Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының қалыптасуы,және қызмет атқару механизмдері

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының қалыптасуы,және қызмет атқару механизмдері

Мазмұны
І.тарау. Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының қалыптасуы,және қызмет атқару механизмдері.
І.1 Қазақстанда қаржы нарығының қалыптасуы.
І.2.Қазақстан банк жүйесінің қалыптасуы. Құрылымы.
ІІ.Тарау .Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарғының қалыптасуы.
ІІ. 1. Бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы.
ІІ. 2. Бағалы қағаздар нарығының құрылымы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қазақстан Республикасының қазіргі банк жүйесінің құрылуы 1990 ж. желтоқсанында ҚазКСР-ның Жоғары Кеңесі қабыядаған "Банктер және банк қызметі туралы, Заңынан бастау алады. Заңға сәйкес республикада екі деңгейлі банк жүйесін құрылды: жоғары (бірінші) деңгейдегі банк - ҚазКСР-ның Мемлекеттік банкі және төменгі деңгейдегі банк коммерциялық банктер жүйесі. Банк - өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық және өзін-өзі қаржыландыру негізінде қызмет атқаратын заңды тұлға. Ол ақша қаражатын тарту, орналастыру және басқа банктік операциялар жүргізетін мекеме. Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының территориясында жинақталған несие ресурстары осы Заң шыққан күннен бастап Республика меншігі болып саналатын болды. Мемлекеттік банк республиканың меншігі және оның Орталық банкі болып саналады. Қазақстан территориясында біртектес ақшаны пайдалану және біртектес ақша саясатын жүргізу мәселелері Одактық шартта көрсетілген. Оның айналымға монополиялы құқықпен ақша белгілерін эмиссиялауға, ақшанесие қатынастарын рет-теуге, мемлекеттік бюджетгің кассалық жұмысын жүргізуге, республика территориясында коммерциялық банктер ашуға рұқсат беретін құқығы бар.Мемлекеттік банк осы Заң бойынша қызмет атқарып, ҚазКСР-ның Жоғары кеңесіне есеп береді, жер-жерлерде өз мекемелерін ашуға құқығы бар. Мемлекеттік банктің басқару органы - оның басқармасы. Басқарманың төрағасын Республиканың Жоғары кеңесі 6 жыл мерзімге бекітеді. Банктің құрылымы мен міндеттері оның Жарғысында белгіленеді.
Кәсіпорындардың, ұйымдардың, кооперативтер мен азаматтардың несие-есеп жұмыстарын жүргізу үшін республика территориясында коммерциялық банктер мен басқа несие мекемелері ұйымдастырылады. Коммерциялық банктер өз жұмысында осы Завды және Қазақстан Мемлекетгік банкісінің нұсқаулары мен ережелерін басшылыққа алады. Клиенттерімен шарттасып қызмет көрсетеді. Коммерциялық банктер мен басқа несие мекемелері мемлекеттік, ұжымдық, жеке және аралас (шетел капиталы қосылған) меншікте болуы мүмкін. Қазақстан заңдарына сай мемлекеттік банк (Орталық - Ұлттық банктен басқа) капиталы толығынан үкімет иелігінде, немесе акционерлік капиталдың басым бөлігі мемлекеттік құрылтайшылардың (мысалы, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың) акциясы болғанда есептеледі.
Коммерциялық банктер өздерінің акционерлер жиналысында қабылданған Жарғысы бойынша қызмет істейді. Сонымен бірге республика территориясында шетел мекемелерімен бірігіп құрылған коммерциялық банктер қызмет істеуі мүмкін. Егер банктің жарғылық капиталын калыптастырғанда өзіміздің мемлекеттік емес кұрылым, немесе шетел мемлекеттік, ия болмаса мемлекеттік емес құрылымдары қатынасса, онда аралас банктің түрлері деп есептеледі. Аралас банктер мынадай варианттарда құрылуы мүмкін:
1.мемлекеттік-жеке мемлекеттік-кооперативтік
2.жеке-кооперативтік
3. мемлеттік-кооперативтік
Қосылып құрылған банктермен олардың филиалдарынын қызметі Қазакстан зандарьшен реттеледі делінген Занда.Сөйтіп тәуелсіз Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасуы мен даму жолдарың 1-кестеде өрнектелгендей шартты түрде бірнеше кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең, 1917 ж. мен 1930 ж. аралығы - патшалык. Ресейден қалған банк жүйесін жаңадан қалыптастыру, бұл кезде әр түрлі меншіктегі банктер мен несие мексмелері қатар қызмет істеді.
Екінші кезең, 1930 ж. мен 1987 ж. аралығы - елде КСРО Мемлекетгік банкі әмбебап кьізмет атқарды, яғни ол мемлекетгің Орталық банкі ретінде эмиссиялау және несие беру кызметімен қоса клиенттерге де қызмет көрсетті.
Үшініпі кезең, 1988-1991 жж. аралыгы - елде мемле-кеттік маманданған банктердің кұрылуы, яғни КСРО Мемле-кеттік банкі "банктердің банкісі" ретінде эмиссиялык, ереже, нұскау жэне т.б. нормативтік актілер шығарушылық, бакы-лау және басқа қызметтермен шұгылданып, ал маманданған банктер экономиканың әр түрлі салаларына кызмет көрсетті. Сонымен бірге 1990 ж. басында кооперативтік және коммер-циялық банктер де құрыла бастады.
Төртінші кезен, 1991 жылдан казіргі уакытка дейін -нарықтық банк жүйесінің калыптасу кезеңі, яғни тауелсіз республиканың нарықтык қатынастарға өту жағдайында екі деңгейлі- банк жұйесінің пайда болуы және дамуы.
І.тарау. Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының қалыптасуы,және қызмет атқару механизмдері.
І.1 Қазақстанда қаржы нарығының қалыптасуы.
Қазіргі уакытта экономикасы нарықтық типпен дамыған мемлекеттердің барлығында- дерлік екі денгейлі банк жұйесі құрылып, белсенді тұрде одан әрі өрістеуде. Онын бірінші деңгейінде эмиссиялық, кадағалау, нұсқау ереже шығару, рұқсат ету және сол сиякты басқа кызметгермен шұғыл-данатын, ал екінші деңгейінде клиентгерге қызмет көрсететін коммерциялык банктер орналасқан. Бұл елдердің тәжірибесі
дәлелдегеніндей олардың банк жүйесі ақша айналымын ұйымдастыратын орталык банкпен, ал кәсіпорындарды, ұйымдарды және халықты несиелейтін коммерциялык банк-терден кұрылған..
Банктерді эмиссиялық және іскерлік (коммерциялык) деп бөлу Қазакстан мемлекетінің жаңа экономикалык механизмін құруға септігін тигізуде. Қазақстанда банк жүйесінін калыптасу және Қазақстан даму кезеңдері.
Қазақстан Республикасының Орталық банкі еліміз тәуел-сіздік алганнан сон КСРО Мембанкінін Республикалық Кенсесінің негізінде 1990 жылдың желтоқсанында алғашқыда Қазақстанның Мемлекеттік банкі ретінде кұрылып, ал 1995 жылдың наурызынан Қазакстан Ұлттық банкі деп аталады.Ол республикадағы банк жүйееінің жоғары (бірінші) деңгейіндегі банк, өз қызметін Қазақстан Республикасы Пре-зидентінің 1995 жылғы 30 наурыздағы "Қазақстан Республи-касының Үлттық банкі туралы" Заң күші бар Жарлығы бойынша жүргізеді және осы Жарлыққа сай Президентке есеп береді. Сонымен қатар ¥лтгақ банк өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және ёасқа зандарды, халықаралық шарттар мен келісімдерді басшы-лыққа алады.
Ұлттык банк - заңцы тұлға, дербес балансы бар, өзіне тікелей бағынатын төменгі бөлімшелерімен бірге тіке бағыныстағы біртұтас орталықтандырылған құрылым, іс-әрекетін толық шаруашылық есеп негізінде жүргізеді. Әр түрлі салық жинаудан, баж салығын және кеден салығын төлеуден босатылады. Ол республиканың кез келген жерінде және одан тыс жерлерде өзінің басқармасын және басқа да бөлімшелерін ашута құқығы бар. Өз жұмысын үкіметпен келісіп, үнемі кеңесіп жүргізеді. Үкімет Үлтшқ банктің міндеттемелері бойынша жауапты емес, дәл сол сияқгы, егер өзіне белгілі бір жауапкершілік алмаса, ¥лттық банк те үкіметгің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Үкімет-тің өкілдік және атқарушы органдарының Үлттык банк пен оның құрылымдық бөлімшелерінің занды қызметтерін атқаруға араласуға құқығы жоқ.
Қазақстан Үлттық банкі Қазақстан Республикасы заңдарының негізінде өзінің қызметіне қарай Үлтгақ банк берген лицензия негізінде кейбір банктік операция түрлерін жүргізетін барлық банктердің, банктік емес қаржы мекеме-лерінің міндетгі түрде орындауы үшін нормативтік актілер шығарады. Ол нормативтік актілер "Қазақстан Үлтшқ Бан-кінің хабаршысы", "Вестник Национального Банка Казахста-на" атты қазақ және орыс тщдерінде шығатын ресми басы-лымдарда жарияланады.
Ұлттык банктің иегізгі міндеті - ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрлаулылығын қамтамасыз ету. Сон-дықган ол:
- ақша айналымы, несие, банктік есеп айырысу мен ва-люталық қатынастарды ұйымдастырады;
- ақша, несие және банк жүйелерінің тұрақты қызметін
қамтамасыз етеді;
- несие берушілер мен салымшылардың, сондай-ақ шетел валютасын сатып алу-сату және айырбастау операцияларын жүргізетін банктік және басқа ұйымдардың мүддесін қорғау және олардың жұмысын бақылау сияқты мемлекеттің экономикалық саясатын
жүргізеді.
Ұлттық банктін міндеті оның атқаратын қызметтері арқылы орындалады:
Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізу, яғни ұлттық банк айналымдағы ақша массасының көлемін реттеумен және ресми проценттік мөлшердің деңгейін өзгертумен шұғылданады. Егер ақша-несиелік реттеу әдісімен инфляция деңгейін тежеу мүмкіндігі болмаған жағдайда Ұлттық банктің несие салымдарын шектеуге және банк операциялары бойынша проценттік мөлшерді өзгертуге құқығы бар. Сондай-ақ алты айға дейінгі мерзімге шығарылған бірінші кластық жай және айналмалы вексельдерді, чектерді сатып алып және қайта сатады.
Ұлттық банк өзінің бағалы қағаздарын шығарады, сонымен қатар мемлекеттік бағалы қағаздарды, облигацияларды, депозиттік сертификаттарды, дисконттық және өтеу мерзімі бір жылға дейінгі проценттік бағалы қағаздарды сатып алу және сатумен шұғылданады. Ұлтгық банкте сақталатын міндетті резервтердің нормативін белгілеп, айналымда жүретін төлем құралдарының түрлерін анықтайды.
Екіншіден, Қазақстан Республикасында қолданылатын банкнота және монетаны (теңге мен тиынды) эмиссиялау. Ол үшін ұлттық банк номиналдардың құрылымын, теңге мен тиындардың пішінін (дизайн), олардың қажет мөлшерін анықтап, дайындығын қамтамасыз етеді.
Ұлттық банктің қолма-қол ақша қаражатын шығаратын, теңге мен тиынның қолма-қол ақшасыз эквивалентін алып сату арқылы айналысқа түсіруді ұйымдастыратын айырықша құқығы бар. Сондай-ақ қолданылған ақша белгілерін айналымнан шығарып, оларды жаңасымен айырбастап, тозығы жеткендерін жоюмен шұғылданады.
Үшіншіден, банктердің банкісі кызметін атқару. Ол үшін Ұлттық банк республикадағы қайта каржыландыру жүйесін ұйымдастырып, бірінші класты (жоғары өтімді, қауіпсіз) бағалы қағаздармен және басқа активтермен қамтамасыз етілген несиені алты ай мерзімге береді. Ұлттык банк — екінші деңгейдегі банктер үшін соңгы сатыдэғы не-сие беруші. Несиені ұлттык валютамен де, шетел валютасымен де, сондай-ақ қамтамасыз етілген, ия болмаса қамтамасыз етілмеген несиені Ұлттық банктің баскармасы белгілеген тәртіппен жэне мерзімге береді. Қазақстан Республикасындағы есеп айырысу формалары мен тэртібін анықтап, казақстандык теңгемен жүргізілетін банкаралык есептесуді өз уакытымен және тоқтаусыз жүруін қамтамасыз ететін төлем жүйесінің кызметін ұйымдастырады.
Төртіншіден, үкіметтің және мемлекеттік органдардың банкі және агенті қызметін атқару үшін кепілшісі үкімет болған республиканын ішкі және сыртқы қарызын өтеуге қатысады, Қаржы министрлігінің шоттары бойынша дебеттік калдықты (сальдо) болдырмау үшін қажетті іс-шараларды қабылдайды. Қаржы министрлігімен келісілген шарт негізінде мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырып, олардың депозиторлық ісін жүзеге асырады.
Бесіншіден, банктердің ісін бақылау және қадағалау қызметі. Ол үшін Қазақстан территориясында, сондай-ақ одан шет жерлерде банктермен олардың филиалдарын ашуға рұқсат және банктік операциялар жүргізуге лицензия береді. Барлық банктер, банк емес қаржы мекемелері және олардың клиенттері міндетті түрде орындауы үшін банк ісі, есептеу. есептесу, валюта операцияларын жүргізу мәселелері бойынша нормативтік актілер шығарып, олардың орындалуын қадағалайды.
Банктердегі бухгалтерлік есеп айырысудың, бухгалтерлік, банктік және басқа есептің мерзімін, формасын, тізімін, тәр-тібін және әдісін бекітіп, сондай-ақ олардын орьшдалуын бақылайды. Банктер мен олардын филиалдарының қызметін жерғілІкті жерде немесе аудиторлык ұйымдарды шакырып бақылайды. Үлттық банк өзінің бақылау кызметін атқару үшін банктердің балансын, есебін жэне басқа күжаттарын тексереді.
Алтыншыдан, валюталык реттеу және валюталык бақылау кызметі. Оны атқару үшін ұлттық банк шетел валютасының және шетел .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының қалыптасуы, және қызмет атқару механизмдері курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар экономика жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]