған кез келген өнімін анда-санда, кездейсоқ кездескенде басқа қауымның өніміне айырбастағанда құнның алғашқы формасы- құнның қарапайым, жеке немесе кездейсок формасы көрінеді. Мысалы, 1 өлшем астық 1 қойға және т.б. айырбасталды немесе Т=Т. Бұл теңдікте бір тауардың құны екінші тауарға айырбасталғанда көрінеді. Тосынан қарағанда айырбасталатын екі тауардың ролі бірдей сияқты. Ал шын мәнінде екінші тауар (қой) бірінші тауар (астық) құнының көрінісі, яғни ол бірінші тауардың құнын материалдың ролін атқарады. Өз құнын басқа тауармен көрсететін тауар құнның салыстырмалы «относительді» формасында болады. Ал екінші тауардың құнын білдіретін тауар құнның баламалы «эквивалентті» формасында болып, оның эквиваленті, яғни баламасы болып есептеледі. Құнның бұл формасы, аты айтып тұрғандай айырбас процессін алғаш пайда болған кезіне, оның көп тарамай кездейсоқ сипатта болған кезіне сай келеді. Бұл кезеңде эквивалент ролін кез келген әр түрлі тауарлар атқарды.
Тауар өндірісі дамыған сайын кездейсоқ айырбас тұрақты процеске, ал айырбас құнының қарапайым түрі толық немесе дамыған түріне айналды.Егіншіліктен мал шаруашылығының бөлінуі, яғни алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісі нәтижесінде мал кездейсоқ емес, қайта басқа тауарларға мол айырбасталатын болды. Енді басқа тауарлар малға айырбасталғанда кездейсоқ тауарлар емес, қайта айрықша эквиваленттер ретінде жүрді. Айырбас дамуының жаңа сатысын білдіретін формасы құнның толық намесе кеңейтілген формасы деп аталды.
Құнның екінші формасы тауарлы өндірістің ұлғайып, одан әрі нығаюын, өндірістік байланыстардың өрістеуін сипаттайды. Бұл сәтте өнім өндірушілер тауарлар арасындағы сандық арақатынастардың дәлдігіне айырықша мән беретін болды, өйткені, айырбас процесі тауарларды өндіруге жұмсалған еңбекті өтеуде барған сайын зор роль атқарады.
Тауар өндірісінің өсуі, айырбастың жиілігі мен жүйелілігі барлық тауарлар арасынан бір тауардың бөлініп шығуына әкеп соқтырды. Бұл тауарға басқа тауарлар көбірек, әрі жиі алмастырылып, ол қалған тауарлар көбірек, әрі жиі алмастырылып, ол қалған тауарлар үшін эквивалент, яғни жалпыға ортақ балама тауар болды. Сөйтіп, құнның кеңейтілген формасы біртіндеп құнның жалпыға ортақ формасына айналды. Оның формуласы мына сипатқа ие болды:
4 қап астық+ 1 балта+ 1құмыра және т.б.= 1 қой
Жалпыға ортақ эквивалент ролін атқарартын тауар үшін әр түрлі халықтарда және сол бір халықтың өзінің тарихының әр түрлі даму кезеңдерінде жалпыға бірдей құн эквивалентін әр түрлі өнімдер атқарды.
Қорыта айтқанда, өндіргіш күштерінің жетілуі айырбас процесін үздіксіз құбылысқа айналдырып, тауар айырбасталуының өмірлік мәнге ие болуы жалпыға ортақ құн эквивалентінің қажеттілігін туғызды. Бірақ ондай роль көп уақытқа дейін тек бір тауарға ғана бекітілген жоқ.
Уақыт өте келе және тауар өндірісінің өрістеуі айырбасты ұлғайтып, оның жергілікті нарықтың шегінен шығуына әкеп соқтырды. Бұл кезде құнның жалпыға ортақ эквивалент қызметін белгілі бір тауар атқара бастады. Ол тауар – ақша. Нәтижесінде құнның жалпыға ортақ формасы құнның ақшалай формасына ауысып, айырбас процесіне нақты орнықты. Оның формуласы:
1қой+4 қап астық+1 балта+1 құмыра және т.б= 1 ақша көлемі. Сөйтіп, ақша пайда болды. Ақша деген тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасымен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Немесе ақша деген тауар өндіру мен оны айырбастау процессінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айырықша қызметі – барлық тауарларға ортақ балама (эквивалент) ролін атқару.
Ақша кез келген тауар құнын білдіретін ерекше тауар ролін атқарады. Ол мынадан айқын көрінеді:
Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық еңбектің нәтижесі екенін анықтауға болады. Мысалы, ақшаның тауарлар айырбасында делдалдық етуі арқылы қоғамдық еңбектің сапалық деңгейі айқындалып, сандық есебі жүргізіледі.
Екіншіден, әр адамның еңбектегі, яғни қоғамдық өнімдегі үлесін де ақша арқылы анықтауға болады. Себебі, адамның қоғамдық еңбектегі үлесін жалақы ретінде алғанда ақша төлем құралы қызметін атқарғаны.
Үшіншіден, айырбас процесінде ақшаның делдалдық етуімен тауардың ішкі қайшылықтары да шешіледі. Тек ақшаның пайда болуына байланысты бүкіл тауарлар тұтыну құндары түрінде айырбас қатынасының бір жағында тұрады да, ал екінші жағында бүкіл тауарларға қарсы құнның тұлғасы ретінде ақша қарсы тұрады.
Тауарлар дүниесінің тауар және ақша болып екіге бөлінуі оның тұтыну құнымен құнының, яғни тауардың ішкі қарама-қарсы жақтарының қайшылығын шешуге жол салады. Өйткені, егер тауар сатылса, оның тұтыну құнының біреудің қажетін өтеуге керек болғандығы. Бұл бір жағынан, ал екінші жағынан оның құнының бар екендігі дәлелденгені. Сатылған құн енді ақша түрінде тауар өндірушінің қолына түседі. Сөйтіп, тауар өндірушіге түскен ақшаның мөлшеріне қарай өз өндірісіне басқа кез келген қажетті тұтыну құнын алуға мүмкіндік туады.
Қорыта айтқанда, құнның ақшалай формасының пайда болуы, яғни ақша – тауардың жалпы эквиваленті болуы тауар өндірісінің ұлғайып, айырбас қатынастарының алғашқы кездейсоқ жағдайдан нақтылы және үнемі қайталанатын процеске айналып, кең көлемде өсуіне жол ашты.
1. 2. Ақшаның қажеттілігі мен экономикалық мәні
Ақшаның объективті қажеттілігі тауар өндірісі және одан туындайтын тауар айналысына байланысты. Ақша кез келген тауар айналысының құрамдас бөлігі және оның нәтижесі. Тауар және ақша бір-бірінен ажырамайды, себебі ақша айналымынсыз тауар айналымы болмайды, болуы да мүмкін емес.
Әйтсе де адам өміріне ақшаның қажеттілігі туралы әр уақытта әр түрлі ойлар айтылуда. Рационалистік концепцияны (ақыл- ой талабына ғана негізделген көзқарас) жақтаушылар ақша адамдар арсындағы келісім құралы, ол айырбас кезінде құндардың қозғалысына қажетті арнаулы құрал деп түсіндірді.
Ал, эволюциялық концепцияны (өрістеу, бірте-бірте даму көзқарасын) жақтаушылар бұл «жұмбақты» басқаша шешуде. Бұл концепция қоғамдық тауар өндірісін зерттей келіп, ақша адамдардың еркінсіз айырбастың ұзақ дамуының нәтижесінде бүкіл тауарлар әлемінен бөлініп шыққан ерекше тауар екенін дәлелдейді.
Басқа тауарлардың құн мөлшерін өз құны бар тауар ғана көрсете алады. Тарихи ондай тауар ретінде қымбат бағалы металдар, әсіресе алтын жүрген. К.Маркстың айтуынша, табиғат ақша шығармайды, ал алтынға ол қасиетті қоғам берген. Себебі:
– біріншіден, оның өте жақсы табиғи сапасы бар(бертектілігі,оңай бөлінуі, әдемі түрі, тотықтанбауы, бұзылмай сақталуы)
– екіншіден, бұл ең бастысы, алтынның бір шама жоғары құны бар және алтын ақша құнсызданбайды.
Алтынның қоры шектеусіз еместігінен, оны шығаруға зор еңбек жұмсалады. Бұл бір жағынан. Екінші жағынан оның құнсызданбауы туралы, егер толық құнды алтын ақшаның айналымдағы мөлшері оның нақты қажеттілігінен көп болса, онда олар айналымнан шығып, байлық қорына түседі. Керісінше айналымға қолма-қол ақшаның қажеттілігі өссе, онда алтын ақша ешбір кедергісіз байлық қорынан айналысқа кері оралады.
Қазіргі кезде, алтын дүниежүзілік ақша ретінде қолданбауы жағдайында, орталық банктерде шоғырланған алтын қоры мемлекеттің алтын валюта қорын құруға пайдаланылады.
Сонымен бірге алтын қорын сақтау алтын фетишіне (бірдемеге сөзсіз иелену, бас ию) де байланысты. Мысалы, Орта ғасырда меркантелистер экономикалық саясаттың негізі елде жиналған асыл металдар деп дәлелдейді.
Алтын фетиші жеке адамдар санасында әлі күнге дейін сақталуда, олар алтынға жинақтарын сақтаудың сенімді кепілі деп қарайды. Одан басқа, алтын қоры халықаралық төлемде қолданылатын ұлттық валютаға сенімін арттырады.
Дегенмен алтын ақшаға бірсіпыра кемшіліктер тән. Атап айтқанда:
– алтын ақшаны қолданудың өте қымбаттығы, оған кеткен шығын қағаздан жасалған ақша белгілерінен әлдеқайда көп. Алтын өндіру – ең көп еңбек сіңіруді және қаржы жұмсауды қажет ететін іс. Мысалы, 1 кг алтын алу үшін 3000 м тереңдікті 100 т тау қыртыстарын өңдеу қажет екен.
– ақша айналымының қажеттілігін алтын ақшамен қамтамасыз ету мүмкін еместігінен, себебі алтын шығаруды ұлғайтудан гөрі ақша қажеттілігі шапшаң өседі. Әлемде алтын өндіру құлдырауда.
Осы және басқа да бірсыпыра себептерге байланысты әлемде біртіндеп алтынды ақша материалы ретінде қолдану тоқтатылды.
Әйтсе де шаруашылықта алтынды қолдану үнемі ұлғаюда. Ол әр түрлі салаларда – электроникадан бастап, зергерлік іске дейін - біресе микрондық қалыңдықпен, біресе тоғандау үшін құйма түрінде қолданылады.
«Ақша – зат емес, ол қоғамдық қатынастар жиынтығы». Шын мәнінде бұл афоризм, егер адам қоғамнан бөлініп кетсе, оған ақшаның қажеті жоқ деген мағынаны білдіреді.
Ақша – тарихи дамыған экономикалық категория (санат). Ол қоғам дамуының әрбір сатысында өндіріс және айырбас процесінде адамдар арасында қалыптасатын экономикалық қатынастарды көрсетеді. Қоғам экономиканың әр түрлі үлгісіне өткенде ақшаның маңызы арта түседі. Орталықтанған- жоспарлы экономикада ақшаның мәні шектеулі болды. Ақша, негізінен, есеп жүргізу және бақылау құралы ретінде қосалқы қызмет атқарды. Жоғарғы басқару органдары әрбір кәсіпорынның шығаратын өніміне натуралды және құн көрсеткіштері түрінде өнімнің көлеміне және түріне жоспар бекітті. Сол сияқты өнім бағасын да орталық органдар бекітті.
Нарықтық экономикада ақшаның маңызы зор. Себебі әр түрлі меншік жағдайында (мемлекеттік, кооперативтік, жеке) жұмыс істейтін тауар өндірушілер өндіретін және сататын өнімнің көлемін, түрін және бағасын бекітуге дербестік алды. Шаруашылықты жаңа анрықтық жағдайда жүргізуде төлем қабілетті сұранысқа бағдар жасалуда, яғни сұраныс ескеріліп, өнімнің шығару көлемі, түрі, бағасы тағайындалды.
Сонымен қатар, қазіргі кезде кәсіпорындарды жекеменшіктендіру де, мемлекеттік бюджеттің кірісін қалыптастыру да, әр түрлі өндірістік және өндірістік емес шығындарды қаржыландыру да, Ұлттық банктің несие ресурстарын басқа банктерге сату да, инфляцияға қарсы күрес те және т.б. жүргізіліп жатқан іс- шараларда ақшаның маңызы арта түсуде.
Ақшаның нарықтық экономикада ақша – несиелік реттеуде айналыстағы ақша массасының өсуін тежеу, инфляциялық процестерді жеңу және ұлттық жалпы өнімді ынталандыру бағытында қолданылуда.
II. Ақшаның қызметтерін, түрлерін және айналыс әдістерін талдау
2. 1. Ақшаның қызметтері және түрлері
Ақшаның кез келген тауарларға теңгерілуі (эквивалентболуы) неліктен? Ол ақшаның тауар өндірісі жағдайында құн өлшемі қызметін атқаруынан. Бұл ақшаның алғашқы қызметі. Ақша қоғамда ең алдымен өндірілген барлық тауарлардың құнын өлшейтін құрал, яғни ол тауарлардың бағасын белгілегенде айырбас құралы қызметін атқарады. Себебі әр түрлі тауарлардың құны бір- бірімен теңгермелі, ал сан жағынан салыстырмалы. Бірақ тауарда болатын ішкі қарама-қарсылық өндіріс кезінде тікелей құнның көрінуіне мүмкіндік бермейді. Тауардың құны тек айырбас процесінде ақшаның делдалдық етуімен ғана көрінеді. Алайда тауарларды бір-біріне теңестіретін ақша емес, керісінше толыққұнды ақшаны (алтынды) қоса алғанда бүкіл тауарларды өндіруге жұмсалатын қоғамдық еңбек қана айырбаста тауарларды теңгермелі етеді. Тауарлар құнының алтынмен өлшенетін себебі оны өндіруге өнімнің құнын құрайтын көп қоғамдық еңбек жұмсалады. Тек өз құны бар тауар ғана құн өлшемі бола алады. Ақша еңбектің табиғи өлшемін (жұмыс уақытын) емес, осы еңбекпен құралатын құнын көрсетеді.
Сонымен ақшаның бірінші атқаратын қызметі – ол өндірілген өнімнің құнын өлшеуші құрал. Тауар құнын өлшеу үшін алтын ақшаның қолда болуының қажеті жоқ. Ақша құн өлшемі қызметін қолдағы ақша емес, қиялдағы, яғни ойдағы ақша ретінде орындайды. Себебі тауардың құнын өлшеу оны ақшаға айырбастаудан бұрын өтеді, ал құнның тауарлы формасын ақшалай формасына айналдыру үшін тауардың бағасын белгілеу жеткілікті. Тауардың бағасын белгілеу үшін қолда ақша ұстап тұрудың қажеті жоқ, себебі еңбек өнімі ойда бағаланады. Сондықтан тауарларды біріне-бірін теңгеретін ақша емес, ақшаның көмегімен барлық тауарлар өзара теңгермелі. Себебі ақша сияқты басқа тауарлар- адам еңбегінің өнімі, ол өнімдерді біріне –бірін теңестірудің біріңғай негізі- абстрактылы еңбек.
Тауардың ақша болып көрінентін құны-тауар бағасы. Баға деген құнның ақшалай көрінетін бейнесі. Енді өндірілген өнімнің құнын ақшамен анықтау керек делік, яғни оны айырбасқа түсіру үшін бағасын белгілеу керек. Ол үшін баға масштабын қолдану керек. Баға масштабы деп ақша өлшемі ретінде мемлекет белгілеген белгілі бір металлдың (алтын, күміс, мыс) мөлшері мен массасын айтады. Алғашқы монета (шақа) соғылған кезде баға масштабы оның салмағына тең келді. Бұл ресми баға масштабы еді. Ақша түрлерінің өзгеруіне байланысты баға масштабы ақшаның салмағына сай келмейді....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Қазақстан Республикасының ақша реформасы курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар экономика жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]