Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығы

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығы

Мазмұны
Кіріспе
Бөлім I. Қаржы нарығы.
1.1 Қаржы нарығының мәні және оның құрылымы
1.2 Қаржы нарығы абритаж және нарық тиімділігі
Бөлім II. Нарық жағдайындағы қаржы – несие жүйесі.
2.1 Несие – Банк жүйесі
2.2 Бағалы қағаздар және оның айналу мәселелері. Қор биржасы
2.3 Мемлекеттік бюджет. Бюджет тапшылығы және Мемлекеттік қарыз
Бөлім III. Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығы.
3.1 Қаржы нарығының ерекшелігі
3.2 Қаржы нарығында қолданылатын ақша агрегаттары
3.3 Қазақстан Республикасындағы валюта саясаты
Қорытынды

Кіріспе
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы “Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығы”.Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімнің тақырыбы “Қаржы нарығы”, бұл тақырыпта негізінен екі тақырыпшадан тұрады.
Бірінші тақырыпшада “Қаржы нарығының мәні және оның құрылымы”.
Мемлекеттік, экономиканың алғашқы буындарының алғашқы қаржылары, халықтың қаржысы қаралады.
Екінші тақырыпша “Қаржы нарығы: абритаж және нарық тиімділігі” деп аталады. Мұнда негізгі көзделетін мәселелер: абритаждың түрлері, нарық тиімділігінің түрлері, нарық тиімділігін дәлелдейтін фактілер және тағы басқалар.
Екінші бөлімнің тақырыбы “Нарық жағдайындағы қаржы несие жүйесі”. Ол негізінен үш тақырыпшадан тұрады: несие банк жүйесі, бағалы қағаздар және оның айналу мәселелері және қор биржасы, мемлекеттік бюджет және бюджет тапшылығы.
1. Несиенің түрлері, несиенің қызметі, банк жүйесінің тәжірибелері, Ұлттық банк қызметі, коммерциялық бюанктердің классикалық қызметінің векселдік айналымға негізделген жүйесі және тағы басқалар осы тақырыпшада қаралады.
2. Бағалы қағаздар, капитал салудың сенімділігі, облигацияның түрлері, бағалы қағаздардың сауда – саттық орталығындағы орны туралы мәселелер осы тақырыпшада анықталады.
3. Бюджет тапшылығы, мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары,мемлекеттің ішкі және сыртқы қарыздары және мемлекеттік шығындар үшінші тақырыпшада қарастырылады.
Үшінші бөлімде көзделетін негізгі тақырып “Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығы”. Осы тақырыпта Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының жетістіктері мен кемшіліетері қаралады. Осы орайда үш тақырыпша үшінші бөлімді толықтырады: қаржы нарығының ерекшелігі, қаржы нарығында қолданылатын ақша агрегаттары, Қазақстан Республикасындағы валюталық саясат.
Бірінші тақырыпшада көзделетін мәселелер: Қазақстандағы капиталдың нақты секторға еркін бағыттай алатын қор нарығының қалыптасуына айрықша көңіл бөлу керектігі,нарықтық экономикаға бет бұрған өркениетті мәдениеттің айқын сипаттары, дамыған қор нарығындағы трансферттік менеджменттің талаптары, осы секілді жөнсіздіктер салдарынан акциялар пакеті басқаруға берілген компаниялар.
Екінші тақырыпшада ақша жиыны, орташа ресми айырбас бағамы, орташа жылдық бағамдар формулалары қаралған.
Үшінші тақырыпшада Қазақстан Республикасының валюта жүйесі қаралады. Қазақстан заңдары бойынша валюталық реттеудің объектісі мен субъектісі, нарыққа өту кезінде Қазақстан Республикасы егеменді ел ретінде өзінің тәуелсіздамуы кезеңінде валюталық саясат жүргізуі, Қазақстан заңдарына сәйкес шетел валютасын сатып алу және сату анықталады.
Бөлім I. Қаржы нарығы.
1.1 Қаржы нарығының мәні және оның құрылымы.
Қайсы бір ел болмасын, оның экономикалық жүйесі ең алдымен өзара байланысты үш жүйеден тұрады: мемлекеттік қаржы, экономикалық бастапқы буының қаржысы (кәсіпорындар, ұйымдар және т.б) және халықтың қаржысы. Бұдан басқа экономиканың қаржы жүйесіне, шаруашылықтың-бірлестіктер, трестер, ассоциациялар, концерндер сияқты әртүрлі типтерінің, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың қаржылары да жатады. Өндірістік салалық ерекшеліктеріне байланысты өндірістік қаржылары, құрылыс қаржылары, сауда қаржылары және т.б. болып та бөлінеді. Осы қаржы жүйесінің маңызды буындарын қысқаша сипаттайық.
Мемлекеттік қаржы – бұл мемлекеттің өзіне міндетті қызметін атқаруы үшін қажетті (халық шаруашылығын басқару, қорғаныс, заңдылықты және құқтық тәртіпті қорғау және т.б.), ақша қорларының жүйесі.
Экономиканың алғашқы буындарының қаржылары – бұл кәсіпорынның өндіріс пен ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз ететін, оның шаруашылық шеңберінен аспайтын ақша қорларының жүйесі.
Халықтың қаржысы – бұл тұрғындардың еңбек ету, шаруашылық жүргізу және басқа қызметтер негізінде алатын табыстарынан қалыптасатын ақша қорлары. Халық бұл қорларды өзінің меншігі мен әл-ауқатын жоғарлату мақсатына жұмсайды. Соңғы екі жүйенің есебінен мемлекеттік қаржы үшін қаражаттар жиналды. Бұрын кері байланысы бар: мемлекеттік қаржыда шоғырланған қорлар көлемді инвестиция, субсидия және дотация түрінде халық шаруашылығына қайта оралып келеді.Сондықтан барлық қаржы жүйесінде мемлекеттік қаржы шешуші роль атқарады.
Қаржы нарығы бағалы қағаздар, қарыз, валюта және капитал нарықтарынан құралады.Оны жасаудағы басты мақсат уақытшабос ақша қаражаттарын мемлекеттің, кәсіпорындардың және акционерлік қоғамдардың мұқтаждарына жұмылдырып жұмсау болып табылады. Әкімшілік - әміршілік басқару жүйесі жағдайында қаржы нарығының қызметін мемлекеттік бюджет, министрліктердің қаржы жоспары, банктердің несие жоспарлары және т.б. атқарған болатын.
Экономикалық реформа, кәсіпорындардың дербестігін арттыру және шаруашылықты жүргізудің жаңа нысандарына өту жағдайында қаржы ресурстарының әдеттегі әдістерін қолдану шектеле бастады. Сонымен қарар, қаржы ресурстарын министрліктер арқылы салааралықбөлу біршама қысқарды. Бұның өзі кәсіпорындардың қосымша қаржы ресурстарын өз бетінше тұтыну және оларды сату арқылы қаржы нарығын құруға қолайлы жағдай жасады.
Қаржы нарығы өзіне тән инфрақұрылымы және жаңа принципті ақпаратты ағымы бар күрделі экономикалық қатынастар саласы. Сондықтан қаржы нарығын құру үшін бағалы қағаздар эмиссиялау, қаржы инфрақұрылымын құру және ақпаратпен қамтамасыз етуге байланысты жүйелі мәселелерді зерттеу қажеттілігі пайда болды. Өтпелі кезеңде қаржы нарығының дамуы қаржы несие жүйесін қайта құру проблемасын туғызады.
Бүкіл дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғандай, нарықты экономикаға тән қаржы қатынастарының екі типі – бюджеттік және нарықтық бір – бірімен тығыз байланыста болады. Мемлекеттік бюджет пен басқа деңгейдегі бюджеттер, сондай-ақ бюджеттік емес орталық қаржы қорлары кәсіпкерлік табыс және азаматтардың табысының бір бөлігін алу жолымен құрылады және оны мемлекеттің мақсатына сәйкес қайтарылымсыз бюджет қаражатымен бөлу арқылы пайдаланылады.
Ақша ресурстарын бюджеттік пайдалану нарықтық пайдаланумен толықтырылуы қажет. Қаржы нарығында ақша толыққанды тауар ретінде көрінеді және оны пайдаланудың бағасы нарық заңына сәйкес, сұраным мен ұсыным негізінде орнығады. Қаржы нарығы жағдайында – кәсіпорындар, ұйымдар және адамдар ақша қорлары арқылы жасалған табыстарын, ал халық шаруашылығы қосымша қаржы көздерін тұрақты алуға талпынады. Бұндай нарық капиталынсыз кәсіпорындардың шын мәніндегіөзін - өзі қаржыландыруы мүмкін емес.
Қаржы нарығы жоқ жағдайда ақша ресурстарын бюджеттік әдіспен пайдалану басым болады. Ондай әдіс біздің осы уақытқа дейін жүргізген шаруашылық механизіміне тән болады.Ақша ресурстары мемлекеттің қолында шоғырланды және мемлекеттік бюджет арқылы ұлттық табыстың үштен екісі қайтадан бөлінді. Несие жүйесінде тек мемлекеттік банкілер жұмыс істеді, ал олардың қызметтерінде кәсіпкерлік белсенділік болмады. Бюджет қаражаттары және несие ресурстары, оларды пайдаланудың тиімділігі ескерілмей “тек жоспар бойынша ғана” бөлінді. Осындай саясаттың нәтижесінде шығынмен жұмыс жасайтын рентабельділігі (табыстық) төмен кәсіпорындар қаржыландырылды, жалпы ұқыпсыздық жасырылды, сөйтіп мемлекеттік бюджеттің тапшылығы күшейді. 1965 жылы басталған шаруашылық реформалардың нәтижесінде кәсіпорындардың қаржы ресурстары едәуір өсті, бірақ оларды пайданану қатаң бақылауда болады. Қаражаттарды кәсіпорындар, кәсіпорындар мен адамдар, кәсіпорындар мен банкілер арасында қайта бөлуге тыйым салынды.Кәсіпорындардың қаржылары олардың банкідегі есеп шоттарына процентсіз сақталды.
Бізге қаржы нарығын қалыптастыруда батыл қадамдар жасау міндеттері, яғни бағалы қағаздар нарығын құру, несие жүйелерін коммерциялық және кәсіпкерлік негізге көшіру, сондай-ақ қаржы нарығының инфрақұрылымын дамыту қажеттігі тұр.
1.2 Қаржы нарығы: абритаж және нарық тиімділігі.
Жақсы жұмыс атқарып жатқан қаржы нарығының негізгі айнымас қасиеті, олардың қатысушылары табыс табу үшін жаңа мүмкіншілікті іздеуді жүргізуі. Олардың айналысатын ақша сомалары сондай үлкен, ал қосымша тәуекелді қажет ететін мәмілелербес минуттан көп тұрып қалмайды және де ақпарат ағыны соғырлым тез ауысып отырады. Осы себептен нарық тиімділігі нөлдік абритаж шартын құрады, яғни абритаж мүмкіншілігін жояды. Абритаждың көп түрі бар. Кең көлемді абритаж инвесторлар кез келген бір активтің әр түрлі биржаларда бағалар сәйкессіздігін тапқанда пайда болады. Мысалы, үлкен коммерциялық банктер бір-бірінен банкаралық пайыздық мөлшерлемеге қарызға ақша алады.
1978-1998 жж. Үшайлық міндеттеме бойынша неміс маркасы мен ішкі пайыздық мөлшерлемелер арасындағы байланыс.
Суретте Франкфурт пен Лондондағы неміс маркасын қарызға алудың пайыздық мөлшерлемелері салыстырылған. Осы мөлшерлемелер арасындағы қатынаста айырмашылық пайда болғанда, екі жақта да жұмыс атқаратын кәсіби банктер “арзан” жақтан қарыз алып, “қымбат” жаққа несие береді, солай пайда табады. Суреттен абритаж жақсы жұмыс істеп отырғанын байқай аламыз, тек қана 1979 жылдың соңында – 1980 жылдың басында ғана қысқа мерзім ішінде Германияда табыс салығын шетел дипозиттеріне енгізгеннен кейін абритаж жұмысын атқара алмай қалады.
Нарық тиімділігінің принципі. Қаржы нарығында тартылған үлкен көлемді қолма-қол қаражат пен техникалық құрылымдары осы нарықтан белгілі бір “тиімділікті” талап етеді. Нарық тиімділігін жүзеге асыру үшін екі шарт орындалуы керек: біріншіден, нарық болашағы туралы ақылы және ақысыз ақпараттарды дұрыс таңдап, талдау өткізіп отыру керек.
Егер нарық тиімді болса, онда нарықтан тыс ақпараттарды жинау өз мағынасын жоғалтады. Егер бүгін акцияларға баға төмендеп жатса, бізге анық себебін іздеу қажет емес, нарық керек ақпаратты алып, қажетті қорытынды жасайды. Біз оның бағалағанымен келісеміз.
Нарық тиімділігін дәлелдейтін фактілер күдіксіз, нақты, бүкіл дүниенің қаржы нарықтары үздіксіз келіп жатқан жаңа ақпараттарды қабылдай отырып, тиімді жерде жедел әрекет жасайды.........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығы курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар экономика жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]