Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы және әлемдегі инфляция

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы және  әлемдегі инфляция

Кіріспе
Курстық жұмыс жоспардан, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші бөлімі жалпы инфляция мәні, пайда болу себептері, зардаптары оған қарсы күресу шараларына арналса, екінші бөлімі Қазақстандағы инфляциялық процестерге арналған.
Бұл тақырыптың өзектіліктігі инфляцияның негізгі түрлерін дамыту және оларға туындайтын негізгі мәселелерді шешу болып табылады.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты инфляциялық процестің экономикаға теріс әсерін, қауіптілігін, пайда болу көздерін, түрлерін, әлеуметтік салдарын тереңдете ашып, нақты анықтап, жеткізу болды.
Курстық жұмыстың негізгі міндеті болып, қай жағдай да болмасын инфляциялық процестерді танып, оған тиісті іс-шаралар қолдана білу,не мүлдем болдырмау. Инфляция – осы күндері бүкіл дүние жүзін толғандырып отырған кең ауқымды мәселе, сонымен қатар ол Қазақстанның экономикалық тұрақтылығын, өндірісті, қаржы мен баға жүйелерін бұзып отыр. Инфляция бұл күрделі де көп факторлы құрылыс; осы қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.
Инфляция адамзат тарихында жаңа құбылыс емес. Инфляция дүние жүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өндірісіндегі ең өткір мәселелердің бірі болғандықтан әлем экономистері осы мәселені терең зерттеп, одан шығу жолдарын іздестірген. Бұл процесс біздің елімізде тәуелсіздік алғаннан кейін байқалса, ал басқа шет елдерде бұл мәселе ХІХ ғасырдың орта шенінен белгілі. Осы мәселені ең алғаш терең зерттеген шет елдің ғалымдары болды. Олар: ағылшын экономисі О. Филлипс, Р.Липси, кейіннен американ экономисттері: Р. Солоу және П.Самуэльсон, М. Фридмен швед экономист ғалымдары: Еста Рен және Рудельф Майднерлер және т.б. дүние жүзінің ғалымдары болды. Олар инфляцияның пайда болу себептерін, әлеуметтік және экономикалық зардаптарын зерттеп аңғара білді. Олар инфляцияны бәсеңдету шараларын іздестірді. Алдымен экономисттер ең басты сұраққа жауап іздейді. Әр елдің ғалымдары әр түрлі пікірлер айтып, әр түрлі шешімдер қабылдады.
Ал біздің елде бұл процесті зерттеу тек оншақты жыл бұрын ғана қолға алынған. Оны зерттеуге еліміздең Я. А. Әубәкіров, Б.А.Жүнісов, С.С. Сахариев, О.Қ. Шеденов, К.Н. Кәрібаев, Д.Қ.Қабдиев сынды экономист-ғалымдарымыз ат салысуда. Олар Қазақстан жағдайындағы инфляцияның ерекшеліктерін көрсетіп, оған нақты баға берді.
Инфляция – осы күндері бүкіл дүние жүзін толғандырып отырған кең ауқымды мәселе, сонымен қатар ол Қазақстанның экономикалық тұрақтылығын, өндірісті, қаржы мен баға жүйелерін бұзып отыр. Инфляция бұл күрделі де көп факторлы құрылыс; осы қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.
Инфляция адамзат тарихында жаңа құбылыс емес. Инфляция дүние жүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өндірісіндегі ең өткір мәселелердің бірі болғандықтан әлем экономистері осы мәселені терең зерттеп, одан шығу жолдарын іздестірген. Бұл процесс біздің елімізде тәуелсіздік алғаннан кейін байқалса, ал басқа шет елдерде бұл мәселе ХІХ ғасырдың орта шенінен белгілі. Осы мәселені ең алғаш терең зерттеген шет елдің ғалымдары болды. Олар: ағылшын экономисі О. Филлипс, Р.Липси, кейіннен американ экономисттері: Р. Солоу және П.Самуэльсон, М. Фридмен швед экономист ғалымдары: Еста Рен және Рудельф Майднерлер және т.б. дүние жүзінің ғалымдары болды. Олар инфляцияның пайда болу себептерін, әлеуметтік және экономикалық зардаптарын зерттеп аңғара білді. Олар инфляцияны бәсеңдету шараларын іздестірді. Алдымен экономисттер ең басты сұраққа жауап іздейді. Әр елдің ғалымдары әр түрлі пікірлер айтып, әр түрлі шешімдер қабылдады.
Ал біздің елде бұл процесті зерттеу тек оншақты жыл бұрын ғана қолға алынған. Оны зерттеуге еліміздең Я. А. Әубәкіров, Б.А.Жүнісов, С.С. Сахариев, О.Қ. Шеденов, К.Н. Кәрібаев, Д.Қ.Қабдиев сынды экономист-ғалымдарымыз ат салысуда. Олар Қазақстан жағдайындағы инфляцияның ерекшеліктерін көрсетіп, оған нақты баға берді.
I Инфляцияның мәні, мазмұны және оның әлеуметтік, экономикалық зардаптары
1.1 Инфляция мәні, пайда болу себептері және түрлері
Соңғы уақытқа дейін біздің санамызда «инфляция» деген ұғым капитализмнің кеселі ретінде орнықты. Инфляция термині латын сөзі – inflatio – (вздутие) – қампаю деген мағына береді. Құн заңы әрекетімен анықталатын тауар-ақша қатынастарының болуы инфляциялық процестерді тудырады. Инфляция себебі, әрекет ету механизімі, көрінуі және оның зардаптары мен күресу жолдары бұрын соңды біздің елде терең зерттелмеген. Инфляцияның басты ерекшелігі қоғамдық ұдайы өндірістің барлық факторларына қатысты сан алуан себептерден турады. Басқаша айтқанда, инфляция бүкіл шаруашлық механизімінің қызметінен туындайды.
Инфляция азамат тарихында жаңа құбылыс емес. Оның бай тарихы бар. 1775-1783 жылдары Солтүстік Америкада тәуелсіздік үшін болған соғыс доллардың құнсыздануына әкеліп соқты. Франция 1789-1794 жылдары революция кезінде өндірілген қағаз асигнаттар 7 жылда 883 есе құнсызданды.
Алғашқы рет «инфляция» деген ұғым ақша айналымына қатысты АҚШ-та азамат соғысы кезінде (1851-1865 ж.) орасан зор гривналар ақша орнына қолданылған күміс кесек (450 млн. доллар) шығарылуына байланысты қолданыла бастады, ол оның төлем қабілеті екі жылдың ішінде 60 % дейін төмендеді.
Қоғамдық ұдайы өндірістің прапорциясын стихиялық реттеу, соның ішінде ақшанаң қазына жинау құралы қызметі механизмін атқару кезінде қалыптасқан айналым саласында, алтын монометаллизмі жағдайында инфляцияның созылмалы ауру ретінде дамуына кедергі жасалды. Еркін бәсеке кезеңіндегі капитализм жағдайында инфляцияны соғыс, дағдарыстар, стихиялық апаттар кезінде болатын несие ақшаларының алтынға айырбасталуының тоқтауы кезінде пайда болды. Капитализмнің жалпы дағдарысы кезінде инфляция жалпы созылмалы сипат алып, мазмұнды әлеуметтік-экономикалық проблемалардың біріне айналды.
Енді инфляция дегеніміз не, осы сөздің басын ашып алайық. Инфляция – бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбіне тепе-теңдік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Яғни, инфляция бүкіл жалпы ұсыныс пен сұраныста қалыптасқан сәйкессіздік. Жеке тауар рыногында сұраным ұсынымнан артық болса, бұл тауарға баға деңгейі өседі. Бірақ мұндай жекелеген нарық сәйкессіздігі инфляцияны қалыптастырмайды.
Инфляция – бұл рыноктардың көбіне сұранымның артуынан қалыптасқан тепе-теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі [1. 34-35 б.б.].
АҚШ сұранысынан тыс тауар бағалары еңбек өнімділігіне, нарықтық манополизациялануына, жаңа салық ставкаларына, нарық жағдайятына (конъюктурасына), сытқы экономикалық жағдайға, мемлекеттін және басқада себептерге байланысты өзгеруі мүмкін. Яғни, бағаның өсуін көптеген себептер қалыптастырады. Бірақ бағаның кез келген өсуі де инфляция емес. Сондықтан жоғарыда келтірілген себептердің арасынан инфляцияны қалыптас-тыратындарын анықтап алу қажет.
Айталық экономиканың конъюктуралық ауытқуына байланысты бағалардың өсуін инфляцияға жатқызуға болмайды. Еңбек өнімділігі өскенде баға деңгейі төмендейді. Бірақ егер негізгі өндіріс салаларында еңбек ақы деңгейі еңбек өнімділігінен тез өскен болса, онда ұлттық шаруашлықта «шығын инфляциясы» деп аталатын жағдай қалыптасып, бағалардың жалпы деңгейі өседі.
Сонымен, баға өсуінің инфляциялық себептеріне нені, қандай жағдайларды жатқызуға болады.
Инфляция негізінен шаруашылықта қалыптасқан әр түрлі диспропорцияларға байланысты болатынын еске ала отырып, оның негізгі себептерін қарастырып көрелік. Біріншіден, бұл мемлекеттік шығындар мен табыстар арасында қалыптасқан диспропорция немесе тепе-теңдіктің бұзылуы. Бұл мемлекет бюджетінің тапшылығы ретінде көрінеді. Егер тапшылық орталық банктің несиесі, яғни айналымға қосымша ақша шығару арқылы қаржыланған болса, онда бұл айналымдағы ақша массасын арттырады және инфляцияны қалыптастыруы әбден мүмкін. Екіншіден, егер инвестицияларды қаржыландыру, жоғарыда айтылған әдіспен, яғни орталық банктің несие беруімен жүргізілген болса, түптеп келгенде, бұл да инфляцияның себебіне айналуы мүмкін. Үшіншіден, осы күнге экономикалық теория бағалардың жалпы өсуін ХХ ғасырда нарық құрлымының өзгеруімен түсіндірді. Бүгінге нарық ХІХ ғасырдағы нарық түріне тіпті ұқсамайды. ХХ ғасырдағы нарықты негізінен өзара толық бәсекелі тауарлар сатылатын. Бұл тауарларды көптеген өндірушілір өзара еркін бәсеке негізінде өндіріп сататын, салалық және салааралық бәсеке жағдайы болған, капитал кедергісіз бір саладан екінші салаға ауысатын еді. Қазіргі рынок – көбіне алигопия түрінде қалыптасқан. Осы күнгі ірі фирмалар (тауар өндірушілер, ұсынушылар) белгілі бір деңгейде нарық бағасына ықпал жасап, өз өніміне бағаны өзі белгілей алады. Фирма-алигополия бағаның өсуін қолдамаса да оның деңгейін түсірмеуге ұмтылады, нарықта қалыптасқан баға деңгейінің тұрақты болуына мүдделі. Бағаның төмендеуімен өз рыногындағы жағдайы «бұзып алмау» мақсатында ірі фирмалар ұсыным икемділігінің артуына кедергі жасауға тырысады. Қалыптасқан өндіріс түріне жаңа фирмалардың келуіне шек қою арқылы алигополиялық фирмалар жалпы сұраным мен ұсыным арасындағы диспропорцияны мүмкін болғанша ұзақ уақыт ұстап қалуға ұмтылады. Төртіншіден, ұлттық экономикалардың «атына» түсуіне, олардың дүние жүзілік шаруашылық қатыстары жүйесіне тартылуына байланысты инфляцияның бір елден екінші елге ауысу қаупі артады. «Импортталған инфляциямен» күресі мүмкіндіктері де шектеулі келеді. Әрине, ұлттық валютаның бағасын арттырып импортты арзандатуға болады, бірақ бұл жағдайда импорт қымбаттап, ұлттық өнімнің әлем нарығындағы өтімділігі кемиді. Бесіншіден, «инфляцияны тосу» деген жағдайға байланысты инфляциялық процесс өзін өзі қолдап жалғаса береді, Батыс елдерде көптеген экономисттердең пікірінше, «инфляцияны тосу» психологиясын жеңу антиинфляциялық саясаттың негізгі мақсаты деп анықталады.
«Инфляцияны тосу» механизмі экономикаға қалай әсер етеді? Мәселе мынада: адамдар ұзақ уақыт бағалардың өсуін көріп, олардың болашақта төмендеуінен күдер үзеді де, жаппай тауар сатып алуға көшеді. Сонымен қатар олар еңбекақы деңгейін көтеру туралы үмітке талап қояды. Еңбек ақының өсуі тұтынушылық сұранымын одан әрі арттыра түседі [2. 102-110б.б.].
Өндірушілер де шиказат пен материалдарға және энергияға бағаның өсуін болжап, өздерінің өнімдеріне бағаны арттыра түседі. Әрбір өндіруші өзін инфляциядан алдын ала сақтандыру мақсатында өніміне бағаны еселеп көтереді. Нәтижесінде, бағалар сұраным көлемі анықтайтын деңгейден артып, «инфляцияны тосу» деңгейіне көтеріледіү
Инфляция қағаз ақшаның құнсыздануына байланысты болатын әлеуметтік-экономикалық құбылыстар жиынтығы, басқаша айтқанда айналыстағы ақша өлшемдері мөлшерінің тауарлар бағаларының қосындысынан артып кетіп, осының нәтижесінде тауарлармен қамтамасыз етілмеген ақшаның пайда болуы инфляцияны білдіреді. Оның мәнін түсіну үшін мынандай мысал келтірейік. Айталық, тауар айналымы үшін 10 млрд алтын доллар керек екен, ол қағаз ақша 20 млрд. доллар шамасында шығарылады делік. Мұның өзі қағаз ақшаны екі есе құнсыздануына әкеп соқтырады. Инфляция жұмысшылардың тұрмыс жағдайына зардапты ықпалын тигізеді. Себебі тауар бағасы бірнеше есе өседі, ал мемлекет жалақыны бұрынғы дәрежесінен арттырмауға тырысады. Ақшаның құнсыздануы халықтың әл-ауқатының дәрежесін төмендетуге әкеп соқтырады.
Инфляция өндірісте біраз зардап шегеді. Инфляцияның деңгейінің көтерілуіне байланысты еңбекке деген ынта да бұзылады. Инфляция тауар тапшылығының басты себебі бола тұрып тауар мен азық-түлікті белгіленген норма бойынша бөлуге мәжбүр етеді.
Инфляция кешенді себептердің негізінде пайда болады және оның маңыздылары болып мыналар саналады: мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, оны азайту мақсатында мемлекеттік бағалы қағаздар немесе жай қағаз ақшалар шығарылады. Тұтыну игіліктерінің көбейуіне айналмайтын, адамзат еңбегінің мақсатынсыз шығындарына жол беретін мемлекеттік өндірістік емес шығындары (әсіресе әскери шығындар).
Сұранымды ұсынымнан алшақтататын тауар тапшылығы және соның негізінде бағаның өсуі, бірқатар өндірушіліердің өз өнімдеріне, олардың тұтыну сапасын арттырмай-ақ жоғары баға қою және негізінен қымбат тұратын өнім шығаруға мүмкіндік беретін монополиялық үстемдік жағдайы, жалақының өсуінің еңбек өнімділігінің өсуіне алшақтауы және басқа себептер. Бұл себептер мемлекеттік бюджетінің тапшылығының тұрақты ұдайы өндірілуіне және жиі-жиі артық ақша эмиссиясына (эмиссия -- айналысқа ақша және бағалы қағаздар шығару) жағдай жасайды.
Инфляцияның себептері сан қилы, бірақ әр кезде олардың белгілі бір комбинациясы (құрамасы) қалыптасады. Айталық, ІІ дүниужүзілік соғыстан кейін Батыс Еуропа елдерінде тапшылыққа байланысты өте күшті инфляция қалыптасқан. Соңғы жылдары Батыс Елдерінде инфляцияның негізгі себебі мемлекет шығындарының өсуі, «баға-еңбекақы», «инфляциялық тосу», «инфляцияның бір елден екінші елге ауысуы» және басқалары болды. Бұрынғы Кеңес одағы инфляцияның негізгі себебі ретінде әкімшілік жоспарлау жүйесінде қалыптасқан экономикалық диспропорцияларды айтуға болады.
Бұрын инфляция төтенше жағдайда ғана қалыптасатын. Мысалы; соғыс кезінде мемлекет өзінің әскери шығындарын қаржылындыру үшін өте көп мөлшерде қағаз ақша шығаратын. Соңғы екі-үш жылдықта көптеген елдерде инфляция ұдайы өндіріс процесінің тұрақты факторына айналады.
Шет ел мамандары өту қарқынына байланысты оны үш түрге бөледі:
1) баяу немесе сұрама инфляция
2) қарқынды инфляция
3) ұшқыр инфляция
Экономика теориясында, жеке алғанда осы күнгі Кейнсті жақтаушы экономисттер инфляцияның баяу түрін өндірістің дамуына қосымша оңды әсер ететін фактор ретінде қарастырады. Баяу инфляцияны олар мемлекеттің бірден-бір тиімді саясат жүргізу құралы ретінде түсіндіреді. Баяу инфляция саясаты өндіріс пен нарық (сұраным) жағдайларының өзгеруіне сәйкес бағаларды реттеп отыруға мумкіндік береді. Баяу инфляция кезінде баға жай өседі де (жылына 10-20%-тен аз) ақша негізінде өз құнын сақтап қалады. Мұндай кезде халықта да, мемлекетте төтенше жағдайда тап болмайды. Нарықтың экономикада инфляция 2-3% деңгейінде қалыпты құбылыс деп есептеледі. Мысалы; 1992 жылы инфляция Францияда -2,7%, Германия мен АҚШ-та – 3,8% құрады.
Қарқынды инфляция кезінде баға жылына 10-20% дан 200-300%-ға дейін өседі. Қарқынды инфляция - экономика үшін едәуір қиын жағдай, бірақ іскерлік қатынастардың көбі қарқынды инфляцияны алдын ала ескеріп, оған икемделе береді. Қарқынды инфляция кезінде жалақы өсіп ол бағаның одан әрі өсуіне әкеп соқтырады.
Гипер инфляцияда, яғни ұшқыр инфляция кезінде ақшаның саны мен баға астрономиялық қарқынмен (500-1000 %-дан жоғары) өседі. Ұшқыр инфляцияда бағалардың жалпы деңгейі мыңдаған процентке артқан жағдаймен сипатталады. Гиперинфляция кезінде бағалардың өсу қарқыны айналымға шығарылған ақша төлемінің өсуінен көп есе артып кетеді. Гиперинфляцияда бағалардың өсу қарқыны соншалық, тиісті ақша шығаратын фабрикалар аптасына тоқтаусыз жұмыс істегенде де айналымға қажетті ақша көлемін шығару мүмкіндігі жетпей қалады екен. Экономикалық тарих ұшқыр инфляцияның таңкаларлық мысалын келтіреді. Инфляция 1985 жылы Боливияда -- 3400%, 1990 жылы Аргентинада -- 2000% құрады. Ал Венгриядағы ұшқыр инфляция бұрынғы барша белгілі ркордтардан асып түсті. 1946 жылы тамызда құнсызданған 829 актильон (22 нөлі бар единица) форинттар соғысқа дейінгі бір форинттің бағасына теңесті. Америка доллары 3*1022 (22 нөлі бар) з форинке бағаланды. 1947 жылы мапамдықтардың балықшылыра мен фермерлері санап әуре болмау үшін валюталар мен ұсақ тиындарды таразыға тартып есептеген болатын – 1938 жыл мен 1948 жыл аралығында бұл елдегі баға 116 есе көтерілді, германиядағы инфляция да апаттық ауыр сипат алды. Германияның Вейшарлық Республикасы - әлсіз үкіметтің бұзылған қаржылық инфляциямен шамалы уақыт қана тұра алғандығына көрнекі мысал бола алады, 1921 жылы 27 сәүірде неміс үкіметіне оны соғыста жеңген одақтас елдер естен тандырарлықтай – 132 млрд. алтын марка көлемінде репарациялық төлем төлеуге жықты. Бұл Ваймар республикасының салық төлеушілірден жинауға болатын сомасынан анағұрлым асып кетті. Өте үлкен бюджеттік шығынға ұшыраған Вайнар өкіметі өз қарыздарын төлеу үшін амалсыздан ақша жасайтын станоктарын барынша іске қосқан болатын. 1922 жылы Германияда баға деңгейі 5470% көтерілді. 1923 жылы жағдай одан да нашарлады: баға деңгейі 1 300 000 000 000 есеге өсті. 1923 жылы, Германиядан Құрама штатқа хат жіберу үшін 200 мың марка төлеуге тура келді. Майдың фунты 1,5 млн. марка, ет – 2 млн, батон 200 мың марка, бір жұмыртқа 60 мың марка тұрды. Бағаның тез өскендігі соншалық, даяшылар ертеңгі тамақты беріп жатып дастархан мәзіріндегі тағамдардың бағасын бірнеше рет өзгертіп жатты, мейрамханаға кірген қонақтар түскі тағамдар жеп болып берген тапсырыстарын екі есе көп ақша төлеуге дейін барады.
Никарагуада азамат соғысы жылдарында бағаның жылдық өсуі 3300 % -ке дейіе жетті. Ақша айналым заңын сипаттайтын теңдікті – МV=PQ қолдана отырып осыны қалай түсіндіруге болады? Егер М-n есе өскен болса, баға деңгейі соншаға есеге өсуі қажет сияқты. Бірақ бұл жерде V-көрсеткішін де есепке алу қажет. Шаруашылық субъектілері ұлттық валютаға сенімдерін толық жойған жағдайда қолындағы құнсыз валютадан тез құтылуға ұмтылады. Нәтижесінде ақшаның айналым жылдамдығы (V) күрт өседі, ал бұл айналымға қажетті ақша көлемінің күрт өсуімен бірдей. Сондықтан бағаның өсу қарқыны айналымға ақша массасының өсуінен сан есе артады. Сонымен, инфляцияны тосу факторын қарқынды инфляцияның гиперинфляцияға ауысып асқындап кетудің негізгі бір себебі ретінде..........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы және әлемдегі инфляция
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы инфляция ерекшеліктері
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы инфляция ерекшеліктері
» Курстық жұмыс: Экономика | Инфиляция мәні себептері және әлеуметтік экономикалық зардаптары
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы инфляция және оны реттеу негіздері

Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Қазақстан Республикасындағы және әлемдегі инфляция курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар экономика жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]